Іс-әрекет психологиясын қалыптастыру


Іс-әрекет психологиясы
І. Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ. Іс-әрекет ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
- Іс-әрекет түсінігі, оның психологиялық сипаттамасы . . . 6
- Іс-әрекеттің түрлері, икемділік, дағды және әдеттің іс-әрекетте
Қолдануы . . . 9
- Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен мәселелері . . . 13
ІІ ТАРАУ. Іс-әрекет ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЙ-ПІкІРЛЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
2. 1. А. В. Брушлинскийдің іс-әрекет және психикалық іс-әрекет
жайлы түсінігі . . . 16
2. 2. В. В. Давыдовтың іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық психологиядағы орны туралы көзқарасы . . . 21
2. 3. Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ . . . 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі : Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып огтырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Ойын - өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі, мотивтегі әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады.
Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым - білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы екеуіде "инемен құдық қазғандай" аса қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой жиренушілігін туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет.
Бала психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К. У. Ушинский: "Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады. " - дейді. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Іс-әрекет психологиясын қалыптастыруға қажетті негіз және қазіргі заман талабына сай әсер ететін дамытушылық факторларды анықтау.
Зерттеу жұмысының объектісі : Іс-әрекет психологиясын қалыптастырудағы қажетті қазіргі әлеуметтік қоғамның мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының пәні : Іс-әрекет психологиясын қалыптастырудың түрлері, әсер етуші факторлар.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Іс-әрекет психологиясын қалыптастырудың - ежелден қалыптасқан факторлар мен озық идеялды ойлардың негіздерін оқып үйрену.
3. Іс-әрекет психологиясын қалыптастырудың заман талабына сай қосымша әсер ететін факторларды анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, курстық жұмыстың мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері көрсетіледі.
І тарауда «Іс-әрекет және оның психологиялық мазмұны» жалпы іс-әрекет түсінігі, оның түрлері мен кұрылымдары, іс-әрекеттің психологиялық теориясының бағыттары мен мәселелері көрсетіледі.
ІІ тарауда «Іс-әрекет туралы ғалымдардың ой пікірлері және зерттеулері» А. В. Брушлинскийдің, В. В. Давыдовтың, Л. С. Выготскийдің іс-әрекет жайлы түсінігі, көзқарасы және зерттеулері көрсетіледі.
І ТАРАУ. Іс-әрекет ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
- Іс-әрекет түсінігі, оның психологиялық сипаттамасы
Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өиірлік маңызы бар байланыстар жасап, әрі оны қажетіне орай өзгеріп, өзінше бағыт-бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсенділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы өз ерекшелігіне орай айрықша көрініске ие. Бұл белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады.
Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер, және жасампаз болып келеді. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл-ой тереңдігі, күйіну-сүйсіну қалпы, қиялдау қаблеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.
Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады. Мұғалім оқушының жауап беруі мен тапсырманы орындауына қарай оның білім дәрежесі жөнінен пікір түйеді. Ісі мен қылығына қарап адамның мінезін және басқа да қасиеттерін біледі.
Іс-әрекеттің қандай түрі болса да қозғалыс күйінде өтеді: мейлі ол жазу жазғандағы, станокта еңбек опрерациясын орындаған кездегі қолдың бұлшық еттерінің қозғалысы бола ма немесе сөз сөйлеген кездегі сөйлеу аппаратының қимылы ма - бәрібір.
Қозғалыс дегеніміз тірі адам организмінің моторлық қызметі. Адам қозғалу, яғни моторлық қызметі өте ерте байқалады. Адамның барлық қимылын екі топқа бөлеміз: туа болатын (шартсыз рефлекторлық) және үйреніп меңгеру (шартты рефлекторлық) .
Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалысты әрекет деп атайды. Организмнің моторлық функциясына ғана тәуелді қозғалысқа қарағанда әрекеттің әлеуметтік сипаты болады: ол алдыңғы ұрпақ және баланы қоршаған орта жасаған заттарға байланысты келеді.
Әрекеттің ең қарапайым түрі - зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолды сабынмен жууды, орамалға сүртуді үйренеді. Бала бірте-бірте затты игеруді үйреніп, бірте-бірте әрекетін жетілдіре береді. Әрекеттің пайда болуы баланы қоршаған ортадан оған қажетті заттың бөлініп алынуынан басталады.
Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Қандай да бір іс-әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есіне қалдыруы, ойлауы, оған зейін қалдыруы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл-күй шарпулары туындап, ерік сапалары іске косылады, ниет ұстамдары мен қатынастары т. б қалыптасады. Бұларсыз ешбір іс-әрекет болуы мүмкін емес.
Психика мен іс-әрекет арасында күрделі арақатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан - психика іс-әрекетті реттеп отырады. Психика әрекет пен қозғалысты реттеүші қызметін атқарады. Түйсік және қабылдау дәрежесінде күштің бұлшық еттік қимылы мен қозғалыс сипаты көрінеді. Ақыл-ойға салып ісі еленетін міндеттер сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады, яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің күрделі процессінде ретке келтіру әр түрлі дәрежеде бір мезгілде жүзеге асады. Оқушы есеп шығарған кезде ақыл-ой іс-әрекетін ойлау процессімен бағыттайды, бірақ арифметикалық есеп шығарған кезде ол нәтижелерін бірінің астына бірін жазып, іс-әрекетті орындау процесін қабылдау дәрежесінде ретке келтіреді.
Әрбір адам іс-әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат көздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Белгілі бір жағдайлар дегеніміз қажетсіну, ойға алу, сезім шарпуы және адам іс-әрекет нәтижесінде жеткісі келетін мақсатпен ұштасыра білу керек.
Адамның өз қажеттіліктерін қамтамассыз етуде нақты қоғамда тарихи қалыптасқан тәсілдерді пайдалану осы қажеттілікті орындаудағы жеке және қоғамдық әрекеттің бірігуінен айқын көруге болады. Бұл сондай-ақ әрбір жеке адамның өзінің ең қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық еңбек бөлісі нәтижелерін пайдаланады.
Адамның бойында іс-әрекетке көзқарастың қалыптасуында, себеп-мақсат түрлерінің орнығуында іс-әрекеттегі табыс пен табысқа жете алмау, адамның бір істе ойға алған ниетінің мөлшері мен қол жеткен нәтиженің мөлшерінің маңызы ерекше.
Талпыныс деңгейі - адамның іс-әрекетке деген өз мүмкіндіктерін бағалай білу. Үйлесімді калыптасқан адамда талпыныс деңгейі істі атқаруға қажетті нақты мүмкіндіктеріне сай келеді. Талпыныс деңгейі тым жоғары, ал мүмкіндігі шектеулі болса мұндай адам мен коллектив арасында қақтығыс туады.
Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу - қызмет тақарушы орган немесе бүкіл организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау - қажыған адамның көңіл күйі. Көңіл күйді жеке алғанда, ол шаршаудың тікелей бейнеленуі болма алмайды. Шаршау сезімене адамның жұмысқа көзқарасы, дене және ой қызметіне дағдылану ой дәрежесі де енеді. Сондықтан адам физиологиялық түрде қажудан бұрын-ақ тіпті жұмыс басталар-басталмастан-ақ шаршауы мүмкін. Тынығу, әсіресе дұрыстап тынығу, іс-әрекет түрін ауыстыру күшті қалпына келтіреді, іс-әрекет түрін ауыстыру күшті қалпына келтіреді, іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға мүмкіндік жасайды.
Іс-әрекеттің себебі мен мақсаты, творчество, іс-әрекет процесінде қажу бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне әсер етеді. Сенімі мен көзқарасы, іс-әрекетке қатынасы дұрыс қалыптасқан адамдар осы іс-әрекетте жеткіші роль атқарады. Мұның озі творчестволық ізденіс сипатын да, адам еңбегін соған жеткізеді деп түсінген ұлы мақсаттарға жету жолында шаршп-шалдықпайтын болу мүмкіндіктерін де айқындап береді.
Іс-әрекеттің мақсаты дегеніміз - сол іс-әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада болжау. Осы болжау, яғни мақсат, заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап береді. Мақсат сонымен орындалатын қызметке тыстан келіп қосылмайды, оны сол әрекетті іске асырушы адамның өзі белгілейді. Бұл процеске нақты адамның оқу, тәрбие барысында игерген коғамдық тәжрибесі қосылады. Белгіленген маұсат қызмет барысында іске асады.
Сырты нақты іс-әрекеттің саналық ішкі әрекетке айналуы интериоризация деп аталады. Алдымен адам затпен кейбір әрекетке келеді, бұл сырт әрекет затты қолына алып, олай-бұлай қарастырады, кейін әрекет санға өтеді де, психикалық әрекетек айналады. әрекет бұл жолда қысқарады, біршама жойылады немесе өзгеріске ұшырайды. Мысалы: баланың есеп сынаққа үйренуі: алғашқы таяқшаларды ығыстырумен санайды, кейін-алдында жатқан таяқшаларға қарап тұрып санайды, ақырында-санақ нақты затпен де, оған байланысты әрекетпен де қатысы жоқ деоексіз сана әрекетіне айналады. Енді әрекет объектісі-сан мен сөз. Интериоризацияның арқасында адам психикасы нақты мезгілде көздің алдында жоқ заттармен де әрекеттік байланысқа келе алады, яғни адам сезімдік бейнеден саналық бейне түзу дәрежесіне өтеді.
Сонымен, адамның іс-әрекетінде оның сырқы (дене) және ішкі (психика) жақтары бір-бірімен тығыз байланысты. Іс-әрекетсіз адам өмірі мүмкін емес. Адам іс-әрекетінде сол әрекеттің ішкі және сыртқы мазмұны тығыз байланыскан. Сыртқы, затпен байланысты - қоршаған дүниеге ықпал етудегі адам әрекеті - ішкі әрекетпен анықталады да реттеледі. Іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі. Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып, объекті күйіне енеді, ол іс-әрекет деп санауға болады. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағытталған әрекет жиынтығы еңбектік іс-әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
- Іс-әрекеттің түрлері, икемділік, дағды және әдеттің іс-әрекетте қолдануы
Адамда әртүрлі іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзақ үрдіс болып табылады.
Генетикалық бір-бірін ауыстырып отыратын және барлық өмір жолы барысында ғұмыр кешеттін іс-әрекеттің үш түрі кездеседі: оқу, ойын, еңбек№ олар түпкі нәтижелері, ұйымдастыру бойынша түрткі ерекшеліктеріне бөлінеді. Баланың белсенділігі тек қана бірте-бірте даму барысындатәрбиелік ықпалдардың әсерімен саналы мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің түрлері арқылы аңғарылады. Өмірінің алғашқы жылдарында балада іс-әрекеттің қарапайым түрлерін меңгеру үшін алғышарттар қалыптасады. Олардың ішіндегі алғашұысы ойын - өмірдің тамаша құбылыстарының бірі, бір қарағанда пайдасыз іс-әрекет сияқты көрінгенмен, аса қажетті.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойында алғаш рет баланың дүниеге әсер ету қабілеттілігі қалыптасады және жалпы мәні осында. Ойынның еңбекпен жалпы ортақтығы және оның айырмашылығы ең алдымен олардың түткілерінің ерекшелігінде.
Ойын іс-әрекеті мен еңбек әрекетінің арасындағы негізгі айырмашылық өз іс-әрекетіне басқаша қатынасына байланысты.
Баланың мектепке келуі және ол үшін жаңа оқу іс-әрекетіне енуіне қарамастан, бала ойнын тоқтатпайды. Дұрыс ұйымдасқан ойын бұрынғыша шәкірттің жағымды қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді, ұжымды ұйымдастыруға, оны топтастыруға комектеседі, достық және жолдастық сезімдерді тәрбиелейді.
Орыстың ұлы классик-педагогі К. Д. Ушинский баланы шығармашылық еңбекке, іс-әрекетке, өмірге даярлайтын ойынның үлкен тәрбиелік мәнін талай рет ерекшк атап өтті. Оның айтуынша, ойында бала тек қанағаттандыруды іздеп қана қоймайды, сонымен қатар айналысатын күрделі істі қажет етеді, ойын - баланың тәжіребиелік іс-әрекетінің әлемі, ол дене жағынан ғана емес, сонымен қатар оның рухани қажеттіліктерін де қанағаттандырады.
Ойын - өмірге даярлау мектебі, тәрбие құралы. Ойын ұжымды жасайды. А. С. Макренконың айтуынша, ойын балаға қуаныш әкелуі тиіс, шаттылық - жақсы демалыстың элементі. Сондықтан да ол ойынға әзіл-оспақ, күлкі элементтерін енгізеді.
Сонымен, ойын өмірдің өзіндік бейнесі болып табылады. Ойын баланың өмірден, дүниеден алшақ алып кетпейді, керісінше, бұл оны өмірге даярлайды, балаға қуаныш, махаббат және қорғаныш дүниеге жан-жақты қызығу силайтын нағыз өмірдің өзі.
Оқу - іс-әрекетінің негізгі түрі. Оқудың негізгі мақсаты - бұл болашақ, өзіндік еңбек іс-әрекетіне даярлау, ал негізгі тәсілі адамдардың бұдан бұрынғы еңбнгімен жасалған мұраларының жинақтвл, ан нәтижесін меңгеру. Оқыту - білімдерді беру мне меңгерудің екі жақты үрдісі, шәкірт пен мұғалімнің өзара байланысты іс-әрекеті.
Оқу әрекеті төмендегілерден тұрады: қоршаған заттар мен құбылыстар туралы ақпаратты меңгеру; іс-әрекетінің негізгі түбірдерінен құралатын тәсілдер мен дағдылар; іс-әрекеттің мақсаттары мен шарттанына сәйкес тәсілдер мен дағдыларды дұрыс таңдау үшін көрсетілген ақпаратты қолданудың ьәсілдерін меіңгеру.
Оқу әрекетін қалыптастыру үшін алғашқы басшылыққа алатын жағдай - белгілі білімді, икемділікті және дағдыны меңгерудің саналы түрткілерін балада жасау. Баланың дамуына қоғамдық ықпалды таратушылар үлкендер болып табылады.
Оқу ісіне міндетті түрде екі адам оқтушы және оқушы қатынасады. Оқу іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асады және меңгеруге, икемділікті, дағдыны қалыптастыруға, ақыл-ой дамуына бағытталған.
Оқу іс-әрекетінің мазмұны жоспарларымен, оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары балалардың психикасының жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр жылға жасалды. Оқу үрдісі оқытудың мазмұнымен, оқу жұмысын ұйымдавтырумен және мұғалімнің қолданатын әдістерімен анықталады.
Шәкірттердің қабылдауы мен бақылауы оқу әрекетінің әсерімен нақтылана түседі. Оқу әрекетінің әсерімен ерікті зейіні мен ерікті есте сақтау дамиды. Оқу жұмысының білімді меңгру үрдісі ерекшк орын алады. Меңгеру - білімді тәжірибеде қолдану мен байланысты саналы, мақсатқа бағытталған, белсенді психикалық үрдіс. Шәкірттердің білімі ол оны тәжірибеде қолдана білген жағдайда меңгерілген деп есептеледі. Материалды меңгеру, оны талдай білу, салыстыра білу, жинақтау, негізгісін, маңыздысын ерекше ажырата білу ептілігін талап етеді.
Сонымен, оқу дегеніміз - еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны және біргірлікті жүйелі игеру процесі. Егер адам әрекеті сналы мақсатпен басқарылған болса, белгілі білімді, дағдыны, икемділікті меңгерген болған жағдайда ғана біз оқу әркеті туралы айта аламыз. Саналы түрткілердің көрінуі оқудың басқы алғы шарты болып табылады.
Адамзат іс-әрекетінің тарихи алғашқы түрі еңбек болып табылады. Еңбек дегеніміз - адамның материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбе жалпы алғанда, психологиялық емес, әлеуметтік категория. Психологиялық зерттеудің пәні жалпы алғанда, еңбек емес, тек қана еңбек әрекетінің психологиялық салалары болып табылады. К. Маркс өз шығармашылығында еңбекті саналы мақсатқа бағытталған іс-әрекет ретінде сипаттайды, ол нәтижені іске асыруға және оның саналы мақсатына сәйкес ерік-жігер арқылы реттеледі. Еңбек өзінің негізгі ұстанымы бойынша бклгілі нәтижені жасауға бағытталған, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі жолы. Еңбек үрдісінде іс-әрекет субъектінің нәтижесі дүниеге келіп қана қоймайды, сонымен қатар ол өзі де еңбекте қалыптасады.
Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Еңбек адамның қабілеті мен мінез-құлқы жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады. Еңбек адамды рухани жағынан да, дене күші жағынан да шыңдайды, оның бойында игі қасиеттер қалыптастырады.
Балалар мектепте еңбек әрекетінің қарапайым түрлерінің дағдыларын меңгеріп келеді. Мектепте оқытудың бірінші жылынан бастап, мектеп бітіргенге дейін еңбекке даярлық іске асады, еңбекке деген көзқарас, сүйіспеншілік, еңбек адамдарына құрмет қалптасады.
Сонымен, еңбек дегеніміз белгілі қоғамдық пайдалы өнімді өндіруге бағытталған іс-әрекет болып табылады. Еңбек іс-әрекеті - адамның негізгі, басты іс-әрекеті. Адам егер еңбек етпесе, өз өмір сүруін тоқтатқан болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz