Психика және іс - әрекет


Жоспар.
І. Кіріспе .
1. Іс-әрекет туралы жалпы ұғым.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Іс - әрекет оның түрлері.
- Психика және іс - әрекет.
ІІ. Қорытынды.
Іс әрекет психологиясы.
Адамның психикалык өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әре-
кетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру бары-
сында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын, ойын әр қилы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, - дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін . . . анықтап алуға
тиіспіз». Адамды іс-әрекеткс итермелейтін ойын түрлі қажеттері
екені өткен тарауда айтылды. Адам іс-әрекеті - күрделі процесс.
Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекетгердің
жүйесі кіреді. Іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие)
ұғымын ажырату қажет. Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса
кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі,
единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекелкі
орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.Адам үшін іс-әрекетінің қашан да коғамдық әлеуметгік мәні
зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару - оның екінші басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен катар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытга белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын, А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады»
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару т. б. ) көбірек ойнайтын болса, енді коғамдық-саяси мәні бар, еңбек пропесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардын бірі - мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мсктеп өмірінің бейнелеуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынасын, сезімдері мен көңілкүйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.
Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы батаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйслерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезенде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезеңде, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің занды байланысына түсінеді. Мәселен, «от жақса түтін шығады» дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатын-дығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталынады. Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады да, өз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді. Бұдан анализ, синтез процестерінің балада онша дамымағаны көрінеді. Мұғалім оқушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның мәніне толық түсінбей қалады. Сондай-ақ, мұғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да, берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі. Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның ес қабілетін өсіруге ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нерсені бір-бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал, материалды өз күйінше жаттап алу, оның мағынасына түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды. Бастауыш мектеп мұғалімдері осы жайды қатты ескергендері дұрыс.
Психолог П. Я. Гальперин (1902-1988) өзінің «Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу» теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу т. б. ) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.
Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана-сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен (мәніне түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т. б. ) құтылу қиын болады, )
Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын тәрбиелеп, дамытуда мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше. Мәселен, олардың арасында мектепке, оқуға сырттай қызығып келетін балалар да жиі ұшырайды. Мұндай бала мектептің үйіне, оның партасына, мұғалімге, өзіндей балаларға көңіл бөледі. Оқу оны жөнді тартпайды, өйткені, оған қиын көрінеді. Баланың көбінесе ойнағысы келіп тұрады, партада дұрыс отыра алмайды, жиі қозғалады, айналасына алақ-жұлақ қарай береді. Мұндай баланы үйінде ой-натып не тыңдатып әдеттендірмегені.
Оқуға, білім алуға ұмтылуды тудыратын мотивтер (себептер) балада бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар ете қарапайым болып келеді. Мәселен, ол оқып - жазғанына ғана, алған бағасының жалпы санына ғана мәз болады. Ата-анасынан қорқып жақсы оқуға тырысатын не жолдас баласымен бәсекелесін жақсы оқуға тырысатын балалар да болады. Баланың жасы өскен сайын оның оқу мотивтерінің де мазмұны өседі. Мәселен, білімді адамның халқына мол пайда келтіретінін, жұрттың ондай адамдарды құрметтеп сыйлайтынын түсіне бастайда
Оқу әрекетінің психологиялық табиғаты жайында, кейбір оқушылардың не себептен үлгерімі төмен болып, екінші жылға қалып қоятындығы жайлы сөз болғанда, төмендегідей себептері анықталды. Үлгірмеушілік негізінен екі түрлі себепке байланысты туып отырады. Мәселен, бір жағынан, оқыту тәсілдері мен бағдарламалардың олқылықтары, оқушығ берілетін білім мөлшерінің нақты белгіленбеуінен туса, енді бір жағынаң, балалардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне байланысты (оқуға шамасы келмеу) болып отырады.
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттің бірі - еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбсктің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К. У. Ушинский: « . . . Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, онын адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын А. С. Макаренко былайша түсіндіреді: «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағына болса ғана туады». Ұлы педагог еңбексіз тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуте болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады. Жалпы еңбек әрекетінің (жеке және ақыл-ой) негізгі ерекшелігі - оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі кызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгіді еңбек тәртібін қажет етеді.
Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүниетанымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу-келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналылығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болып табылады.
Еңбек үстінде кісі өзіне, қоғамға қажетті материалдык игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т. б. ) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шындала түсед.
Бастауыш сыныптардағы, еңбек тәрбиесі - баланы жүйелі түрде еңбек дағдыларына үйретудің бірінші қадамы. Оқушының еңбекке дағдылануы бірден дамымайды. Өйткені бала бірден өзінің енбек етудегі мақсатын түсіне қоймайды және одан нәтиже шығарам деп те ойламайды. Еңбектің адамның қандай қажетіне жарайтынын, оның коғамдық мәнін бала айқын түсінетін болуы қажет. Еңбек сабағы зейінді тәрбиелеудің де ең жақсы құралы. Өйткені тіпті кішкентай еңбектің өзі (инені сабақтау) зейіннің бір жерге жиналуын, дәлдікті, күш салуды қажет етеді. Еңбек дағдыларының мардымсыздығы төменгі сьшып оқушыларьша тән қасиет. Мұндай жағдайды, мәселен, жазу дағдысын қалыптастыру кезеңінде де байқауға болады. Ол жазуға бүкіл денесін (аузын жыбырлату, көзін шүйілту, аяғын тіреу, мезгіл-мезгіл дем алу т. б. ) қатыстырады. Осы жайт еңбек сабағында да байқалады. Бұл оның организмін тез шаршатады.
Бала біртіндеп еңбек ету арқылы көп нәрсені үйреніп білетіндігіне көзі жете бастайды. Мәселен, үшінші сыныптағы балада «осы мен не істей аламын екен?» деген ой туады да, осыған байланысты әрекет ету басталады. Оның өзіне-өзінің үңілуі, өзінің қабілетін сынап көруі - өте кұптарлық іс. Егер ол өз қолынан бір нәрсе істеп шығарса, «Ту, мен де істей алады екем ғой», - деп төбесі көкке жеткендей масаттанады. Бұл оның психологиясына жағымды әсер етеді.
_Кейбір мектептерде еңбек сабақтарына немқұрайды қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Ал осындай мұғалімдердің оқушылары сабақтан тыс кездерде болатын қоғамдық пайдалы жұмыстарда тәртіпсіздік жасауға дейін барады. Әрине, мұндай ұйымдаспаған, мақсатсыз еңбек оқушыларда (әсіресе, отбасында еңбек тәрбиесін жөнді кермеген балаларда) салдыр-салақтық, тәртіпсіздік, әдепсіздік сияқты теріс мінездің орныға түсуіне итермелейді де, үлгерімі мен тәртібі жақсы деп жүрген балаларға кері әсер етіп, оларды енжар, селсоқтық жағдайға түсіретін болады.
Жиі шаршамау үшін оқу мен еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырып, бұлардың жүйелі ұштастырылуына көңіл бөлу қажет.
Шаршау организмде әркез пайда болып отыратын заңды пси-хофизиологиялық құбылыс. Дұрыс ұйымдастырылған демалыстан кейін шаршау басылады да, организм тың қалпына қайта келе бастайды. Ал, шаршау қайталана берсе, ол оның созылмалы түрі - қажып, болдыруға ауысуы мүмкін.
Қажу немесс болдыру ми қабығының біркелкі жұмыс істеу қабілетінің бұзылуынан байқалады да, адамның көңіл күйіне қолайсыз әсер ете бастайды. Мұндайда бас ауырады, адамда орынсыз ашушандық, әлсіздік, асқа тәбет шаппау, ұйқы бұзылу, т. б. осы секілді қолайсыз жағдайлар туындайды. Жүйке жүйесінің қажуы ақыл-ой жұмысының нәтижесін төмендетеді, адамның, оқуға ықыласы соқпай, оқылғанын тез ұмытып қала беретін болады. Қажу, болдыру кейде үй жағдайының тынымсыздығынан, айналасындағылармен түсінісе алмаудан, бұларға іштей ренжіп, қайғырып қиналудан да туындайды. Сондықтан, невроз ауруына шалдықпау үшін үйде және мектепте қолайсыз жағдайлар болса, шамадан тыс көп оқуға, ұйқы режимінің дем алу тәртібінің жүйесіздігіне т. б. жол бермеу қажет.
Жиі шаршау - болдырудың субъективтік көрсеткіші, бұл «басталып келе жатқан болдырудың белгісі» - дейді А. А. Ухтомский (1875-1942) .
Сондықтан да, әрбір адам өз мүмкіндіктерін ескере отырып, шаршау мен болдыруға төтеп бере алатын жағдайларды үнемі еске алып отыруы абзал. Бұл үшін:
- жұмыс орнының тазалығы мен жинақы болуы, оның микро-климаты мен жарықтығы, ауа тазалығы тиісті гигиеналық талапқа сай келуі тиіс;
- әр адам өзінің жеке-дара ерекшеліктерін еске алып, түрлі жұмысқа қажетті қозғалыс-қимылдарды ретімен дұрыс пайдалануы, әсіресе, дене шынықтыру мен режимнің талаптарын қатаң сақтауы қажет;
- орыс физиологы Н. Е. Введенский (1852-1922) белгілеген жұмыс қабілетін арттырудың бес шартын сақтау, атап айтқанда:
а) жұмысқа біртіндеп ену;
ә) жұмыс ырғағын бұзбау, мұндағы біркелкілікті сақтау;
б) іс-әрекеттің жүйелі және жоспарлы болуын қамтамасыз ету;
в) еңбек пен демалыстың дұрыс алмасуын қадағалау;
г) еңбек нәтижесінің ұжым тарапынан дүрыс бағалануын үнемі
еске алып отыру қажет;
Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекст бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Мәселен, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), терлеп-тепшіп қиналады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше көңіл бөледі. Өйткені соңғыда жазу дағдысы автоматталған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.
Дамуы шегіне жеткізілген дағдылардан мына төмендегідей белгілерді байқауға болады:
- Дағды алудың белгісі - әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң кимылдау (мәселен, турникке ойнаған спортсменнің дағдысы) .
- Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мәселен, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебедейсіздік т. б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі) .
3) Дағдыланудың үшінші белгісі - бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу. Мәселен, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады.
/«Сауаты ашылған адам, - деп жазды А. Байтұрсынов (1873-Т937), - жазылған я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін түрған сүгіретін танып оқиды . . . Негұрлым сөз сүгіреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдам танып, шапшаң оқымақшы . . . Алам әріптерді бірі биік, бірі аласа, ұзын, бірі қысқа келіп, сөз әлпіне . . . ашық сурет береді. Бір жағынан онысы, екінші жағынан койылатын қосымша белгілері сеп болып, сөз сүтіретін көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады».
- Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудын маңызы артады (мәселен, жазу дагдысы баланң қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі машинистка да қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі.
- Дағдыға машықтану үшін алдын-ала қабылдай алу қабілетінің болуы, мәселен, машинистка тексті көшіргенде, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқан кезде, оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда да көз бірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлемді қамтиды. Адам текстің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны психологияда дағдының антиципациясы " дейд. .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz