Іскерлік кездесу және еңбек келісімі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Іскерлік кездесу
  2. Іскерлік кездесу
  3. Еңбек келісімі

Пайдаланған әдебиеттер

Іскерлік кездесу

Казіргі заман айдары - нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін кағілез жанды айтады. Іскер де адам баласы болғандықтан, адамдар қоғамында өмір сүретін болғаңдықтан оны тек өз бас пайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс болмаған болар еді. Іскерліктің де өзіне тән этикеті - іс-әрекет ұстанымдары бар.

Әдеп амандасудан басталады. Амандасу - адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар. қазақ тілінде "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктерінін басқамен татутлықты, басқаға деген жылы шырайды білдіретіндігі.

Басшы-багынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң кішік бол!" деп халық данатығы бекер ақыл айтпаған, қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болсақ соғұрлым шынайы ниетке ие боласың. Басқаны тыңдап білу - улкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра оппонентіңді (қарсыласынды) соңына дейін тындап шығу тәрбиеліліктің нышандарының бірі. Бағынушының ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш білдіре алса, оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандағы болар еді. Басшының ез қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-катынастарды калыптастыруға көп әсерін тигізеді.

Іскерлік кездесу

Бүгін аудандық әкімшілікте «Шағын бизнесті дамыту жолдары» деген тақырыпқа арналған іскерлік кездесу өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Қ. Ахметов, аудандық кәсіпкерлер одағының бас шылары, бір топ кәсіпкер мен газет тілшілері қатысты. Қ. Ахметовтің берген мәліметтерінде ауданда шағын бизнесті дамыту бағытына арналған нақты шаралар жоспарланатыны көрсетілді. Кездесуі қатысқандар осы мәселеге байланысты өзара пікір алысып, тез арада шешуді талап ететін мәселелерді талқылады.

Кәсіпкер Ә. Әубәкірқызы шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге нақты қолдау-көмек жасалынбайтынын, кәсіпкерлердің жұмысына заң органдары, салық салу органдары, санэпидстанция т. б. мекемелері кедергі жасайтынын фактілермен дәлелдеп айтып шықты.

Кәсіпкерлер одағының басшысы З. Өмірзақұлы өз сөзінде осы кездесуде банк қызметкерлерінің қатысуларының қажеттілігін банктен шағын бизнес заңына сәйкес несие алудың қиындығын көрсетті.

Кездесу барысында уақытша комиссия құрып, екі айдан кейін осы мәселеге қайта оралу ұйғарылды

Еңбек келісімі

Ұжымдық шарт - бір немесе бірнеше жұмыс берушілер олардың өкілдері және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтарға мүше емес, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған жазбаша шарт түрінде рәсімделген құқықтық акт болып табылады. Ұжымдық шартты жасау барысында еңбек ұжымының мүшелері Кеңінен қатысады. Тараптардың теңдігі қатаң сақталады, тараптардың қабылдаған міндеттемелерін материалдық, өндірістік және қаржылық қамтамасыз етуді нақты мүмкіндіктері ескеріледі. «Ұжымдық шарттар туралы» заңнын 5 - бабына сәйкес ұжымдық шарт мыналарды айқындайды: еңбекті ұйымдастыру және ақы төлеу жүйесін; тарифтік ставкалар мен лауазымдық окладтардың ең төменгі көлемін, тауарлармен қызмет көрсетуге бағалардың өсуіне байланысты қызметкерлер табыстарына төлемдердің тәртібі мен мөлшерін; жұмыстарын жоғалтқан жағдайда қызметкерлерді сақтандыруды тәртібі мен жағдайларын: өндірісті дамыту мәселелерін: еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек және өнірістік тәртіпті сақтауға және т. б. байланысты жауапкершілігін айқындайды. Ұжымдық шарт қысқа мерзімді (бір жылдық) және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Ұжымдық шарттағы міндеттемелердің орындалуын кәсіподақ комитеті, жұмыс беруші және оның жоғарғы органдары қадағалайды.

ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

2008 жылғы Түркістан қаласы.

(айы, күні)

Біз, бір жағынан ( тапсырысшы),

(кәсіпорынның атауы, кәсіпорын басшысының аты жөні)

жұмысшы , екінші жағынан (орындаушы),

(аты-жөні)

Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес төменде көрсетілген еңбек шартына қол қоямыз.

(Еңбек келісімінің мазмұны қысқаша баяндалады)

Атқарылатын жұмыс

Орындалу мерзімі

Екі жақтық міндеттері

І. Орындаушының міндеттері:

  • Осы шартнаманың талаптарын орындауы;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек туралы заңының талаптарын орындау;
  • Техника кауіпсіздігі мен өндірістік санитария талаптарын бұзбау.

ІІ. Тапсырысшының міндеттері:

  • Осы шартнаманың талаптарын орындау;
  • Шартнама бойынша жұмыс түрімен қамтамасыз ету;
  • Техника қауіпсіздігіне, өндірістік санитария талаптарына сәйкес жағдай жасау;
  • Жұмыс кестесінің өзгерістері жөнінде жұмысшыны (қызметкерді) бір ай бұрын хабардар ету.

Егер шартнамада көрсетілген талаптар орындалмаса, онда екі жақ та Еңбек туралы Заңның талаптары бойынша жауап береді.

Осы шартнаманың күші :

  • Екі жақтың өзара келісімі арқылы;
  • Орындаушының іскерлік деңгңейінің төмен екендігі байқалған жағдайда;
  • Орындаушы еңбек тәртібін бұзған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Осы еңбек келісіміне байланысты даурлар қолданылып жүрген заңдар арқылы белгіленген тәртіпте шешіледі.

Кәсіпорын басшысы

Жұмыстың атқарушы

Шылау

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек ушін, Жоқ-барды, ертегіні термек ушін (А. ) Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр . (Ғ. Мүст. ) Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. (М. Ә)

Сөйтіп шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар:

  1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
  2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
  3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мен үстей қолданылады.
  4. Шылаулар түрленбейді.

Шылаулар - лексикалық мағынасынан айрылу нәтижесінен туған сөздер.

Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді.

Септеулік шылау

Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сездермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық, т. б. ) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Бұл тұрғыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсайды. Септеулік шылаулар мыналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соқ, кейін, т. б. Олар септеуліктер деп те аталады.

Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердің шылауында айтылады:

1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, т. б.

2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, т. б.

3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі, т. б.

4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге.

Жалғаулық шылаулар

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады. Олар мыналар: мен, (бен, пен), да (де, та, те) не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т. б.

Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
Іскерлік кездесу
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда байланыс
Туристік формальділік
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Жапон - кеңес келісімі және оның халықаралық мәні
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz