Ахмет Байтұрсынұлы мұржайы


Егер маған «Мұражай деген не?» деген сұрақ қоятын болса, онда мен «Бұл - өтіп кеткен уақытпен танысуға болатын жер» деп жауап берер едім. Мұражайда біздің өмірге келгемей тұрған уақыттағы, өткен уақыттан қалған және біздің уақытта үлкен тарихи және мәдени құндылығы бар заттар сақталады. Сондықтан мұражайға барар алдында бір ерекше затпен жолығу сезімі туады.
Мен қыркүйек айының екінші аптасында Жамбыл және Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлы мұржай-үйіне барып шықтым. Оның терезелері ағаштан өріліп, қабырғалары кірпіштен қаланған, қаладағы ешбір ғимаратқа ұқсамайды. Өзінің бір сырт-келбетімен ғана өткен ғасырларды еске түсіреді. Бұл үйде Ахмет Байтұрсынұлы өз өмірінің соңында тұрған.
Қазақ тіл білімінің негізін қалыптастырып, алғаш қазақ газетін ашқан аса көрнекті қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы бес рет тұтқындалып, екі рет жер аударылған. 1929 жылы Архангельск қаласына жер аударылып, 1934 жылы босатылғаннан кейін, жұбайы Бадрисафамен Алматы қаласына қайта оралып, қазіргі мұражай-үйінде тұрған. 1937 жылдың 11 тамызында қолына кісен салынып, дәл осы үйден абақтыға әкетілген болатын. Сол жылдың 8 желтоқсанында «халық жауы» есебінде ату жазасынан қаза тапты.
Алматы қаласының әкімінің шешімімен 1993 жылдың ақпан айында бұрынғы Космонавттар көшесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген. Шолпан Ахметқызы осы көшедегі үйде Ахметтің тұрғандығын дәлелдеп бергеннен кейін, 1993 жылы үйді мұражайға айналдыру жұмыстары қолға алынды. Ал 1998 жылы Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай үй күрделі жөндеуден өтіп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпына келтірілгеннен кейін ресми түрде мұражай статусын алды.
Мұражай қорында бес жүздей ресми деректі құжаттар, үш жүзге жуық мемлекеттік мұрағаттан алынған түпнұсқа құжаттар, он екі жеке суреті, жиырма жеті ұжымдық деректі суреттер бар. Аса құнды құжаттардың бірі Ахметтің өз қолымен толтырған сауалнамаға жауаптары және ғалымның профессор лауазымы бар екендігі жөніндегі анықтама. Қаламсауыт, мөртаңба, бұрыштама белгі, сия сауыт сияқты заттарды Ахметтің жиені Самат Бектемісов өткізіпті. Оған қоса, тұрмыста қолданылатын самауыр, сандық, ыдыс аяқ сияқты жеке заттары бар екен.
Мұражайда үш зал бар:
1. Қайта оралу - мұнда Ахмет Байтұрсынұлын ақтау туралы анықтамалар, оған көрсетілген құрмет қағаздары бар. Сонымен қатар, оған берілген «Ана тілдің айбары», «Ғасыр саңлағы» деген медальдары сақтаулы тұр.
2. Қазақ санасының шам шырағы - ғалымның мектептегі күндерінен бастап, «халық жауы» атанып ұсталып кеткенге дейінгі өмір жолдары мұрағат құжаттары негізінде сақталған. Бұл залдың маңызды құжатының бірі Ахметтің жұбайы Бәдрисафаның Дала губернаторына жазған - «Жеделхаты» болып табылады. Ресми хат 1909 жылдың 5 тамызында жолданған.
3. Саяси қуғын-сүргін құрбаны - бұл залда Ахмет Байтұрсынұлының бес рет түрмеге түсіп, екі рет жер аударылғандығы туралы айтылады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қоғамдық қорды ашқан Самырат Мәшенұлы дүниеден өткеннен бері мұражай-үйдің жағдайы нашарлады. Мұражай қонақтарынан келіп түскен ақша ай сайынғы жылу мен су төлеміне жетіп жығылады. Жеке қорға қараған мұражай жұмысы жандаңбаған соң оны мемлекетке өткізу туралы дау әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қордың иесі мұражайды мемлекет қарамағына беруге қарсы болса да, Байтұрсынұлы тұрған үй «Рухани жаңғыру» бағдаралама саясына жасалған киелі жерлер тізіміне кірді. Енді қазіргі иелері қаланың ортасында тұрған 16 соттық жері бар үйді өзге мақсатта қолдана алмайды.
Мұражайдың мақсаты - болмысымыз жоғалып кетпес үшін қазақ ұлттық әдебиетінің, тіл білімінің, мәдени тарихының негізін салған кісінің кім екендігін ұмыттырмау. «Өткеніміз арқылы болашақ болады» дегенді бүгінгі ұрпаққа таныту.
Болашақ ұрпаққа Қазақстанның тәуелсіздігі қандай қиын жолмен алынғандығын сезіндіру үшін біз Ахмет Байтұрсынұлы өзінен кейін қалтырған мұрасын сақтауымыз керек. Ол ұлт мүддесі үшін жұмыс жасаған, бір кезде қырғыз атанған қазақты қазақ деген атауын кері қайтарып берген, қазақтың мемлекеттілігінің негізін салған мемлекетіміздің қоғам қайраткері. Сондықтан да оның Алматы қаласындағы жалғыз үйін мемлекет ойланбастан қаржыландыруы тиіс деп ойлаймын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz