ІСТІ ҚОЗҒАУ САТЫСЫНДА АДВОКАТТЫҢ ӘРЕКЕТІ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ІСТІ ҚОЗҒАУ САТЫСЫНДА АДВОКАТТЫҢ ӘРЕКЕТІ

Б.А. Сериев
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған
қаласы.

Егер адвокат іс қозғалғаннан бастап іске қатысса, процестің әрі қарай
жүруіне ықпал тигізуі мүмкіндігі көбірек болады.
Осы жағдайда ол тергеу бөлімінің басшысына немесе прокурорға
қабылдаған шешімнің заңсыздығына шағымдана алады.
Айып тағылғанда немесе қамау немесе айыпталушы мен жәбірленуші
арасында беттестіруді ұйымдастыру кезінде іске қатысқанда да адвокат сол
сияқты әрекет ете алады.
Адвокат қорғау жоспарын жүзеге асыру үшін бірде бір мүмкіндігін
өткізбеуі тиіс. Осы жоспардың нақты және күрделі немесе қысқа және алдын
ала болуы маңызды емес; басқасы маңызды – адамға дәл қазір көмектесуге
болады және қажет.
Г.Ж. Сүлейменов пен Л.В. Воранина: Заңдық көмек көрсетуді көптеген
ұйымдар және тұлғалар атқаруы мүмкін. Мысалы, заң кеңселері және кәсіптік
одақ кеңесі, ұйымдар, мекемелер мен кәсіподақтардың заң бөлімі. Ал, заң
көмегі адвокатпен берілсе, ерекше маңызды болар еді - деп дұрыс жазған
болатын [1, с. 8].
Осы жігер бекер болып қалса, ал адвокат пікірі одан кейінгі тергеуде
мүдірмейтін болса, іс қорғаудың заңсыздығы туралы басты ой көптеген
қорғау фактілерімен толтырылады және тергеу кезінде де, сотта да нақты
қорғау бағытына айналады.
Қылмыстық істі қозғау қылмыстық процестің бірінші сатысы болып
табылады. Осы сатыда прокурор, тергеу органдары және сот белгілі бір іс
бойынша тергеуге кірісу үшін қажетті мәліметтердің болуын, болмауын, қылмыс
белгілері бар мәлім фактіге қалай назар аудару қажеттігі, осы факт
негізінде қылмыстық сот жүргізу органдар араласуының қажеттігі туралы
мәселелерді шешеді.
Қылмыстық істі қозғау қылмысты тергеу бойынша барлық кейінгі іс
жүргізу әрекеттерінің жалғыз заңи негізі болып табылады. Заңмен көзделген
тергеу және сот әрекеттері тек қана қозғалған қылмыстық іс бойынша жасалуы
мүмкін. ҚР ҚІЖК 194 бабына сәйкес тергеу тек қана қылмыстық іс қозғалған
кейін ғана жүргізіледі. Бұл қылмыстық іс қозғау алдында анықтама жүргізілуі
тиіс екенін білдіреді.
Қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық сот ісін жүргізудің негізгі
міндеттерін жүзеге асырылуы басталады (ҚР ҚІЖК 8 бабы). Олардың ішінде
бірде бір кінәсіз адамды жауапқа тартуға жол бермеу де бар. Ал бұл –
адвокаттың негізгі міндеті.
Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін прокурор, тергеу органдары және сот
тергеуге және нақты бір істі қарауға бағытталған іс жүргізу әрекеттерін
жасауға және азаматтарға қатысты іс жүргізу шараларын қолдануға құқылы және
міндетті: тінту, алу, куәлардан жауап алу, қарауларды жүргізу, басқа да
тергеу әрекеттері.
Қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің өзіндік сатысы туралы
ереже адвокат үшін өте маңызды. Оған қылмыстық іс жүргізу сатысын
сипаттайтын барлық белгілер тиесілі: нақты мақсаттар, процестің негізгі
қағидаларының өзіндік көрініс табуы, әрекет және құқықтық қатынастардың
айрықша шеңбері.
Адвокат келесі жағдайды көруі тиіс: қылмыстық іс қылмыс фактісі
бойынша қозғалады,табылған немесе ұйғарылған кінәсі бойынша емес. Тұлғаны
жауаптылыққа тарту үшін көптеген қосымша мәліметтер жинау және оларды
мұқият тексеру керек. Тек қана одан кейін қылмыстың жасалу фактісі бойынша
қозғалған іс белгілі бір тұлғаға қарсы бағытталғанын айта аламыз.
Дәлелдемелерді анықтау, жинау және бағалау осыған қарағанда адвокат еркін
қатысатын іс жүргізудің келесі сатыларында орын алады.
О.В. Арсентьев: Қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің өзіндік
сатысы туралы ереже адвокат үшін өте маңызды. Оған қылмыстық іс жүргізу
сатысын сипаттайтын барлық белгілер тиесілі: нақты мақсаттар, процестің
негізгі қағидаларының өзіндік көрініс табуы, әрекет және құқықтық
қатынастардың айрықша шеңбері - деп жазды [2, с. 22].
Азаматтардың құқықтары мен бастандықтарын қозғайтын, қоғам тәртібін
қорғау мүдделерінен шығатын заңдылықты нығайтуға қатысты көптеген маңызды
мәселелер қылмыстық іс қозғаған кезде шешіледі.
Мемлекет тек қана белгілі бір, заңда нақты белгіленген органдар мен
лауазымды тұлғаларға қылмыстық іс қозғау құқығын береді. ҚІЖК 186 бабына
сәйкес олар: анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi,
прокурор. Қылмыс белгілері анықталған сайын осы органдар өз өкілеттілігі
шегінде қылмыстық іс қозғау, қылмыс оқиғасын айқындау, оның жасауында
кінәлі тұлғаларға және әділетті жазалауы үшін заңда көзделген барлық
әдістер атқаруға міндетті.
Қылмыстық іс қозғау сатысында аталған органдар қызметінің өзіндік
ерекшеліктері бар. Сол себептен адвокат оларды жеке әрбір органға қатысты
білу қажет.
Қылмыстық іс қозғауға өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың
тізімі толық болып табылады және толықтыруға жатпайды.
Іс өкілетті емес тұлғамен қозғалғанын анықтағанда, адвокат шешімді
оның заңсыздығы негізінде жоюы туралы прокурор алдында сұрақ қояды.
Қылмыстық іс қозғауға өкілетті лауазымды тұлғалар мен органдар кез
келген мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан қылмыстық іс қозғау туралы
мәселені шешу үшін қажетті көмекті сұрай алады.
Істі қозғау сатыларының мазмұны, мәні және дербестігінің мәселелері,
сонымен қатар осындай шешімдерді шығаратын органдар туралы мәселелер
адвокат үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокат - қорғаушының алдын ала тергеуге қатысуы
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысу мәселелері
АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Пәндер