Германия, Англия және Сотүстік Европа елдеріндегі феодалдизмнің дамуын, ішкі –сыртқы саясаттың барысын зерттеу



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. IX—XI ғғ. Германия.
1.1. Немістің алғашқы феодалдық біртұтас мемлекетінің
пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Герман корольдерінің итальяндық саясаты және Герман
империясының
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .8
1.3. ХІ ғасырдың екінші жартысындағы саяси дағдарыс.
Инвеститура үшін күрестің
басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ІІ тарау. XI ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНА ДЕЙІНГІ АНГЛИЯ
2.1. Британиядағы англосаксондық корольдіктер.
Англосаксондық корольдіктерде феодалдандыру
процесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...19
2.2. Англосаксондық корольдіктерде басқару ісін
ұйымдастыру. Англосаксондық корольдіктердің ІХ ғасырда
бір мемлекетке - Англияға
бірігуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23
2.3. Солтүстік Европалықтардың Англияға қайта шабуылы.
Англияның Дат королдігіне қайта
бағынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: IX ғасырда Батыс-Франктік мемлекетте жерге
Германиядағы фео- феодалдық меншік орнап, феодалдық қарым - катынастар
негізінен қалыптасқан кезде, Рейннің шығыс бетін мекендеген Каролинг
империясы ыдыраған соң, Батыс-Франк мемлекетінің құрамына енген герман
тайпалары X—XI ғасырдың бас кезінде ғана феодалдық қатынастардың қалыптасу
кезеңін бастан кешіре бастады[1]. Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылысқа
римдік құл иеленушілік қарым-қатынастың әсері онша болмағандығы себепті,
Германиядағы феодалдандыру процесі де тым баяу дамыды.
X—XI ғасырларда селолық қауымдарда терең тамыр жайған ішкі
дифференцияциялау процесі жүріп жатты. Ақсүйек және діни шонжарлар қауымдар
жерін тартып алып, ерікті қауымдықтарды тәуелді егіншілерге айналдырды.
Феодалдық вотчина барлық жерлерге кең тарады. Сол кездің өзінде-ақ ірі жер
меншігінің иелері — феодалдар табы мен феодалға тәуелділер және крепостной
шаруалар табы — негізгі қоғамдық таптарға айналғанымен, солармен қатар
феодалдық қатынастарға қамтылмаған, ерікті қауымдықтардың елеулі тобы да
сақталып қалған еді. Селолық қауымда ірі-ірі жер учаскелері бар орта және
ірі аллодтар оқшау тұратын, олардың жері ішінара басы бос емес кісілердің
көмегімен өңделетін. Бірақ бұл аллодтар толық мәнінде феодалдық меншік
иелеріне айнала алған жоқ, тәуелді шаруалар еңбегін қанау — олардың
шаруашылығының негізі емес еді.
Англосаксондар жаулап алған Британия территориясында (тегінде,
кейінірек Англияға айналған да осы территория еді) V ғасырдың екінші
жартысынан бастап VII ғасырдың басына шейін, жоғарыда атап өтілкеніндей,
бірнеше англо- саксондық корольдіктер қиыр оңтүстік-шығысында, ірге тасын
юталықтар қалаған — Кент, аралдың оңтүстік және оңтүстік-шығысында, ірге
тасын сакстар қалаған — Уоссекс, Сассекс және Эссекс, негізін англдар
қалаған шығысындағы — Шығыс Англия, солтүстігіндегі Нортумбрия және
елдің орталығындағы — Мерсия корольдіктері құрылды. Бұл корольдіктер — бір
кезде Европа континентінде вестгодтар, бургундтар, франктар, лангобрадтар
және басқа да германдық тайпалар құрған тәрізді, алғашқы феодалдық
мемлекеттер болып табылатын[2].
Британияның қырғыннан аман қалған кельттік тұрғындарының кейбір бөлігі
бірте-бірте жаулап алушылармен — германдықтармен қосылысып кетті. Сөйтіп,
кельттік элемент ағылшын халқының этникалық құрамына енді.
Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Орта ғасырлық жазба төркін-деректер бірнеше түрге бөлінеді: документальды
материалдар, заңдық ескерткіштер, хабар беретін төркін-деректер, фольклор,
әдеби шығармалар т. с. с.
Орта ғасырлар тарихын соның ішінде Венгрия мемлекетінің қалыптасуы,
ондағы феодализмнің даму мен қалыптасуы тақырыбын зерттеген бірнеше
авторлар бар. Олар: Сказкиннің редакциясы бойынша шыққан Ортағасырлар
тарихы оқулығы. Онда бірнеше ғалымдардың атап айтқанда Н.П.Градционский,
И.В.Егоров, Н.А.Сидорова, О.В.Трахтенбергтердің зерттеулері жинақталған.
Батыс Европаның ІХ – ХІІІ ғасырлардағы тарихын зерттеуде әсіресе
Н.П.Градционский жақсы қарастырған.
Ортағасырлық Батыс және Солтүстік Европада қоғамдық идеялардың дамуы мен
әлеуметтік ереуілдер туралы О.В.Трахтенбергтің Очерки по истории
западноевропейской средновековый философии атты еңбегінде жан – жақты
қамтылған.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Германия, Англия және Сотүстік Европа елдеріндегі феодалдизмнің дамуын,
ішкі –сыртқы саясаттың барысын зерттеу.
Курстық жұмыс: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады

І тарау. IX—XI ғғ. Германия.
1.1. Немістің алғашқы феодалдық біртұтас мемлекетінің пайда болуы.
Германиядағы Каролингтер династиясы құрып біткеннен кейін, 911
жылы карольдікке тайпалық герцогтардың бірі — I Конрад
Франконский сайланды, оның тұсында корольдік өкімет пен тайпалық герцогтар
арасында ашық жауласушылық басталды да, ол ақыры корольдің жеңілуімен
тынды. I Конрад өлгеннен кейін тайпалық герцогтар арасында өкімет билігі
үшін үлкен талас басталды: соның нәтижесінде 919 жылы екі бірдей король —
Генрих Саксонский мен Арнульф Баварский сайланды.
Алайда герцогтар сепаратистігіне қарамастан, ол кезде Германияда
корольдік өкіметті күшейтуге объективті алғы шарттар бар еді. Ең алдымен ол
елдегі феодалдандыру процесінің аяқталмауына негізделетін. Қауымдық
жерлерді тартып алу және ерікті қауымдықтарды өзіне бағындыру үшін, күшті
корольдік өкіметті аңсайтын сансыз көп орта және ірі аллодистер корольдік
өкіметтің нығаюына мүдделі болатын. Сол сияқты шіркеулік жердің көлемін
көбейтуге ынталы монастырьлар мен епископтықтар да корольдік өкімет
тарапынан көмек көрсетілуіне мұқтаж еді.
Екінші жағынан, Германияның саяси бірлігі — осы кездегі сырттан төнген
қауіп жағдайында да аса қажет болатын. IX ғасырдың аяқ шенінде Германия
нормандар шапқыншылығының аренасына айналса, ал X ғасырдың басынан бастап —
Паннониге қоныс тепкен венгерлердің де шапқыншылығына ұшырады. Олардың атты
әскерлері Германияға күтпеген жерден басып кіретін де, жолында кездескеннің
бәрін қырып-жойып, оларға қарсы ебедейсіз жаяу әскерлер жасақтарын шығарып
үл-гертпей-ақ, тағы да үшті-күйлі жоқ болып кететін. Венгерлерге қарсы
жекелеген герцогтіктер күшімен ойдағыдай тойтарыс бермек болған талаптардан
түк шықпады.
Германиядағы корольдік өкіметті күшейтуге объективті алғы шарттарды
Саксония династиясының (919—1024) корольдері пайдалана білді, олардың
алғашқы өкілдері — I Генрих пен I Оттон тұсында-ақ шын мәнісінде германдық
алғашқы феодалдық мемлекет қалыптасып үлгерді.
Немістің тұңғыш корольдік -династиясының негізін қалаған саксондық
герцогтардың Германияны біріктірушілер ролінде әрекет жасаулары кездейсоқ
іс емес. Оның жауабын Саксониядағы феодалдандыру процесінің ерекшелігінен,
мұнда, жоғарыда атап көрсетілгендей, корольдік өкіметтің күшеюіне ынталы
орта және ірі аллодистердің елеулі тобы болғанынан іздеу керек.
I Генрих (919—936) өзінің шебер саясатымен өз өкіметін бүкіл тайпалық
герцогтардың, соның ішінде Арнульф Баварскийдің де мойындауына жете
білді[3]. Ол Франциядағы феодалдық ала ауыздықтарды пайдаланып және
лотарингиялық феодалдардың бір бөлігіне арқа сүйеп, осының алдында ғана
француздық ленге айналған Лотарингияны өзіне қосып алды. Венгерлер
шапқыншылығына қарсы күрес те табысты жүріп жатты. Жылжымалы венгер
отрядтарына қарсы күресте замоктар салудың және ауыр қару-жарақты рыцарьлар
атты әскерлер құрудың аса зор маңызы болды. Венгерлермен соғыстағы тұңғыш
жеңіс 933 жылы, саксония-тюрингия шекарасында болды да, ал 955 жылы
Аугсбург түбіндегі Лех өзенінің бойында болған шешуші шайқаста венгерлер
күл-талқан етілді, осыдан кейін олардың Германияға шапқыншылығы біржола
тыйылды.
Сыртқы жаулармен күресте қол жеткен табыстарына қарамастан,-Оттондық
шіркеулік елдегі корольдік өкімет жағдаиы, бұрынғысынша тұрақсыздық,
күйінде қалып келді. Корольдік өкіметтің елді бір орталыққа бағындыру
саясатына тайпалық герцогтар табандылықпен қарсылық көрсетті. Олар I Генрих
герцогтықтардың ішкі істеріне қандай да болмасын қол сұғудан бас тартқаннан
кейін ғана, оның корольдік атағын мойындады. Бірақ I Генрихтың ұлы және
мирасқоры I Оттон (936—973) герцогтар дербестігін басуға әрекет жасауы мұң
екен, мұнысы бірден көтеріліс тудырды.
Тайпалық герцогтардың сепаратистік ниеттерін тұншықтыру
және орталық өкіметтің беделін нығайту үшін, жергілікті жер-лерде корольдік
өкіметтің саясатын жүргізуге қабілеті жететін, оның сенімді тірегі бола
алатын тиімді баскару органдарын құру қажет еді. I Оттон бүл мақсатты
шіркеумен одақ күру арқылы жүзеге асырмақ болып әрекеттенді[4]. Оттондық
шіркеу-лік саясаттың мәнісі шіркеуді мемлекет мүддесіне қызмет еткі-зуге
үмтылушылық еді. Корольдік өкімет пен шіркеу одағының иатериалдық базасы
корольдің шіркеулік мекемелерге орасан көп жер бөліп беруі болды, X ғасырда
осылайша бөлінген жер-дің басым көпшілігі және I Оттон мен оның баласы II
Оттонныь тұсына тап келген.
Шіркеуге жер сыйлаушылық сол жерді мекендеген адамдар-ға шіркеудің саяси
үстемдік құру правосын кеңейтумен ерекше-ленді. Шіркеу ірі иммунист-
феодалға айналды. Шіркеулік иммунитеттік округтерде шіркеудің езінікінен
басқа қандай да бол-масын сот құрылуына тыйым салынды. Шіркеулік мекемелер
қарамағындағы түрғындар үшін ең жоғарғы заң (қылмыс заңы) орны правосына ие
болды.
Оттондық иммунитеттік артықшылықтар шіркеулік мекеме-лерге кең ерісті
мемлекеттік екілдіктер берді де, оларды іс жүзінде мемлекеттің аса маңызды
атқару органдарына айналдырды. Шіркеулік мекемелерге — епископтықтар мен
империялық немесе корольдік аббаттыктар (императорға немесе корольге
тікелей бағынатын аббаттықтар үшін) — олардың меншігіндегі жерден әлдеқайда
тыс жаткан белгілі бір территорияларға ко-рольдік банн деп аталатын жер
бөлінетін. Корольдік банн дегеніміз — мемлекеттік қызмет пен корольге және
оның қарама-ғында қызмет істейтін кісілеріне берілген өкілдіктердің
(соттық, әскери, әкімшілік т. б.) жиынтығы деген мағына беретін.
Шіркеулік мекемелерге корольдік банн берілген территориялар тарихи
ғылымда банндық округтер деп аталған. Банндық округтер каролингтік
графтықтармен бара-бар болатын; олар герцогтардың қандай да болмасын қол
сұғуынан тыс және жергілікті жердегі барлық басқарудың негізі болатын.
Шіркеуге асқан мырзалықпен жер иелену және саяси праволар берген
I Оттон, сонымен бірге оларды мықты бұғаумен таққа шідерлеп байлауға және
ез өкіметінің басы байлы құралына айналдыруға да әрекеттенген. Бүкіл
епископтық және аббаттық қызметтер атаулы іс жүзінде корольдің қолында
болған. Яғни адамдар бұл қызметтерге тек кандидаттар ұсынушылар ғана болды
да, ал оны бекітетін және жаңадан қызмет орнын ойлап шығаратын корольдің
өзі болатын[5]. Оның үстіне епископтың немесе империялық (корольдік)
аббаттың орны босап қалған жағдайда, сол епископтықтың немесе аббаттықтың
жерінен түсетін барлық табыс тікелей корольдің өз қазынасына түсетін де,
сол себепті ол бұл қызметтерге кісі тағайындауға асықпайтын.
Король тек епископтар мен империялық аббаттарды ғана тағайындап немесе
орнынан алып қана қойған жоқ, фогтарды — шіркеулік вотчинаның ісін
басқаратын дүнияилық қызметтегі кісілерді тағайындауға да шешуші ықпалын
жиі жасап тұратын.
Король жоғары мәртебелі шіркеулік төрелерді түрлі мемлекеттік
қызметтерге — әкімшілік, дипломатиялық, әскери қызметке де тартып
отыратын. Епископтар мен империялық аббаттардың вассалдары оттондық
әскердің басым көпшілігін құрайтын және діни жасақтардың басында соғыс
құмар епископтар мен аббаттардың тұратын кезі де аз болмайтын.
Корольдік өкіметтің қызметіне қойылған және оның ең басты тірегі болып
саналатын осынау шікеулік ұйымдар әдебиетте императорлық
шіркеу деп аталған.
1.2. Герман корольдерінің итальяндық саясаты және Герман империясының
құрылуы..
I Оттонның шіркеулік саясатының папалыққа корольдік өкімет бақылауын
қоюға әрекеттенумен тынуы қисынды іс еді, өйткені шіркеуге үстемдік ету —
оның бастығы — римдік папаға толық үстемдік еткенде ғана тұрақты да жемісті
болмақ. Папалықты бағындыру Италияны басып алу және Ұлы Карл тұсындағыдай
тәрізді империясымақ құру жоспарымен байланысты еді. Корольдік өкіметтің
итальяндық саясатынан бай итальян жерін тонау арқылы байи түсудің тиімді
жолын танып отырған неміс феодалдарының басым көпшілігі І Оттонның бұл
әрекетін қуана қостады.
Басқыншыларға тойтарыс беру үшін бірігіп кете алмаған, қабілетсіз, саяси
бытыранды Италия және әр түрлі феодалдық топтардың күресінің объектісіне
айналып, терең құлдыруға айналған папалық,— міне, осының бәрі I Оттонньің
өз жоспарын жүзеге асыруын жеңілдетті. Немістің көптеген діни және
дүнияилық феодалдарының көмегіне сүйеніп, ол 951 жылы Италияға тұңғыш
жорығын жасады, соның нәтижесінде Солтүстік Италия (Ломбардия) басып
алынды, ал I Оттонның өзі ланго-бардтықтар королі атағына ие болды. 10 жыл
өткеннен кейін папа мен итальяндық феодалдар арасындағы кезекті күрес
кикілжіңін пайдаланып, ол Италияға жаңа жорық жасайды да және осы жолы оның
ақыры атақ құмарлық пиғылы іске асады. 962 жылы Римде папа I Оттонға
император тәжін кигізеді. Осының алдында I Оттон мен папа арасында келісім
жасалған, соған сәйкес Оттон папаның Италиядағы дүнияилық жерге иелік ету
жөніндегі талабын мойындаған, бірақ ол қоныстардың ең жоғарғы иесі болып
герман императоры жарияланған. Папаның императорға ант беруі міндетті
болды, ал мұның өзі папалықтың империяға бағыныштылығының белгісі болатын.
Сөйтіп, 962 жылы басында герман императоры тұрған Рим империясы аталмыш
ел пайда болды. Ал, шындығына келгенде, бұл Герман империясы еді. Сырттай
қарағанда Каролинг империясы қайта орнаған тәрізді болғанымен, іс жүзінде
одан түбірдей өзгешеліктері бар еді. Германия мен Италияның бір бөлігін
ғана (неміс феодалдары басып алған итальян аймақтары — Солтүстік және Орта
Италияның едәуір бөлігі) және бірқатар славян жері мен Францияның Оңтүстік
және Оңтүстік-Шығыс бөлігін ғана біріктірген бұл империя, көлемі жөнінен де
Каро-лингиядан аз еді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінен Каролинг
империясынан өзгешелігі аудандарының басым көпшілігінде феодализм анағұрлым
дамыған болатын. Сонымен қатар империяға феодалдандыру процесі тым баяу
өрбіген, артта қалған аймақтар да енетін. Сөйтіп, I Оттон
тұсында пайда болған, Рим империясы әлеуметтік-экономикалық өркендеу
дәрежелері бір-бірінен әлдеқайда түрліше, тұрғындары экономикалық және
мәдени тұрмысы жөнінен әр түрлі сатыда тұрған түрлі тайпалардан құралған
аймақтарды біріктіретін. Неміс феодалдары басып алған аймақтардағы өкімет
билігін тек қана қарудың күшімен жүргізетін, сондықтан да оның берік болуы
мүмкін емес еді. Өте-мөте Италия тарихы мұны айқын көрсетті. Әрбір жаңа
император өз үстемдігін жүргізе бастау үшін, Италияны қайтадан жаулауға,
Римге қайта жорық жасауға мәжбүр болатын. Бұл жорықтар ашықтан-ашық
тонаушылық сипатта болды.
Герман императорлары құрған Рим империясы, іс жүзінде Герман
империясы, сөз жоқ, реакциялық мемлекеттік құрылыс болатын. Оның реакциялық
сипаты, ең алдымен, оның ұлттық мемлекеттер құру жолында күшті кедергінің
біріне айналуында еді. Ф. Энгельс ұлттық мемлекеттер құру тенденциясы...
орта ғасырдағы прогрестің аса маңызды рычагтарының бірі болатын деген
еді[6]. Рим империясы Францияда да, славян, жерлерінде де және өте-мөте
Италияда осы тенденцияны жүзеге асыруға кедергі болды. Оның үстіне орта
ғасырдағы Римдік Германия империясының реакциялық сипаты, әсіресе
Германияның өзіне, Герман халқының өзіне мейлінше кері әсерін тигізді. Ф.
Энгельс орта ғасырда Германияда бір ортаға біріктірілген германдық ұлттық
мемлекет құруға жол бермеген басты себептердің бірі — осынау сиықсыз саяси
құрылыстың өмір сүргендігінен болғанын атап көрсетті. Ол былай деп жазды:
Германия өз құрамында француз және славян аймақтарын ұстады және Италияны
өзінің игілігі деп, ал Римді өзінің орталығы деп есептеді,— демек, ол
ұлттың комплекс бола алған жоқ. Римдік императорлық атақ және соған
байланысты дүние жүзінде" үстемдік құруға дәмеленушілік немістің ұлттық
мемлекетінің қалыптасуын жоққа шығарды, Германияның шын мәнісіндегі ұлттық
мүдделеріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, Италияны жаулап алу жорықтарына
күшін сарқа жұмсауға әкеп соқтырды.
I Оттоннан бастап герман императорлары X ғасырда өздерінің патшалық
құруының басым көпшілігін Италияда өткізді, папалармен қарым-қатынастарын
реттесті, итальян феодалдарымен өмірі таусылмайтын қырқысулармен айналысты
және осынау аса бай елді өз билігіне түгел бағындыруға жанталасып бақты.
Корольдің ұдайы Германияда тұрмағандығы неміс феодалдары үшін тиімді болары
заңды еді, мұның өзі олардың дербестігі артуына, елдегі кері тартпа
күштердің күшеюіне ықпал жасады.
Батыс және Орталық Европада феодалдық қарым-қатынастардың қалыптасуы
аяқталып қалған кезде пайда болған не этникалық бірлігі, не тұрақты
экономикалық негізі жоқ Герман империясы көп ұзамай-ақ өзінің ішкі
осалдығын ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлсіздігін де көрсетті.
Неміс феодалдарының полаб славяндарына қарсы агрессиясының басталуы. Х
ғасырдың орта тұсында неміс феодалдарының шығыстағы, ең бастысы славяндар
жерін жаулап алуға бағытталған белсенді басқыншылық саясаты басталды[7].
Бұл саясат неміс феодалдарының өздерінің қол асты жерлерін одан әрі кеңейту
және өздеріне тәуелді адамдардың қатарын арттыруға әрекеттенуінен туды.
Көршілес славян аймақтары тұрғыңдарын өз дініне айналдыруды көздеген
католиктік шіркеу бұл саясатты қостады. Неміс агрессиясының алғашқы құрбаны
сакстардың көршісі — полаб славяндары болды. I Генрих славяндардың бүкіл
сербтік-лужицкілік тобын, сол сияқты басқа да кейбір славяндық тайпаларды
(лютичтерді, ободрихтерді) түрлі алым-салықпен торлап тастағанды. Бірақ
басқа жағынан бұл тайпалар дербестігін сақтап қалған еді: өздерінің
князьдеріне бағынатын, өз салттарымен өмір сүретін; неміс феодалдары
олардың ішкі өміріне араласпайтын. Неміс феодалдарының сла'вяндарға қарсы
агрессиясының жаңа кезеңі I Оттон патшалық құрған тұста, неміс феодалдары
ұзаққа созылған шайқастардан кейін Эльба (Лаба) мен Одер (Одра) аралығында
өмір сүрген славян тайпаларын өзіне бағындырып және оларды Герман
империясының құрамына енгізгеннен кейін басталды. Бағындырылған славяндарға
үстемдікті нығайту үшін, оларды күштеп христиан дініне енгізу басталды. X
ғасырда аса озбырлықпен жүзеге асырылған, славян жерлерін басып алушылық
тек басып алған жерді феодалдардың игеруіне ғана байланыс-ты болған жоқ, ол
көбіне-көп алым-салық қатынасының аса бір ауыр түрі орнауына әкеп соқтырды.
Славяндар неміс басқыншыларына табан тірескен қарсылық көрсетті. Олар
сан рет көтерілістер жасады, неміс гарнизондары мен неміс колонистерін
жойып жіберді, күштеп енгізілмек болған христиандықтан бас тартты. 983 жылы
полаб славяндарының неміс басқыншыларына қарсы жаппай көтерілісі басталды;,
Бастапқыда лютичтер көтерілді де, одан кейін мұны басқа славян тайпалары да
қостап әкетті. Көтерілісшілердің қара-құрым үлкен топтары Эльбаның арғы
бетіндегі неміс территориясына дейін басып кірді және неміс феодалдары
олардың шабуылдарына зордың күшімен ғана тойтарыс бере алды[8]. X ғасырдың
аяқ шенінде, славяндар көтерілісінің салдарынан неміс басқыншылары өздері
бұрын жаулап алған, Серб-Лужицк аймағынан басқа, бүкіл славян жерінен
айрылып қалды. Х ғасыр орта ғасырлық Германияның әлеуметтік-экономикалық
тарихында маңызды кезең болды: X ғасырдың өн бойында елде қоғамды
феодалдандыру процесі негізгі көріністері бойынша аяқталып қалды, бұрынғы
ерікті қауымдардың басым көпшілігі феодалдық тәуелділікке ұшырады.
Бұл процесте маңызды роль ішкі және сыртқы саясаты феодализмнің салтанат
құруына батыл ықпал еткен алғашқы феодалдық мемлекеттің үлесіне тиді. I
Генрих замоктар салу және ауыр қару-жарақты рыцарьлық атты әскерлер құру
арқылы-ақ феодалдандыру процесін едәуір тездетті. Корольдік замоктар венгер
шапқыншылығына тойтарыс беретін тірек пункті болып қана қойған жоқ, ол
сонымен бірге төңіректегі тұрғындарды феодалдық қанаудың орталығына
айналды. Халықтық жасақтардың жаяу әскер түрінен рыцарьлық атты әскерлерге
айналуы ерікті қауымдардың жік-жікке бөлінуін тездетті, олардың басшы
топтары рыцарьлар қатарына дейін көтерілді және осы жолмен үстем таптың
құрамына енді, ал атты әскерлік қызмет атқаруға шамасы келмеген,
кедейленуге айналған ерікті шаруалардың қалың бұқарасы болса, өзінің
әлеуметтік жағдайында тәуелді шаруаларға жақындай түсті.
Феодалдандыру процесінің жеделдей түсуіне ерікті шаруалардың қалың
қауымын және олардың жерін феодалдық қанауға түсіруге ықпал еткен оттондық
шіркеулік саясаттың маңызы бұдан да зор болды. Шіркеулік жерлерде
иммунитеттің өркендеуі, шіркеулік иммунитеттік округтердің праволарының
кеңеюі ерікті тұрғындардың крепостнойлануына әкеп соқтырды.
Германияда феодализмнің салтанат құруы, басқа да елдердегі тәрізді,
сайып келгенде, қоғамның өндіргіш күштерін өркендетуге ықпал еткен, терең
тамыр жайған ішкі әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижесінде болды.
Германияда өндіргіш күштердің өркендегеніне — үш танапты егістің кең
тарауы, өте-мөте ішкі отарландыру жолымен үлкейген егістік жер көлемінің
ұлғаюы — бос жерлерді игеру және ормандарды тазарту, елдің оңтүстік
аймақтарында жүзім егістерінің кеңейтілуі, X ғасырда село тұрғындарының
шаруашылық қызметіндегі айрықша бір салаға айналу тенденциясын байқатқан —
деревнядағы қолөнершіліктің өркен жаюы дәлел бола алады.
Тәуелді және крепостной шаруаларды феодалдық қанау бұл кезеңде ең
алдымен барщина түрінде (дала жұмыстары, мырзаның үй ауласындағы жұмыстар,
транспорттық қызмет т. т.) алынатын, бұған түрлі оброктық төлемдер
қосылатын. Барщинаның — феодалдық рентаның үстемдік құрған формасы ретінде
кең тарауы шаруалардың жеке басы тәуелділігінің өте-мөте ауыр түрін —
крепостнойлық правоны тудырды.
Феодализмнің Германияда толық салтанат құруы қоғамдық структурадан мұның
алдындағы қоғамдық-экономикалық формацияның элементтерін — қауымдық
құрылысты жоюға әкеп соқтырды. Тек шет, шалғай жерлерде ғана (Фрисландия,
Дитмаршен, Тироль, шамалы дәрежеде — Саксония) ерікті қауымдықтардың
біршама топтары ғана сақталып қалды[9].
X ғасырда феодалдар табының ішкі бірлігін нығайту процесі тмаңызды
табысқа жетті: вассалдық қатынастар кеңінен тарады, үстем таптың
иерархиялық структурасы қалыптаса бастады. Елдің экономикалық және саяси
өмірінде феодалдық вотчина бірден-бірге түйінді өзегі болуға айналды.
Вотчина иесіне экономикадан тыс зорлық жасауға мүмкіндік беретін,
төңіректегі тұрғындарға әкімшілік және соттық билік тиуі осыдан пайда
болды.
Немістің алғашқы феодалдық мемлекеті X ғасырда өзінің тарихи миссиясын
атқарды. Соның шеңберінде тайпалық тоз-тоздықты жеңуде үлкен роль атқарған
Герман тайпаларын саяси біріктіру жүзеге асырылды, неміс халқының негізі
қаланды. Тап сол X ғасырда неміс дейтін сөз тайпалық шығу
өзгешеліктеріне қарамай бүкіл Германияның тұрғындарына түгелдей ортақ
терминге айналды.
Бірақ феодалдандыру процесінің табысқа жетуіне байланысты немістің бір
тұтас алғашқы феодалдық мемлекетінің пайда болуына және уақытша күшеюіне
шын мәнісінде негіз болған әлеуметтік базаның шеңбері барған сайын тарыла
бастады. Тайпалық герцогтардың саяси сеператистігін қиратқан корольдік
өкімет ірі феодалдық жер иеленушілердің саяси талаптарының күшеюіне табысты
төтеп бере алмады. I Оттонның және оның мирасқорларының шіркеулік саясаты
шіркеулік феодалдарды корольдік өкімет төңірегіне топтастыруда тиімді құрал
болды, бірақ мұның бәрі шіркеулік мекемелер қауымдық және аллодиалдық
жерлер есебінен шіркеулік вотчинаны нығайтуға және бұрынғы меншік иелерін
тәуелділікке түсіру үшін, белсенді де тұрақты әрі мықты орталық өкіметтің
көмегіне ынталы болған кездерінде ғана керек болды. Экономикадан тыс зорлық
жасаудың өзіндік тұрақты аппараты бар шіркеулік вотчина неғұрлым нығая
түскен сайын, епископтар мен империялық монастырьлардың аббаттары корольдік
өкімет алдындағы міндеттерін орындауға соғұрлым қырын қарайтынды шығарды.
Ұлан-ғайыр және іргелі территорияға билік жүргізуші болып алған, дүнияи
шонжарлар сияқты ірі шіркеулік феодалдар, XI ғасырдың бірінші жартысында-
ақ, орталық өкіметке оппозициялық тенденция байқата бастады.
1.3. ХІ ғасырдың екінші жартысындағы саяси дағдарыс. Инвеститура үшін
күрестің басталуы.
Франкондық династияның (1024—1125) алғашқы корольдері II Конрад
және III Генрих — орталық өкіметінің позицияларын жаңа әлеуметтік
жағдайларға бейімдеп сақтап қалуға тырысты. Мысалы, II Конрад әбден күшейіп
алған дүнияилық және діни шонжарларға қарсы қою мақсатында, шексіз көп ұсақ
феодалдар топтарына сүйенбек болды, сеньорлар мен вассалдар арасындағы
қарым-қатынастарға шейін араласты. Ол сеньорлардың өз беттерімен вассалдар
ленін кәмпескелеулеріне тыйым салды. Империялық монастырьлардан тиісінше
сүйеніш таба алмаған III Генрих жаңа монастырьлардың — Жеке меншік деп
аталған, жекелеген феодалдардың қарамағындағы монастырьлардың монахтарына
қамқорлық жасағансып, солармен жақындаспақ болып жан таласты[10]. Алайда
бұл шаралар герман аймақтарында да және империяны тұтас алғанда да саяси
дағдарысты тоқтата алмады. Дағдарыс, әсіресе IV Генрих патшалық құрған
(1056—1106) және корольдің жасы әлі кәмелетке толмаған алғашқы 15 жылда
шапшаң өрбіді. Бір жағынан итальян феодалдарының күшті топтары мен бірқатар
итальян қалалары жақтаған папалықтар және екінші жағынан немістің құдіретті
дүнияилық феодалдары арасындағы одақ тап осы кезде түпкілікті қалыптасқан
еді.
Саяси дағдарыс XI ғасырдың 70-жылдарында император мен папа арасындағы
инвеститура мәселесі төңірегіндегі ашық та кескілескен күреске ұласты.
Жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы педагогиканың функциялары мен міндеттері
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Ортақ нарықтағы «Ағылшын мәселесі»
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер