Іш қатудың анықтамасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Іш қатудың диагностикасы және емі тұрғысынан жетістіктерге қарамастан, науқастардың дефекация ерекшеліктері туралы ашық айтуына именуі, сонымен қатар, іш қатумен байланысты сұрақтардың шешілуінде дәрігерлердің бірқатар қияндықтарға тап болуына байланысты бұл мәселенің нәтижелі шешілуі күрделі болып қалуда. Сондықтан, констипацияның қажетті емінің болмауы салдарынан науқастың өміріне қауіп төндірумен бірге әлеуметтік тұрғыдан алғанда мүгедектіктің дамуына алып келеді [1] .
Сонымен қатар, жалған іш қатулар санының жоғарылауына байланысты мәселе қиындады. Бұл дефекация әрекетінің қиындау сезімі, ішек босатылуы реттілігінің бұзылысына байланысты, бірақ, іш қатуға қатысты емес жағдайлар. Бұндай науқастар ұзақ уақыт ешқандай нәтижесіз әр түрлі дәрілік заттар қабылдайды, мамандар қаралуында болады. Сондықтан, бұл оқу - құралының мақсаты констипацияның себебі, диагностикасы мен емінің маңызды сұрақтарына тоқталу болып табылады [2, 3] .
Іштің қатуы - салауатты өмір салтының дұрыс сақталмауымен де тығыз байланысты болады. Констипация көптеген аурулардың, соның ішінде, онкологиялық аурулардың да көрінісі болуы мүмкін. Сондықтан, созылмалы іш қату дәрігер -гастроэнтерологқа қаралудың маңызды себебі болады. Іш жүргізетін заттар қабылдау мен клизмалар тағайындауды тек дәрігермен ғана талқылау қажет. Себебі іш жүргізетін дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз қабылдау «жалқау тоқ ішек» синдромын қалыптастырып, созылмалы іш қатуды үдетеді [3, 4] .
1. іш қатудың анықтамасы
Іш қату (лат. constipatio) - бұл ішектің босатылуы (дефекация) үрдісінің бұзылуымен сипатталатын синдром: жекелеген физиологиялық қалыпты жағдаймен салыстырғанда дефекация әрекеттері арасындағы интервалдардың ұзаруы немесе ішек босатылуының жүйелі жеткіліксіздігі. Дефекацияның тәулігіне 3 реттен аптасына 3 ретке дейінгі жиілікте болуы қалыпты деп есептеледі. Бірақ қалыпты жағдайға жеке қарау керек, егер науқаста дефекация күнде болып, кейін аптасына 3 рет болса, ішек қызметінің іш қатуға бейімділігі деп қарастыруға болады [1, 3, 5] .
Іш қатуға күнделікті, бірақ, ауырсынумен, қосымша күшенуді, саусақтық ширықтыруды қажет ететін және ішектің толықтай босатылмауын сезінумен аяқталатын аз мөлшерде, қатты нәжістің бөлінуін де жатқызады.
Іш қату деп дефекация әрекетінің қиын болуын да есептеуге болады. (нәжістің қалыпты реттілігінің сақталуымен) . Клиникалық көрінісін дефекацияның қиындауы, ішектің толық емес босатылуы және іште жайсыздық сезімінің болуымен толықтырылады. Іш қатуды созылмалы деп ішек босатылуының 48 сағат және одан да көп уақытқа ұласуы жағдайын айтады. Созылмалы іш қату екі және одан жоғары белгілердің 3 ай аралығында болуында дәлелденеді. Констипацияның болуы немесе болмауы келесі сипаттамалармен анықталады: нәжістің жиілігі, дефекация әрекеті кезінде күшенудің ұзақтығы, сапасы, нәжістің консистенциясы және пішіні, ішек ішіндегісінің толық немесе толық емес эвакуациясы, анус саңылауы мен анус маңында ауырсынулардың болуы немесе болмауы (дефекация әрекеті кезіндегі дефекация), абдоминальды ауырсыну, дефекация әрекеті кезінде саусақ көмегімен ширықтыруды қолдану [4] .
«Іш қату» терминін науқастар мен дәрігерлер жиі қолданғанымен, әр түрлі түсініктеме береді. Батыс дәстүрі бойынша тамақтанатын көптеген ересек адамдарда нәжіс тәулігіне 1 рет болады. Дефекация жиілігі әйелдерде дәлелді түрде сирек. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда фекалий консистенциясы жұмсақ болады.
Нәжістің пішіні мен консистенциясын бағалау үшін Бристоль шкаласын қолданған дұрыс. Дені сау адамдарда фекалий массасы тәулігіне 110гр., бірақ 40 грамнан 260 грамға дейін толқуы мүмкін [5] . Нәжіс консистенциясы құрамындағы су мөлшерімен анықталады, қатты нәжісте оның мөлшері 40% аспайды, қалыптыда - 70% және сұйықта 95%. Іш қатудың объективті критерийі нәжіс массасының тәулігіне 35 г аз болуы. Ерлерде және жас адамдарда нәжіс массасы әйелдер мен егде жастағы адамдармен салыстырғанда көп болады. Фекалий мөлшері ауытқымалы және көптеген себептерге байланысты болады: емдәмнің ерекшелігіне, әлеуметтік жағдайға, әдетті күн тәртібінің ауысуына, климатқа, сұйықтық қабылдау көлеміне, гормондық циклге (menses) . Дефекация әрекетінің барлық көрсетілген сипаты ішек ішіндегісінің асқаза-ішек жолдары арқылы өту уақытына байланысты. Контрастылы маркерлер мен радиобелсенді изотоптар қолдану арқылы өту уақытын зерттеу барысында сау адамдарда ол 60 сағатқа жуық болды: әйелдерде - 72 сағат, ерлерде - 55 сағат [1, 2, 6] .
2. ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Бұл бұзылыстың кең таралуына байланысты іш қатуды өркениеттік ауруға жатқызады. Әр түрлі елдерде созылмалы іш қатумен ересек тұрғындардың 2 пайыздан 27пайызға дейін сырқаттанады, сонымен қатар, стационарда ұзақ уақыт төсектік режимде болған науқастардың 60-70-%. Ұлыбританияда созылмалы іш қатумен ересек тұрғындардың шамамен 50% срқаттанған, сондықтан, бұл мәселені мемлекеттің жалпы ұлттық шеніне қойған, Алманияда -30%, Франция мен Америка Құрама Штататтары - 20%, Ресейде - 30-35% жуық. Жиі қала тұрғындары сырқаттанады, әсіресе, олардың арасында әйел адамдар жиі кездеседі (2 есе) . Зерттеулерге сүйенсек, созылмалы іш қату балаларда 10-25% жиілікте анықталса, 60 жастан асқан егде жастағы адамдар арасында 60% жағдайда кездеседі. Әйел адамдар ағзаларының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ерлерге қарағанда 3 есе жиі ауырады [3, 5, 6] .
Гастроэнтерологиялық саладағы науқастарда іш қату жиілігі 60-65% құрайды. Бұл өмір сапасын 20% және одан жоғары төмендететін, әмбебапты патогенді фактор [6] .
3. ЭТИОЛОГИЯ
Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты іш қатуларды ескермеген жағдайларда, Е. К. Хаммад, Г. А. Григорьева (2000 ж. ) мәліметтері бойынша созылмалы іш қатулар себептері арасында 20 жасқа дейінгілерде тоқ ішектің анатомиялық ерекшеліктері басым болса, 20-40 жастағыларда - аноректальды аймақ патологиясы орын алады; 40 жастан асқандарда - іш қатудың психогенді, неврогенді, эндокринді, гастроэнтерологиялық себептерімен қатар аноректальды аймақ патологиясы бірдей жиілікте кездеседі [1, 3] .
Констипация себептеріне байланысты үш үлкен топқа бөлінеді: біріншілік, екіншілік және идиопатиялық [7, 8, 9] .
Біріншілік констипация себебі тоқ ішек пен оның инервациясының аномалиясы мен даму ақаулары болады.
Екіншілік констипацияның себептеріне өрлемелі және тік ішектің аурулары мен зақымданулары, сонымен қатар, басқа мүшелер мен жүйелердің көптеген аурулары, және олардың салдарынан дамитын метаболизмдік бұзылыстар жатады. Іш қату дәрілік заттардың кері әсері салдарынан дамуы мүмкін.
Идиопатиялық констипация белгісіз себертерден тік және өрлемелі ішектің моторлық қызметінің бұзылысына негізделеді. Бірақ, констипацияға әкелетін ауыр себептері - бұл ішектің қатерлі және қатерлі ісіктер алды аурулары болып табылады. Ішектің қатерлі ісіктері сирек кездеседі және барлық адамдардың - 3-5% болады (жиі 40 жастан асқандарда, бірақ, кейде жас адамдарда да кездеседі) . Айта кететін жайт, ішек қатерлі ісігін ерте анықтаған жағдайда толық сауығуға мүмкіндік бар, және оның алдын алуға болады. Егер адамда ішектің қатерлі ісігі анықталса, статистика мәліметтері бойынша, оның туғандарының 10-15% болуы мүмкін.
Іш қатулар ситуациялық, эпизодты және созылмалы болады. Мысалы, ситуациялық немесе эпизодты іш қатулар әр түрлі жағдайларда дамиды. Мысалы, жүктілік кезінде, кейбір тағамдарды, дәрі-дәрмектерді қабылдағанда болады. Бұндай іш қатуларды ауру деп есептеуге болмайды, олар уақытша, өтпелі құбылыстар.
Іш қатулар органикалық немесе функционалды болуы мүмкін. Рим критерийлеріне II (1999) сүйенсек, функционалды іш қату диагнозы 2 немесе одан көп төменде көрсетілген симптомдарының 12 ай аралығында 12 апта бойы (ретті болуы міндетті емес) сақталса қойылады [3, 9] :
- дефекация әрекетінің аптасына 3 реттен аз болуы;
дефекация әрекеті кезінде күшену барлық уақыттың 25% алуы;
4 дефекация әрекетінің 1 фрагментті және (немесе) қатты нәжістің болуы;
- ішек ішіндегісінің толық емес босауы сезімінің 4 дефекацияның 1 болуы;
нәжіс массасының өтуі кезінде кедергіні сезінудің 4 дефекация әрекетінің 1 болуы;
дефекация әрекетін жеңілдететін саусақтық ширықтыруды 4 дефекация әрекетінің 1 болуы.
Өмір салты констипацияның жиі себебі болып табылады. Адамның тамақтануы, белсенді қимылы және т. б. Жиі іш қатуды рафинирленген жоғары калориялы тағамдар дамытады. Тоқ ішектің қатерлі ісігі де іш қатудың себебі болуы мүмкін. Әрбір адамда іш қату себебі әр түрлі. Негізгі себептерін бөліп алуға болады:
1. Еңбек күнінің «толқымалы» болуы (күндізгі - түнгі кезек) .
2. Жүйкелік жүктеме.
3. Ұзақ ұйқы және сонық салдарынан таңертеңгілік дефекацияға уақыттың болмауы.
4. Тағамда өсімдік талшықтарының азаюы (өсімдікті талшықтар нәжіс көлемін жоғарылатады және ішек перистальтикасын белсендендіріледі) .
5. Рафинирленген тағамдарды көп қолдану (бұндай тағамда шлак болмайды) .
6. Майлы және ақуызды жануар текті тағамдарды қолдану.
7. Фаст-Фуд.
8. Рационда сұйықтықтың жеткіліксіз көлемде болуы.
9. Қою шай мен кофені көп қолдану.
10. «Отырып» жұмыс атқару, өмір салтының қозғалыссыз болуы.
11. Әр түрлі дәрілік заттар.
Бұл тек іш қатуды тудыратын себептердің бір бөлігі ғана. Бірақ, бұл адамның өзі реттей алатын себептер.
Уақытша іш қатулардың даму себебі тұрмыс жағдайлары мен тамақтану сипатының өзгеруі, дефекация үшін әдетті және ыңғайлы жағдайлардың болмауы. Нәжістің уақытша бұзылуын эмоциялы стресте дамытуы мүмкін. Сонымен бірге, заңды физиологиялық өзгерістерге байланысты жүкті әйелдерде кездеседі. Стационар жағдайында тоқ ішектің адекватты босауы бұзылысының басты себептері ұзақ уақыт төсектік режим, әр түрлі дәрілік заттарды қабылдау, контрастты рентгенологиялық зерттеу кезінде барий судьфатын қолдану. Кейбір жағдайларда науқасқа күшенуге болмағанда (жедел миокард инфарктысы кезінден. Құрсақ қуысы ағзаларына операциялардан кейін), іш қатудың алдын аул мен емдеу маңыздырақ болады. Нәжістің уақытша бұзылысын барлық жағдайда патологиялық деп қарастыруға болмайды. Бірақ басқа көптеген себептер болады. Орта және егде жастағы адамдарда іш қату дамыса онкологиялық ауру туралы ойлау керек [10, 11, 12] .
Ішектік тасымалдау бұзылысының әдетті жиі себебі рационалды емес тамақтану болады. Бірақ, іш қатуы бар науқастар мен қалыпты нәжісі бар адамдар арасында салыстырмалы сараптама жүргізу барысында балластты заттарды қолдану бойынша айырмашылық жоқ.
Ішектің моторлық қызметінің реттелуіне тамақтану маңызды орын алады. Механикалық тұрғыдан зиянсыз, жоғары калориялы, аз көлемді тамақты қолдану, тамақтану рационында ірі клечаткалы немесе тағамдық талшықтарлың аз болуы іш қатудың пайда болуына себеп. Нәжісті қатайтатын әсері бар тағамдар белгілі, мысалы: қою кофе және шай, какао, ірімшік, күріш, анар, алмүрт, айва, шоколад, ұннан пісірілген тамақтар.
Дефекация кезіндегі ауырсыну (сыртқы геморройлық түйіндірдің тромбозы, анустың жарақаты) нәжістің кешігуіне бейімдейтін факторлардың бірі болып табылады. Көптеген дәрілік заттар мөлшерден көп қолданғанда немесе олардың кері әсері ретінде констипация дамытады. Есірткелік анальгетиктер, антихолинергиялық заттар, кейбір гипотензиялы заттар жүйкелік реттелуге әсер ете отырып, ішектің перистальтикалық белсенділігін тежейді. Құрамында алюминий бар антацидтер, темір препараттары да іш қатуды тудырады. Ішектің тамырлары мен жүйкесінің зақымдануымен жүретін жүйелік аурулар (қантты диабет, склеродермия, миопатиялар) созылмалы ішек өтімсіздігі - ішектің жалған обструкция синдромының көрінісін дамытады. Іш қату гипотиреоз, гиперпаратиреоз тәрізді эндокринді ауруларға тән симптом болып табылады. Тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігі мен гиперкальциемия ішектің гипотониясымен қатар болады. Қантты диабетпен ауыратын науқастарда іш қатудың даму мерзімі аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты [13] .
Тамақтану рационында өсімдік клечаткасын, сұйықтықты көп пайдалану, белсенді өмір салтын ұстану тәрізді ұсыныстарды қатаң орындауға қарамастан іш қату сақталатын науқастар тобы ерекше орынды алады. Бұл жағдайда рефрактерлі (резистентті) іш қату туралы ойлауға болады және ол іш жүргізетін дәрілік заттарды қабылдауға көрсеткіш болып табылады.
Аноректалды тасымалдаудың бұзылыстарына байланысты іш қатулар тік ішек пен жамбас қуысы бұлшықеттері моторикасының біріншілік өзгерісіне немесе олардың құрылымдық өзгерістеріне негізделеді.
Констипацияның жиі себебі ойық жара ауруында, гастродуоденит, холецистит, сонымен қатар, кіші жамбас мүшелерінің аурулары және т. б. кезіндегі жабыспалы үрдістері кезінде дамитын патологиялық висцеро - висцеральды рефлекстер болады. Іш қатуды ішектің жүйкелік реттелуінің бұзылысына негіз болатын жұлын мен бас миының, олардың жүйкелерінің органикалық аурулары да дамытады. Жиі іш қату невроздар мен психикалық аурулар, әсіресе, депрессиялы жағдайлар, шизофрения, жүйкелік анорексия кезінде де пайда болады. Нәжістің кешігуі жүктілік кезінде прогестерон өнідірілуінің жоғарылауына байланысты, ал кеш мерзімдерінде ұлғайған жатырдың сигма тәрізді ішекті басуы салдарынан болады.
Жүрек жеткіліксіздігі, өкпе эмфиземасы, асцитпен портальды гипертензия, сонымен қатар, семіздікте іш қатудың себебі дефекация әрекеті кезінде құрсақ ішілік қысымның жоғарылауын қамтамасыз ететін көкет пен құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы бұлшықеттері тонусының әлсіреуі болады [14] . Склеродермия кезінде тік ішек бұлшықеттерінің атрофиясы дамуы мүмкін [13] .
Қарттардың іш қату себебі дефекация әрекетіне қатысатын бұлшықеттер гипотониясы болуы мүмкін. Іш қатуы бар егде және қарт жастағы адамдарда, жастармен салыстырғанда ішек ішіндегісінің баяу жылжитыны анықталған.
Іш қату себебі мен олардың тоқ ішек өзгерістерімен байланысын анықтап алу кейде мүмкін емес. Бұндай жағдайлар идиопатиялық деп аталады. Осындай науқастарда тоқ ішек арқылы рентгенконтрастты маркердің тасымалдану уақытын зерттеу барысында олардың бір бөлігінде маркердің тоқ ішектің барлық бөлімінде болатыны (инертті тоқ ішек), басқаларында маркер сигма тәрізді немесе тік ішекте жиналатыны (инертті тік ішек ) анықталды [3, 9, 11] .
Сонымен, іш қатулар әр түрлі функциялық және органикаылқ сипатты себептер салдарынан дамиды.
4. ПАТОГЕНЕЗ
Іш қатудың даму себептері мен механизмдері. Созылмалы іш қатудың екі негізгі даму механизмі бар - тоқ ішек дискинезиясы және дефекация әрекетінің бұзылысы (дисхезия) [3] .
Бірінші жағдайда іш қату тоқ ішектің жүйкелік реттелуінің өзгерісі, дисгормональды ауытқулар себебінен ішек жиырылуы координациясының бұзылысы және/немесе ішек қабырғасы тонусының бұзылысы салдарынан дамиды.
Екінші механизм - дефекация әрекетін жиі психогенді тежеу немесе анальды сфинктер гипертонусы кезінде тік ішек пен жамбас қуысы бұлшықеттерінің жүйке талшықтары сезімталдығының төмендеуі болады. Соның салдарынан, дефекация әрекетін қоздыру үшін тік ішекте нәжістің көп мөлшерде жинақталуы қажет етіледі. Іш қатудың бұл екі түрін клиникалық көріністері мен аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелері (тоқ ішек ішіндегісі тасымалдануы уақытының өзгерісі, дефектография және т. б. ) бойынша ерекшеленеді. .
Патогенездік тұрғыдан іш қату негізгі үш типке бөлінеді: алиментарлы, механикалық және дискинетикалық (кесте 1) [1] .
Кесте 1. Іш қату патогенезі (Парфенов А. И., 1997)
Алиментарлы
(нәжіс көлемінің азаюы)
Механикалық
(ішек өтімділігінің бұзылысы)
Гипо- және дискинетикалық (ішек бойымен тасымалдану жылдамдығының төмендеуі)
Идиопатиялық
Суды ішектен тыс көп мөлшерде жоғалту (полиурия және т. б. )
Суды аз ішу
Тағамды аз ішу
Рационда тағамдық талшықтарды аз пайдалану
Аш ішектік өтімсіздік:
ішектің сырттан басылуы (спайка, басқа мүшелер ісіктері) ;
қабырғаішілік (дивертикулит) ;
қуысішілік (рак, полип, инвагинация және т. б. )
Тоқ ішектік өтімсіздік:
ішектің сырттан басылуы (спайка, басқа мүшелер ісіктері) ;
қабырғаішілік (дивертикулит) ;
қуысішілік (рак, полип және т. б. )
Анальды өтімсіздік:
сырттан басылу (фиброз, парапроктит және т. б. ) ;
қуысішілік (ісік, нәжістік тастар және т. б. ) .
Аноректальды ақаулар (атрезия, стеноздар)
Даму аномалиялары (дролихоколон, магаколон)
Тоқ ішектің интрамуральды жүйке жүйесінің даму аномалиясы - Гиршспрунг ауруы
Шеткері жүйке жүйесінің аурулары
Ішектің жалған обструкциясы
Склеродермия
Гипотиреоидизм және басқа эндокринопатиялар
Ішкі мүшелер аурулары
Психикалық аурулар
Метаболизмдік бұзылыстар
Дәрілік заттар әсері (опиаттар мен т. б. )
Ішек тітіркенуі синдромы
Дефекациялық рефлекстің бұзылысы
Дишезия
Механизмі белгісіз
Алиментарлық іш қату, сұйықтықты аз қабылдау немесе оның бүйрек арқылы немесе термен көп шығуы салдарынан ағзаның дегидратациясы себебінен дамиды. Дегидратация әсерінен нәжістегі су азайып, оның көлемі төмендеп, іш қату дамиды [3] .
Механикалық іш қату себебі стеноздар, ісіктер және басқа органикалық себептер, ал гипо- және дискинетикалықтікі ішек моторикасының функциональды бұзылыстары. Функциональды іш қатуда тоқ ішектің босатылуының бұзылысы ішек қабырғасының перистальтикалық белсенділігінің өзгерісіне байланысты. Ішектің белгілі-бір бөлігі тонусының жоғарылауы, ол аймақ арқылы нәжіс өтуінің қиындауы констипацияның спастикалық сипатын береді. Нәжіс «қой құмалағы» түрінде болады [9] .
Гипотониялық немесе атониялық функциональдық іш қатулар тоқ ішек тонусының төмендеуіне байланысты дамиды. Бұл жағдайда дефекацияның 5-7 күнге дейін кешігуі болады, нәжіс көп мөлшерде, тығыз емес болуы мүмкін.
Іш қату патогенезі ішектің моторлық қызметі реттелуінің бұзылысына байланысты. Констипация кезінде бұл бұзылыстар ішектің, әсіресе, сигма тәрізді ішектің қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне тікелей тәуелді. Егер ол үнемі нәжіс массасының тасымалдануын ретті тежесе іш қату дамиды. Ал, сигма тәрізді ішектің тежеулік әсері тоқтаса, іш өту болдаы. Адамда қалыпты жағдайда тік ішек қусы бос болады. Нәжіс сигма тәрізді ішекте жиналады және тек оның тік ішек ампуласына тасымалдануы дефекация әрекетін тудырады. Дені сау адамда дефекация әрекеті әдетте таңертеңгілік уақытта болады. Дефекация әрекеті орталық жүйке жүйесімен реттеледі. Сондықтан, адам дефекацияны тежей алады. Оны үнемі тежеу тік ішектің созылмалы кеңеюіне, эфферентті сигналдың тежелуіне және констипацияның дамуына әкеледі. Дефекация рефлексінің афферентті фазасының бұзылысы тік ішектің атониясы мен нәжістің көлемін арттырады. Бұл жағдайды "мегаректум" немесе "инертті" тік ішек деп атайды [8, 12] .
Сонымен, іш қату патофизиологиясы тік ішек ампуласына жететін нәжіс массасы көлемінің азаюымен, немесе фекалийдің шығуын қиындататын дефекация әрекетінің бұзылысымен байланысты болады. Тік ішек ампуласына жететін нәжіс массасы көлемі ішек моторикасының бұзылысы, механикалық өтімсіздік кезінде немесе аштық кезінде ішек ішіндегісінің азаюымен байланысты төмендейді.
Іш қатудың даму негізінде жеке немесе қосарласып кездесетін 3 маңызды патогенездік механизмді бөліп алуға болады:
1) тоқ ішекте су жоғары сорылуы;
2) тоқ ішекпен нәжіс массасының баяу тасымалдануы;
3) науқастың дефекация әрекетін жасай алмауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz