Ішектік инфекциялар жалпы түсінік, нозология, этиологиясы мен эпидемиологиясының жалпы ерекшеліктері



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМУ 43-0402
ИП №6 УМС при КазГМА
От 14 июня 2007.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
№1 ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫМЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КУРСЫ

ДӘРІС

Тақырыбы: Ішектік инфекциялар: жалпы түсінік, нозология, этиологиясы мен
эпидемиологиясының жалпы ерекшеліктері, негізгі клиникалық көріністері,
зерттеу, емдеу, профилактикалық принциптері.

Пәні: JAMI 2215 Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі

Мамандығы: 0511101- Мейірбике ісі

Курс: - II

Уақыт: - 1 сағат

ҚАРАҒАНДЫ 2011

Курстың әдістемелік жиналысында бекітілген
_01__ __09______ 2012ж. № __5_____ Хаттама
Курсқа жауапты __________ м.ғ.к., доцент Ким А.А.

Тақырыбы: Ішектік инфекциялар: жалпы түсінік, нозология, этиологиясы мен
эпидемиологиясының жалпы ерекшеліктері, негізгі клиникалық көріністері,
зерттеу, емдеу, профилактикалық принциптері.

Мақсаты: Студенттерді ішектік инфекциялардың мәселерімен таныстыру,
эпидемиологиялық және клиникалық ағымдарын қарастыру. Қазіргі уақыттағы
ішектік инфекцияны емдеу және диагностикалау сұрақтарын түсіндіру.

Дәріс жоспары:
1. Тақырыптың маңыздылығы.
2. Ішектік инфекциялардың этиологиясы.
3. Ішектік инфекцияларының эпидемиологиялық ерекшеліктері.
4. Клиникалық түрлерінің ерекшеліктері.
5. Қазіргі уақыттағы диагностикалау әдістері.
6. Емдеу принциптері.
7. Алдын алу.

Тақырыптың маңыздылығы (Слайд 1(
Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) жедел респираторлы аурулардан кейінгі көп
тараған аурулар қатарына жатады. Бірақ, ішек инфекциясының адам
патологиясындағы осы пробеманы растайтын орынды дәлел ретінде, қазіргі
уақыттағы ішек инфекциялық аурулардын құрылымы мен ағым сипатының сапалық
өзгерістері болып саналады.

Ауру белгілерінің (токсикоз, диарея, эксикоз) жиі шапшаң өршуі, науқас
адамды санаулы сағаттардың ішінде жұмысқа жарамсыз және ауыр халге әкеліп
соқтыруы жедел ішек инфекцияларына тән ерекшелік болып табылады.

Ішек инфекцияларының этиологиясы (Слайд 2).
ЖІИ дамуы инфекциялық агенттердің үлкен топтарына байланысты. Жедел ішек
инфекцияларының негізгі қоздырғыштары бактериалды ортаға жататын
Enterobacteriaceae микроорганизмдері болып табылады.

Ішек инфекцияларының эпидемиологиялық ерекшеліктері (Слайд 3).
Инфекцияның негізгі берілу механизмі – фекальді-оральді,
алиментарлы(тағамдық), су арқылы және жанасу-тұрмыстық жолмен.

Клиникалық түрлерінің ерекшеліктері (Слайд 4).

Жедел ішек инфекцияларының жіктелу принциптері.
Этиологиясы бойынша:
I. Антропоноздар:
• Бактериальді: шигеллездар, эшерихиоздар, стафилококктік инфекция.
• Вирусты: энтеровирусты, ротавирусты, аденовирусты, коронавирусты,
калицивирусты инфекциялар.
• Протозойлы: амебиаз, лямблиоз, изоспориоз.

II. Зооноздар және зооантропоноздар:
• Бактериальді: сальмонеллез, кампилобактериоз.
• Протозойлы: криптоспоридиоз, балантидиаз.
III. Сапроноздар:
• Су арқылы: аэромоноз, эдвардсиеллез, Наг-инфекция, тырысқақ,
плезиомоноз, парагемолитикалық, альгинолитикалық инфекциялар.
• Топырақ арқылы: цереус-инфекция, клостридиоздар, псевдомоноз,
клебсиеллез, протеоз, морганеллез, серрадиоз, энтеробактериоз,
эрвиниоз, Гафния-инфекция, провиденция-инфекция және т.б.
IV. Сапрозооноздар: иерсиниоз, псевдотуберкулез.

Жетекші клиникалық синдромы бойынша:
• гастрит,
• энтерит,
• гастроэнтерит,
• колит,
• энтероколит және гастроэнтероколит.

Клиникалық түрінің ерекшелігіне байланысты:
• Ауруға сай анамнезі мен клиникалық көрінісіне байланысты жедел
басталу және жедел гастрит немесе гастроэнтерит түрінде өтетін
тағамдық токсикоинфекция бөлініп алынады. Түрлі қоздырғыштармен
шақырылады.

Ауырлық дәрежесі бойынша:
• жеңіл
• орташа ауырлықты
• ауыр дәрежелі

Аурудың ауырлық критерилері интоксикация, диарея, эксикоз
симптомдарының
айқындылығына байланысты болады.

Ағымы бойынша:
• жедел,
• ұзаққа созылған,
• созылмалы.

Асқыныстары:
• спецификалық: инфекциялы-токсикациялык шок, эксикоз, ішектің
тесілуі, перитонит, инвагинация, анустың эрозиясы және жарығы, тік
ішектің түсуі, ішектік дисбактериоз;
• бейспецификалық: вирусты-бактериалді инфекцияның қосылуымен
байланысты - отит, бронхит және басқа, миокардиодистрофия, анемия,
интерстициальді нефрит, гипотрофия және басқалардың дамуы.

Көптеген жедел ішек инфекцияларының клиникасында, қоздырғыштарына
тәуелсіз, жалпы және жетекші синдромдар диареялық және инфекциялық
улану болып табылады.

Сұйықтықты және электролиттердің жоғалуына байланысты диареялардың 4
негізгі түрі бар.

Диареяның түрлері:

1. Секреторлы диарея. Бұл диареяның негізі натрий мен судың
ішектің саңылауына көп мөлшерде бөлінуі болып табылады.
Мысал ретінде тырысқақ кезіндегі диарея, 1 және 2
категориялы эшерихиоз.
2. Гиперэкссудатты диарея. Диареяның себебі – тоқ және ащы
ішектің дистальді бөлімінің шырышты қабатының қабынуының
нәтижесі. Гиперэкссудатты диареяны тудырушы инфекциялық
агенттерге шигеллалар, сальмонеллалар, E.coli-дің
интероинвазивті штаммдары және басқалар жатады. Нәжістің
кілегей, ірің және қан араласумен сипатталатын, колит
синдромы көбінесе басым болып келеді.
3. Гиперосмолярлы диарея. Диареяның бұл түрі ішектердің
қуыстарында осматикалық қысымның едәуір жоғарылауынан
және қан сарысуының осматикалық қысымынан жоғары болуынан
дамиды, ол, бұзылған сіңіру синдромының әртүрлі
варианттарында байқалады, сонымен қатар дисахаридазды
ротавирусты инфекция жетіспеушілігінде. Іш жүргізетін
дәрілерді (тұзды ерітінділер, лактулоздар) қабылдағанда
осыған ұқсас клиникалық әсер байқалады.
4. Гипер- және –гипокинетикалық. Диареяның бұл түрінің
негізі – ішектердің көтеріңкі немесе бәсең қимылы.
Тітіркенген ішек синдромы бар науқастарда, невроздарда,
эндокринді дискинезияларда және іш жүргізетін дәрілерді
немесе антоцидті дәрілерді қолданғанда байқалады.
Диареяның бұл түрінде нәжіс сұйық немесе ботқа тәрізді
көбінесе аз мөлшерде болады.

Сонымен, жедел ішек инфекцияларында диареяның мына екі түрі
маңызды: секреторлық және гиперэкссудативті.

ЖІИ кезіндегі ағзаның сусыздануы

Диареяның (іш өту) нәтижесінде ағзада түрлі су - электролиттік
баланстың бұзылуы сусыздану (дегидратация немесе эксикоз) ретінде
белгіленеді. Су - электролиттік баланстың бұзылу сипатына байланысты
изотоникалық, гипертоникалық және гипотоникалық болуы мүмкін.
Әдетте, ересек адамдарда сусызданудың су мен электролиттердің тепе-
тең жоғалуымен сипатталатын изотоникалық түрі байқалады.
Сусызданудың гипертоникалық түрі судың көп мөлшерде жоғалуымен
сипатталады.

ЖІИ кезінде сусызданудың дәрежелерін анықтаушы критерилер (В.И
Покровский бойынша 1978).

Белгілері I дәрежесіII III дәрежесіIVдәрежесі
дәрежесі
Дене
салмағын 3( дейін 4 – 6% 7 – 9% 9% жоғары
жоғалту

Клиникалық синдромдар

Қандайда болмасы синдром әр аурудың клиникалық суретін
қалыптастырып, диагностикасын жеңілдетеді.

Сондықтан, ЖІИ ішінде ерекше түрі бөлінеді – тағамдық улану, оның
дәлелі ауруға дейінгі бірнеше сағат бұрын қабылданған белгілі бір
өнімнің түрі ауруға тікелей байланысты болуы. Жедел гастрит синдромы
эпигастрии аймағындағы ауырсынуымен, лоқсумен және қайталамалы
құсумен, тіптен аз мөлшерде тамақ қабылданғанда осылардың күшеюмен
сипатталады, бірақ диарея болмайды. Аурудың негізгі симптомдарын
(температураның төмендеуі, жағдайының жақсаруы, құсудың тоқтауы) тез
басу тіпті ең қарапайым жағдайда, бірақ дер уақытында (бірінші
сағаттарында) дезинтоксикациялық көмек көрсету(асқазанды жуу) ТТИ
көрсетеді.

Ащы ішектің зақымдалуы іштегі жайылған ауырсынумен, кейде кіндік және
илеоцекальді аймақтардағы шаншумен және сұйық нәжіспен сипатталады.
Энтерит синдромына және диареяның теріні зақымдаушы, қышқыл немесе
жағымсыз иісті және көбікті нәжіс сияқты белгілері тән.

Ересек адамдарда гастрит, гастроэнтерит және энтерит синдромдарының
уланудың түрлі белгілерімен қосарласуы тағамдық улану ағымының
вариаинттарына тән.

Іштің сол жақ мықын аймағында, яғни сигма тәрізді ішектің және тік
ішектің проекциясында ауырсыну, тоқ ішектің дистальді бөлімінің яғни,
жедел колит синдромын сипаттайды. Оған тік ішек аймағында төмен қарай
тартып ауырсынумен және нәжіс шығаруға күшенумен сипатталатын
тенезмдер тән. Нәжіс шығаруға күшенулердің үдеуінде нәжіс көлемі
азаяды, нәжісте тоқ ішектің қабынуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Гипоталамо-гипофизарлы жүйесінің аурулары
Патофизиология курсынан дәрістер жинағы
Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия
Клиникалық көрінісі
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Созылмалы панкреатиттер (дефинициясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері)
Балалардың церебральды сал ауруын зерттеу тарихы
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Пәндер