Ішкі бақылау жүйесі және оның элементтері



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
А.З. Арыстамбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: almyra73@mail.ru

Ішкі бақылау жүйесі және оның элементтері

Ұйым негізгі жүйе ретінде екі саладан - басқару саласынан (басқару
субъектісі) және басқарылатын саладан (басқару объектісі) тұрады.
Басқарылатын салаларға: техника мен технология; өндірісті ұйымдастыру;
еңбекті ұйымдастыру; ұйымның жұмыскерлерінің арасындағы өндірістік
қатынастар экономикасы; ұйымның хамықаралық байланыстары; коллективтің
әлеуметтік еңбек қатынастарының жағдайы; табиғтты пайдалану жатады.
Қаржылық механизмнің элементтерінің құрамына: - қаржылық қатынастар (еңбек
қатынастары мен еңбек ақыны төлеу, қаржыландыру (инвестициялау), кредиттеу,
салық салу, табыс, сақтандыру, т.б.), қаржылық иіндер (пайда, табыс,
қаржылық санкциялар, баға, дивиденттер, пайыздар, салық, еңбек ақы т.б.)
және қаржылық тәсілдер (қаржылық және басқару есебі, қаржылық және басқару
талдауы, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу, қаржылық бақылау) енеді.
Басқару - негізгі жүйеге арнайы бағытта ұдайы әсер ету процессі.
Мұндағы негізгі мақсат тиімді басқару шешімдерін қабылдау. Бұл жердегі
басты негіз - ақпараттық жүйе болып табылады.
Егер басқаруды өнеркәсіптік ұйымның басқару жүйесі ретінде
қарастырсақ, онда оның ырғақтылығын, күрделілігін, ықтималдығы сияқты
сипаттамаларын байқаймыз. Басқару жүйесінде екі бөлімше бөлініп шығады,
олар өндіріс және басқару аппараты. Басқару процессі объекті, ал аппарат
басқару субъектісі болып табылады.
Басқару объектісінде барлық процесстер материалдық-заттық нәтижеге
ұмтылады, ал процесстегі ақпарат бағынышты сипатта болады. Басқару
субъектісі көбінесе ақпараттық процесспен байланыста болады, материалдық
жағы бағынышты сипатта болады. Басқару жүйесінде орын алатын процесстер
ұйымның негізгі мақсатына да осы процесстер арқылы әсер етеді. Ұйым
қызметін басқару ұйым мақсаты аясында жүзеге асырылатын өндіріс
процесстерін реттеуге бағытталған қызмет болып табылады [1]. Ұйымның
ішкі бақылау жүйесі келесідей элементтерден тұрады:
1. Ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесі. Бухгалтерлік есеп Қазақстан
Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы заңымен,
халықаралық қаржылық есеп стандарттарымен, сонымен қатар ұйымның есеп
саясатымен реттелген кәсіпкерлер және ұйымдардың операциялары мен оқиғалары
туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау жүйесін көрсетеді.
Бухгалтерлік қызметтің міндеті жедел басшылық пен басқару, сонымен
қатар бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді құрудың
принциптері мен ережелерін орнатқан қаржылық есеп стандарттарына сәйкес
инвесторлар, жеткізушілер, сатып алушылар, қарыз берушілер, мемлекеттік
органдар, банктер мен басқа мүдделі адамдар пайдалануы үшін кәсіпкерлер мен
ұйымдардың қаржылық жағдайларындағы қызметі мен өзгерістер, қызметінің
нәтижелері, қаржылық жағдай туралы толық және нақты ақпаратты
қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады. Бухгалтерлік есеп
міндеттерінің бірі қаржылық есеп беруді ішкі және сыртқы пайдаланушыларға
қажетті субъект қызметі мен оның мүліктік жағдайы туралы толық және нақтылы
ақпаратты қалыптастыру болып табылады. Экономикалық субъектінің
бухгалтерлік есеп жүйесі қолданыстағы нормативтік актілерге, бухгалтерлік
есеп принциптері сақталған есеп саясатынасәйкес есеп жүргізуді көздейді
және келесі мәселелерге көңіл бөледі:
- бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді дайындауға
жауапты адамды таңдау;
- есепті жүргізу мен есеп беруді дайындауға қатысушы қызметкерлер
арасында міндеттер мен өкілеттіліктерді бөлу;
- шаруашылық операцияларды рәсімдеуші құжат айналымын ұйымдастыру,
құжаттарды сақтау тәртібі;
- бухгалтерлік есеп тіркелімінде операцияларды көрсету тәртібі;
- қаржылық есеп беруді дайындау тәртібі;
- бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді дайындаудағы
компьютерлік техника ролі мен орнын анықтау.
Бухгалтерлік есептің жүйесі және сенімділігінің дәлелденуі аудиттің
негізгі мақсаты болып табылады. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылған
жүйесінің болмауы экономикалық субъектіде аудитті жүргізудің мүмкіндігі
туралы мәселеге күмән келтіреді. Бұл жерде тек есепті қалпына келтіру
туралы айтуға болмайды. Қаржылық есеп беруді тексеруді жоспарлау мен
жүргізу кезінде бухгалтерлік есеп жүйесін түсінуге аудиторға клиенттің
бухгалтерлік есеп пен бақылау жүйесінің ұйымдастырылуын зерттеу, осы жүйені
сипаттап, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау қажет.
Бақылау жүйесі ұйым қызметінің барлық қаржы шаруашылық қызметі мен
оның активтері бойынша ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету мен сенімділігін
дәлелдеуге арналған. Ақпаратты сақтау бастапқы құжаттарды, шоттарды,
банктерді және басқаларды нөмірлеумен қамтамасыз етіледі. Бұл қаржылық
қызметті тексеру жүйесінің әсершіл, шарасы болып табылады. Бұл арнайы
журналдарда касса ордерлерін, төлем тапсырмасын, сенім хаттарды, шот
фактураларды және басқаларды міндетті нөмірлеу және тіркеу болып табылады.
Жалпы алғанда бақылау жүйесіне мыналарды жатқызуға болады:
- шоттарды талдау және салыстыру;
- қолма қол ақшаның қорытынды сомасы мен есепке алу жазбаларымен
тауарлы-материалдық босалқы қорлардың нәтижелерін салыстыру;
- құжаттарды бекіту және бақылау;
- кәсіпорынның бухгалтерлік жазбаларының жария болуын шектеу;
- қаржы нәтижелерін сметада көрсетілген шығындармен салыстыру және
талдау;
Ішкі бақылау компанияларға активтер сақталуын қамтамасыз етуге және
кәсіпорындағы істердің жағдайы туралы басшылар мен меншік иелерінің
хабардар болуы үшін қажет. Бұл бақылау бағдарламаларын орнату және орындау
бойынша шаралар мен іс қағаздарын жүргізу жағдайымен қамтамасыз етіледі.
2. Бақылау ортасы. Бақыланушы шаруашылық жүйесінің тиімділігі
субъект басшылығының бақылауға деген қатынасына тікелей байланысты болады.
Егер жоғары буындар басшылары бақылау маңызды деп санаса, қалған
қызметкерлер өз міндеттерін мұқият орындауға тырысады.
Бақылау ортасы – бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген
жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер жиынтығынан тұрады және
ішкі бақылау жүйесін негізін қалыптастырады.
Бақылау ортасы келесідей компоненттерден тұрады:
- экономикалық субъектіні басқару стилі;
- экономикалық субъектінің ұйымдық құрылымы;
- қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;
- бақылаушы қызмет және ішкі аудит;
- кадрлық саясат.
Экономикалық субъектіні басқару стилі бухгалтерлік есеп пен бақылау
реттемесі жүйесі тиімділігіне елеулі әсер ете алады, сондықтан аудиторға
бұл қаржылық есеп берудің бұрмалану ықтималдылығына қаншалықты әсер ете
алатынын анықтауға қажет.
Циклдің сақталуы басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Басқарушы
жүйе басқарылатын жүйеге басқарудың функционалдық бөлімдері мен қызметтері
арқылы әсер етеді. Басқарылатын жүйемен кері байланыс бухгалтерлік ақпарт
арқылы жүзеге асырылады, себебі бұл ақпарат коммуникациялық каналдар арқылы
басқару аппаратына жеткізіледі. Алынған ақпарат негізінде басқарылатын
жүйеге тікелей әсер ететін басқару шешімдері қабылданады.
Жұмыс стилі басқарудың өктемшілігі немесе нақты емес жұмыс және қаржы
мақсаттарын қою салдарынан болуы мүмкін кадрлар тұрақтамауы сияқты
көрсеткіштерден көрінеді де субъектінің бухгалтерлік есептің тиімді жүйесін
қолдау қабілетіне әсер етеді. Басқарудың дұрыс таңдап алынған стилі субъект
экономикасының дамуының стратегиялық бағытын іске асыруға, шаруашылық
қаржылық қызметін жақсарту үшін резервтерді жылдам анықтауға мүмкін беретін
басқарушылық есептің тиімді жүйесін құруға, шаруашылық операцияларын жасау
кезінде заңдарды қатал сақтауға мүмкіндік береді [2].
Экономикалық субъектінің ұйымдық құрылымы өкімет пен бағынудың қандай
нысандары бар екенін анықтайды. Ұйымдық құрылым арқылы негізгі ақпараттық
ағындар анықталады. Ұйым құрылымының орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған болуы мүмкін субъектінің ұйымдық құрылымын жетілдіру
деңгейі оның көлемі мен бағытталуына жартылай тәуелді болады. Құжаттар мен
құжаттамаларды құрудың белгілі бір тәртібі бар көп сатылы ұйым ірі
шаруашылық субъектісі үшін ыңғайлы, бірақ шағын кәсіпорындарда ол
ақпараттың қажетті ағынының өсуіне кедергі жасауы мүмкін.
Орталықтандырылмаудың басты ерекшелігі – шешім қабылдау еркіндігі.
Орталықтандырылмаудың әртүрлі дәрежелері бар:
1) Толық орталықтандырылмаған – ықпал ету дәрежесі өте төмен, шешім
қабылдаудағы ең жоғарғы дәрежедегі еркіндік, бостандық.
2) Толық орталықтандырылған – керісінше, ықпал ету дәрежесі өте жоғары
және шешім қабылдау еркі шектеулі.
Орталықтандырылу дәрежесі оның тиімділігіне қарай таңдап алынады.
Тиімділігі шығындар мен кірістерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтандырылмаған жүйенің келесідей ерекшеліктері бар:
1) Бөлімше менеджері ақпаратпен толық қамтамасыз етілген, ол нақты
жағдайды біледі. Әдетте орын алған жағдайлар мен оқиғалар жөнінде ұйым
басшылығына ақпарат жіберумен байланысты шығындар өте жоғары. Және
ақпараттың жіберу барысында ол жартылай немесе толығымен жоғалып кетуі
мүмкін.
2) Бөлімше менеджерінің уақыттылы шешім қабылдау мүмкіндігі жоғары.
Жоғары жақты хабарландырумен айналыспайтын болғандықтан менеджер оқиға
пайда бола салған кезде сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне ие болады.
3) Менеджер өз ынтасымен шешім қабылдау қызығушылығы болады, себебі өз
бетімен шешім қабылдауы табыс алудың басты шарты болуы мүмкін.
4) Жауапкершілікті жүктеу менеджердің барлық қабілеттерінің ашылуына
мүмкіндік береді.
5) Бөлімшелердің де ұсақтап бөлшектенуі жұмыс істеу қабілеті жоғары
еңбек ұжымын қалыптастырады.
6) Күнделікті басшылыққа ақпарат беруден босатылған бас менеджерлер өз
уақытын бүкіл ұйым қызметінің стратегиялық жоспарлануына бөле алады.
Есепті орталықтандыруда ұйым басқарушысына лимитті бөлу құқығы
қалдырылады, яғни тауарды түсіру және қызмет көрсетуге келісім шарт жасау,
жұмысты орындауға еңбек келісімдері, шаруашылық және басқада
жетіспеушілікке байланысты аванстарды белгіленген уақытында алу және өз
жұмысшыларына авансты беруді шешу, лимит арқылы шығындарды төлеуді шешу,
ұйымның жетіспеушілігі тағам өнімдері және басқада материалдық
бағалылықтар, түгендеу құжаттары және басқалары.
Орталықтандырылмаған жүйенің кемшіліктері де жоқ емес. Мұндай
кемшіліктер ретінде келесілерді атауға болады.
1) Бөлімше үшін тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі болғанымен, жалпы
ұйым үшін тиімсіз болуы мүмкін. Оған жалпы ұйымның, құрылымдық
бөлімшелердің, жеке менеджерлердің бірлесе, өзара келісе отырып мақсатты
айқындамағандығы және менеджердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарушы есептін негізгі элементтері
Сапаны басқару жүйесі жайлы
Ақша саясаты
Тіл біліміндегі жүйе және құрылым терминдерінің түсіндірілуі
«Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС-дегі өндірістік шығындардың аудиті және талдауы
Әр түрлі басқару жүйелеріндегі контроллерлер
Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны
Саяси жүйе жайлы
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Пәндер