Ішкі секреция бездері. Гормондар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «ендон» - ішкі, «сріно» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һормае» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «таламое» - бөлме) . Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат

5-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсеріГормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері

Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады

Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді

Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді

Глюкагон Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді

Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді

Норадреналин Қантамырларын тарылтады

Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді

Гиреотропты гормон Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді

Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді

Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

Вазопрессин Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады

Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді

Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (5-кесте) .

Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

Гипофиз (гр. «һурорһусіс» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5-0, 6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.

Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте) .

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «акрос» - аяк-қол сүйектері, «мега» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «нанос» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы) .

Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.

Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0, 2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді. Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады 1) гиперфункция - без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гормонды көп бөледі; 2) гипофункция - без қызметінің әлсіреуі, мұндай жағдайда без гормонды аз, жеткіліксіз мөлшерде бөледі. Организм үшін бездің гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады.

Қалқанша без қызметі күшейсе организм базед ауруына шалдығады бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады (бадырақ көз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әлсіресе ересек организмде шырышты ісік - микседема дерті байқалады тері кебірсіп, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады, зат алмасу қарқыны төмендеп, психика өзгереді. Без қызметі жас шақтан жетіспесе өсу процесі нашарлап, ақыл-ойдың дамуы тежеледі, нақұрыс - кретинизм ауруы байқалады. Ауыз су мен топырақта йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де, организм зоб ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейгенімен, гормон жеткіліксіз мөлшерде бөлінеді, зат алмасу процесінің қарқыны төмендейді.

Қалқанша серік безінің қызметі нашарласа тетания - құрысу байқалады, дененің бұлшық еттері тартылып, қарысып, қанда кальций мөлшері күрт төмендейді, тіс бұзылады, салмақ кемиді. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің қызметі нашарласа аддисон ауруы туындайды тері қошқылданып, тәбет жойылады, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, организм ариды. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі нашарласа сусамыр - диабет ауруы байқалады, көмірсулар мен майлардың алмасуы бұзылады, қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің қызметі күшейсе организмнің өсу қарқыны үдеп, алыптық (гигантизм), ал әлсіресе - ергежейлік байқалады. Гипофиз қызметінің бұзылуы салдарынан организм акромегамия (дененің жеке бөліктерінің өсуіндегі үйлестіктің бұзылуы), май басу сияқты дерттерге де шалдығады.

Қант диабеті

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу Діабетес меллітұс

Таптастыруы және сыртқы қайнарлар

Ұніверсал блұе цірцле сyмбол фор діабетес. [1]

ЫЦД-10 Е10. -Е14.

ЫЦД-9 250

МедлінеПлұс 001214

еМедіціне мед/546 емерг/134

МеСҺ Ц18. 452. 394. 750

Диабет (лат. діабетес меллітұс) - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады. Мазмұны [жасыру]

1 Қант диабетінің негізгі симптомдары

2 Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары

3 Диабетпен ауыратындардың диетасы

4 Диабет эпидемиялогиясы

5 Пайдаланған әдебиет

Қант диабетінің негізгі симптомдары[өңдеу]

үнемі сусап тұру (полидипсия)

кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия)

үнемі шаршаулы сезіну (полифагия)

қол-аяқтың үйып, жансыздануы

үнемі қарын аштығынан арылмау

салмақ азаюы [2]

Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары[өңдеу]

терінің қышуы

көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)

жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы

аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.

естен тану (қысылтаяң жағдайларда)

Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән.

40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор.

Диабетпен ауыратындардың диетасы[өңдеу]

Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1, 5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал. [3]

Диабет эпидемиялогиясы[өңдеу]

Әлем бойынша 2010 жылғы жағдайға сәйкес шамамен 285 миллион адам қант диабетіне шалдыққан деп бағаланады. [4]

Пайдаланған әдебиетДиабет - гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.

Қант диабеті - ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

Қант диабеті инсулинге тәуелді( инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз

(инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.

Ең басты себептердің бірі - тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.

Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн . Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр. Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фофор, қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі, оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына - ұйқы безінің қабынуы, зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді

Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше деректер анықталынды:

• Диабетпен қан, ауалы - тамшылы немесе жыныс жолы арқылы жұқтыру мүмкін емес.

• Тұқымқуалаушылық бейімділігінен пайда болады. Ата аналарының біреуінде осы ауру болған жағдайда балаларында бірінші типтегі диабет 10 % екінші типтегі диабет 80 % болуы мүмкін.

• Азық түлікке тәтті тағамдарды көп пайдалану диабет туғызбайды, бірақ ауру туғызатын қаупті көп көтеретін семіртеді.

Факторлары: жүйке күйзелісі, өмір салтында аз қимылдау, дене салмағының төмендеуі, тағы басқа аурулар. Егер Сізде осы факторлардың бірнешесі қосылса ауру қаупі жоғарылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Организмдегі гисто-физиологиялық құбылыстарды реттеудегі секреция бездерінің маңызы
Эндокриндік жүйе
Гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті бездер жүйесі
Зат алмасуының гормонды реттелуі. Гипоталамус және гипофиз гормондары
Эндокриндік жүйенің қызметі
Эндокриндік жүйе туралы
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz