К.Маркстың әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

К. Маркстың әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы.

К. Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым. XIX ғасырда әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К. Маркстың түсіндіруінде адам тарихында бес типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құл иеленушілік коғам, феодализм, капитализм және ең сонғы қоғам - коммунизм. Осы коғамдарды К. Маркс қоғамдық-экономикалық формациялар деп атаған. Әрбір қоғамның, не болмаса формацияның өзіне тән, сәйкес әлеуметтік құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы К. Маркстың түсінідіруінде ол әлеуметтік топтардың жиынтығы жөне олардың ара қатынастары, байланыстары. Осы қатынастар, байланыстар маркстік көзқарас бойынша шешуші, айрықша роль атқарады. Әлеуметтік құрылымның ішінде ең маңыздысы таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алатын қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп марксизмде құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдарды атайды. Ал алғашқы адамдар коғамында тап сияқты топтар болмаған, демек ол қоғамда қанаушылық та орын алмаған. Тап деп аталатын әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылады. Коммунизм -бүл тапсыз қоғам. К. Маркстын нақты жөне терең зерттеген қоғамы капиталистік қоғам, оның әлеуметтік - таптық құрылымы. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда екі тап елеулі орын алады. Осы таптарды К. Маркс негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құл иеленуші қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда - феодалдар мен шаруалар, капитализмде - буржуазия мен пролетариат. Осы таптардың арасында тап күресі үздіксіз жүріп отырады. Соның салдарында бір тап жеңіліп екінші тап жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатынасқан таптардың бәрі де жеңіледі, жеңіске баска бір жаңа тап ие болады. Бұл тап күресінің заңдылығы, бүл заңдылық барлық елдерде орын алады делінген. Капитализм қоғамында пролетариат буржуазияға қарсы тап күресін жүргізу нәтижесінде, пролетарлық революция арқылы жеңіске жетеді. Сол кезден бастап капитализм құлай бастайды, социализм орнатылады. Бүл кезеңді К. Маркс пролетариат диктатурасы деп атаған. Бірақ та, пролетариат диктатурасы өліде таптық қоғам, ол тек коммунитсік қоғамның бастамасы. Сондықтан да бүл коғамда белгілі бір мерзімге дейін тап күресі орын алады. Ал одан әрі социализм дамыған кезеңінде тап күресі жойылады, әрі қарай дамуда коммунизм дәуірінде таптар жойылып, тапсыз қоғам орнайды. Тап күресі қоғамның қозғаушы күші. Осындай күрес тек қана заттар жойылған кездерде тоқтатылады. Сонымен тап күресі зандылық, таптар бар жерде күрес орын алады. Тап күресі экономикалық, саяси және т. б. формаларда жүріп отырады. Негізгі күрес байлар мен кедейлер арасында орын алады. Осындай күрес көне Грецияда және қүл иеленушілік Римде орын алса, жаңа заманда, XIX ғасырда, барлық капиталистік деген елдерде орын алады. Капитализм дамыған сайын тап күресі үдейе түседі. Күресуші таптардың арасында, яғни пролетариат пен буржуазияның арасында, ешқашанда ымырашылдық, келісім болуы мүмкін емес. Тап күресінің ең жоғарғы шыңы - революция. Революция арқылы буржуазияның экономикалық, саяси және идеологиялық үстемдігі жойылып, пролетариат үстемдігі орнатылады. Буржуазия тап ретінде азғындай береді, капитализмнің дағдарыстарында езінің прогресшіл қасиеттерінің бәрінен айрылады, реакцияшыл тапқа айналады.

Капитализм, өзінің империализм деген сатысында, өте реакцияшыл қоғамға айналады. К. Маркстың әлеуметтік стратификация туралы концепцисының негізгі принциптері осындай деуге болады. Осы концепцияны Ресей большевиктері басшылыққа ала отырып 1917 жылы саяси төңкеріс, не социалистік революция деп аталатын істі үйымдастырады. Ресейде социализм тарихы басталады. Ол тарих 74 жылға созылды.

К. Маркстың әлеуметтік, таптық құрылым туралы концепсиясының көптеген позитивтік және негативтік жақтары да бар. К. Маркстың әлеуметтік құрылым, әлеуметтік стратификация туралы теориясы тарихта орын алып келе жатқан теориялардың, концепциялардың бірі деп қарастыруымыз қажет. Ол теорияның өзіндік дұрыс жақтары аз емес. Мысалы, адам тарихында орын алып келе жатқан бай тап пен кедейлер табының арасындағы тап күресін ешкімде бекерге шығара алмайды.

Тарихта орын алған, алып келе жатқан теориялардың, концепциялардың, қөзқарастардың бәрінін де жетіспейтін жақтары бар. Ақиқаттың ең соңғысы болған ғылыми көзқарас болған емес, болуы мүмкін емес. Осы түрғыдан алғанда маркстік көзқарастың да кемшілігі аз емес.

Біріншіден, тап күресі міндетті түрде пролетариат диктатурасына әкеліп соктырады деген К. Маркстың түжырымы практика жүзінде дәлелденеді.

Екіншіден, тап күресі қоғамның қозғаушы күші деген тезистерде барлық жағдайда дүрыс емес екендігі тарихтан белгілі болды. Тап күресін абсолюттік деп есептеп, ол таптық коғамдарда осы күрес шиеленесе береді деген тұжырым да дәлеледеніп отыр. Қазіргі дүние жүзіндегі дамыған елдер таптық қоғамдар. Бірақта, сол елдерде барған сайын тап күресінің өрши түсуі іс жүзінде орын алып отырған жоқ. Керісінше, XX ғасыр аяғында бұл елдерде тап күресі деп аталатын кұбылыстар өте сирек кездесетін болды. Әрине, әрбір елде, қазіргі кезеңде, әлеуметгік қақтығыстар, қарама-қайшылықтар, т. б. құбылыстар жиі кездесіп отырады. Осының бірі, мысалы, терроризм. Бірақта, осындай қақтығыстарды, шиеленістерді тал күресі деп айтуға біздің дәлеліміз жоқ.

Үшіншіден, маркстік теорияда күштеу мәселесі маңызды орын алады. Осыны революция деп атайды. Маркстік теорияның өзі де революционерлердің мусологиясы. Ал шын мәнісінде қоғам дамуында, адам тарихында күштеу ісі, яғни күшпен шешу ісі дүние белгілі орын алып келуде. Бірақта, осы күштеу теориясын өте жоғары көтеру, біздің ойымызша аса дұрыс шешім деуге болмайды. Өзекті мәселелерді реформалар арқылы шешкен коғам үшін әрине тиімді болар еді.

К. Маркс XIX ғасырдың ұлы ғалымы. Бірақ та, XX ғасырда көптеген дүниеде ірі өзгерістер болды. Сондыктанда К. Маркстың теориясының біраз принциптері, заман өзгерісіне байланысты ескіріңкіреп кетті.

Макс Вебердің әлеуметтік құрылым туралы концепциялары

М. Вебердің бұл мәселе туралы көзқарасы К. Маркстің көзқарасына өте жақан деуге болады. М. Вебер де К. Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М. Вебердің К. Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден, М. Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана, К. Маркс сияқты, меншікпен доғаруға болмайды. Таптың кептеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде, мамандық, білім деңгейі, қызметкердің қабілеті, Дипломы, т. б. белгілері бар. Екіншіден, әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К. Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М. Вебердің социологиясында үлкен орын алады. Оның ойынша стартификациялаудың үш өлшемі бар. Олар:

  1. Байлық - экономикалық статус.
  2. Билік - саяси статус.
  3. Мәртебе - әлеуметгік статус.

Осы үш өлшем арқылы коғамды стратификациялауға болатындығы айтылады. Әлеуметтік тап - өте үлкен топ. Сол топқа кіретін адамдардың бәрінің де бірдейге жақын материалдық, әлеуметтік және т. б. жағдайлары болуы міндет. М. Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, адамның өмірлік мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. М. Вебердің түсіндіруінде тап деген адамдардың тек кана нарықтық экономикаға байланысты топтары. Ал нарықтық экономика тек капитализм дәуірінде пайда болады. Жалпы М. Вебер адамзат қоғамында тек қана екі типтік қоғам болады дейді. Бірі нарықтық емес, екіншісі нарықтық қоғам. Сонымен тап деген әлеуметттік топ тек қана капитализм қоғамында пайда болады. Осы коғамда нарықтық экономиканың ең маңызды тірегі капитал, Бірақ та нарықтық экономиканың басқа да тіректері болады. Олар - мамандық, білім, жұмыс істеу қабілеті, т. б. Капитализмнен бұрынғы қоғамда таптар орын алмаған. Ол қоғамдардағы стратификациялау процестерін сословие, каста, статус деген бөлінулерге байланысты делінеді. М. Вебердің түсіндіруі бойынша капиталистік қоғамда таптардан басқа, таптық деңгейге жетпейтін біраз статустық топтар да орын алады. Капитализмдегі таптарды, топтарды М. Вебер мынадай ретпен белгілейді:

  1. Меншік иелері (тап) ;

2. Интеллектуалдар, менеджерлер, әкімшілік қызметтегі адамдар тобы (тап) ;

3. Ұсақ буржуазиялық тап, ұсақ бизнесмендер, т. б. ;

4. Жұмысшы табы;

М. Вебер осындай қорытындыны XIX ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы европалық капитализмнің шындығына байланысты жасаған. Сонымен, тап дегеніміз М. Вебердің анықтамасы бойынша, нарықтық экономикаға байланысты адамдардың үлкен топтары. Олардың негізгі белгілері: тапқа кіретін адамдардың белгілі бір мөлшерде материалдық ресурстарға ие болуы; олардың белгілі өмір жағдайы; олардың айрықша өмір жолы. М. Вебер статустық топтарға аса үлкен көңіл бөлген. Бірақ та оларда таптық та, статустық та белгілері бар. Статустық тап деп, М. Вебер I бюрократияны атаған. Нарықтық экономикаға, не болмаса товар, ақша, капитал деген категорияларға тікелей қатынасы жоқ топтарды ол статустық топтарға жатқызған. Чиновниктер қоғамының байлығына иелік етіп, өндірісті бақылауға алады, ал бірақ та олар меншіктің иелері бола алмайды. Сондықтан олар әлеуметтік тап емес. Қоғамда статустық топтардың саны өте көп болуы мүмкін, ал таптардың саны аз келеді. Әлеуметтік статус мәселесін қарастырғанда оның негізгі белгілері - әлеуметгік сыйлау, мөртебе, бедел, партиялық сыйпат, саяси бағыт кеңірек талдауды талап етеді. Әлеуметтік статустық топтардың өзіндік өмірі, тұрмысы қоғамда алатын орны, мақсаты, тіпті діні, саяси бағыттары бар.

Питирим Сорокиннің әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы

XX ғасыр социологияның негізін салушылардың бірі, ірі ғалым, Ресейде, АҚШ-та өмірін өткізген П. Сорокин болды. Оның әлеуметтік құрылым туралы концепциясы өте маңызды, ғылыми тұрғыдан алғанда терең концепция. П. Сорокин қазіргі кезеңдегі әлеуметтік стратификация деп аталатын теорияның негізін салушы деуге болады. П. Сорокиннің анықтамасы бойынша әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдардың жиынтығын иерархиялық рангаларға, топтарға бөлу. Топтарды жоғарғы, орта не болмаса төмен деңгейлерге бөлу стратификацияның негізгі талабы. Осы бөлудің негіздері - құқықты, жауапкершілікті және міндетті әр мөлшерде бөлу. Әлеуметтік құндылықтарды бір топтың иеленуі, ал екіншісі одан тыс қалуы, әр топтың әртүрлі билігі, ықпалы, беделі.

Сонымен П. Сорокин топтарды ажыратуда, жіктеуде құқығы жауапкершілік, міндет, билік, ыкпал сияқты көрсеткіштердің, белгілердің өте маңызды роль атқаратындығын түсіндіреді. Қоғамдағы адамдардың топтарын ол үшке бөледі. Бірінші топты ол элементарлық яғни, қарапайым топ деп атайды. Бұл топты ажырау критерий бірақ кана белгі болады. Мысалы, бір көшенің не бір үйдің адамдары. Бүл топтын белгісі олардың қонысы, мекен-жайы. Топтардың одан гөрі күрделісін кумулятивтік топтар деп атаған. Бүл топтың айырмашылығы, белгілері біреу емес, бірнеше. Осындай топтардың ішінде таптар аса маңызды орын алады. Таптың көптеген белгІлері бар - кәсіби, идеологиялық, психологиялық, т. б. Үшінші толтардың типін П. Сорокин күрделі конгломеративтік топтар деп атаған. Бүл топ элементарлық және кумулятивтік топтардың қосындысы, бірақ та өте үлкен топтар, олардың көптеген белгілері болады. Мысалы, бір елдің халқы, бүкіл адамзат, т. б. Осы айтылған топтар жабық не ашық топтар, не болмаса аралық топтар болулары мүмкін. Жабық топтар Дегеніміз адам туғаннан жататьш тобы, ол оның үлты, нөсілІ, жынысы, жасы. Ондай белгілер адамның өзіне байланысты емес. Ашық топтарға 'Кіретін адамдардың қасиеттері өздеріне байланысты. Мысалы, әртүрлі, өр бағыттағы партиялар, творчестволық не спорттық қоғамдар, т. б. үйымдар, қозғалыстар. Аралық топтар деп П. Сорокин материалдық тұрмысы, мемлекеттігі, мекен-жайы, тілі, т. б. қасиеттері, белгілері ортақ топтарды айтқан.

П. Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрі бар екендігін баяндайды. Олар: экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар. Экономикалық стратификацияның негізі материалдық байлық, не кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не болмаса олардың жоқтығы. Кәсіби стратификацияның негізі мәртебелі, /лауазымды/ не мәртебесіз /лауазымсыз/ еңбек, мәртебелі /лауазымды/ болашағы бар, не болмаса болашағы аз, не болмаса жоқ мамандықтар. Экономикалық стратификацияны қарастырғанда П. Сорокин қоғамның экономикалық статусындағы екі өзгеріске тоқталады. Олардың бірі - экономикалық тұрмыс, екіншісі - қоғамдағы экономикалық стратификацияның көтерілу, не төмендеу мәселесі. Осы өзгерістерді, яғни экономикалық стратификациялауды П. Сорокин флуктация деген терминмен белгілеген. Флуктация дегеніміз топтың экономикалық статусының өзгерістері. Бірақ та флуктация дегеніміз заңдылық емес, бағытсыз өзгерістер. Елдердің материалдық тұрмысы, табысы, байлығы өзгеріп отырады, яғни флуктацияға ұшырайды. Ұлттың, отбасының, нақтылы елдің дамуында ешқандайда заңдылық жоқ, тек флуктация орын алады. Олардың дамуында тек қана прогреске, баюға, не болмаса кері кетуге, кедейшілікке алынған заңдылық, бағыт орын алады деп айтуға біздің ешқандай негіз жоқ екенін П. Сорокин көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ САПАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ПӘНІНІҢ ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Қоғамның әлеуметтік құрылымы пәнінің зерттеу заты және объектісі
Қоғамның әлеуметтік топқа жіктелуі
Әлеуметтанулық теория
Пайданы есептеу түрлері
Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
Әрбір кезеңдегі басты әлеуметтанушылардың ойлары мен еңбектерін жан-жақты қарастыру (О. Конт, М. Вебер, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм және т. б. )
Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz