Кавказдың қола дәуірі



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Кавказдың қола дәуірі

1. Куро-аракс мәдениеті.
2. Майкопск мәдениеті.
3. Триалет мәдениеті.
4. Кобан мәдениеті.
5. Колхида мәдениеті.
Пайдаланылатын деректер тізімі:

1. Кавказдың теріскейінде нрте қола дәуірінде куро-аракс мәдениетінің
(ІІІ мыңжылдықта) тайпалары өмір сүрген. Бұл мәдениеттің қалыптасуына
энеолиттік мәдениет ықпал етті. Куро-аракс мәдениетінің дамуы тек тек Куро
және Аракс өзендерінің бассейнінде ғана емес, сонымен қатар Шығыс Анадолы,
Солтүстік-Батыс Иран, Дағыстан, Шешен-Ингушетия және Солтүстік Осетияның
кейбір бөліктерінде мекендеген. Мұнда бұл кезеңде отырықшы егін
шаруашылығымен айналысқан елді-мекендердің саны өсті. Сондай-ақ, қосымша
мал шаруашылығы да болды. Елді-мекендер тау баурайларында және таудағы
табиғаты қолайлы жерлерде орналасты. Бұл жерлерде де әлеуметік құрылыс
патриархалды болды.
Елді-мекендердегі үйлер дөңгелене тікбұрышты етіп салынған.
Бұрынғысынша бөлменің ортасында ошақ және үй жанында ұралар орналасқан.
Металлургияда ең жақсы дамығаны қола болды. Керамикасы оңтүстікте
қарамен, ал, солтүстікте қызылмен жылтыратып жасалған.
Куро-аракс мәдениетінің ескерткіштер қатарына Ереван территориясындағы
Шенгавит елді-мекені жатады. Осыған байланысты бұл жердегі мәдениеттің
екінші атауы – Шенгавит мәдениеті деп аталады. Шенгавит елді-мекені
мұнаралы тас қабырғамен қоршалған. Оның алаңы – 6 га. Елді-мекеннен
металлургия өндірісінің іздері табылды және де қорым кездеседі. Үйлері
дөңгелек формада тұрғызылған, үйдің іргесі таспен қаланған, қабырғасы
күйдірілмеген кірпішпен салынған. Үйдің айналасынан әртүрлі белгідегі
шұңқырлар кездеседі. Керамикасы жылтыр қара.
Тағы да бір куро-аракстік елді-мекен – Мингечаур. Ол Азербайжандағы
Кура өзенінің бойында орналасқан. Бұл елді-мекеннің алаңы – 25 га. Тұрғын
үйлері – жартылай жертөлелер, қабырғалары ағашпен қаланған. Әдетінше үйдің
ортасында ошақ болған.
Куро-аракс мәдениеті Кіші Азиядағы өркениетпен және Солтүстік
Кавказдағы Майкопск мәдениетімен байланысты болды.
2. Майкопск мәдениеті (б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың ортасы) Солтүстік
Кавказдың таулы жерлерін, яғни Кубань маңынан Шешен-Ингушетия аралығын
қамтыды. Ондағы елді-мекендердің кейбірі бекіністі болып келеді. Солардың
бірі Бела өзені бойындағы Мешоко елді-мекені. Мұнда елді-мекендер көп
кездеседі. Соңғы кезеңде обалар дольмендермен (тақта тас) қаланған. Мұны
салмақты тастармен үйілген құрылыс деп атайды. Оның төртеуін вертикальды
(тігінен) етіп қояды да бесіншісімен үстін жабады. Тақта тастар бір-біріне
тығыз орналасады. Қабірлердің көпшілігінен ер адамдардың сүйектері
кездеседі. Шұңқырдың қабырғаларлына алтын және күміс ыдыстар қойылған.
Мәйітті мыс заттар: қанжар, балта және шақпақ тастан жасалған жебелер
қорғаған.
Майкопск мәдениетін б.д.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтар аралығында
Солтүстіккавказдық мәдениеті жалғастырды. Ол Қара теңізден Кабардин-
Балқарға дейінгі таулы және далалы жерлерді қамтыды. Ондағы елді-мекндер
зерттелмеген. Ал, қабірлері тауда – шұңқырға, далалы және тау бөктерлерінде
– қорғанға қойылған. Қабірлерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейінгі қола дәуірі
Қола дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
Қола дәуіріндегі Қазақстан жері
«Археология теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Сарматтардың мәдениетінің зерттелуі
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Обалардың үйіндісінің астына жылқыны жерлеу рәсімі - скиф мәдениетінің рулық белгісі
Қазақстандағы ежелгі қола және тас дәуірі
Қазақстандағы қола дәуірі туралы
Қазақ халқының этногенезі (Халықтың пайда болуы мен қалыптасуы)
Пәндер