Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы

XVIII ғасырда орталық шығыста халықаралық саясаттың негізгі күші Ресей империясының қолында еді, I Петр патша Үндістан мен Қытай, сондай-ақ өзге де ірі-кіші мемлекеттермен сауда жолдарын иемденуді жоспарлады. Осы жоспарын іске асыру жолында ол, барша Азия елдері мен жерлерінің кілті мен қақпасы қазақ елі, осы халықтың жері арқылы жүзеге асыра алатынын өз саясатына түйіндеді.

Ресей ерте ме, кеш пе көшпенді халықты өзіне бағындыратын еді. Себебі, көшпенді халықтың жерлері арқылы Орта Азияға саяси ықпал ету мүмківдігі мен сауда жолы жатты [57, 135 б. ] .

Қазақ жерін отарлау екі бағытта жүргізілді: Қазақстанның батыс бөлігінде (Кіші жузде), солтүстік пен шығыста (Орта жүзде) . Бұл бөліктің барлығында Ресейдің әскери бекіністері тұрғызылды. Сөйтіп, қазақ елі ата-бабалар заманынан қолданып келе жатқан жерлерінен айырыла бастады. Оның салдарынан дәстүрлі көшіп-қону жоддары бұзылды.

I Петрдің Ресейді нығайтуға бағытталған реформалары мемлекеттің беделі мен куатының өсуіне ықпал етті. Бұл мезгілде Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан айрықша орын алды. Өйткені, I Петр қазақ даласын "шығысқа шығаратын қақпаның кілті" деп есептеді.

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың түпкі мақсаты - Ресейге бодан болу емес. Ресейді пайдаланып, әуелі жалпықазақтық, кейін бүкіл ортаазиялық хандық құру еді. Оның алғашқы хаттарында-ақ Әбілқайырдың Бұқара, Хиуа хандығының өзіне бағынышты, қазақтың өзге хандары бұған бағынышты екенін қисындырып жазған еді.

Осы тарихи тұрғыдан, қазіргі кезде қазақ халқының хандарының бірі Әбілқайыр ханды Ресейге қосылуға итермелеген қандай себептер деген сауалдың төңірегінде әлге дейін бірыңғай жауап кездеспейді. Әр түрлі көз-қарастар орын алады. Бір зерттеушілер, Әбілқайырдың Ресейге қосылу себебін, баққұмарлыққа негіздейді. Ең дұрысы, біздің пікіріміз бойынша, Тәукенің жолын қуған, халық мұрасын шашыратпауға тырысқан Әбілқайыр саясатының мәні - қазақ халқының ұзақ соғыстан қалжырауы, жоңғар, еділ қалмақтары, башқұрт халықтарының қысым көрсету саясаты, дағдарысқа ұшыраған шаруашылық, жүз - ру арасындағы таққа таласқан төре тұқымдары. Осы айтылғанның бәрінің таразыға салынуы. Міне, Кіші жүз ханы Әбілқайыр кезіндегі ішкі және сыртқы саяси-әлеуметтік жағдай өрісі осындай еді. Осындай күрделі мәселелерді шешуде солтүстіктегі қуатты көрші елі Ресеймен тату-тәтті қарым-қатынас орнату қазақ халқы үшін, яғни оның ішінде көрші елдердің тынымсыз шабуылынан мазасы кеткен Кіші жүз ханы Әбілқайыр үшін кең байтақ қазақ даласында тыныштық орнатудың кепілі ретінде көрінді. Мысалы, 1740 жылы Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан орыс өкіметіне бодан болу шартының талабы негізінде қолындағы тұтқындарды босату, сауда керуендерінің қауіпсіздігін қорғау және Ресей елімен достықты бұзбауға, яғни адал қызмет етуге уәде берді.

1734 жылы 10 маусымда Анна Иоанновна Ұлы жүзді қабылдағаны туралы грамотаға қол қояды. Ұлы жүз Ресей империясына Кіші жүзге қойылған талаптар бойынша бодандыққа енді. Ташкент, Самарканд, Бұқара, Хиуа, Түркістан тағы басқа жерлерден Ресейге қарай сауда жолының ашылуын қалауымен Ұлы жүз орыс патша өкіметімен келісімдерін одан әрі жалғастырды. Ұлы жүз ханы Жолбарыс қазақ даласы арқылы Ресей, Орта Азия сауда жолдарын жүргізуінде керуендерді күзетуге сөз берді.

Тарих арнасының ақиқат шындығына кеңірек тоқталсақ XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамының саяси жағдайы аса ауыр хәлде болатын. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси жағдайының әлсіреуіне ықпал еткен мән-жайлар -көршілес елдердің қазақ халқының жеріне көз алартуы еді.

1726 жылы Ордабасында халық съездіне жиналған хандар, сұлтандар, билер мен батырлардың тегіс бір пікірмен Әбілқайыр ханды халық жасағының бас қолбасшысы етіп сайлауы жайдан-жай емес. Бұл да Әбілқайырдың жоғары деңгейде жеке қасиеттерін халықтың мойындауының көрінісі еді.

Әбілқайыр хан қазақ әскерінің жоғарғы бас қолбасшысы ретінде қазақ әскерінің қарулы күштерін құруда және халықты жауға қарсы тойтарысты жұмылдыруда көптеген іс-әрекеттер жүргізді. Қазақ әскерінің сарбаздары бірінен кейін бір ұлы жеңістерге жетті.

Соның ішінде қазақ-жоңғар шайқасы қазақ қоғамының дамуына теріс әсер тигізді. Енді бейбіт дәуірге де қол жеткізерміз деген ой қоғамда белең ала бастаған еді. Күтпеген, ойламаған жерден үлкен хан Болат қайтыс болады. Босаған таққа үміткерлер арасында талас-тартыс басталды. Ғасырдан ғасырға келе жатқан әдет-ғұрыпқа лайық үлкен ханы болып тек сұлтандар әулетінің үлкен бұтағының өкілдері сайлана алатын. Осы қағидаға сәйкес, Болат ханның ұлы Әбілмәмбет хан болып сайланды. Ал, Әбілқайыр хан сұлтандар әулетінің кіші бұтағынан тарағандықтан, оған көп көңіл бөлінбеді. Осыған жәбірленген ол, бас қолбасшылық қызметінен бас тартады да өзінің әскери жасағымен Кіші жүзге оралады. Осылайша үлкен еңбекпен және күшпен жиналған қазақ әскерінің бірлескен халық сарбаздар жасағы ыдырайды.

Енді әр жүз өз алдына жаудан қорғану мәселесін шешуге мәжбүрлі болды. Ұлы жүз жоңғарларға бағынды, оларға аманат берді, алым-салық төледі. Жоңғар шапқыншылығына бәрінен аз шалынған Орта жүз азаттық үшін күресін жалғастыруға дайын еді. Ал, Кіші жүз жағдайы әлде-қайда басқаша суреттеледі, Кіші жүз халқы жан-жағынан қаптаған жаулар қысымында болды. Жоңғарлардың, Хиуа хандығының, Түрікмендердің, Еділ қалмақтарының, Жайық казактарының, Башкұрттардың ұдайы шабуылынан Кіші жүз халқы үрейлі кемтарлықты көріп-төзді.

Осы фактілерге сол дәуірдегі қазақ халқының Кіші жүз басында әлеуметтік-саяси билікті жүзеге асырушы тұлға Әбілқайыр хан куә болды. Ол қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси жағдайының қиын сәттерін шешуде саяси жолдарды қарастырды. Әбілқайыр хан осы кездегі қуатты империяның бірі Ресейге өзінің назарын аударды.

Ресей бодандығына кіру оған, жоңғар империясының әскери және саяси үстемдігін жеңудің бірден-бір жолы болып көрінді, әрі қазақ қоғамының бірыңғай біртұтас мемлекетін құруға жол ашылады деп топшылайды. Осыларды жүзеге асыру мақсатында Әбілқайыр хан тарихи ауыртпалықты және жауаптылықты өз мойнына алды.

Дегенмен, Әбілқайыр ханның бұл саяси жолы қазақ даласының сұлтандар әулетінің бекзаттарының ызалануы мен қарсыласуына қақтығысты. Себебі, Әбілқайыр хан Ресей империясына арқа сүйеу арқылы өз ықпалын күшейтуді, қазақтың үш жүзін түгел бағындырып, бір орталықтан басқарылатын билік жүйесін орнатуды, сөйтіп сол билігін балаларына сайлау жолымен емес, мұрагерлік жолымен қалдырып отыруды көксеп отырғанын олар сезген еді.

Сөйтіп, 1730 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей мемлекетіне қазақ елін қамқорлыққа алу термин ретінде "бодандыққа" алу туралы өтініш білдірді. Қамқорлық - ірі мемлекеттің кіші халыққа көрсеткен ағалық мейірімдігі сияқты. Осыған сәйкес қазақ халқының дарынды тарихшысы Е. Бекмаханов "қазақ елінің Ресейге бағыныштылығын ағаның ініге қамқорлығы іспеттес дей келе, Ресей патшасы Анна Иоанновнаның ірге тасында (подданство) бодан болу деген термин қолданылған. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде бұл сөздің мағынасы қазіргіден белек. Ол кезде "подданство" деген сөзді қамқорлық деп түсінген, яғни бұл сөзді өзіне қаратып алу немесе отарлау деп түсінбеу керек", - деп жазған. Осыдан Әбілқайырдың бодандықтың құлдықтан айыра білгендігінен қазақ халқын өзге мемлекетке басыбайлы құлы қылып бермеген. Хан орыс құжаттарында өзін "құл" деп атауына қарсы тұрды. Бодандық сөзі сол кездегі қалыптасқан ұғым бойынша, кез-келген екі елдің арасындағы одақтастық шартта әлсіздеуі күшті мемлекетке кіруі. Бодандықты нақты бағыныштылық деп есептемеген, - деп пайымдайды В. В. Бартольд.

Бодандықтың мәнін Әбілқайыр шығыс дәстүрінде түсінді. Ресейді бүгін "сюзерен" ретінде танығанымен, күш жинап, ес жиып алғаннан кейін одан бас тартуға болады деп ойлады.

Башқұрт, қалмақ, Жайық орыс-казактарының қазақ жеріне шабуылдары тоқтамайтынын Әбілқайыр хан ұқты. Сондай-ақ патша бодандығын қабылдаған жағдайда хан құр қол қалмайтынын да ескерді.

Кіші жүз ханының орыс бодандығана өту жөніндегі шешіміне Бөгенбай, Есет, Құдайназар атты белді азаматтар қолдау көрсетті. Олар діні де, тілі де жат елдің мәңгілік бодандығында болуға ұмтылушылықтан емес, халқым аман болса, бір мәнісі болар деген қағидада болды.

Ханның ой-пайымдары орыс патшаға жазған хаттарынан анық байқалады.

Біз білетін мәлімет бойынша, Әбілқайырды Хиуа хандығы, Ташкент, Түркістан билеушілері өз көсемі ретінде танитынын хабарлап, оларды орыс бодандығын қабылдайтынын хат жолдарына қоса жазған. Әрине, сөз жоқ мұның бәрі Кіші жүз ханының дипломатиялық шеберлігі.

Сонымен, 1730 жылдың 8 қыркүйегінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр Анна Иоанновнаға, өзін және өзіне тиесілі халықтарымен Ресей бодандығына кіру туралы өтініш хатын жіберді. Осы жылдың 30 қазанында Санкт-Петербургқа Ресей қол астына кіру жөнінде келіссөздерді жүргізуге Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан елшілігі келгені туралы Сыртқы Істер Алқасының көшірмесіне көз жүгіртсек. Әбілқайыр ханның келесідей шарттарда болуын қалайтынын көреміз:

1. Башқұрт халқы сияқты, адал қызмет етуге және салық төлеуге.

  1. Қазақ қоғамына Ресей бодандығындағы басқа халықтарданешқандай өкпе-ренжіс пен шапқыншылық болмасын
  2. Егер де шабуыл жасаған жағдай болса, Ресей империясыныңәскери көмек көрсетуін қалайды
  3. Бұрын, жоңғар қонтайшыларымен, Еділ қалмақтарымен жауболатын едік, бұдан былай олармен бейбітшілік-татулықта тұруды
  4. Башқұрттармен, басқа да Ресей бодандарының тұтқынға алғанадамдарын қайта қайтарып беруді және олар біздің адамдарымыздықайтарып беруін қалайды.

Сөйтіп, 1 жылдан астам жүргізілген келіссөздер нәтижелі болады. 1731 жылдың 19 ақпанында императрица Анна Әбілқайыр ханды және оған тиесілі қазақ халқын Ресей қол астына кіргені туралы грамотаны жіберді. Әбілқайырдан ант алу мәселесімен басынан аяғына дейін Ресей Сыртқы істер алқасының тілмәші А. И. Тевкелеев мырза айналысты.

Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілері арасында жіктеліс туды. Деректемелерде шайқасқа қатысқан сұлтандардың мінез-құлқындағы мұндай келіспеушіліктің себептері туралы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай сұлтан Әбілмәмбеттің қазақ хандарының ордасы - Түркістанға көшіп кеткені, ал Әбілқайырдың асыға көшіп, орыс шекараларына бет алғаны мәлім. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы жікке бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп болды деп санаудың негізі бар. Тәукенің ұлы, қайтыс болған аға хан Болаттың орнына Орта жүзден - Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр үміттенді. Көпшіліктің таңдауы Әбілмәмбетке түсті. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін елеусіз қалдырды деп тауып, шайқас алаңынан кетіп қалды, сол арқылы қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңдырмай соққы берді.

Жоңғар әскерлері шапқыншылық жасаған жылдар қазақтар тарихына «Ақтабан шұбырынды» жылдары болып еніп, қазақ жүздерінің экономи-калық және саяси өмірінде ұзақ уақыт бойы терең із қалдырды.

Осындай өте қиын жағдайларда Петербург сарайына жүгінуге өзі бас-тамашы болудың, сол кезде-ақ ыдырап кеткен біріккен қазақ одағының сыртқы саяси бағдарында түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін өз мойнына алудың және ойрат күштерінің бейбіт ауылдарға кезекті жойқын шабуылын күтпей, орыс императрицасының көзқарасын айқындаудың күрделі миссиясы Әбілқайыр ханның еншісіне тиді.

XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезінде-ақ Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам», - деп ол жөнінде А. И. Тевкелеев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бөсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі біріккен хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін ойрат басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге ты-рысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған ол 1730 жылдың жа-зында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке өз елшілігін жіберіп, Ресей императрицасынан өзін ұлысымен бірге Орталық Азияның көптеген үлкенді-кішілі халықтары қамқорлығына кірген Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді.

Көптеген ғылыми зерттеу еңбектерінде "өз халқын сатқан авантюрист Әбілқайыр хан өз билігін сақтап қалу үшін патша өкіметінің көмегіне сүйенді. Тек қана өзінің қара басының қамын ойлай отырып, ол патша өкіметінің қазақ даласындағы халыққа қарсы саясатын жүргізуші басты тірегіне айналды". Осыдан Әбілқайырды "баққұмар", "мансапқор" деп бағалағандығы кездеседі, Десек те, Кіші жүз ханы Әбілқайырдың патша өкіметімен саяси қарым-қатынастарды соғыссыз тек келіссөздер жүргізу жолымен шешуге күш салғанын есепке алмағаны өкінішті-ақ.

Ханның жеке саясатшылық қасиетіне таң қалушылық мінездеме берушілер де кездеседі. Олар бір дауыспен Әбілқайырдың жеке басының ақылды да айлалы билеуші екенін жар салады.

Әбілқайыр патша өкіметімен, оның өкілдерімен қатынастары қанша қиын-қайшылықты болса да, ол тек келіссөздер жүргізе ғана шешуге тырысқан. Қазақ - орыс келіссөздер мәселелерінде хан үлкен дипломатиялық тәжірбие жинақтаған.

XVIII ғасырдың 30 - 40-шы жылдарындағы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың орыс өкіметінің өкілдері А. И. Тевкелев, В. И. Татищев, В. А. Урусов, И. И. Неплюевпен жасасқан саяси дипломатиялық іс-әрекеттер қатынастарын суреттесек, осы кезеңдегі әр түрлі мазмұнды хаттар оған дәлел. Хаттар - шиеленіскен ахуалды келіссөзбен шешуді ұсынған пікірлері Әбілқайыр саясатының түбірін анықтайтын басты құжат ретінде.

1731 жылы 30 сәуірде А. И. Тевкелев бастаған арнайы елшілер Кіші және Орта жүздерін бодандыққа қабылдау үшін қазақ еліне жіберілді.

Әбілқайырдың Тевкелевке жолдаған хатының бірінде, " . . . знатной бухарской хан Аболфеиз-хан отдался в мою волю. Брат мой хивинский хан Албас-хан отдался в мою же волю. Кочующий по реке Ходже Ченнет-Даряс Акбатур-бек в мою же волю отдался. Барак-хан, владение ево 4000, город Ташкент, Сири, Торкостан, в наших руках". Бұл хабарды орыс елшісі өз кезегінде 1731 жылдың 5 қазанында Сыртқы істер алқасының орталығына жеткізген еді.

Айта кету керек, жоғарыда байқағанымыздай Әбілқайыр өзіне тиесілі хандық билігін артық қолданған. Мүмкін сондықтан болар ол Тевкелевке уақытша қазақ старшындарына бодандықты қабылдауға ұсыныс жасағанын жасыра тұруын сұрады. Сондай-ақ ол Тевкелевке қазақтарды асықпай біртіндеп бодандыққа қабылдауын сұрады, келіспеушіліктер туындамас үшін старшындарды сыйлықтармен сатып алу керектігін айтты.

Ендігі тұста қазақ старшындарының ашу-ызасының қаттылығы көрінеді. Кіші жүз ханымен жасырын кездесіп жүрген түндердің бірінде Тевкелевті еріп жүрген башқұрт Таймасқа Әбілқайыр хан қарсыластары жабылады. Олар Тевкелев не үшін келгенін, Әбілқайыр хан мен орыс елшісі арасында не шаруа деген сұрақтар қояды.

Қайткен күнде де, 1731 жылдың 7 қазанында Тевкелев Әбілқайыр хан ордасында жиналған қазақ қауымының ортасына түседі. Онда ол қазақ еліне келу себептерін айтқаны сол еді қазақ беделі Әбілқайыр ханды тергей бастап оған бұндай өкілеттілік ата заманынан жоқ екенін ескертті.

Ызаланған қазақ қауымының ішінде Әбілқайыр ханның қарсыластары Тевкелевті өлтіреміз деп қорқытты. Ол туралы Тевкелевтің вице-канцлер А. Остерманға " . . . үш ай бойы күнде өлім үстінде жүрдім" - деген сөз жолдарынан көреміз.

Тевкелев өзіне башқұрт Алдарбай Исекеев, Таймас Шаимов атты тағы басқа беделді тұлғаларды жинап, олардан кейінгі іс-әрекеттерді ақылдасуда кеңес сұрады. Олар бір дауыспен елге беделді Бөкенбай батырмен оның күйеу баласы Есет батыр және Құдай-Назар мырзалар арқылы бұл мәселені шешуге болатынын айтты. Тек екі жақтама қазақ-орыс халқының арасындағы бодандық мәселесі кикілжіңді өтуіне қарамастан Әбілқайыр хан жағының позициясы үстем болды.

1732 жылы қақтығыстар көрінісі қазақ даласында көрінді. Осы қақтығыстар Тевкелевке қауіп төндіре ме деген оймен Әбілқайыр хан Тевкелевке қауіп төнген жағдайда көмектесе алмайтынын айтып тезірек Ресейге кеткені дұрыс болатынын айтты. Ол өзінің орыс империясына адал екенін қоса Тевкелевке ескертті. Соңдай-ақ Ор өзенінің арнасына қала салу керек екенін, өзінің Ресей империясына адалдығын білдіру үшін ұлы Ералы сұлтан мен немере бауыры Ниязды елші ретінде жіберетінін айтты. Сөйтіп, 1732 жылдың 24 қарашасында Найзакескен жерінен ұзақ сапарға аттанды. Тевкелевті қуғынға салмауы үшін Әбілқайыр хан қасында Бөкенбай батыр мен өзге де қазақ старшыңдары жарты жолға дейін шығарып салды. 1733 жылы 2 қаңтарда Тевкелев Уфа қаласына келіп жетті.

1734 жылы 10 ақпанда Әбілқайыр хан ұлы Ералы сұлтан Петерборға императрица Анна Иоанновнаның салтанатты қабылдауында болды.

Жалпы, Тевкелев елшілігін саралай келе қазақ-орыс қатынастарының дамуына үлкен үлес қосты дей аламыз. Себебі, Кіші жүз ханы Әбілқайырдың ізінен алғашқы кездерде мойын сұнбаса да Орта жүз, Ұлы жүз жүрді. Оған дәлел, императрицаның Еділ бойы қалмақтарына, башқұрттарға, Жайық орыс-казактарына қазақ халқының иеліктеріне шабуыл жасауына тиым салуы жөніндегі жарлығы. 1748 жылдың жазында Бопай ханымның айтқан сөзі, қазақ халқы Ресей елінің боданы болғалы біріншіден, тыныш өмір, екіншіден, ешқандай лапылдаған жаудан әскери шапқыншылық іс-әрекеттерін көрген жоқ. Және 1749 жылдың 13 шілдесінде Орынборда Неплюев қабыддауында болған Қаратоқа би сөзіне мән берсек, "приведением в подданство . . . торгом свободно пользуются и чрез то ни в чем нужды не имеют и желают, дабы оной здесь и впредь так свободно происходил, чтоб не токмо самим им, киргиз-кайсакам, но и женам их безопасно было приезжать и отъезжать, как-де то и чинится".

А. И. Тевкелев, В. Н. Татищев, В. А. Урусов, И. И. Неплюев қазақ хандарынан қоғам істеріне әсер ете алатын біліктілік, адал қызмет атқару, бір сөзбен патша өкіметінің мүддесіне қызмет ету қасиеттерін жоғары бағалады.

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың ұсынысына 1731 жылы Петербордан Тевкелев мырзаның басқаруымен елшілік Анна Иоанновнаның кіші жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдағаны туралы грамотаны алып келді.

Орыс бодандығына қол жеткізу мақсатында Әбілқайыр өзге де өзіндік мақсаттарды көздеген. Ол, Ресей империясына арқа сүйене өзінің хандық билігін нығайтып алу, оны мұрагерлік жолмен қалдыру және орыс патшасы беделді рубасыларына әсер ету арқылы ханның қолына жығып береді, сөйтіп хан билігі үстемдігі арта түседі деп ойлады. Ол Ресей бодандығын қабылдаған жағдайда оның көзі тірісінде онымен бірге хандық билік орнына ешкім сайысқа түспейді. Оның үміті, орыс патшасы оны бүкіл қазақ халқының бас ханы етеді. Кіші жүз ханының осыған сәйкес талпыныстары оның Тевкелев мырзамен жүздескен жазбаларында бейнеленген.

1731 жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан, Бөкенбай батыр, Есет,
Құдай-Назар мырза және 27 атақты старшындар Ресей бодандығын
қабылдауда ант суын ішті. Осы жылдың желтоқсан айында Бөкенбай
батырдың араласуымен, басында Кіші жүз ханының орыс
бодандығын қабылдау идеясына қарсылығын білдірген Батыр сұлтан
мен басқа да беделді старшындар бодандыққа өтті.

1732 жылдың ақпан айында Кіші жүз старшындарының көбісі, 1732 жылдың шілдесінде Орта жүз ханы Сәмекемен қосылып Орта жүздің бірнеше старшындары бодандыққа өту өтінішін білдірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVІІІ ғ. 50-70 ж.ж. Қазақтардың шығысындағы ахуал,«Шаңды жорық»
Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті жайлы
Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы
Қазақтардың Ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Қазақстанның территориясында құқықтық басқару жүйелерінің тарихи даму кезеңдері
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Кірме сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz