ТУТАНХАМОН


КАИР
Египет ─ алты мың жыл бойы біртұтас мемлекет ретінде сақталып келе жатқан әлемдегі жалғыз ел. Жатжұрттықтар жаулап алған замандарда да Египет қалайда нақты бір елдің қарауында қалған. Мысыр елінің шаруашылық құрылымы, суландырудың орталықтандырылған жүйесі, Ніл мен одан тармақталып жататын көптеген сағалардың су коммуникациясы Египетті ұдайы тұтас күйде ұстаған. Елге мұндай мүмкіндік берген құдіреттің аты ─ Ніл. Жалпы, елдің бүкіл халқы мемлекет территориясының 6 процентін ғана мекен етеді, сол алты процент түгелдей дерлік ─ Нілдің екі жағы. Нілден алыс кетсе арабқа ауа жетпей, тұншығатындай.
Әлемдегі жеті кереметтің мына заманға аман жеткені жалғыз ғана Мысыр пирамидалары. Хеопс пирамидасы б. д. д. 2650 жылы тұрғызылып біткен. Міне, бес мың жылдан бері ашық аспан аясында, күннің астында, желдің өтінде тұрған бұл құдірет, шынында да, қайран қалдырады, таңдатады, тебірентеді. Әуел баста пирамиданың биіктігі 146 метр болғаны анықталып отыр, жоғарғы жағынан мүжілгені бар, төменгі жағынан құм басқаны бар, уақыт та өз дегенін жасап жатыр екен, қазіргі тұрқы ─ 137 метр. Тастан өрілген осы пирамида 1880 жылы Кельн соборы, 1889 жылы Эйфель мұнарасы тұрғызылғанға дейін әлемдегі ең биік ғимарат болып келген. Ұлы пирамиданы тұрғызуға әрқайсысының салмағы екі жарым тонна тартатын 2 300 000 тас блок жұмсалған. Салмағы 6, 5─7 миллион тонналық бұл құдіретті тіпті тікелей түскен атом бомбасы да толық қирата алмайды. «Дүниедегінің бәрі уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидалардан қорқады» деген сөз бар. Әйтсе де, уақыттан күшті не болсын, Хеопс пирамидасының өзі енді тағы бір мың жылдан астам уақыттан кейін мүжіліп бітуге тиіс . . .
Каир ─ араб әлемінің кіндік қаласы. Бұл қалада Араб мемлекеттері лигасының штаб─пәтері орналасқан. Мұнда саңқилы саясат сапырылысып жатыр. Америка Құрама Штаттары жыл сайын Египетке қайтарымсыз бір жарым миллиард доллар көлемінде қаржылай көмек беру арқылы араб дүниесіне ыөпалы ерекше елдің аузын алып отырғандай. АҚШ─тың Египеттегі елшілігінің штаты қанша деп ойлайсыз? Бес мың адам . . . Әлемнің ең дәулетті елі Мысыр жеріне осылай көңіл бөледі.
Араб әдебиетінің жарық жұлдызы, Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфуздың романдарын оқыған адам Каирдағы Хан әл─Халел базарын біледі. Бұл, расында да, өзнше жатқан тұтас бір әлем екен. Осыдан жеті жүз жылдан астам уақыт бұрын сұлтан Ашраф Халел салдыртқан бұл базар көлемімен де, байлығымен де әйгілі.
Каирға барған туристке міндетті түрде көрсететін жердің бірі ─ 1176 жылы тұрғызылып біткен Цитадель. Мәмлүк сұлтандарының үш ғасыр бойғы резиденциясы осы. Бейбарыс бабамыздың Мысыр елін он жеті жыл билеген тұсындағы арайы да осы Цитадель.
ТУТАНХАМОН
Каирдағы Египет музейінің ең басты экспонаты -Тутанхамон қазынасы. Музейде Ахетатон қаласының құландылары мен перғауындар Хефреннің (Гиза алқабындағы үш пирамиданың ортаңғысы осы перғауынға орнатылған, Хефрен-атақты Хеопстың баласы, әкемнен асып кетпейін деп пирамидасының биіктігін 15 метр кем етіп тұрғызыпты), Аменемхет III-нің, патшазада Каапердің және басқалардың бейіттері мен статуялары сыңды әлемге әйгілі жәдігерліктер бола тұра, жұрт Каир музейін айтқанда алдымен есіне Тутанхамонды түсіреді.
Тутанхамон бейіті үлкен үш бөлмеден тұрады. Біз осы қазынаны айтқанда әдетте бейіттің өзін, саркофагты, мумияланған мәйітті, марқұмның бет пердесін ғана ауызға аламыз. Ал негізінде бұл сол ұшан-теңіз байлықтың бір шегі ғана. 1924 жылы ағылшын экспедициясы перғауын бейітінің алдыңғы камерасының өзінен ауыр 34 контейнерге толы асыл зат алып шыққан. Қазір Тутанхамон қазынасы Каирдағы Египет музейінің 10 залын тұтас алып жатыр, оның жалпы көлемі кәдімгі футбол алаңына теңеседі.
Тутанхамон қазынасы-Египет перғауындары бейіттерінің ішіндегі тоңалудан аман қалған жалғыз бейіт. Ол заманда бір перғауын дүниеден өтіп, тағына мұрагер отырғаннан-ақпарат халық екі түрлі қам-қарекетке кірісетін болған, оның біріншісі-марқұмға бейіт тұрғызуға кірісу, соған деп өмір бойы жиналған алтын-күмісті, асыл тасты жұмсау, екіншісі-жаңа перғауынның бейітіне арнап асыл қазына жинастыруды бастау. Тутанхамон небәрі 6 немесе 7 жыл билік құрған, 18-19 жасында өмірден өткен, яғни оған деп алтын жинастыруға небәрі 6-7 жыл ғана кеткен. Ал жасы тоқсаннан асып өмірден өткен атақты Рамсес II-нің бейітінде қанша алтын болғанын енді өзіңіз шамалай беріңіз. Тутанхамон бейіті 3 бөлмеден тұрса, Рамсес II-нің тұтастай тоналған бейіті 43 бөлмеден тұрған. Адам қиялы жетпейтіндей қазына бұл.
Тарихи әдебиетте көбінесе Тутанхамонды Эхнатонның күйеу баласы деп жазады. Қалай болғанда да сол Тутанхамонның 12 жасында таққа отырғаны, жасы жиырмаға жетпей дүниеден өткені анық. Тутанхамонның тұсында ел билігі шын мәнінде уәзір Эйенің қолында болғаны да шежіре деректерінен жақсы мәлім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz