Қарыз капиталының миграциясы және халықаралық несие


6 ДӘРІС. КАПИТАЛ МИГРАЦИЯСЫ
6. 1. Капитал миграциясына түсінігі, оның маңызы мен себептері
6. 2. Капитал миграциясының түрлері. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару
6. 3. Қарыз капиталының миграциясы және халықаралық несие
6. 4. Қазіргі замандағы капиталдың шетке шығарылуының ерекшеліктері.
6. 1. КАПИТАЛ МИГРАЦИЯСЫ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН СЕБЕПТЕРІ
Капиталдың шетелге шығарылуы, елдер арасындағы оның белсенді миграциясы - қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың өте маңызды белгілерінің бірі.
Капиталдың шетке шығаруылуы тауарлардың шетке шығаруылуы монополиясын шетке қарай ығыстырады. Негізінен, ол тауарлардың шетке шығарылуын толықтырды және де сыртқы нарықтарды жеңіп алу құралы ретінде қолданылды. Тауарлардың шетке шығарылуы қарқынымен салыстырғанда, капиталдың шетке шығарылу қарқыны 5 есе көп болды.
Капитал миграциясындағы «капитал» термині өндіріс факторы ретінде ғана емес, еңбек, жер, кәсіпкерлік қабілеттілік және басқа да мағынада қарастырылады.
Капиталдың шетке шығарылуы
- бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі.
Капитал қандай себептерге байланысты шетке шығарылады және шеттен әкелінеді? Бұл сұраққа әлемнің көптеген экономистері жауап беруге тырысты.
Капитал миграциясының ең басты себебі - белгілі бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көп болуы, яғни оның шектен көп жинақталуы.
Осы артық капитал кәсіпкерлік пайда немесе процент алу мақсатында шетке шығарылады:
1. Капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, яғни тең болмауы(мысалы, дамушы елдерде капиталға деген сұраныстың өте көп болуы, яғни ол елдерге капиталды енгізу өте тиімді іс болып табылады) .
2. Жергілікті нарықты монополизациялауға мүмкіндік ашылады
(мысалы, белгілі бір елге капиталды сату арқылы инвестор ел өз
талабын, өз шартын орындатуға мүмкіндік табады) .
3. Капитал енгізілетін елде шикізат пен жұмысшы күшінің арзан болуы.
4. Тұрақты саяси жағдайдың және жалпы алғанда ыңғайлы
инвестициялық климаттың болуы.
Біз жоғарыда капиталдың шетке шығарылуының басты себептерін атап көрсеттік. Дж. А. Гибсон, Дж. Кейнс, Ж. Б. Сэян, К. Менгер, У. Джевонс,
Е. Бембаверг, Э. Хекшер, Б. Олин, Р. Нурксе және К. Иверсен сияқты ғалымдар капитал миграциясын зерттеуге зор үлес қосты.
Капитал миграциясының осы ғалымдар анықтаған бір себебі-капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың әр елде бір қалыпта болмауы.
Капитал көп жағдайда оған деген сұранысы бар және де сұраныс мөлшері көп елдерде шығарылады.
Негізінен, капиталды оған деген сұранысы көп елдер емес, ұсынысы көп елдер шығарады.
Неоклассиктердің бірі Б. Олин өзінің сауда концепсиясында былай деген: ”Өндіріс факторларының қозғалысы әрбір елдегі оған деген сұраныспен анықталады, демек, олар шектеулі өнімділігі аз жерден көп жерлерге қарай көшеді ”.
Р. Нурксенің тұжырымы бойынша тауарды сыртқа көп тасымалдаушы дамыған елде капиталға деген сұраныс тез өседі, осыған сәйкес олар капиталды ішке енгізе бастайды(немесе керісінше) .
Неоклассиктермен бірге бұл сұраққа Неокейнсиандықтарда жауап беруге тырысты. Неокейнсиандық теория негізінен капитал қозғалысы мен төлем балансының арақатынасын анықтайды.
Кейнстің айтуы бойынша, ”Капитал миграциясының бірден-бір себебі-бұл әрбір елдің төлем баланстарына бір қалыпты болмауы”. Кейнстің осы көзқарасын Ф. Махлуп пен Р. Ф. Харрод дамытты.
Ф. Махлуп осы арақатынасты үш тұрғыда қарастырды:
- Белгілі бір елдің төлем балансының сальдосы+ таңбалы болса, онда капиталды шетке шығарушы ел сатып алушы елге өз тауарын көбірек сата отырып, ішке капитал енгізу арқылы экспорт пен импортты теңестіреді. Осының нәтижесінде капиталды шетке шығарушы елдің ұлттық табысы ұлғаяды;
- Белгілі бір елдің инвестициясы көбеймесе, бірақ қаржы жинау қабілеті зор болса, онда капиталды шетке шығару экспортер елдің ұлттық табысын ұлғайтады және жұмыстың белсенділігін күшейтеді.
- Капиталдың шеттен әкелінуі импортер елдің ішкі экономикалық жағдайына әсер етеді, яғни шеттен әкелінетін капитал формаларының ішінде портфельдік инвестициядан гөрі, тікелей төте инвестицияны енгізу әлдеқайда тиімді болып табылады.
Р. Ф. Харродтың”Экономикалық динамика” моделі бойынша капиталды мол елдердің экономикалық өсу қарқыны неғұрлым төмен болған сайын олардың капиталды шетке шығару тенденциясы да соғұрлым күшейе түседі.
6. 2. КАПИТАЛ МИГРАЦИЯСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ
Капиталдың әр алуан түрлері мен формалары болады, соған сәйкес капитал миграциясының да бірнеше формалары болады.
Капиталдың сыртқа шығарылуы, ішке тартылуы және оның шетелде жұмыс істеуі төмендегі формалар бойынша іске асады:
1. Жеке меншік және мемлекеттік капитал формалары.
Ол көбінесе жекелеген елдегі мемлекеттік ұйымдар мен компаниялардың капиталды тасымалдауына негізделеді. 1989 жылы АҚШ-тың капиталды шетке шығаруы жуық шамамен 155 млрд. долларға жеткен, оның ішінде:
-жеке меншік капитал-122 млрд. $;
-мемлекеттік капитал-33 млрд. $.
2. Ақша және тауар формалары.
Сыртқа шығарылатын капитал ақша формасында шығарылмайды, сонымен бірге, ол машина, құрал-жабдық, ”ноу-хау”, патенттер және тауарлық несиелер формасында да шығарылады. .
3. Қысқа мерзімдік (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімдік формада.
1989 жылы АҚШ 92 млрд. $ көлемінде қысқа мерзімдік және 63 млрд. $ мөлшерінде ұзақ мерзімдік капиталды шетке шығарған.
4. Қарыз және кәсіпкерлік формада.
1989 жылы қарыз капиталы 96 млрд. $-ға, ал кәсіпкерлік капитал 59 млрд. $-ға тең болды.
Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, заемнан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Ал кәсіпкерлік формада капитал көп жағдайда кіріс ретінде табыс әкеледі.
Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару- бұл басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Бұның негізгі жолдары:
- шетелде жеке меншік кәсіпорындарды салу;
- шетелде аралас кәсіпорын құру;
- істеп тұрған жергілікті кәсіпорындарды сатып алу;
- заңды түрде тәуелсіз кәсіпорындардың бөлімдерін ашу;
- жергілікті компаниялардың үстінен бақылау жүргізу;
Жоғарыда аталғандар барлық жағдайда инвестицияланған капиталды қолданушы және оны тікелей бақылаушы шетелдік инвестор болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал
тікелей
және
портфельдік инвестиция болып екіге бөлінеді.
Тікелей инвестициялар арқылы кәсіпорындар шетелдік инвесторлардың толық меншігінде болады немесе оның қолында кәсіпорынның акцияларының бақылау пакеті болады.
Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, тікелей инвестиция дегеніміз-инвестордың өз қаржысын жұмсаған объектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болуы.
Портфельдік инвестциялар - акцияларына, облигацияларына және т. б. құнды қағаздарға капиталдың жұмсалуы. Оны енгізу мақсаты-жоғарғы дивидент алу.
Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, акционерлік капиталдың 25%-нен астамы инвестор меншігінде болса, онда салынған инвестиция тікелей төте инвестициялар болып табылады.
Осы екі инвестция мөлшері әр елде әр алуан болып келеді.
Мысалы, АҚШ-та 10%(жеке меншік капитал) .
1989 жылы АҚШ-тағы тікелей инвестция экспорты-27 млрд. $, портфельдік инвестиция экспорты-27 млрд. $ болды.
Тікелей инвестицияны шығару арқылы формалар екінші елде жаңа фирмалар ашады, сол елдегі кейбір ірі фирмалардың бір бөлігін немесе түгелдей сатып алады. Шетелде ондай фирмаларда бас компанияның шетел филиалдары деп атайды. Осы филиалдар бөлімшелерге, еншілес(дочерняя) компанияларға, ассоциацияланған компанияларға бөлінеді.
Бөлімше - 100% көлемде бас фирманың қарамағында болады, заңды ұйымға жатпайды.
Төл компания
-шетелдегі
дербес компания
болып саналады. Оның өзіндік балансы бар. Оны бас компания басқарып отырады. Соған сәйкес, бас компания оның акцияларының көп бөлігінің немесе тігелдей осы компанияның иесі болып табылады.
Ассоцияцияланған компания
- кейде аралас компания деп те атайды. Оның төл компаниялардан айырмашылығы мынада:
Бас компания оның акция пакетінің бір бөлігіне ғана йелік етеді.
Ассоцияцияланған компания түрлеріне
біріккен компанияларды
жатқызуға болады, сонымен қатар, 2 немесе одан да көп фирмалардың біріккен кәсіпорындары және т. б. түрлері бар. Мысалы, ”Экономикалық мүдде бойынша, Еуропалық бірлестік” трансұлттық трест ретінде құралған. Ол Батыс Еуропаның ұсақ ірі компанияларынан құрылған. Әр қайсысыеда 50 адам жұмыс істейді. Кей жағдайда бас компания кейбір компаниялардың бірде-бір акциясына (пай) ие болмауы мүмкін. Мұндай кәсіпорындар шетел филиалдары болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен бас компаниялар басқару мен бақылауды өзара келіссөздер арқылы жүргізеді.
Мысалы, осы кәсіпорындарды басқару кәсіпорындарды басқару келісім арқылы (көбінесе, қонақ үйлер) жергілікті кәсіпорын иелерімен біріге отырып өндіру (олар шикізат, технологияны әкеліп береді), бірігіп қорлар, шикізат табу және т. б.
Бұл жағдайда олардың меншікті иелігін емес, қайта іс әрекеттерін бақылау өте маңызды. Бұндай бас компаниялар мен оның филиалдарының арақатынасын
меншіктің акционерлік емес формасы
деп атайды.
6. 3. ҚАРЫЗ КАПИТАЛЫНЫҢ МИГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ
Қарыз капиталының шетке шығарылуы несие немесе заем(қарыз) беру арқылы жүзеге асырылады.
Несие берудегі мақсат - жоғары қарыз процентін алу. Қарыз капиталының шетке шығарылуы - қазіргі заманғы халықаралық несиенің негізі болып табылады.
Ол елдер арасындағы тауар айырбасының өсуіне мүмкіндік жасайды, олардың арасындағы есеп айырысуларды жеңілдетеді, экономиканы дамыту мақсатында сыртқы қаржыларды тартуға мүмкіндік береді. Халықаралық несие қарыз алған елдің шаруашылығының жылдам дамуына жәрдемдеседі.
Мемлекеттер арасындағы несиелік қатынастар жоғарғы қарқынмен кеңейіп келе жатыр, олардың көлемі әлемдік сауда қарқынынан және тікелей шетел инвестицияларының ұлғаюынан әлдеқайда артық деп есептелген.
Халықаралық несие - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі.
Несие берушілер мен оны алушыларға банктер, компаниялар, жекелеген кәсіпкерлер, мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік және де халықаралық, аймақтық ұйымдар жатады.
Халықаралық несие әртүрлі формада болады.
Өзінің мақсатты пайдалануына байланысты халықаралық несие екіге бөлінеді:
- байланысқан несие;
- қаржылық несие.
Байланысқан-қаржылық несиелердің несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады.
Оларға жататындар:
- коммерциялық несиелер - олар тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде беріледі;
- инвестициялық несиелер - нақты бір объектіні сату кезінде беріледі.
Бұл несиелермен салыстырғанда, қаржылақ несиелер қатаң түрдегі мақсатта берілмейді.
Қаржылық несиелер қарыз алушының кезкелген мақсатына сәйкес беріледі. Мысалы, тауар сатып алу, инвестициялар, қаржылық операцияларды жүргізу, төлем балансының тапшылығын жою және тағы басқа мақсаттарда.
Несие берушінің кім екендігіне байланысты үшке бөлінеді:
- жекеше (фирмалар, банктер) несие;
- үкіметтік несие;
- халықаралық ұйымдар несиесі.
Ұсынылу формасы бойынша екіге бөлінеді:
- тауарлық несиелер;
- валюталық несиелер.
Тауарлар фирмасындағы несиелерге коммерциялық несиелер жатады, ал ақшалай несиелерге қаржылық несиелер жатады.
Валюталық несиелер мынадай валюталарда беріледі:
- қарыз алушы елдің валютасымен;
- қарыз беруші елдің валютасымен;
- басқа ұлттық валютамен;
- халықаралық есеп айырысу бірлігімен.
Берілу мерзімі бойынша да үшке бөлінеді:
- қысқа мерзімдік(1 жылға дейін) ;
- орташа мерзімдік(1 жылдан 5 жылға дейін) ;
- ұзақ мерзімдік(5 жылдан жоғары) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz