Капиталды ұдайы өндірісі және оның мәні



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Капиталды ұдайы өндірісі және оның мәні.
1.1 К. Маркс қоғамдық капиталдың мәнін
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Экономикалық
дағдарыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..8
1.3 К. Маркс өзінің ұдайы өндіріс
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2. Қазіргі циклді ұдайы өндіріс пен дағдарыстардың ерекшеліктері
құрылымдық дағдарыстар.
2.1 К. Маркстің капиталистік өндіріс процесі теориясы және қанау
мәселесіне қазіргі
көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .16
2.2 Қазіргі циклді ұдайы өндіріс пен құрылымдық
дағдарыстар ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе.
Капиталистік өндірістің дамуЫмён еңбек процесі барған сайын қоғамдық
сипат алады. Еңбек процесінің қоғамдық сипаты ең алдымен капиталдың
басқаруымен ірі кәсіпорындардағы өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін
шоғырландырудан көрінеді. Машиналы өндіріс капиталистік өндіріс процесінің
қоғамдық сипатын едәуір күшейтті. Жаңа машиналы техниканы пайдалану
кәсіпорындарда орасан зор қызметкерлер санын шоғырландыруды талап
етеді. Сонымен қатар машиналы өндірістің дамуымен қоғамдық еңбек бөлінісі
едәуір өседі. Ескі шаруашылықтардан бөлініп шыға отырып, шаруашылықтың
жаңа салалары пайда болады, жекелеген өндірістік операциялар оқшауланады.
Кәсіпорындар, салалар, түрлі аудандар арасындағы өзара байланыс пен өзара
тәуелділік күшейеді.
Сөйтіп, капиталистік кәсіпорындарда өндірілетін товарлар жүздеген және
мыңдаған жұмысшылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Алайда
еңбектің осы, қоғамдыц процесінің нәтижелерін капиталистер иемденеді.
Өндіріс процесінің қоғамдық сипаты материалдык игіліктерді
өндірушілердің өздерінің мүдделері үшін өндіріске объективті қажетті
қоғамдық бақылауды туғызады. Бірақ бүған өндіріс құрал-жабдықтарына
капиталистік меншік кедергі келтіреді. Өндіріс процесінің қоғамдық сипаты
мен оның нәтижелерін иемденудің капиталистік жеке меншік формасы арасындағы
қайшылық дегеніміз капитализмнің негізгі экономикалық қайшылығы болып
табылады. Бұл қайшылық ең алдымен буржуазиялық қоғамның екі табы — жұмысшы
табы мен капиталистер табы арасындағы қайшылықтан керінеді. Бұл
капитализмнің негізгі таптық қайшылығы.
Еңбек пен капитал арасындағы қатынас буржуазиялық қоғамның бүкіл
өндірістік қатынастарын материалдық игіліктер өндірісінің бөлінісінің,
айырбасы мен тұтынудың қатынастарын қамтиды.
1. Капиталды ұдайы өндірісі және оның мәні.
1.1 К. Маркс қоғамдық капиталдың мәнін көрсету.
К.Маркс қоғамдық капиталдың мәнін көрсету капиталдың товар формасына
талдау жасау арқылы жүзеге асады деп атап көрсетті. Өйткені капиталдың сөз
болып отырған формасы көптеген процестердің бірлік — жиынтығын қамтиды.
Атап айтқанда: жиынтық өнімнің заттай-бұйымдық және құндық формасы; әдепкі
жүмсалған капитал мен өндірілген қосымша құн; жеке және өндіріс түтынулары.
Қандай қоғам болмасын, оның ішінде капитализмде ұдайы ендірісті
дамытудың негізгі жағдайы — өнім өндіру және оны тұтыну. Осы бір процестер
айырбас, бөлісу, сатуды ауадай қажетсінеді. Бұларсыз жүзеге аспайды. Ал
қоғамдық өнімді сатып еткізу тек рынокта іске асады.
Рынок мәселесін К. Маркс зейін салып зерттеді, аса үлкен мән берді.
Қапиталдың қолжазбасын даярлау кезінде өз алдына жеке
кітап етіп жазғысы да келді. Сәті түспеді. К. Маркстің осы бір ниеті
тегін емес екен-ау. Қазіргі өмір шындығы адамзат қоғамының, бәрінде,
әсіресе қазір, тіпті келешекте рынок шешуші роль атқаратындығын көрсетіп
отыр. Міне, саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерді көре білудегі К.
Маркстың таңғажайып болаттай берік теориялық логикасының және орасан зор
практикалық пайдасының бір ғана дәлелі осындай. К. Маркстың дариядай ақыл-
ойының қоғам үшін ауадай қажеттілігінің өзі де осындай істерінде еді-
ау.
Мемлекеттік-монополистік капитализмнің даму заңдылықтарын білу құрамдық
өзгерістер мен экономикалық өсу сипаттарын дұрыс түсінуге тікелей
байланысты.
Экономиканың құрылымы қандай өзгерістерге ұшырады? Бұл ұзақ мерзімді
қамтитын, ұдайы өндірісте болған сапалық өзгерістердің бірлігі. Негізгілері
мыналар. Біріншіден, қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің
нәтижелеріне негізделген шаруашылық салаларының шапшаң қарқынмен өсуі.
Қатарында радио-электротехника, биотехника, гендік-инженерия, электронды-
есептегіш машиналар т. б. бар. Демек, ғылымға көбірек арқа сүйейтін
шаруашылық жүйелері.
Екіншіден, құрылым өзгеріеі материалдық өндіріске жатпайтын салалардағы
жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуімен сипатталады. Бұндай қүбылыс
барлық дамыған елге тән. АҚШ-та бес жалдамалы қызметкерлердің үшеуі осы
салада жұмыс істейді. Келешекте құрылымдық өзгерістің осындай бағдар-бағыты
сақталады.
Үшіншіден, салалық құрылымдық өзгерісте, демек, экономикалық өрлеуде
жалпы және кәсіби білімнің мақызы бұрын болмаған дәрежеде өсті. Бірдей
жағдай жасалынғанда осы білімдердің дәрежесі мен сапасы экономикалық өсудің
шешуші тұтқасына айналды.
Төртіншіден, бұрыннан келе жатқан дәстүрлі шаруашылық салалары: азық-
түлік, мақта-мата, химия, станок және ауылшаруа-шылық машиналарын жасау,
кен шығару өнеркәсібі т. б. құрамында және даму сипаттарында көптеген
өзгерістер болды. Қаржыны және материалдарды көп қажетсінетін технология
ығыстырылды, озық машина мен икемді және қалдықсыз технология енгізілді,
модернизациялау барынша іске асты. Сейтіп дәстүрлі салалардағы келедсіз
жағдай қорды көп қажетсіну мәселесі реттелді. Көпте-ген дамыған
капиталистік елдерде күрделі қаржының басым кепшіліғі (70—80 проценті)
ендіріеті кеңейтуге емес, керісінше негізгі капиталды жаңартуға және жаңа
құрылым құруға жүмса-лады.
Салалық құрылымды өзгертудің негізгі мақсаты — экономикалық есудің жаңа
типін қамтамасыз ету. Олай болса қазіргі экономикалық өсудің қандай
өзгешеліктері бар. Экстенсивті және интенсивті даму әдістері қалай
пайдаланылып жатыр?
Капитализмнің әдепкі кезеңі экстенсивті жолмен дамыды. Сол бір кезде
техника баяу өсті, оған экономиканың арқа сүйеуі айта қаларлықтай болған
жоқ. Пайда табу негізінен жалдамалы еңбектің көлемін ұлғайту арқылы жүзеге
асты. Қазіргі кезде жалдамалы еңбектің шеңбері үлғайды, өрісі кеңіді.
Әлемдік жалдамалы еңбекке айналды. Капиталистік елдерде 80—90 процент жұмыс
істейтіндер жалдамалы еңбектің қатарын түзейді.
Қазір жағдай мүлдем өзгеше. Экономикалық дамудың жаңа титнің
тірегі — экстенсивті жол. Ол — әлеумеггік-экономикалық, өсу, еңбек
өнімділіғін арттыру, қор қайтарымын тездету, әнімнің материал сыйымдылығын
азайту, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өмірге жедел енгізу және
т. б. арқа сүйейді. Осындай факторлардың маңызы күн санап өсіп келеді.
Табысқа қол жетудіқ негізгі кілті — аталған факторлардың үйлесімділігін
дұрыс тауып тиімді пайдалану. Өйткені даму кезеңдерінің ерекшеліктеріне сай
факторлардың әсер ету күші біркелкі болмайды. Мысалы, әдепкі машина
дәуірінде экономиканың дамуына әсер еткен негізгі фактор еңбек өнімділігі
болды. Бұл кезеңде өндірістің техникалық базасы мықтап өсті. Сөйтіп күрделі
қаржыны көп тілейтін өндіріс типі қалыптасты.
Келесі кезеңде экономикалық дамудың басты бағыты — күрделі қаржыны аз
қажет ететін, ресурстарды үнемдейтін ұдайы өндіріске ұласты.
Қазіргі экономикалық өрлеу ерекшеліктерін бейнелейтін процестерді
шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең ерісі елуінші жылдардан басталып жетпісінші жылдың екінші
жартысын қамтиды. Ғылыми-техникалық революция кезеңі. Сондай-ақ аймақтық
капиталистік дүниенің басын біріктіретін экономикалық интеграциялар мен
топтардың және кешендерінің құрылуы және қалыптасуымен сипатталады.
Экономи калық даму негізінен қайтадаи еңбек өнімділігін арттыру арқылы
жүзеге асты. 1950—1973 жылдары еңбек өнімділігінің жылдық өсуі АҚШ-та — 3,2
процент, Германия Федеративтік республикасында — 5, Жапонияда—10 процентке
жетті. Бұл елдерде осы мерзімде күрделі қаржының өсу қарқыны 3,2 процент,
4,9 және 10,7 процент болғаны айтылған пікірдің дәлелі.
Екінші кезең — жетлісінші жылдың екінші жартысынан басталды. Капитализм
қайшылықтар мен қиындықтарға толы өмір кешті. Негізгілерін атап өтелік.
Олар: ғылыми-техникалық революция дамуының қайшылыққа толы сапалық жаңа
белесі; энергетикалық және отын ресурстарына бағаның өрби түсуі;
әлеуметтік қайшылықтардың өршуі; үш күш орталығының бақталастығының шегіне
жетуі; әлемдік рынокта бірі ішке, бірі тура тартып сыртқа тепкен жойқын
күштердің әсері; толастауды білмейтін айлалы монополистік бәсеке күресі;
үдайы өндірісті есеңгіреткен экономикалық дағдарыстардың жиілеп кетуі т. б.
Келеңсіз осы жағдайлар экономи-калық өсудің ерекшеліктерін туғызды,
дамудың бағдар-бағытын белгіледі. Соқпақ із, бүзылған жол қалдырды. Алайда
капитализм дәл бір осы жылдардың өзінде өмірге бейімділік күші басым
екендігін тағы бір дәлелдеп берді. Күрделі және қиын-қыстау жағдайларға
шыдамдылық көрсетті, өндіргіш күштерін жетілдірудің жаңа жолдарын
іздеп тапты. Бұл жылдары еңбекті сақтап қалатын ұдайы өндірісті қайта
құруды және қалыптастырудың нәтижесінде экономикалық дамудың сапалық типіне
қолдары жетті.

1.2 Экономикалық дағдарыс.
Экономикалық дағдарыс ұғымын білесіз бе? Капитализмде дағдарыстар неге
үнемі болып тұрады?
Капитализм тұсында товар өндіру оларға деген төлем қабілеті бар
сұраныстан асып түседі. Осының салдарынан елеулі бөлігі өтпей қалады.
Нәтижесінде қоғамдық өндірістің өсуі, құлдырап төмендеуімен алмасады. Осы
процесті экономикалық дағдарыс деп атаймыз.
Капитализмде экономикалық дағдарыстардың болуының мүм-кіншіліктері және
объективті жалпылама негізі бар. Алайда осын-дай көзқарас бірден
қалыптасқан жоқ.
К. Маркске дейін англия экономисі Джемс Милль, француз саяси
экономиясының шамшырағы атанған Ж.-Б. Сэй капитализмде экономикалық
дағдарыс болмайды-мыс, оған жеке товарлардың артық өндіру мүмкіндігі тән
деген теорияны ойлап тапты. Капитализмнің классикалық саяси экономиясының
ірге тасын қалаушы Давид Рикардо Сэйдің сұраныс пен өтініш арасында әрдайым
тепе-теңдік болады, сондықтан капитализмде жалпы алғанда товарды артық
өндіру мүмкін емес деген тұжырымын мақұлдады және қолдады.
К. Маркс болса бұндай пайымдауда, шындық атты дүниенің бір атым түйірі
жоқ екекдігін жан-жақты дәлелдеді. Олардың товардың бір түрі екінші түріне
сатылып айналысқа гүседі деген пікірі қате. Керісінше нақтылы товар ақшамен
айналысқа түседі.
Экономикалық дағдарыстың негізгі және абстрактылық мүмкіндігі сонау жай
товар өндірісі жағдайында-ақ пайда болған. Ақшаның айңалыс және төлем
құралы ретінде атқаратын қызметіне, соиымен қатар жай товар әндірісіндегі
жеке және қоғамдық еңбек арасындағы қайшылыққа тікелей байланысты. Жеке
товар өндірушілер қоғамдық дажеттілік пен сүраныстарды білмей және еске
алмай-ақ товар өндіре береді. Осыдан барып товарлар өздеріңе деген
сұранысты таппай, артық товар болып рынокта өтпей қалуы ықтимал. Бүның бәрі
дағдарыстардың жай товар өндірісіндегі абстрактылық мүмкіншілігі.
Абстрактылық мүмкіншіліктер капитализмде айқындала және нақтылана
түседі. Шынайы мүмкіндіқкё айналады. Бұған екі жағдай: каіштал айналымы мен
ұдайы өндірісі әсер етеді.
Капитализм дәуірінде капитал айналысында жеке капиталдар иірілген
арқаидай тұтасып, бір-біріне тәуелділікте болады. Сондықтан капитал
айналымының бір сәт үзіліске ұшырауы (бұл оқтын-оқтын болып түратын
қүбылыс) басқалардың тағдырына әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда,
капитализмде жай товар өндірісіне қарағанда сатумен сатып алу арасындағы
сабақтастықтың үзілуі (мерзім үзіліеі) экономикалық дағдарысты
шындыққа айналдырады.
Капитализмде дағдарыстың шынайы мүмкіндікке айналуының екінші факторы
бар. Ол товарды несиеге сатудың жалпылама құбылысқа айналуында. Етек алған
және капитализмді жайлаған бұл құбылыс қоғамның бүкіл шаруашылық жүйесіне
әсер етіп, дағдарысқа итермелейді.
Дағдарыстың шынайы мүмкіндігіне айналуының келесі факторы қоғамдық
капиталдың ұдайы өндірісі жағдайынан туындайды. Демек, қоғамдық жиынтық
өнімді сатып өткізу үшін, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын
өндіру көлемі арасында, сондай-ақ осы өндірістің ішкі бөліктерінде белгілі
бір пропорциялардың сақталуы қажет. Ал капитализмде пропорционалды даму
мүмкіндігі жоқ. Совдықтан экономикалық дағдарыстың шынайы (реалды)
мүмкіндіп қоғамдық жиынтық өнімді сатып өткізудің шарттарының бұзылуынан
туындайды. Қорыта айтқанда капитализм түсында товарды сату мен сатып алу
арасында үзіліс болатындықтан дағдарыста сөзсіз болады.
Экономикалық дағдарыстардың сөзсіз болуының басты себебі —
капиталнзмнің негізгі қайшылығы. Атап айтқаеда, өндірістің қоғамдық сипаты
мен иемденудің жеке капиталистік формасы арасындағы қайшылық. Капитализм
дамыған сайын өндірістің қоғамдасуы мен еқбек бөлісінің тереңдеуіне сәйкес
оның қоғамдық сипаты күшейеді. Бұған рынок шеңберінің шарықтауы да дәлел
бола алады. Сондай-ақ иемденудің жеке капиталистік формасы дүлей күшке
айналады, қанатын кең жаяды, адам өмірінің барлық сфераларын түгелдей
шарпыйды.
Капитализмнің негізгі қайшылығының нақтылы көрініс формалары алуан
түрлі. Негізгілері: капиталистік ендіріс пен халық бұқарасының түтынуы
арасындағы қайшылық; өндіргіш күштері мен тұтыну күштері арасындағы
сәйкессіздік; әндірісті ұйымдастыру мен бүкіл өндіріс анархиясы арасындағы
қайшылық; қанау жағдайы мен сатып еткізу жағдайы арасындағы сәйкессіздік;
капиталистік өндірістің өсуі мен еңбекшілер қабілетінің төлем-паздық
қабілеті бар сүранысының шектеулілігі арасындағы сәйкессіздік; түтыну
заттары өндірісімен салыстырғанда өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру ісінің
басымдылығы; қоғамдық әндірістің I және II бөлімшелер арасындағы
пропорцияның бұзылуы; антогонистік таптар арасындағы күрестер т. б.
Міне, капитализмнің негізгі қайшылығы осындай нақтылы кө-ріністерінің
арқасында экономикалық дағдарыстарға душар етеді. Экономикалық дағдарыс
дүркін-дүркін қайталаиып тұрады. Бүның басты себебі капитализмнің негізгі
қайшылығының антогонистік сипатында. Материалдық негізі — негізгі
капиталдың дүркін-діркін жаңартылуы.
Әдепкі кезде экономикалық дағдарыстар 10—11, кейініректе— 7—9 жылда
қайталанады. XIX ғасырдың бірінші жартысында — 4, екінші жартысында — 4,
XX ғасырдың бірінші жартысында — 5 экономикалық дағдарыстар болды. Бұдан
кейінде күйзелістер аз болған жоқ. АҚШ кейінгі жарты ғасырда көптеген
экономикалық дағдарыстарға душар болды.
Қапитализм экономикалық дағдарыстарға үнемі ұшырап отырады. Оның
өнеркәсіптік циклі, фазалары болады. Олар қандай ұғымдар? Енді осыларға
қысқаша шолу жасайық.
Экономикалық бір дағдарыстың екіншісіне дейінгі кезеңді өнеркәсіптік
цикл деп атаймыз. Ал өнеркәсіптік цикл төрт фазадан тұрады: дағдарыс,
тоқырау, жандану және өрлеу. Әрбір фазаның өзіне тән сипаттамасы, мазмұны
және ерекшеліктері бар.
Дағдарыс — товарлардың шамадан тыс артық өндірілу салдарынан бағасының
күрт төмендеуімен, өндірістің қысқаруымен, жалақының азайып және
жұмыссыздықтың көбеюімен, кәсіпорындарының банкротқа тап болуымен, пайда
нормасының төмендеуімен ақша айналысы мен несие және қаражат жүйесінің
ретсіздігімен, сауда мен рыноктың берекесіздігімен, процент нормасының
артуымен, күрделі қаржының азаюымен бейнеленеді.
Тоқырау — кезінде товарды артық өндіру қысқарады, бірте-бірте сатып
өткізу жүзеге асады. Бағаның құлдырауына тосқауыл қойылады. Тоқыраудан
босану жолы — өндірістің құлдырауын тоқтату және шаруашылық механизмдері
мен даму факторларын ретке келтіру. Дағдарысты болдыратын жағдайлар мен
факторларды және одан шығудың, тоқырауға ұласудың әдістері бола алады.
Демек, тоқырау фазасында дағдарыста болған келеңсіз-кернау саяси,
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жөнделеді ж$не рет-теледі. Алайда
өндірістің молаюы байқалмайды.
Циклдік тоқырау бірте-бірте өндірістің жандану фазасына көшеді.
Капиталистер құрал-жабдықты шығаруды көбейтеді және жұмысшы күшіне деген
қосымша сұранысты күшейтеді. Жұмыссыздар саны біршама азаяды, халықтың
тұтыну сүранысы және сатып алу қабілеті біршама өседі. Тұтыну бұйымдарын
өндіру молайып, дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетеді.
Жандану кезеңі ендірістің секірмелі түрде шапшаң өеуіне ауысады. Бұны
циклдың өнеркәсіптік өрлеу фазасы деп атаймыз. Капиталистер бар
мүмкіншіліктерді түгелдей пайдаланып товар өндіру көлемін осы циклдың
ішіндегі ең жоғарғы деңгейге жеткізеді. Деңгей бүрынғы өндірістік циклдегі
деңгейден анағұрлым жоғары болады. Нәтижесінде өндірілген товарлардың
көлемі мек бүқара еңбекшілердің сатып алу қабілеттілігі арасындағы
сәйкессіздік кенеттен қайта күшейеді. Өнеркәсіптің өсу қарқыны, сөзсіз
төлемпаздық қабілеті бар сұраныстың шеңберінен асып төгіледі. Сөйтіп
экономикалық дағдарыс тағы да қайталанады, ка-питализмнің жан серігіне
айналады. Дағдарыс капитализмнің табиғатына біте қайнасқан. Түптеп келгенде
капигализмнің тарихи шектеулі, түбектің түйығында, шыңыраудың тұғырында,
батпақтың түңғиығына батып тұрғандығын көрсетеді.
Экономикалық дағдарыстың керенаулы салдарлары бар. Олар екі ұшты әсер
етеді. Біріншіден, бүкіл капитализм системасын орасан күйзелтіп
жібереді. Барлық қайшылықтары тереңдейді және шиеленіседі. Екіншіден,
бүқара еңбекшілер күрес нәтижесінде қолдары жеткен экономикалық және
әлеуметтік жеңістерінен айырылып қалады. Жұмысшы табы дағдарыстан қүтылудың
басты жолы қанауға негізделген қоғамды талқандау қажеттілігін анық біліп,
еткір сезінеді.
Қапитализмде ауыл шаруашылық салалары да дағдырысқа тап бола ма? Қүптай
жауап береміз. Демек, өндірістіңі осы бір саласы да дағдарыс құрығына
ілінеді. Ауыл шаруашылығындағы осы құбылысты аграрлық дағдарыс деп атайды.
Өнеркәсіптегі дағдарыстың негізгі себептері аграрлық секторға да ортақ,
жоғарыда айтылған заңдылықтарды бойына дарытады.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде түңғыш бой көрсеткен аграрлық дағдарыс,
бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әсіресе, жетпісінші жылдан
басуап кең етек жайды. Аграрлық дағдарыстың ерекшеліктері бар^ Негізгілері:
қамтитын сферасы тек ауыл шаруашылық салалары; өнеркәсіптік циклдік сипатта
болмауы, салыстырмалы түрде сирек қайталануы және ұзақ уақытқа созылуы.

1.3 К. Маркс өзінің ұдайы өндіріс теориясы.
Капиталдың ұдайы өндірісі қазіргі капитализмнің бейнесін ашып береді.
Сайып келгенде қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси
құбылыстар қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің сипатына, мазмұнына,
түріне, даму қарқынына, қоғамға тигізер салдарына тікелей байланысты.
Олай болса қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі дегенді қалай түсінуге
болады және мәні неде?
Капитализмде көптеген жеке капиталдың түрлері бар. Бір-бірінен
дараланып оқшау тұрмайды. Өйткені ұдайы өндіріс процесін іске асыруға бәрі
де ат салысады. Мысалы, нақтылы бір өнім шығару процесін алыңыз. Тері өңдеу
фабрикасында өндіріс тоқтаусыз қайталанып тұру үшін, оған шикізат (тері),
электр қуаты, станоктар мен машиналар, отын, газ, және т. б. заттар мен
бұйымдар қажет. Өндіріс ұйымдастырушы бұларды жеке капиталистерден сатып
алады. Сөйтіп жеке капиталдың ұдайы өндірісі басқа толып жатқан бәтен жеке
капиталдың ұдайы өндірісінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Олармен үндестікте,
тығыз байланыста өмір сүреді. Жеке капиталдың айналымы бір-бірімен етене
қосылып, бірыңғай сіңісіп капитализмнің өндірістік қатынасының тіршілік
клеткасына айналады. Күрделі бұл процесс тек рынокта, товарларды сату,
сатып алу жолымен жүзеге асады.
Жеке капиталдың өзара ұласқан, байланысқан жиынтығын қоғамдық капитал
деп атаймыз. Бұл жеке капиталдың сандық қосындысы емес, күрделі сапалық
бірлестігі, үндестігі және бір-біріне байланысты, бағынышты тәуелділігі.
Капитализмнің ұдайы өндірісі — қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі.
Демек, ол капитализм дамуының негізгі тірегі, ұдайы өндірістің материалдық-
заттай және субъективті факторларын, сондай-ақ өндірістік қарым-қатынастың
тетіктерін іске қосатын да, ұйымдастыратын да, дамытатын да осы бір ғажайып
құбылыс.
Қазіргі капитализм тұсында жеке капиталдың бір-біріне тәуелділігі айта
қаларлықтай күшейді. Өйткені корпорациялардың ауқымы. кең, өндіретін
өнімдері мен сатып алатын заттары сан алуан. Рынокта санқилы істі жүзеге
асырады. Корпорациялар мо нополиялық бірлестіктердің, мемлекеттік және жеке
секторлардың, ірі, орташа, тіпті ұсақ товар өндірушілердің капиталдарының
басын қосып біріктіріп, капитализмнің әжетіне жаратады. Күрделі бұл
процестің түпкі нәтижесі тек рынок алаңындағы майданда белгілі болады.
Қазіргі замандағы ұдайы өндіріс ең алдымен монополистік ка-питалдың
ұдайы өндірісі. Ал монополистік капитал болса үлттық экономика шеңберінен
шарықтап шығып, бүкіл дүниежүзілік ка-питалистік шаруашылық тізгінін өз
қолына алғаны қашан. Қазіргі қоғамдық монополистік капиталдың ұдайы
өндірісінің мәні мен келешегі осындай.
Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің негізгі мәселелері қандай?
Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі өз бетімен іске асатыи жеңіл-желпі,
қайшылықсыз дамитын, қиындықты білмейтін құбылыс емес. Орасан күрделі де,
өзара байланысты және қайшылықтарға толы процесс. Осылардың ішінде буынды
проблемалардың бірі — өнімді сату және рынок мәселесі.
Капитализмде маңызды проблемалардың бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Өндіріс процесінде құралдар
Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні және көрсеткіштері
Өндіріс және ұдайы өндіріс мәні түрлері
Капиталдың алғашқы қорлануы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері
Ұдайы өндірістің түрлеріндегі негізгі шарттары
Капитал ұғымы және оның құрылымы
Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Пәндер