Нарық жағдайында қаржыны басқаруды жетілдірудің қажеттілігі



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Нарық жағдайында қаржыны басқаруды жетілдірудің қажеттілігі

Қаржыны басқару XX ғасырдың 60 жылдары АҚШ-та пайда болған. Бұл
коммерциялық ұйымның шаруашылық қызметін қаржыландырудың процестерін,
ұйымды басқару жүйесін ұсынған. Қаржыны басқару даму барысында әзірлейтін
мәселелерді елеулі ұлғайтқан - егер ол пайда болған кезде тек қана жаңа
фирмалар мен компанияларды құрудың қаржылық мәселелерін және қаржылық
инвестицияларды басқару мен банкротқа ұшырауды зерделесе бүгінгі күнде
қаржылық басқару мынадай мәселелерге көңіл аударады - қаржылық талдау,
инвестициялық басқару, тәуекелді басқару, банкротқа ұшырау қатері кезінде
компанияны дағдарысқа қарсы басқару. Қаржыны басқару ақша тасқынын басқару
деп те айтуға болады, оның мақсаты ағымдағы төлемдерді қамтамасыз ету және
пайда табу. Қаржыны басқару - қаржы стратегиясы мен тактикасын жасақтайды.
Оны қаржы есебі және табыстың түсу болжамы негізінде талдау жасау арқылы
іске асырады. Ол кәсіпорынның активі мен пассивінің өзгеруімен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқаруға өндірісті басқару, нарықты
(маркетинг) басқару істері кіреді. Қаржыны басқару жұмысы өз бетімен тек
қана жеке меншік кәсіпорын болса, экономикалық тәуелсіз болса, яғни
меншіктік құқығы болса, шешім қабылдай алады. Егер қазыналық кәсіпорын
болса, онда күнделікті басшылық жұмысын атқарады, сондықтан қаржылық шешім
шешу жоғарғы орындардың билігінде, яғни сол мекемені кәсіпорынды басқару
өкілінің билігінде болады.
Қаржыны басқару үшін - нарық экономикасының негізін білуді, қаржы
саласында мамандық арнаулы білімді, кредитті, бухгалгерлік есепті білуді,
салықтар заңдылығын, банк, биржа ісін, кәсіпорынның қаржы есебін талдауын
білуді және сәйкесті ақылдылық және интуиция болуы керек.
Осымен байланысты қаржыны басқару туралы білімінің
негіздерін бас есепші жақсы білуі керек, себебі барлық
информациялық база бухгалтерлік есепке байланысты.
Қаржы - менеджер сыртқы жағдайларды ескеріп (салық, несие проценті,
валюталық нарық жағдайларын т.б.) осы мүмкіндіктер негізінде елдегі
заңдылыққа сүйеніп жұмыс істейді.
Қаржыны басқару – кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің міндетті бөлімі.
Бұл жүйе екі бөлімнен түрады:
басқару объектісі (басқарылатын қосалқы жүйе)
басқару субъектісі (басқаратын қосалқы жүйе)
Қаржылық ресурстарды басқаруда басқарудың негізгі объектісі ретінде
кәсіпорынның тұрақты ақша ағымы түрінде ұсынылатын ақша айналымы танылады.
Ақша айналымын басқару дегеніміз-оның қазіргі және болашақ кезеңдегі
мүмкіндік жағдайларын қарастыру және ақша қаражаттардың көлемін, оның
шығыстары мен кірістерін анықтап білу.

Ақша тасқыны - басқару объектісі ретінде

тасқынын басқару. 75
Ақша қаражаттарды белгілі бір бағытқа икемдеп, табысты көбейту
мақсатында тиімді жұмсау қажет. Келесі суретте ақша тасқынын басқару
схемасы берілген, осыған түсінік берелік.

Ақша тасқының басқарудың басты бағыттары:
Қаржы нарығының қаржысын пайдалану;
Ақшалай каржыларды өндірісті қаржыландыруга жұмсау;
Шаруашылық жағдайда пайдаланылғаннан түскен ақшалай
қаржылар;
Қаржы нарығына, бұрын ресурстарды пайдаланылғаны
үшін төлем ретінде қайтарылған ақшалай қаржылар;
Өндірісті қайта қаржыландырған ақшалай қаржылар;
Қаржылық салымға арналған ақшалай қаржылар;
Салықтар
Енді осы бағыттарға түсінік берелік.
Акционерлік қоғам қаражаттарын қаржы нарығына
жұмылдырады: қор нарығында (бағалы қағаз нарығы) акция, облигация шығару
және сату арқылы; ақша нарығында (қысқа ақша нарығы) - қысқа мерзімді
ссуда; капитал нарығында - ұзақ мерзімді ссудаға жұмсайды. Қаржы
менеджерінің басты міндеті кәсіпорынның қаржы ресурстарымен қаржы
нарығы арасындағы тиімділікті қамтамасыз ету. Кәсіпорын мүддесіне алынған
капиталға шығатын шығынды бағалау: алынатын
капитал қанша тұратынын білу, оны алу керек пе, керек болса қандай
тиімділігі бар екенін алдын ала білу керек, облигацияны
қайтару қосу процент, ал акцияға - дивидент. Алынған капитал
(инвестициялық капитал) экономикалық тиімді болмаса, ол жағдайда шығын
көп болуы мүмкін, тіпті банкроттыққа апаруы мүмкін.
Алынған капиталдың (жаңа қаражаттарының) белгілі бір бөлігі өндіріске
жұмсалады, яғни актив формасында болады, олар пайдалану мерзіміне
қарай және объектілерге қарай айырмашылығы болады. Егер
тұтынушылар жағынан өндірілетін тауарға сұраныс болса, айналым активі
(қорлар және шығындар, дайын өнім) жақын арада тез пайда беретін болса, ал
ұзақ мерзімді активтер тез қайтарым бере алмайды. Ұзақ мерзімді
инвестицияға инвестициялық бағдарлама жасау керек, талдау негізінде
жобаларды таңдау, қаражат көзінің тиімді вариантын алу керек.
3. Инвестициялық, қаржылық және өндірістік әрекеттердің
қортындысында алынған ақшалай түсімдер және табыстар ақша
тасқыны деп саналады.
Негізгі түсімнің түрі - өнім сатудан түсім. Түсімнің мөлшері өнімнің
сапасынан, бір қалыптылығынан, тауарды жіберу, төлемді ұйымдастыру және
баға деңгейімен байланысты. Бережақ төлемдердің тұтынушылардан, тапсырыс
бергендерден уақытында түсуі кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін
қамтамасыз етеді.
4. Төлем ретінде бұрын ресурстар үшін жұмсалған ақша
каражаттардың қаржы нарығына қайтуы. Олар дивидендтер,
облигация проценттері, қысқа және ұзақ мерзімді кредиттердің
пайызы. Бұл ақша тасқынын басқару, бағалы қағаздар
эмиссиясы арқылы қосымша өндіріске тартуды басқарумен тығыз
байланысты.
5. Өндірісті қайта қаржыландыруға жұмсалатын ақша қаражаттар.
Тауар сатудан түскен түсім өндіріске қайтарылады. Ол материалдық-
техникалық жабдықтар алуға, жалақы төлеуге жұмсалады. Мұнда түскен
қаражатты тиімді, орынды жұмсау қадағаттануы керек. Амортизациялық
қайтарымдарды тиімді пайдалану да қаржы басқаруға жатады. Егер күрделі
қаржы уақытша жұмсалмайтын болса, амортизациялық ақша айналым қорына
жұмсалуы мүмкін. Айта кететін жағдай сатылатын тауар өтімді болып одан
мол пайда түсетін болса, онда амортизацияның үдемелі қайтарымын
қолдану керек.
6. Салынымға бағытталған қаржылық ақша қаражаттары.
Есеп айыру шотына түсетін ақша кәсіпорынның барлық төлемдерін
және қажетті есептесуге толық жететін болуы керек. Ақша-
қаражаттардың оптималды мөлшерін анықтау - қаржы менеджерлерінің
басты міндеті. Уақытша бос қаражаттарды кысқа мерзімді тез
өтетін қаржылық активтерге орналастыру керек. Ондай актив тез өтіп, пайда
әкелетін болуы керек. Ұзақ мерзімді қаржылық салым жоғары және тұрақты
табыс түсірмейді, ол әртүрлі мақсатта іске асады. Егер қаржылық салыным
кәсіпорынның жарғылық капиталына жұмсалса, ол ұзақ мерзімге
жатады, ал бағалы қағаздарға жұмсау, егер 1 жылдан артық ұсталатын болса,
тиімді.
7. Салықтар - ақша тасқындары, ол салық төлеумен байланысты,
оны қолданылатын салықтық заңдылықтар шеңберінде ықшамдауға
болады. Шын қаржы ресурсы - салықтарды төлегеннен кейінгі пайда.
Мүмкіншілігінше салық жеңілдіктерін пайдалану керек. Сонымен бірге ұзақ
мерзімді өндірістік инвестиция кәсіпорынға тиімді болады.
Қаржыны басқарудың субъектісі, яғни басқаратын қосалқы жүйесі болып,
каржылық дирекция мен оның бөлімдері және қаржылық менеджерлер табылады.
Олар қаржылық ресурстарды басқарудың мақсатын ұсынады және жүзеге асырады.
Қаржылық ресурстарды басқарудың түпкілікті мақсаты табысты қалыптастыру
және тиімді пайдалану механизм арқылы сәйкесті қызмет саласында
кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін көтеру болып табылады.
Мазмұны бойынша, қаржыны басқару қаржылық ресурстар қозғалысы мен капиталды
тиімді пайдалану және өсіру мақсатымен оларға әсер ететін шаралар кешенін
қалыптастыруды ұсынады.
Қорыта айтсақ, қаржыны басқару кәсіпорынның қаржылық ресурстарын
қалыптастыру, бөлу, пайдаланумен және оның ақша қаражаттарының айналымын
ұйымдастырумен байланысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу
Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру
Қаржылық жоспарлау және болжау
Қаржыны басқару және қаржы менеджменті
Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық рөлін жетілдіру жолдары
Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары
Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта қр-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржысын басқару
Пәндер