Капиталдағы сұранысты анықтау


login
password
Қаржылық жоспарға үш құжат жатады:
- Түсім мен шығындар туралы есеп;
- Жоспар-баланс;
- Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп.
Пайда мен шығындар туралы есеп
Кәсіпорынның пайдалы жағын бағалау үшін мынадай ақпаратті міндетті білу қажет:
- Сату көлемін болжау;
- Тура шығындардың мөлшерлік көлемі;
- Үстеме шығындар көлемі.
Сату көлемін болжау. Бизнеске әсер ету факторын анықтауға мыналар жатады:
- Сату көлемінің маусымдық ауытқуы
- Тауарлардың жаңа түрін жасау
- Сауда айналымынан кейбір тауар түрлерін алып тастау
- Экономикалық жағдайдың жергілікті ерекшеліктері
- өндіріс алаңдарын кеңейту
- тауар сату ұйымдары және басқалар.
Тура шығындар. Тура шығындар дегеніміз - бұл тауар сату ұйымдарымен байланысты кеткен шығындар. Түсімді жоспарлау кезінде сату көлеміндегі пайыздық түрдегі шығындарды елестетіп көреу керек. Кей кездерде тауар қоры жоғарылап кетсе мұны да түсімді жоспарлау процесінде негізге алу қажет.
Үстеме шығындар. Көп жағдайларда үстеме шығындардың көлемі үстеме шығындар бағасын бір жылға бөлу арқылы анықталады.
Ереже бойынша, коммерциялық қызметті жасауға байланысты оларға мыналар жатады:
- арендалық төлем;
- еңбек ақы;
- көлік шығындары;
- салық төлемдері;
- іссапар шығыны;
- кеңсе қажеттілігі шығындары;
- байланыс қызметін пайдалану шығындары;
- банктік несие мен басқа да ақшалай төлемдердің проценттері;
- жарнамаға кететін шығын;
- амортизациялық бөлінулер.
Жоспар - баланс
Баланс активі екі негізгі бөлімнен тұрады:
- айналым қаражаты немесе ағымдық активтер, - олар жыл көлемінде қолма-қол ақшаға айналады.
- Негізгі қаражат немесе фиксациялық активтер, ереже бойынша бірнеше жылдан кейін қайтып оралады, демек фирмаға ұзақ мерзімде қызмет етеді.
Материалдық емес активтер патенттер мен лизингтерге кетеді, сонымен қатар «фирма бағалары» - «гудвилла» немесе оның сауда маркасының құндылықтары сауда-саттықтың негізгі құралы болуы мүмкін. Бүгінгі күні кейбір қазақстандық фирмалар ғана өз гудвиллін анықтай алса, шетелде бұл кең тараған.
Пассивтер өз несие берушілері мен жеке фирма капиталы алдындағы міндеттерді атқарады.
Міндеттеме өз кезегінде ағымдық және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Ағымдық - оны жыл көлемінде төлеуге болса, ұзақ мерзімді - одан да ұзағырақ мерзімде төленеді.
Есеп бер кезеңнің балансы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қызмет етеді.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (Cash Flow)
Ақша қаражатының қозғалысы жоспарының көмегімен кәсіпкер өзінің айналым қаражатын анықтау үшін кез келген уақытта қысқа мерзімді несиедегі қажеттіліктерін бағалай алады.
Түсім есептері туралы есептен ерекшелігі ақша түсімдері туралы есеп акция сату мен алынған ақша сияқты барлық қаржы көздерінен түскен ақшалық түсімдерді есептейді, сонымен қатар кейбір активтердің тарауы мен сатылуынан түскен қаржыны да есепке алады. Шығындауға келсек, ақша түсімдері туралы есеп барлық шығындарға кеткен ақшаны есептейді.
Ақша қаражатының айналымы жоспарын құру үшін екі маңызды көрсеткішті анықтап алу керек:
- Күтілген ақша түсімдері
- Күтілген төлемдер.
Түсім
Түсімге ағымдық есептегі және қолма-қол ақша төлемдері жатады. Түсім кәсіпорынның сауда қызметімен байланысты және тауар сату нәтижесі мен қызметі кезінде туады. Түсімнің басқа көздері болып мыналар саналады:
- Банктік несиелер;
- Басқа мекемелер мен жеке тұлғалардың несиелері;
- Арнедаға берілген сауда орындарының арендалық төлемдері;
- Қандай да бір керек емес кәсіпорындарды пайдаланғандағы төлемдер.
Төлемдер
Төлемдерге түрлі баптардың көптеген сандары жатады, яғниқосымша тауар қорын ұстау, жабдық сатып алу, үстеме шығындар мен ағымдық шығындар жатады. Ақша қаражаты туралы есепке амортизация жатпайды. . Ақша қаражатындағы болашақ қажеттіліктері сауда көлемін ұлғайтуға және жоспарланған барлық шығындарға жететіндей болуы керек.
Қаржылық жағдайдың бағасы
Қаржылық есептерді жасау қаржылық жоспарлаудың соңғы қадамы емес. Оның сапалық жағын да тексеру қажет, яғни компания жағдайының индикаторы болып табылатын жасалған нормалар мен нормативтерге сәйкестігін анықтау. Мұндай индикаторларға сыналар жатады:
- Жоспарды іске асыру барысында фирма қызметінің шапшаңдығын көрсететін қаржылық көрсеткіштер. Олар пайда көрсеткіштері, капитал ұтымдылығы, қаржылық қызметтің көрсеткіші.
- Нақты жобаларда инвестициялардың қолайлығын көрсететін инвестиция қолайлығының көрсеткіштері: салынған қаржыларды қайтарудың уақытын көрсететін өтемділік мерзімі; жаңа өнім мен жаңа қызметтің пайдалық жағына әсер ететін кіріс көлемі; кірістің ішкі нормасы мен инвестиция тиімділігінің нормасы.
login
password
Капиталдағы сұранысты анықтау
Капиталдағы сұранысты анықтау - бұл тұлғаның материалдық қаупінің ұлғаюы тұрғысында жеке бизнесті жоспарлаудың сатысы.
Ұзақ мерзімді капиталдық сұранысты ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді қайтымды капитал сұранысын жоспарлау қажет (Мысалы, ғимарат салу мен жөндеу, т. с. с) . Бұл жерде дайын өнімдердің мен материал қорының жеткіліктігі туралы, дебиторлық қарыз бен кассалық банктік төлемдер туралы ойлау керек. Мұнымен бірге, құрылыс кезеңі мен жаңа кәсіпорынды жіберу кезіндегі қаржылық қиындықтар туралы мәселені естен шығармау қажет.
Ұзақ мерзімді капитал (инвестициялар)
Ұзақ мерзімді капиталдағы сұранысты негізгі капитал және өндірісалды шығындар деп екі инвестицияға бөлуге болады.
Негізгі капиталдағы инвестицияның типтік капиталы мыналар:
- Жер учаскесін алу және оны игеру;
- алаңдары мен ғимарттар салу немесе игеру;
- өндірістік және көмекші машиналар, жабдықтар алу;
- тазаланған ғимараттар салу;
- жобалы-конструкторлы жұмыстар.
Шығындар
Өндірісалды шығындар құрамына өндіру алдында жұмсалған шығындар кіреді. Олар мыналар:
- компания жасаумен байланысты шығындар;
- өндіріске дейін жалданған қызметкерлер мен басқару жұмысына төленетін ақы;
- арендалық төлемдер;
- іссапар және байланыс шығындары;
- кеңесшілерге төленетін ақы;
- жинақтар мен салықтар;
- банк қызметіне кеткен төлемдер;
- түрлі қала қызметтерімен келісім үшін шығындар;
- байқап көру шикізаты;
- кәсіпорынға жатпайтын білім үшін төлем;
- өндірісалды маркетингтік ұстам төлемдері.
Қысқа мерзімді капитал кәсіпорынды құрғаннан кейінгі қаржыландыруға, кеңейт жұмысына жұмсалады.
Айналма капитал келесі активтерді біріктіреді:
тауарлы-материалдық қорлар
Айналма капиталдағы сұраныс көлеміне тауар-материал қоры капиталының бағасы ерекше әсер етеді. Мүмкіндігінше тауарлы-материал қорын төменгі деңгейге азайтуға тырысу керек.
Тауарлы-материал қорының көлемін анықтау үшін мынаны есте ұстау керек:
- өндіріс материалдары (көмекші материалдар мен шикізат көзіне назар аудару қажет. Мысалы:
- а) егер материал жергілікті, яғни жеткілікті мөлшерде тез жеткізілетін болса, онда шектеулі ғана қор сатау керек;
- б) егер материал импортталатын болса, жеткізу процедурасына көп уақыт қажет болса, онда біршама мөлшерде материалдық қор сақтау қажет) ;
- артық бөлшектер (атық қор мөлшері жергілікті қойылымдар, импорт процедурасы, сол аймақтағы техникалық қызмет пен кәсіпорын қызметіне байланысты) ;
- аяқталмаған кәсіпорын (аяқталмаған өндірісті жабудағы капитал сұранысын бағалауда әр кезеңде өткізілген түрлі метериалдық ресурстарды пайдалану барысында қол жеткен өңдеу дәрежесі мен технологиялық процеске жан-жақты талдау жасау қажет) ;
- дайын өнім (дайын өнім қоры кәсіпорынның сауда практикасы мен өнім сапасы сияқты факторларға байланысты) .
Алу есебі (дебиторлық қарыз)
- Алу есебі - сату қызметі есебінде сатып алушыға берілген коммерциялық несиелер, яғни сатып алушы тауарға оын алған кезде емес, кейінірек төлейді. Бұл баптың өлшемі сол фирманың берген несие сату саясатымен анықталады. Несиеге сату көлемінің валдық көлемге қатынасы әр фирмада түрліше болады, бәсекелестік жағдайда.
Төлем есептері үшін кассалық және банктік төлемдер
Персонал еңбегінің ақысы мен айлық негізде пайызын төлеу кезінде төлемдердің түсімін көтеру кезінде пайыз бойынша төлемді толық жаппағанда болатын кейбір резервтердің қажеттігі туындайды. Осыған байланысты, кейбір кассалық және банктік төлем бағаларын қарастыру маңызды. Мұны осындай жағдайдағы еңбек ақы мен еңбек резервіндегі шығындардың айналым капиталын қосу арқылы жасауға болады (шикізат пен материалды қоспағандағы жіберілген шығынның 5 пайызын құрауы мүмкін) .
Төлем есептері (кредиторлық қарыз)
Төлем есептері несие талаптары бойынша, яғни шикізат, метериалдар мен басқа қызметтер белгілі мерзімге беріліп уақыты келгенде төленеді. Мұндай төлемдер мерзімін ұзарту арқылы айналым капиталы бағасын қысқарта алады.
Маусымдық кәсіпорынның айналым капиталы басқаша негізге есептелу керек - күнтізбелік жылды жұмыс және демалыс кезеңдеріне бөлу арқылы. Маусымдық кәсіпорындары айналым капиталын жұмыс кезеңдерінде құйып, жұмыс емес кезеңінде азайту керек.
Айналым капиталының сұранысын есептеу үшін 2 әдісті қолдануға болады:
1) Кумулятивті әдіс
Бұл әдіс жалпы кезеңді күндік капиталды байланыстыра отырып, күнделікті орташа төлемге көбейту арқылы жүзеге асырылады. Айналым капиталының бағалық есебі 1 мысалда көрсетілген.
1 мысал.
Кәсіпорындарда өнідірс материалыдраныңы міндетті қорларын сақтау мерзімі 25 күнді құрайды. Материалдарды жеткізу қызметі бойынша жеткізушілер төлем уақытын 10 күнге ұзарту мүмкіндігіне ие болады. Өнідірістік процесс 20күнге созылады, яғни - бұл дайын өнім өндіруге қажетті уақыт. 5 күн ішінде дайын өнім тұтынушылар қажетіне жетеді. Өнім кірісін жоғарылату үшін кәсіпорын тауар алушысына коммерциялық несие түрінде 15 күнге тауар ұсынады. Шығынның негізгі бабы бойынша орташа күндік төлемі мынадай: материалдар алу(50 мың теңге), персонал еңбегіне төлем (150 мың тг), үстеме шығындар (80 мың тг. ) . Мұның ішінде персонал төлемі өнідірістік процессті бастағанынан басталады.
Сұрақ:осы кәсіпорынның айналым капиталындағы сұранымы қандай?
Есеп:
Ең алдымен материалдарды алғаннан бастап тауар алушылардан ақша келгенге дейінгі кезеңдегі күндер санын көбейту жолымен «капитал байланысының» кезеңін анықтайды (тауарлар мен қызметтер) :
Жеткізілген тауарлардың төлемінің уақытын ұзартуын есептеген күннен бастап, «капитал байланысы» кезеңі 55 күнді құрайды (65күн
-
10 күн)
.
Материалдарға орташа күнделікті төлемі, персонал еңбегінің ақысы мен үстеме шығындар төлемін көбейтек күнделікті орташа төлемнің жалпы бағасы шығады:
50 + 150 + 80 = 280 мың тг
Жоғарыда аталған есептерді өткізген соң міндетті айналым капиталы бағасы шығады, ол - 15400 мың теңгені құрайды (55күн 280 мың тг) .
2) Таңдаулы әдіс
Бұл әдіс кумулятивті әдістен анғырақ. Мұнда еңбек ақы төлемдері, материалды алу мен үстеме шығындарды төлеуге қатысты қаржылық құралдардың «байланысының» түрліше жалғасымын негізге алады. Айналым капиталы бағасының есебі таңдайлы әдіспен 2-мысалда көрсетілген.
2-мысал. Келтірілген мысалдан айналым капиталының қажеттілігін анықтаймыз:
Айналым капиталының қажетігі мына бағалардан құралады:
- Материалдар сатып алу = (25-10+20+5+15) * 50 мың тг = 2. 750 мың тг;
- Персонал еңбегінің ақысы = (20+5+15) * 150мың тг = 6. 000 мың тг;
- Үстеме шығындар = (25+20+5+15) * 80 мың тг = 5. 200 мың тг.
Айналым капиталының тауар айналымына 13950 мың тг. кетеді.
Осы мысалдаың нәтижесі бойынша таңдаулы әдістің айналым капиталындағы қажетілігі кумулятивті әдістегіден аз болды (1, 450 мың тг) .
Ұзақ және қысқа мерзімді капитал қажеттігі анықтлған соң қаржыландырудың мүмкін нұсқаларын қарап көру керек. Ол үшін қаржыландырудың мүмкін қателіктерін негізге алу қажет.
Қаржыландырудың мүмкін қателіктері
- Жеке капиталдың өте аз бағамы;
- Банкке өз уақытында бармағандық;
- Инвестицияны қаржыландыру кезінде қысқа мерзімді несиені пайдалану;
- Жеткізушілердің ерекше тәуелділігі;
- Қаржыландырудың мемлекеттік көздерін қолданбау;
- Капитал қажеттілігін жеткізіліксіз жоспарлау;
- «проблемасыз және «арзан» несиелерді ойланбай алу.
Ақша қаражаты
Ақша қаражатындағы қажеттілік көлемі келесі жағдайларға байланысты:
- дебиторлық есеп қалай құрылып, жүргізіледі;
- несие пайыздары қалай жүзеге асырылады;
- несие берушілермен өзара қарым-қатынас қалай құрылған.
Қарыз қаражаты
Қарыз қаражатының негізгі көзіне мыналар жатады:
- Банк көмектері
- әртүрлі қор несиелері
- облигациялар мен басқа да құнды қағаздарды сатудағы қаражат
- кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар.
Тәжірибе бойынша қарыз қаражаты көздері көпшілікте банк көмектері мен түрлі қорлар беретін несие болатыны байқалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz