Шаруашылық субъектінің қаржылық талду негіздерін қарастырып оны тәжірибемен үйлестіру



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе.
I. Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты.
1. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.
2. Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негіздері.

II. Акционерлік қоғам Қазкоммерцбанк қаржылық жағдайдын талдау.
1. Акционерлік қоғам Қазкоммерцбанк қаржылық талдауы.
2. Акционерлік қоғам Қазкоммерцбанк қаржылық жағдайдын жетілдіру жолдары.

Қорыдынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылыгын жәнс оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтидьг. жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтыгы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және бас-қаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бүл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық
қатыкастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайыный тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі -
онда жоспарлық көрсеткіштер мей нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – шаруашылық субъектінің қаржылық
талду негіздерін қарастырып оны тәжірибемен үйлестіру. Осы мақсатқа жету
үшін келесідей міндеттер қойылады:
1. қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсатын зерттеу;
2. қаржылық жағдайды талдау әдістерін қарастыру;
3. қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негіздерін анықтау;
4. Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның қаржылық талдауын көрсету;
5. Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының
жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Казкоммерцбанк акционерлік
қоғамы болып келеді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиет тізімінен тұрады.

Қаржылық жағдайды талдаудың теориялық аспектілері
1.1 Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған [21].
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады [15]. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорын-ның қалыпты
өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы
ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату
және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруа-шылық субъектілерімен қаржылық
қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық түрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады [14].
М. Н. Крейнина қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық
жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және
пайдалануын сипат-тайтын көрсеткіштер жиынтығы" [5].
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъекті-сінің қаржылық жағдайы -
бұл оның қаржы бәсекелес-тік қабілетгілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілет-тілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капи-талды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттеме-лерін орындау [4]. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады (7).
С.А. Степанов осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау" [18].
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсет-кіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтиже-сшде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсшорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенщді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы
тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бүл ұғымды былай анықтауды
ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылыгын жәнс оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыгы нені білдіреді? Бұл сұрақта арнайы
оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз
қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін
қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық
тұрақтылық – меншікті және қарыз каражаттарының байланысы деп жазады [4].
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сон-дай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыз-дарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақ-тысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржы-лық түрақты болып табылады" деп жазады [11].
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепіл-дендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы" [21].
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады [14]. Ол ақша қаражаттарын
еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіз дігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды
кеңейтүге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның
қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуе-келділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілет-тілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсшорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық тұрақтылық - бұл табыс-тың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болыи табылады" [2]. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол
ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемле-
кетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұ~ мысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар
кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айы-рысулар мен барлық
міндеттемелерді орындағаннан кеиш, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның
мате-риалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік оеретшдей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың
кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы
ресурстарын тиімді қа-лыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" –
деп жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир [2].
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен B.C. Сайфуллин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен
шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі -деп түсіндіреді [21].
Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста [7].
"Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" [14] немесе
"Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде
пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады" [2]. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен
бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі
сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық түрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді
[14]:
пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері - кәсіпорын отында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактика-
сының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде
таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
эсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс
және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық
байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу –
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз оолигациясы боиын-ша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытга – облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несие-лерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қары-зын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны
беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айт-қанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша
мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және
оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін
бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың
ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік оереді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеу-шілігі кәсіпорынның төлеу
қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал
көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен
кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және
ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және
қорлар есебі;
баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
кәсіпорын табыстылығын бағалау;
кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынньщ шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтидьг. жабдық-
тау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтыгы коммер-цияльщ, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капитал-дың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік-сату көрсеткіштері-мен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын
төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала
қарастырылған сүрыпталымды үстап тұруы-на, өнім сапасының қажетті деңгейге
сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсшорьшның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерщ тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотьша ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасаиды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Kepi байланыс та бар, ол ақша қара-жаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты кәп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткішіің көлемі кәсіпорының өзіндік
қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында
елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылғак мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кэсіпорынның қаржылық жағдайының түрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:
кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

1.2. Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысы-ның өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банк-терді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық га-зеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық
қызметін дина-микада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік бере-тін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішіндегі жауапкер-шшік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды
есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу
деңгеиш анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, қалай жұмыс істейтінін
көруге мүмкіндік реді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті
жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы Дау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржыльіқ
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойың-ша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық
көрді. Бұд еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайың және оның
жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілі-гінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған
жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгей-лерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және бас-қаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бүл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық
қатыкастар және кәсіпшілік қызметпен мүл-дем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдері-мен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайыный тұрақтылығына қалай эсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшелік-терінің бірі -
онда жоспарлық көрсеткіштер мей нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорын-оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді ғана бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатын
жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде карқынды өзгеріп отыратын
нарықтық конъюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын
кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын
жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметге нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар,
коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нома-тивтерден ауытқуды талдау,
кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік
есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие
болады, яғни бұл кәсіпо-рынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігі-
нен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорын-ның мүдделі
контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген
кәсіпорынның шегін-де жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау
әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау
мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы
пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де
қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырды. Олардың Ішшен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) келденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір ициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы
бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы
ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі қүрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал
одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылык коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуій бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасЫ ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып
табылады және де олар талдау нәтижесінде алдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең
қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы
факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және бас-қалар. Қатынастарды
үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да,
бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі,
теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау
болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі
олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып
табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған
шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер
етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізіл-ген деңгейдің қолайсыз болуы
немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және
болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде
жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда
тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне
назар ударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы
туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық
жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіщ-терді зерттеу қажет
болады, себебі ол болып жатқаң жағдайларды түсінуге және де оларды тек
ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға
мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге
мыналар жатады: өтім-ділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік
белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ак
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстыр-ғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторльщ талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрееткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықгау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері
(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылык жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалык және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік жэне индекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономика-лык
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, кәсшорынның қаржылық жағдаиы-а талдау жургізудің
дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі
авторлардың ыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы
аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық
тұрақтылықтьің абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша,
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті
оның негізгі бастапқң пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақты-
лықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы
төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы
қорытынды жасауға тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді
құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп
талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің
даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның
Іпеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік
беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау
және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудыц бөлек тәртібін
кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді Оның мақсаты - шаруашылық
субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдеп қызметінің
нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорыннын болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы
толық бага беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылаі дәрежесі
аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі
әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы
талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып,
аудитор қаржылық жағдайды терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады
сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы
мен кәсіпорынның табысты лығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негіздері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпа-раггык негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады [10]:
бухгалтерлік баланс;
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын үстап
отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге эсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсі-
ніктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сег-менттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарасты-рылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған
жеңілдетілген түрде толты-рып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де
төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2
қаржылық жыл үшін) маңызға ие оолады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік
төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және
басқа ҚР төлемдерш , салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен
көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі
шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді,
себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге
бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден,
негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық
жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық
кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі бары-сында есеп беруді
құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтер лік
баланс және қаржылық есептеп негізгі ашылулар деген стандартында
көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның
қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдеп қаржылық жағдайында болған
өзгерістер туралы пай-далы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардын қаржылық нәтижелерін және
де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешім-дерді
шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы
субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыс-
тарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті
пайдалы ақпараттарды сипаттайды Алайда қаржылық есеп қолданушыларға
экономикалық шешшдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды
қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер
субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ
оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді.
Бұл нәтижесінде, субъектшің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы
төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін
анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын,
қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін
сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен
жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының
айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны
қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды,
дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар,
аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген
ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың
көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі
тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне,
әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілершің өзара
негізгі байланысына және басқару шешшдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептерің ақпараттық базасына айналды.
Кәсшорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсшорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық
және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай алама, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі
сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға
мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау
үшін өз тексеріс жүмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп
берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі
жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады,
ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағьпъш анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен
езінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның
шарттарът туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарынын мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді багалайды. Баланстың маңыздылығы
соншалық, кеп жағдайда қаржылық жағдайды Іалдауды баланстық талдау деп
атайды. Бухгалтерлік баланс -қаржылық есептің негізгі түрі бола отырьш, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорьш мүлкінің құрамы мен құрылымын. ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамккасы
мен жағдайын және кәеіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналас-ыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз
көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиім-ділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі
болып табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен
тұратын кесте түрінде құрылып келді, Активтер, баланс кәеіпорынының есепті
кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны
ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық
қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының
немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің
түрлері және олардың қалыптасу кездері сапалык біркелкі белгілері бойынша
топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және
оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан
құралады, ал оның ішінде эр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен
қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке
элементтер мен қорытындырылған керсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір
дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың етімділік дәрежесіне байланысты
мына принцип бойынша: етімділік дәрежесі аз активтерден әтімділігі
көп активтерге дейін, демек асында баланстың етімділігі жағынан
темен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін етімділігінің өсу
деңгейіне байланысты жоғары етімді активтер жазылады. Осы
принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым
қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық
салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша
қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік
дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің
жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс
жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша
сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің
бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне
арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған
оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық
көзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық
алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған
ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау деген оқулығында келесідей анықтама
берілген: "Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық
жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені
иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер -бұл
кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл
кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы
әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлык активтер мен
оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бүл берілген уақыт
мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып
табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де
активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс [3].
Әрі қарай олар баланстың непзп элементтерш келе-сідей сипаттайды:
Активтер - бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе
Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза
бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді
білдіреді.
Капитал - пассивтердің арнайы түрі.
Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы
меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.
Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша
нұсқаулар" оқулығында бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: "Баланстық есеп -
бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық
жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен
тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл активтер,
пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұмысын
қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ре-сурстар туралы ақпаратты
қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы
ақпараттан тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде
меншікті ме"
Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен
элементтері келесідей анықталады:
Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесшде кәсіпорынмен
бақыланатын және болашақта кәсшорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсшорынның ағымдағы
міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын
ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның
өзіндік қаражаты.
Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы
бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда
берілген аиықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы
заңды жасаушылар непз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр.
"Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан
негізгі элементтері - активтер, меншікті капитал және субъектінің
міндеттемесі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылык есептің бүл
элементтеріне келесідей сипаттама береді.
Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, жеке
мүліктік емес иелігі ж?не құқығы болып табылады.
Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамнын) белгілі бір әрекетті басқа
бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру,
жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белплі бір іс-әрекеттен бас
тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетш орындауын талап
етуге құқығы бар.
Меншікгік капитал — бұл субъектінің өз мшдет-темелерін шегеріп
тастағаннан кейінгі активтері [20].
Сонымен, қаржылық есептщ негізгі элементтерінің анықтамасын түсіндіруде
батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.
Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп
берудегі негізгі анықгаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтер дің,
меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, со-ндай-ақ қаржылық
есеп беруде анықтауға жатаіын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзак мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы
анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен мі-ндеттемелерді және олардың
жиынтық сомасын анық-тау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқару-шылық шешімдер қабылдауда
қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни
екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып
табылады.
Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрыніы қалпында қалып
отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі
төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип
бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі
азынан көбіне қарай.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
ұзақ мерзімді активтер;
ағымдағы активтер;
меншікті капитал;
ұзақ мерзімді міндеттемелер;
ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипатайды. активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер.
Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржы шаруашылық қызметі
нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.
Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс
мәліметтеріне ғана сүйенуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық субъектінің қаржылық талду негіздері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ, ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Экономиканы талдаудың негідері
Экономикалық талдаудың негіздері
Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның басқару жүйесінің жағдайы
Салық салу жүйесінің бейтараптылығы
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы
Меншік түрінің эволюциясы
Пәндер