Көшпелілердің соғыс өнері



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
2.3. Көшпелілердің соғыс өнері. Көшпелі халықтар ер қаруы саналған бес
қарудың әрқайсысының көптеген үлгілері, әрқилы нұсқалары, түрліше қолдану
әдістері болды. Әдеби деректер, археологиялық материалдар, бейнелеу
өнерінің ескерткіштері және музейлерде сақталған үлгілер қазақ батырларының
және қазақтың ата - тегі саналатын сақ, скиф, сармат, ғұн, түркі, қыпшақ,
оғыз, т.б. жауынгерлерінің қаруларының барлық түрлерін танып білуге
мүмкіндік береді. Бұл материалдар көшпелі түркі - монғол халықтарының қару
жасау өнері, шеберлігі жоғары деңгейде болатындығын дәлелдейді.
Енді әр қару түріне жеке - жеке тоқталып кетейік. Ату қаруы - жақ
(жай, садақ ). Отты қару пайда болғанша көшпелілер батырлары қолданған
ататын қару түрінің қазақ тілінде бірнеше атауы бар. Олар - жақ, жай (
жа ), садақ, адырна сөздері. Жай, жа атаулары барлық туыстас
түркі тілдес халықтарға ортақ атау болуы бұл сөздердің қару атауының көне
формасы екенін көрсетеді. Оғызнаме, Күлтегін жазуы сияқты көне түркі
жазба ескерткіштерінде де бұл атау жа ( йа ) түрінде кездеседі. Жақ
негізгі екі бөліктен тұрады. Серпінді етіп ағаштан, сүйектен жасалған,
негізгі ату функциясын атқаратын бөлігі - адырна деп аталады да, оған
керілген, оқты тіреп қоятын жібін - кіріс деп атайды.
Түйрейтін қарулар - найза, сүңгі, жыда. Жақын қашықтықта, бетпе-бет
айқаста түйреу арқылы қолданылатын қару түрі — найза. Оның жарақат
салатын негізгі бөлігі - басы, қолға ұстайтын жері - сабы. Найзаның
ұзын келген, екі басы да үшкір, сауытты тесуге арналған түрі -сүңгі деп
аталады. Айқаста сүңгінің екі жақ басы бірдей қолданылады. Найзаның
басындағы темірден жасалған түйрейтін бөлігі - жебесі.
Кесу қаруы - қылыш, семсер, сапы. Қоян қолтық айқаста кесу арқылы
қолданылатын қару - қылыш . Сондықтан қазақта қылыш міндеті -кесу
деген мақал бар. Бұл қарудың ертеде қолданған, екі жүзді, түзу түрі
-семсер деп аталады. Семсер сияқты түзу, бірақ қылыш сияқты бір жүзі бар
түрі - сапы деп аталады.
Қылыш, семсер, сапының бөліктері былай аталады. Кесетін темірі
-болаты, қолға ұстайтын бөлігі - сабы. Ол ағаштан, мүйізден жасалып,
ұшы алтындатылып, асыл тастармен әшекейленеді. Сабына қолға іліп алу үшін
тағатын жібі - бүлдіргі , оның үшы кішкене шашақпен бітеді. Сабы мен
қылыштың болаты түйіскен жерде қолды тіреп тұратын темірі - балдағы. Бұл
күндері сөздіктерде балдақ қылыштың сабы деп қате түсіндіріліп жүр. Қазақ
тілінде балдақ сөзі тірек мағынасында қолданылады ( бүркітті отырғызатын
тіре, ауру адам тірелетін балдақ, т.с.с.) (ҚТСС. 2 т.80 б.). Қылыштың
балдағы да қолға тіреу, қылыштасқанда басқа қаруды тіреп ұстауға арналған.
Ауыз әдебиетінде балдақ сөзі қылыштың тірек темірін мағыналайтынын
байқауға болады.
Шабу қаруы - айбалта. Айбалта да көнеден келе жатқан көшпенділер
қаруының бірі. Қазақ батырлары айбалтаны өте жиі қолданған. Сондықтан
еліміздің музей қорларында қазақ айбалталарының бізге жеткен үлгілері көп.
Айбалтаның бөліктерінің атауларына келетін болсақ, металлдан жасалып,
шабуға арналған негізгі бөлігі - басы, қолға ұстайтын бөлігі - сабы.
Соғу қаруы - шоқпар, гүрзі. Бес қарудың соңғы түрі шоқпар. Бұл соғу,
ұру арқылы қолданылатын қару. Негізгі ұруға арналған бөлігі басы, қолға
ұстайтын бөлігі - сабы. Басының сабымен түйіскен жері - сағағы. Сабына
қолға іліп алу үшін бүлдіргі тағылады. Формасына, жасалу материалына
қарай шоқпарлар бірнеше түрге бөлінеді. Шоқпар деп негізінде басы мен
сабы тұтас қылып, түбірлі ағаштан жасалғанын айтамыз. Ерте кездерде басы
тастан жасалған тас шоқпарлар да болды, олар орта ғасырларда да
қолданылды. Бастары металлдан құйылған ауыр шоқпар түрі гүрзі деп
аталады. Олар темірден, шойыннан, қорғасыннан құйылып, салмақтары өте ауыр
болды. Үшінші түрі - әскербасының лауазым белгісіне айналған, басы алты,
сегіз тілімді болып темірден жасалған, шоқпардың жеңіл түрі.
Шығыста мұндай шоқпар түрін сұлтандар қолданатын, ол
бұздығын (бұздырған ) деп аталады.
Қосымша кұралдар — қанжар ( пышақ, кездек ) арқан. Ат үстінде соғысып,
мүздай темір құрсанған көшпелілер батырлары үшін айқаста қанжардың керегі
шамалы еді. Сондықтан да ол ер қаруының санатына кірген жоқ, бірақ соғыста
көмекші құрал ретінде қолданылды. Қытай деректерінде де көне түркілердің
қанжары көп қолданбағаны айтылады. Көне сақ скифтердің қанжарлары семсердің
формасын түгелдей кішкене көлемде қайталауы, оның тұрмыста қолдануға
арналғанының дәлелі. Қанжарлардың қыны ағаштан істеліп терімен қапталып,
қызыл түске боялған, кейде әр түрлі тотемдік аң - жануарларды бейнелейтін
металл жапсырмалармен әшекейленетін. Мұндай бейнелер қанжардың сабының
ұштарында орнатылатын болған.
Әскердің жабдықталуы.
Көшпелілер жауынгерлері соғысқа шыққанда өзімен бірге екі - үш ат алып
жүрген. Марко Поло, П.Карпини еңбектерінде моңғолдардың жорыққа 2-3 атпен
шығатыны жазылады. Әмір Темір аманатында жорыққа әр жауынгердің екі ат,
әр онбасы бес, жүзбасы он, мыңбасы жүз аттан алып жүруге міндеттілігі
айтылған ( Әмір Темір аманаты, 72 -бет ). Орыс авторлары қазақтардың -
көрші аймақтарға жорыққа шыққанда шамасына қарай, әрқайсысы, шаршағанда
оларды ауыстырып міну үшін екі - үш ат мініп шығатынын жазады ( Прошлое
Казахстана ). Қазақ ауыз әдебиетінде, жырау толғауларында да осы туралы
айтылады. Соғыс кезінде әр жауынгер өзіне керекті қарумен қатар жорық
жағдайында қажетті түрлі жабдықтар, ине, біз, жіп, қайрақ, ара, балта,
оларды салуға қоржын не тері қалта алып жүрген. Тері қалтаны жауынгерлер
өзен — судан өткенде сал ретінде де қолданды. Мысалы моңғол жауынгерлері 2-
3 садақ, арқан, балта алған ( П.Карпини, 44 - 47 - бет ). Жақ, оқ, қылшан,
е - тұрман, т.б. жеке сарайларда сақталған ( Марко Поло, 95 - бет ).
Кенесарының да осындай қару сақтайтын арнайы үйі болды, оны қонақхане
деп атаған. Әскердің жабдық - шаруашылық бөлігін құрайтын адамдар тобы
болды. Моңғол армиясында ондай адамдарға черби деп аталатын әскери
лауазым берілді.
Көшпелі халықтардың әскери жүйесінің структурасы
Көшпелі халықтардың әскери жүйесі туралы сөз болғанда көбіне олардың
оң қанат, сол қанат, орта ( қол ) болып шеп құруы деп айтылады және әскерін
он санның негізінде құрылғаны ғана сөз болады. Тереңдеп зерттесек бұл
түсініктердің жеңіл, тар көзқарас екенін байқауға болады.Көшпелі
халықтардың әскери жүйесі бүдан әлдеқайда кеңде, күрделі кұбылыс. Қоғамдық
және әскери кұрылымның жүйесіне сүйене отырып көшпелі халықтардың майданда
әскер сапын түзудің схемасын жасауға болады. Майданда айқас алдында сап
түзуді көшпелілер шеп кұру дейді. Шайқасу үшін шеп құрылғанда әскер оң
қанат, сол қанат болып екіге бөлінеді, олардың алдында жаудың бағытын
аңлайтын қарауыл тобы бөлінуі мүмкін. Қазақша айтқанда, бұл әскердің
кезуілші бөлігі болады. Хан, бас қолбасшы ретінде, өзінің басқару тобымен,
айқасты бақылап, басқарып отыру үшін әскердің артын ала орналасады. Оның
жанында айнала қоршаған хан жасағы қоршап тұрады. Бұл қазақша тосқауылшы
бөлігі. Ең арт жақта әскердің запас заттары, обоздар, жабдық заттары
салынған арбалар, малшы, қызметші адамдар, әскердің шаруашылық бөлігі. Бұл
жерде әскердің салықшы тобы. Бұл әскер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер
ҚАЗАҚ ӘСКЕРИ ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Хұндар айбынды жауынгерлер
САҚ ӨНЕРІ
Көшпелі халықтардың әскери құрылымы
Сақтар туралы
Үйсіндердің шығу тегі
Саһа кеңістігі
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
ЕУРАЗИЯ ҚҰРЫЛЫҒЫНДАҒЫ САҚ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ
Пәндер