Қарым-қатынас мәдениетін танудың дүниетанымдық негіздері


Қарым-қатынас мәдениетін танудың дүниетанымдық негіздері
Адам баласының қоғамдық даму тарихының қайсы бір кезеңін алып қарасақта қалыпатасқан қарым-қатынастың формаларымен олардың функционалдық мазмұны, мән-мағынасы, олардың өсу даму динамикасы бір қатар факторларға, байланысты, яғни тәуелді келетіні көрініп тұрады. Атап айтар болсақ факторлардың ішінде аса маңыздысы болып ең алдымен қоғам өмірінің материалдық қарт, оның негізі ерекше байқалады. Сондықтанда материалдық факторды табиғи фактор деп атайды. Себебі, материалдық игілікті өндіруші өндіріс тәсілі мен одан туындайтын өндірістік қатынас сипаты адамдар арасында болатын жанды қарым-қатынас формаларын жасайды. Адамдардың қауымдасқан еңбек тиімділігін жетілдіру, арттыру, басқаларға оны үйрету әрекеттері, қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстарға, немесе нақты дүнелерге өз мүдделері үшін игілікті ықпал жасауы қарым-қатынас формаларын өзгертеді, жетілдіреді. Адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың қоғамдағы орны мен жағдайына қарай, яғни адамдардың әлеуметтік статусына /мәртебесіне/ қарай ажыратылады түрлерге де бөлінеді.
Осы әлеуметтік ажыратылым негізінде әр топтың өкілдері арасында өзара қарым-қатынаста қолданатын сөз түрлері пайда болды. Оларда киім кию үлгілері, жүріс-тұрыс мәнерлеріде дағланады. Мұндай даралану әрбір әлеуметтік топтың қалыптасқан өмір сүру салтына да байланысты болды. Ал өмір салты, оны сақтау ережелері мен нормалары адамдардың білімдік дәреже деңгейіне, кәсіби біліктілік қызығушылығына материалдық игіліктермен қамтылу жағдайына байанысы қалыптасып жетіліп отырған.
Осы даралаушы фактор адамдардың қандай әлеуметтік топқа жататынын яғни топ өкілі екендігін білдіріп тұратын көрсеткішке де алған. Ал осы көрсеткіш тәсіл ретінде адамдарды, топтарды бір-біріне қарама-қайшылықтағы лагерге бөліп қарсы қояды, немесе топтың ішінде дараланып тұратын байланысты құрайды.
Осы табиғи фактор әлі өзінің функциясын жоғалтпай келеді. Кеңестік құрылым мен оның идеологиясы осы қарым-қатынастың табиғи, жоққа шығаруға саясат ұстанды. Алайда жасандылық жасау бара алмайтынын, Кеңес дәуірі өмірі дәлелдеп берді, Ал тарихи деректерге сүйенсек Ежелден бері әлеуметтік ерекшеліктерді білдіретін соған сай қарым-қатынас нормаларын сақтайтын ережелер болған.
Айталық біздің жыл санауымыздың бұрын ежелгі Үнді жерінде елдегі береді. Руханият өкілдері, дәулетті-зиялылардың әртүрлі жас шама кезеңдерінде мінез-құлықты қандай өнегелі түрлеріне үйренуі керектігі көрсетілген ережелер болған. Соның негізінде қоғамдағы реттілік пен әдептілікті бұзбау жолдары ақталып отырған. Адамдар арасындағы өркениетті қарым-қатыиас жасау жолына насихаттық өнеге-үлгі көрсеткен бүкіл Шығыс еддеріне ортақ рухани қазына „Кабуснамада,, біздің эрамыздың 1-ші ширегінде дүниеге келген.
Сондай-ақ 1204 жылы „клерикалис тәртібі,, деген атпенен Испандық Петрус Алберонс тегіне, әлеуметтік алған орнына, мәртебесіне т. с. с. қоғам өміріндегі жағдайы мен күй-ахуалына қарай мінез-құлық ережелерін сақтау менен қарым-қатынас мәдениеттілігін орнату нормалары көрсетілген нұсқау құрастырған. Оның ұзақ жылдар бойы басшылыққа алынғаны тарихта белгілі. 1716 жылы ежелгі неміс қаласы Гамбургте „Әдепті өмір мен мәдениетті әңгіме өткізу ушін лауазымды қайырымды жандармен қарым-қатынас жасаудағы дағдылар сондай-ақ осы тектес әйелдағы дағдылар сондай-ақ осы тектес әйелдермен қарым-қатынас орнату тәсілдері деген нұсқауда құрастырған осы сияқты мінез-құлық ережелері мен қарым-қатынас жасау әдептері, нормалары мен реттілік жолдары көрсетілген нұсқаулар мен әдептану дүниелері басқа да халықтарда не жазба-түрінде немесе мақал-мәтел түрлерінде болды.
Осы әлеуметтік құндылықтар негізінде әрбір адам шыққан тегіне, білім дәрежесі мен деңгейіне, материалдық игілік иемдену шамасына қарай келісті мінез-құлық ережелерін сақтап, әдеп нормаларын бұзбаған, оларды үйреншікті дағдыларға айналдырған және қажетті жағдайда тұрмыстық т. б. өмір салтында оларды ретті пайдаланып отырған.
Қарым-қатынас мәдениетін сақтап оны қалауда қоғам өмірінің материалдық негізінің ықпал жасайтындығын еш қашанда терістеуге болмайды. Мұның қоғамның қандай формациясында болмасын ықпал болғандығын мойындай келе қарым-қатынас формаларына мынадай факторлардың да ұлттық, діни әдет-ғұрыптардың /бұларда адам баласының ортақ әдет-ғұрып әлементтерді кездесіп отырады/ үлкен ықпал жасайтындығын да есте сақтау керек. Жоғарыда айтылған факторлар қоғамдағы әртүрлі топтар өкілдерін топтастырып, кейде ажырату шектерін шығарып, ажыратылымының сан түрлі тәсілдерін қолданысқа тартуы әбден мүмкін. Белгілі бір әлеуметтік топтағы қалыптасқан дәстүрлердің күнделікті қолдану жолдары, әртүрлі себептерменен сол топтың кейбір өкілдері бүрынғы әлеуметтік статусы мен матерйалдық жағдайдан айырылып қалған жағдайдан өзінде де, субъектің мінез-құлқына оның мәдениеттілігше қозғау сальш, үйреншікті әдеті жалғас береді. Мәселен жер аударылған орыс ақсүйектері бұрынғы қолданыстағы лайықты. Қарым-қатынас формаларын, мінез-құлық мәдениет ережелерін, жүріс-тұрыс яғни костюм формасына, жеке бас гигиенасына баса назар аударьш, оларды мінсіз сақтағандары туралы көркем фильмдік, әдебиет-мемориальдық материалдар дәлел.
Қазақ жазушысы И. Есенберлиннің тарихи трилогиясында Төлебидің қолында түйеші болып жүрген болашақ ұлы қазақ ханы Абылайдың да текті ұя тәлімінен шыққандығын өзінің күнделікті дағдылы іс- әрекеттерімен мінез-құлықтарындағы бекзаттылыққа тән қылықтары арқылы өз ортасын тәнті еткен дәлелдер келтірілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz