Оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру
Кіріспе
Қазіргі күні Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа мемлекеттік
стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп,
бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың
белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының танымдық іс-әрекетін
дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру
мақсаты қойылып отыр.
Іс-әрекет - тілдік қатынастың бір бөлігі, ал сезім іс-әрекеттің
құрам бөлігі, ал екеуі қосылып барша жағдайларда тұтас бірдікті құрайды.
Тілдесу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістері оған қатынасқаң
адамдардың әлеуметтік қызметтерімен, қоғамдық қатынаста тұтқан орынымен
қандай да қауымға мүшелігімен анықталады да өндіріс, өнім алмасу жөне оны
пайдалануға байланысты жағдайларға, сондай-ақ қоғамда орныққан заңдар,
ережелер, талаптарға сай әлеуметтік мекемелер тарапынан реттеліп барады.
Сөйлеу - тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы. Бұл
қатынас айтушы және тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтушы
ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грамматика ережелеріне сай
оларды байланыстырады, артиқуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды.
Тыңдаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге әрекет жасайды.
Айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөз түсіністігімен белгілі ойды қабылдау
үшін, сол ойды өрнектеуге бағытталған екі тұлғага да ортақ сөздерді
жүйелестіру құралы мен ережелері болуы шарт. Мұндай құрал және ережелер
тобы сипатында көптеген әулеттердің өмір барысында өзара сөйлесуден
қалыптасқан белгілі бір ұлттық тіл қызмет етеді.
Тіл – сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа келтірінген жүйесі, ал сөйлеу
- ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік
қолданымы. Тілдің өзінде мағына-ой болмайды, ол тек ойды өрнектеуге
арналған әртүрлі таңба-белгілердің жиымтығынан тұрады. Ал осы қордан
сөйлеу үшін қажетті белгілі тілдік құралдар (дыбыстар, сөздер, ережеге сай
сөз тіркестері мен сөйлемдер, әуен, ырғақ т.б.) іріктеліп алынған шақта
ғада, ой білдіру мүмкіңдігіне ие боламыз.
Зерттеудің мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіре түсуде жүргізілетін
жұмыстардың маңызын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Балада сөйлеудің дамуымен оны тәрбиелеу жолдарын анықтау.
- Оқушының сөйлеу әрекетін дұрыс қалыптастырудың ерекшеліктерін
қарастыру.
Зерттеу объектісі:
- Оқушылардың сөйлеудің дамытып, тілін ширатудағы оқу – тәрбие
процесінің ролі.
Зерттеу пәні: Психология.
- ғылыми әдістемелік әдебиеттер.
- озат педагогикалық тәжірибелер
- баспасөз және ақпарат материалдары.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, тізімнен және
қосымшадар тұрады.
1. Ұлы педагогтардың жаңашыл мұғалімдердің бастауыш мектеп білім
жайлы пікірлері.
1. Тарау. Қарым – қатынас, сөйлеу және жеке адамның сөйлеу қасиеттері.
1.1. Коммуникация, қарым – қатынас және олардың құралы ретінде.
Қарым-қатынас дегеніміз — тіл арқылы пікір алысу. Лингвистср тілді қарым-
қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде ертеден зерттеп
келеді. Кибернетика мен информация теориясы жасалғаннан бері ойды машиналық
өңдеуге лайықтап, символдармен белгілеу міндеті туды. Осылайша машина тілі
деген пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық-есептеу машинасының
қызметін басқарады, оны информациямен қамтамасыз етеді. Жануарлар
арасындағы сигнал алмасу да тереңірек зерттеле бастады. Түрлі жансыз және
жанды системалар арасында информация алмасу жайлы да едәуір білім
жинақталды. Адамның қарым-қатынасы информация алмасудың жеке-дара жағдайыма
айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де
коммуникацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым-қатынасы жайлы
білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-қатынасының сөзден
тыс жолдары: келбет, ым, мимика, серіктестердің бір-біріне қатыс жағдайы,
бейнелеу кең зерттеле бастады.
Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс — дене құрылысы, түс, иіс —
мағыналы информациялық сигнал кызметін атқарып отыр (құмырсқалардың жаман
иісі, қауіп төнгендегі теңіз жануарларының кейбіреулерінің дене формасының
өзгеруі).
Жануарларға қарағанда адамның сыртқы түрі саналы өзгереді және белгілі
дәрежеде оны адамның өзі өзгертеді. Адам келбеті физиономиялық маскадан,
киімнен, жүріс-тұрыс кейпінен құралады. Физиогномиялық маска адамның басым
ойынан, сезімінен, қарым-қатысынан тұрады. Маска жасауға шаш, косметикалық
заттар, пластикалық операция, едәуір көмектеседі. Физиогномиялық
маскалардан ызғарды, жайдарылықты, өр көкіректікті, мейірбандықты және
басқаларды аңғарура болады. Қелбетті көбінесе жас шамасын, мамандығын,
қоғамдық жағдайын аңғартатын киім кию түрлері де толықтыра түседі. Орта
ғасырлардагы қалаларда белгілі бір сословиенің өзіне бөлек киім формасы
енгізілуі тегін емес. Бұл талапты орындамағандар қатан жазаланып отырған.
Қазірде де киім формасы белгілі бір мінез-құлық типін ұстауға міндеттейді.
Әскери форма катаң тәртіп, жинақылықты талап етеді. Ал қаралы киім киген
адамның көңілді жүруі ерсі көрінер еді.
Өзін-езі ұстай білу адамныц тәрбиелілігін, қоғамдық жағдайын, өзін-өзі
баралаушылығын, айналасындарыларға қарым-қатынасын аңғартады. Адамдардың
өзара байланыс жасауында, мазмұнды да жылы сезімді қарым-қатынасында
адамның бейнесі маңызды роль атқарады. Осының негізінде адамда алғашқы
пікір туады, қарым-қатынастың әрі қарай дамуы нақ осы алғашқы пікірге
байланысты болады.
Сыртқы пішін және физиогномиялық маска біршама тұрақты болады. Қарым-
қатынастың динамикалық қыры мимика мен ым-ишарадан байқалады. Мимика
дегеніміз — қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым-ишара дегеніміз —
психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасқан қимыл. Мимика да, ым-
ишара да оларды құрайтын кейбір элементтері туа біткенімен, коммуникацияның
қоғамдық құралдары ретінде дамып отырады. Мысалы, физиологиялық зерттеулер
жан рақаттандырарлық заттарды көргенде көздің қарашығы ұлғаятынын көрсетті.
Екінші жағынан бет құбылысы мен ым-ишараның біркелкі көрініс әр түрлі
мәдениет жағдайында мүлде қарама-қайшы мағына беруі мимика мен ым-ишараның
әлеуметтік тәуелділігін дәлелдейді. Мысалы, көздің бадырая ашылуы жапондық
үшін ашу-ызаның белгісі болса, европалық үшін — жайдары шырай немесе
таңдану белгісі.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеулерде қарым-қатынас жасаушылардың
аралырындағы кашықтықтың, партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне
көңіл аударылуда. Америкалық карым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы
зерттеулерге проксемика — деп ат қойылды. Төрт түрлі арақатынас бар:
көңілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшіліктік. Алғашқы екі арақатынас
жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік
қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас — бөтен адамдармен араласу.
Мұғалім осындай арақатынастарды алмастыра отырып, оқушыларға қосымша ықпал
жасауға жете алады, себебі бұл серіктер аралығындағы қарым-қатынас сипатын
өзгертеді.
Қарым-қатынаста серіктерді орналастыру да елеулі роль атқарады.
Мысалы, алғаш танысқан адамдардың қарым-қатынасы иін тіресе қатар
отырғаннан гөрі шарын стол айналасында еркін отырған жағдайда жеңілірек
болады.
Бейнелеу де (фотография, картинка, фильм, сурет) қарым-қатынас құралы
болып табылады. Алайда бұлар тікелей байланыс жасау құралдары емес, оны
тарату техникаға — кітап басу, кино, телевидениеге байланысты.
Жоғарыда қаралған қарым-қатынастың сөзден тыс кұралдары әдетте сөйлеу
қарым-қатынасымен демеліп отырады, тіпті балалар да түсіне алатын астар
жасалады. Мысалы, анасы баласына ашулы сөздер айтады, бірақ шын мәнісінде
ашуланбайды. Мұндайда сәби мамасының ашуы жоқ екенін бірден сезе қалады.
Балет, мимика өнері, дыбыссыз кино да түгелімең сөйлеусіз карым-қатынас
өнеріне құрылған. Драмалық постановкада актердің ойыны сөйлеу қарым-
қатынасы құралынсыз мүмкін емес. Актер үшін бейне жасаудың психологиялық
мәні сөйлеу мен коммуникацияның келбет, мимика және пантомима, ым-ишара,
партнерлер ара қатысы сияқты сәйлеусіз қарым-қатынас құралдарын шебер
үштастыра білу болып табылады.
Коммуникацияның сөйлеу және сөйлеусіз құарым-қатынас құралдарының
бірлігіне жету — балалармен жұмыс жүргізетін мұғалімнің міндеті болып
табылады. Педагогикалық міндеттерге сай өзінің тебіренісін, катынасын, ой-
пікірін білдіре отырып, мұғалім соларға сай әсер ету құралын табуы керек.
Тіл — адам коғамының рухани өмірінде объективті өмір сүретін құбылыс.
Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын белгілер жүйесі және ой қаруы болып
саналады. Тіл мағыналы сөздерден және солар бойынша сөйлемдер жасалынатын
ережелер жиынтығы — синтаксистен құралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы
болады. Сөздіқ мағынасы — оның нақты болмыста белгіленген объектіге
қатынасы, бұл арада объектінін, санада қалай қабылданғаны есепке алынбайды.
Тілдің грамматикалық категориясы логикалық категориямен ұштастырылады.
Логикалық категориялар жалпы адамдық болып табылады. Олар әр тілге тән
түрде тиісті грамматикалық кұрылымдар арқылы білінеді.
Тілдің сөздік қорында осы тілде сөйлейтін адамдар қауымдастығының
айналадағы дүние туралы білімі сақталады. Тіл— ой музейі деген теңеу
тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша және ауызша сөйлеу арқылы іске асады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста пайдаланылмайтын, бірақ жазбаша түрде
сакталған тілді өлі тіл дейді. Демек, тіл рухани мәдениет құбылысы ретінде,
өзін жасаған қоғам құрып кеткен сон да өмір сүре отырып, жоғалған
цивилизация мәдениетінің аса қүнды ескерткіші бола алады екен (мысалы,
ежелгі грек, латын тілдері, сан-скрит).
Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар (сөйлеу тілінде) және
графемалар (жазба тілінде) болып табылады. Нақ осы әлеуметтік тұрғыда
жасалып, қалыптасқан дыбыстар мен графикалық белгілерден адамзат
тәжірибесін паш етуші сөздер құрылады.
Сөйтіп, тілде бізден бұрынғы ұрпақтар жасаған аса бағалы өмірлік қазына
жинақталады. Осыған орай сәби тіл үйрену нәтижесінде өзініқ таным
әрекетінің тар шеңберін кеңейтеді, адамзаттын, қолы жеткен білім деңгейіне
иек артады, өз басының тәжірибесін сөзбен беқітіп, оны айналасындағыларға
таратуға мүмкіндік алады.
Психологиялық зерттеу объекті рухани мәдениет құбылысына жататын тіл
емес, сөйлеу болып табылады. Сөйлеу мен тілдін, айырмашылығы неде және
сөйлеу психикалық құбылыс ретінде қандай кызмет атқарады? Бұл сұраққа жауап
беру үшін индивидтің сөйлеуінің қалыптасу кезеңдеріне назар аударған жөн.
Баланың сөйлеуінің дамуы, психологияда айтылатындай, оның вербальдық мінез-
құлқы, біртіндеп тіл үйренуіне байланысты бірқатар кезеңдерден өтеді.
Тіл — қоғам өмірінін, объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және
адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. Қай тілдің болмасын
айтылуынық грамматикалық және синтаксистік нормативті ережелері болады.
Сөйлеу — психикалық құбылыс. Ол әр адамнын тек өзіне ғана тән болады және
сөйлеуде объективтік шындықты осы адамнық субъективті бейнелеп, білдіруін
көрсетеді, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Қарым-қатынаста
адам тіл байлығынық шағын бөлігін ғана пайдаланады. Тіпті ұлы жазушылардың
тілінің өзінде 10 мыңнан 20 мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің
кұрамында бірнеше жүздеген мың сөз болатыны белгілі. Жеке адамның сөйлеуі
тіл стандартынан ауытқи айтылуымен және сөйлем құрылысымен ерекшеленеді.
Сөз әлдебір нәрсені хабарлау үшін заттың атауын, қимылды, қалыпты т. б.
білдіруі керек!
Психикалық құбылыстағыдай сөйлеуде сыртқы дүние бейнесін келтіру оны
сөзбен белгілеу және бекіту мүмкіндігі сананың өмір сүруінің негізі болып
табылады. Сана сияқты тіл де ежелден бері бар; тіл дегеніміз өзге адамдар
үшін де керек, нақ осылай болған соң мен үшін де керек, практикалық, іс
жүзіндегі сана, сондықтан да сана сияқты тіл де тек қажеттіліктен, өзге
адамдармен қайткенде де қарым-қатынас жасау қажеттігінен туады.
Түрлі себептермен адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінен толық сыртта
қалған балаларды бақылау, олардың санасынын, дамуы тежелетінін көрсетті. Ал
адамдар арасындағы қарым-қатынас процесіне қосылған кезде олар сөйлеуі
қалыптасқанға дейінгі өз күйлерін, дүниеге қатысын есіне түсіре алмайды. П.
Ф. Лесгафт санасы іске қосылған адам өзі аңғарғанның бәрін сөзбен жеткізіп
бере алады деп орынды көрсеткен.
Сөйлеудің физиологиялық негізін екінші сигналдық жүйенің қызметі
құрайды. Бұл жүйенің тітіркендіргіші заттар мен олардың қасиеттері емес,
сөз болып табылады. Тітіркендіргіш ретінде сөз: естілетін, көрінетін және
айтылатын болып үш формаға бөлінеді.
Біз сөйлегенде дыбыстық түйіндерден сигналдар ми қыртысының сөйлеу
зоналарына барып жетеді, соның нәтижесінде сөйленетін сөз қосымша
бақыланады. Кітап оқыған кезімізде дыбыстық түйіндер шиыршық атып тұрады,
оны біз аңғармаймыз. Окуды жана үйренушілер еркін жыбырлатып отырады, бұл
оларға жазылғанды түсінуге көмектеседі. Мағынасы қиын сөздерді тындай
отырып, біз оны іштей қайталап айтамыз. Сондықтан И. П. Павлов сөз
жылжытқыш талдағыштан миға келіп түсетін кинестезиялық сезуді сөйлеудің
базальдық (базальдық — негізгі, негізге жататын) компоненттері деп атады.
Сөйлеудін физиологиялық жағын қарастырғанда онын, екінші сигналдық
рефлекспен шектелмейтінін атап айтқан жөн. Сөздік тітіркендіргішке
жануарларда да рефлекс қалыптасуы мүмкін.
Бұған мысық пен иттің аттарын атап шақырғанда елеқ етуі мысал бола алады.
Бұл тұста олардың сөздіқ мағынасына емес, оның дыбыстық құрамына,
интонациалық ырғағына елеңдейтінін аңғару қиын емес. Мысалы, Мурка
аталған мысықты Шурка, Бурка деп шақырсаң да келе береді. Адам
сөйлеуді қабылдағанда сөздің мағынасына көніл аударады.
Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйемен бірлесе жұмыс істейді.
Бұл бірлестік бұзылса, сөйлеу мән-мағынасыз сөздер тізбегіне айналады. Ми
қыртысынын, сөйлеуді басқаратын аймағында бүкіл нерв жүйесі қызметімен
үйлесімді байланысы бар және бір-біріне ынтымақты әсер етуші бірнеше
талдағыштар болады. Есту талдағышы — Вернике орталыгы (оған зақым келгенде
адам сөзді естиді, бірақ мағынасын түсінбейді), қозғаушы талдағыш — Брока
орталығы (оған зақым келгенде адам айтқан сөзді түсінеді, бірақ сөз
сөйлеудің перифериялық аппараты толық сау болса да сөйлей алмайды).
Сөйлеуді түсіну ми қыртысының белгілі бір зонасының кызметіне байланысты.
Оның зақымдануы жеке сөздерді түсінгенімен сөйлеудің жалпы мағынасын
ұғынбаушылыққа әкеліп соғады.
Сөздің психологиялық және физиологиялық ролін бағалай отырып, А. Р.
Лурия былай деп жазды: Екінші сигналдық жүйенің негізін құраушы сөйлеу
және оның ізі болмыстың сигналдарын тежеуге және қорытындылауға, ниетті
қалыптастыруға, болашақты болжау үшін негіз қалауға мүмкіндік береді.
Сөйлеу ми қыртысының тонусын демеуші және адамның мінез-құлқын белгілі бір
мақсатқа бағыттаушы программа жасайтын қозудың ұзақ құрылымын жасауға да
мүмкіндік береді. Ол бастапқы мақсат пен әрекет қорытындысын салыстыруға
және өз әрекетін сезіне отырып, жіберілген қателерді түзеуге мүмкіндік
береді. Адамның саналы мінез-құлқынық негізгі ерекшеліктерінің бірі
сөйлеудіқ нақ осы реттеуші функциясында жатыр.
Оқушының мінездегі бір қасиет оның өзгерлермен қарым – қатынас жасауды
қажет етуі болып табылады. Бұл қажеттілік оның көріну дәрежесінде, адамның
темпераментіне және қарым – қатынас тәжірибесіне орай мінездің әрбір адамға
тән коммуникативтік белгілерін қалыптастырады. Мұндай белгілерге
көпшілдікті, тұйықтықты және мылжындықты жатқызуға болады.
Көпшілдік — басқа адамдармен қарым-қатынасқа мейлінше құштар болу.
Басқалармен сөйлескенде адам өз ойын, сезімін, тілегін, болып жатқан
оқиғаға қатысын білдіру, сөйтіп тыңдаушының көзқарасына ықпал жасау
мақсатын қояды. Көпшілдікті көп сөйлеуші деп ұғуға болмайды. Көпшіл деп
рухани өмірі бай және басқаларға айтары бар адамдарды айтуға болады.
Көпшілдік сөйлесетін адамдарды ажырата білуде, қай адамға не нәрсені, қай
формада айтуға болатынын білуді қажет етеді. Бұл адамнын, көзқарасы, сенімі
және басқаларға кәрсетер тәрбиелілігше байланысты. Көпшіл адам не айту
керек екенін білумен қатар, не айтқанын да әрдайым есте сақтайды. Бір
айтылған әңгімені, бір ойды қайталай беру, көпшілдіктін негізі болыл
табылатын ой байлығының жоқтығын білдіреді.
Тұйықтық кепшілдікке қарама-қайшы мінез болып табылады. Тұйық адам
басқалармең бөлісуге болатын ойы мен сезімін өз ішінде бүгіп қалады.
Тұйыктықтын себебі көп жағдайда адамдарға сенбеуден немесе басқалармен
сырласқысы келмегендіктен емес, өзгелермен қарым-қатынас жасау дағдысының
жоқтырынан және оны қажетсінбегендіктен болады. Мұндай тұйықтықтың
тымыраюмен, айналадағының бәріне сенбей, кү-діктене қараумен үш қайнаса
сорпасы қосылмайды.
Мылжындық тұнықтыққа мүлде қарама-қайшы. Мылжыңдық дегеніміз тежеусіз
сөйлей беру. Ол мән-мағынасыз, түкке тұрмайтын жайларды бет алды айта
беруді әдет ету, кейде әдепттілік сақтап үндемей-ақ қоюға болатын жайларды
да айтып салып қарап отыру. Мылжыңдық ақылдық саяздығына, қарым-қатынас
жасау талғамының жоқтырына, адамның ерік-жігері әлсіз дамуына байланысты.
Адамға тән мінез қыры көңіл күйге байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан
кейде мұндай сәттерде қарым-қатынас дәрежесі сол көңіл күйдің ырқында болуы
мүмкін. Көңіл күйінін көтеріқкі болуы тұйық адамды бір сәтке көпшіл, ашық-
жарқын етуі мүмкін. Кейде қатты қорқу тұйық адамды мылжыңдык жағдайына
жеткізеді.
Адамның ерекше бір қасиеті — сөзге шешендік деу керек. Бұл ерекшелік
көбінесе коғам қайраткерлерінде, оқытушыларда, актерлерде байқалады. Мұндай
адамдарға ой мен сөз бірлігі тән. Ой бейнелі, айқын да көкейге қонымды сөз
аркылы беріледі. Тілге шешен адам нысаналылығымең және сендіре білумен
ерекшеленеді. Шешендік аз сөзбен көп мағына бере қыска сөйлеуді жоққа
шығармайды. Сөзуарлықты шешендікпен шатастыруға болмайды. Сөзуарлықта
сылдыр сөзре беріліп кетіп, ой мен іс алшак қалады. Мағынасыздық, сылдыр
сөзге салынған дауырықпалық сөзуарлықтың ерекше белгісі.
Сөйлеуде адамның моральдық және ерік-жігер қасиеті көрінеді. Белгілі бір
адаммен әңгімелескенде сол адамның сеніммен немесе жалтақтай сөйлегенін
әрқашан байқауға болады. Әбден төселген тіс қаққан шешеннің өзі әңгіме
болып отырған мәселеге өз қатынасын жасыра алмайды. Тайқақтау, құрметтеу,
арсыздык, сыйлау, мінездің тағы басқа да осындай белгілері сөйленген сөздің
мазмұнынан, дауыстың ырғақ-әуенінен ап-айқын аңғарылып тұрады.
Не айтып, не қойып тұрғанын аңғара сөйлеу адамның бай-салдылығын
танытпақ. Мұндайда сөйлеуші тек сөйлеп қана қоймай, сонымен бір мезгілде өз
сезіне құлақ түргендей де болады. Шешен ойша өзін тыңдаушының орнына қойып,
осыған сәйкес өзінің дауыс күшін, көңіл күйін ұтымды бағыттауы керек,
өзінің ойын неғұрлым көкейге қондыра жеткізетін сөздерді іріктеп алып,
қолдана білуі керек. Ойлай білетін адам өзінің логикасымен тындаушыларды
әрқашан баурап алады.
Сөйлеуде адамның сезімінің де әсері аз емес. Әңгімешінің өз сөзі өзін
баурайтын, баурамайтынын немесе өзі баяндап тұрған жайларға немқұрайды, дел-
сал қарайтынын әрқашан айқын аңғаруға болады. Тыңдаушы баяндап тұрған
жайлардың сөйлеушінің өзін жалықтырғанын бірден байқай қояды. Қорқу немесе
қуану, таңдану және масаттану сияқты көңіл күйдің ана-ғұрлым күшті
құбылыстары да белгілі бір дәрежеде сөз сөйлегенде байқалып тұрады.
Баяндамашының көңіл күйі тыңдаушыларға да әсер етеді. Сол себепті
педагогикалық процесте материалды қуанатын жерінде қуанып, ренжитін тұсында
жабырқау тартып т. б. осындай күйде баяндаудың мұғалімнің өз сабағына жан-
тәнімен берілуінің маңызы зор. Өйткені бұл қасиет шәкірттерге де даритын
болады. Шын жүректен шыққан жалынды сөз үлкенді.де кішіні де еліктіріп
әкететін аса ықпалды құралдардың бірі.
Сөз сөйлегенде адамның бағыттылығынан: оның мақсат-мүддесі, нені
қажетсінуі сенімділіқ жайы байқалады. Біріншіден, бағыттылык әңгіменің
тақырыбы мен мазмұнын белгілейді. Екеншіден, өзі қолына алған іске адам
ойша да, қарым-қатынаста да көп қайтара оралады. Адамнын, өзі қызығатын
жайлар туралы әңгімесі әрқашан қызықты, лексикалық жағынан бай, сезімге
толы келеді.
Ойлау мен сөйлеу арасындағы тығыс байланыс адамның сөйлеу ерекшелігінде
оның біркатар ойлау ерекшеліктері де көрінетінін түсінуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, бейнелі ойға, бейнелі сөйлеу сай келеді. Түсінікті ойлау
пайымдаудың бейнелік дәлелділігі емес, логикалық тұрғыдан дәлелденіп,
мейлінше қорыта сөйлеуге байланысты.
Адамның сөйлеу қасиеті алда шешілуге тиісті міндеттерге байланысты, ол
міндеттер күні-түні адамның ойында жүреді. Білім беру, айтпақ ойын
тыңдаушыларына кеңейтілген логикалық формада жеткізу міндеті, көкейдегі
ойды мейлінше айқын, анық сөздермен айтуға дағдыландырады. Мәселені іштей
ойлау, яғни іштей сөйлеу арқылы ойлану дағдысы көбінесе өз ойын айтқысы
келген сәтте тыңдаушылармен тіл табыса алмауға әкеліп соғады. Айтушының өзі
үшін айқын ойды аудитория қабылдамайды. Мұндай жағдайда сөйленген сөз ойды
ашқан жоқ, керісінше жапты дейді.
Адамның мәдени дәрежесін сипаттау үшін, адамнын бағыттылығымен тығыз
байланысты сөз сөйлеу стилінің елеулі мәні ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz