Қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселелері


Жоспары
- Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
- Қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселелері.
- Қарым-қатынасты дамыту жолдары.
Қарым-қатынас сөз болғанда ең алдымен адамдардың сөздік және бейсөздік құралдарының көмегімен түзілетін өзара қатынасы көрініс табады.
Адам-адаммен қарым - қатынас жасаған кезде олардың арасындағы жалпы, барлығында да ортақ қызығушылық, мақсат, зат, идея, сезім т. с. с. пайда болары анық. Достық, туыстық қатынастарды назарға алмағанда, қастық ниетпен болсын, ұнамсыз қатынастар болғанның өзінде де сол жағдайға қатынасушыларды біріктіретін уақыт, кеңістік, мәселесінің болары сөзсіз.
Қарым-қатынас, ғалымдардың зерттеуінше, адамдарды біріктіру және жеке адамды дамыту құралы. Қарым-қатынастың түп-тамыры адамдардың материалдық өмірінде жатыр, ол адамдар қатынастарының бүкіл түрін жүзеге асырады. Адамның тұлғааралық қоғамдық қарым-қатынастарының барлығы ортақтасу арқылы жүзеге асады.
Қарым-қатынас адамзат тарихының жолсерігі, оның адамзат филогенезіндегі мәні шексіз. Жеке адамдардың да күнделікті тіршілігінің алғы шарты - қарым-қатынас.
Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі - ортақтасудың тұлғааралық және топаралық формаларын танып - білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдерімен технологияларының жиынтығы. Қарым-қатынас психологиясының маңызы зор. Адам өмірін қарым-қатынассыз, топішіндік және топаралық қатынассыз елестетудің өзі қиын.
Қарым-қатынас -адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарты, негізі, адамның психикалық дамуының факторы:
- Қарым-қатынас үрдісінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады, адам тек қана қарым-қатынас арқылыадам болады. Қарым қатынас прецессінде жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді. Қарым-қатынас процесінде өзге үшін, өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады. ( ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан таниды. )
Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуымен нәтежиелі дамуы оған қатысушылардың өзін-өзі және өзара түсінісуге байланысты. Адамдар бірін-бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді. өзге арқылы өзін қалай таниды, қарым-қатынас барысы да, арақатынастары да соған байланысты. Сонымен бір адамды екінші адамның қабылдауы қарым-қатынастың міндетті құрамдас бөлігі ретінде шартты түрде қарым-қатынастың перцепциялық жағы болып табылады. Әлеуметтік перцепция қарым-қатынас процесінде бірін-бірі, өзін-өзі тану мен түсіну.
Адамдар бір-бірін көргенде сыртқы физикалық сипаттарын қабылдайды. Ең алыдмен сыртқы түрін (дене мен киім пішімін) және тәртібін(қимыл қозғалысын) бағалайды. Сыртқы сипаттамасына қарай бақыланушының ішкі қасиеттері туралы да тұжырым жасайды. Бақылаушы өзі берген бағаға орай бақылаушыға белгілі көзқараста болады, оған деген ішкі эмоциялық қатынасын (ұнайды, ұнамайды) орнықтырады. Бақылаушы бақылаушының сыртқы түріне қарай оның психологиялық қасиеттерін таразылап, одан не күтуге болатынын алдын ала болжап, ол адамға қатысты өз іс-әрекетін белгілейді.
Алғашқы әсер қалыптасуының типтік схемалары. Бірін-бірі көптен білетін адамдардың қарым-қатынастарын сызбалау қиынға түседі, ал алғашқы кездесу кезіндегі әсерлерді бір сызбаға келтіруге әбден мүмкін. Адамдар бір-бірімен танысуының басында өзгенің қылықтары мен сезімдерін қабылдағанда, өздерінің өткен өмірде қалыптасқан стереотиптерінің рөлі үлкен.
Адам туралы алғашқы әсер қалыптасуының типтік сызбалары:
артықшылық факторы, бақылаушыға катынас факторы, ұнамдылық
факторы. Аталған факторлар алғашқы танысу кезінде кейбір
қателіктерге жол салады.
Артықшылық факторы әлеуметтік қабылдаудың механизмі ретінде ортақтасу серіктері тең болмаған жағдайларға тән. Дәлірек
айтқанда, бұл қателіктер бақылаушы бақыланушының өзімен
салыстырғанда маңызды көрсеткіштер бойынша (ойы, бойы,
қоғамдағы орны, қызметі) күштілігін сезінгенде жүзеге асады. Бір
көрсеткіш бойынша өзінен артық адамды басқа көрсеткіштер
бойынша да артық деп санау, жалпы тұлғалық қасиеттерін биік
дәрежеге көтеру - алғашқы әсердің әлсіз жері. Өзіне сенбейтін, өзін кем санайтын адамдар қиын-қыстау кезеңдерде, төтенше
жағдайларда күнделікті тіршілікте сене бермейтін адамның соңынан
еріп кетеді. Осыған дәлел - халық мақалы - аузы қисық болса да,
байдың айтқаны дұрыс".
Ұнамдылық факторы қабылдаушы қабылданушының сыртқы
сұлулығын басқа тұлғалық қасиеттеріне де таратуымен байланысты.
Әдетте адамдар келбеті әдемі. беті сулу адамның ішкі дүниесі де
әсем керемет деп санайды. Мысалы ер кісі сұлу әйелдерді,
бақытты, тәртіпті, мейірімді деп есептейді екен. Бойы ұзын, иығы
кең жігіттерді батыл, сенімді, жеңімпаз деп қыздар ұнатып тұрады.
Керісінше бет-әлпеті келіспеген адамды ұнатпау кең тараған.
Классикалық әдебиетте мұрнының ұзындығынан бақытсыз өмір сүрген Сирано де Бержарак драмасы кең танымал. Зигмунд Фреид айтуынша анотомия - адам тағдыры. Нәтежиелі қарым - қатынас орнату үшін осы қателіктерді ұмытпаған жөн.
Бақылаушыға қатынас факторының қайнар көзі - басқалардың оған деген қарым-қатынасының сипаты. Бізбен жақсы қатынас орнатқан кісінің ақылын, ісін жоғары, ал бізді менсінбейтін, не жек көретінадамның іс-әрекетін де, мінезін де төмен бағалаймыз. Өзіндік сызбаның қателігі-өзің жақсы көретін адамды жоғары бағалау. Мысалы, біздің ауылдың адамдары сұлу ды емес мені сүйгенді сүйемін дейді.
Сонымен алғашқы танысудың механизмі бейтаныс адамды басында белгісіз топтың мүшесі ретінде, сонан кейін жеке тұлға ретінде қабылдау. Алғашқыда топаралық қатынастар басымырақ болады, кейін тұлғалық арақатынастар іске асады. Аталмыш факторлар ортақтасудың үрдісін, техникасын, қателіктерін анықтайды.
Өзге адам туралы алғашқы әсер қалыптасуы әлеуметтік стереотипке негізделген. Әлеуметтік стереотип -белгілі әлеуметтік топтардың мүшелеріне тән кейбір құбылыстар мен адамдар туралы қалыптасқан тұрақты бейнелері мен пікірлері, әдеттегі жорамалдар.
Әртүрлі әлеуметтік топтар (ұлттық, кәсіби, діни) белгі тұрақты түсініктеме береді, заттарды әдеттегіше талдайды, Мысалы. орыстың бәрі сары", "әртістердің барлығы жезөкше", "еркектер бала тәрбиелеуді білмейді", "жігіттердің: барлығы қызғаншақ". "келіндер енелерін жақтырмайды".
Кең таралған стереотиптердің қатарына ұлттық, этникалық стереотиптер кіреді. Белгілі ұлттың типтік өкілдерінің сыртқы бейнесі және мінез ерекшеліктері өзгелерге танымал болады. Мысалы, француздардың жеңілтектігі, американдықтардың іскерлігі, ағылшындардың кербездігі басқа ұлттарға танымал. Сонымен, әлеуметтік стереотип - кұбылыстар мен заттарды әдеттегідей түсініп жору.
Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы.
Қарым-қатынас серіктерінің өзара- әрекет алмасуының қай жақтары маңызды, қай жақтары қосымша рөл атқарады? Қарым-қатынас жасаудың интеракциялық жағын зерттеген ғалым Р. Бейлс оны сипаттаудың төмендегі сызбасын жасаған. Оның пікірінше, тұлғааралық өзара әрекеті 4 категория арқылы сипаттауға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz