Тәуекелділіктің мәні мен түсінігі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР :
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Тәуекелділіктің мәні мен
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Тәуекелділіктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.4
3. Тәуекелділіктен келетін
зияндар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
4. Кәсіпкерлік жобаны қаржыландыруда ескерілетін
тәуекелдер ... ... ... ...6
5. Кәсіпкерлік тәуекелдікті
сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 7
6. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырудың бірнеше ерекшеліктері
... ... ... . 8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер мен wев
сайттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Кіріспе
Кәсіпорын жұмыс істеу барысында кәсіпкерлік тәуекелге барады. Бұл
нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің
ерекшеліктеріне кәсіпкерлікте пайда болатын тәуекелдік құбылыстардың
артықшылығы мен кемшіліктерін қарастырады.Тәуекелдіктің белгісіздік,
күтпегендік, сенбеушілік, болжамдылық жетістікке жетуге кедергілер пайда
болуы мүмкін. Тәуекелдік жағдайларына іркіліске байланысты шығын тәуекелі,
жоспарланған кірісті ала алмауға байланысты тәуекел жатады, кәсіпорынның
қарсы агентінің өз міндеттемелерін бұзуына байланысты шығын тәуекелі.
Кәсіпкерлік тәуекел нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету
үшін әдістер қарастырады,түрлерін көрсетеді,сонымен қатар тәуекелдіктен
пайда болатын зияндарды анықтайды.
Тәуекелдіктегі сақтандыруға келер болсақ шетелдік практикасы
біртіндеп біздің елде қолданыла бастады. Кәсіпорын өз жұмысын жүзеге асыру
барысында қандай-да бір кіріс алу және қаржы жұмсау т.б. мақсатты
ұстанады. Яғни, ол өз жұмысын жоспарлайды. Бірақ, дамудың осы немесе басқа
да стратегияларын таңдай отырып, кәсіпорын өз қаражатын жоғалтуы немесе
жоспарланған сомадан аз алуы мүмкін. Сақтандыру шаруашылықта жүргізетін
субъектілердің қаржылық жағдайына,көптеген зияндар шеккенде сақтандыру
компаниясы көмектесіп, қолайсыз жағдайлардың ешқандай ықпал етпейтін
талаптарды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру бағдарламасын қалыптастыра отырып, компания қызметін
талдап, оған сипатты тәуекелдерді анықтап алу керек. Қазіргі практикада
сақтандыру үрдісі компания активтері мен пассивтерін жалпы басқарумен өзара
тығыз байланысты және кәсіпкерлік тәуекелді жою, ең болмаса, төмендетуге
бағытталған барлық іс-әрекеттер жиынтығын қамтиды.

КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІҢ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші (рөлі) элементі.
Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік,
сенбеушілік, болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік іс туралы заңда айтылғандай кәсіпкерлік іс өз
тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі
мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпкердің қарсы агенттері өз міндеттемелерін
орындамауынан немесе кәсіпкерге қатысты емес жағдайларда осы қызмет
талаптарының өзгеруінен туатын кәсіпкерлік қызметтің шығын тәуекелі, оның
ішінде жоспарланған кірісті ала алмау тәуекелі. Оларға мыналар: іркіліске
байланысты шығын тәуекелі, кәсіпорынның қарсы агентінің өз міндеттемелерін
бұзуына байланысты шығын тәуекелі, жоспарланған кірісті ала алмауға
байланысты тәуекел жатады.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар:

1) кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді мамандарды
тарту.
2) Жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды (проблемаларды) жете
білу.
3) өндірілген өнімге сұранысты болжау
4) тәуекелділікті жобаға қатысушылардың өзара бөлісуі
5) сақтандыру болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің
жалпы концептуалдық моделі.
Тәуекелділіктің түрлері
Тәуекелдің бірнеше түрі бар:
1. Өндірістік
2. Коммерциялық
3. Финанстық (кредит)
4. Инвестициялық
5. Нарықтық
Осы түрлерге жеке тоқтала кетейік.
1. Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен өткізу
қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы
баға деңгейінің кемуі, бірақ рекламация т.б. себептер тікелей ықпал
жасайды.
2. Коммерциялық тәуекел- бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықт
өткізуінде пайда болады.коммерциялық келісім жағдайында бағаның
төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеруі
керек.
3. Финанстық (Қаржылық тәуекел). Бұл қаржылық кәсіпкерлік ісінде
кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушыларының бір
жағының төлем қабілеттілігінің кемділігінен пайда болуы, т.б.
4. Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорының өзінің және сатып алған құнды
қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
5. Нарықтық тәуекел - ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы пайыз мөлшерінің
(пайыз ставкасының) немесе шетел келісім серіктестіктерінің валюта
курсының өзгеруімен байланысты,
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді
неғұрлым көп тарту үшін тәуекелге талдау жасайды.
1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын
айқындау.
2. Айқындалған факторларды талдау.
3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау.
А) қаржылық тұрақтылыығн, дәулетін анықтау.
Б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.
4. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
5. Бөлек операциялардың тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
6. Тәуекелді бәсеңдету үшін шаралар жасақтау.

Тәуекелділіктен келетін зияндар
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.
1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе
тікелей материалдың объектілерді, өнімдерді, материалдарды,
шикізаттарды жоғалту.
2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кездейсоқ немесе болжамсыз
себептермен болған жағдайда.
3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер,
айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар және т.б.
4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын
болса пайда болады.
5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне,
қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел кенлтіретін жағдайлар.
6. Саяси факторларға байланысты - бұл іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі,
еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі.
Кәсіпкерлік жобаны қаржыландыруда ескерілетін тәуекелдер
Кәсіпкерлік жобаны қаржыландыруда ескерілетін тәуекелдер – бұл жобаның
тиімді орындалуының басты кепілі.
Ол екі басты мәселені шешеді:
- инвестициялық құйылуына;
- күрделі шығынның азаюына және салыққа жеңілдік алуға;
Кәсіпкерлік жобаны қаржыландыру жоспарында мына тәуекелдер ескерілуі
керек:
1) Жобаның өмірге қабілетсіздік тәуекелі;
2) Салықтық тәуекел;
3) Аяқталмаған құрылыс тәуекелі;
Өмірге қабілетсіз жобаға тәуекел – болжамды табыс барлық шығындарды,
бережақтарды және барлық мүмкін болатын күрделі қаржы салымдарын құайтаруға
болатындығына кепілдік болуы керек.
Салықтық тәуекел – болашақта салықтық жеңілдік болуын , немесе өсуін
ескеру.
Бітпеген құрылыс тәуекелі – құрылысқа қатысушылармен инвесторлар
қамтамасыз етулері керек.
Тәуекелді сақтандыру керек. Бұл жағдайда тәуекелдің бір бөлігін
сақтандыру компанияларына жүктеу арқылы мүліктерді сақтандыру және
бақытсыздық жағдайын сақтандыру. Сонымен бірге зияннан сақтандыру, теңіз
жүктерін сақтандыру, стандартты және стандартты емес жабдықтарды
технологиялық қамтамасыздандырудан сақтандырудың тағы бір түрі кәсіпорынның
арнаулы сақтандыру қоры болуы керек.

Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру
Шетелдерде кеңінен тараған кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру практикасы
біртіндеп біздің елге де келе бастады. Сақтандырудың осы түрінің
экономикалық пайдасы алдағы уақытта қазақстандық кәсіпорындардың қалыпты
жұмыс практикасына айналатынын шетел тәжірибесі көрсетіп отыр.
Сақтандырудың бұл түрі шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қаржылық
жағдайына қолайсыз жағдайлардың ешқандай ықпал етпейтін талаптарды
қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні Қазақстанда 36 сақтандыру компаниясы жұмыс атқаруда,
олардың ішінде 14 компанияның кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру сыныбы
бойынша лицензиясы бар.
Кез-келген кәсіпорын өз жұмысын жүзеге асыру барысында қандай-да бір
кіріс алу және қаржы жұмсау т.б. мақсатты ұстанады. Яғни, ол өз жұмысын
жоспарлайды. Бірақ, дамудың осы немесе басқа да стратегияларын таңдай
отырып, кәсіпорын өз қаражатын жоғалтуы немесе жоспарланған сомадан аз алуы
мүмкін. Бұл компанияның белгісіз ахуалда болуын көрсетеді. Компания
тығырыққа тірелген кезде, басшылыққа шешім қабылдауға тура келеді, ол
шешімдердің табысты іске асырылу ықтималдылығы (яғни, толық көлемде табыс
алуы) кәсіпорынға іштей және сырттай әсер ететін көптеген факторларға
тәуелді. Осындай жағдайда тәуекел ұғымы пайда болады.
Егер шешімді дайындау барысында тәуекелді төмендету шаралары тиімсіз
және оған қаржы көп жұмсалатын болса, онда өз іс-қимылын экономикалық
жағынан сақтандыру тиімді болар еді.
Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпкердің қарсы агенттері өз міндеттемелерін
орындамауынан немесе кәсіпкерге қатысты емес жағдайларда осы қызмет
талаптарының өзгеруінен туатын кәсіпкерлік қызметтің шығын тәуекелі, оның
ішінде жоспарланған кірісті ала алмау тәуекелі. Оларға мыналар: іркіліске
байланысты шығын тәуекелі, кәсіпорынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық тәуекелділік туралы
Аудиторлық тәуекелділік
Инвестициялық жобалардың микроэконо-микалық фундаменталды талдаудың мазмұны
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
«ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Тәуекелділік туралы
Пәндер