КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


Ф-ӘД-001/026
Ќ. А. ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
«ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ» КАФЕДРАСЫ
« Бекітемін »
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің
оқу-әдістемелік ісі жөніндегі
вице-президенті, профессор
С. Тұртабаев
« » 2010ж.
«КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ» ПЄНІНІҢ
ОЌУ-ЄДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Кафедра: «Әлеумеғттану және Саясаттану»
2010-2011 оқу жылы, 7 семестр
Кредит саны: 2
Оқытушының аты-жөні: аға оқытушы Төлеев Жұмахан
Мекен-жайы: Тәуке хан даңғылы, Заң фак. Ғимараты,
Тел және E-maіl: раб. тел.
Т‡РКІСТАН 2010
Оќу-єдістемелік кешен «Әлеуметтану және Саясаттану» кафедрасыныњ № « » 2010 ж. мєжілісінде ќаралды.
Кафедра мењгерушісі соц. ѓ. д., проф. О. Н±сќабаев
Факультеттің оқу-әдістемелік Кеңесінің № « » 2010 ж. мәжілісінде бекітілді.
Кеңес төрайымы, фил. ғ. к., доцент А. Малдыбек
Пән туралы қысқаша мәліметтер:
1. 1 Пән туралы қысқаша сипаттама: ҚР-ның нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келді. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Ол экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында ұйымдастырушы басты субъект кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел, бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны, сонымен бірге кәсіпкерлік істі дамыту, басқару ретінде экономикалық проблемалар: кәсіпорынның тауар және баға саясаты, кәсіпорынның қаржысын басқару, қаржылық менеджмент, қаржы жағдайын талдау, кәсіпорындағы маркетинг туралы тұжырымды маңызды мәселелерді білген жөн.
1. 2 Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметтің ғылыми және тәжірибелік негіздерін, оның қазіргі кездегі жоспарлау әдістерін тарату және қолдану болып табылады. Берілген пәннің мақсаттары:
- кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін, қызмет жағдайы мен түрлерін білу;
- қалыпты қызметті қамтамасыз ететін барлық ресурстардың ең ыңғайлы варианттарын анықтау;
- кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жүргізу;
- шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік тәуекелінің бағасын анықтау;
- кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру әдістемесін қолдану және т. б.
1. 3 Пәннің мiндеттерi: студенттерге туристтік қызметініњ кәсіпкерлігі жµнінде бірт±тас ±ѓым беру.
- Студенттерді жеке кәсіпкерлік қызметті ж‰зеге асыру технологиясына игеруге даярлау
- кәсіпкер қызметін жоспарлардыњ теориялық негіздерін беру
- µндіріс шыѓындарын азайту, баѓа саясаты туралы білімдерін терењдету
- кәсіпкерлік қызметтіњ мәселелерін кәсіби-біліктілікті дењгейде ж‰зеге асыру қаѓидалары мен әдістерін айқындау
- нарықтық экономиканың барлық аспектілері, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру әдістері және нысандарын қолдану аясында және кәсіпкердің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін барлық ресурстарды жоспарлаудың ең тиімді варианттарын анықтауда білімдері болуы;
- кәсіпкерлік қызметте оның тиімді дамуы үшін жоспарлау және ұйымдастыруда дұрыс шешімдер қабылдай алуы;
- жағдайлық талдау және басқару жүйесінің экономикалық әдістерін, белгісіздік және тәуекел жағдайында математикалық талдау және қазіргі кездегі зерттеу әдістерімен экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдайалуы керек.
1. 4 Пререквизиттер. экономикалыќ теория, менеджмент негіздері, кәсiпорын экономикасы, қаржы, құқық негіздері және т. б.
1. 5 Постреквизиттер. өндірістік менеджмент, стратегиялық жоспарлау, персоналды басқару, қаржылық менеджмент, туризм экономикасы, коммерциялық менеджмент, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару және т. б.
2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар.
2. 1 Курстың тақырыптық жоспары.
Семестрі,
№ аптасы
ҚР Шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесi және әлемдік аренадағы оның қалыптасу деңгейі
Лекция сабағының күнтізбелік жоспары
1. Кәсіпкерлік ұғымы және оның негізгі түрлері
1. 1. Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің объектілері мен субъектілері.
1. 2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары.
1. 3. Акционерлік қоғамдар және олардың қызметі
№111-15, 51-88 беттер
363-397 беттер
№2 6-15, 18-23 беттер
№3 6-8 беттер
№4 5-21 беттер
№9 23-25, 35-42 беттер
2. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
2. 1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні мен түрлері
2. 2. Кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне ықпал етуші факторлар
2. 3 Тәуекелді басқару тәсілдері
2. 4 Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау
№2 112-118 беттер
№4 107-117 беттер
№9 28-31 беттер
3. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
3. 1. Жоспарлаудың мазмұны мен тәсілдері
3. 2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
3. 3. Бизнес-жоспар және оның қажеттілігі
3. 4. Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
№9 148-158 беттер
№2 129-143 беттер
№1 457-461 беттер
№4 136-140 беттер
№6, 711, 14
4. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
4. 1 Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері. Қаржылық жоспарлау
4. 2 Қаржылық менеджмент
4. 3 Қаржылық жоспарлау мен болжау. Негізгі қаржылық құжаттар
№2 71-81 беттер
№9 239-253 беттер
№3, 13
5. Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару
5. 1 Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау
5. 2 Еңбекті мөлшерлеу. Еңбек мөлшерінің түрлері
5. 3 Еңбек өнімділігінің мәні, көрсеткіштері және өлшеу тәсілдері
5. 4 Еңбек ақыны ұйымдастыру, еңбек ақы принциптері
№4 121-132 беттер
№9 174-182, 186-195 беттер
№10 7-18, 179-218, 419-459, беттер
ҚР Шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесi және әлемдік аренадағы оның қалыптасу деңгейі
- Шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесi.
- Әлемдiк жағдайдағы шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасуы
№9 148-158 беттер
№2 129-143 беттер
№1 457-461 беттер
№4 136-140 беттер
№6, 711, 14
Кәсiпкерлiктi дамуы мен перспективасы
1 Кәсіпкерліктің дамуын институционалдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету1
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары
3. Кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру .
4. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру
№ 2 181-197 беттер
№2 154-163 беттер
№9 245-248 беттер
№9 216-225 беттер
6. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келісім-шарттық қарым қатынасы
6. 1. Коммерциялық келісімнің мәні және түрлері
6. 2 Келісімнің кезеңдері және келісім-шарттың негізгі баптары
6. 3 Кәсіпкерліктің ынтымақтастық формалары
№1 329-334 беттер
№4 155-169 беттер
№1 334-358 беттер
№1 401-454 беттер
7. Кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін бағалау
7. 1 Талдаудың мақсаты мен міндеттері
7. 2 Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштері
7. 3 Өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын бағалау
7. 4 Кәсіпорынның бәсекелік қабілеттілігін талдау
№ 2 181-197 беттер
№2 154-163 беттер
№9 245-248 беттер
№9 216-225 беттер
Семинар сабағының күнтізбелік жоспары
Кәсіпкерлік ұғымы және оның негізгі түрлері
- Кәсіпкерліктің даму тарихы және қалыптасуының теориялық негіздері
- Мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік
- Ірі, орта және шағын кәсіпкерлік ерекшеліктері
- Кәсіпкерліктің ұжымдық экономикалық формалары
- Кәсіпкерліктің инновациялық формалары
Сұрақ-жауап
Пікірталас
Сұраққа сәйкес глосарий дайындау
Тақырып бойынша тест орындау
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдіктер
1. Тәуекелді талдау және тәуекелден келетін зияндар
2. Тиімді шешім және Рубенштейн ережесі
3. Тәуекелді басқару тәсілдері
Сұрақ-жауап
Бақылау жұмысы (жазбаша)
Тақырып бойынша тест
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
1. Бизнес-жоспардың құрылымы
2. Қаржылық жоспар
3. Индикативтік жоспар
Сұрақ-жауап
Топтық презентация
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
1. Кәсіпкерлікті қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздері
2. Кәсіпорынның мүмкіндіктерін және тұтынушыларды зерттеу
3. Нарықты сегменттеу
Сұрақ-жауап
Бақылау жұмысы
Тақырып бойынша тест орындау
Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару
1. Еңбек ұжымының қалыптасуы. Персоналдың құрылымы
2. Еңбек ресурстарын жоспарлау және еңбекті мөлшерлеу
3. Еңбек ақыны ұйымдастыру мен еңбекті ынталандыру
Сұрақ-жауап
Тапсырмалар орындау тақырып бойынша тест орындау
Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келісім-шарттық қарым-қатынасы
- Келісімдердің жіктелінімі
- Келісім жасау формасы ретіндегі оферта
Сұрақ-жауап
Бақылау жұмысы
Топтық презентация
Кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін бағалау
1. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділік көрсеткіштері
2. Өндіріс шығындарын талдау
- Өнім өткізу нарығын талдау
- Өнім сапасын талдау
Сұрақ-жауап
Жаттығулар орындау
1. 8 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Бусыгин А. В. Предпринимательство М., Дело. 2003г.
2. М. Б. Бисенғазиев, А. Ш. Хамитов Кәсіпкерлік негіздері, Орал, 2001жыл.
3. Горфинкель В. Я. Предпринимательство. М. ЮНИТИ, 2004 г.
- Организация предпринимательской деятельности. Учебное пособие. Под ред. А. С. Пелиха, Ростов на Дону, 2002. -336с.
- Основы предпринимательства. Мамыров Н. К., Смагулова Н. Т. и др., Алматы, Экономика, 2000г.
- Бизнес-планирование. Учебник/Под ред. В. М. Попова и С. И. Ляпунова. М. ФиС, 2003г.
- Бизнес-планирование: создание успешного бизнес-плана на предприятии. -Москва, 2004г.
- Малое предпринимательство. Учебник/ Под ред. М. Г. Лапуста. М. : ИНФРА-М, 2004г.
- О. И. Волков, В. К. Скляренко Экономика предприятия: Курс лекций. - М. : ИНФРА-М, 2002. -280с.
- А. П. Егоршин. Управление персоналом. Н. Новгород: НИМБ, 1999г.
Қосымша әдебиеттер
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Заңдылық құжаттар мен ақпараттар, 2004ж.
- Смагулова Н. Т. Планирование и организация предпринимательства, Алматы, 2002г.
- Экономика предприятия (конспект лекции) . М. : Издательство ПРИОР, 2003г.
14. Исабеков Б. Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриалдық-инновациялық саясат және кәсіпкерлік: мәселелер, шешімдер, концепциялар. Түркістан, 2004.
- Предпринимательство в Республике Казахстан. Под ред. Окаев К. О. Алматы, Экономика, 2000г.
- Грибов В. Д. Основы бизнеса. М. ФиС, 2001г.
- СТУДЕНТ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЕРЕЖЕСІ
Қорытынды бақылау - емтіхан студенттің академиялық уақыт ішіндегі кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында өткізіледі.
Студенттің оқу ісін меңгеру дәрежесін, яғни, оның білімін, біліктілігін, дағдыларын, компетенциялығын бағалау көп балды, әріп, пайыз түрінде жүргізіледі.
Осы мақсатта мына кесте пайдаланатын:
4. Студенттің өзіндік жұмыс тақырыптары
- Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
- Кәсіпкерлік іске мемлекеттің ықпал жасау механизмі
- Американдық бизнес психологиясының ерекшеліктері
- Коммерциялық келісім жүргізудің технологиясы
- Шағын және орта бизнестің экономиканы дамытудағы ролі
- ҚР-ғы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
- ҚР-да кәсіпорындардың даму сипаты
- Қаржы-өндірістік топтар және олардың қызметі
- Өнеркәсіптегі инвестициялардың түрлері және саралануы
- Кәсіпорынды дамытудағы инновацияның ролі
- Лизинг келісімі: ұғымы, негізгі қатысушылары
- Шағын бизнесті дамытудағы мемлекеттік саясат
- Венчурлық фирмалардың атқаратын қызметтері
- Кәсіпкерлердің құқысы мен міндеттері
- Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- Кәсіпкерлік этикасы
- Жапондық бизнес психологиясының ерекшеліктері
- Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың базалық формалары
- Консалтинг қызметі және оның ерекшеліктері
- Қазақстанда франчайзингті дамыту проблемалары
- Кәсіпкерлік қызмет үшін салық режимін таңдаудың негізі
- Кәсіпкерлік қызметте несиелерді ұйымдастыру
- Бизнес-инкубаторлардың кәсіпкерліктегі алатын орны
- Кәсіпкерлікте сыртқы сауда операцияларын ұйымдастыру
- Кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету
- Шет елдегі шағын бизнесті қолдау ерекшеліктері
- Кәсіпкерлікте технопарктерді дамыту тиімділігі
- ҚР-ғы венчурлық кәсіпкерлікті дамыту
- ҚР-ғы инновациялық кәсіпкерліктің дамуы
- Кәсіпкерлік қызметті стратегиялық жоспарлау.
Қысқаша лекциялар курсы
1-тақырып. Кәсіпкерлік ұғымы және оның негізгі түрлері
1. 1. Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің объектілері мен субъектілері.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын қызметі. Тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің субьектілері жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік обьектілеріне шаруашылық қызметтің кез-келген түрі, коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
- Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс процесі құрайды.
- Коммерциялық кәсіпкерлік- тауарлар мен қызметтерді сатып алу - сатумен айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде болса алыпсатарлыққа жатпайды.
- Қаржылық кәсіпкерлік- сатып алу- сату обьектісі ақша, бағалы қағаздар, валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі.
- Делдалдық кәсіпкерлік- бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
- Сақтандыру кәсіпкерлігі- сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын ұаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.
Кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әртүрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
1. 2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың құқықтық формалары.
Кәсіпкерлік әртүрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік - бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;
- бизнес көлемінің шектелмеуі;
- қатаң бағамен шектелмеуі.
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез-келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік - екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес. Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.
Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.
Толық серіктестік - мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Командитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Командитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.
Артықшылығы: басқаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды қалайтындарды серіктестікке тартуға болады.
Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың ерікті бірлестігі.
Акционерлік қоғамдар - бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.
Корпорацияның артықшылықтарына мыналар жатады:
-акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;
-басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
-корпорация қызметінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Кемшіліктері: корпорация табысының акция ұстаушыларға дивидент түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары (small business corporation) статусын алуға болады. Бұл кезде корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz