Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері


дамыту үшін істеген шаралар жүзеге асырылуда. Бұның барлығы тиісті құқықтық құжаттарда белгіленген. Бұл қабылданған заңдар мен жарлықтар. Атап айтсақ: «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заң 1997ж. ; «Жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы » заң 1997ж. : «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы » заң 2001ж:
ҚР Үкіметінің 2000-2002 іс - әрекет бағдарламасы. Бұл бағдарламада кәсіпкерлікті дамытудың бағыттары мен мемлекеттік кепілдіктің нысандары көрсетілген.
Кәсіпкерлік қызметтің тарихына келетін болсақ бұл орта ғасырдан басталады. Кәсіпкерлік деген ұғымды алғаш рет 17 ғасырда ағылшын экономисі Ричард Хонтиман қолданды. Оның ойы ұғымы бойынша кәсіпкер деген бұл қауіп қатер жағдайында әрекет ететін адам.
Қазіргі таңда нарықтық экономикаға өтумен байланысты бұрынғы бізге белгісіз көптеген ұғымдар пайда болды. Бұл кәсіпкерлік қызметтің дамуына байланысты.
Кәсіпкерлік қызмет ағылшын тілінен шыққан. Яғни бұл тек ғана өз атынан мүліктік жауапкершілік арқылы немесе заңды тұлғаның заңдық жауапкершілігі арқылы табыс табуға бағытталған еркін іс әрекеті.
Адам Смиттің анықтамасы бойынша кәсіпкер - бұл саудалық мақсатты жүзеге асыру үшін не пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі. Кәсіпкерлікті жүргізу мынадай жағдайлармен анықталады;
- Шаруашылық субъектісінің дербестігі
- Кәсіпкерлік жауапкершілігі
- Пайда табу ниеті
Кәсіпкерлік сонымен қатар объектісі және субъектісі жағынан сипатталады. Экономикалық қызметке қатысушылар кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Олар : жеке азаматтар, тұлғалар, жеке өндіріс ұйымдары, басқару қызметі және т. б. объектісі болып мүлік, құнды бағалы қағаздары және т. б. құндылықтар
ІІ. Әрбір құқық саласының құқық жүйесінде жеке сала екендігі - оның пәні мен құқықтық реттелуі қағидалары мен әдісі арқылы сипатталады.
Кәсіпкерлік құқық пәні болып - құқық саласындағы және кәсіпкерлік құқықпен тікелей байланысты коммерциялық емес, сонымен қатар шаруашылықты мемлекеттік реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастарды жүйелей отырып екі топқа бөлеміз. Олар:
- Кәсіпкерлік қатынас
- Коммерциялық емес қатынас
Схема 1.
Кәсіпкерліктің ұғымы ҚР АК-нің 10-бабында және ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы » заңында айқындалып көрсетілген. Онда кәсіпкерлік меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранымды қанағаииандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет - деп көрсетілген.
Кәсіпкерлік қызмет - кәсіпкерлердің атынан оның тәуекел етуімен немесе мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Яғни бұл 1-ден жеке ынталы, ерікті қызмет, 2-ден тәуекел етумен жүзеге асырылады, 3-ден пайда табуға бағытталған қызмет.
Схема 2.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын немесе алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес болып табылады (мекеме, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, діни бірлестіктер, тұтыну кооперативі) . Кәсіпкерлік қызмет тиісті заңдық тәртіппен арнайы тіркеуден өтуі керек. Кәсіпкерлік қызметтің пәні коммерциялық емес сипатағы қатынастардан тұрады (бірақ бұл кәсіпкерлікпен тығыз байланысты) . Мысалы, мекемені ашуға лицензиялауға байлаынсты қатынастар кіреді, мысалы, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, тауар сапасын реттеу, баға сияқты. Сонымен кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік және сонымен байланысты қатынастарды, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге байланысты халық шаруашылығын мемлекеттік реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы.
Кәсіпкерлік құқық басқа құқықтармен пәндік байланысына зерттеу жүргізетін болсақ, кәсіпкерлік құқықтың азаматтық құқық пәнімен өте тығыз байланеысты екенін көруге болады. Бұған байланысты тиісті саладағы заңгер ғалымдардың әртүрлі пікірлері бар.
Кейбір ғалымдар пікірлерінше азаматтық құқық пәні мен кәсіпкерлік құқық пәні бір деп есептеледі. Ал, 2-ші бір ғалымдардың тобы кәсіпкерлік құқықтың азаматтық құқықпен тығыз байланыстылығын растай отырып, оның өзіндік ерекешелігі бар екендігін және оның шарттылығын ала тартады.
Кәсіпкерлік құқықтың азматтық құқық пәнінен негізгі айырмашылығының бірі кәсіпкерлік қызмет барысындағы басқару, ұйымдастыру және реттеу жұмыстары болып табылады.
ІІІ. Әрбір құқықтың нормаларының бірлестігіне орай олардың жүйесі қалыптасқан. Бізге белгілі болғандай жүйе нормалардан және институттардан тұрады. Ал, бұл институттар жекелеген бөлімдердді құрайды. Кәсіпкерлік құқық жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Схема 3
Жалпы бөлім мынадай институттарды қамтиды:
- Кәсіпкерлік құқықтың ұғымы.
- Шет мемлекеттердің кәсіпкерлік құқығы.
- Кәсіпкерлік құқық қатынастары (құқық субъектісі, объектісі кәсіпкерлік мәмілелер)
- Банкроттық институт (дәрменсіздік)
- Мемлекеттік меншікті жекешелендіру.
- Экономикалық қызметті құқықтық реттеу.
- Халық шаруашылығын мемлекеттік реттеу.
- Шаруашылық кәсіпкерлік құқық бұзушылық құқықтық жауапкершілік.
- Кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау.
- Экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық аспектілері.
Ерекше бөлім төмендегідей институттарды қамтиды:
- бәсекелестікті құқықтық реттеу.
- Баға және тарифті құқықтық реттеу
- Қызмет көрсетудің өнім өндірудің сапасын қамтамасыз етуді құқықтық реттеу.
- Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу.
- Кредит және есеп айырысуды құқықтық реттеу.
- Сыртқы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу.
- Еркін экономикалық аймақты құқықтық реттеу.
ІV. Кәсіпкерлік құқықтың мынадай әдістері бар:
- императивті әдіс
- диспозивті әдіс
- тиым салу әдісі
- келісім әдісі
- міндеттеу әдісі
- ұсыным беру әдісі
V. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздеріне жатады:
1. ҚР Конституциясы
2. ҚР АК.
3. Шаруашылық қызметті реттеуге бағытталған ҚР заңдары, Президент инструкциялары, ҚР халықаралық шарттары мен келісімдері жатады.
Сонымен бірге ҚР Егемендігі туралы заңында көрсетілгендей шаруашылық саласында бұрынғы Кеңес одағының нормативті актілері, егер ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін болса, онда ол кәсіпкерлік құқықтың қайнар көзі болып танылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері.
Жоспар
- Кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің түсінігі, классификациясы.
- Заңды ұйымдар, кәсіпкерлік құқық субъектісі ретінде. Олардың түсінігі мен түрлері.
- Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық-ұйымдық түрлері.
Ең алдымен кәсіпкерлік құқықтың субъектісі және кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектісі ұғымдарының мәнін айқындап ашып алайық. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері құқық нормаларында жалпы негізде анықталады. Оларға азаматтар, коммерциялық және коммерциялық емес заңды ұйымдар және мемлекеттік басқару органдары жатады. Құқықтық қатынастардың субъектілері барлық уақытта нақты шаруашылық құқықтық қатынастарының субъектілері бұлар шаруашылық саласында белгілі бір ҚР құқықтары мен міндеттерді иеленетін құқықтық қатынастардың тараптары яғни нақты қатысушылары. Кәсіпкерлік құқықтың қатысушылары кәсіпкерлік құқықтық қатынастарының субъектісі болуы үшін мынандай 3 шарт болуы қажет.
- Субъектілердің құқығын не міндетін көрсететін кәсіпкерлік құқықтық норма
- Субъектілердің кәсіпкерлік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабіллеттілігінің болуы
- Құқықытық қатынастардың пайда болуы, тоқтатылуы және өзгеруінің негізі (я, заңды фактордың болуы)
Схема 4
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілерін келесі белгілері бойынша саралаймыз:
- Заңды тұлғаның болуына немесе болмауына байланысты субъектілер, заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкер коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.
ҚР азаматтары заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өте отырып кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. ҚР азаматтары кәсіпкер ретінде өзіне тиесілі мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
- Субъектінің меншік түріне байланысты белгілері негізінде көпшілік және жеке болады.
- Субъектілердің қорының шығу тегіне байланысты ұлттық, біріккен болып және шетелдік болып бөлінеді.
- Экономикалық көрсеткішіне байланысты шағын орта және ірі болып қалыптасып бөлінеді.
Схема 5
Кәсіпкерлік құқықтар мен міндеттердің иегері болып өзіндік мүлкі бар, сол мүліктің негізінде кәсіпкерлік және шаруашылық қызметті жүргізетін өз атынан құқықтары мен міндеттерді иеленетін және жеке мүліктік жауапкершілікте болатын құзырлары бар ұйымдар субъектілер болып танылады.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің негізгі белгісі ол өзінің өзіндік мүлкі болуы тиіс. Осы мүлік арқылы мүлік иесі оны иемденеді, пайдаланады, биліу етеді, яғни басқарады және мақсатына сай кәсіпкерлікпен айналысады. Мүлікке меншік құқығының әртүрлі нысандары болуы мүмкін.
Шаруашылық айналымында кәсіпкерплікпен айналысатын қатысушылар сол кәсіппен тұрақты түрде айналысуы қажет. Сонда ғана ол кәсіпкерлік құқықтың субъектісі бола алады. Егерде азамат шаруашылық айналымында белгілі бір уақыт ішінде ғана, ия болмаса кәсіби түрде айналысса ол кәсіпкер болып есептелінбейді және оған тіркелу қажет емес (мәселен өзіндегі артық мүлікті сату), бұл қатынастар арнайы заңдармен реттелінбейді, жалпылама азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Сонда кәсіпкерлік құқықтың субъектісі болуы үшін өзінің айналымында шартты мүлкі болуы қажет, пайда табу немесе белгілі бір жарғылық мақсатқа жетуі үшін жүйелі түрде кәсіпкерлікпен айналысуы және белгіленген тәртіппен тіркеуден өтуі тиіс. Мысалы : пайда табу мақсатымен банкке салым салған азамат кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. өйткені ол жоғарыда көрсетілгендей жүйелі түрде пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызметке қатыспайды немесе кәсіпкер ретінде ол жұмысты жүйелі түрде орындамайды.
Кәсіпкерлік қызметпен мынандай қызмет түрлері тығыз байланысты: коммерциялық және коммерциялық емес сонымен қатар жеке кәсіпкерлік. Барлық кәсіпкерлік қызмет субъектілері тіркеуден өтуі тиіс.
Ал, заңды ұйым құрмай кәсіпкерлікпен айналысатындар арнайы тәртіптегі тіркеуден өтеді.
Төмендегі белгілері бар ұйымдар заңды ұйым болып танылады:
- Өзінің жеке мүлкінің болуы, яғни меншігінде шаруашылық жүргізуінде өзін-өзі басқару мүмкіндігі.
- Өз мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді.
- Жеке мүліктік немесе мүліктік емес құқықтарды иелене алады.
- Сотта талапкер және жауапкер болады.
- Жеке баланс пен сметаның болуы.
Әрбір заңды тұлғаның соның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектісінің әрекет қабілеттігі өзінің тұрақты тұратын жері бойынша органнан тіркеуден өткен сәттен бастаппайда болады. Сонымен бірге кәсіпкердің құқықтық қабілеттілігі де сол сәттен пайда болады. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін төмендегі құжаттар қажет:
- Құрылтайшының өтініші.
- Тиісті заңды ұйымның құрылтайшылары бекіткен ішкі ереже, құрылтай келісім шарты немесе заңды ұйымды құру туралы шешім.
Ұйымды құрушы құрылтайшысының жалғыз бір ғана болған ретте оған мынадай құжаттар қажет:
- Мемлекеттік баж салығын төлегені туралы куәлік.
- Ол заңды ұйымның негізгі қорының көлемі жөніндегі анықтама.
Сонымен қатар заңды ұйымның құрылтай құжаттарында мынадай мәліметтер болуы қажет: ол сол заңды ұйымның атауы, тұрғылықты жері, мекен жайы, басқару тәртібі т. б. мәліметтер.
Кейбір заңды тұлғаның тіркелу тәртібі мен тиісті міндетті құжаттардың болуы арнайы нормативтік актілерде көрсетілген.
Заңды тұлға ұйым мынадай негіздер бойынша таратылуы немесе жойылуы мүмкін. Оның құрылған мерзімінің аяқталуына байланысты және оның тіркеуден өтуін соттың заңсыз деп тануына байланысты.
Коммерциялық емес ұйымдар анықтамасы ҚР АК нормаларында белгіленген. Олардың құрылу мақсаты мүліктік және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиісті жарнамаларын бекіттіру негізінде ерікті біріктіру болып табылады. Коммерциялық емес ұйымның қатысушылары азаматтар мен заңды ұйымдар. Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасы олардың мақсаттары мен ішкі ережесінде көрсетілген мүдделеріне жұмсалады.
Кәсіпкерлік тәуекел
Жоспар
- Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні мен түрлері.
- Тәуекелді талдаудың блок схемасы және тәуекелден келетін зияндар.
- Жобаны қаржыландыруда ескерілетін тәуекелдер.
- Кәсіпкер және тиімді шешімдер.
І. Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші (рөлі) элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда айтылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар:
- кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді мамандарды тарту.
- Жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды (проблемаларды) жете білу.
- өндірілген өнімге сұранысты болжау
- тәуекелділікті жобаға қатысушылардың өзара бөлісуі
- сақтандыру болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалдық моделі.
Схема6
Тәуекелдің бірнеше түрі бар:
- Өндірістік
- Коммерциялық
- Финанстық (кредит)
- Инвестициялық
- Нарықтық
Осы түрлерге жеке тоқталамыз.
- Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, бірақ рекламация т. б. себептер тікелей ықпал жасайды.
- Коммерциялық тәуекел- бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықт өткізуінде пайда болады. коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеруі керек.
- Финанстық (Қаржылық тәуекел) . Бұл қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушыларының бір жағының төлем қабілеттілігінің кемділігінен пайда болуы, т. б.
- Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорының өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
- Нарықтық тәуекел - ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы пайыз мөлшерінің (пайыз ставкасының) немесе шетел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты,
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекелге талдау жасайды.
ІІ. Тәуекелді талдаудың блок схемасы және тәуекелден келетін зияндар.
Тәуекелді талдаудың блок схемасы.
- Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
- Айқындалған факторларды талдау.
- Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау.
А) қаржылық тұрақтылыығн, дәулетін анықтау.
Б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.
4. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
5. Бөлек операциялардың тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
6. Тәуекелді бәсеңдету үшін шаралар жасақтау.
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.
- Материалдық зиян - бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдың объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
- Еңбек зияны - жұмыс уақытын жою, кездейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
- Қаржылық зиян - бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар және т. б.
- Уақытты жою - бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
- Арнайы зиян түрлері - бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел кенлтіретін жағдайлар.
- Саяси факторларға байланысты іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі.
ІІІ. Кәсіпкерлік жобаны қаржыландыруда ескерілетін тәуекелдер - бұл жобаның тиімді орындалуының басты кепілі.
Ол екі басты мәселені шешеді:
- инвестициялық құйылуына;
- күрделі шығынның азаюына және салыққа жеңілдік алуға;
Кәсіпкерлік жобаны қаржыландыру жоспарында мына тәуекелдер ескерілуі керек:
- Жобаның өмірге қабілетсіздік тәуекелі;
- Салықтық тәуекел;
- Аяқталмаған құрылыс тәуекелі;
Өмірге қабілетсіз жобаға тәуекел - болжамды табыс барлық шығындарды, бережақтарды және барлық мүмкін болатын күрделі қаржы салымдарын құайтаруға болатындығына кепілдік болуы керек.
Салықтық тәуекел - болашақта салықтық жеңілдік болуын, немесе өсуін ескеру.
Бітпеген құрылыс тәуекелі - құрылысқа қатысушылармен инвесторлар қамтамасыз етулері керек.
Тәуекелді сақтандыру керек. Бұл жағдайда тәуекелдің бір бөлігін сақтандыру компанияларына жүктеу арқылы мүліктерді сақтандыру және бақытсыздық жағдайын сақтандыру. Сонымен бірге зияннан сақтандыру, теңіз жүктерін сақтандыру, стандартты және стандартты емес жабдықтарды технологиялық қамтамасыздандырудан сақтандыру. тағы бір түрі кәсіпорынның арнаулы сақтандыру қоры болуы керек.
ІV. Тәуекелмен байланысты шешім қабылдағанда, кәсіпкердің бірнеше альтернативтік шешімдерді ұсыну қабілеттілігі. Ол үшін кәсіпкер өзінің күшіне сенімді болуы, қамтамасыз жағдайда қарсы тұрарлық, сыртқы ортаға сенімділік қасиеттері болуы керек.
Қазіргі жағдайда өзінің табысты ісін ұйымдастыруы үшін кәсіпкердің жақсы мамандық даярлығы болуы керек, экономикадан, психологиядан, заңды білушіліктен, саясаттан өндірісті және еңбекті ұйымдастырудан. Ол іскерлік өмірде жан-жақты болуы керек.
Қайталауға арналған пысықтау сұрақтары.
- Кәсіпкерлік тәуекелдің рөлі неде?
- Кәсіпкерлік тәуекелділіктің қандай түрлерін білесіз? Оларды сипаттаңыз
- Тәуекелден келетін қандай зияндарды ескеруі керек?
- Кәсіпкерге тән қандай қасиеттерді білесіз?
Баға және кәсіпорынның баға саясаты.
Жоспар
- Баға жасайтын факторларды талдау.
- Баға жүйесінің классификациясы.
- Кәсіпорын өніміне баға тағайындау кезендері және әдістері.
- Экспорт, импорт өнімдеріне баға тағайындау.
- Сауда келісімі жөнінде келіссөз жүргізу тәртібі.
Баға жасақтайтын факторларды талдау
Нарықтық экономика жағдайында бағанын маңызы зор. Кәсіпкерлер үшін бұл өмір мен өлім мәселесі. Баға өндірістің құрылымын және көлемін анықтайды. Қоғамнын өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Баға туралы шешім қабылдау үшін көптеген факторларды ескеру керек:
- тауардың өзіндік құны;
- бәсекелестердің бағасы мен оның өзгеру мүмкіндіктері;
- мемлекеттін фирма саясатына тікелей немесе жанама ықпалы. Баға және баға саясаты кәсіпорынның маркетингілік істерінің тауардан кейінгі манызды элементі.
Әрбір шаруашылық субъектісі кәсіпкерлікпен айналысуында нарықтағы бағанын жасақталуына қандай факторлар ықпал жасайтынын білуі керек. Баға тепетеңдік нүктесі сатушы мен тұтынушының келісім бағасы, қажетті өнім мөлшері. Кәсіпорын тауарының қанша керектігін анықтайды. Егер нарықтағы баға шығының жауып, пайда беретін болса ол өндірістің тиімді екенін және сұранысқа сай екенін көрсетеді.
Тауарды ұсынуға (өндіруге) бірнеше факторлар ықпал жасайды:
- Ғылыми техникалық прогресс өндірістік шығынды азайтады және тауар ұсынысын көбейтеді;
- Нарықты монополияландыру дәрежесі, ол өндірістін қандай болмасын дәрежесінде бағанын өзгеруімен байланысты;
- Басқа тауарлар бағасынын деңгейі, соның ішінде тауарлардын өзара орнын басуы (алмастыру) ;
- Салықтар, ресурстарға төлем деңгейі, кеден алымы жоғары болса ұсынысты азайтады, төмен болса ұсынысты көбейтеді;
Нарықтың ерекшелігі-ол белгілі бір мөлшердегі ұсынылған өнім жағдайында тепе-теңдікке тырысады, яғни белгілі бір баға деңгейінде белгілі бір мөлшерлі өнім өтеді (уақыты және саны) . Егер тауарға сұраныс икемді болса кәсіпорынға сол тауарға бағаны көтеруді ұсынуға болады, ал егер сұраныс икемсіз болса бағаны өсірмеу керек себебі жалпы түсім төмендейді бұл жағдайда бағаны төмендетіп жалпы түсімді көбейтуге болады, себебі сұраныс көп болады. Сұраныс икемділігі пайдаға салынатын салық өскен де бағаны өсіруге мәжбүр етеді.
Сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықты баға және баға емес бәсекелестік бәсендетеді. Баға бәсекелестігі - тауарға бағаны өзгерту арқылы күресу. Тек қана шығынды азайтып, тауар сапасын арттырған жағдайда, оның бағасын нарық бағасынан төмен қойғанда бәсекеден жеңеді. Бәсекелестер ілесе алмаса күйрейді.
Баға емес бәсекелестік - тауардың өзіне тән басқа тауарларда жоқ қасиеті, техниклық сенімділігі, жоғары сапасы.
Тұтынушылар - бағаға ықпал жасаушылар. Кез келген кәсіпкер баға мен тұтынушылардың, оның өкілдерімен қатынастың тығыз екенін білуі тиіс. Жарнама тауардың қосымша тиімді қасиеттерін насихаттайды. Мемлекеттік реттеу арқылы бағаға ықпал жасауға болады. Оның тікелей және жанама ықпалы болады.
- Бағаны мемлекет өзі тағайындайды.
- Мемлекет нарыққа кейбір кездері бәсекеге тікелей тиым салу арқылы әрекет жасайды.
Мемлекеттің нарықты және бағаны реттеу барлық елде бар. Мысалы Ақш-та, 5-10% баға, негізі табиғи монополиялы салада реттеледі. Жапонияда тұтыну тауарларының 20% -нің бағасы реттеледі (энергия, газ, күрішке, бидайға, ет және сүт өніміне) .
Монополист кәсіпорынға мынадай баға реттеу әдістері қолданады.
- шекті баға тағайындалады, әсіресе бұл тауар түрі жетіспеген жағдайд. Мысалы, СССР - де 32 жыл бойы азық-түлік тауарын өзіндік құны өскенімен баға өскен жоқ, бұл жағдай ССРО дағын экономикалық дағдарысқа әкелді. Батыс елдерінде бұл әдістен, әсіресе азық-түлік тауарына бағаны шектеуден бас тартты;
- белгіленген баға тағайындалады;
- баға өсірілгенде оның қосылуына шек қойылады;
- шектік рентабельдік деңгейі қолданылады;
Тауардың бағасына ықпал жасауды тауар қозғалысына қатынасушылар шешеді. Тауар өндіруші бағаны бақылау жөнінде тауарды тұтынушыға жеткенше қатысушыларға қолайлы ынталандыру жағдайын жасауы керек. Сенімді пайда табу үшін өндіруші тауар өткізушілер мен ұзақ мерзімге келісім- шарт жасағаны мақұл. Шама келсе өндіруші тауар өткізу проблемасына алаң болмауы керек.
Баға жүйесінің классификациясы.
- Айналым қызметін атқаруына қарай:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz