ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ф-ӘД-001026
Сапа менеджменті басқармасында_________2007ж.,
бекітіліп, ЖН-СМЖ ________2007 тіркелді
Ќ.А.ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТҮРКІСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
ПЄНІНЕН
ОЌУ-ЄДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Кредиттер саны: 3
Оқытушылардың аты-жөндері: э.ғ.к., Д.Асан, оқытушы-магистр А.Абишова
Кафедра: туризм
Мекен-жайы: Корпус-4 , каб. -100
Түркістан – 2007
Оқу әдістемелік кешен Туризм кафедрасының мәжілісінде талқыланды
__ қыркүйек 2007ж., хаттама № ______
Оқу әдістемелік кешен Экономика факультетінің оқу-әдістемелік
кеңесінде мақұлданды
______________2007ж. , хаттама №_____
Кеңес төрайымы _____________ э.ғ.к. Көкенова А .
Келісілді ______________2007ж., хаттама №_____
Арнайы кафедраның меңгерушісі, э.ғ.к. ____________ Д.Асан.
Оқу әдістемелік кешенді құрастырған: э.ғ.к. Асан Д.,
оқытушы-магистр Абишова А.
Оқытушының кафедрадағы жұмыс уақыты: 0900 – 1700 сағат
Пән туралы қысқаша мәліметтер:
1.1 Пән туралы қысқаша сипаттама: ҚР-ның нарықтық экономикаға өтуімен
байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер
тобы өмірге келді. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге
коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Ол
экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді. Сондықтан
да нарықтық экономика жағдайында ұйымдастырушы басты субъект кәсіпкердің іс-
әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы,
стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел, бизнес-жоспардың құрылымы
мен мазмұны, сонымен бірге кәсіпкерлік істі дамыту, басқару ретінде
экономикалық проблемалар: кәсіпорынның тауар және баға саясаты,
кәсіпорынның қаржысын басқару, қаржылық менеджмент, қаржы жағдайын талдау,
кәсіпорындағы маркетинг туралы тұжырымды маңызды мәселелерді білген жөн.
1.2 Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметтің ғылыми және тәжірибелік
негіздерін, оның қазіргі кездегі жоспарлау әдістерін тарату және қолдану
болып табылады. Берілген пәннің мақсаттары:
- кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін, қызмет
жағдайы мен түрлерін білу;
- қалыпты қызметті қамтамасыз ететін барлық ресурстардың ең ыңғайлы
варианттарын анықтау;
- кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жүргізу;
- шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік тәуекелінің бағасын анықтау;
- кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру әдістемесін қолдану және т.б.
1.3 Пәннің мiндеттерi: студенттерге туристтік қызметініњ кәсіпкерлігі
жµнінде бірт±тас ±ѓым беру.
• Студенттерді жеке кәсіпкерлік қызметті ж‰зеге асыру технологиясына
игеруге даярлау
• кәсіпкер қызметін жоспарлардыњ теориялық негіздерін беру
• µндіріс шыѓындарын азайту, баѓа саясаты туралы білімдерін терењдету
• кәсіпкерлік қызметтіњ мәселелерін кәсіби-біліктілікті дењгейде
ж‰зеге асыру қаѓидалары мен әдістерін айқындау
• нарықтық экономиканың барлық аспектілері, сондай-ақ кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастыру әдістері және нысандарын қолдану аясында және
кәсіпкердің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін барлық ресурстарды
жоспарлаудың ең тиімді варианттарын анықтауда білімдері болуы;
• кәсіпкерлік қызметте оның тиімді дамуы үшін жоспарлау және
ұйымдастыруда дұрыс шешімдер қабылдай алуы;
• жағдайлық талдау және басқару жүйесінің экономикалық әдістерін,
белгісіздік және тәуекел жағдайында математикалық талдау және
қазіргі кездегі зерттеу әдістерімен экономикалық және
ұйымдастырушылық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдайалуы керек.
1.4 Пререквизиттер. экономикалыќ теория, менеджмент негіздері,
кәсiпорын экономикасы, қаржы, құқық негіздері және т.б.
1.5 Постреквизиттер. өндірістік менеджмент, стратегиялық жоспарлау,
персоналды басқару, қаржылық менеджмент, туризм экономикасы, коммерциялық
менеджмент, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару және т.б.
1.6 Кафедра талаптары.
1. Курс лекциялардан, практикалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстары
мен пән оқытушысының кеңес беруінен тұрады. Студент дәрісханалық
сабақтарға міндетті түрде қатысуы тиіс.
2. Әрбір 7 аптадан кейін студент өткен лекция және практикалық сабақтардың
тақырыптары бойынша аралық тест тапсырады. Тест тапсыру орны мен уақыты
алдын ала оқу кестесінде хабарланады.
3. Өткен лекцияның түсініктері бойынша 3-4 сұрақтан құралған бақылау немесе
тест жұмысын тапсырады. Бақылау жұмысы әр айдың соңғы аптасында сол
айдағы өтілген тақырыптар бойынша жүргізіледі.
4. Білім алушының сабақ үстіндегі белсенділігі студенттің дәрісханадағы
әртүрлі жұмыстарға қатысу деңгейімен бағаланады.
5. Әрбір студент өзіндік жұмыс дайындауы және қорғауы тиіс. Өзіндік жұмыс
тақырыбын әрбір білімгер берілген тізімдемеден өздігінен таңдауына
болады. Өзіндік жұмыс презентациясы оқу семестрінің 14 аптасында
жасалады.
6. Барлық білімгерлер екінші аптада топтарға бөлініп, командалар
жасақталады. Олар берілген тапсырмалар бойынша белгіленген уақытта
презентациялар өткізеді. Әрбір топ кем дегенде екі презентация өткізуі
керек.
7. Барлық курс барысында студент берілген курс бойынша кешенді материалдар
жинақтайды. Курс бойынша кешенді материалдар жинағына лекция
конспектілері, білімгердің өзіндік жұмысының материалдары, әртүрлі
ақпараттар мен жаңалықтар нәтижелері кіреді.
8. Әрбір аптаның соңында оқытушы білім алушының барлық бағыт бойынша алған
аралық нәтижелерімен хабардар етуі тиіс.
1.7 Қысқартылған сөздерге түсініктеме.
СӨЖ- студенттiң өзіндік жұмысы
ОБСӨЖ- оқытушы басшылығымен орындайтын СӨЖ пәнді аяқтағаннан
кейінгі білім мен дағды
1.8 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1.Бусыгин А.В. Предпринимательство М., Дело.2003г.
2. М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов Кәсіпкерлік негіздері, Орал, 2001жыл.
3.Горфинкель В.Я. Предпринимательство. М.ЮНИТИ, 2004 г.
1. Организация предпринимательской деятельности. Учебное пособие. Под ред.
А.С.Пелиха, Ростов на Дону, 2002.-336с.
2. Основы предпринимательства. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др., Алматы,
Экономика, 2000г.
3. Бизнес-планирование. УчебникПод ред. В.М.Попова и С.И. Ляпунова. М.ФиС,
2003г.
4. Бизнес-планирование: создание успешного бизнес-плана на предприятии.-
Москва, 2004г.
5. Малое предпринимательство. Учебник Под ред. М.Г.Лапуста. М.: ИНФРА-М,
2004г.
6. О.И.Волков, В.К.Скляренко Экономика предприятия: Курс лекций.- М.: ИНФРА-
М, 2002.-280с.
7. А.П.Егоршин.Управление персоналом. Н.Новгород: НИМБ, 1999г.
Қосымша әдебиеттер
8. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Заңдылық құжаттар мен
ақпараттар, 2004ж.
9. Смагулова Н.Т. Планирование и организация предпринимательства, Алматы,
2002г.
10. Экономика предприятия (конспект лекции). М.: Издательство ПРИОР,
2003г.
14.Исабеков Б. Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриалдық-
инновациялық саясат және кәсіпкерлік: мәселелер, шешімдер, концепциялар.
Түркістан, 2004.
15. Предпринимательство в Республике Казахстан. Под ред. Окаев К.О. Алматы,
Экономика, 2000г.
16. Грибов В.Д. Основы бизнеса. М.ФиС, 2001г.
1.9 Оқу жоспарынан көшірме.
Семе-сАпта Семестр мен сабақ түріне бөлінген сағатКурс Жалпы Соңғы
трі Саны Жоба сағат бақы-лау
(жұмыс)
Лек. Прак.Сем.
Сабақ
Лек. ПрактСем. Лабор
. .
1-2 Кәсіпкерлік ұғымы және оның 1 1 3 3
негізгі түрлері
3-4 Кәсіпкерлік қызметтегі 1 1 3 3
тәуекелдіктер
5-6 Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау1 1 3 3
7-8 Кәсіпкерлік қызметті 1 1 3 3
қаржыландыру
9-10 Кәсіпкерлік қызметте 1 1 3 3
персоналды басқару
11 ҚР Шағын кәсіпкерлікті қолдау 1 1 3 3
тәжірибесi және әлемдік
аренадағы оның қалыптасу
деңгейі
12 Кәсiпкерлiктi дамуы мен 1 1 3 3
перспективасы
13-14 Кәсіпкерлердің шаруашылық 1 1 3 3
серіктестермен келісім-шарттық
қарым-қатынасы
15 Кәсіпкерлік қызметті талдау 1 1 3 3
және тиімділігін бағалау
Барлық сағат саны: 15 15 30 30
Лекция сабағының күнтізбелік жоспары
№ өткізіл Сағат Негізгі және қосымша
етін Лекция тақырыбы мен жоспары саны әдебиеттер тізімі
апта-сы
1 1-2 1. Кәсіпкерлік ұғымы және оның 2 №111-15, 51-88
негізгі түрлері беттер
1.1.Кәсіпкерліктің мәні, негізгі 363-397 беттер
белгілері және кәсіпкерлік қызметтің №2 6-15, 18-23
объектілері мен субъектілері. беттер
1.2.Кәсіпкерлікті ұйымдастыру №3 6-8 беттер
формалары. №4 5-21 беттер
1.3.Акционерлік қоғамдар және олардың №9 23-25, 35-42
қызметі беттер
2 3-4 2. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер 2 №2 112-118 беттер
2.1.Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні мен №4 107-117 беттер
түрлері №9 28-31 беттер
2.2. Кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне
ықпал етуші факторлар
2.3 Тәуекелді басқару тәсілдері
2.4 Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау
3 5-6 3. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау 2 №9 148-158 беттер
3.1.Жоспарлаудың мазмұны мен №2 129-143 беттер
тәсілдері №1 457-461 беттер
3.2.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау №4 136-140 беттер
түрлері №6,711,14
3.3.Бизнес-жоспар және оның
қажеттілігі
3.4.Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
4 7-8 4.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру 2 №2 71-81 беттер
4.1 Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру №9 239-253 беттер
көздері. Қаржылық жоспарлау №3, 13
4.2 Қаржылық менеджмент
4.3 Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Негізгі қаржылық құжаттар
5 9-10 5. Кәсіпкерлік қызметте персоналды 2 №4 121-132 беттер
басқару №9 174-182, 186-195
5.1 Кәсіпкерлік қызметте еңбек беттер
ресурстарын жоспарлау №10 7-18, 179-218,
5.2 Еңбекті мөлшерлеу. Еңбек 419-459, беттер
мөлшерінің түрлері
5.3 Еңбек өнімділігінің мәні,
көрсеткіштері және өлшеу тәсілдері
5.4 Еңбек ақыны ұйымдастыру, еңбек
ақы принциптері
11 ҚР Шағын кәсіпкерлікті қолдау 2 №9 148-158 беттер
тәжірибесi және әлемдік аренадағы №2 129-143 беттер
оның қалыптасу деңгейі №1 457-461 беттер
Шағын кәсіпкерлікті қолдау №4 136-140 беттер
тәжірибесi. №6,711,14
Әлемдiк жағдайдағы шағын
кәсiпкерлiктiң қалыптасуы
12 Кәсiпкерлiктi дамуы мен перспективасы2 № 2 181-197 беттер
№2 154-163 беттер
1 Кәсіпкерліктің дамуын №9 245-248 беттер
институционалдық-құқықтық жағынан №9 216-225 беттер
қамтамасыз ету1
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
және дамыту бағдарламасын жүзеге
асыру жолдары
3. Кәсіпкерлікті өндірістік
ресурстармен қамсыздандыру .
4. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық
қызметін мемлекеттік қолдау және
ынталандыру
6 13-14 6.Кәсіпкерлердің шаруашылық 2 №1 329-334 беттер
серіктестіктермен келісім-шарттық №4 155-169 беттер
қарым қатынасы №1 334-358 беттер
6.1. Коммерциялық келісімнің мәні №1 401-454 беттер
және түрлері
6.2 Келісімнің кезеңдері және
келісім-шарттың негізгі баптары
6.3 Кәсіпкерліктің ынтымақтастық
формалары
7 15 7. Кәсіпкерлік қызметті талдау және 2 № 2 181-197 беттер
тиімділігін бағалау №2 154-163 беттер
7.1 Талдаудың мақсаты мен міндеттері №9 245-248 беттер
7.2 Кәсіпорын қызметінің тиімділік №9 216-225 беттер
көрсеткіштері
7.3 Өндірістік шығындар мен өнімнің
өзіндік құнын бағалау
7.4 Кәсіпорынның бәсекелік
қабілеттілігін талдау
Семинар сабағының күнтізбелік жоспары
№ Сабақтың тақырыбы мен жоспары Сағат Бақылау түрі Апта-сы
саны
1 Кәсіпкерлік ұғымы және оның негізгі 3 Сұрақ-жауап 1-2
түрлері Пікірталас
Кәсіпкерліктің даму тарихы және Сұраққа
қалыптасуының теориялық негіздері сәйкес
Мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік глосарий
Ірі, орта және шағын кәсіпкерлік дайындау
ерекшеліктері Тақырып
Кәсіпкерліктің ұжымдық экономикалық бойынша тест
формалары орындау
Кәсіпкерліктің инновациялық формалары
2. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдіктер 2 Сұрақ-жауап 3-4
1. Тәуекелді талдау және тәуекелден Бақылау
келетін зияндар жұмысы
2. Тиімді шешім және Рубенштейн ережесі (жазбаша)
3. Тәуекелді басқару тәсілдері Тақырып
бойынша тест
3 Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау 2 Сұрақ-жауап 5-6
1.Бизнес-жоспардың құрылымы Топтық
2.Қаржылық жоспар презентация
3.Индикативтік жоспар
4 Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру 2 Сұрақ-жауап 7-8
1.Кәсіпкерлікті қаржыландырудың ішкі және Бақылау
сыртқы көздері жұмысы
2. Кәсіпорынның мүмкіндіктерін және Тақырып
тұтынушыларды зерттеу бойынша тест
3. Нарықты сегменттеу орындау
5 Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару 2 Сұрақ-жауап 9-10
1.Еңбек ұжымының қалыптасуы. Персоналдың Тапсырмалар
құрылымы орындау
2. Еңбек ресурстарын жоспарлау және тақырып
еңбекті мөлшерлеу бойынша тест
3. Еңбек ақыны ұйымдастыру мен еңбекті орындау
ынталандыру
6 Кәсіпкерлердің шаруашылық 2 Сұрақ-жауап 11
серіктестіктермен келісім-шарттық Бақылау
қарым-қатынасы жұмысы
Келісімдердің жіктелінімі Топтық
Келісім жасау формасы ретіндегі оферта презентация
7 Кәсіпкерлік қызметті талдау және 2 Сұрақ-жауап 12
тиімділігін бағалау Жаттығулар
1.Кәсіпкерлік қызметтің тиімділік орындау
көрсеткіштері
2.Өндіріс шығындарын талдау
Өнім өткізу нарығын талдау
Өнім сапасын талдау
13-14
15
3. СТУДЕНТ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЕРЕЖЕСІ
Университетте кредиттік оқу жүйесіне өткен академиялық топтарда
студенттің білімі мен біліктілігін бақылау және бағалау рейтингтік жүйеде
іске асырылады. Рейтингтік балл екі бөліктен құралады: біріншісі –
рейтингтік балдың 40% үлесін құрайды, ол студенттің күнделікті, шептік
бақылау және СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының
қосындысынан, екінші - 60%, ол емтихан балынан құралады.
Студент қажетті балды жинақтау арқылы, яғни:
күнделікті сабаққа қатысу белсенділігі (күнделікті үй, аудиториялық т.б.)
тапсырмаларды орындағаны үшін қойылатын бағалар – Б1;
шептік бақылау нәтижесінде жинаған балы – Б2;
студенттің оқытушы басшылығымен және жеке өзі орындайтын жұмыстарды
орындағаны үшін алатын балдарды – Б3;
қортынды бақылау – емтихан балдары – Бе арқылы жинақтайды;
Осы балдардың қосындысы студенттің білімінің рейтингтік көрсеткіші болып
саналады, яғни
R=(Б1+Б2+Б3) * 0,4 + Бе * 0,6
Мұндағы R жалпы рейтингтік бал.
Рейтингтік балды құрайтын Б1, Б2, Б3, Бе шаманы есептеу тәртібін кафедра
тағындайды. Көп жағдайлара рейтингтік балдың максимал мәнін R=100 бал етіп
алады.
Рейтинг шкаласы
Бақылау КоэффицМазмұны Балдар БақылаМаксималд
түрі иент нормасыу саныы балдар
Ағымдық Б1 Сабақ үстіндегі белсенділігі 0,4 15 6
бақылау
Рефератты презентациялау 3,0 2 6
Кіші топтардың арасында пікір4 2 8
– таластарға қатысу
Шептік Б2 Бақылау жұмысы
бақылау
Коллоквиум тапсыру
Тест тапсыру 25 2 50
СӨЖ Б3 СӨЖ тапсырмаларын конспект 1,2 15 18
бақылау ретінде оқытушыға тапсыру
Реферат жазу және оны 6 2 12
оқытушыға тапсыру
ҚортындыБе Емтихан 100 1 100
бақылау
“Туризмнің кәсіпкерлік қызметінің негіздері” пәні бойынша бағалау
РсБақылау түрі БаллКредит 1 Кредит 2 Кредит 3 барлығ
ы
1
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
С+ 2,33 70-74
С 2,0 65-69 Қанағаттанарлық
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49
Қанағаттанғысыз
Рейтингтік балдың 40 пайыздың бірінші бөлігі кафедра ержесесіне
сәйкес оқытушы анықтайды( 10 беттегі кесте)
Студент рейтингтік балын жақсарту мақсатымен күнделікті және аралық
рейтингтік бақылауды қайта тапсыруына болмайды.Тек ауыру не басқа да
себепті жағдайларда ғана рұқсат етілуі мүмкін.
Студент қортынды бақылау – емтиханға жіберліу үшін күнделікті, шептік
бақылау және СӨЖ тапсырмаларын орындаған үшін берілетін рейтингтің бірінші
бөлігінің ең кемі 60 пайызын жинауы тиіс.
Студент қортынды бақылауға (емтиханға) қатысуы міндетті.
Студент әр семестрде 12-18 кредит, 4 жылда ең кемі 128 кредит
жинақтауы тиіс.
Студенттің оқу жылы жинақтайтын кредит шамасын – СТ алдын-ала типтік
оқу және студенттің жеке оқу жоспарлары негізінде анықталып студентке
хабарланады.
Қортынды бақылау –емтихан нәтижесі қанағатсыз баға алған жағдайда
студенттің алдын ала жинаған рейтингтік балдары есепке алынбайды.
Студент таңдаған мамандығы бойынша оқу жылындағы академиялық үлгірімін
орташа СРА-мәнің есептеу арқылы анықтайды:
Мұңдағы n, n2 ,.. . . . .nm - әр пән бойынша студенттің қортынды
үлгірімінің сандық баламасы.
К1,К,2, ... Кm – студенттің оқыған пәндер кредиті.
GPA көрсеткіші мен жинақтаған кредит СТ белгіленген шамадан артқан не
тең студент келесі курсқа көшіріледі.
GPA көрсеткіші белгіленген шамаға жетпеген студент келесі курсқа
көшірілмейді. Келесі оқу жылында ол жеке жоспарына сәйкес жетпеген болды
жинауына немесе жаңадан жеке жоспар құруына болады.
GPA мәні көрсетілген шамадан не оған тең, бірақ жинақтаған кредит
шамасы СТ жеткіліксіз (қарызы бар) студент, қарызын алдынғы академиялық
мерзім ішінде, не жазғы семестр кезінде өтеуі тиіс.
4. Студенттің өзіндік жұмыс тақырыптары
1. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
2. Кәсіпкерлік іске мемлекеттің ықпал жасау механизмі
3. Американдық бизнес психологиясының ерекшеліктері
4. Коммерциялық келісім жүргізудің технологиясы
5. Шағын және орта бизнестің экономиканы дамытудағы ролі
6. ҚР-ғы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
7. ҚР-да кәсіпорындардың даму сипаты
8. Қаржы-өндірістік топтар және олардың қызметі
9. Өнеркәсіптегі инвестициялардың түрлері және саралануы
10. Кәсіпорынды дамытудағы инновацияның ролі
11. Лизинг келісімі: ұғымы, негізгі қатысушылары
12. Шағын бизнесті дамытудағы мемлекеттік саясат
13. Венчурлық фирмалардың атқаратын қызметтері
14. Кәсіпкерлердің құқысы мен міндеттері
15. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
16. Кәсіпкерлік этикасы
17. Жапондық бизнес психологиясының ерекшеліктері
18. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың базалық формалары
19. Консалтинг қызметі және оның ерекшеліктері
20. Қазақстанда франчайзингті дамыту проблемалары
21. Кәсіпкерлік қызмет үшін салық режимін таңдаудың негізі
22. Кәсіпкерлік қызметте несиелерді ұйымдастыру
23. Бизнес-инкубаторлардың кәсіпкерліктегі алатын орны
24. Кәсіпкерлікте сыртқы сауда операцияларын ұйымдастыру
25. Кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету
26. Шет елдегі шағын бизнесті қолдау ерекшеліктері
27. Кәсіпкерлікте технопарктерді дамыту тиімділігі
28. ҚР-ғы венчурлық кәсіпкерлікті дамыту
29. ҚР-ғы инновациялық кәсіпкерліктің дамуы
30. Кәсіпкерлік қызметті стратегиялық жоспарлау.
5. Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің өзіндік жұмыстарының
мазмұны
1-тақырып. Кәсіпкерлік ұғымы және оның негізгі түрлері
І. Сұраққа жазбаша жауап беру
1. Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің айырмашылығы
2. Жауапкершілігі шектеулі қоғамның серіктестіктен ерекшелігі
3. Қандай жағдайда акционерлік қоғам құрылады және оның серіктестіктен
айырмашылығы неде?
4. Кооперативтің ерекшелігі неде?
5. Шаруашылықты жүргізу құқығының оперативті басқару құқығынан айырмашылығы
6. Заңды тұлғаның қандай бөлімшесі өкілдік, ал қайсысы филиал болып
табылады?
ІІ. Глоссарий құру:
1. Агенттік, коммивояжер,аукционер, фьючерс, форвард, опцион, риэлтор,
комиссионер, комитент, индент, консигнация, дистрибьютер, брокер, дилер,
маклер, джоббер, хеджер
2-тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
І. Сұрақты талқылау
1. Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлерін сипаттаңыз?
2. Тәуекелден келетін қандай зияндарды ескеру қажет?
3. Қаржыландыру тәуекелінде қандай басты факторларды ескеру керек?
4. Тәуекелді сақтандырудың қандай шараларын білесіз?
5. Тәуекелді басқару процесінің кезеңдерін атаңыз?
ІІ. Глосарий құру: өндірістік тәуекел, қаржылық тәуекел, коммерциялық
тәуекел, инвестициялық тәуекел, нарықтық тәуекел, диверсификация,
хеджирлеу.
3-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
І. Сұрақты талқылау
1. Стратегиялық жоспарлау
2. Ағымдық жоспарлау
3. Жедел-өндірістік жоспарлау
4. Маркетинг стратегиясы және маркетингтік қызмет концепциясы.
ІІ. Глосарий құру: өндірістік маркетинг, тауар маркетингі, өткізу
маркетингі, тұтынушылық маркетинг.
4-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
І. Сұраққа жазбаша жауап беру
1. Қаржы қатынастары мен ақша қатынастарының айырмашылығы
2. Қаржының атқаратын қызметтері
3. Өзін-өзі ақтау мен өзін-өзі қаржыландырудың ерекшеліктері
4. Өндірісті кеңейту қандай көздерден қаржыландырылады?
5. Акционерлік қоғамды қаржыландыру көздері
6. Қаржыландырудың ішкі көздері. Пайданың бөлінуі
7. Қаржыландырудың сыртқы көздері
ІІ. Глосарий құру: қаржы, қаржылық менеджмент, өзін-өзі ақтау, өзін-өзі
қаржыландыру, рентабельділік, меншікті капитал, қарыз капиталы.
5-тақырып. Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару
І. Сұраққа жазбаша жауап беру
1. Кәсіпорында кадрларды жоспарлау көрсеткіштері қандай?
2. Еңбек өнімділігі және еңбек сыйымдылығы дегеніміз не?
3. Еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифтік емес түрлерінің
ерекшеліктері қандай?
4. Еңбекке ақы төлеуді мемлекеттік реттеу механизмдері.
ІІ. Глосарий құру: мерзімді еңбек ақы, кесімді еңбек ақы, тарифтік разряд,
мерзімді сыйақылы ақы төлеу, кесімді сыйақылы ақы төлеу, кесімді үдемелі
еңбек ақы, жанама кесімді еңбек ақы, акордтық еңбек ақы.
6-тақырып. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келісім-шарттық
қарым-қатынасы
І. Сұраққа жазбаша жауап беру
1. Тауардың бағасы, негізгі баға құрушы факторлар;
2. Төлем формалары және олардың ерекшеліктері;
3. Өндірістік сферадағы ынтымақтастық формалары
4. Коммерциялық қызметтегі ынтымақтастық формалары
5. Қаржы саласындағы ынтымақтастық формалары
ІІ. Глосарий құру: сиф, фоб, франко, оферта, индоссамент, индоссат,
авалист, трассат, авалист, дисконт, аккредитив, инкассо, коносамент, форс-
мажор, арбитраж, ремитент, тратта.
7-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін бағалау
І. Сұраққа жазбаша жауап беру
1. Өндіріс факторларын тиімді пайдалану көрсеткіштері:
- Жұмыс күші: еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығы;
- Өндіріс құралдары: қор қайтарымы, қор сыйымдылығы;
- Еңбек заты: материал сыйымдылығы мен материал қайтарымы
2. Өндірістің рентабельділігі
ІІ.Глосарий құру: ағымдық өтімділік коэффициенті, мерзімді өтімділік
коэффициенті, абсолютті өтімділік коэффициенті, тәуелсіздік коэффициенті,
қаржылық тұрақтылық коэффициенті, активтердің рентабельділігі,
инвестицияның рентабельділігі, активтердің айналымдылық коэффициенті,
меншікті құралдармен қамтамасыздандыру коэффициенті.
Қысқаша лекциялар курсы

1.1.Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің
объектілері мен субъектілері.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын қызметі. Тәуекелмен, ынтамен,
іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді ізденумен
байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады.
Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің субьектілері жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар,
акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік
обьектілеріне шаруашылық қызметтің кез-келген түрі, коммерциялық,
делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы
қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани
құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс
процесі құрайды.
2. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді сатып алу –
сатумен айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды.
Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы
жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде болса алыпсатарлыққа
жатпайды.
3. Қаржылық кәсіпкерлік – сатып алу- сату обьектісі ақша, бағалы
қағаздар, валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі.
4. Делдалдық кәсіпкерлік – бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын
қосатын қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
5. Сақтандыру кәсіпкерлігі – сақтандырған оқиға болған кезде ғана
қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын ұаржы кәсіпкерлігінің
ерекше формасы.
Кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік
қызмет тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әртүрлі
варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз
байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін
қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз
қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен
ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес,
сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне
бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз
бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
1.2.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың құқықтық формалары.
Кәсіпкерлік әртүрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты
кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік -әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында
болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік- бір ғана адам айналысатын
бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;
- бизнес көлемінің шектелмеуі;
- қатаң бағамен шектелмеуі.
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез-келген өндірісті өзі жасай
алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген
салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің
шектелмеуінде жатыр.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері
бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін
жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу
тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын
бизнес. Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына
тоқталайық.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан
адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде
ғана жауапкершілік көтереді.
Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын
қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен
ортақ жауапкершілікте болады.
Толық серіктестік – мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне
негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі
бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді.
Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс
қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес
бөлінеді.
Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде
жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады,
экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында
қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Командитті серіктестік – үлестік меншікке негізделген. Командитті
серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы
мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін
толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді)
қамтиды.
Артықшылығы: басқаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды қалайтындарды
серіктестікке тартуға болады.
Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда,
тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін
азаматтардың ерікті бірлестігі.
Акционерлік қоғамдар – бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен
тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөлінген,
сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік
қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.
Корпорацияның артықшылықтарына мыналар жатады:
-акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
-басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
-корпорация қызметінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің біреуінің
қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Кемшіліктері: корпорация табысының акция ұстаушыларға дивидент түрінде
төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының
бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі
ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың
ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары
(small business corporation) статусын алуға болады. Бұл кезде корпорация
табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы
алынады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Шетелдік
тәжірибені ескере отырып, Қазақстан жағдайында шағын бизнеске мынадай
анықтама беруге болады: шағын бизнес бір немесе бірнеше инвестормен
құрылатын географиялық шектеулі аймақта қызмет ететін нарықтың шектеулі
үлесіне ие, басқару сипаты икемділікпен ерекшеленетін кәсіпорындар. Шағын
бизнестің ерекшеліктеріне оның икемділігін, өндірілетін өнім мен қызмет
түрін тез өзгертуге қабілетті, технология және басқа да қызмет сфераларында
жаңалықты ендіруге икемділігін жатқызуға болады. Сонымен қатар
жұмысшылардың басқару, табысты бөлуге қатысуға тікелей мүмкіндігі бар. Ірі
фирмаларда құрылтайшылар кәсіпорынды басқаруға кәсіпқой менеджерлерді
тартады, бұл өз кезегінде екі жақ мүдделерінің келіспеушілігін туғызады,
нәтижесінде басқару тиімділігі төмендейді. Шағын және орта кәсіпорындарда
мұндай келіспеушілік жоқ, өйткені кәсіпорынның негізін қалаушы мен менеджер
бір адам болып табылады. Шағын кәсіпорынды құрудың бірнеше формасы бар:
жаңа кәсіпорынды бастау, бизнесті сатып алу, франчайзинг және жанұялық
бизнес.
Кәсіпкер шешуі тиіс міндеттер олардың бір-бірімен жиі кооперацияға
бірігуге мәжбүр етеді. Кооперация негізінде әрқашан серіктестердің күш
жігерін жүйелеу есебінен өз қызметінің тиімділігін арттыруға деген талпыныс
бар. Әдеттегі іскерлік қарым-қатынастан басталатын серіктестердің
кооперациясы қандай да бір нақты міндеттемелерді жүктейтін келісімді
қатынастар формасына дейін жалғасады. Әдетте кәсіпкерлік бірлестіктердің
келесі формалары ажыратылады:
- картель
- консорциум
- концерн
- трест
- синдикат
- конгломерат
- ассоциация.
1.3.Акционерлік қоғамдар және олардың қызметі

Ашық акционерлік қоғам – бұл акция шығарып және оны сату арқылы
көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы
құралған кәсіпорын.
Жабық акционерлік қоғам – акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында
немесе алдын-ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі. Акционерлік
қоғамның бір мүшесіне тиесілі акциялардың жиынтығы акция пакеті деп
аталады. Акцияның бақылау пакеті қоғамға бақылау жасау құқығын береді.
Акцияға оларды шығару кезінде ашық жазылу хабарланады. Көбінесе акцияны
сату құқығы осындай операцияға маманданған инвестициялық банктерге
беріледі. Барлық акциялардың номиналдық құны жиынтығында меншікті капитал
шамасына сәйкес болуы тиіс.
Акционерлік қоғамның капиталы - акция мен облигацияны шығару мен
орналастыру арқылы біріктірілген жеке капиталдардың жиынтығы. Акцияны
шығару мен сатудан түскен қаржы акционерлік қоғамның меншікті капиталын
құрайды. Облигацияны орналастырудан түскен қаржы қарыз капиталын құрайды.
Бұл қаржылар белгілі бір уақыттан кейін облигацияның иесіне қайтарылуы
тиіс.
Акциялар атаулы және ұсынылған, жай және айрықша, дауыссыз, бір
дауысты, көп дауысты деп бөлінеді. Атаулы акция белгілі бір иемденуші атына
жазылып, АҚ-ның есепке алу кітабына тіркеледі. Ұсынылатын акция бағалы
қағаз рыногында оңай сатылып, оңай сатып алынады. Жай акция акционерлер
жиналысында дауыс беру құқығын береді, ал одан түсетін табыстың көлемі АҚ-
ның бір жылғы қызмет нәтижесіне байланысты және ешнәрсемен кепілденбейді.
Айрықша акцияның артықшылығы – АҚ-ның қызмет нәтижесіне қарамастан табыстың
болу кепілі. Дауыссыз, бір дауысты және көп дауысты акциялар арасында
айырмашылық айқын. Дауыссыз акциялар кең көпшілікке сатылады. Бұл АҚ
мүшелерінің ақша құралдарын тартуға және компанияны бақылауды сақтап қалуға
мүмкіндік береді.
2- тақырып. Кәсіпкерлік тәуекел
2. 2.1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Кәсіпкерліктің жүзеге асырылуы кәсіпкерлік тәуекелмен тікелей
байланысты. Қауіп-қатермен байланысты қолайсыз экономикалық ортада
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тура келеді. Бұл өндірісте, өнімді
сатып алу мен сатуда және басқа да қызмет түрлерінде туындайтын тәуекелді
оқып үйрену қажеттілігін көздейді. Нарықтық экономикада тәуекелдің алғашқы
элементтері болып нарық коньюктурасы, сұраныс, баға және тұтынушының жүріс-
тұріс тәртібін алдын ала көріп біле алмау табылады. Тәуекел материалдық
қаржы ресурстарын жоғалтумен байланысты.
Тәуекелдің түрлері.
1. Өндірістік тәуекел
2. Коммерциялық тәуекел
3. Қаржылық тәуекел
4. Нарықтық тәуекел.
Масштабтылығы бойынша кәсіпкерлік тәуекел 3-ке бөлінеді:
- Локальдық тәуекел – жеке фирманың (компания, бірлестік, олардың
құрылымдық звенолары) тәуекелі.
- Салалық тәуекел – сала ерекшелігімен байланысты тәуекел.
- Елдік тәуекел - әлеуметтік саяси жағдайдың төмендеуі, инфляцияның өсуі,
төлемсіздік мәселесі, заңдардың орындалмауымен байланысты бүтіндей елге
тән тәуекел.
Пайда болу табиғаты бойынша субъективті және объективті болып бөлінеді.
Пайда болу сферасы бойынша сыртқы және ішкі тәуекел болып 2 түрге
бөлінеді. Сақтандыру мүмкіндігі бойынша сақтандырылатын және
сақтандырылмайтын тәуекелге бөлінеді.
2.2. Кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне ықпал етуші факторлар
Кәсіпкерліктегі тәуекел бірқатар факторлардың болуымен көзделеді. Бұл
жағдайлар кәсіпкердің өзінің белгілі бір іс-әрекеттер нәтижесінде фирманың
ішкі қызметінде, сондай-ақ бизнесті қоршаған орта – бәсекелестер,
жеткізушілер, мемлекеттік органдар ықпалымен туындайды.
Тәуекел факторлары.
1. Фирмамен басқарылмайтын сыртқы факторлар:
- саяси жағдай;
- елдегі экономикалық жағдай
- табиғи апаттар
- кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдылық
- мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі
- салық жүйесі
- серіктестермен өзара қарым-қатынас
- бәсекелестердің көзделмеген іс-әрекеттері
- коррупция
2. Фирмамен басқарылатын ішкі факторлар:
- бизнес-ақпараттың жеткіліксіздігі
- маркетинг қызметінің жоқтығы
- фирма ішіндегі қаржылық мәселелер
- өндіріс процесіндегі көзделмеген өзгерістер
- еңбекті ұйымдастыру тәсілдерін, жаңа технологияны жасау, ендіру
- жұмысшы кадрлар мен мамандардың, басқарудың төменгі сапасы
- фирманы басқарушылар тарапынан келісімнің сақталмауы
- шешімдер қабылдау мен жүзеге асырудағы қателіктер
Бұл аталған шарттар кәсіпкерлік тәуекелге ықпал етуші жалпы шарттарды
көрсетеді. Алайда бұл факторлардың пайда болу сипаты нақты экономикалық
жүйе ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Бұл аталған факторлардан басқа кәсіпкерлік тәуекелге төлемсіздік
мәселесі, экономикадағы бәсеке факторының ерекшелігі, елдегі экономикалық
жағдай да әсерін тигізеді. Кәсіпкер үшін сыртқы орта факторлары арасындағы
өзара байланысты зерттеу мен бағалау ерекше мәнді алады. Өйткені
кәсіпкерлік тәуекелдің ішкі факторларына қажет болған жағдайда тікелей
ықпал ете алады.
2.3. Тәуекелді басқару тәсілдері
Кәсіпкрелік тәуекелді тудыратын өндірістік кәсіпкерліктегі
жоғалтуларға мыналарды жатқызуға болады:
1. Еңбек өнімділігінің төмендеуі салдарынан өнім өткізу көлемінің қысқаруы,
өндірістік қуаттылықтың толық пайдаланылмауы, жұмыс уақытының жоғалуы,
қажетті материалдар санының жеткіліксіздігі.
2. Баға инфляциясы, сұраныстың төмендеуі, нарық конюктурасының қолайсыз
өзгерісі, өнім сапасының жеткіліксіздігімен байланысты өнім сату
көзделетін бағаның төмендеуі.
3. Материал, шикізат, транспорттық шығындардың артық жұмсалуымен байланысты
жоғарғы шығындар.
4. Айыппұл түріндегі жоғалтулар.
Саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында тәуекел дәрежесі едәуір
өседі. Оның алдын алу үшін жеткілікті қаржы талап етіледі. Тәуекелді
қысқартудың негізгі тәсілдері:
1. Жобаны жасауға серіктестерді, кеңесшілерді қатыстыру;
2. Өнімдер мен қызметтерге сұраныс, нарық конюктурасының даму тенденциясын
болжау.
3. Тәуекелдің жобаға қатысушылар, оны орындаушылар арасында бөлінуі;
4. Сақтандыру;
Көзделмеген шығындарды жабуға қаржыларды резервтеу.
2.4 Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау
Тәуекелді басқару процесінде негізгі сәт оны бағалау кезеңдері болып
табылады. Осы кезеңде ол есептеледі және кәсіпкерлік қызмет нәтижелеріне
ықпал етеді. Тәуекелді бағалау – бұл тәуекел шамасын (дәрежесін) сандық
және сапалық тәсілмен анықтау. Бағалаудың қандай-да бір тәсілін таңдау
нақты жағдайға және кәсіпкердің жеке ерекшелігіне тәуелді. Кәсіпкерлік
тәуекелге сандық-сапалық, яғни аралас бағалау жұргізіледі.
Сапалық бағалау салыстырмалы қарапайым болуы мүмкін, оның басты
міндеті - тәуекелдің мүмкін болатын түрлерін, сондай-ақ белгілі бір іс-
әрекетті жүзеге асыруда тәуекел деңгейіне ықпал ететін факторларды
анықтаудан тұрады. Қорытынды шешім оны кешенді бағалау жүргізгенде
қабылдануы мүмкін. Осылайша көптеген жағдайда сапалық бағалау сандық
бағалаумен органикалық үйлеседі. Алайда бұл кезде мынаны ескеру қажет:
біріншіден, тәуекел жағдайын әрқашан сандық бағалау мүмкін емес, екіншіден,
экономикалық ақпараттың сәйкес көлемі мен мазмұны кәсіпкерлік тәуекел
деңгейін анықтау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.
Математикалық статистика тәсілдерінің көмегімен кәсіпкерлік тәуекелді
сандық бағалау ерекше қызығушылық танытады. Бағалаудың бұл тәсілінің басты
құралдары: дисперсия, стандартты ауытқу, вариация коэффициенті.
Тәуекелдің алуан түрлі түрлеріне қарай оны бағалау тәсілдері де алуын
түрлі. Оның негізгілері мыналар болап табылады:
1. Қосымша жұмыс күші, нарық жөніндегі ақпарат, жеткілікті қаржы
құралдарына ие кәсіпорындар арасында серіктестер іздеу;
2. Тәуекел мүмкін болатын салаларда сыртқы кеңесші-эксперттердің
қызметтері;
3. Тұтынушылардың белгілі бір категориясына бағдарлану;
4. Мемлекет салықтық, несиелік, инвестициялық және басқа да жеңілдіктерді
көрсететін ортада жиі әрекет ету;
5. Тәуекел мүмкіндіктерін болжау, оның пайда болу көздерін анықтау,
кәсіпорынның мүмкіндігін бағалау, бағдарламаны жүзеге асырудың
альтернативті варианттарын жасау.
6. Айналым құралдарының бөлігі есебінен өзін-өзі сақтандыру үшін арнайы
резервтік қор құру.
3-лекция Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
3.1. Жоспарлаудың мазмұны мен тәсілдері
Жоспарлау – бұл кәсіпорынның дамуының сандық және сапалық көрсеткіштер
жүйесін жасау және белгілеу. Ол кәсіпорынның басшылығымен жасалады және
онда ағымдық кезеңдегі, сондай-ақ болашаққа кәсіпорынның дамуының қарқыны
мен тенденциясы анықталады. Жоспарлаудың бірнеше тәсілдері бар:
1. Баланстық тәсіл ресурсқа қажеттілік пен оларды жабу көздері арасындағы
байланысты белгілеуді қамтамасыз етеді.
2. Есепті-талдау тәсілі жоспардың көрсеткіштерін есептеу, қажетті сандық
деңгейді қамтамасыз ететін факторлар мен олардың динамикасын талдау үшін
қолданылады.
3. Экономика-математикалық тәсіл көрсеткіштер тәуелділігінің экономикалық
модельдерін жасауға мүмкіндік береді.
4. Графоаналитикалық тәсіл экономикалық талдау нәтижелерін графиктік
құралдармен суреттеуге мүмкіндік береді. Графиктердің көмегімен
көрсеткіштер арасындағы сандық тәуелділік анықталады.
5. Бағдарламалық-мақсаттық тәсіл жоспарды бағдарлама, яғни бір мақсатқа
біріктірілген шаралар мен міндеттер кешені түрінде құруға мүмкіндік
береді.
3.2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
Мерзімі бойынша жоспарлаудың келесі түрлері ажыратылады: перспективті,
ағымдық және оперативті-өндірістік.
Перспективті жоспарлау болжауға негізделеді немесе оны стратегиялық
жоспарлау деп атайды. Оның көмегімен өнімнің жаңа түрлеріне болашақтағы
қажеттілік, әртүрлі өткізу нарығы бойынша кәсіпорынның тауар және өткізу
стратегиясы болжамданады. Перспективті жоспарлау ұзақ мерзімді (10-15 жыл),
орта мерзімді (5 жыл) болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімді жоспарда әрекет етуші өткізу нарықтарының шекарасын
кеңейту мен жаңа нарықтарды игеруді есепке ала отырып, ұзақ кезеңге
кәсіпорынның экономикавлық стратегиясы қалыптасады. Перспективті ұзақ
мерзімді жоспардың мақсаты мен мәндеттері орта мерзімді жоспарда
нақтыланады.
Орта мерзімді жоспарлаудың объектілері болып ұйымдастыру құрылымы,
өндірістік қуаттылық, капитал салымдары, қаржы құралдарына қажеттілік,
зерттеулер мен өңдеулер, нарық үлесі т.б. табылады.
Ағымдық жоспарлау бес жылдық жоспар шеңберінде жасалады және оның
көрсеткіштерін нақтылайды. Жылдық жоспарлаудың құрылымы мен көрсеткіштері
объектіге тәуелді ерекшеленеді және зауыттық, цехтық, бригадалық болып
бөлінеді.
Оперативтік-өндірістік жоспарлау ағымдық жылдық жоспар тапсырмаларын
қысқа уақыт мерзіміне және жекелеген өндірістік бөлімшелер бойынша
нақтылайды. Мұндай жоспар кәсіпорынның біртекті жұмысы мен өнім шығарудың
ырғақтылығын қамтамасыз ету құралы болып табылады.
3.3. Бизнес-жоспар және оның қажеттілігі
Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру жоспары бизнес жоспар деп аталады.
Бизнес-жоспар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz