Каспий теңізінің биоресурстарын сақтап қалу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Каспий теңізінің биоресурстарын сақтап қалу - ұлттық экологиялық мәселе
Қазіргі таңда өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін өзіңнің ұлттық болмысың мен интелегенттік-интелектуалдық жетістіктеріңді ғана дәлелдеу жеткіліксіз. Олардың қатарында тұру үшін ең алдымен өзіңнің атамекеніңдегі табиғат сыйға тартқан бағалы қазба байлықтар мен биоресурстарыңды алға тартуың керек. Экономикалық даму жағынан экспортта үлесің де кем болмауы тиіс. Әрине, Қазақстан Республикасы да өзінің тәуелсіздігін алғалы бері сол өркениеттілікке жетуге талпынуда. Біздің ұлан-асыр даламыз жер асты байлықтары және өзіндік ерекшеліктері бар флора мен фаунаға да бай екені бәрімізге аян. Жас мемлекетіміздің әрбір жері мен тау-тасын бассаңыз тұнып түрған тарих. Ал сол жерлер мен өзендердің асты толған байлық. Осындай ғажайыптарға толы жеріміздің бүгінгі күнде шаң-тозаңға айналып, құрғап кетіп жатқан жері бар. Оған кім немесе не себепші болды? Осы сұрақ кімді болмасын толғандырары анық.
Адамзат баласы дүниеге шыр етіп келген күнінен бастап, әрқашанда әрнәрседенде алдыда болуын қалайды. Ендеше біздің мемлекетіміз де сол кішкентай нәресте сияқты әр талпынған сайын алға ұмтылуда. Сол ұмтылыстың мақсаты - өркенитті елге айналу. Енді сол оқ бойы озып кеткен елдердің хал-ахуалын саралап көрейікші. Біз жаңа күнді теледидер, радио немесе баспа құралдары арқылы ел жаңалықтарымен танысудан бастаймыз. Сол танып-білген хабарымыздың кем дегенде 70%-ы табиғаттағы өзгерістер және соның салдарынан болған төтенше жағдайлар туралы ақпараттар екені шындық. Өркениетті елге айналамыз деп табиғатты тепе-теңдігінен айырған мемлекеттер аз емес. Мысалы, өзіміздің ағайындар - Түркия мемлекеті (жер сілкінісінің жиі болуы), Мексика, Америка және Куба елдеріне қауіп төндіріп тұрған «Вилма» дауылы, Ямайкадағы жаңбырдың шекткен тыс жаууы және т. с. с.
Міне жоғарыда айтылған деректерге қарап, біздің климаттың жағдайы қандай екен деген қызығушылық туып отыр. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы өткен жылдың қыс мезгілін алайық. Табиғат-ана көп жылдан сақтап келе жатақан дәстүрін бұзып, ең аз қар түсетін аймақтарға мол қар түсіріп, керісінше шығыстағы аязды әсем қаланың бірі -Алматыға әкелгені бәрімізге белгілі.
Соңғы шешім - табиғаттың тепе-теңдігін бұзатын адамзат баласының құмары мен қызығушылықтары екені анық.
Енді биоресурстардың жойылуына тоқталайық. Ең алдымен биоресурстар табиғатта қандай роль атқаратындығын анықтайық.
Биоресурстар - табиғаттағы зат аламасу поцестерін аз болса да реттеп, өзінің тіршілік ортасының тепе-теңдігін сақтап отырушы ресурстар.
Біздің елімізде ең қымбат экспорттық тауардың барлығы барлық елдерді қызықтырып отыр, ал олардың елімізде аз қалғандығы әлем экологтары мен табиғатты қорғау ұйымдарын алаңдатып отыр. Себебі біздің Каспийіміздегі құртпа-бекіре тұқымдас балықтар осы мекенде дамып көбейеді екен. Құртпа-бекіре тұқымдас балықтар ішіндегі ең ірі әрі айтарлықтай бағалы балық түріне жатады, оның уылдырығының бағасы да әлемде өте қымбат: мәселен, дүние жүзіндегі азық-түлік тауарлары ішінде оның бөлшек саудадағы 1 келісінің бағасы 5 мың АҚШ доллары тұрса, АҚШ-та бір фунты 3 мың доллардан асады. Дүниежүзілік уылдырық саудасынан түсетін жылдық түсім 100 млн АҚШ долларымен бағаланады. Бұрынғы КСРО, 1992 жылдан бері қарай Каспий өңіріндегі ТМД елдері соңғы уақытқа дейін бекіре тұқымдас балықтардан азық-түліктік өнімдер өндіретін негізгі өндірушілер болып келеді. Әлемдік бекіре тұқымдас балықтар қорында Каспий мен Азов теңіздері жетекші су қоймалары болып табылады, мұнда осы балық түрлерінің 90 пайыздан астам қоры шоғырланған. Еуропа мне АҚШ -та аздаған мөлшерде бекіренің жекелеген түрлері фермаларда өсіріледі. Қазіргі уақытта құртпа балық уылдырығын өндіретін негізгі өндірушілер - Қазақстан мен Иран. Қазақстанда ол табиғи уылдырық шашатын жері Орал өзенінде ауланса, Иранда теңізде ауланады. Осы мәселеге байланысты сарапшы М. Баймұханов пікірі қызығушылық тудырады. Ол: - Соңғы екі жыл ішіндегі деректер бойынша, қазіргі күні Орал - Каспий ауданында бекіре тұқымдас балықтар санының тұрақтана бастағаны байқалды. Бірақ, егер оны аулауға шектеу қойылмаса, бұл балық түрлерінің кәсіптік көлемі табиғатта әрі кетсе 10 жылдан артық сақталмайды. Бекіре тұқымдас балықтардың табиғи генофонын сақтауға байланысты айрықша жауапкершілік Қазақстан мойнына жүктеледі, өйткені табиғи уылдырық шашу аймағы тек бізде ғана сақталған, дейді. Соңғы ресми деректерге қарағанда, Атыраудағы екі инкубатордан бекіре жұмыртқасынан ең болмаса бір аналық бекіре ұстай алмапты, онсыз ол балық түрінің санын қалпына келтіру мүмкін еместігі түсінікті болса керек.
Үкіметтің балық шаруашылығын дамыту бойынша 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасындағы деректерге сүйенсек, тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары бекіре тұқымдас балықтардың қоры 9 есе азайып, бұрындары жоғары кәсіптік сұранысқа ие болған көптеген балық түрлері Қызыл кітапқа енгізіліпті. Бекіре тұқымдас балықтардың сапасының төмендеп кеткендігіне дәлел болатындай. Астрахань мұражайында ұзындығы 6 метр, салмағы 1, 8 тонна тартатын құртпа балық мүсіні көрмеге қойылған. Қазіргі күні балық аулау квотасын арттыру мен заңсыз аулаудың белең алуына байланысты, қазіргі күні ұсталған әлгіндей балықтың салмағы бар-жоғы 150 келі ғана тартқан екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz