Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
KІPІCПЕ
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы
(бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004
жылдарға арналған бағдарламасы ережелерiнiң негiзiнде Қазақстанның
энергетикалық ресурстарын пайдалану стратегиясына және Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес
әзiрлендi.
      Бағдарламаның нысанасы Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы (бұдан
әрi - KTҚC) қойнауындағы көмiрсутегi шикiзаты ресурстарын тиiмдi игеру
жөнiндегi шараларды негiздеу және келiсу болып табылады.
      Бағдарлама 1993 жылы бекiтiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiн
игерудiң мемлекеттiк бағдарламасының (1-кезең) қисынды жалғасы болып
табылады. Теңiз мұнай-газ операцияларын жүзеге асырудың стратегиялық
ережелерi мен әдiстерiн нақтылау қажеттiгi Қазақстан Республикасының
әлеуметтiк-экономикалық дамуының қалыптасқан оң үрдiстерiмен,
көмірсутектерінің дүниежүзілік рыноктардағы және оларды тасымалдау
бағыттарының өзгерiстерiмен, мемлекет мүдделерiн қамтамасыз ететiн
"ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" ЖАҚ-ын (бұдан әрi - мұнай-газ компаниясы)
құрумен байланысты.
      Қазақстан Республикасының аумағындағы көмiрсутегi шикiзаты кен
орындарының көпшiлiгi 2002 жылға қарай жылдық өндiрудiң ең жоғары деңгейiне
жеттi. Құрлықта өндiрудiң одан әрi өсiмi бiрiншi кезекте Теңiз және
Қарашығанақ сияқты кен орындарын игерудiң қарқындылығына байланысты.
Сонымен бiрге, жүргiзiлген зерттеулер көмiрсутегi шикiзатының барланған
қорлары мен өндiрудiң негiзгi өсiмiн Каспий теңiзi акваториясынан күту
қажеттiгiн көрсетедi.

Көмiрсутектерiн дүние жүзiнде өндiру

1-кесте.
Мұнай және газ конденсаты, жылына млн. тонна
2000    201      567       45     294     565     284     633
 2002    212      538       46     333     883     343     560
 2004    315      328       43     367    1006     365     550
 2005    336      344       66     389    1155     396     543

Бағдарламада КТҚС-ы теңіз беті мен түбінің қойнауы ретінде қарастырылады.
Каспий теңізіндегі теңіз шекаралары Қазақстан Республикасының халықаралық
келісімдерімен айқындалады. Осы уақытқа дейін КТҚС-да орындалған
геологиялық-геофизикалық жұмыстар, құрлықтың теңізге жапсарлас жатқан
учаскелеріндегі барлау жұмыстары материалдарын қоса алғанда,
көмірсутектерінің ірі қорлары бар аймақтарды жеткілікті түрде нақты бөліп
көрсетуге мүмкіндік береді.
      Теңiз қайраңдарындағы, жұмыстардың қалыптасқан дүниежүзілік
практикасы барлау жұмыстары басталғаннан бастап алғашқы коммерциялық мұнай
алуға дейiн 8-10 жыл өтетiнiн көрсетедi.
      Бағдарлама 2015 жылға дейiнгi дамуға бiр мезгiлде баға бере және
болжай отырып, 2003-2005 жылдарға тұспалдас игеру кезеңiн қамтиды. Пайдалы
қазбалар, әсiресе - мұнай мен газ көзi ретiнде теңiз қайраңдарының маңызын
арттырудың ғаламдық үрдiстерi, сондай-ақ табиғат пайдалануды қоршаған
ортаны қорғау талаптарымен тиiмдi ұштастыру қажеттiгi ескерiледi.
Геологиялық барлау жұмыстарын артықшылықпен жүргiзуден КТҚС-ның
көмiрсутектepi қорларын пайдалануға көшудiң тәртiбiн ашып көрсете отырып,
Бағдарлама KTҚC-ын Қазақстан Республикасындағы көмiрсутектерiн өндiрудiң
негiзгi аймағына айналдыруды көздейдi.
      КТҚС-дағы теңiз мұнай-газ кенiшiн дамыту мәселелерiнен басқа,
Бағдарлама сонымен бiрге өндiрiстiк, әлеуметтiк және экологиялық мақсаттағы
iлеспе объектiлердi жақсарту мүмкiндiгi мәселелерiн де қарастырады.
1. Каспий теңізінің қазақстандық секторы мұнай-газ
кешенiнiң жай-күйiн талдау
1.1. КТҚС-ның көмiрсутектерi қорларын игерудiң ғаламдық аспектiлерi
Ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстанның мұнай-газ кешенiнiң дамуына ықпал
ететiн анағұрлым маңызды сыртқы факторлар:
      ғаламдық экономикалық өсу үрдiстерiнiң сақталуы;
      дамушы елдер пайдасына энергия көздерiне дүниежүзiлiк сұраныс
құрылымының өзгеруi;
      жоғары сапалы энергия көздерi рыногындағы бәсекенiң шиеленiсуi;
      көмiрсутектерiнiң дүниежүзiлiк қорларының шектелуi;
      Каспий теңiзi мұнай ресурстарының ғаламдық маңызы;
      Қазақстан үшiн көлiк және баға шарттарының қанағаттандырарлық болуы
болып табылады.
      Соңғы 30 жыл iшiнде мынадай үрдiс қалыптасты, дүниежүзiлiк ЖIӨ орта
есеппен жылына 3,3 % өсiп, бұл кезде көмiрсутектерiнiң негiзгi көзi ретiнде
мұнайға дүниежүзiлiк сұраныс жылына орта есеппен 1 % өсiп отыр.
Көмiрсутектерiн тұтынудың ЖIӨ өсуiнен артта қалуы, ең алдымен, дамыған
елдердегi ресурсты үнемдеу процесiмен байланысты. Сонымен бiрге, дамушы
елдерде ЖIӨ өндiрiсi мен көмiрсутектерiн тұтынудағы үлестiк салмақ ұдайы
арта түсуде. Бағалаулар бойынша құрылымдық алға басулар салдарынан
дүниежүзiлiк сұраныстың орташа жылдық өсiмi таяудағы жылдары 2,2 % жетуi
мүмкiн. Осындай жағдайда көмiрсутектерiмен жабдықтау проблемаларының барған
сайын шиеленiсе түсуi болжанып отыр.
Eуропa мен Азияда мұнайға сұраныстың және оны жеткiзудiң болжамы, (млн. т.)
                       2-кесте
----------------------------------- --------------------------------
 Сұраныс болжамы  !2005!2010!2015! !2005!2010!2015! !2005!2010!2015
----------------------------------- --------------------------------
                  !    1-нүсқа   ! !    2-нұсқа   ! !   3-нұсқа
----------------------------------- --------------------------------
Еуропадағы сұраныс   24   49   79     24   49   79     24   49   79
Жеке өндіруді ес-
керетін қажеттілік 54  129  209     54  129  209     54  129  209
Әзірбайжан           25   33   41     25   33   41     25   33  
41
Қазақстан            26   59   90     26   66   98     26   73 
118
Ресей (Түмен-
Печора)              18   33   16     18   33   16     18  
33   16
Ирак (санкцияларды
алу)                   0   20   40      0   20   40     
0   20   40
Жеткізудің
барлық өсімі         69  145  187     69  152  195     69  159 
215
Қара теңіз аймағын-
дағы сұраныс         16   16   16     16   16   16     16   16  
16
Еуропа қажетті-
ліктерін жабуға
ресурстар            53  129  171     53  136  179     53 
143  199
Тапшылық (-),
артылып қалу (+)      -1    0  -38     -1    7  -30     -1   14  -10
Азиядағы сұраныс    204  382  595    204  382  595    204  382  595
Жеке өндіруді
ескеретін
қажеттіліктер     214  407  625    214  407  625    214  407 
625
Қазақстан             1   20   48      1   20   70      1   20  
80
Ресей (Сахалин-1,
Сахалин - 2
жобалары)            31   11    3     31   11    3     31  
11    3
Ирак (санкцияларды
алу)                 60  120  220     60  120  220    
60  120  220
Жеткізудің барлық
өсімі                92  151  271     92  151  293    
92  151  303
Тапшылық (-),
артылып қалу (+)   -122 -256 -354   -122 -256 -332   -122 -256
-322

Қазақстанның
таза экспортының
өсімі               27   79  138     27   86  168     27   93  198
----------------------------------- --------------------------------

Мұнайдың дүниежүзілік барланған барлық қорларының қазіргі заманғы сақталу
үрдістері 40-50 жылға ғана жететінін халықаралық сарапшылардың бағалауы
көрсетіп отыр. Осы кезеңнен тыс шектерде мұнай ресурстарын үнемдеу және
энергия баланстарында мұнайды басқа энергия көздерімен ауыстыру
стратегиясына көшу қажет етіледі.
КТҚС-дағы мұнай ресурстарының дүниежүзiлiк барланған қорларға қосылуы
ғаламдық энергетикалық стратегиядағы айқындаушы фактор болып табылады.
Қазақстан Каспий акваториясындағы мұнай өндiруге жоспарлы өлшеммен көшу
және жекелеген перспективалы жобаларды еңсеру стратегиясын икемдi
ұштастыруға дайын болуға тиiс.
      Ресей, Қытай сияқты аса iрi және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң
аумақтық жақындығы Қазақстан көмiрсутектерiнiң экспорты үшiн ауқымды
перспективаларды ашып бередi. Олардың рыногына шығуды қамтамасыз ету үшiн
магистральдық құбырлар жүйесiн дамыту және жетiлдiру қажет.
      Қазақстанда мұнай-газ кешенi саласын еңбек ресурстарымен тиiстi
сапада қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi еңбек ресурстары бар, осыған
қарамастан әлi де болса, жекелеген мамандықтар бойынша бiлiктi кадрлардың
жетiспеушiлiгiн бастан кешiрiп, кәсiпорындар шетел мамандарын тартуға
мәжбүр болып отыр.
      Баға факторы да Қазақстанның мұнай-газ кешенiне қолайлы әсерiн
тигiзуде. Көмiрсутектерiнiң дүниежүзiлiк және ұлттық қорларының шектелуi
бағаға бақылаудың аймақтық және ғаламдық жүйелерiн жасауға әкеп соқты.
Қолайлы "бағалар дәлiзi" мұнайды экспорттаушы елдердiң бюджеттiк
сұраныстарымен, мұнай-газ өндiрiсiн кеңейту және техникалық жағынан
жаңартумен, тұтынушылардың балама (көмiрсутегi тектес емес) материалдар мен
энергия көздерiн тартпай-ақ көмiрсутектерiн пайдалану жөнiндегi
технологиялық және экономикалық мүмкiндiктерiмен байланысты.
      Көмiрсутектерi ресурстарының азаюы, сондай-ақ көмiрсутектерiн
ауыстырғыштардың қолжетiмдi көздерiн пайдаланудың қымбаттауы салдарынан
"баға дәлiзiнiң" жоғарғы және төменгi шектерiнiң өсу бағытының сақталуы
күтiледi. Осы арқылы барған сайын көмiрсутегi шикiзатының жаңа қорларын
айналымға бiртiндеп тартуға жағдай жасалады. Сонымен, КТҚС-ның көмiрсутек
ресурстары дүниежүзiлiк рынокта мiндеттi түрде пайдаланатын болады.
      Каспий теңiзi бассейнiнде Қазақстан өз қызметiн Әзiрбайжанмен,
Иранмен, Ресеймен және Түрiкменстанмен үйлестiредi. "Каспий бестiгi"
елдерiнiң әрқайсысының мұнай-газ операцияларында үлкен тәжiрибесi бар және
Каспий теңiзi ресурстарына үлкен үмiт артады.
      "Каспий бестігі" елдерінің екіжақты және көпжақты қатынастарының
қарқынды әрі жемісті дамуы олардың КТҚС-ын игерудің саяси, экономикалық,
экологиялық және технологиялық мәселелерін шешуге қабілетті екендіктерін
көрсетеді.
Отандық және шетелдік мамандардың сараптамалық
 бағалаулары бойынша КТҚС ең ірі болжамдық ресурстарға
 ие болып отыр, онда республика көмірсутектері жиынтық
 болжамдық ресурстарының 60%-дан астамы бар
1.2. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi
Кеңес Одағынан кейiнгi кеңiстiкте жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң пайда болуы
өзiмен бiрге бұрынғы одақтас республикалардың мемлекеттiк егемендiгiн
алуына байланысты көптеген проблемаларды шешу қажеттiгiн туғызды. Осындай
проблемалардың бiрi - аумақтық мәселелер. Каспий теңiзiне жапсарлас жатқан
елдердiң алдында оны халықаралық құқық пен дүниежүзiлiк практикада жалпыға
бiрдей танылған негiзде әдiлеттi және өркениеттi бөлу мiндетi туындады.
Егер 1991 жылға дейiн Каспий екi елге тиесiлi болса, ендi оның суларын бес
мемлекеттiң - Ресейдiң, Иранның, Әзiрбайжанның, Қазақстан мен
Түрiкменстанның жағалаулары шайып жатыр.
      1921 жылғы РСФРО мен Персия арасындағы бүгiнгi бар Шарт пен КСРО мен
Иран арасындағы 1940 жылғы Шарт өзгерiп отырған саяси ахуалға жауап
бермейдi және жағалаудағы мемлекеттердiң қатынастарын толық көлемiнде
реттей алмайды. Аталған шарттар сауда мақсатында теңiзде жүзу мен балық
аулау мәселелерiн ғана реттейдi. Оларда теңiз түбi мен оның қойнауы режимi,
теңiз үстiндегi әуе кеңiстiгi режимi, табиғат қорғау режимi және басқалары
сияқты құқықтық режимнiң осындай құрамды бөлiктерiне ешқандай нұсқаулар
жоқ.
      Осының өзi Каспий теңiзiнiң жаңа құқықтық мәртебесiн бiрлескен күш-
жiгермен әзiрлеу мақсатында Каспий өңiрi мемлекеттерiнiң арасындағы
келiссөз процесiн бастау үшiн негiз болып отыр.
      Каспий өңiрi мемлекеттерiнiң Каспийдiң құқықтық мәртебесiн
анықтаудағы көзқарастары мен әдiстерiнiң көпжақтылығы, аймақтағы геосаяси
ахуалды, келiссөз процесiнiң барысы мен перспективаларын ескере отырып,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында 1998 жылғы 6
шiлдеде жасалған Жер қойнауын пайдалануда егемендiк құқықтарды жүзеге асыру
мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы
келiсiм қорытындысы және оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттама сөзсiз табыс
болып табылады, мұны көптеген, оның iшiнде шетелдiк мамандар мен сарапшылар
да растайды. Каспий теңiзiнiң түбiн және жер қойнауын межелеу кезiнде орта
сызық бойынша бөлу әдiсiн қолдануды олар Каспий келiссөзiнiң процесiндегi
тұжырымдамалық алға басу ретiнде қарайды.
      Келiсiмде тараптар Каспий түбiнiң шектес бөлiктерiнiң ара-жiгiн
ажырату принциптерiн айқындады. Келiсiмнiң 1-бабының ережелерiне сәйкес
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң түбi мен оның қойнауы, кеме жүзуiнiң
бостандықтарын, балық аулау мен қоршаған ортаны қорғаудың келiсiлген
нормаларын қамтамасыз етудi қоса алғанда, су бетiн ортақ пайдалануды сақтай
отырып тараптар арасында тараптардың әдiлеттiлiгi мен уағдаластығы принципi
негiзiнде модификацияланған орта сызық бойынша ара-жiгi ажыратылады.
Келiсiмге қосымша және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамада
Қазақстан мен Ресей арасындағы теңiз түбi секторларының ара-жiгiн ажырату
сызығының өтуiне географиялық сипаттама берiлген, сондай-ақ көмiрсутектерi
шикiзаты қорларын игеру саласында өзара тиiмдi бiрлескен ынтымақтастық
шарттары келiсiлген. Модификацияланған орта сызық жағалаудан бiрдей
алыстауды негiзге алады, ол өзiне жағалаудан бiрдей қашықтықтағы емес
учаскелердi қамтиды және аралдар, геологиялық құрылымдар ескерiле отырып,
сондай-ақ басқа да ерекше мән-жайлар мен келтiрiлген геологиялық шығындар
ескерiле отырып айқындалады.
      2001 жылғы 29 қарашада Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан
Республикасының арасындағы Каспий теңiзiнiң ара-жiгiн ажырату туралы
келiсiмге қол қойылды, 2003 жылғы 27 ақпанда Бакуде осы Келiсiмге Хаттамаға
қол қойылды. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. P030194). 2002 жылғы 23
қыркүйекте Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы Каспий теңiзiнiң
шектес учаскелерi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы осыған ұқсас келiсiм
жасасты. Таяудағы уақытта Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы
және Ресей Федерациясы үш мемлекеттiң ұлттық теңiз түбi секторларын заңдық
ресiмдеу процесiн аяқтайтын Каспий теңiзiнiң түбi мен жер қойнауы шектес
учаскелерiнiң ара-жiгiн ажырату сызығының түйiсу нүктесi туралы келiсiмге
қол қоюды жоспарлап отыр. Әзiрбайжан тарапы Иранмен және Түрiкменстанмен
келiссөздер жүргiзуде. Негiз ретiнде бiздiң әрiптестерiмiз нақ Қазақстан-
Ресей тәжiрибесiн пайдалануда. Каспий теңiзiне байланысты мәселелер бойынша
1997 жылғы 27 ақпандағы Бiрлескен Қазақстан-Түрiкменстан мәлiмдемесiнде
тараптар "орта сызық бойынша әкiмшiлiк-аумақтық шекараларды межелеудi
ұстануды" келiстi. Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы
Каспий теңiзiнiң түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы Қазақстан тарапы
әзiрлеген жоба Түрiкменстан мемлекеттiк органдарының қарауында жатыр.
Сонымен, Қазақстан мен шектес мемлекеттердiң арасында Каспий теңiзiнiң түбi
мен қойнауының ара-жiгiн ажырату табысты аяқталған жағдайда қазақстандық
теңiз түбi секторы ең көбi болып, шамамен 30 % құрайды және бұл
Әзiрбайжанда - 21 %, Түрiкменстанда - 20 %, Ресейде - 17 % және Иранда - 12
% болады.

1.3. КТҚС-дағы мұнай операциялары

Қазақстан КТҚС-ын игеруде 2005 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол
жеткiздi:
120-дан астам перспективалық құрылымдар анықталды;
болжамдық ресурстарды бағалау орындалды;
мердiгер Қашаған кен орнындағы коммерциялық мұнай және теңiзде - Қаламқас
құрылымындағы кен орнының ашылуы туралы хабарлады;
жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға қол қоюға дайындық
басталды;
теңізде операциялар жүргiзудiң ерекше экологиялық шарттары әзiрлендi;
инфрақұрылымның бұрыннан бар объектiлерiн бағалау жүргiзiлдi және басым
жобалар белгiлендi;
Түпқараған шығанағындағы бұрғылау жұмыстарын қолдаудың жағалаулық базасы
құрылды.
1.3.1. Геологиялық-геофизикалық зерделенуi
1993 жылға дейiн Каспий теңiзiнде геофизикалық зерттеу мен ұңғымалар
бұрғылау Ресей және Әзiрбайжан кәсiпорындарының күшiмен жүргiзiлдi.
Қазақстан ұйымдары теңiз мұнай операцияларымен айналысқан жоқ, өйткенi
оларды жоспарлау мен орындауда тәжiрибесi болмады, бұл үшiн қажеттi
қаржылық қаражат, техникалық және кадр әлеуетi болмады.
      1993 жылғы желтоқсанда КТҚС-дағы жер қойнауы геологиялық құрылысын
зерттеу және көмiрсутектерiн игеру жөнiндегi кешендi бағдарламаны iске
асыру үшiн "Қазақстанкаспийшельф" Қазақстан компаниясы (Оператор) және алты
мұнай компаниясы - "Аджип" (Италия), "Бритиш Газ" (Ұлыбритания), "Би-
ПиСтатойл" (ҰлыбританияНорвегия), "Мобил" (АҚШ), "Шелл" (Нидерланды) және
"Тоталь" (Франция) құрамында Халықаралық консорциум құру туралы келiсiмге
қол қойылды.
      1995-2004 жылдары Консорциум КТҚС-ның бүкiл акваториясы бойынша ОТНӘ-
2Д сейсмикалық жұмыстарын, 60. 000 шаршы км. алаңда гравиметриялық зерттеу,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде магнитометриялық зерттеу жүргiздi.
      Бұл жұмыстар KTҚC-дағы мұнай-газ кенiнiң жоғары перспективалары
туралы болжамды растауға мүмкiндiк бердi. 1993-1997 жылдардағы аймақтық
сейсмикалық барлау жұмыстары мен бiрқатар орындалған тақырыптық жұмыстар
нәтижесiнде КТҚС-дағы көмiрсутектерiнiң геологиялық ресурстарын мынадай
бағалау алынды:
      Барлығы - 12-17 млрд.т., оның iшiнде:
      КТҚС-ның Каспий өңiрi ойпатының тұзасты шөгiндiлерiнде - 7-10
миллиард тонна;
      KTҚC-ның Каспий өңiрi ойпатының тұзүстi шөгiндiлерiнде - 1 миллиард
тонна;
      Бозашы аймағы мезозой кешенiнiң теңiз бөлiгiнде - 3-5 миллиард тонна;
      Маңғыстау аймағы мезозой кешенiнiң теңiз бөлiгiнде - 1-2 миллиард
тонна.
      Солтүстiк Каспий жобасы блоктарының үлесiне тұзасты шөгiндiлерiндегi
көмiрсутектер 5,9 миллиард тоннаға дейiн болады.
Бұрынғы алынған болжамдар барлаулық бұрғылау нәтижелерi бойынша үнемi
нақтылана түсуде. Қазiргi сатыдағы iздестiру мұнай-газ барлау жұмысы
D1 және D2 санаттары бойынша айқындалған болжамды шығарылатын қор газ
конденсаты бойынша - 61 млн. тонна, бос газ бойынша - 518 млрд. текше метр
болып отыр. Көмiрсутегi шикiзатының анықталған қорларының жартысынан астамы
КТҚС-ның солтүстiк бөлiгiнде орналасқан. 2002 жылға Қашаған құрылымынан
С1+С2 санаттары бойынша шығарылатын қорлар ҚP ҚМК балансына былайша
қабылданды: мұнай қоры бойынша - 1647,9 млн.т, газ конденсаты бойынша - 884
мың т. және газ бойынша - 969 млрд. текше метр. Кен орындарының игерiлу
және жаңа деректердiң алыну шамасына қарай қорлар қайта қаралуы мүмкiн.
      Бағалаулар мыналарды растап отыр: игеру процесiне тартылмаған
көмiрсутектерi ресурстық базасының бiр бөлiгi көлемi жағынан Қазақстанның
құрлығында барланған барлық кен орындарының жиынтық қорларымен шамалас.
      Бұрыннан белгiлi перспективалық аудандармен қатар жаңа палеозой және
мезозой құрылымдары анықталды, Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңiз, Ақтоты
және басқа да iрi перспективалы құрылымдар бұрғылауға әзiрлендi.
      2000 жылы "Аджип KKO" компаниясы Қашаған құрылымында iздестiру
бұрғылауын бастады, 1573 шаршы км. көлемдегi үш өлшемдiк 3D сейсмика
бойынша жұмыстар орындалды.
      2002 жылдың аяғында 7 барлау және бағалау ұңғымалары бұрғыланды. 2002
жылғы 30 шiлдеде "Аджип KKO" Қашаған кен орнынан коммерциялық мұнай кенiн
тапқанын жариялады. Сонымен қатар Қаламқас-теңiз құрылымында мұнайдың
өнеркәсiптiк ағыны алынды.
      2003 жылы Ақтоты және Қайраң құрылымдарында iздестiру-барлау бұрғылау
(екi ұңғыма) жұмыстарын жүргiзу жоспарланып отыр.
      Сонымен, КТҚС-да, жекелеген учаскелердi қоспағанда, айтарлықтай үлкен
көлемде геологиялық-геофизикалық зерттеулер жүргiзiлдi және Каспий
теңiзiнiң қазақстандық секторы көмiрсутектерiнiң теңiздегi кен орындарын
кеңiнен игеру үшiн жеткiлiктi түрде зерттелдi.
1.3.2. Салынған инвестициялар
Қазiргi кезге дейiн Каспий теңiзiнiң көмiрсутегi әлеуетiн игеруге
инвестициялар екi: Солтүстiк-Каспий және "Қазақойл-ЖҰМК" жобалары
шеңберiнде жүзеге асырылып келдi. Солтүстiк-Каспий жобасы 1993 жылы
Халықаралық консорциум шеңберiнде басталған жұмыстардың қисынды жалғасы
болып табылады және теңiз блоктары бойынша Қазақстан қол қойған алғашқы
Өнiмдi бөлу туралы келiсiмнiң (ӨБК) негiзiнде жүзеге асырылуда. 1993-2003
жылдар аралығында Халықаралық консорциумның инвестициялары, қол қойылған
бонус ретiнде төленген 75 миллион АҚШ долларынан басқа, 218 миллион АҚШ
долларын құрады.
      Мұнай блоктарында теңіз операцияларын жүргiзуге арналған әзiрлiк
жұмыстары басталған 1997 жылдан бастап мұнай операцияларына жұмсалған
шығындар 1063 миллион АҚШ долларынан асып түстi. Сонымен бiрге, мердiгер
компаниялар 1998 жылы Қазақстан Республикасына ӨБК бойынша 175 миллион АҚШ
доллары мөлшерiнде қол қойған бонус төледi. 2005 жылғы 31 желтоқсанда
Солтүстiк-Каспий жобасы бойынша инвестициялар 1714,9 миллион АҚШ долларын
құрады.
      ӨБК шарттарына сәйкес мердiгер Қазақстан Республикасының азаматтарын
кәсiби оқытуға, аспаптар мен ғылыми-техникалық ақпарат сатып алуға жыл
сайын 1,5 миллион доллар мөлшерiндегi қаражатты алғашқы төрт жыл iшiнде
және 1 миллион долларды одан кейiнгi жылдары жұмсауға тиiс.
      "Қазақойл-ЖҰМК" жобасы бойынша жұмыстар 1999 жылғы наурыздан
басталды. Шығыстар 50 миллион долларға жуық, олардың iшiнде Каспийдегi
жұмыстар бойынша шығыстар 25 миллион долларға жуық болды. "Қазақойл" ҰMK
мен "ЖҰМК" арасындағы Негiзгi келiсiмге сәйкес геологиялық-геофизикалық
зерттеулер, оның iшiнде Каспий теңiзi ауыспалы бөлiгiнiң жетуi қиын
аймақтарында орналасқан Тереңөзек-Прорва және "Бозашы беткейiнiң солтүстiк
баурайы" алаңдарда геологиялық-геофизикалық зерттеулер жүргiзiлдi. Осы
алаңдарға лицензия берiлдi және 2005 жылғы ақпанға дейiнгі мерзiмде
барлауға келiсiм-шартқа қол қойылды.

1.4. Күштi және әлсiз жақтары

КТҚС-ын одан әрi игеру үшiн мынадай оң факторлар ықпал етедi:
саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін және экономикалық дамудың жоғары
қарқынын ұстануға жәрдемдесетiн Қазақстан Республикасының серпiндi әрi
сындарлы iшкi және сыртқы саясаты;
көмiрсутектерi жаңа қорларының өсiмiмен салыстырғанда энергия қуатына
сұраныстың озыңқы үрдiсiн туғызатын, әсiресе дамушы елдердегi экономикалық
өсiм;
көмiрсутектерi ресурстарының дүниежүзiлiк қорларының шектеулiлiгi;
көліктің, мұнай-химия өндірісінің әр алуан түрлері үшін көмірсутектерінің
pecуpc ретiнде басым тұруы;
iрi әлемдiк мұнай өндiрушiлердiң бағаның экономикалық тұрғыдан ақтаулы
деңгейiн қамтамасыз етуге ұмтылысы;
шетелдiк инвесторлардың КТҚС-на келуге дайын болуы;
Каспий бассейнiнде теңiз мұнай операцияларынан тәжiрибесi жәненемесе
коммуникациялық инфрақұрылымы бар елдердiң болуы;
Каспий өңiрi аймағының халқы мен ұйымдарының КТҚС-ын кешендi және жоспарлы
игеруге мүдделiлiгi.
     

2. Жер қойнауын пайдаланудың теңiз учаскелерiнiң маркетингi
КТҚС-дағы ресурстарды игеру тәртiбi оның солтүстiк, орталық және оңтүстiк
бөлiктерiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған учаскелер мен блоктарды
бiрдей дәрежеде беруге негiзделедi. Мемлекеттiк табиғи объектiлерге,
рекреациялық аймақтарға, қорғаныс кешенiнiң объектiлерiне және iрi елдi
мекендерге жапсарлас жатқан блоктар оған қосылмайды.
      Жер қойнауын пайдалану теңiз учаскелерiнiң маркетингi мыналарды
қамтиды:
блоктардың ресурстық әлеуетiн бағалау және инвестициялық бағдарламалардың
конкурсына қойылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi мен құрамын
қалыптастыру;
жер қойнауын пайдалану учаскелерiне конкурс шарттарын белгiлеу;
жоба шегінде жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі мердігердің ұсынысын қарау;
конкурс жеңiмпазымен келiссөз раундтарын жүргiзу;
барлау, игеру және өндiру жоспарларын iске асыру.

      Уәкiлеттi органдар ұлттық компаниямен бiрлесе отырып теңiз блоктарын
зерттеудi жүргiзедi:
сейсмикалық барлау нәтижесiнде алынған деректер өңдеуден өткiзiледi және
талдап түсiндiрiледi;
перспективалық ресурстарға баға берiледi;
тәуекелдерге талдауды қоса резервуарларды геологиялық моделдеу жүргiзiледi;
түрлi коммерциялық және келiсiм-шарттық шарттарды ескере отырып, жобалардың
қаржылық моделi құрылады;
Қазақстан Республикасының Үкiметi тендерлiк блоктарды бекiтедi, оларды
конкурсқа қоюдың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      Зерттеу нәтижелерi теңiз операциялары процесiнде алынған қосымша
деректер негiзiнде жер қойнауы учаскелерiн бөлiп көрсету және кейiннен
ресурстық әлеуеттi нақтылау үшiн пайдаланылады.
3.2.3. Блоктарды қою тәртiбi
КТҚС-да блоктарды қою тәртiбi жер қойнауы учаскелерiн қалыптастыру және
инвесторлармен конкурстар өткiзу мен келiссөздер жүргiзудi қамтитын табиғи-
өндiрiстiк әлеуеттi кезең-кезеңiмен және ұтымды игеруге бағытталған
рәсiмдер кешенi болып табылады.
      Жер қойнауын пайдалану учаскелерiн қалыптастыру мынадай принциптерге
негiзделедi:
      геологиялық-геофизикалық зерттелуi, сейсмикалық көлденең кескiнiнiң
тығыздығы мен сапасы;
      елеулi мөлшердегi және болжамды ресурстарға ие базалық құрылымның
болуы;
      учаскенiң геологиялық ресурстарының 200-500 млн. т. шартты отындық
тығыздығы;
      дәлелденген көмiрсутек қорларымен белгiлi бiр аймаққа тектоникалық
орайластығы;
      бiрдей экологиялық талаптар;
      учаскенiң базалық және басқа да құрылымдарын бiрлесiп игеру
мүмкiндiгi;
      теңiз мұнай операцияларын қолдайтын инфрақұрылымның орналасуы.
      Геологиялық зерттелуi жағынан блоктар жақсы зерттелген (ipi және
орташа перспективалық құрылымдар анықталды) және нашар зерттелген
(қолданылған әдiстермен перспективалық құрылымдар анықталған жоқ) болып
бөлiнедi. Жер қойнауын пайдалану учаскелерi блоктардан және зерттелуi
жағынан әртүрлi дәрежедегi блоктардың бөлiктерiнен тұрады:
      жақсы зерттелген және дайын блоктар барлау мен өндiруге арналған
инвестициялық бағдарламалардың конкурсына қойылатын учаскелерге кiредi;
      жеткiлiксiз зерттелген блоктар барлауға арналған инвестициялық
бағдарламалардың конкурсына қойылу үшiн учаскелерге топтастырылуы мүмкiн.
      Инвестициялық бағдарламалардың конкурсын жүргiзу алдында:
      жер қойнауын пайдалану учаскелерiн геологиялық-техникалық бағалау;
      жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарының негiзiн құрайтын жер
қойнауын пайдалану учаскелерiне конкурстың негізгі шарттарын айқындау
жүргізiледi.
      Жер қойнауын пайдалану учаскелерiне конкурстың негiзгi шарттарында
мыналарды ашып көрсетедi:
      нақты және ақшалай тұрғыда ең төменгi жұмыс бағдарламасы;
      қол қойылатын бонустың мөлшерi;
      салық салу схемасы;
      жобалардағы ұлттық компания үлесiнiң мөлшерi (кемiнде 50%);
      газ бен күкiрттi кәдеге жарату жөнiндегi ұсыныстар;
      жер қойнауын пайдаланушының әлеуметтiк жобаларды орындау жөнiндегi
мiндеттемелерi;
      теңiздегi жұмыстар кезiндегi экологиялық стандарттар;
      жергiлiктi тауарларды, материалдар мен қызмет көрсетулердi пайдалану,
қазақстандық мамандарды жұмысқа жалдау және оқыту жөнiндегi мiндеттемелер;
      жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасы МӨЗ-на мұнай беруi
бойынша мiндеттемелерi;
      ғылыми-iздестiру және жобалық әзiрлемелер жүргiзу мен технологиялар
беру тәртiбi;
      шешiмдер қабылдау рәсiмi;
      жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген өзге де шарттар.
      КТҚС-ның аумағында орналасқан жекелеген перспективалы блоктарға жер
қойнауын пайдалану құқығын алуға тендерлiк шарттармен жер қойнауын
пайдаланушының әлеуметтiк мiндеттемелерi түрiнде құрлықтағы перспективасы
аз қашықтағы құрылымдарды барлауға және игеруге қосымша инвестициялар салу
көзделуi мүмкiн.
      Инвестициялық бағдарламалардың конкурсы мынадай принциптердi
орындауды қамтамасыз етуге тиiс:
      конкурс шарттарының ашықтығы (транспаренттiгi);
      мемлекеттi геологиялық барлау жұмыстарының тәуекелiнен босату;
      КТҚС-ын игерудiң кешендiлiгi;
      негiздемелi инвестициялық тәуекелдердi дәйектi қабылдау;
      қол жеткен уағдаластықтарды сақтау.
      Конкурс шарттарының ашықтығы жер қойнауын пайдаланушылардың неғұрлым
технологиялы әрi тәжiрибелiлерiн тартуды қамтамасыз етедi. Сонымен бiрге
шетел жер қойнауын пайдаланушылардың қолында КТҚС-ы ресурстарының шектен
тыс шоғырлануына жол беруге болмайды, мұның өзi түрлi халықаралық
тәуекелдердiң пайда болуына байланысты елдiң сыртқы саясатын жүзеге асыру
кезiнде терiс салдарларға әкеп соғуы мүмкiн.
      Мемлекет жер қойнауын пайдаланушыларға геологиялық тәуекелдердi толық
жүктеу арқылы геологиялық тәуекелдерден босайды. Қазақстан Республикасының
атынан түсетiн ұлттық мұнай компаниясының КТҚС-ғы блоктарды әзiрлеу
кезiндегi тәуекелдерiнiң деңгейi жобаны қол қоюға дайындау барысында оның
оған қатысу үлесiне, Мемлекеттiң қатысу үлесiне және кен орындарының
(блоктың, құрылымның) зерттелуiне қарай айқындалатын болады.
      Кешендiлiк бүкiл КТҚС бойынша жұмыс жүргiзудi көздейдi, мұның өзi
шектеулi учаскеде жұмысты шектен тыс шоғырландырудан болатын қоршаған
ортаға жағымсыз әсерлердi барынша азайтумен, жер қойнауын барынша жақсы
зерттеуге қол жеткiзумен және көмiрсутегi шикiзатының әр түрлi көздерiн
пайдаланумен байланысты.
      Қазiргi кезде iрi және орташа перспективалық құрылымдары бар шамамен
23 бөлiнбеген учаске бар, олардың кейбiреуiне барлау жүргiзудi
республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделуде. Жер қойнауын
пайдаланушыларды барлау-өндiру шартымен анықтау үшiн (келiсiм-шарттар
немесе тiкелей келiссөздер) конкурстарға жыл сайын кемiнде үш учаске қойып
отыру көзделедi. Мұнымен бiр мезгiлде қосымша барлау үшiн учаскелер
қойылатын болады. Сөйтiп, бастапқы кезең 7-8 жылды (2010 жылға дейiн)
қамтиды, бұл жылдар iшiнде 2015 жылға дейiн тасымалдау және өткiзу
проблемасын реттеу үшiн игерудiң қарқынына түзету енгiзуге болады.
      Ұлттық компанияның ұйғаруы бойынша мұнай-газ операцияларын жүргiзу
үшiн ұлттық компания алған жер қойнауын пайдалану учаскелерiн әзiрлеу үшiн
басқа да мұнай-газ және сервистiк ұйымдарды қосалқы мердiгер шартымен тарту
жүргізіледі.
      Барлау мен өндiруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсының
жеңiмпазы геофизикалық зерттеулердi жүргiзу, бiр немесе бiрнеше барлау
ұңғымаларын бұрғылау (қажет болған жағдайда - бұрғылау қондырғысын орнату
бойынша), әлеуметтiк бағдарламаны орындау, қазақстандық мамандарды оқыту
және технологиялар беру, сондай-ақ осы келiсiм-шартқа қол қою кезiнде
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын ескере отырып, жер қойнауын
пайдалануға арналған келiсiм-шартта белгiленген басқа да мiндеттi шарттарды
орындау жөнiнде өзiне нақты мiндеттемелер алады.
      Барлау бойынша инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңiмпазы,
геофизикалық зерттеулер жүргiзу, бiр немесе бiрнеше параметрлiк барлау
ұңғымаларын бұрғылау, әлеуметтiк бағдарламаларды орындау, қазақстандық
мамандарды оқыту және учаскедегi 1-2 блоктарды таңдау құқығына жауап
ретiнде технологиялар беру және осы кен орнында барлау мен өндiруге бұдан
былайғы келiсiм-шарт жасасу жөнiнде өзiне нақты мiндеттемелер алады. Бұл
ретте теңiз блоктарында сейсмикалық зерттеулер мен гравибарлау жұмыстарын
жүргiзуге отандық компаниялардың мiндеттi қатысуын қамтамсыз ету қажет.
Сонымен қатар жеңiмпаз осы келiсiм-шартқа қол қою кезiндегi Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларын ескере отырып, келiсiм-
шарттың ережелерiнде белгiленген басқа да мiндеттi шарттарды орындайды.
Қалған зерттелген және маркетингке әзiрленген учаскенiң блоктары барлау мен
өндiруге арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсына қойылады.
3.2.4. Көмiрсутектерiн өндiрудi дамыту
Республикада құрлықта мұнай өндiрудi бес облыста орналасқан 100-ден астам
кен орындарында 33 мұнай өндiретiн компаниялар жүзеге асырады. Өндiрудiң
негiзгi өсiмi Теңiз, Қарашығанақ, Өзен және басқа да кен орындарында
қамтамасыз етiледi.
      Жүргiзiлген зерттеулер Қазақстанда көмiрсутегi шикiзатының алынатын
қорлары мен оны өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн KTҚC-ның ресурстары
есебiнен күтуге болатынын көрсетедi. Бұрын көрсетiлгендей, алдын ала
бағалаулар бойынша, КТҚС-нан алынатын көмiрсутектер ресурсының көлемi
шамамен 8,0 млрд. т. КТҚС-ның жоғары перспективалылығын бәрi бiрдей өнiмдi
болған 6 ұңғыманы барлаулық бұрғылаудың алғашқы нәтижелерi растайды. Мұның
нәтижесi Қашаған және Қаламқас-теңiз екi кен орнының ашылуы болды. "Лукойл"
компаниясы жүргiзген осыған ұқсас жұмыстар Каспий теңiзiнiң ресейлiк
секторындағы құрылымдардың жоғары перспективалылығын көрсеттi.
      2005 жылға дейiнгi бiрiншi кезеңде КТҚС-дағы негiзгi жұмыстар бiрiншi
кезектегi блоктар бойынша барлау ұңғымаларын бұрғылаумен байланысты болады.
Барлаулық бұрғылау жұмыстарын аяқтау және игеру мен өндiру сатысына көшуге
орай бұрғылау жұмыстарының көлемi едәуiр өседi.
      КТҚС-дағы көмiрсутектерiнiң анықталған болжамдық ресурстары болашақта
КТҚС-ның кен орындарынан мұнай өндiрудi жылына 100 миллион тоннаға дейiн
жеткiзуге және оны осы деңгейде 25-30 жыл бойы ұстап тұруға мүмкiндiк
бередi. Мысалы, Солтүстiк Каспийдегi Қашаған кен орнынан бастапқы алынатын
мұнай қорлары 1,7 млрд. тонна шамасында болады. Қашаған кен орнынан мұнай
өндiрудiң жылдық көлемi: 2005 жылы - 0,5 млн. т, 2010 жылы - 22 млн. т.
және 2015 жылы - 60 млн.т.-ны құрайтын болады. Алғашқы кезеңнiң басқа
блоктарында өндiру 2009-2010 жылдарда басталады деп күтiлуде. Барлау
жұмыстарын жүргiзу мен болжанған қорлардың расталуына байланысты болатын
белгiсiздiктi ескере отырып, бастапқы шарттар ретiнде стандарттық
әдiстемелер мен "QUESTOR OFFSHORE" компьютерлiк бағдарламасын пайдалана
отырып қорлар мен өндiрудi болжамдық бағалаулары алынды. Есептеулер табу
ықтималдығының түрлi деңгейлерi үшiн үш нұсқада:
      15% (ең төмен нұсқа);
      25% (орташа нұсқа);
      35% (ең жоғары нұсқа)
орындалды.
      Алдын ала бағалаулар бойынша Бағдарламаны іске асыру теңіз кен
орындарынан мұнай өндіру деңгейін 2005 жылы 0,5 млн. тоннаға, 2010 жылға
қарай 40 млн. тоннаға дейін және 2015 жылы - 100 млн. тоннаға дейін
жеткізуге мүмкіндік береді.
5-сурет. КТҚС-дағы мұнай өндіру
(қағаз мәтіннен қараңыз)
КТҚС-ның солтүстiк бөлiгiндегi тұзасты кенiштерiнiң айырмашылық ерекшелiгi
мұнайда жоғары дәрежеде 30% шамасында ерiген газдың болуы. Қашаған кен
орнының мұнайында ғана Қарашығанақ кен орнында алынатын газдың мөлшерiндей
болады деп күтiлуде. КТҚС-ның орталық бөлiгiнiң құрылымдарында құрлықтағы
Қаламқас кен орнындағы сияқты газ факторы онша көп табылмайды деп күтiлуде.
КТҚС-ның оңтүстiк бөлiгiнде мұнай ғана емес, газ кен орындарын да ашу
көзделiп отыр. Сөйтiп, тұтастай алғанда КТҚС-ы бойынша көмiрсутек
баламасында газ өндiру өндiрiлетiн мұнай көлемiнiң 60%-iн құрайды деп
күтуге болады.
      Геологиялық құрылымдардың осы ерекшелiктерiн ескере отырып және КТҚС-
ның барлық үш аймағындағы мұнай өндiрудi болжау негiзiнде KTҚC-да газ
өндiру 2005 жылы - 0,3 млрд. текше метр, 2010 жылға қарай - 24 млрд. текше
метрге дейiн және 2015 жылға қарай - 63 млрд. текше метрге дейiн күтiледi.
6-сурет. КТҚС-дағы газ өндіру
(қағаз мәтіннен қараңыз)
Coнымeн, КТҚС-ның pecурстapын игеру мiндеттерiнiң бipі газды кәдеге жарату
мәселелерiн кешендi шешу болуға тиiс.
3.2.5. Газды кәдеге жарату
Қашаған кен орны мен басқа да перспективалық тұзасты құрылымдарындағы
iлеспе газдың айырмашылық ерекшелiгi шикi газдағы күкiрттi сутегінiң жоғары
(19%-ке жуық) құрамы болып табылады. КТҚС-дағы кен орындарын игеру кезiнде
осыны ескере отырып, жабық схема бойынша iлеспе газды толық кәдеге жарату
көзделеді, ол үшiн шикi газдың 75%-ке дейiнгiсi қайтадан жер қабатына
айдалатын болады. Шикi газды жер қабатына айдау көлемi 2005 жылы - 0,3
млрд. текше метрге дейiн, 2010 жылы - 16 млрд. текше метрге дейiн және 2015
жылға қарай - 40 млрд. текше метрге дейiн күтiлуде.
      Бұл орайда өңдеу мен iске асыру үшiн қажеттi газдың артылып қалуы
2010 жылы шамамен 8 млрд. текше метр және 2015 жылы 23 млрд. текше метрге
дейiн болады. Iлеспе газдың артылып қалғаны теңiз кен орындарынан құбырмен
құрылықта орналасатын газ өңдейтiн кешендерге (ГӨК) берiледi. Тұтастай
алғанда ГӨК-дегi газ дайындау жүйесi iлеспе газды тазартуды, сұйытылған
фракцияларды бөлiп алуды, күкiрттi бөлу мен сақтауды, сондай-ақ тауарлық
газды Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесiне айдау үшiн
сығымдауды қамтитын болады.
7-сурет. Газдың бағыты
(қағаз мәтіннен қараңыз)
3.2.6. Көмірсутектерiнiң тауарлық құрылымын қайта өңдеу және жетiлдiру
Республиканың iшкi қажеттiлiктерiн мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету КТҚС-
ның даму шеңберiнде ғана емес, тұтастай алғанда ел экономикасын тұрақты
дамыту тұрғысында да бiрiншi дәрежелi мiндет болып табылады.
      Негiзiнен, отандық мұнай өндiру зауыттарындағы (МӨЗ) мұнай өңдеудiң
нақты көлемi iшкi рыноктың мұнайға қажеттiлiгiнiң 70%-iн ғана қамтамасыз
етедi. Мұнай өнiмдерiнiң iшкi өндiру жетiспеушiлiгi негiзiнен Ресейден
келетiн импорт есебiнен жабылады.
      Iшкi рынокты мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету үшiн қазақстандық МӨЗ-
ын шикiзатпен қажеттi және болжамды жүктеу есебi жүргiзiлдi. Есеп негiзгi
мұнай өнiмдерi - бензиндi, авиациялық керосиндi және дизельдiк отынды 2000-
2002 жылдар iшiнде iшкi тұтынуды талдау негiзiнде, сондай-ақ экономика және
бюджеттiк жоспарлау министрлiгінiң республикадағы ЖIӨ-нiң болжамды өсуi
туралы деректер негiзiнде орындалды.
      Бұл болжам деректерi бойынша республикалның мұнай өнiмдерiн iшкi
тұтынуды қамтамасыз ету үшiн 2005 жылға қарай - 9,5 млн.т. дейiн, 2010
жылға қарай - 14, 8, млн. т. дейiн, және 2015 жылға қарай - 18,6 млн.
тоннаға дейiнгi көлемде ұлғайта отырып (N 3 кестенi қараңыз) мұнай өңдеу
қажет етiледi.
Мұнай өндіру мен ҚР МӨЗ-на мұнай жеткізудің 2015 жылға
дейiнгі болжамы (млн. т.)
3-кесте
Жылдар
----------------------------------- -------------------------------
2003    48,780   18,700    0     30,080   8,500    8,500       0
2004    56,000   22,270    0     33,730   8,900    8,900       0
2005    61,159   21,800   0,500  38,859   9,580    9,080     0,5
2006    80,286   26,400   8,000  45,886  11,400   10,192   1,208
2007    83,469   34,800  11,000  37,669  12,000    9,188   2,812
2008    86,869   35,900  14,000  36,969  12,940    9,017   3,923
2009    92,320   35,600  21,000  35,720  13,880    8,712   5,168
2010   118,600   45,100  40,000  33,500  14,820    8,171   6,649
2011   129,047   44,800  52,000  32,247  15,760    7,865   7,895
2012   139,920   44,900  64,000  31,020  16,700    7,566   9,134
2013   157,780   52,000  76,000  29,780  17,640    7,263  10,377
2014   168,857   52,300  88,000  28,557  18,580    6,965  11,615
2015   179,200   51,900 100,000  27,300  18,600    6,659  11,941
----------------------------------- -------------------------------
Қазiргi кезде ҚР МӨЗ-да құрлықтағы кен орындарында өндiрiлетiн (Теңiз және
Қарашығанақ кен орындарындағы өндiрудi есепке алмағанда) мұнайдың 30%
шамасында қайта өңделедi. Перспективада 2006 жылға дейiнгi болашақта
офшорлық кен орындарында мұнай өндiру айтарлықтай арта қоймайды.
      "Теңiзшевройл" ЖШС БК (бұдан әрi - "ТШО" БК) мен Қарашығанақ
интеграциялық ұйымын (бұдан әрi - ҚИҰ) есепке алмағанда құрлықта мұнай
өндiрудiң көлемi 2006 жылғы 45 млн. тоннадан 2015 жылға қарай 27 млн.
тоннаға дейiн азаюы және мұнымен бiр мезгiлде ҚP МӨЗ-да мұнай өңдеу
қажеттiлiктерiнiң 2005 жылғы 9,5 млн. тоннадан 2015 жылға қарай 18,6 млн.
тоннаға дейiн өсуi КТҚС-да өндiрiлетiн ресурстардан мұнайды 2006 жылдан
бастап 2015 жылға қарай 12 млн. тоннаға дейiнгi көлемге жеткiзудi қажет
етедi.
      Бұдан әрi алынатын қорлардың сарқылуына байланысты құрлықтағы кен
орындарында өндiрудiң табиғи құлдырауы күтiледi. Осыған байланысты мұнай
өңдеуге деген өсiп отырған iшкi қажеттiлiктi 2007 жылдан бастап КТҚС-ның
кен орындарында өндiрiлген мұнайды жеткiзудi қоспай, тек құрлықта
өндiрiлетiн ресурстар есебiнен ғана қамтамасыз ету мүмкiн болмайды.
      КТҚС-ның кен орындарынан мұнай бiрiншi кезекте жаңғыртуды 2006 жылға
қарай аяқтау көзделiп отырған Атырау МӨЗ-на (АМӨЗ), ал кейiннен Шымкент
(ШНОС) және Павлодар (ПМӨЗ) қалаларындағы МӨЗ-ға жеткiзудi жүзеге асыру
қажет.
КТҚС-нан ҚР МӨЗ-іне мұнай жеткiзу

ҚР МӨЗ-на мұнай жеткiзу жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қолданыстағы
келiсiм-шарттардың шарттарына сәйкес, ал жаңасы бойынша ҚР заңдарына сәйкес
көзделедi.
      Болашақта КТҚС-ның кен орындарынан мұнайды Шымкент МӨЗ-на екi
маршрутпен:
      Атырау-Самара мұнай құбырымен (өзара айырбассату-сатып алу) Ресей
Федерациясы арқылы, одан әрi Омбы-Шымкент мұнай құбырымен;
      Өзен-Атырау, Атырау-Кеңқияқ (керi айдау мүмкiндiктерiн де ескере
отырып), одан әрi жобаланып отырған Кеңқияқ-Арал-Құмкөл мұнай құбырымен
жеткiзу көзделедi.
3.2.7. Мұнай мен газ экспорты маршруттарын жетiлдiру
КТҚС-ның кен орындарында өндiрiлетiн мұнайды тасымалдау үшiн пайдаланылуы
мүмкiн қазiргі тасымалдау әлeуeтi мыналарды қамтиды:
      магистралды мұнай құбырлары мен газ құбырлары;
      көмiрсутектерiн сақтау мен тиеу-түсіpу үшiн теңiз порттары мен порт
құрылыстары;
      көмiрсутектерiн тасымалдау үшiн жалданатын шетел кемелерi (мұнай
құятын танкерлер);
      көмекшi кемелер;
      темiр жол мұнай құятын және газ толтырғыш терминалдары;
      арнаулы жылжымалы темiр жол құрамы (цистерналар).
      КТҚС-ның кен орындарынан көмiрсутектерiн тасымалдау мынадай
экспорттық маршруттар бойынша:
      одан әрi Еуропа рыноктарына жiберiлетiн Самара және Новороссийскiге
мұнай құбырымен;
      Александров Гай мен Солтүстiк Кавказға - газ құбырымен;
      Каспий теңiзi порттарына - теңiз жолымен;
      өңдеу немесе тиеу-түсiру пункттерiне дейiн - темiржол маршруттарымен
тасымалдау көзделедi.
      Кеңқияқ - Атырау, Кеңқияқ - Арал - Құмкөл мұнай құбырларының құрылысы
Батыс, Ақтөбе және Шығыс оқшауланған магистралдық мұнай құбырларын бiрыңғай
жүйеге бiрiктiредi, мұның бұл Каспий өңiрiнен Қазақстанның солтүстiк,
орталық және оңтүстiк аймақтарына, ал кейiннен Қытай Халық Республикасы
(ҚХР) бағытына тасымалдауға мүмкiндiк бередi.
Тасымал инфрақұрылымының жай-күйі
(
КТҚС-ның мұнай кен орындарын игеру дәрежесiне орай көмiрсутектерiн әртүрлi
бағыттарға жеткiзудi әртараптандыру қажеттiгi пайда болды, осыған
байланысты алда мыналар тұр:
      перспективалық нұсқаларды айқындау және басым экспорттық маршрутты
таңдау;
      экономикалық тартымды жағдай иемдену үшiн транзит елдерiмен
келiссөздер жүргiзу;
      қазақстандық мұнай өндiрушi ұйымдардың құбыр салу жөнiндегi жобаларға
үлестiк қатысуын қамтамасыз ету қажет болады.
      Шаруашылық қызметтiң түрлi субъектiлерiнiң құбыр тасымалы
объектiлерiн салуы мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн және қаражатты
тиiмдi пайдалануды ecкepe отырып жүргiзiлуге тиiс, бұл орайда қосалқы
маршруттар мен құрылыстар салуға жол берiлмеуге тиiс.
      Экспорт маршруттарын жетiлдiру көмiрсутектерiн мультимодальды
тасымалдауды көздейдi, онда құбыр, темiр жол және теңiз көлiгiнiң қуаты
ұтымды ұштастырылады.
      Төменде КТҚС-ның кен орындарынан көмiрсутектерiн тасымалдаудың жұмыс
iстеп тұрған негiзгi және перспективалық экспорттық маршруттары аталған.
      Өзен-Атырау-Самара магистралды мұнай құбыры. Аталған маршрут
Қазақстан мұнайын экспорттаудың Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетiн
транзиттiк бағыттарының бiрi болып табылады. 2002 жылғы 7 шiлдеде Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында қол қойылған ұзақ мерзiмдi
Мұнай транзитi туралы келiсiмге сәйкес Ресей тарапы "АК Транснефть" ААҚ
мұнай құбыры жүйесi бойынша Peceй Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан
мұнайының транзитiн жүзеге асыруға кепiлдi мүмкiндiгiне кепiлдiк ұсынады.
      Батыс Қазақстанда мұнай өндiрудiң перспективалық өсуiн есепке ала
отырып, Атырау-Самара мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн 2005 жылға қарай 25
миллион тоннаға дейiн кезең-кезеңiмен ұлғайту көзделедi, ол бойынша әдетте
Қазақстан мұнайы Қара теңiздiң Новороссийск мен Одесса порттары арқылы
дәстүрлi жеткiзiлетiн болады. Мұнымен қатар Қазақстан мұнайын Шығыс Еуропа
мен Балтық рыноктарына жеткiзудi ұлғайту үшiн перспективалық маршрут Балтық
құбыр жүйесi (БҚЖ) де болып табылады.
      Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры (КҚК). Қазақстан мұнайының
жоғары сапалы сорттары үшiн Жерорта теңiзi рыногының тартымдылығын ескере
келгенде, экспорттың негiзгi маршруттарының бiрi КҚК мұнай құбыры болып
табылады. Осыған байланысты КҚК-тың қазiргi қуатының өткiзу қабiлетiн 2005
жылға қарай жылына 38 млн.т. дейiн (ҚР үлесi - 28 млн. тонна), 2008 жылға
қарай 58 млн.т. дейiн (ҚP үлесi - 43 млн. тонна) және 2011 жылға қарай 67
млн.т. дейiн (ҚР үлесi - 50,7 млн.тонна) қосымша кеңейту жоспарлануда.
      Ақтау теңiз порты. Баутино мен Құрықта тиiстi порт инфрақұрылымын
жәненемесе филиалдарын сала отырып, Ақтау портының мұнайды тиеп-түсiру
бойынша қазiргi қуатын жылына 8 млн.т. дейiн ұлғайту көзделедi.
      Қазiргi көлiк жүйелерi 2009 жылға дейiнгi кезеңде Қазақстанда
өндiрiлетiн мұнайдың бүкiл көлемiн экспорттау үшiн жеткiлiктi.
      Қазақстанда жылына 92 млн.т. астам, оның iшiнде КТҚС-ында жылына 21
млн.т. мұнай өндiрiлген жағдайда, 2009 жылдан бастап жаңадан бiрiншi
экспорт құбырын салуды қажет етедi. Мұнай өндiрудi жылына 140 млн.т.
дейiн, оның iшiнде КТҚС-да жылына 64 млн.т дейiн арттыруға қол жеткiзу
2012 жылға қарай жаңадан екiншi экспорт-құбырын салуды қажет етедi.
      Осыған байланысты болашақта мынадай мұнай жеткiзу бағыттары
көзделедi.
      Ақтау-Баку (Баку - Тбилиси - Джейхан (БТД) бағыты.
      2002 жылғы қыркүйекте БТД мұнай құбырын салу басталды, оны 2005 жылы
аяқтау жоспарланған. Мұнай құбырының жобалық қуаты жылына 50 миллион тонна
мұнайды құрайды. Бұл мұнай құбыры Азери Чираг - Гюнешли құрылымынан
Әзiрбайжан мұнайын тасымалдауға арналған. Алайда, осы жобаға Солтүстiк-
Каспий жобасы мердiгерлерiнiң - ENI (Аджип), TotalFinaElf және Іnpex
қатысуын ескере келе, мұнай компаниялары үшiн оны пайдалану экономикалық
тұрғыдан мақсатқа сай болған жағдайда осы бағыт бойынша Қашаған кен орнынан
Қазақстан мұнайын тасымалдау мүмкiндiгi пайда болады.
      Қазiргi жағдайда БТД мұнай құбырына Қазақстан мұнайын жеткiзудiң
нақты нұсқасы Ақтау (немесе Баутино) портынан Бакуге дейiн танкермен
тасымалдау болып табылады, осыған байланысты танкерлiк флот пен порт
инфрақұрылымын дамыту қажет.
Мұнай экспорты тасымал маршруттарының дамуы
Батыс Қазақстан - Қытай мұнай құбыры жобасы. Қазақстан мұнайының Қытай
рыногына және одан әрi Азия-Тынық мұхит аймағы елдерiне шығуы да экспорттың
перспективалық бағыты болып табылады. Аталған бағыттағы оңды елеулi фактор
басқа мемлекеттердiң аумағы арқылы транзитке байланысты тәуекелдiң
болмауында, яғни Батыс Қазақстан-Қытай маршруты Қазақстан көмiрсутектерiнiң
экспортталуына мүдделi елдер - Қазақстан мен Қытай аумағы бойынша ғана
өтетiн болады.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгi мен Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (ҚҰМК) арасындағы 1997
жылғы 24 қыркүйектегi Бас келiсiммен Батыс Қазақстаннан Батыс Қытайға
экспорттың мұнай құбырын салу көзделген.
      Келiсiмде мұнай құбыры трассасының маршруты мен ұзындығы - 2797 км,
мұнай айдаудың жоспарланып отырған көлемi - жылына 20 млн.т.,
қаржыландыруды ұйымдастыру мен құрылыс мерзiмi - 4 жыл деп нақты
белгiленген.
      Қазақстан - Түрiкменстан - Иран мұнай құбырының жобасы. Алдын ала
жасалған зерттеулер бойынша аталған маршрут Қазақстан мұнайын Парсы
шығанағы елдерiнiң рыногына экспорттау үшiн экономикалық тартымды
нұсқалардың бiрi болып табылады. Жоба бойынша мұнай құбырының маршруты
Батыс Қазақстанда басталып, батыс Түрiкменстан арқылы өтiп, одан әрi
Иранның аумағы бойынша оның солтүстiк аймағына дейiн барады.
      Қазақстан мұнайын одан әрi Азия рыногына тасымалдауға Қазақстан -
Түрiкменстан - Иран маршруты бойынша Парсы шығанағының терминалдарына шығуы
үшiн ерекше техникалық шектеулер жоқ. Қазақстан мұнайының Парсы шығанағы
елдерiнiң рыногына шығуы үшiн ұсынылып отырған перспективалық маршрут
кейбiр технологиялық факторларды есептемегенде бiршама қарапайым.
      Экспорттық газ құбырлары. Таяудағы жылдары Қазақстан газын iшкi және
сыртқы рыноктарға экспорттық газ құбырлары бойынша жеткiзу өзектi мәселеге
айналады. Бұл мәселелердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002
жылғы 11 қаңтардағы N 25 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының
газ саласын 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасында газ құбыры жүйесiнде
стратегиялық және экономикалық тұрғыдан да өзектi позицияға ие "Орта Азия -
Орталық" газ құбыры өнiмдiлiгiн 2005 жылы - жылына 40 млрд.м3 және 2010
жылы 65 млрд.м3 дейiн арттыру көзделген.
      Ресей, Шығыс және Батыс Еуропа, Азия-Тынық мұхит аймағы рыноктары
Қазақстан табиғи газын жеткiзудiң неғұрлым перспективалы әрi нақты
рыноктары болып табылады. Қазiргi уақытта Қазақстан экспортын ұйымдастыру
жөнiнде бiрқатар мүмкiншiлiктер бар, атап айтқанда:
      "Газпром" ААҚ газ құбыры жүйесi - газдың ТМД, Шығыс және Батыс
Еуропаға экспорты;
      газды Түркия мен Еуропаға экспорттау үшiн Қазақстан - Түрiкменстан -
Әзiрбайжан - Грузия - Түркия экспорттық Транскаспий газ құбыры құрылысын
салу;
      газдың Қытайға, Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне экспорты үшiн
Түрiкменстан - Қазақстан - Қытай экспорттық (транзиттiк) газ құбырын салу;
      газдың Пәкiстан мен Yндiстанға экспорты үшiн Қазақстан - Түрiкменстан
- Ауғанстан - Пәкiстан - Yндiстан экспорттық газ құбырын салу.
Құрғақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері
Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы
Каспий аймағының экологиялық мәселелері және себептері
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Каспий теңізі-әлемдегі ең ірі тұйық су қоймасы
Каспий теңізі табиғат ресурстарын игерудің саяси-географиялық және экологиялық-экономикалық мәселелері
Мұнай мен газ өндіру саласында
Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы қатынастар
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Пәндер