Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий мәселесі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде Каспий қайраңы - әлемдік геосаяси кеңестікте түрлі мемлекеттердің мүддесі көрініс тауып отырған алып нысан, яғни Каспий аймағына қазіргі таңда бүкіл әлем көз тігіп отыр десек, артық айтқандық емес. Бәрі де мұнайдың арқасы. Аймақтағы геосаяси жағдайдың өзгеруі Каспий маңындағы елдердің бәріне мың сан проблеманың өзегін ашып берді. Соның ең бастысы Каспий теңізінің құқықтық мәртөбесін айқындауға келіп тіреле берді. Теңіз - біреу. Айнала қоршап отырған мемлекет - бесеу. Бәрі де теңіз байлығын тең бөліскісі келеді. Егер Каспийде мұнай болмаса, мұның бәрі де болмас еді.
Бүгінде Каспийдің болашағы белгісіз десе де боларлық, өйткені оның төңірегіндегі елдер шекара сызығын анықтауға келгенде әртүрлі позиция ұстанып отыр. Бұл мәселе төңірегінде Қазақстан, Ресей, Иран, Түрікменистан және Азербайджан ортақ мәмлеге келуі, әлі күнге дейін қиынға соғып тұр. Алдымен су бассейнінің теңізге, әлде көлге жататынын анықтап алу қажеттілігі де Каспийді делимитауиялауға айтарлықтай кедергісін тигізіп отыр, яғни Каспийдің құқықтық мәртөбесін анықтаудан бұрын каспий су қорының көл ме әлде теңіз бе? деген мәселені анық шешіп алған жоқ. Халықаралық қатынастарда мұндай су қорларын анықтаудың екі тұжырымдамасы бар:
- Тұйық теңіз теориясы. Бұл бойынша Каспий тұйық теңіз деп танылған жағдайда болған халықаралық теңіз құқығы нормалары қолданылады екен.
- Шекаралық көл теориясы. Егер де шекаралық немесе халықаралық көл ретінде қарастырылатын болса, онда халықаралық су жолдарын кеме қатынасынсыз пайдалануға қатысты халықаралық құқық нормалары қолданылады.
Негізінен Ресей Каспий қайраңын көл деп таныса, ал Қазақстан бұл қайраңды теңіз деп есептейді. Осы орайда оның не көл, не теңіз екенін анықтап алып, аталған екі тұжырымның қайсысы сәйкес келетінің белгілеп алуымыз қажет.
1982 жылғы БҰҰ-ның теңіз жөніндегі конвенциясында: теңіз деп халықаралық мұхиттармен белгілі бір өткел арқылы байланысу керек деп көрсетке. Бірақ та, ол табиғи өткел ме, әлде қолдан жасалған өткел ме, ол жөнінде еш нәрсе нақты жазылмаған. Каспий теңізі бірнеше әлемдік мұхиттармен байланысып жатыр. Оның ҚР-ның «теңіз» деп таныған позициясы дұрыс /1/.
1991 жылға дейін КСРО мен Иран қатынастары теңіз байлығын ортақ пайдалануды көздеген. Ол 1921-40 жылдардағы келісім-шарттарға негізделген болатын. Бірақ ол жерде мұнай мен газды болу туралы ешқандай сөз болмаған.
Каспийдің құқықтық мәртөбесін айқындауда бес елдің позициясы әртүрлі. Мәселен, Қазақстан дербес позиция ұстанды. Каспийдің үстіңгі бетін бөле салуға бірден қарсы болды. Теңіздің түбін нақты секторларға бөліп игеруді, ал үстінгі жағын аумақтық бөлікке бөліп, балық аулайтын аймақты жеке белгілеп, теңіздің қалған бөліктерін жалпы пайдалануға беруді ұсынды. Әзербайжан мемлекеті де орта сызық бойынша тенізді ұлттық секторларға толық бөлуді дәйекті түрде жақтайды.
Түрікменстан барлық теңіздің түбін, су қалындығын және су бетін бөлуді жақтайды.
Иран теңізді толық бөлуді, яғни түбі, қалындығы және су бетін бөлуді қолдауы мүмкін. Бұл орайда Каспийді 5 тең бөлікке, әрбір жағалау мемлекетіне 20 % үлеспен бөлуді үсынады.
Ресей жетілдірілген орта сызық бойынша Каспий түбін ұлттық секторларға бөлуді үсынады. Осы секторлардың шеңберінде тараптар ресурстарды игеру құқығын алады, ал су беті мен оның қалындығы ортақ пайдалануда қала береді. Мәскеу тенізде қандай да бір мемлекеттік шекараңы орнатуға қарсы.
Жалпы Қазақстанның ұстанымына Әзербайжан да қосылып отыр. Тек Иран ғана өз бағытынан айнымай келеді. Өйткені Иран жақта мұнай болмай түр. Ал Иран мұнайға барынша мүдделі. Халықаралық көзқарасқа келсек, Қазақстанның ұстанымың АҚШ пен Түркие ерекше қолдап отыр.
Каспийге қатысты жыл сайынғы саммиттер « Каспий бестігін » ортақ мәмілеге шақыра алмай отырса да, қазір әр арасында өзара келіссөздер жүріп жатыр және қазіргі таңда Каспийдің құқықтық мәртөбесін көрсететін конвенцияны әзірлеумен арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр. Бұл арнайы жұмыс тобында 5 мемлекеттің сарапшылары жұмыс істеуде. Олар жылына төрт мәрте кездесу жасайды. Бұл кездесулер алдың-ала белгіленген тәртіп бойынша 5 мемлекеттің әрқайсысында кезектесіп өтіп отырады /2/.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бүгінде ең күрделі проблемалардың бірі - ауқымы 440 мың шаршы километрге жуық әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны, яңғи Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу болды. Бұл мәселе төңірегінде Қазақстан, Ресей, Иран, Азербайджан, Түрікменистанның ортақ мәмілеге келуі, әлі күнге дейін қиынға соғып тұр. Өйткені оның төңірегіндегі елдер шекара сызығын анықтауға келгенде әртүрлі позиция ұстанып отыр. Сондықтан, деректер және зерттеулермен салыстыра отырып, Каспий теңізінің құқықтық мәртөбесін айқандау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылды:
-1920-1940 жылдардағы КСРО мен Иран арасындағы Каспийге байланысты жасалған келісімдерді айқындау;
- ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі 5 ел арасындағы Каспий мәселесіне байланысты туындаған өзара позицияларына талдау жасау;
-Каспий теңізін делимитациялау және құқықтық мәртөбесін белгілеу;
-Әлемдік энергетика және мұнай проблемасындағы Каспийдің орнын айқындау;
-Каспий мұнайын тасымалдау: жобалар мен қазіргі жаідайын белгілеу.
Тақырыбтың зерттелу деңгейі. Әлемдік геосаясаттағы Каспий теңізінің құқықтық мәртөбесі жөнінде түрлі зерттеулер жүргізілген. Солардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабы. Бұл кітабында Каспий мәселесіне арналған жеке мақаласы орын алған, яғни онда Каспий мұнайы мен газын өндіру үшін қанша компаниялар тартылғаны жөнінде және Каспий мұнайын игеру жобаларына АҚШ-тан басқа Батыс елдерінің, әсіресе Франция, Италия және Ұлыбританияның ұлтаралық корпорацияларының да белсенді жөнінде сөз қозғалған /3/.
Қасымжомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» атты кітабында Каспий мәселесіне біраз зерттеулер жүргізілген. Онда Каспийдің 1921-1940 жылдардағы жағдайы және сол жылдардағы жасалған Кеңестік-Ирандық келісім-шарттардың ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін не үшін іс жүзіне аспағандығы туралы сөз қозғалған. Сондай-ақ, каспий теңізін айнала қоршап отырған 5 елдің позициялары жөнінде айтылған.
Г. Б. Хан, Л. С. Суворов, Г. Б. Рахмановалардың авторлығымен жазылған «Внешняя политика РК» атты оқулығында Каспий мәселесіне арнаулы бір тарау берілген.
Бұл тарауда Каспийге байланысты жасалған 1921-40 жылдардағы Кеңестік-Ирандық келісімшарттар 1991 жылдан кейінгі жасалған екіжақты және бесжақты келісімдер жөнінде, Каспий статусы және делимитация сияқты бөлімдерден құралып жазылған Каспий теңіз бе әлде көл ме дген мәселесі де көтерілген /4/.
«Геополитика Казахстана: между прошлым и будущим» оқулығында «Вопрос о Каспийском море» атты тақырыбы орын алған. Мұнда Каспийге байланысты жасалған келісімшарттар және басқа да зерттеулер жүргізілген.
«Каспийский регион на современном этапе: проблемы, тенденции, перспективы» оқулығы тікелей Каспий теңізіне арналып жазылған. Соның ішіндегі «Геополитические интересы стран ЕС в Каспийском регионе» атты тақырыбында Европалық мемлекеттердің, яғни Ақш, Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция елдерінің Каспий аймағындағы қызығушылықтары туралы айтылған.
Каспий теңізіне арналып жазылған кітаптардың бірі Абишевтың авторлығымен «Каспий: нефть и политика» оқулығы жарық көрген. Мұнда Каспий теңізінің көл ме немесе теңіз бе? деген мәселесінен бастап, 1921-40 жылдардағы келісімдер, екіжақты және бесжақты келісімшарттар, Каспий теңізіне тікелей қатысы бар құбырлар туралы жазылған /5/.
Мұндай оқулықтармен қоса Каспийге байланысты мәселелер түрлі саяси журналдармен газеттерде жарияланған. Солардың бірі «Континент» журналының 2003 жылы жарық көрген «Каспийские встречи» мақаласында 2003 жылғы әр қалада өткен кездесулер туралы баяндалады.
«Саясат» журналының 2003 жылғы нөмірінде «Қазақстан мұнайын экспортқа шығару диверсификациялау» тақырыбында мақала жарияланды. Онда ҚР-ның мұнай өндіру саласында 300-ден аса компаниялар жұмыс істейтіні, 2005-2010 жылға қарай төмендегі экспорттық бағыттардың бірін дамыту көзделетіні, яғни олар:
- Батыс Қазақстан - Қытай
- Қазақстан - Түрікменистан - Иран
- Ақтау - Баку - Супса (транскавказдық коридо) мұнайқұбырлары туралы сөз қозғалған.
2005 жылғы 18 қазанда жарық көрген «Континент» журналында «Баку-Джейхан: үміт пен шындық» тақырыбында мақала жарық көрді. Бұл мақалада осы мұнайқұбырының қай жылдан бастап сөз болғандығы, оның мұнайқұбырының қай жылдан бастап сөз болғандығы, оның мұнайқұбырының қай жылдан бастап болғандығы, оның мұнай беру қабілеті қанша болатыны, ҚР-ның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакудегі сапары, Вашингтон-Баку-Тбилиси-Джейхан жобасын асырудағы мақсаты туралы баяндалған /6/.
«Аналитик» журналының 2005 жылғы нөмірінде «Каспий аймағында мұнайқұбырлары коммуникацияларының геосаясаты» атты мақала жарияланды. Онда Каспийлік ресурстар мен мұнайқұбырлар, Қазақстандық мұнайды тасымалдаушы жүйелер 2 бағытта жұмыс істеп, дамып жатқандығы, яғни олар Шығыс - Батыс және Солтүстік - Оңтүстік бағыттары екені, бұл бағыттардың тиімділігі мен кемшілігі, ондағы Қазақстанның мүдделері жайында сөз қозғалады /7/.
Егемен Қазақстанның 2005 жылғы нөмірінде «Каспийдің қайраны мен қаймағы» тақырыбында мақала жарияланды. Онда ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерік Өтембаев осы мәселе жөнінде сөз қозғаған. Яғни 5 мемлекеттің сарапшыларынан арнайы жұмыс тобы құрылғаны, бұл топтың жыл сайын алдын-ала белгіленген тәртіп бойынша осы мемлекеттің бірінде кездесіп отыратындығы, Каспийдің қайраңын бөлу мәселесі қалай іске асып жатқандығы, теңіздегі мұнай кен орындарына инвесторларды тарту жағы қалай жүзеге асып жатқандығы, мемлекеттермен екіжақты келіссөздер жөнінде, теңіздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы сөз қозғалған.
«Егемен Қазақстанның» 2004 жылғы нөмірінде Парламент Мәжілісінің депутаты Нүрпейіс Мақашавтың «Мұнайдың мұңы мың батпан» тақырыбында мақала жарық көрді. Онда Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар туралы, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырына сипаттама берген, ондағы Ресейдің, АҚШ-тың қызығушылықтары және Каспий теңізін бөлудегі Қазақстанның позициясын айқын көрсеткен.
Каспий теңізіне байланысты жазылған осындай зерттеулерді салыстыра келе, оларды тұжырымдап жаздым.
Хронологиялық шеңбері. Каспийдің құқықтық мәртөбесін анықтауды кезеңдермен бөліп қарастыруға болады. Жалпы кезеңдермен бөліп қарастыру бұл шындыққа жақындауға және объективті қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан Каспий мәселесін қарастыруды жалпы 2 кезеңмен бөліп қарастыпсақ. Бірінші кезеңі 1921-40 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде Каспий тек КСРО мен Иранға тиесілі болады. Жалпы бұл кезеңде Каспийге байланысты келісімшарттар жасалғанымен, онда Каспийде шекара сызығын орнату туралы ешқандай сөз қозғалмайды. Ал екінші кезеңі 1991 жылдан бастау алды. Бұл кезеңде Каспий енді екі елге емес, тұтастай бес елге тиесілі болды, яғни Каспий теңізі Қазақстанның, ресейдің, Әзірбайжанның, Түрікменстанның және Иранның жағалауларын шайып жатыр. Олардың алдында енді Каспийді делимитациялау мәселесі тұр.
Географиялық шеңбері . Каспий теңізінің жалпы көлемі 400 мың шаршы километрге жуық. Айдыны өте үлкен болғандықтан «теңіз» деп аталады. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі терең емес (200-300 м. ), ең терең жері Оңтүстік бөлігінде (1025 м) . Теңіз солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1200 км. созвлвп жатыр. Орташа ені 320 км. Қысы суық, жазы құрғақ континетті, сондықтан жауын-шашын аз. Теңіз айдынына 200 мм. Шамасында жауады. Өсімдіктердің 600 түрі өседі. Балық пен теңіз жануарларының 854 түрі кездеседі. Бұл жерде ауланатын бағалы бекіре тұқымдас балықтардың (бекіре, шоқыр, көксерке) 82% ауланады.
Каспий теңізінің оңтүстігінде - Иран, солтүстігінде - Қазақстан, солтүстік-батысында - Ресей, оңтүстік-батысында - Әзірбайжан, оңтүстік-шығысында - Түрікменстан орналасқан.
Жұмыстың құрылымы. Әлемдік геосаясаттағы Каспий проблемасын жоспар бойынша үш бөлімге бөліп қарастырылады, яғни кіріспе, екі тарау, 5 тарауша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың жазылу барысына тоқталған, мұнда: тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеті, хронологиялық шеңбері, құрылымы қарастырылады.
Бірінші тарауда жалпы Каспийге байланысты 1921-40 жылдардағы келісімдер мен ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий теңізін делимитациялау мен құқықтық мәртөбесін айқындау туралы айтылады.
Екінші тарауда әлемдік энергетика және мұнай проблемасындағы Каспийдің орны мен Каспий мұнайын тасымалдаудағы жобалар және қазіргі жағдайы туралы сөз қозғалады.
Қорытындада барлық деректерді салыстыра отырып, кіріспе, бірінші және екінші тарауларға жалпы қорытынды жасалады.
І тарау. Каспийдіњ ќ±ќыќтыќ статусы.
1. 1 1920-1940 жылдардағы Каспий туралы келісімдер.
1917 жылы революцияның нәтижесінде Ресей империясы құлағаннан соң Каспидегі құқықтық жағдай толығымен өзгерді. Ресейдің билік басына келген большевиктер револютцияның жеңісімен ыдырамасы үшін мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз ететін бір қатар іс-шараларды жүргізді әсіресе, жас кеңістік өкімет Қытай, Түркия, Финляндия мен Иран сияқты көрші көрші мемлекеттермен достық туралы, шекара тұтастығын қамтамасыз ететін келісімдер жасасты.
26 ақпан 1921 жылы Мәскеуде сыртқы істер бойынша халық комиссары Григори Чичирин мен оның орынбасары Лев Карахан және Ирандық елші Мошавер-оль-Мемалек Ресей Социялистік Федеративтік Кеңестік Республика мен Парсылар арасындағы достық туралы келісімге қол қойылды. Екі мемлекет арасында келісім жасау Ирандағы монархиялық биліктің Квансар әулетінен Пехлеви әулетіне ауысуымен сәйкес келді.
1921 жылы келісімшартта жаңа кеңестік биліктің патшалық режим кезіндегі қатыгез саясаттан бас тартатындығы айтылған. Ресейлік кеңес үкіметі «патшалық кезінде парсылардың құқықтарын шектеген барлық келісімшарттар, конвенциялар, трактаттар үшін тоятындығын» мәлімдеді /8/. Бұл 1813 жылы жасалған Гүлістандық және 1828 жылы жасалған Түркіменчайлық бейбіт келісімдердің денонцасиясын білдірді. Сонымен қатар патшалық Ресейдің «Иранға қарсы және оған қатысты» өзге елдермен жасалған конвенциялар мен келісімдер күштерін жойды. РС ФКР патша үкіметімен Иранға берілген барлық қарызды жойып, Иранға орыс қарыз - тіркеу банкін, орыстармен салынған Ирандағы шосселік жолдарды теміржол бойларын, Урмия өзеніндегі тұрақтармен қамбаларды, телеграф пен телефон сымдарын және энзеги портын берді .
Үшінші мемлекеттің Иранды басып алушылық саясатын жүзеге асыру мүмкіндігі туса немесе Иранды басып алушылық саясатын жүзеге асыру мүмкіндігі туса немесе оған одақтас мемлекетті басып алу үшін пайдаланбақ болса, онда келісім бойынша егер апрсы үкіметі Ресейлік Кеңестік үкімет қорғану мақсатында парсы шығанағына әскерін енгізуге құқылы болады. Бұл қауіпті жойған соң Ресейлік Кеңес үкіметі өз әскерін Парсы шекарасынан дереу шығаруға міндетті (келісімнің 6 бабы) .
1881 жылы шекаралық комиссиямен белгіленген екі ел арасындағы шекара келісім бойынша сақталуға міндеттелді. Кейбір шекаралық - тереториялық өзгерістер қарастырылды. Мысалы Ресейлік тарап Ашураде аралынан және Ашурададтың кейбір ұсақ аралдарынан бас тартып, Иранға Фирузе ауылымен оның маңындағы жерлерді және Зарганде ауылын берді . Құжат екі ел арасында Каспиді құрлықтық шекара сызығы бойымен бұрынғыдай бөлгенімен, Иранның Каспий теңізіндегі құқығын өзгертті.
1921 жылғы келісім бойынша, екі ел де өз жалауы астында теңізде еркін жүзу құқығын шиеленгенімен, қауіпсіздік шарасы ретінде Иран кемелерінде өзге ел азаматтарының жүруіне тыйым салынды [7 бап] .
Өз кезегінде Ресей үкіметіне Каспийдің Оңтүстік шекарасында балық аулау құқығын беру туралы келісім жасауға Иран үкіметі міндеттелді .
Жалпы, Ирандық тараптың пікірінше, 1921 жылғы келісімге енгізілген өзгерістер Иранның Каспий теңізіндегі «теңіздік» держава ретіндегі беделін жоққа шығарды.
1 қазан 1927 жылы қол қойылған кепілдік пен бейтараптық туралы келісім бойынша, екі ел арасындағы қарым-қатынастың негізі 1921 жылғы жасалған келісім екендігі айтылды. Оның құзіреті бұл құжат бойынша бүкіл КСРО-ға тарады. Сонымен қатар 1927 жылғы келісім бойынша, екі тарап арасындағы мәселелер бейбіт жолмен шешілді.
Каспийде еркін жүзу қағидасы бірқатар құжаттарда көрініс тапты. Мысалы КСРО мен Парсылар арсындағы қоныстар, сауда мен теңізде жүзу туралы конвенцияға 27 қазан 1931 жылы қол қойылды. Бұл құжат бойынша, «Каспийде тек КСРО мен Парсы кемелері ғана жүзуге құқылы» /9/. Осылай жағдай 27 тамыз 1935 жылы қол қойылған қонысты, сауда мен теңізде жүзу туралы келісімде де қаралған.
1940 жылы 25 наурыз айында Тегеранда жасалған КСРО мен Иран арасындағы сауда мен теңізде жүзу туралы келісім Каспийдегі мемлекеттердің арақатынасын реттеуші құжаттың бірі болып табылады. Бұл келісім 3 жылға жасалып, ұзартылғанша күшін сақтады. Құжат екі тарапқа сауда да, кемемен жүзуге, су және әуе жолдарында жағымды жағдай жасауды, сонымен қатар келесі елдерге еркін тауар тасымалын жасау құқығын беру. Келісім жасаумен қатар Каспий теңізі туралы хаттар алмасуы болды.
Келісім бойынша, 10 июльдік балық аулау зонасы мен Каспийде еркін жүзу реттелді. (10, 12 баптар) . 12-баптың 4-ші тармағы бойынша, «Әр тарап өз туының астында жүзген командалық кемемен ауланған балықтарды тасымалдауға жағалау сызығынан 10 теңіздік июл арақашықтығындағы өзінің кемесімен сауда еркін балық аулау құқығын алды» /10/.
Ирандық таман Мохаммаед Реза Дар Дабиридің пікіріне сәйкес, бұл жағдай алдымен тараптардың келтірілген 10 июльдік сызықпен өзге каспий теңізінде еркін балық аулауға ашық, яғни жеке қажеттіліктерді қарастырса, екіншіден Каспий теңізін бірігіп пайдаланатын кеңестік ретінде құқықтық статусы бұл жағдаймен алынып тасталмаған. Бұл пікір келісімнің Каспий теңізіндегі кемемен жүзу мәселелерін реттейтін 12, 13 және 14-ші баптарына сүйенеді. 12-ші баптың 1, 2-ші тармақтары бойынша «Каспий теңізіне қатысты келісімге қол қойған елдердің бірінің туын көтерген кемелер өзге елдің портына кіргенде, тұрғанда және порттан шыққанда азаматтық кемелер ретінде қарастырылады» және «жоғарыда аталған кемелер заңда көрсетілген азаматтық кемелердің салығын төлеуге міндетті. » 13-ші бап бойынша, «қатысушы мемлекеттер 1921 жылғы 26 қаңтар айындағы келісімге қарастырылған жағдайлар негізінде тек Иран мен КСРО кемелері ғана немесе Иран мен КСРО туын көтерген субьектілер, кәсіпкерлер мен тасымалдаушы ұйымдар ғана Каспий теңізінде жүзуге құқылы». 14-ші бапта «Иранның немесе КСРО-ның туымен Каспийде жүзетін кемелерге берілетін тауарлы жүктің лицензиясы бірлікпен ресмилендіріліп, екі тараптың порттарында да ресми құжат болып табылады. Теңізде жүзуге және тұрақтауға берілген мұндай лицензиясы бар кемелер екі жақта да танылады» /11/.
Дегенмен, жоғарыда көрсетілген жағдайлар кемелердің жүзуі, балық аулаудың құқықтық режимі сияқты, халықаралық су жолдарының құқықтық тәртібінің маңызды құрамдарына байланысты тиісті нұсқауларды қарастырмағанын айта кету керек.
Жалпы, 1921 жылғы кеңес - парсылық келісімнің қағидалары 1931 жылғы қоныстар, сауда мен теңізде жүзу туралы конвенциямен, 1935 жылғы сауда, қоныстар мен теңізде жүзу туралы келісіммен, 1940 жылғы сауда сауда мен теңізде жүзу туралы келісіммен және өзге де құжаттармен танылды. Каспий теңізі жабық су кеңістігі статусын алды. Бұл жабықтық ең алдымен Каспий теңізінде тек КСРО мен Иран ғана теңізде жүзуге, балық аулауға, минералды ресурстарды игеруге, теңізге ғылыми зерттеулер жүргізуге құқылы болғандығынан көрінді.
Жабықтық пен ерекшелік жалпы түрде 1935 жылы жасалған келісімнің 14-ші бабында көрініс тапты. Ол бойынша, «Каспий теңізінде тек КСРО мен Иран кемелері және кемелерде тек осы екі ел азаматтары ғана жүзуге құқылы». Дәл осы қағида 1940 жылы келісімде де танылды. (13-ші бап) .
Жабықтық пен ерекшелік қағидасы, Каспийді пайдалануда әр кезең үшін ерекше болды. Мысалы, 1-ші қазан 1927 жылы Парсылар «Касний теңізінің тек кеңес - ирандық болғандығын қалаған мүддені ескеріп, 25 жыл бойы порт қызметкерлері қатарына парсылық емес өзге азаматтарды қабылдау туралы Ресейдің өтінішімен келісуге мәжбүр болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz