Кедейшілік және кедейлер туралы қоғамдық ғылымдардағы теориялар, көзқарастар, концепциялар



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кедейшілік және кедейлер туралы қоғамдық ғылымдардағы теориялар,
көзқарастар, концепциялар

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы Ж. М. Тулеев

Кедейшілік туралы қоғамдық ғылымдарда әлеуметтік теориялар,
концепциялар мен көзқарастар бар. Кедейшілікті әлеуметтік іс-әрекет,
әлеуметтік құбылыс, қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі ретінде
зерттеулерлердің мәні ерекше. Кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам
тарихы бар. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе еретден қарасырылып келеді.
Қоғамда кедейшілік рухани–материалдық құндылықтардың жетіспеуінен
пайда болған әлеуметтік құбылыс. П. Элкок кедейшілікті түсіну деген
кітабында Англиядағы капитализм орнау кезіндегі кедейшілік туралы жазады.
Кедейшілік әлеуметтік және экономикалық саясаттың нәтижесі. Ол феодализмнен
капитализмге өту кезеңінде пайда болған ( ХVІ- ХVІІғ.ғ). Нақ осы кезде
адамдардың күнделікті үйреншікті өмір сүру жағдайы өзгеріп, шаруа –
егіншілерден жұмысшыларға айналды. Яғни, олардың өмір сүру деңгейі, күн
көрісі еңбектеніп тапқан нәпақасына тәуелді болып қалды. Сондай–ақ П.Элкок
кедейшілікті капиталистік қоғамға тән және одан құтылуға болмайды дейді.
П.Элкок материалистік - әлеуметтанушылардың пікіріне қарсы шықты. Ол
капитализм өте күрделі экономикалық жүйе, сондықтан мұндайда қоғамда кез –
келген адам өзі қалаған өндіріс формасымен шұғылдана алады деді.
Кедейлікті ХVIII ғасырда А. Смит., Т. Мальтус, Д. Рикардо сияты ұлы
ағылшын ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын
құбылыс ретінде сипаттаған. Т. Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың
шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни,
кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына
кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т. Мальтустың көзқарасы бойынша
мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл
процесс аштық, әртүрлі ауырулар, соғыс сияқты тиімді “көмекшілер” арқылы
реттеліп отырады [1].
Х1Х ғ. Ортасында Г. Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі
ретінде баға береді. “Әлеуметтік статика” деген еңбегінде ол кедейлік пен
теңсіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді.
Яғни, өндірісті тоқату мүмкін болмағандықтан бұл мәселені толық шешу мүмкін
емес. Г. Спенсер кедейлікке қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке
проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қыйыншылыққа мойымай,
проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол
береді. Ол сонымен қатар кедейліктің нақты критерийлерін анықтау мүмкін
еместігін өзінің методологиялық тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең
ауыр түрі – қайыршылық. Г. Спенсер кедейлікті тұлға дамуының қозғаушы күші
ретінде де бағалайды. Ф. Гиддинс кедейлікті екі түрлі бағалайды: бір
жағынан ол жоюға болмайтын зұлымдық, екінші жағынан әлеуметтік прогресс
серігі.
Ж. Прудон кедейлік - әлеуметтік игілік, оны жою жолдары еңбек
өнімділігінің өсуімен қатар ашылады деген қөзқарас айтады. Ол абсолюттік
және салыстырмалы кедейлік түрлерін бөліп сипаттайды. Салыстырмалы кедейлік
адамзатқа тән белгі. Өндіріс өскен сайын адамдардың да қажеттіліктері өседі
де, адамдардың жағдайы қоғам талаптарына сәйкес келмей қалады.
Э. Реклю “Байлық пен кедейлік” атты еңбегінде кедейліктің ең ауыр
түрі – қайыршылықты бөліп көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге қажетті минимум
керекті заттарды есептеп көрсете отырып, негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайтын адамдарды ғана кедейлер қатарына жатқызған. Оның
тұжырымдауы бойынша, кедейлікті жеңудің шарты – ауыл шаруашылығы мен
өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бірдей бөлу.
Ағылшын ғалымдары Ч. Бут пен С. Раунтри Х1Х ғ. аяғында зерттеу
жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу,
киім кию, баспанамен қамтамасыз етілу қажеттіліктерін өтей алу
мүмкіндіктерін алған. Ч. Бут адамның табыс деңгейін, негізгі
қажеттіліктерін өтеу деңгейін, денсаулығы мен жұмысқа деген қабілетін
сақтап отыруға керекті нормалар мен стандартттарды анықтауға тырысқан. Ч.
Бут пен С. Раунтри бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Олар
Лондон мен Нью-Йоркте жүргізген социологиялық зертеулерінің нәтижесінде
халықтың 30 пайызы өмір бойы кедей күйінде болып отыратынын дәлелдеген.
Чарлиз Бут кедейшіліктің толық зерттеуін ұсынған. Лондонның тұрғындарын 8
топқа,оның өлшемі мен кірістерді тиянақты сиып отырғанын ең төменгі топтан,
оған қара жұмысшыны,қаңғыбастарды және қылмыс элементтерін жоғары топқа
дейінгі бөлген төрт төменгі топты Чарлиз Бут кедейлерге жатқызған.
Кедейлердің бөлмелік орналасуы тығыздылығынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан әлеуметтік жүйесінде терең және түбегейлі өзгерістер
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Кедейшілік әлеуметтік феномен ретінде жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеуді қажет ететін проблема
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Қазақстандағы кедейшілік және кедейлердің әлеуметтік құрылымы
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ САПАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ПӘНІНІҢ ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудің инновациялық әдіс тәсілдері
Ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың алатын орны
Кеңестік одағындағы Қазақстандағы
Пәндер