КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМІ
КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМІ
1.1. КЕДЕЙШІЛІК ҰҒЫМЫ
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырнылатын экономикалық
даму үлгісіне тәуелсіз белгілі бір себептерге қарай (экономикалық,
демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан
тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша
сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге,
киінуге, бос уақыт өткізуге және т.б.) тіптіең төменгі деңгейде ұстауға
шамалары келмейтіндерде жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды.
Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан
абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе
оның тұтыну деңгейін қарайды. Адам егер организмнің физиологиялық
мұқташдарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең түменгі
әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс
жағдайларын абсолютті кедейшілік деп атайды, ал салыстырмалы кедейшілік
кезінде қоғамда еңең көп тараған стандартқа сай өмір сүруге материалдық
мүмкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады . Одан басқа, кедейшілік адамдардың
тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлернің негізінде бағалануы мүмкін,
осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме
субъективті кедейшілік туралы қозғалады.
1997 жылғы адам даму туралы БҰҰДБ Баяндамасында кедейшілікті адам
әлеуметінің даму контексінде қарау ұсынылды, бұл тұрғыдағы кедейшілік адам
дамуы үшін базалық мүмкіндіктердің болмауымен және оның таңдау
шектеулілігімен анықталады, олар: ұзақ, салауатты және баянды өмір сүруге ,
лайықты тұрмыс деңгейін иеленуге, жеке қадір-қасиет сезіміне қысым жасаусыз
еркіндіктен ләззат алуға, өзгелердің тарапынан сый-құрметке бөленуге
шамаларының жоқты. Проблемаға адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарау
кедейшілікті көп аспектті әлеуметтік құбылыс ретінде пайымдауға мүмкіндік
береді.
1.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕҢСІЗДІК ПЕН КЕДЕЙШІЛІК ӨЛШЕМІ
Кедейшілік пен экономикалық теңсіздікке сан және сапа жөнінен баға
берудің мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін
үлкен маңызы бар.
Табыс (кіріс) бойынша кедейшілікті өлшеу үшін пайдалынылатын ең көп
тараған көрсеткіштер – елдегі бүкіл халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылар
үлесі, кедейшіліктің тереңділігімен өткірлігі.
Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі – табысы немесе
тұтыну әдетте күнкүріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген (кедей
шілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік
ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолдану екі қасиеті бар .
Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет
тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің
дәстүрлерімен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттық
ерекшелікті көрсетеді. Екіншіден, кұнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер
және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік
жасайды. Қазақстанда, кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халық үлесі
күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен
анықталады, яғни Олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар мен қызмет
көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек,
Қазақстанда азақ-түлік кедейшілігінің деңгейі немесе азақ-түлік себеті
деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі.Елдегі кедейшілік
ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші, соған
қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді
(нашарлаужақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген
сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін
қолданады.
Кедейшілік тереңдігі кедей адамның қаншалықты кедей екендігін
көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне
(Қазақстандағы күнкөріс минимумы) сәйкес ең аз қажеттіліктегі табыстар
деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшілік тереңдігі осылай
кедей тұрмысты халық табыстарының қатынасы кедейшілік шегіне сәйкесетін
табыстардың қатынасы кедейшілік тереңділігінің индексін көрсетеді.
Кедейшілік өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты кедей
екендігін көрсетеді, яғни кедей тұрмысты халықтың арасындағы теңсіздікті
сипаттайды. Кедейшілік өткірлігінің индексінің негізінде есептеледі.
Кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі индекстері белгілерінің ұлғаюы кедей
тұрмысты адамдардың жағдайларының нашарлауы туралы айғақтайды. Осы
индекстерді қолдану кедей тұрмыстылар табыстарының тапшылығынан арылу үшін
қажет қаржылай қаражаттардың көлемдерін белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстері сондай-ақ ең кедей тұрмысты
халыққа мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмек жүйесін ұйымдастыру кезінде де
пайдаланулары мүмкін.
Кедейшілік экономиканың даму деңгейімен және қоғамның барлық жіктерінің
әл-ауқат деңгейімен өзара байланысты қарау қажет, яғни қоғамдағы
экономикалық теңсіздікпен сабақтастыру керек. Қоғамдағы экономикалық
теңсіздік онда салыстырмалы кедейшіліктің болуы туралы айғақтайды, бірақ
абсолютті кедейшіліктің орын алуын міндетті түрде білдірмейді. Қоғамдағы
экономикалық теңсіздік деңгейіне ықпал ететін факторларды бірнеше топқа
бөлуге болады:
- табыстар деңгейіндегі айырмашылықтар. Осы топқа жеке меншік
мөлшерлерінен болатын, сондай-ақ адамдардың әркелкі санаттарының
байлық жинаулары деңгейіне байланысты айырмашылықтарды қосуға болады;
- білім деңгейіндегі айырмашылықтар. Осы топқа сондай –ақ білімнің
деңгейімен сапасындағы өзгерістерді, жеке жетістіктер және шығу
тегімен сабақтасатын айырмашылықтарды қосады;
- адамдардың жастарына қарай және физиологиялық айырмашылықтары, сондай-
ақ түрлі материалдық игіліктердің мүмкіндігі.
Осы факторлардың ықпал етуімен қоғамның негізгі әлеуметтік жіктері
қалыптасып, олар материалдық молшылық пен тұтыну әрекеттеріне қарай
бөлінеді. Тұрмыс деңгейі жөніндегі Бүкілресейлік орталықтың мамандары
халықтың тұтыну бюжеттерінің жүйесін әзірледі, жүйе әл-ауқаттұрмыс
деңгейіндегі белгілі бір критерилерге сүйене отырып, елдегі бүкіл тұрғын
халықты нақты топтарға бөлуге мүмкіндік жасайды. Осы жүйе негізгі үш
әлеуметтік стандартты (нормативті) қамтиды, олар: күнкөріс минимумы (КМ, ең
төменгі тұтыну бюджеті (ЖМБ).
Күнкөріс минимумы (КМ), бұрын айтылғандай , абсолютті кедейшілігінің
жігін белгілейді және кедейшілікпен көрес жүргізудегі мемлекет саясатымен
байланысты маңызды әлеуметтік номатив болып табылады. Қазақстанда күнкөріс
минимумы Қазақстан Республикасының Күнкөріс минимумы туралы Заңымен
белгіленді және ол бір адамға ең төменгі тұтыну себеті құнның шамасымен
бірдей және дамудың осы кезеңінде қоғам қабылдаған адамның ең аз
қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қажет. Ең аз мөлшердегі
ақшалай табысты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну себетінің құнына ең аз азық-
түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындар
кіреді. Ең азық-түлік себетінің құны тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын,
облыстарда айдың ортасында қалыптасқан орташа бағаларға көбейту арқылы ай
сайын есептеліп отырыды. Тамақ өнімдерін тұтыну нормалары республика халқы
үшін біріңғай және оларды қазақтың тамақ академиясы әзірледі. Академия
энергетикалық құндылықты қамтамасыз ету мен физиологиялық деңгейде негізгі
тамақ заттарын тұтыну тұжырымдамасына сүйенді – Дүниежүзілік денсаулық
сақтау Ұйымының ұсыныстары бойынша 2172 ккал. Сонымен, бағалы көкөністер
минимумының шамасына ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады, өйткені
тамақ өнімдерін тұтыну нормалары мен азық-түлік және азық-түлікке
жатпайтын шығыстар арасындағы ара-қатынас – біршама тұрақты шамалар.
Ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) адамдар тұтынуын қалпына келтіретін
деңгейді қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік стандартты көрсетеді. Ең
төменгі тұтыну бюджеті көкөніс минимумының екі мөлшеріне тең және ол
адамның дене және парасат көштерін қалпына келтіру, балалар мен
жасөспірімдердің әлеуметтік және дене дамуы, зейнеткерлердің белсенді
әлеуметтік және дене жай-күйлерін демеу үшін қажет халықтың негізгі
материалдық және рухани қажеттілктерін қанағаттандыруы тиіс.
Жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ) адамның фирзиологиялық және әлеуметтік
қажеттіліктерін толық және орынды негізделген қанағаттандырумен қамтамасыз
ететін игіліктер мен қызмет көрсетулердің оңтайлы жиынтығының болуын
ұйғарады, ол сондай-ақ міндетті төлемдермен алымдарға жұмсалатын шығыстарды
бюджеттің осы үлгісін ұстау үшін жинақ ақшалар жасауға қажет шығыстарды
қамтиды. Жоғары молшылық бюджеті адамның тұтынудың дамушы деңгейін
иемденуіне жағдай жасайды немесе басқаша айтқанда, адамның жан-жақты дамуын
қамтамасыз ететін таңдау мүмкіндігін ұлғаюды ұзақ және салауатты өмір
сүруді, білім алу мен лайықты тұрмыс құруды қосқандағы игіліктерді
пайдалану мүмкіндігі.
Тұтыну бюджеттерінің жүйесіне сүйене отырып елдегі бүкіл халықты
шартты түрде төрт әлеуметтік жікке бөлуге болады: кедей тұрмыстылардан ең
жоғары қамтамасыздандырылған адамдарға дейін.
Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды
шоғырландыру мен саралау коэффиценті табыстарды саралау коэффиценттерді
кеңінен қолданылды Қорлар коэффиценті табыстарды саралау коэффиценті ең көп
және ең аз қамтамасыздандырылған халық топтарының табыстарының салыстыруға
мүмкіндік жасайды ол ең жоғарғы және ең төмен тұрмысты халықтың 10-20 %
ақшалай табыстарының жалпы белгілерініңғ ара-қатынасын көрсетеді Джини
индексі табыстарды шоғырландыру коэффиценті қоғамдағы адамдар мен үй
шаруашылықтары арасында ақшалай табыстардың жалпы қорын бөлудегі
теңсіздікті бағалауға мүмкіндік туғызады саралау коэффиценттерінен
айырмасы, бұл көрсеткіш халықтың ең көп және ең аз қамтамасыз етілген
топтарының ақшалай табыстарын салыстыру жолымен емес, ал ақшалай
табыстардың жиынтық көлемінде халық арасындағы және топтардың меншігінде
бар табыстардың үлесті салмақтары негізінде есептейді. Табыстардың жалпы
көлемі неғұрлым біркелкі бөлінген сайын сұғұрлым Джини индексі аз болады
және керісінше, Джини индексінің шамасына шамасы соғұрлым көп болса (бірге
жақын) сұғұрлым ұлттық табыстардың аз үлесі халықтың кедей жіктеріне
жиналады.
Бұдан бөлек халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесі халықтың сатып алу
қабілетті табыстарының көрсеткішін енгізеді осы индикатор халықтың күнкқріс
минимумының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарынның ара-
қатынасы ретінде есептеледі Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған орта есеппен
жан басына шаққандағы табыстарға сатып алуға болатын көкөністер минимумына
кіретін тауарлар және қызмет көрсетулер жиынтығының санын анықтауға
мүмкіндік жасайды адамдар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіші
елдегі экономикалық теңсіздіктің сипаттамасы болып табылады.
1.3. АДАМ ДАМУ КӨЗҚАРАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН КЕДЕЙШІЛІК ӨЗШЕМІ
Адам дамуы көзқарасы тұрғысмынан кедейшілікті өлшеу үшін 1997 жылғы
адам дамуы туралы БҰҰДБ Баяндамасында дамушы елдерге арналған халықтың
жоқшылық индексі (ХЖИ) – 1 ұсынылды онда адам өмірінің үш аспекті көрініс
тапты оларда сондай-ақ адам дамуы индексінің (АДИ) құрамына кіреді, атап
айтқанда: ұзақ өмір сүру, білім алу мен балалы тұрмыс деңгейі ұзақ өмір
сүру, өлім-жітім деңгейі бойынша белгілі бір жылда қалыптасқан жағдайда 40
жасқа дейін өмір сүрулері мүмкін адамдар үлесінің көрсеткішінің көмегімен
сипатталады. Екінші аспект – білім немесе адамның оқу әлемінен және
комуникациядан тысқары қалуы – сауатсыз ересек халықтың үлесімен анықталады
баламалы тұрмыс деңгейінің жоқтығы қауіпсіз су мен медициналық қызмет
көрсетулерге мүмкіндіктері жоқ халық үлесінің сондай-ақ жасына салмағы сай
келмейтін бес жасқа дейінгі балалар үлесінің көрсеткіштерімен өлшенеді.
Дамыған елдердегі мүлде бөлек әлеуметтік жағдайларды ескере отырып адам
дамуы туралы БҰҰДБ 1999 жылғы Баяндамасында осы елдердегі халықтың
кедейшілігін сараптау үшін басқа формула – дамыған елдерге арналған
халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ – 2) ұсынылды. Индустриялық дамыған елдерде
салыстырмалы ерте жаста өлуі мүмкін адамдар өлесі есепке алынады, бұл
орайда белгілі бір жылда қалыптасқан өлім деңгейі бойынша 60 жасқа дейін
өмір сүрмейтіндер ескеріледі. Адамның білім әлемінен қол үзушілігі
нұсқаулықтарды түсіну мен сауалнамаларды толтыруға қабілетсіз функционалды
сауатсыз ересек халықтың үлесімен анықталады. Адамдардың тұрмыс деңгейінің
баламасыздығы елдегі орта есеппен жан басына шаққандағы 50 пайыздық
деңгейден төмен табыстағы тұрғын халық үлесінің сондай-ақ он екі ай және
одан көп уақыт жұмыссыз жүрген экономикалық белсенді халық үлесінің
көрсеткіштерімен өлшенеді.
ХЖИ – 1 және ХЖИ – 2 сәйкестігіне қарай дамушы және дамыған елдердегі
кедейшіліктерді сипаттайтын статистикалық көрсеткіштерді көрсетеді және
Қазақстан үшін толық жарамды емес. Осыған байланысты адам дамуы туралы 2000
жылғы Қазақстандық ересектер есепте халықтың кедейшілік индексі ХКИ – 3
енгізілді. Адамды ұзақ өмір сүру мүмкіндігінен айыруды сараптау үшін ХКИ –
3 есептеу кезінде 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың пайыздық үлесі
көрсеткіші пайдалынылады тиісті білім алу мүмкіндігінен айыру мүмкіндігі
ретінде оқу мен қамтылмаған 16 жастағы жастардың пайыздың үлесі көрсеткіші
пайдаланылды оның себебі, республикадағы балалар 6-7 жастағы мектепке
барады және орта білім алу үшін 11 жылдық оқу кезеңінде 16 жастағы
жастардың басым көпшілігі оқуды жалғастыруы тиіс екендігін күту керек .
Алайда жасөспірімдердің 9 сыныптан кейін оқуды тастап кетуі сирек емес.
Одан әрі, ХКИ – 3 есептеу кезінде күнкөріс минимумынан төменгі деңгейде
тұтыну жасайтын халықтың пайыздық үлеінің көрсеткіші пайдаланылды, өйткені
осы мезетте халық табыстарының деңгейі анық сараптау мүмкін емес ХКИ – 3
есептеуге қолданылатын соңғы көрсеткіш – экономикалық белсенді жаппай
бұқара халықтың арасындағы жұмыссыздардың пайыздық үлесі, адам дамуы
көзқарасы тұрғысынан кедейшілікке баға беру мен маниторинг жасау кезінде
тұтасқатардаға көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін. Кедейшілік маниторингінің
негізгі индикаторлары олар қоғамдағы кедейшілікпен теңсіздіктің әркелкі
аспекттерін сипаттайды кедейшілік көрсеткіштерінің көпшілігі қазір мың
жылдық табалдырығындағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары мен Міндеттері
ретінде белгілі.
1.4. ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҚТАРЫНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1991 жылы КСРО ыдырауының нәтижесінде құрылған тәуелсіз жас
мемлекеттердің экономикалық мүмкіндіктері едәуір аз. Осы елдерде соңғы
жылдарда халықтың жан басына шаққанда орташа төмен немесе төмен ЖІӨ
өндірілді. Экономикалық әлеуметті пайдалану тиімділігінің осындай деңгейі
кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірқатар елдерінде халықтың
жоғары деңгейдегі тұрмысын қамтамасыз ету үшін объективті кедергілер пайда
болады.
Дербес дамудың бастапқы кезеңінде Достастық мемлекеттерінің арасындағы
жөнге салынған макро экономикалық және шаруашылық байланыстар бозылды.
Рыноктық негіздердің бастамасы жоспарлық жүйелердің орнықтылықтардың
күйретуімен, сондай-ақ бірқатар жаңа мемлекет басшылықтарының
жансақтықтарымен жалғасты. Осы жағдай тұңғұйық экономикалық құлдырау және
трансформациялық дағдарысқа ұшыратты осынның барлығының әлеуметтік салдары
абсолютті кедейшіліктің жедел өсуі мен экономикалық теңсіздіктің, сондай-ақ
солардың ауқымдарын қызқарту үшін ресурстардың жеткіліксіздігінің көрінісі
болды.
Нарықтық өзгерістердің басталуына байланысты жаңа мемлекеттердің
көпшілігі бірнеше экономикалық дағдарысқа ұшырады, ол еңбек рыногындағы
жағдайдың нашарлауына, соның саладары ретінде, кедейшілік деңгейінің өсуіне
себеп болды. Оның үстіне, кедейшілік проблемасын еңбек рыногындағы келеңсіз
жағдай да шиеленістіре түсті, олар: еңбек қызметіндегі табыстардың күрт
төмендейі мен жұмыссыздықтық жоғары деңгейлері, бірқатар мемлекеттерде
еңбекке қабілетті жастағы халықтың еларалық еңбек көші-қонымен бейнет
көрулері, жұмыспен қамтылған халықтың ұзын санының экономикалық қызметтің
жеке салаларына шоғырлануы. Кедейшілік ауқымдарына қоғамда ұлттықбайлықты
бөлудегі орасан үлкен теңсіздік ықпал етті.
Достастық мемлекеттеріндегі кедейшілік сипатына халықты әлеуметтік
қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі ерекшеліктер қатты әсерін тигізді. Жаңа
мемлекеттер, бүкіл халықты дерлік, қамтитын және оған әлеуметтік
кепілдіктердің біршама жоғары деңгейінқамтамасыз ететін бұрынғы әлеуметтік
қорғау жүйесін мирас етті. Жүйенің материалдық негізі қоғамдық тұтыну
қорлары болып табылды, олар кепілденген ақшалай табыстар мен тұтыгуды
қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе түрінде көрініс тапты. Қоғамдық тұтыну
қорлары еңбектен түсетін табыстарға қарағанда анағұрлым жоғары қарқындармен
өсіп отырды. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру қолданылатын жүйенің
арқасында нарықтық өзгерістер басталар кезде ТМД елдерінің алдында дамушы
елдерде кедейшілікті айқындайтын халықты базалық медициналық қызмет
көрсетулермен қамтамасыз ету мен жаппай індетті бағындыру, аштықтың алдын
алу үшін ауқымды азық-түлік көмегіне қажеттілік, адамдарды бастапқы кәсіби
машықтарға үйрету сияқты проблемалар тұрған жоқ.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кедейшіліктіңкүрт өсуіне байланысты
өтпелі экономикалы жас мемлекеттер әлеуметтік қорғау жүйесін реформалауға
бірден кірісіп кеткен жоқ. Белгілі бір шамада бұл кедейшіліктің үдері
таралуын тежеген фактор болып табылды. Алайда ТМД елдеріндегі жеке және
аралас меншік нысандарының даму шамасына қарай, сондай-ақ мемлекеттің
экономикалық ролінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік қорғаудың социалистік
жүйесін сақтап қалу тек проблемалы ғана емес, сонымен бірге орташа және
жоғары табыстағы халық үшін қажет болмай қалды. Бизнеске салынатын жоғары
салықтар мен әлеуметтік төлем алатындар арасындағы асыраудағы жандар
жұмыспен қамтылудың өнімділігіне бөгет жасады. Сондықтан 9-шы жылдары
өтпелі экономикалы елдерде нарықтың экономикамен үйлесетін халықты
әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негіздері қызу құрыла бастады. Көпшілік
елдерде әлеуметтік және медициналық сақтандыру дамытылып, зейнетерлік
жүйелер реформаланды. Мемлекеттік әлеуметтік көмек өтінімді және атаулы
қағидаттарға көшті. Халықтың осал жіктерін әлеуметтік қорғаудың жаңа саласы
- әлеуметтік қызмет көрсету кәсіпорындары мен мекемелерінің желісі шын
мәнінде жедел дами бастады.
Қазіргі кезде ТМД елдерінде азды-көпті шамада халықтың әлеуметтік
қорғаудың ескі және жаңа жүйелері қатар қолданылады. Ескісі әлі
жойылмаған, ал жаңасы толық шамада құрылмаған мұндай өтпелі ахуал
әлеуметтік қорғаудың нәтижелілігін төмендетедіКөптеген ескі мемлекеттік
кепілдіктер, жеңілдіктер мен төлемдер жойылған жоқ, бірақ олар материалдық
және ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар жаңа
енгізілген атаулы төмендер кедейшіліктен арылу үшін жеткіліксіз. Сақтандыру
төлемдерінің тұтас қатардағы деңгейі де сондай-ақ жоғалған еңбек табыстарын
өтемейді. Зейнеткерлік жүйелер олардың қатысушыларын материалдық игілікпен
қаитамасыз етпейді.
ТМД елдеріндегі кедейшілік өлшемі өтпелі кезеңдегі ерекшеліктерді
көрсетеді. Достастықтың көпшілік мемлекеттерінде күнкөріс минимумы
негізінде кедейшілікті өлшеудің абсолюттік әдісі ресми қабылданған.
Күнкөріс минимумының негізін ең аз тұтыну себетінің құндық бағалы
қалайды.Сонымен, ТМД елдерінде кедейшілікпен күресу, ең бастысы, өте қажет
тауарлар мен қызмет көрсетудің белгіленген (абсолютті) тұтынуын қамтамасыз
етуге мүмкіндік жасайтын деңгейге дейін халықтың ең түменгі табыстарын
(тұтынуларын) көтеру мәселелерін шешуді көрсетеді. ТМД елдеріндегі
абсолютті кедейшілік көрсеткіштері, қағида бойынша, Орталық және Шығыс
Еуропа елдері мен ТМД үшін Дүниежүзілік банктің ұсыныстарына (нұсқауларына)
сәйкеседі, ол ұлттық валютаның сатып алу қабілеті паритеті (СҚП) бойынша
күніне 4,13 АҚШ доллары деңгейіндегі табыстарды құрайды.
Кедейшілікті өлшеудің салыстырмалы әдісі, қағида бойынша, Достастық
мемлекеттерінде ресми қабылданған әдіс болып табылмайды. Салыстырмалы
кедейшілік ьұжырымдамасын пайдалану, үкіметке ортақ әлеуметтік-экономикалық
проблемалардың себебінен жеткілікті қаражаттары жоқ кедей тұрмыстыларға
қатысты анағұрлым жоғары міндеттемелер қояды.Осымен бірге экономикаларының
өтпелі ахуалынан туындаған бірқатар себептерге қарай орта есеппен жан
басына шаққанда табыстарды өлшеу кезінде объективті қиындықтар орын алады,
өйткені солар туралы қолданыстағы ақпарат үнемі рас бола бермейді.
Кедейшіліктің ресми белгіленген көрсеткіштері ретінде, ең алдымен,
күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың саны мен үлесінің
көрсеткіштері пайдаланылады. Алайда жан басына шаққандағы ақшалай
табыстардың мөлшерлерін анықтаудың қиындығын осы көрсеткіштердің дәлдігі
азды-көпті шамада проблемалы болып табылады. ТМД елдеріндегі проблемалардың
бірі – кедей тұрмыстылардың табыстарын күнкөріс минимумының деңгейіне дейін
көтеру үшін қаржылай қаражаттардың жетіспейшілігі. Сондықтан күнкөріс
минимумымен ең мұқтаж адамдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін
критерий белгілеу мақсаттарында басқа да көрсеткіштер қолданылады, мәселен,
азық-түлік себеті, кедейшіліктің әкімшілік шектері сияқты және т.б.
көрсеткіштер, олар, қағида бойынша, күнкөріс минимумынан төмен болады.
Беделді халықаралық ұйымдар ұсынған жоғарыда аталған көрсеткіштер де
қолданылады.
ТМД елдерінің тәжірибесін жалпылау мен кедейшілік проблемасын зерттеп
зерделеу жөніндегі халықаралық тәжірибе негізінде ТМД елдерінің
Статистикалық комитеті әлеуметтік индикаторлардың Үлгілік жиынтығын
әзірлеп, пайдалануға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz