Кедейшілік жайлы
Кедейшілік жойылсын
Қазақстан 2015-ші жылы еліміздегі кедейшілік
көрсеткішін екі есеге азайтады. Ана мен бала өлімі, СПИД және құрт
ауруларымен де күресті күшейтпек. Осылайша, 190-нан астам ел басшылары қол
қойған Біріккен ұлттар ұйымы бағдарламасы бойынша жұмысты одан әрі
жетілдірмек. Бүгін Парламент палаталарының депутаттары Қазақстандағы
мыңжылдық даму мақсаттары жөніндегі екінші есепті тыңдады. Екі жарым сағат
бойы есеп тыңдаған халық қалаулылары өздерін толғандырған мәселелер бойынша
сұрақтар қойды.
Амнести Интернешнл ұйымы мамырдың 28-і күні әлемдегі адам құқықтары
мен бостандықтарының ахуалы туралы баяндамасын жариялады. Онда
дүниежүзілік дағдарыстың салдарынан бұл саладағы жағдайдың күрделене
түскені айтылған. Биылғы жылы қайыршылықпен күрес науқаны туралы бастама
көтерілмек.
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫС
Баяндама авторы Ирене Хан бүгінгі әлемдік дағдарыстың себебінен бүкіл
планета бойынша сан миллиондаған әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың
ауыр күй кешіп, қиын ахуалға ұрынып отырғанын тілге тиек еткен.
Бүкіләлемдік банктің болжауынша, былтырғы тамақ бағасының қымбаттауы
себебінен қайыршылыққа душар болған жандардың қатарына биыл 53 миллион
адам жаңадан қосылғалы отыр.
Халықаралық еңбек ұйымы дағдарыстың кесірінен шамамен 18-ден 51
миллионға дейінгі аралықтағы адам жұмыстан айрылуы мүмкін дейді. Тамақ
өнімдері бағаларының өсуі аштық пен ауру – сырқаудың көбеюіне себеп боп
отыр.
Баспанадан күштеп айыру (жалдау төлемақысын төлей алмағаны не үй алуға
алған несиені қайтаруға мүмкіндігі болмауынан) және әлемдік
экономикадағы дағдарыс себебінен жұмыстан босату – жұмыссыздар, кедейлер
мен үйсіздер қатарын көбейтті.
Аталған ахуалды Амнести Интернешнл адам құқықтары саласындағы дағдарыс
деп сипаттаған. Бұл дағдарыс тамақ жетпеу, жұмыс табылмау, таза су
жетіспеуі, жер мен баспанаға қол жетпеу тәрізді мәселелермен байланысты.
Осы себептер теңсіздікті өсіріп, адамдардың әлеуметтік ахуалын тұрақсыз
етіп, ксенофобия және нәсілшілдік, күштеу мен репрессияларды өршітуде.
Бұл мәселелердің барлығы бүкіләлемдік ауқымдағы мәселелер болып
табылады, сондықтан оларды шешу үшін халықаралық деңгейдегі
ынтымақ-бірлікті, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді дұрыс
жолға қоюды қажет етеді.
ҚАЗАҚСТАНДА КЕДЕЙЛЕР МИЛЛИОНДАП САНАЛАДЫ
Көптеген сарапшылар экономиканың қарқынды дамуы нәтижесінде қаншама адам
кедейлік тауқіметінен құтылды десе де, олар айтқаннан әлдеқайда көп адам
кедейшілік шеңгелінен құтыла алмай отыр, дейді Амнести Интернешнл.
Бұндай ахуал, әрине, ғаламдық деңгейде, дегенмен де бұл жаңа дамушы
нарықтар деп есептелетін мемлекеттердегі жағдайды анық сипаттайды. ТМД
көлемінде соңғы бірнеше жыл бедерінде экономикасында қарқынды өсім
байқалған жекелеген елдер де сол санатқа енеді. Олардың арасында
Қазақстан да бар.
Кедейшілікпен күресетін БҰҰ агенттіктері мен өзге де халықаралық
ұйымдарға Қазақстан үкіметінің берген ресми мәліметтерінде елдегі
кедейлердің саны айтарлықтай азайғаны айтылған. Бұл, негізінен, соңғы
жылдары мұнай бағасының толассыз өсуінің арқасында жылдам дамыған
экономиканың нәтижесі.
Алайда, мәселеге тереңірек үңілсек, миллиондаған жандардың әлі күнге
кедейшілік қамытынан арыла алмай келе жатқанын көруге болады. Бұл
санатқа негізінен ауыл тұрғындары, ауылдан қалаға келген
жұмысшы-мигранттар, қаланың өз тұрғындарының арасындағы әлеуметтік
төменгі топтардың өкілдері енеді.
Қала тұрғындарының арасында әсіресе кедей зейнеткерлер, әлеуметтік
жағынан әлсіз студенттер тобы, жалғызбасты адамдар, жұмыстан еріксіз
айрылып қалғандар (әсіресе жастар арасында), оралмандар және басқалар
ерекше көзге түседі.
Мұндай ахуал Орталық Азияның өзге елдеріне де тән (олардың кейбірінде
жағдай тіпті нашар), жаңа дамушы нарықтар санатындағы әлемдегі
көптеген елдерде де жағдай осындай.
Мәселен, Қытайда қала тұрғындары мен ауылдан келген жұмысшы-мигрантар
арасындағы өмір сүру деңгейі алшақтығы үсті-үстіне өсе түсуде.
Үндістанда қалалардағы ондаған миллион жан мен ауылдағы кедей топтар
қайыршының тірлігін кешуде.
Бразилия мен Оңтүстік Американың өзге елдерінде байырғы халық өкілдері
мен қала, ауылдағы кедейшілік тауқыметін тартып отырған топтардың халі
түзелер емес, Африкада қайыршы саны өсіп барады.
Дамыған елдерде де дағдарыс үйсіз, жұмыссыз жандар мен кедейлердің
қатарын көбейтті. Яғни, экономикалық дағдарыс себебінен бүкіл әлем
бойынша әлеуметтік теңсіздік күшейіп отыр.
ӘЛЕМДЕГІ ӘРБІР ҮШІНШІ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ЛАШЫҚТА КҮНЕЛТУДЕ
Қазір дүние халқының көпшілігі қалаларда тұрады делінгенмен, миллиардтан
астам жан жаман-жұтық үйлерде тұрып жатыр, яғни қаладағы әр үшінші
тұрғын осындай лашық үйлерден құралатын кварталдарда қоныстанған.
Мұндай кедейлер кварталы әлемдегі әрбір ірі қалада кездеседі. Мумбайдағы
(бұрынғы Бомбей) Дхаравиде 1 миллионнан астам жан тұрады. Кения астанасы
Найробиде тұрғындардың 60 пайызы кедей-кепшік аудандарда тұрады,
Африканың осы іспетті ең ірі кварталы боп есептелетін Киберада 1
миллионнан астам жан мекен етеді, т.т.
Осыларды айтқанда, Алматының Шаңырақ, Бақай, Әйгерім, Ұлжан және т.б.
елдімекендері еріксіз еске түседі. Бұл кедейлер кварталында қазір Алматы
қала әкімшілігінің ресми мәліметтері бойынша 130 мыңдай жан өмір сүріп
жатыр. 2020 жылдары мұнда 500 мың адам тұратын болады деген болжам
айтылады. Яғни, Қазақстанда тұрғындар саны Үндістандікінен 60 еседей аз
болса да, 2020 жылға қарай үнділіктерден ең ірі қайыршылар кварталы
тұрғыны саны бойынша тек екі еседей мөлшерде ғана артта болмақ.
Теңсіздік әртүрлі салаларға әрқилы жолдармен келеді, деп атап өтеді
Амнести Интернешнл өз баяндамасында. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, әлем
тұрғындарының 23 – нің құқықтарын заңды жолмен қорғауға мүмкіндіктері
болмай отыр. Ал егер мемлекетте билік басында авторитарлық режим отырса,
онда ахуал мұнан да қиындай түседі – бұл әсіресе БАҚ-та көкейкесті
мәселені сөз ету, саяси билік орындарына сайлану секілді және т.б.
мәселелерге байланысты боп отыр.
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАРШАҒА ЖЕТКІЛІКТІ БОЛСА ДА, АДАМДАР ТОЙЫП ТАМАҚ ІШЕ АЛМАЙДЫ
ЖӘНЕ АШТЫҚТАН КӨЗ ЖҰМУДА
Ас-су, тамақ жетіспеуі бүкіләлемдік мәселеге айналып отыр – қазір әлемде
миллиардтан астам адам ашаршылық шеңгеліне іліккен күйде тіршілік етіп
жатыр. Жыл сайын аштықтан миллиондаған адам өледі. Сонымен қатар, кей
сарапшылардың пікірінше, Жер бетінде бар азық-түлік қоры әлемдегі барлық
адамды тамақпен толық қамтамасыз ететіндей, тіпті 10 пайыз артылып
қалатындай мөлшерде көрінеді.
Дағдарыс салдарынан Қазақстанда тұрғындар шығындарын барынша үнемдеп,
негізінен ас-суға жұмсауға көшкен сыңайлы.
ЖҰМЫС ІЗДЕП ӨЛІМГЕ КЕЗІГУ
Дағдарыс салдарынан әлем бойынша компаниялар мен өнеркәсіп орындарының
банкроттығы мен өндіріс көлемінің мәжбүрлі түрде қысқаруы жұмыссыздар
санын көбейтті. Соның ішінде, жұмысшы-мигранттар да ауыр халге түсті.
Амнести Интернешнл ұйымының мәліметіне қарағанда, әлемдік экономиканың
тұрақты дамуы кезеңінде жұмысшы – мигранттар өз отандарындағы
отбасыларына жылына орта есеппен 200 миллиард доллар мөлшерінде ақша
аударып отырған. Бұл халықаралық деңгейде даму үшін бөлінетін
мемлекетаралық қаржыдан екі еседей көп.
Дағдарыс кесірінен жұмысшы – мигранттар шетелге көп кететін ең кедей
елдердің тұрғындары қатты қиындық көруде, олардың қатарына: Бангладеш,
Филлипин, Кения т.б. елдер енеді. Дәл осындай ахуалды Қазақстанмен көрші
мемлекеттерден – Өзбекстан, Қырғызстан мен өзгелерден де байқау қиын
емес.
Ал жұмысшыларды импорттайтын елдер жұмысшы – мигранттарды елге ендіруге
қатысты заңдар мен ережелерді қатаңдатып жатыр. Баяндама авторы Ирене
Хан, Жерорта теңізінен жасырын қайықпен жүзіп өтіп, Испанияда жұмыс
табам деп теңіз толқынына батып кеткен солтүстікафрикалықтардың талайы
жатқан моланы көзімен көргенін әңгіме етеді. Ол мола Канар аралындағы
Тенерифеде екен. Ал Испан еліне жұмыс табу үшін ресми рұқсат алып кіру
Африка тұрғындары үшін қазір тіпті орындалмас арман боп қалуда.
РЕЦЕССИЯ ТҮБІ РЕПРЕССИЯҒА ҰЛАСА МА?
Айтары жоқ, экономикадағы дағдарыс бұл оған ұшыраған әр үкімет үшін
сынақ болып табылады. Егер бұл үкімет авторитарлық үкімет болса, онда
халық арасында мұндай үкіметке қарсы наразылық сөзсіз өршиді әрі билікке
қоғам тарабынан қысым да өспек. Егер билік қарамағында халық мұқтажын
өтер материалдық ресурстар жеткіліксіз боп, халықтың билікке бағынудан
таюының ықтималдығы өссе, онда мұндай үкімет репрессияларға баруы
мүмкін.
Экономикадағы қиыншылық кезінде және осы себептен қоғамдық қатынастардың
күрделеніп кеткен мезеттерінде, төзімділік пен жариялылыққа ден қойған
дұрыс, сонда, әлеуметтік қиын ахуал тудырған ашу-ыза мен наразылықтың
қуат-кернеуін сындарлы диалог арнасына, мәселенің оң шешімін табуға
бағыттауға жол ашылмақ, делінген баяндамада.
Амнести Интернешнл сонымен қатар, авторитарлық режим орнаған елдерде
интернетке мемлекет тарапынан бақылау қоюдың күшейіп отырғанына назар
аударады. Аталған ахуалға қатысты, Амнести Интернешнл келесідей
тұжырымға келеді:
Биліктің есеп беруін талап ету құқығына ие азаматтардың болуы – бұл
үкіметтің өз міндетін лайықты деңгейде атқаруының ең күшті кепілі.
Үкімет экономиканың дұрыс дамуын қалпына келтіру жолдарын табуға тырысып
жатқан кезеңде, бостандық – оны жаншып емес, ынталандырып отыру қажет
құндылық болып табылады.
Баяндама соңында, Амнести Интернешнл биыл Қадірлеуді талап етейік!
деген ұранмен жаңа кампания бастайтынын жария еткен.
Ұйымның айтуынша, бұл бастама аясында, ұлттық және халықаралық аумақта
кедейлікке бастайтын әрі оны күрделендірер нәтижелерге әкелген адам
құқығын аяқ асты етушілерді жауапқа тарту шаралары қолға алынбақшы.
Біз қайыршылықты еңсеру үшін кедейшілікте өмір сүрушілер даусын
талқылаулар ортасына жеткіземіз. Сонымен қатар, кедейлер өміріне тікелей
ықпал етер шешімдер қабылданғанда, бұған олардың да белсенді қатыса
алатын болуын табанды түрде талап ететін боламыз, делінген баяндамада.
ҚАЙЫРШЫЛЫҚТЫ ЖОЮ ҮШІН БЕС МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ҚАЖЕТ
50 жыл бұрын ар – ождан тұтқындарын азат етуді талап ету үшін Амнести
Интернешнл құрылған еді. Енді біз қайыршылық тұтқындары өз өмірлерін
игі ахуалға айналдыра алуы үшін (оларды) Қадірлеуді талап ететін
боламыз!, - деп мәлімдейді Ирене Хан баяндамада.
Қайыршылық мәселесі сөз боп жатқандықтан, осы мәселені бүкіләлемдік
деңгейде шешудің 5 әдісін айта кетейік. Ол әдістер 5 мәселені шешумен
байланысты. Білгір сарапшылар пікірінше, бұл мәселелер келесідей
жүйеленеді (бұлар қайыршылық ахуалда өмір сүрушілердің өмірін аман алып
қалу үшін өздерінің маңыздылығы бойынша ретке келтіріле берілді):
Аштық, тамақ жетіспеуі мәселесі. Сапалы дәрігерлік қызмет көрсету
мәселесі. Баспанамен қамтамасыз ету мәселесі. Білім беру мәселесі.
Адамның лайықты өмір сүруіне мүмкіндік беретін экологиялық ортада өмір
сүру мәселесі.
Аталған мәселелерді әлемдегі мемлекеттердің күш біріктіре отырып шешуі
бүкілдүниежүзілік ауқымда қайыршылық пен кедейшілікті еңсерудің бірден –
бір жолы болып табылады.
Кенжалы ЕСБЕРГЕН 28.05.2009
“Азаттық” радиосы
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету
1.2.7. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету
2006-2007 жылдарда 30,6 мың жаңа жұмыс орнының ашылғаны жұмыспен
қамтылғандардың өсуіне және жұмыссыздар санының азаюына ықпал етті, сонымен
қатар 2007 жылы құрылған жұмыс орындарының саны 15,7 мың бірлікті құрады,
оның ішінде 12,8 мыңы тұрақты негізде құрылды. 2006 жылғы нақты
көрсеткішіне өсім 105,9% құрады.
Жұмыспен қамтудың белсенді формаларымен қамтамасыз етуде жұмыссыз
азаматтарға тұрақты көмек көрсетілді. Жаңадан ашылған және бос тұрған жұмыс
орындарына 2006-2007 жылдарда 23,6 мың жұмыссыз жұмысқа орналастырылды,
қоғамдық жұмыстарға 6,5 мың жұмыссыз азамат қатысты, 2,5 мың жұмыссыз жаңа
немесе қосымша мамандықтар алды.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттыруға жұмыс іздестіру Клубы
жұмысы бағытталған, мұнда 2006-2007 жылдары 420 адам оқудан өтті. Осы
кезеңде 42 бос орын жәрмеңкелері өткізілді, нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан
қатысушының әрбір үшіншісі жұмысқа орналастырылды. Оқу орындарының 672
түлегі үшін жастар практикасы ұйымдастырылды. Мақсатты топтарға кіретін
азаматтар үшін 746 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.
Орташа жанға шаққандағы кірісі кедейшілік шегінен төмен аз қамтылған
отбасыларын және азаматтарының кірісін арттыру және кедейшілік жағдайынан
шығару үшін әр түрлі шаралар қабылданды. Бұл кедейлердің және аз қамтылған
азаматтардың санын тұрақты қысқартуға көмегін тигізді.
2007 жыл бойында кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 6,8 мың
адамды құрады, олардың 6 мыңына сомасы 112,9 млн. теңгеге мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
2007 жылы тұрғын үй көмегі сомасы 75,8 млн. теңгеге 9,5 мың отбасыға
тағайындалды.
Азық-түлік себетінің бағасынан төмен табысты отбасылардағы 18 жасқа дейінгі
25 мың балаға 2007 ж. 310,5 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
2008 жылдың 1 қаңтарына облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 2007 жылдың басына
қарағанда 34,9 % қысқарған, облыстың экономикалық белсенді халқына шаққанда
нақты тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2007 жылдың басындағы 1,0 %-ға
қарағанда 0,7 % құрады.
2008 жылдың қаңтар-қазанында 12748 жаңа жұмыс орны құрылды, 10253 жұмыссыз
азамат жұмысқа орналастырылды, оқуға, дайындауға және қайта даярлауға 870
жұмыссыз жіберілді. Жұмыспен қамту органдарында тіркелген 4820 адам үшін
қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды.
2008 жылдың 1 қазандағы күйі бойынша кедей және аз қамтылған азаматтардың
саны 6795 құрады, оның 6338 адамы сомасы 80,0 млн теңге мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмекті алатындар болып табылады. Азық-түлік себетінің бағасынан
төмен табысты отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 31406 балаға 275,7 млн. теңге
көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
Жалпы 2008 жылдың қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашу
күтілуде. Жаңадан ашылған және бос тұрған жұмыс орындарына жұмыспен қамту
органдары арқылы 10,1 мың адам жұмысқа орналастырылады, кәсіби дайындықпен
1,1 мың жұмыссыз қамтылады, қоғамдық жұмыстарға 5,5 мың жұмыссыз азамат
қатысады, әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғындардың мақсатты топтарынан 360
жұмыссыз орналастырылатын болады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге қаражаттар, кәсіби
дайындыққа және азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды
(жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос
орын жәрмеңкелерін өткізу) іске асыруға шығындар қажеттілігі тиісінше 231,9
млн. теңге, 20,3 млн. теңге және 34,2 млн. теңгені құрайды.
2008 жылы облыс бойынша кедейшілік шегінен төмен кірісі бар кедейлер және
аз қамтылған азаматтарының орташа жылдық саны 6,7 мың адамды құрайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер, аз қамтылған
отбасыларынан шыққан азаматтарды тұрақты және уақытша жұмысқа, оған қоса
әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарға орналастыру жөніндегі
шараларды қабылдау, жұмыссыздарды кәсіби дайындау және қайта дайындауды
жүзеге асыру атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын 6,8 мың адамға
дейін төмендейді.
Аталған көмектің түрін төлеуге 2008 жылы (республикалық трансферттерді
есепке ала отырып) 196,1 млн. теңге қарастырылған. Алайды, 2008 жылдың 1
маусымында тағайындалған атаулы көмектің нақты сомасы – 41,1 млн. теңгені
ескере отырып, үстіміздегі жылдың аяғына дейін қажеттілік 122,4 млн.
теңгені құрайды. Осыған байланысты 2009-2011 жылдарға арналған қажеттілік
129,9 – 146,2 млн. теңгені құрайды.
Бұдан басқа, 2008 жыл бойында азық-түлік себетінің бағасынан төмен табысты
отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 31,7 мың бала ай сайынғы жәрдемақы алады деп
күтілуде, бұл 351,9 млн. теңге тартуды қажет етеді.
Тұрғын үй көмегін 9,1 мың отбасыға тағайындау күтілуде. 2008 жылғы бюджетте
қалаға бөлінген 133,8 млн. теңге субсидиядан тұрғын үй көмегіне 35 млн.
теңге қарастырылды.
Осылай жергілікті бюджетті есепке ала отырып, тұрғын үй көмегіне бөлінген
қаражаттар 110,8 млн. теңгені құрайды. Осы мақсаттарға қаражаттар
қажеттілігінің төмендеуі жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың
шешімі бойынша 2007 жылы 9 санаттағы азаматтарды, ал 2008 жылы 12 санаттағы
азаматтарды 50-ден 100% коммуналдық қызметтерді төлеуден босатуымен
байланысты.
2008 жылға қаражаттардың нақты қажеттілігі 110,8 млн. теңгені, 2009 жылы
119 млн. теңгені құрайды және 2011 жылы 128,2 млн. теңгеге жетеді.
Тұрғындарды жұмыспен қамтитын іс-шараларды іске асыру, мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек, балаларға жәрдемақы төлеу және тұрғын үй көмегін көрсету
үшін 2008 ж. бюджеттік қаражаттардың жалпы қажеттілігін бағалау – 945,5
млн. теңгені құрайды.
Приозерск қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2008 жылдың 12 айында
атқарылған жұмыстардың есебі
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2008 жылдың 12 айы бойынша аз қамтамасыз
етілген, тұрмыс жағдайлары кедейшілік шегінен төмен 59 отбасы, 275 адам тіркеледі.
Азаматтардың осы санатына қолдау көрсету мақсатында белгілі жұмыстар атқарылады, атап айтқанда:
Қолданылатын әлеуметтік көмек түрлерінің жалпы саны облыс бойынша 26 түрді құрайды, Приозерск
қаласы бойынша 20 түрі қолданылады, әлеуметтік көмектің 6 түрі қолданылмайды, өйткені қалада
зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетудің аумақтық орталығы, Қызыл айшық және Қызыл крест
қоғамдары жоқ.
Ел Президенті жүргізіп отырған жалақы мен зейнетақы көлемдерін ұлғайту саясатына байланысты
кедейшілік шегінің мөлшері де ұлғайды, 2008 жылдың 12 айы бойынша кедейшілік шегі – 4777 теңгені
құрайды, осыған орай кедейшілік деңгейі төмендеді, яғни 2007 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінде 363 адам тіркелсе, 2008 жылы 275 адам тіркеліп, өткен жылдың осы
мерзіміне қарағанда 75 % азайған.
Кедейшілік деңгейінің төмендеуі келесі жағдайлар арқылы жүзеге асырылады:
-жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру;
- шағын бизнесті қосқанда кәсіпкерліктікті дамытуға қолайлы жағдай жасау есебінен өздерін өздері
жұмыспен қамту;
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы көлемдерін ұлғайту;
- тұрғындардың қорғалмаған жіктеріне атаулы, мақсатты әлеуметтік көмек көрсету.
Қайырымдылық іс-әрекетті дамыту мақсатында азаматтарды кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке
кәсіпкерлерге тіркеу жұмысы жалғастырылып жатыр, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер мен
мүгедектерді тіркеу ұйымдастырылды.
Оның үстіне аз қамтамасыз етілген зейнеткерлер мен мүгедектерге, мүгедек балаларға атаулы
даталар қарсаңында қайырылымдық жарғылар есебінен сыйлықтар мен азық-түліктік жиынтықтарды
табыстауды ұйымдастыру жөнінде жұмыс жүргізіледі.
Аз қамтамасыз етілгендердің санынан 1 адамға шаққандағы көрсетілген көмектің орта мөлшері 2008
жылдың 12 айында жоспарланған 8523 теңгеден 15862 теңгені құрайды.
Тұрғындардың көмекке аса мұқтаж санаттарына нақты көмек көрсету үшін қалада қайырымдылық
акциялар жүргізіледі. 2008 жылдың айында 48 акция жүргізілді.
2008 жылдың 12 айында 1 аз қамтамасыз етілген азаматқа есептегенде ақшалай мемлекеттік емес
әлеуметтік көмек мөлшері 10366 теңгені құрады.
Көмек көрсету санына қарамастан, аз қамтамасыз етілген отбасыларды біржолғы есепке алынғанын
ескергенде, қала бойынша нақты көмек көрсетумен қамтылғандардың саны 100% құрайды.
2006-2008 жылдарға арналған Приозерск қаласының мүгедектерін сауықтандыру Бағдарламасын жүзеге
асыру шеңберінде 2008 жылы республикалық бюджет есебінен 2 мүгедек балаға сурдотехникалық
құралдар берілді (ұялы телефон, көпфункциялы белгі беретін жүйе), 1 мүгедек балаға, 1 ересек
мүгедекке кресло-коляска берілді және есту қабілеті бойынша 1 ересек мүгедекке Қарағанды
қаласының есту орталығынан есту аппараты берілді.
Бөгденің көмегіне мұқтаж жалғыз басты мүгедекке 2008 жылдың 12 айында сомасы 14,0 мың теңгелік
жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 2 мүгедек балаға мемлекеттік жәрдемақыларына қосымша қажеттік 2008
жылдың 12 айына сомасы 42,0 мың теңге көлемінде тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органдарының шешімдерімен азаматтардың жекелеген санаттарына 007 Бағдарлама
бойынша (дәрі-дәрмектерді сатып алуға, қайғылы оқиғаларға, төтенше жағдайларға байланысты
құжаттарды қалпына келтіруге, Жеңіс күнін, Қарттар күнін атап өтуге, коммуналдық қызметтерді,
пайдаланған электр қуатын, абоненттік төлемдерді өтеуге, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне
көмір алуға) әлеуметтік төлемдер 2008 жылдың 12 айында 721 адамға сомасы 3420,8 мың теңге
көлемінде төленді.
Жергілікті бюджеттен 7 Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектер үшін коммуналдық
қызметтердің, электр қуатының, абоненттік төлемдердін өтемақысына 141,5 мың теңге 2008 жылдың
12 айына аударылды.
2008 жылдың 12 айында 103 отбасыға, 368 адамға сомасы 1082,7 мың теңге көлемінде тұрғын үй
жәрдемақысы тағайындалып, 94 отбасы 328 адамға 922,0 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 45 отбасына 233 адамға сомасы 1381,0 мың теңге
тағайындалып, 53 отбасына 263 балаға сомасы 1420,0 мың теңге төленеді.
18 жасқа дейінгі балаларға 97 отбасына 279 балаға сомасы 1910,1 мың теңге тағайындалып, 95
отбасына 275 балаға сомасы 1736,0 мың теңге төленді.
Соғыс кезінде совхоздар мен колхоздарда жұмыс істеген азаматтардың еңбек өтілін белгілеу
жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр, 2008 жылдың 12 айында соғыс кезіндегі еңбек өтілін
белгілеу жөніндегі арнайы комиссия 4 өтінішті қарап, 4 адамның соғыс кезіндегі еңбек өтілін
белгілеп, олардың істер макеттерін МЗТО-на тыл еңбеккері санаты бойынша төлеу үшін жіберілді.
2008 жылдың 12 айында 6 зейнеткер Қарағанды қаласындағы Ардагерлер мен мүгедектер үйіне, 2
Ауған соғысының қатысушысы Сосновый бор шипажайына емделуге және демалуға жіберілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бір үйден әлеуметтік көмек көрсету
бөлімшесі бар, онда 3 әлеуметтік жұмыскер жұмыс істейді. Оны ұстау үшін жергілікті бюджеттен
2008 жылы 729,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Үйден қызмет көрсетумен 30 адам қамтылады, олардың 13-і мүгедектер, 17-сі зейнеткерлер .
Үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің жұмыскерлері күн сайын көмекті қажет ететін
зейнеткерлер мен мүгедектерге барып тұрады және оларға төменде аталған нақты көмек түрлері
көрсетіледі:
азық-түліктерді сатып алу мен жеткізу;
дәріханадан дәрі-дәрмектерді жеткізу;
емхана мен басқа-да мекелерге ертіп бару;
пәтерді жинаудағы көмек;
тамақ дайындаудағы көмек;
ыдыс жуу;
коммуналдық төлемдерді өтеу;
үйлеріне дәрігер шақырты;
кітапханадан кітаптарды жеткізу,т.б .
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі әлеуметтік бағдарламаны орындау барысында
областық қордан мүгедектерге, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай көмек
көрсетуге қаражат бөлінеді. 2008 жылдың 12 айында 2 аз қамтамасыз етілген азаматтарға және 1
мүгедекке отбасының ауыр жағдайына байланысты материалдық көмек көрсетілді.
Жұмыспен қамту бағдарламасын орындау мақсатында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың белсенді
түрлерін дамыту – жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды жұмысқа орналастыруға қолғабыс жасау жолымен
жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс қамтамасыз етіледі. 2008 жылдың 12 айында жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 372 жұмыссыз, оның ішінде жастар – 209 адам, оралмандар –
31 адам санын тіркеу жоспарланған. 2008 жылдың 12 айында жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі жоспарланған 372 жұмыссыз азаматтан:
- жұмысқа орналастыру жоспарындағы 260 жұмыссыздың орнына - 324 адамды жұмысқа орналастырылады;
- жастарды жұмысқа орналастыру жоспарындағы 120 адамның орнына – 188 адамды жұмысқа
орналастырылды;
- 2008 жылы 15 оралманды жұмысқа орналастыру жоспарланған, оның орнына 30 оралман жұмысқа
орналастырылды;
-жоспардағы 250 жұмыссыздың орнына ақылы қоғамдық жұмыстарға 250 адам жіберілді, олардың
ішінде 188 16 мен 29 жас аралығындағы жастар және 12 оралман;
-жоспардағы 79 жұмыссыздың орнына, кәсіби оқытылуға 79 адам жіберіледі, олардың ішінде 28 – 16
мен 22 жас аралығындағы жастар және 5 оралман;
- кәсіби оқытылуға жіберілетін 51 адам жұмысқа орналастырылады, олардың ішінде 28 – 16 мен 29
жас аралығындағы жастар және 4 оралман;
- тіркелген жұмыссыздардың санынан 14 адам өз ісін ашуға материалдық көмек алады, жергілікті
бюджет қаражатынан 666,0 мың теңге жұмсалады;
-жұмыссыздық деңгейі 2008 жылдың 12 айының аяғына 0,4 % құрады.
2008 жылдың 15 сәуіріндегі Приозерск қаласы әкімінің №24ө өкімі негізінде жалпы республикалық
Ұжымдық шарт жасасыңыздар атты акциясын өткізу үшін қалалық штаб құрылған. Қалалық штабтың
негізгі мақсаты, Ұжымдық шарт жасасыңыз акциясын тиімді ұйымдастырып, өткізу және
кәсіпорындар деңгейінде әлеуметтік –еңбек қатынастарын реттеу болып табылады.
Приозерск қаласында 2008 жылдың 1 желтоқсан айына қарағанда 72 – кәсіпорындар мен мекемелер
тіркелген. Оның ішінде 2-ірі, 11-орта және 59 шағын мекемелер. Осы кәсіпорындар мен мекемелер
ішінде 55 мен ұжымдық шарт жасалған: 1–ірі, 11– орта, 43 – шағын.
Қалалық штаб қазіргі уақытта осы мекемелердегі Ұжымдық шарт жасасыңыздар акциясының жүргізілу
барысын тексеруде.
© ТОО "ЦИС
WTO". Құқығымыз
толық қорғалған.
2008
Приозерск
қаласының
жұмыспен қамту
және әлеуметтік
бағдарламалар
бөлімі ресми
сайты
Кедейшілікпен күрес мақсатында атқарылған жұмыстар.
Бүгінгі күні Тарбағатай ауданында кедейшілік шегінен төмен тұратын аз
қамтамасыз етілген адамдар саны 3585 адамды құрайды.
Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарды жаңа жобалар құра
отырып, оларды кедейшілік шегінен шығару, оларды әр түрлі жұмыстарға тарту
бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді.
Атап айтқанда, мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы
Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.03.2009 жылғы № 264
қаулысына сәйкес 2009 жылы аз қамтамассыз етілген 305 адам жұмыспен
қамтылса, 141 адам кәсіптік қайта даярлаудан өтті. Ал 2010 жылы жұмыс
іздеуші ретінде тіркелген 542 адам жұмысқа орналастырылды, 75 адам кәсіптік
қайта даярлаудан өтіп, өздерін жаңа жұмыс түрімен қамтуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау бағытында
оларға шағын несие беру арқылы жаңа жұмыс орындарын құра отырып, оларды
кедейшілік пульнан шығаруға көңіл бөліп отыр. 2008-2009 жылдары 119
адамға облыстық ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы несие қаржы берілді.
Атап айтқанда 2008 жылы 63 адамға 9357,7 мың теңге берілсе, 2009
жылы 56 адамға 20 750,0 мың несие қаржы берілді.
Сондай-ақ ауданда Демеуші корпаративтік қоры 25 маусым 2001
жылы құрылып жұмыс істейді. Қордың негізгі мақсаты аудан бойынша аз
қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға қолдау көрсету,
оларды егін-егу жұмыстарына товарлы несие беру, өзін-өзі қамтамасыз етуге
бейімдеу, бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Оған меншік түріне қарамай
аудандағы барлық мекеме, кәсіпорындар қаржылай қолдау жасап келеді.
Демеуші қоры арқылы 2009 жылы Ізгілікті ниет қайырымдылық марафоны
кезінде облыстық Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс
Қазақстан облысы аймақтық қорына 300,0 мың теңге қаржы аударылды.
Астана қаласына апаруға 200 мың теңге көлемінде ақша жетім және
тұрмысы төмен отбасылардың балаларына бөлінді. 5 тұрмысы төмен отбасына
материялдық көмек көрсетілді. 2 оралман қандастарымыздың отбасына егін
салуға (картоп) тауарлы несие берілді.
2010 жылы осы аталған қорға 110 мың теңге қаржы аударылып,осы
қор арқылы 3 адамға 300,0 мың теңге шағын несие берілді.
Алдағы уақытта тұрмысы төмен азаматтарды жаңа жобалар құра отырып
кедейшілік пульнан шығару бағытында жоспарлы жұмыстар атқарыла беретін
болады.
Қазақ балалары шетелдік зерттеушілерді қайсарлығымен таңғалдырды [
p
i
c
]
17.02.10.
Қазақстанда кедей балалардың үлес салмағы қандай?, Қазақстанда ең
кедей балалар қайда тұрады?, Жаһандық дағдарыс балаларға қалай әсер
етті? - ЮНИСЕФ ұйымы елімізде арнайы зерттеулер жүргізіп, Статистика
жөніндегі агенттіктің ресми деректеріне үңіле отырып, осындай қызықты
әрі көкейтесті сауалдарға жауап тауыпты.
Жаһандық ұйым өз зерттеулерінің қорытындысын кеше Парламент қабырғасында
жария етті. Сонымен, барлық қазақстандық балалардың 45,2 пайызы өте
кедей саналады екен, тағы 37,5 пайызы орташа ауқатты деп табылып
отыр. Қалған балалар ақша шашып, дәулетте шалқып өмір сүруде деседі.
Әрине, осы орайда кімнің әке-шешесі бай болса, соның перзенті молшылық
пен салтанатта дерсіз. Олай емес екен!
- Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстанда да балалар
кедейшілігінің көрсеткіштері орташа алғанда, ересектердің кедейшілігі
көрсеткіштерінен жоғары, - деген түйін жасап отыр ЮНИСЕФ сарапшылары.
Бұл жағдай қазіргі қысылтаяң кезеңде кедей түгіл, тіпті кейбір орташа
ауқатты деген ересектердің өз балалары есебінен қаржы үнемдеуге
ұмтылатындығымен түсіндіріледі екен. Балаларға арналған мерекелерді де
ата-аналары аз ұйымдастыра бастады дейді, мәселен, ҚР Үкіметі жанындағы
Ұлттық сараптамалық орталықтың басқарма төрағасы Аяна Манасова.
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың 30 пайызға жуығы күніне 2 доллар
15 центтен аз (теңгеге шаққанда 300 теңгедей) қаржыға өмір сүрген
көрінеді. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар кедейшілік құрсауында
жиірек қалады. Кішкентай балаларға кедейшілік қаупі басқаларға қарағанда
көбірек төнеді, алайда балалар өскен сайын мұндай қауіптер төмендейді
делінген есепте. К.Стюарт пен С.Хьюерт өз зерттеулеріне сүйене отырып,
ғылыми бірақ езуге күлкі үйірілтердей қызықты бір негіздеме келтіреді:
олардың байламынша, кіші жастағы қазақстандық бүлдіршіндердің
қалтасының бос болуы жалпы адамзатқа тән өмірлік цикл проблемасымен
ішінара байланысты болып шықты, яғни құйтымдай бөбекте ата-анасы да жас
болуы көбірек ықтимал (жатжұрттық сарапшылар да Қазақстанда
орталықазиялық өзге елдерге қарағанда енді
елубай-алпысбай-жетпісбай-сексенб ай феноменінің сирек кездесетіндігін
ұққан). Ал сол сәби өскен сайын оның ата-анасының да отбасылық табысты
қордаландыру тәжірибесі молая түседі. Сарапшылардың ұсынымынша, бұл
жерде шынашақтай қазақстандыққа мемлекет көмекке келуге тиіс: жас
балаларға берілетін жәрдемақылар көлемі арттырылып, мемқолдау шаралары
көбейтілгені жөн. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігіне арналған есепте
айтылған келесі тұжырым таңырқау тудырмайды, тек тұнжыратады: ауылдық
елді мекендердің балалары елдің экономикалық өсуінің игілігін бәрінен аз
көреді, - делінген. - Балалар арасындағы кедейшіліктің ең жоғарғы
көрсеткіштері ауылдық аудандарда, ең төменгілері - басты қалаларда
(Алматы мен Астанада) байқалады. Дүниежүзілік банктің дерегінше,
көпбалалы отбасылар қай жерде тұрып жатқандығына қарамастан, барлық
жерде аз қамтылған болып қалуда. Тағы бір жайт: балалар кедейшілігі
балалар ең көп шоғырланған жерлерді қамтыпты: Мәселен, бала
тұрғындарының саны ең аз болып табылатын Астанада балалар кедейшілігінің
ең төменгі деңгейі байқалады. Салыстыру үшін: Атырауда бала туу деңгейі
- ең жоғары және балалар кедейшілігінің деңгейі - ең жоғары деп атап
өтіледі құжатта. Дағдарыс жаналқымнан алған 2007 жылы кедейшіліктің ең
төменгі деңгейі Астанада (3,2 пайыз) және Алматыда (8,5 пайыз)
тіркелген. Ал кедейшіліктің ең жоғарғы деңгейі Маңғыстау (26,9%),
Қызылорда (24,6%), Ақмола (16,6%), Атырау (13,0%) және Жамбыл (9,9
пайыз) облыстарында бақыланған. Мұны еліміздің Статагенттігі растайды.
Әйткенмен тұтастай алғанда халықаралық сарапшылар елімізде қазіргі кезде
дағдарыстың балаларға теріс ықпал еткендігін куәландыратын шектеулі
деректер ғана бар деп қорытынды жасайды. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау
мен дағдарысқа қарсы шаралар аясындағы отбасылардың күш-жігері өз
нәтижесін әкелді. Әзірге ҚР-да балалар қаржылық дағдарыстың көптеген
теріс салдарларынан қорғалған деп жазады олар есепте. Әйткенмен егер
қиыншылық кезеңі ұзаса, отбасылардың табысы әрі қарай төмендей берсе,
оның балаларға және бірінші кезекте балалардың тамақтануының сапасына
теріс әсер ететіндігі ескертіледі. Оның үстіне ЮНИСЕФ бұған дейін
баспана тұрғысынан қысылу, жақсы сападағы ауызсудан тарығу, сондай-ақ
отбасы мүшелерінің медициналық емделуін күйзеліс кесірінен кейінге
қалдыру сынды толып жатқан проблемалардың қордаланып жатқандығын, егер
оларды жуық арада шешпесе, сығылған серіппе құбылысы туындайтындығын
(сығылған серіппе бір уақытта алапат күшпен кері серпіледі) айтады.
Бұлардың бәрі сайып келгенде, жеткіншектердің ақыл-есі, психологиясы мен
денсаулығына нұқсан келтіреді. Балалардың үй бойынша қосымша ауыр
жұмыстарды өз мойындарына жүктеуге, білім алуды әрі ысырып, отбасылық
кәсіп пен бизнеске көмектесуге мәжбүр болып жатқандығын куәландыратын
бірқатар фактілер бар. Әзірге бұл кең ауқымда, жаппай жүріп жатқан жоқ,
бұл негізінен, мигранттар мен үлкен отбасылар сынды халықтың осал
топтарында орын алуда, мұнда бала еңбегі пайдаланылуда деп атап
көрсетілген есепте. Әлемді май ішкендей еткен күйзелістің Қазақстан
тұрғындарының ең кішкентай бөлігіне тигізген тағы бір кері әсері
ретінде ЮНИСЕФ елімізде балабақшалар мен басқа да мектепке дейінгі білім
беру және тәрбиелеу орындарына баратын балалардың санының кеми
бастағандығын алға тартады.
Халықаралық сарапшылар әр өңірдегі балалар арасында сұрау салыпты.
Оларды көзіқарақты кішкене қазақстандықтардың есті байламдары қайран
қалдырған. Мәселен, Қарағандыда бастауыш мектеп оқушылары дүкендердегі
тауарлардың қымбаттап кеткендігіне наразылық білдіріпті. Жалпы,
балаларды уайымға салатын мәселелер тізімінде ақшаның аздығы, баспана
жағынан қысылушылық, жоғары оқу орындарына түсу қиындығы сынды үш
проблема көш бастаған. Бірақ біздің балалар оған мойымайды екен.
Сауалнама кезінде жыламсырап, өмірге шағымданып, күшік сынды
қыңсылаудың орнына: Мен осыған да шүкіршілік етемін, өйткені бәрі
бұдан да қиын болуы мүмкін еді деген салмақты жауап естігенде,
шетелдіктер шалқасынан түсе жаздаған деседі. Көптеген балалардың ересек
пайымдары керемет таңғалдырды, олар осы қиындықтар алдында қайыспай,
қайсарлық танытып жүрген болып шықты. Зерттеу жүргізу барысында
балалардың тіпті өз ата-аналарына эмоционалды тұрғыдан қолдау көрсетуге
жан салуы деректері де кездесті! деп сүйсіне, ортақ пайым жасайды
ЮНИСЕФ есебінің авторлары Мая Гаврилович, Каролин Харпер, Никола Джонс,
Рейчел Маркус және Паола Переньето...
- Әрине, дағдарыстың біздің экономикамыздың даму қарқынына әсер
еткендігі даусыз, бірақ ол біздің өрлеуімізге тоқтау бола алмады, - деді
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова. -
Барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды, бюджеттегі әлеуметтік
шығыстар азайтылмады. Жинаған экономикалық әлеуетіміз жаһанды қамтыған
аласапыран дауылға шайқалмай, төтеп беруімізге мүмкіндік берді. Қазір
экономикамыз сауығу белгілерін көрсетуде. Бірақ қандай жағдайда да біз
балалар жайын ұмыт қалдырған емеспіз: олардың мүдделеріне мұқият назар
аударамыз, оларға қажетті қаржыны бюджетте бірінші кезекте белгілейміз,
оларды қорғауға арналған заңдарды қабылдаймыз, мемлекеттік және
әлеуметтік бағдарламаларды және тұтастай алғанда, осы бағыттағы саясатты
түземіз.
Ал шетелдіктердің өзін қайсарлығымен таң-тамаша қалдырған жас ұрпағы
тұрғанда Қазақ елінің келешегінің де жарқын екендігіне сене түсесіз.
Айхан ШӘРІП
Бейсенбі, Қыркүйек 02, 2010
Басты
Заңнама
Ұлттық заңдар
Халықаралық құқығы
БҰҰ Конвенциялары
Әйелдерге қарсы барлық кемсітушіліктер нысанын жою
Әйелдердің саяси құқықтары
Тұрмыстағы әйелдердің азаматтағы
Мыңжылдық декларациясы
СИДО есептелегі
Қазақстанның бірінші есебі
Комитет ұсынымдары
Қазақстанның екінші есебі
Іс-қимылдардың Пекин тұғырнамасы
Парламентар-ийге арналған нұсқау
Ұлттық комиссия
Комиссия туралы ереже
ҚР Президентінің №593 Жарлығы
Тарих
Төрайым
Комиссия мүшелері
Хатшылық
Сараптама кеңесі (Ережесі)
Өңірлік комиссиялар туралы ереже
Өңірлік комиссиялар
Кітапхана
Есептер
ҰК Төраганың сөйлеген сөздері
Мақалалар
Зерттеу
Фото-бейне галереясы
Гендерлік проблем. туралы әдебиет
Оқиға
"Көктем шуағы"
Әйелдер форумдары
Конференция материалдары
Дөңгелек үстелдер
Семинарлар
Тренингтер
Әріптестер
Мемлекеттік органдар
Халықаралық ұйымдар
ҮЕҰ
Байланыстар
Іздеу
Жаңалықтар:
Правительство одобрило проект Госпрограммы образования на 2011-2020 годы
Предупреждения табакопроизводителей... с лукавинкой и гендерным уклоном
Дорожная полиция Астаны переходит на усиленный режим несения службы
Мажилисмен Сыздыкова предлагает объявить 1 сентября выходным днем
В Астане началось заседание Совета министров юстиции государств-членов
ЕврАзЭС
Аким Алматы просит вдвое повысить зарплату учителям школ города
Самоубийца в Нью-Йорке выжил, выбросившись с 39-го этажа
Президент Казахстана принял Премьер-Министра РК, председателя Национального
банка и председателя правления ФНБ Самрук-Казына
Сенат Казахстана согласился с назначением Абыкаева председателем КНБ
На фоне жары дорожная полиция Астаны предупреждает об опасности оставления
детей в салонах автомашин
Судебный исполнитель Администратора судов столицы осужден за взятку на 5
лет - финпол РК
Назарбаев и Медведев обсудили вопросы развития казахстанско-российских
отношений
Государству необходимо сокращать расходы - Назарбаев
В школы Казахстана 1 сентября пойдут около 240 тыс первоклассников
Парламент Казахстана приступил к работе после летних каникул
Экономикадағы гендерлік теңдікке қол жеткізу
МАҚСАТЫ
Экономика саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдер арасындағы
кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге
қабілеттілігін арттыру.
ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Ішкі тұрақтылықтың, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының, ауылды
қайта өркендету, шағын бизнесті дамыту және кедейшілікті азайту
мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуына орай Қазақстанда
жұмыссыздықты азайту және ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуын
қамтамасыз ету үшін үлкен мүмкіндіктер жасалуда.
Нақтылы жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылды. Жан басына шаққандағы
жалпы ішкі өнім 10 жыл ішінде 4 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz