Кедейшілікке қарсы күресудің халықаралық тәжірибесі

Ұзақ уақыт бойы кедейшілік проблемаларын шешумен айналысқан халықаралық
қауымдастық кедейшілікпен күресуде үтікен тәжірибе жинақтады. Алғашында, 50-
ші жылдары, өркендеуге ықпал ету және кедейшілікке қарсы күрес құралы
ретінде өнеркәсіп пен инфрақұрылымға құйылатын инвестиңия саналатын. Осының
арқасында Батыс Еуропа елдері, Жапония сияқты мемлекеттер II Дүниежүзілік
соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары пайда болған жаппай
жұмыссыздықтан туындайтын қайыршылықтың небір жаман көріністерінің алдын
алды. Бұл жолды Латын Америкасының кейбір елдері, сондай-ақ, 50-60 ж.ж.
тәуелсіздік алған Азия және Солтүстік Африка елдеріде қолданды.
70-ші жылдары көптеген елдерде кедей халықтың табысын арттырудың
маңызды жолдарының бірі ретінде медиңиналық және білім беру қызмет-теріне
қол жеткізу мүмкіндігі саналған-ды. Бірқатар елдерде ең кедей топтардың,
сапалы білім алуына негізделген арнайы бағдарламалар іске асырыла бастаса,
денсаулық сақтау саласында жүзеге асқан шаралар Еуропа мен Азияның бірқатар
дамыған елдерінде тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын едәуір ұлғайтуға
мүмкіндік берді. Ал, дамүшы елдерде бала және ананың өлім-жітімі азайып,
алапес, оба, туберқұлез сияқты әлеуметтік ауруларды ауыздықтау мүмкін
болды.
80-ші жылдары дамүшы елдер қарызының дағдарысы күшейіп, әлем
экономикасында ірі құлдырау орын алған түста жаңа көзқарастар байқалды.
1990 ж. әлем дамуы жөніндегі "Кедейшілік" баяндамасында басты назар
экономикалық басқаруды жетілдіру және нарық механизмдерінің ролін арттыруға
аударылған. Әлем елдері ұсынған кедейшілікке қарсы күрес стратегиясы екі
әлементтен тұрады: жұмыс күшін пайдалану негізінде өсімге ықпал ету,
экономика саласының, ашық болуы және инвестиңияны ұлғайту, сондай-ақ, кедей
халықты білім беру және денсаулық сақтау саласының жүйелі қызметтерімен
қамтамасыз ету. Бұл стратегия Қытай, Онтүстік Шығыс Азия елдері ал 90-шы
жылдары Шығыс Еуропа мен ТМД-ның бірқатар елдерінде қолданыла бастады.
90-шы жылдары кедейшілік проблемасын жеңуде кешенді көзқарас
қалыптасты. Бұл түсінік 1995 ж. Копенгагенде өткен әлеуметтік даму
мәселелері жөніндегі әлемдік саммит құжаттарында орын алды. Копенгагенде
қолдау тапқанмаңызды принңиптердің ішінде төменгілерін атап айтуға болады:
- бірінініден, дамүдың маңызды бағыттарының бірі ретінде кедейшіліктің
алдын алу танылды;
- екінініден, кедейшілік 6ірнеше өлшемі бар күрделі феномен болып
табылатындықтан, оны жеңу бірлескен көпжақты тәсілдердің арқасында ғана
жүзеге асуы мүмкін;
- үшінініден, кедейшілікті жою үшін оның шығу себептерін анықтау
керек;
- төртінініден, кедейшілікке қарсы күрес - ең алдымен саяси проблема,
сондықтан да оны шешуге қоғамның барлық дерлік мүшелерін кіріктіру қажет;
- бесінініден, кедейшілікті жоюда, онымен күресуге мүдделі топтарды
іске жұмылдыруда бар жауапкершілік үкімет мойнына жуктелуі тиіс;
- алтыніныдан, кедейшілік проблемасының гендертік аспектілеріне көңіл
аудару қажет;
- жетінініден, экономикалық өсім ең алдымен кедейшілікті жоюға
бағытталуы керек;
- сегізінініден, кедейшілік деңгейін төмендету үшін басты ресурстарды
адам дамуына бағыттауды талап етеді.
1995 ж. Копенгаген Деклараңиясына суйене отырып, әлемнің көптеген
елдері кедейшілікке қарсы күрес бағдарламасын жасап шығарды.
Кайсыбір Дамыған елдердің кедейшілікпен күрес тежірибесі
Экономикалық дамүдың биік деңгейіне қол жетіп, "әлеуметтік сақтаңдыру"
негізінде азаматтарды ең төменгі күн көріс қажеттіліктерімен қамтамасыз
ететін жеңілдіктер еңгізген көптеген Батыс Еуропа елдерінің үлгісі назар
аударарлық.
Мысалы, Германияда ауырып қалғанда, асыраушысынан айырылғанда, қайғылы
жағдайларға душар болғанда, қарттар мен жұмыссыздардың тұрғын үй
төлемақыларын жартылай өтеу және т.б. жеңілдіктермен қамтамасыз ететін
бірнеше әлеуметтік заңдар қабылданды. Онда, тіпті, адам жалақысыз қалған
жағдайда басқа да көмек жолдары қарастырылған. 1998 ж. үкіметке келген
соңиал-демократтардың коалиңиялық келісімінде "Кедейшілікпен күрес - жаңа
үкімет саясатының басты мәселесі" деп көрсетілген.
Ұлыбританияда кірісті белгілі межеден төмен түсірмеуге бағытталған
шаралардың ішінде тауар алмасу мен қызмет көрсетудің жергілікті жүйесін
қолдауға негізделген "Летс" бағдарламасын атауға болады. Оның негізінде
белгілі бір аудандарда тұрғындардың бір-бірімен және дүкендермен есеп
айырылысуы үшін "лете" деген жаңа шартты бірлік еңгізілді. "Лете" жүйесі
белгілі бір ауданда ғана қолданылып, сол жерде жұмыспен қамту, әлеуметтік
жауапкершілік және сенім ұғымдарын күшейтуге ықпал етеді. "Летспен"
жүргізілетін операңияларға салық салынбайды. Кедейшілікті жоюдағы Қытай
тәжірибесі. Екі онжылдыққа созылған экономикалық реформалардан кейін
Қытайдағы кедейлердің саны 260 млн-нан 42 млн-ға дейін азайды. 1978 ж.
бастап үкімет ауылдық жерлерден кедейшілікке қарсы күресуде қатаң шаралар
қолданды. Кедейшілікті толық жою жолындағы жалпы ұлттық бағдарламаны жүзеге
асыру қажетіне жыл сайын 2 млрд долл. жұмсалып отырды. Кедей аймақ деп
танылған 592 уездке ресми түрде көмек берілді.
КХР-да жер реформасы жүргізілді. 80-ші жылдардың ортасынан бастап ауыл
шаруашылығынан гөріөнеркәсіп пен әкспорт секторына көбірек көңіл бөліне
бастады. Үкімет мемлекет қаржысының денін жағалаудағы аудандарға бөлді,
сондай-ақ, оларға салық пен валістадан түскен қаржыны өздеріне қалдыруға
және жергілікті қаржыландырулар үшін банк несиесі мен инвестиңияны
пайдалануда біршама жеңілдіктер берілді. Бұл миллиондаған жұмыс орындарының
құрылуына ықпал етті. 1978-1992 ж.ж. аралығында кәсіпорындардағы жұмысшылар
армиясы 28 млн-нан 124 млн-га дейін өсті.
Халықтың әсіресе, әйелдер кедейлігінің бір себебі саналған
сауатсыздыққа қарсы күреске үлкен мән берілді. Қытайдағы 170 млн
сауатсыздық 150 млн-ы егде жастағы шаруа әйелдер.
БҰҰ-ның пікірінше, қалалықтардың кедей ауылдарға көрсеткен көмегін
қуаттайтын "Үміт" жобасы улгі тұтарлық. Жобаның, мақсаты- еңбек ұжымдары
мен жеке адамдардың ерікті түрде бөлген қаржысын ауыл балаларын бастауыш
біліммен қамтамасыз етуге жұмсау.
Қайсыбір елдің нақтыжағдайына байланысты бұл құжаттар кедейшілік пен
қайыршылықты тудыратын өзекті проблемаларды шешуге көмектесті. Мысалы,
Батыс Еуропаның дамыған елдерінде кедейшілікі жоюдың маңызды шарттары
ретінде әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту, азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы
тағайындау, табысы аз адамдарды тұрғын жаймен қамтамасыз ету. Бұл кезде
Азия мен Африканың дамүшы елдері өндірісті дамытуға, қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыруға. ауылшаруашылық секторын дамытуға арнады.
Соңғы онжылдықтық тәжірибесін ескере келе, ДБ-нің 2000-2001 ж.ж. Әлем
дамуы жөніндегі "Кедейшілікке қарсы күрес" баяндамасында ке-дейшілікпен
күрестің негізгі үш бағыты бойынша әмбебап статегиясы ұсынылған:
- экономикалық өсім негізінде және теңдік орнату арқылы мүмкіндіктер
туғызу (кедейлер үшін жұмыс орындарын құру, жер және несие ресурста-рына,
білім беру және денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізу, инфрақұрылымды
дамыту, әнергия қуатымен қамтамасыз ету);
- мүмкіндіктерді пайдалануда ықпал ету (кедейлер қажетін өтеуге
бағытталған мемлекеттік шараларды таңдау және жүзеге асыру саяси,
әлеуметтік және өзге де институңиональдық проңестерге байланысты; адамдарды
жыныстық, әтникалық және әлеуметтік белгілеріне қарай бөлетін кедергілерді
жою);
- қорғауды күшейту (экономикалық ауытқұлар мен табиғи апаттардан,
наукастық, мүгедектік және адамдарды қорлаудан сақтаңдырудың инстуңионалдық
механизмдерімен қамсыздандыру жүйелерін құру).
Жалпы әлем елдерінің кедейшілікке қарсы күрес тәжірибесін ескере келіп,
Қазақстанда осынау әлеуметтік құбылысты жеңу үшін оң ықпал ететін мынадай
негізгі факторларды анықтауға болады:
1) Қазақстанға тән өзгешелікті ескере отырып, кедейшілік пен оның,
себептерін кешенді түрде ұғыну;
2) Кешенді және қаржылай қамтамасыз етілген Кедейшілікке қарсы
мемлекеттік күрес бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыру;
3) кедейшілікке қарсы күресті жүзеге асыратын институңиональдық
механизмді құрып, оның жүзеге асырылуын кадағалау;
4) мемлекет, жеке сектор және ҮЕҮ-дың өзіндік ерекшеліктеріне сай
кедейшілікті жоюға атсалысуы;
5) кедейшілікті жоюға қатысты мемлекет бағдарламасының жүзеге
асырылуына белсенді түрде атсалысуға және оны қадағалауға кедейлердің
өздерін қатыстыру;
6) өз әл-ауқатын жақсарту үшін кедейлердің өздерін ұйымдасуы.
7) кедейшілікке душар болуға жақын топтарға тұрақты түрде мониторлық
зерттеу жүргізу;
8) кедей топтарына бөлінген көмекті нақты адамдарға тікелей табыс
етілуі.
Кедейшілікке қарсы күрес жоспарларының жемісті түрде жүзеге асырылуы
Қазақстан үкіметін халықаралық ұйымдармен ауызбірлігі мен ынтымақтастығына
да байланысты болмақ.
ТМД және Балтық жағалауы елдеріндегі кедейшіліркке қарсы күрес
тәжірибесі
90-шы жылдардың басында ТМД мен Балтық жағалауы елдерінің көпшілігінде
мемлекеттік органдар құрылып, халықты әлеуметтік қорғау міндеті тапсырылды.
Сол кезден бастап бұрынғы КСРО елдерінде ең төменгі күн көру деңгейі,
тұтыну себеті негізінде тұрғындардың кірісін есептеу (Ресей Федераңиясы,
Беларусь, Украина, Өзбекстан, Литва және өзгелері), сондай-ақ кедейшілік
шегін (Армения, Әзірбайжан, Әстония, Латвия) анықтау жүзеге асырыла
бастады. Жалпы ТМД жане Балтық жағалауы елдерінде кедейшілікке қарсы күрес
дамүдын өзекті мәселелөрінің бірі деп танылды.
Қырғызстаңда кедейшілікті жеңуге барытталған "Әрекет" Ұлттық
бағдарламасы жасалды. Онда экономикалық өсімнің арқасында кедейшіліктің
зардаптарын азайту, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік
жағынан қорғау міндеттері баяндалған.
Грузияда кедейленген аудандарға көмек көрсету үшін әлеуметтік
қаржыландыру қоры құрылды. Қор қаржы бөлінетін нысандардың еңбек
ресурстарының. жағдайын, инфрақұрылым, білім жане денсаулық сақтау сияқты
маңызды салалардың даму деңгейін ескөріп, қаржыландыру кезінде ауылдық
жерлер мен таулы аймақтарға жеңілдік жасап отырады.
Арменияда әлеуметтік көмек көрсету үшін табысы төмен отбасыларды тіркеу
жүйесі еңгізілді. Отбасы мүшелері және олардың табысы жөніндегі ақпардың
негізінде Орталық Банк оларға көрсетілген көмек мөлшерін анықтайды. Соңғы
уақытта әлеуметтік төлем мөлшерін белгілеуге жергілікті ақсақалдар қауымы
араласатын болды.
Әстония кедейшілікке қарсы күресте үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Осы елде жүзеге асырылатын кедейшілікке қарсы күрес бағдарламасы балалар
және балалы отбасылар, жұмыссыздар, аз жалақы алатын адамдар, қарт адамдар,
әйелдер тәрізді ең жұтаң топтарды анықтады. Әр топтың ерекшеліктері
ескеріліп, соған сәйкес шаралар белгіленді. Бүгінде Әстония ТМД және Балтық
жағалауы елдері арасындағы кедейшілік деңгейі ең төмен мемлекет болып отыр.
4.2. Тақырытық бағдарламалардағы кедейшілік жайлы түсінік
4.2.1. Кедейшілік проблемасына қатысты стратегиялық, бағдарламаларға
шолу
Копенгагенде өткен әлеуметтік даму жөніндегі дүниежүзілік саммитте
кедейшілікті жою саяси проблема деп көрсетілген. Халықаралық қауымдастық
бұл мәселені шешу үшін ұлттық үкіметтерге адамдардың қоғамның саяси өміріне
көбірек қатысуына ықпал ететін ауқымды саяси бағдарлама жасауды ұсынды.
Басқаша айтқанда, бүгінде кедейшілікке қарсы күрестің бір жолы қоғамды
демократияландыру процесін барынша жан-жақты дамыту.
Қазақстандағы демократияландыру және саяси реформалар бағдарламасы
Президенттің 1998 ж. 30 қыркүйектегі халыққа Жолдауында айтылған.
Адам потенциалын дамыту, демократиялық өзгерістер, ел қауіпсіздігін
нығайту мәселелеріне қатысты стратегиялық бағыттар Президентің "Ерін де
еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қарай қадам басайық" деп аталатын Қазақстан
халқына арнаған 2000 ж. жолдауында да жалғасын тапты.
Бұл құжатта экономикалық өсімді арттыруға негізделген мемлекет
экономикасының ұзақ мерзімге арналған болашақ даму перспективалары
көрсетілген, алдағы жылдарға нақты тапсырмалар белгіленген:
• бюджет тапшылығын жылдамырақ қысқартуды қамтамасыз ету;
■ экономикада қуатты жеке секторды қалыптастыру, қажетті салалардағы
жекешелендіруді аяқтау;
■ әлеуметтік саясаттың біртұтас тұжырымдамасын жасау;
■ 2001 ж. бюджет саласы еңбеккерлерінің (мемлекеттік қызметкерлерден
өзге) жалақысын 30%-ке, қорганыс құрылымдары қызметкерлерініңкін 30-40%-ке
көбейту, сондай-ақ сот корпусының жалақысын да арттыру және ең төменгі
зейнетақыны 4 мың теңгеге дейін көтеру;
• 2004 ж.-дың ішінде мөлшері 5 млрд теңгеге жеткен халыққа берешек
қарыздардан толық құтылу ушін өтеуді қазірден бастау;
• жерді пайдалану құқығын нарық құралына айналдырып, оның көмегімен
шаруалардың несиелер мен лизингтік компаниялардың қаржыларына қол
жеткізулеріне мүмкіндік жасау мақсатымен жер мәселелерін біржола шешу;
• көлік инфрақұрылымы мен автокөлік жолдарын салу мен жаңарту үшін
ішкі және сыртқы инвестицияны кеңейту.
Жолдауда, сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық дамуының бес жылға
арналған алғашқы индикативтік жоспары жобасының негізгі әлеуметтік-
экономикалық өлшемдері көрсетілген:
• нақты ЖІӨ-ді 30%-ке дейін өсіруді қамтамасыз ету;
• нақты жалақыны кем дегенде 25-30%-ке өсіру;
• инфляңия деңгейін жылына 4-5%-ке дейін кеміту;
• мемлекеттік бюджетке түсетін салықты ЖІӨ-нің 25%-іне дейін өсіру;
• бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 1.5%-не дейш жеткізу.
1999-2005 ж.ж. кезеңіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік
стратегиясы 1999ж. қабылданған стратегиялық мәні бар аса маңызды
құжаттардың бірі болып табылады. Бұл құжатта өткір әлеуметтік проблемаларды
шешу мемлекетің әлеуметтік-саяси кауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
шара ретінде бағаланған. Сондықтан да, 2000-2003 ж.ж. арналған кедейшілік
мен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасын жасап, жүзеге асыру тапсырмасы
берілген. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мемлекеттік органдарды жаңа
жағдайға бейімделуде киындық көріп жүрген топтармен арнайы жұмыс істеуге
бағыттап отыр. Бұл топқа негізінен, ауылдан қоныс аударушылар, оралмандар.
жұмыссыз жастар жатады. Бұл орайда да арнайы мемлекеттік бағдарламаның
қажеттігі туып отыр.
2000 ж. басында Президент Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000-2002 ж.ж. арналған іс-қимылдары" бағдарламасы бекітілді. Онда да
кедейшілікке қарсы күрес пен жұмыссыздықты қысқарту мақсатында
белсенділіктің күшейетіндігі айтылған.
Осылайша, мемлекетің стратегиялық құжаттарында Қазақстанда кедейшілік
проблемасының бар екендігі мойындалып, оны жоюға бағытталған іс-шараларды
жүзеге асырудын қажеттілігі жайлы сөз қозғалады. Дегенмен де, бұл
стратегиялық бағдарламаларда Қазақстандағы кедейшіліктің шығу себептерін
кешенді түрде қарастырудан гөрі үстірт шолу басым екенін атап өткен жөн.
" Қазақстан -2030" Стратегиясындағы кедейшілікпен күресу міндеттері
Ұзақ мерзімді жоспарда ауқаттылар мен кедейлер арасындағы алшақтықты
азайту кезделген:
-Ауыл проблемасын шешу: ауылдағы барлық реформаларды аяқтап, оны
қуатты әлеуметтік саясатпен бекіту;
-Экономикалық өсім: әрбір адамның "мемлекеттің Ұлттық байлығынан өз
үлесінн алуына" мүмкіндік жасау;
- Тікелей әлеуметтік көмек: нақты әлеуметтік мемлекеттік көмек тек ең
нашар тұратын адамдарға көрсетіледі.
" Қазақстан -2030" Стратегиясында 1998-2000 ж.ж. арналған орта
мерзімді тапсырмалар нақтыланған. Кедейшілікке және жұмыссыздыққа қарсы
күрес мақсатында шағын несие беру жүйсін еңгізу, қоғамдық жұмыстарды
дамыту, жеке кәсіпкерлікті тежейтін барлық кедергілерді жою, қызмет көрсету
саласын дамыту.
Қазақстан қоғамын демократияландыру - кедейшілікті жеңу шарттарының
бірі
1998 ж. 30 қыркүйектегі Президентің Қазақстан халқына жолдауында
Қазақстан қоғамын демократияландырудың7 негізгі бағыты белгіленген:
– бар халықтын сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ету, сайлау
заңдылықтарын еркін либерализациялау;
– Парламентің ролін арттыру;
– партиялық-саяси жүйенің дамуы;
– үкіметтік емес ұйымдардың дамуы мен ролінің күшеюі;
– сот жүйесінің дербестінін қамтамасыз ету;
– еркін, тәуелсіз, цензураға жол берілмейтін бұқаралық ақпарат
құралдарының дамуына жағдай жасау,
– қоғамдағы әйел ролін көтеру.
1998-1999 ж.ж. Жолдауда беліленген қоғамды демократияландыру шараларын
іске асыру шеңберінде "Сайлау туралы" Заңға сайлау құқы мен азаматтардың
мүмкіндігін кеңейту туралы өзгертулер енгізілді. 1999 ж. Парламент
сайлауынан кейін Парламентте партиялық фракциялар, сондай-ақ ауыл
тұрғындары, әйелдер, ғылым және ббілім беру салаларының қызметкерлері
сияқты азаматтардың жеке категорияларының мүдделерін қорғайтын депутаттық
топтар пайда бола бастағаны мәлім. Аз уақыттың ішінде әр түрлі әлеуметтік
топтардың мүддесін қорғау ниетімен бірқатар жаңа қоғамдық бірлестіктер
құрылды. ҮЕҮ-ды тіркеу тәртібі және олардың жұмысын бақылау жеңілдеткеннен
кейін ҮЕҮ -дың белсенділігі мен саны айтарлықтай арта түсті. Сыбайлас
жемқорлықпен күресу саласында көп жұмыс атқарылып, "Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы" Заң қабылданды.
Ал Президентің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz