КЕДЕН ІСІНДЕГІ САЛЫҚ ПЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ. КЕДЕН ІСІНДЕГІ САЛЫҚ ПЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1. Салық пен кеден төлемдерінің мәні мен түсінігі . . . 5

1. 2. Салық саясаты мемлекеттің қаржы саясатының құрамдас бөлігі ретінде . . . 8

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ТАРАПЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТАРДЫ ТАЛДАУ

2. 1. Қазақстан Республикасында кеден төлемдерінің алыну ерекшелігі . . . 23

2. 2. Қазақстан Республикасының бюджетіне кеден органдарының үлесі . . . 53

2. 3. Мемлекеттік бюджетке түскен кеден төлемдеріне талдау жүргізу . . . 60

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ ҚАРСАНЫНДА КЕДЕН БАЖДАРЫНЫҢ АЛЫНУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

3. 1. Кедендік салықтарды төлеу механизмін дамыту . . . 68

3. 2. Қазақстан Республикасының кедендік тарифтік саясатын жетілдіру . . . 72

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Халықаралық саудада халықаралық экономиканың маңызы өте зор, өйткені оның материалдық түбі ғылыммен-техниканың жетілдірілуі мен қоғамдық еңбек бөлісуінде жатыр.

Кейбір мемлекеттер өздерін дамыту үшін халықаралық шаруашылыққа ене бастады, ол кейбір мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық экономикалық қатынастарға жеке саудасы болмай тұрып кірді. Әрине, бұл жағдайлар ұлттық және халықаралық ынтымақтастық байланысын жалпы халықаралық экономикалық қатынастардың бағыты жер жүзіндегі бір де бір мемлекетті айналып кетпейді. Бұл бағыттың негізгі құрамы-импорт болып келеді. Яғни мемлекеттің ішкі аймағына тауарларды әкелу. Мемлекеттің кеден саясаты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен экономикалық қатынастардың өркендеуінде шешуші рөл атқарады.

Сыртқы экономикалық қатынастар аймағында салық жүйесі

дұрыс салынған, оның құрылысы, салық саясатының мақсаты жалпы экономикалық қызметіне үлкен әсерін тигізуде, және мемлекеттің барлық макроэкономикалық көрсеткіштерінің өркендеуі мен және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік жұмысы белсенді болды. Сөйтіп салық салу мемлекеттің сыртқыэкономикалық саясатының басты құрамы болып келеді.

Кедендік саясат-арқылы мемлекет отандық өнімнің өсімін қадағалап, әсіресе экспорттық өнімнің және импорттық тауарлар, сол арқылы отандық өндірушілерді бәсекеге тартады. Бұл Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру кезінде қызығушылықты тудырады. Ол мемлекеттің кеден саясатына көптеген өзгерістер әкелді, соның ішінде әкелінетін төлемдердің төленуі.

Бүгінгі күнде, импортта және біздің мемлекетіміздің бүкіл экономикасында үлкен өзгерістер болып жатыр. Егер бұрын сыртқы экономикалық қатынастар яғни тауардың импортымен қызметі мемлекеттің монополиялық қызметіне жатса, кәзіргі кезде жағдай өзгерді: Қазақстан Республикасы сыртқы сауда либерализация жолына өтті, өнеркәсіппен басқа да шаруашылық субьектілеріне жол ашты.

Мемлекеттің халықаралық саудадағы міндеті:экспортерлерге өздерінің өнімдерін көбірек әкелуіне көмектесу. Халықаралық саудада өздерінің тауарларын бәсекелестікке тарту және импортты ынталандыру, шетелдік тауарларды ішкі рынокта бәсекелендіру. Сондықтан, ішкі рыноктың бір бөлігінің мақсаты бәсекелестіктерден қорғау, ал тағы бір бөлігінің мақсаты экспортты қолдау.

Сыртқы саудалық реттеудің бірнеше нысаны бар. Аса дамыға нысаны бұл кедендік тарифтер, ол арқылы қосымша қаржыларды алу.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі кезде өте өзекті болып табылады. Сондықтан кеден органдары фискалдық функцияны орындай отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігін толтыруға мақсатталған.

  1. жылы мемлекеттік бюджетте кеден төлемдерінің үлесі 29, 8%-ды құрады, яғни 1, 9 млрд. АҚШ доллары көлемінде. Өйткені, қандай да болмасын елдердің мемлекеттік фискалдық бюджеті кеден төлемдері мен салық жүйесінде негізделеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, ол Қазақстан Республикасына әкелінетін, Қазақстан Республикасынан әкелінетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорттық-импорттық тарифтерінің, алымдарының және баждарының нысандары мен әдістерін, анықтай отырып, кеден органдарының қызметін жетілдіру.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының еңбектері, Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі, Қазақстан Республикасының «Салық пен басқа да бюджетке түсетін төлемдер туралы» Кодексі, сонымен қатар тағы басқа заңдылықтар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика Агенттігінің мәліметтері және де көптеген газет пен журналдар материалдары қолданылады.

Бірінші тарауда, кеден төлемдері мен салықтың экономикалық мағынасы көрсетілген.

Екінші тарауда, Қазақстан Республикасының кеден органдарынан, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге талдау жүргізілген, сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін реттеудегі экономикалық және әкімшіліктік әдістер қарастырылған.

Үшінші тарауда, сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік механизмін реттеу және Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына ену қарсанында фискалдық қызметті дамыту жолдары көрсетілген.

Қорытындыда, Қазақстан Республикасының экономикасы жағынан даму үшін, кедендік әкімшіліктендіру деңгейін ұлғайту, сонымен қатар, сыртқыэкономикалық, қаржылық тағы басқа қауіпсіздікті нығайту және мемлекеттің Сыртқы Сауда Саясатының мақсаты мен мәселелерін сапалы түрде өткізу жөнінде ұсыныстар берілген.

1. ТАРАУ. КЕДЕН ІСІНДЕГІ САЛЫҚ ПЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1. Салық пен кеден төлемдерінің мәні мен түсінігі

Қаржылық реттеуде салық арқылы реттеудің маңызы өте зор. Нарық экономикасында салықтар түбегейлі қайта құрушы рөлін атқарады. Олар барлық деңгейдегі бюджетті қалыптастырудың басты көзі, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету құралы, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізі болып ғана қоймай, сонымен бірге мемлекеттің, шаруашылық субектілері мен халықтың қаржылық мүмкіндіктері, мүдделерін теңестіру қызметін де атқарады.

Салықтар- белгілі бір көлемде және мерзімді алынатын заң бойынша қарастырлған міндетті төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні мынада. Олар шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі. Оны мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау үшін жинайды.

Салықтар мемлекет пен бірге пайда болды және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп, әлеуметтік-экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде, салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігінше әсер етіп отырады.

Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаларын кезінде Адам Смит ұсынған еді. Олар келесідей;

а) салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуға тиіс;

ә) салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын-ала әрі нақты белгіленуі тиіс;

б) әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;

в) өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше алынұға тиіс:

Бұл қағидаларды қолдану салық салудағы сорақылықтарды жойып, бұл процесті реттеді. Сондықтан А. Смит « . . . төлеушілер үшін салықтар- құлдықтың, емес, бостандықтын белгісі», -деп айтты.

Мемлекетке түсетін салық түсімдеріне тән ерекшелік-сан алуан қоғам қажеттеріне таратылып пайдаланылады. Салықтардың мемлекет, басқа өкімет органдары белгілейтін сан-алуан мақсатқа арналған жарналардың, аударымдардан, төлемдерден айырмашылығы осында. Бұған әлеуметтік сақтандыруға төленетін қатаң нысаналы аударымдар, жарналар, арнайы қорларға аударылатын жарналар мен аударымдар жатады

Салықтардың мәні олардың функцияларынан көрінеді.

Салықтың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ету, фискалдық функциясы ежелден оның бірінші қызметі болып табылады. Тауар-ақша қатынастары, өндіріс дамыған сайын бұл функциялар мемлекетке қаражаттың көп түсуін қамтамасыз етеді.

Салықтардың үшінші - реттеушілік функциясы, мемлекеттің экономикалық қызметі кеңейгенде басталады. Ол, қабылданған бағдарламаларға сәйкес халық шаруашылығының дамуына мақсатты түрде әсер етеді. Сонымен, салық нысандары таңданып, оның ставкалары алыну әдістері, жеңілдіктері пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен пропорцияларына, қорлану мен тұтынудың көлеміне әсер етеді; оларды ғылыми-техникалық прогресті көтермелеу де қолдану тиімді. Салық реттеушілерін басқа экономикалық тұтқалармен ұштастырып қолданғанда, мейлінше пәрменді және қажетті нәтиже шығуын қамтамасыз етеді.

Мемлекет, салық саясатын- салықтар саласындағы іс-шаралар жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес, қоғам дамуының нақты кезеніңдегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.

Нарық қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты- халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру қағидаларынан бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамдық еңбекке қабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.

Салықтардың келесідей функциялары бар:(қосымша-1)

-фискалдық;

-реттеушілік;

-қайта бөлу;

Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен бірге салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.

Реттеушілік қызметі - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты-өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салық салудың тетіктері болып табылады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері, тек қана өндірістің дамуын ғана реттеп қоймайды., сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықты реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болу қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы да бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады.

а) егер төленетін салық мөлшері салық төлеушінің табысының 50 пайыздан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайыз аралағында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

б) егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 пайыз мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтардың екінші қызметі- фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Қайта бөлу қызметі-арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлшегі мемлекеттік пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі, ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.

Мемлекет, мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып, еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизімінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты анықтайды.

Салық салу механизмі . Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеніңде, салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі-өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.

Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салықтың қызметті органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі қағидалары және тағы басқалары салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсы да, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.

Қазақстан Республикасының салық қатынастарын келесілер реттейді: Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»; Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің нормативтік актілері:

Салыққа қатысты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелерді енгізуге тиым салынған.

Егер, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелер белгіленген болса, онда аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шартты қолдану үшін, ішкі республикалық акт шығару қажеттігі шарттың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, халықаралық шарттар салық қатынастарына тікелей қолданылады

.

1. 2. Салық саясаты мемлекеттің қаржы саясатының құрамдас бөлігі ретінде

Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында келесідей кедендік төлемдер қолданылады:

1) кедендік баж;

2) кедендік алымдар;

3) алымдар ;

4) алдын ала шешім үшін төлемақы;

•Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтарып алу және өндіріп алу тәртібі, содай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер кодексте айқындалады.

•Қазақстан республикасының кеден органдары демпингкке қарсы, қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алынады.

•Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

•Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдердің ставкалары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Салық салынатын тауарлардың кедендік құнын пайыз мөлшерімен есептелетін-адвалорлық;

2) Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетін-ерекшелікті;

3) Кедендік төлемдер ставкаларынын аталған екі түрін де ұштастыратын-құрамдас болып бөлінеді.

• Кедендік баждар. Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.

• кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми түрде жарияланғаннан кейін, күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.

1. Кедендік алымдарға келесілер жатады:

1) Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;

2) Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;

3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым;

Көрсеткен іс әрекетті орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі ендендік рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген мөлшерде кедендік алым алынады.

Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады.

Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.

Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген мөлшерлерде кедендік алым алынады.

1. Кеден органдары алатын алымдар келесідей:

1) Лицезия бергені үшін алым;

2) Кедендік рәсімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.

Лицензия бергені үшін алымдарға келесілер жатады:

1) кедендік қоймасын құрғаны;

2) бажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;

3) бас қойма құрғаны;

4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны;

5) кедендік тасмалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;

6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.

Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.

Салықпен реттеу кәсіпорындар халықтың экономикалық белсенділік көрсетуге мүдделігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған салық салу мөлшері арқылы қол жетеді. Салық деңгейі ең алдымен, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты. Егер, олар салық түсімдерінен құрылатын жалпы мемлекеттік қорлар арқылы қанағаттандырылса, онда салықтар деңгейі жоғары, ал халықтың жеке табыстары мен кәсіпорындардың қаржысынан құрылса, онда салық деңгейі төмен 1 болады. Егер де, салық түсімдері мемлекет шығындарын қаржыландыруға жетпесе, бюджет тапшылығы пайда болып, инфляция пайда болады. Тапшылық ақша құнын түсіреді де, кәсіпорындар да, халық та зиян шегеді. Егер осы кезде мемлекет шаралар қолданып, қаржы жинап, уақытша іркіліс қана қалады. Кері жағдайда қаржыландырудың тапшылығы натуралдық заттай және ақшалай теңгермеушілікке, инфляцияға және ақшаның одан сайын құнсыздануына әкеп соғады.

Салықпен реттеуде салықтар ставкаларының мөлшері факторынан басқа да салық жеңілдіктері жүйесінің де маңызы зор. Дамудың қоғам үшін қажетті:қаражаттарды әлеуметтік салаға, табиғатты қорғау мен қайырымдылық іс шараларына, өнімдердің, жұмыстардың, қызметтердің жаңа түрлерін өндіруге, өнім мен қызмет көрсетудің әлеуметтік маңызды түрлерін ұлғайтуға жұмсау сияқты бағыттары жеңілдіктер арқылы ынталандырып отырады. Алайда жеңілдіктер жасаудың да экономикалық жақтан негізделген шектері де болу тиіс. Әйтпесе салық жеңілдіктері шаруашылық субьектілерінің өзін-өзі қаржыландыру мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ұмтылдырмай, оның үстіне салық салудың негізгі қағидасы- салық алынатын субьектілердің теңдік қағидасы бұзылады. Адамдардың тұтыну қажеттерін қанағаттандыру үшін адамгершілік тұрғысынан әлеуметтік саланы қаржыландыруға жеңілдіктер жасалуымен келісуге болады. Бұл жөнінен экономикалық жағынан, дамыған елдердің тәжіребиесі елеуге тұрарлық, олар салық ставкаларын бір мезгілде азайта отырып, жеңілдіктердің көпшілігін бұзған.

Салықпен реттеуде маңызды екі жанама салықтың: қосылған құнға салынатын салық пен акциздердің фискалдық мәнінің-өзгешелігін білген жөн.

Жанама салықтар мемлекеттің қазыналық мүддесін көздейді. Олардың ойдағыдай қолданылуы, бағаны қалыптастыру және тұтыну үрдісіне зор ықпал етеді. Оның үстіне салық төлеушілер үшін табыстарына тікелей салық салынғаннан гөрі, шығындарының салыққа кеткені қолайлы. Акциздер, қосылған құнға салынатын салық сияқты тұтыну салықтарын қолданғаны қолайлы, өйткені:

Олардан жалтару қиынырақ болады;

Экономикалық тәртіп бұзушылықтың аз болуы солармен байланысты;

Еңбек ету стимулдарын онша төмендетпейді; жаппай тауар тапшылығы жағдайында тұтынушыға таңдау мүмкіндігін туғызады; салықтардың анонимділігі;

Сонымен бірге, жанама салықтар қатарына сыртқы экономикалық қызмет түсімдері де жатады.

Жанама салықтар түсімі мемлекеттік бюджет кірістерінің 54 пайызын құрайды. Алайда тұтыну салықтарының көбейіуінің теріс әсері де бар. Ол инфляцияны күшейтеді. Дегенмен, оң әсері теріс әсерінен басымырақ. Егер баға артып, онымен бірге бюджет шығындары ұлғайса, бұл салықтардың түсімдері бағаның көлеміне қарай көбейе береді. Мұның өзі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне автоматты түрде инфляцияға қарсы механизм енгізіледі.

Салық салу жүйесінде жалпы заңдылық бар . Экономиканың дағдарысы, өндірістің құлдырауы жағдайында тұтыну салықтарының рөлін артады. Себебі өндіріс саласындағы салық базасы қысқарады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттің шығындары ұлғаяды. Өйткені халыққа әлеуметтік көмек көрсету, экономиканың құрылымын өзгерту, халық шаруашылығының аса маңызды салаларын қалыпта ұстау қажет. Сондықтан да, тұтынушыларға ауыртпалық түседі. Яғни бөліс үрдісінде жанама салықтардың әлеуметтік сипаты артады. Мұны дүниежүзілік тәжіребиесі көрсетеді.

Жанама салықтардың арасында келесі орындағы акциздер-тауарлардың бағасына қосылып, сатып алушылар төлейтін салықтар. Акциздерді ұдайы сұраным болып тұратын бағасы қымбат тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілетін қызмет түрлеріне де салынады, мұндай салық тарифке қосылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Салықтар және олардың атқаратын функциялары
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні мен мазмұны
Салықтық бақылау жайлы
Нарықтық қатынаста салық жүйесі
Кедендік төлемдер
Салық жүйесіндегі алымдар, төлемдер баждардың маңызы
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz