Кейінгі тас дәуірі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кейінгі тас дәуірі

  1. Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері.
  2. Кейінгі тас дәуірінің ескерткіштері.
  3. Палеолиттік өнер.

Пайдаланылатын деректер тізімі:

  1. Авдусин Д. А. Основы археологии. М., 1989.
  2. Каталог археологических материалов эпохи камня и бронзы. М., 1973.
  3. Кругликова И. Т. Античная археология. М., 1984.
  4. Мартынов А. И. Археология. М., 2002.
  5. Археология СССР. Палеолит СССР. М., 1984.
  6. Археология Центральной Африки. М., 1988.
  7. Борисовский Р. И. Древнейший каменный век Южной и Юговосточный Азии. М., 1971.
  8. Буряков Ф. Археологические памятники Ташкентской области. Т., 1973.
  9. Деревянко А. П. и др. Раннепалеолитические микроиндустриальные комплексы в травертинах Южного Казахстана. Новосибирск. 2000.
  10. Деревянко А. П. и др. Палеолит северного Прибалхашия. Новосибирск. 1993.
  11. Каменный век. Памятники. Методика. Проблемы. М., 1989.
  12. Каменный век Казахстана и сопридельных территории. Туркестан. 1998.
  13. Ларичев В. Е. Палеолит средней, центральной и восточной Азии. М., 1972.
  14. Таймагамбетов Ж. К., Нохрина Т. Археологические комплексы пещеры Караунгир. Туркестан. 1998.
  15. Палеолит ближнего и среднего востока. М., 1978.

1. Кейінгі тас дәуірі (35-30 мың жыл бұрын - 10 мың жыл бұрын) . Бұл дәуірге адамның қазіргі антропологиялық типінің қалыптасуы тән. Сонымен қатар бұл дәуірде дамыған өнер түрлері болған. Геологиялық жағынан соңғы палеолитке валдайлық мұздану дәуірінің соңғы кезеңдері сәйкес келеді. Бұл дәуірдің басында климат салқан және ылғалды болған, соңына қарай континентальды климат қалыптасты. Сонымен қатар, ауа-райы қазіргі кезеңге сәйкес келетін жылу кезеңдері де болып тұрған. ТМД-ның Европалық бөлігінде мұздану Волганың жоғарғы ағысына дейін жетіп, оңтүстікке жетпеген. Мұздықтың алдындағы жазықтықта көптеген жануарлар өмр сүрді. Солтүстікте бұғылар мен жабайы өгздер, әртүрлі суда жүзетін құстар ұялаған. Одан оңтүстікке қарай мамонттар мен мүйізтұмсықтар мекендеді. Олармен көршілес үңгір жолбарыстары өмір сүрді. Бұлардан басқа жануарлардың әртүрлісі: ат, өгіз, бұғы, антилоп, қасқыр, ақ түлкі, қоян және тағы басқа тіршілік етті. Табиғи жағдай аңшылық шаруашылықтың дамуына ықпал жасады. Мұндай мол олжа табуға мүмкіндік беретін болғандықтан адамдарды қызықтырды.

Халық санының өсуі, өндіргіш күштердің дамуының төмен болуы адамдардың жан-жаққа тарап бұрын мекендемеген жерлерді игеруді талап етті. Печора мен Орал маңынан табылған тұрақтар адамдардың Полярлық шеңберден өткенін көрсетеді. Соңғы палеолиттік елді-мекендер Якутияда да кездеседі. Осы уақытта Байкалдың теріскейінде адамдар мекендей бастады. Кейбір ғалымдар соңғы палеолит кезінде адамдар Беринг бұғазы арқылы өтіп Америкада өмір сүре бастады деп есептейді.

2. Көптеген ғалымдар соңғы тас дәуірінің басталуы баршаға ортақ бір орталықтан пайда болмаған деп есептейді. Бұл дәуір шамамен 40-35 мың жыл бұрын әртүрлі территорияларда жергілікті мустьемен ұқсастықтары бар. Мұндай генетикалық байланыс Европа мен Алдыңғы Азия ескерткіштеріне тән. Ал, Африка мен Оңтүстік Азияда басқаша мәдениеттер қалыптасты. Бірақ, мұнда соңғы тас дәуірінің белгілері жоқ.

Қазіргі кезде Шығыс Европа мен Сібірдің көптеген жоғары (соңғы) палеолиттік мәдениеттері белгілі. Кейбір жерлерде мәдениеттің басынан бастап соңына дейін жергілікті, өзіндік даму жолы айқын көрінеді. Мысалы, Кавказдағы - имеретиндік, Днестрдегі молодова мәдениеті, басқа жерлерде бастапқы даму генетикалық бөтен мәдениеттің ықпалымен үзілген. Ал үшінші бір жерлерде дамуы жағынан әртүрлі мәдениеттер бір уақытта өмір сүрген.

Кейбір археологтар жоғарғы палеолиттік мәдениеттер тайпаға тән деп есептейді.

Бірқатар зерттеушілердің пікірінше соңғы мустьерлік: Ильская (Солтүстік Кавказ), староселье (Қырым), Молодова І (Днестр) тұрақтарында соңғы палеолиттік дәстүрдің негізі қалыптаса бастаған. Ал, соңғы палеолиттің ерте кезеңіне жататын тұрақтар мустьемен тығыз байланысты. Сондықтан бірін-бірі ауыстырған мұндай тұрақтар мустьеден соңғы палеолитке өтуді бақылауға мүмкіндік береді.

Ең басты маңыздысы ұзақ уақыт бойғы тасты өңдеудің толық жетілуі болып табылады. призматикалық нуклеустің (көп қырлы призма тәрізді) пайда болуы, яғни пышақ секілді ұзынша болып жасалған. Мұнан да басқа құралдардың бірнеше түрі, шамамен 92 түрі: кескіш, сына тәрізді, пышақ сияқты қырғыш және тағы басқа түрлері дамыған. Бұлардың көпшілігі қырғыш деп аталады. Олар жиі кездеседі және түрлі еңбек процесінде қолданылады, ең басты қызметі теріні өңдеуде пайдаланды. Маңызды құрыл кескіш болды. Бұл қатты заттан (мысалы, сүйек және т. б. ) қырғыш жасау кезінде де қолданды, яғни қыр, жүз шығару үшін пайдаланды.

Соңғы палеолитте сүйек пен мүйіздің рөлі үстем болды. Сүйектен қысқыш, шанышқы, кетпен, шот, сап, тұтқа, ине, біз, сондай-ақ, жаңа құрал - ұзын сапты найза жасалды.

Соңғы палеолит кезеңінен бізге дейін сол дәуірде өмір сүрген адамдар туралы негізгі дерек болып: табылатын көптеген елді-мекендердің қалдықтары жеткен. Адамдар бұрынғыша аңшылыққа ыңғайлы жерлерде өмір сүрген. Ал, мұндай жерлер аса көп болмаған. Сондықтан, аңшылыққа ыңғайлы аудандарда халықтың тығыздығы өте жоғары болды. Жоғарғы палеолиттік ескерткіштер шоғырланған бірнеше жерлерді атауға болады.

Бұлар - Дон, Днепр, Днестр, Енесей өзендерінің ортаңғы ағысы және Ангара (Сібірдегі) өзенінің жағасы. Бұл жерлерде үңгірлер аз немесе мүлде жоқ болғандықтан тұрғын үй салатын болған.

Сібірлік Мальта және Бурет тұрақтары кейінгі палеолиттің ортасына жатады. Бұл аңшылардың мықты, ұзақ мерзімді, тұрғын үйлері бар елді-мекендері болған. Табылған құралдар Батыс Европалық құралдарға ұқсас болып келеді және Сібірлік өнер туындылары да Батыс Европалық туындылармен сәйкес келеді. Осыған байланысты соңғы палеолитте Сібір жерлеріне Батыс Европалық аңшы тайпалар келіп жергілікті тайпалармен араласып кеткен деген қорытынды шығарылған.

Тұрғын үй салуда тіреуіш ретінде мамонт сүйектері қолданылған. Сүйектерді бір-біріне байланыстыру үшін ойық және тесіктер жасағаны дәлелденген. Үйдің төбесін жабу үшін бұтақтар және сүйектер пайдаланылған. Мұндайға бұғы мүйіздері жиі қолданылды. Бұл кездегі үйлердің кең тараған түрі көлденеңінен 4-5 метр болатын жертөле болды. Гагарина (Сібір) тұрағында жертөле жерге қазылып салынған. Ал, Мальта тұрағында тас плиталардан жер бетіне салынған. Сондай-ақ, Мезим тұрағында тұрғын-жайлар негізінен мамонттардың бас сүйегінен тұрғызылды және оны конус тәрізді (күрке) етіп жасаған. Сонымен қатар, үлкен етіп салынған тұрғын үйлер де белгілі. Мысалы, Костенки тұрағындағы тұрғын үйдің ұзындығы 35 метр болған. Онда көптеген ошақ орналасқан. Шамасы, мұнда үлкен ұжым өмір сүрген. Үлкен тұрғын үйде шағын дөңгелектеніп орталарына от жаққан. Мұндай жерде үлкен отбасылардың тұрғандығы этнографиялық мәліметтерден белгілі.

Шағын тұрғын-жайда аз ғана отбасы өмір сүрген. Әдетінше бір отбасында үлкен бір аңшы болды. Тұрақтарда 12-ге дейін жететін ошақ орындары кездеседі, негізінде үш немесе бес ошақ болған. Соған қарағанда қоныста он отбасыға дейін өмір сүрген. Жалпы алғанда палеолиттік қауымда 50-60 адам болған деп есептелінеді. Егер тұрақта бірнеше тұрғын-жай болса, ол жер поселке (поселок, деревня) деп аталады.

Соңғы палеолит тұрақтарында сүтқоректі жануарлардың сынған сүйектері кездеседі, сондай-ақ, аздан құс пен балық сүйектері де ұшырасады. Осы кезеңде адамдар терісі бағалы аңдарды аулай бастады. Ол аңдарды еті үшін емес, терісі үшін аулады. Бұл жағдай алғашқы адамдардың тоқшылығын байқатады (бірақ, кейбір артта қалған халық жеуге жарамды нәрселерді тастаған жоқ) . Терісі қымбат аңдарды тормен ұстады. Бұл аңдардың терісін тек сәндік киім үшін емес, соған қоса, терісінің қалыңдығына да назар аударды. Аңшылық адамдарға тек азық пен киім үшін емес, сонымен қатар, аңдардың сүйектері құрал жасауға жақсы материал болды. Терімшіліктің рөлі оңтүстік аймақта қала бастады. Терімшіліктің түрлі формасы болды. Олар: жеміс-жидек (жаңғақ, саңырауқұлақ және т. б. ), жеуге жарамды шөп пен оның тамырлары, құс жұмырқалары, кішкене жәндіктер - құрбақа, кесіртке, тасбақа мен құрт-құмырсқа және тағы басқа болған.

Бұл уақытта жерлеу ғұрпының түрлі үлгісі қалыптасты. Қоныстардағы қабірлердің орналасу ережесінде топтық қорым кездеспейді.

Соңғы палеолиттік қабірлер антропологиялық материал береді. Соңғы палеолиттік жерлеу орындары ежелгі палеолиттегідей өте аз кездеседі. ТМД территориясында 24 адамның сүйек қалдықтары табылған ескерткіштер орны белгілі (Сунгирь және т. б. ) . Сунгирь тұрағындағы қабір тамаша сақталған. Оның жасы шамамен 25 мың жыл бұрын деп есептеледі. Ол жерден ошақ орны табылған, шамасы, мұнда тұрғын-жай болған, бірақ оның орны байқалмайды. Құралдың негізгі түрі шақпақ тас болған.

3. Соңғы палеолитте Польша, Литва және Батыс Беларуссияда мәдениеті ұқсас ұзақ хронологиялық кезең орын алған. Бұл жердің тұрғындары шығысқа қарай қозғалған. Антропологтардың тұжырымы бойынша олар европеоидтар болған. Бұл мәдениет дәстүрлі Волга-Окс өзендері арасындағы палеолиттік ескерткіштерден де байқалады. Алғашқы өнер мустье кезеңінде басталса, ал соңғы палеолитте ол жандана түсті, яғни кескіндеме (живопись), мүсін өнері (скульптура) және сызу өнері (графика) қалыптаса бастады.

Мамонт тістерінен, жануар сүйектерінен аң және адам (әсіресе әйел бейнесін) кескінін бейнелеп, мүсін жасаған. Сүйектен жасалған өрнек (гравюра) тек Сібірден табылды.

Мүсін өнерінде, сурет салуда адамдар төңірегіндегі хайуанаттар дүниесін шынайы (реализмді) түрде бейнелеуді жақсы білді. Бірақ, мұның бәрі алғашқы реализмге ғана тән болды. Әйел заттының мүсіншесін (статуэткасын) бейнелеуде алғашқы суретшілерге оның аяқ-қолы мен бетін салу аса маңызды болған жоқ.

Жан-жануарларға деген өрескел табынушылық тотемизмнің алғашқы негіздерінің қалыптасқандығын байқататын секілді.

Палеолиттік кескіндемелер Батыс Европа мен ТМД-дағы Кап үңгірі нде (Башқұртстан) адам бейнелері мен аңшылық көрністер кездеспейді. Бірақ, жергілікті антропоморфтық түсініктер ұшырасады, бәлкім адамдар маскада жүрген болуы мүмкін. Мұндайлар Сібірдегі ежелгі (соңғы палеолитте аз ғана және одан кейінгі кезеңдерде де кездеседі) тасқа салынған суреттерден көрінеді. Бейнелеу тақырыптары аңшылық аудандар ұзақ қоныстанған жерлерде болған деп саналады.

Палеолит кезеңінің мүсіншілері әсіресе әйел адамның жыныс белгілерін жасаумен айналысқан. Кейбір ондай мүсіндердің киімімен жасалғаны өте аз кездеседі. Мүсіндерде адам беттері өшіп кеткен секілді бір тегіс болып келеді. Көпшілігінде аяғы ауыр әйелдердің бейнесін салған. Палеолиттік өнердің ортақ үлгісі әйел заты адам ұрпағын жалғастырушы деген түсініктің болғанын көрсетеді. Ежелгі рулық қоғамда туыстық қатнас пен рулық тегі де (ата-тегі) әйел жағынан болған. Әйел үйдің егесі болған және өз құқығын толық қолданған.

Әйел мүсіні кейде рулық ошақтың құпия жерлерінен табылады. әйел мүсінінің табылған жерлерінен байқалатыны әрбір отбасы әйел бейнесін өзінің қамқоршысы ретінде қолданғанын көруге болады.

Чехославакияда Дольни Вестоница қонысы нан әйел мүсінімен қатар саз балшықтан күйдіріп жасалған аңдар мүсіні табылған. Бірақ оны археологтар арнайы күйдіріп жасамаған деп есептейді. ¤йткені сазды күйдіру әдісін қолдану әлі ертерек болатын. Бірақ олардың барлығы сол күйдірілгендігінің арқасында осы уақытқа дейін жеткен. Сондай-ақ, саз балшықтың өзіндік қасиеті бар екендігін, оның өз қолданысына қажет екендігін адамдар жақсы білгендігінің дәлелі болып табылады. Саздың күйдірілу сапасы жақсы, бірақ оның барлығы кездейсоқтық екендігі белгілі. Осы секілді саз балшық кескіні Саяндағы (Краснояр өлкесі, Иркутск обл. ) Майнинск тұрағы нан табылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Миф - мәдениеттің бір түрі
Ежелгі адам және оның тіршілік етуі
Палеолит кезеңдері
Адамзат баласының пайда болуы
Палеолит дәуірі
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Қазақстан теорториясы алғашқы қауымдық құрлысы.
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz