Кейс әдісі жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кейс әдісі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Әдістің тарихы

2. Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану

3. Кейс әдісін қолданудың нәтижелері

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталған халқына Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуына тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз. » деп атап көрсеткені баршаға мәлім.

Қазіргі кезде білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар, білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында түрлі белсенді әдістерді қолдануда. Өйткені ұстаздың мақсаты - әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, олардың әр жақты дамуына мүмкіншілік жасау, білім алуға қызығушылығын арттыру.

Кейс әдісін қолданудағы оқытудың табысты болуы модератор жұмысына байланысты. Оның негізгі мақсаты студенттер бір командада жұмыс істеп, үйреніп ақпараттың тапшылығына қарамастан, ең тығыз уақытта, тез арада шешім қабылдай білу. Ашық пікір айырбастау, әрбір қатысушының өз мүмкіндігін, іс - қимылын толық қолдануына жағдай жасау және өзінің іс жобасын жүзеге асыру барысында қатысушының атқаратын мүмкіндігі үшін әрекет ету, сарапшы, аналитик және экспериментатор қатысуына мүмкіндік жасау. Кейс міндетіне мыналар кіреді: Модератор - барлық пікірлерді тіркейді, оларды айтылу барысындағы пікірлерді сараптап, оларды топтап сынын бақылап отырады.

Әдістің тарихы

1. Кейс ұғымы ағылшынның «case» сөзінен алынған яғни жағдай дегенді білдіреді. Немесе оны нақты жағдаятты талдау әдісі деп те атайды. Оның мәні де қарапайым оқытуды ұйымдастыруда нақты жағдаят қолданылады. Бұл әдіс оқытушы тарапынан шығармашылықты талап етеді және оның ой-өрісінің бейнесі көрініс табады.

Яғни екі тараптанда ой, шығармашылық еркіндік көрініс табады. Кейс әдісі алғашында Гарвард университетінде басқарушылыққа қатысты пәндерді оқытуға қолданылған.

Кейс - әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады ол өз кезегінде болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптасуына ықпал етеді.

ХХ ғасырдың басында Гарвар университетінде оқытушылар дәріс оқу барысында студенттер арасында мәселені талқылауды қолдана бастады. Оқытушы студенттерге әртүрлі жағдаяттар ұсынады және оның бірнеше шешімін табу міндеттерін қойды. Бұл әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы Гарвардтық бизнес-мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен Коупленд жарыққа шығарды.

Кейс әдісі - нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге негіз бар. Жағдай (кейс) деп - ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша берілуді айтуға болады. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары, т. б. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал ұстаздың міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен қатар, білім алушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс әдісі, оқытудың басқа технологияларына қарағанда күрделі жүйе. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс: - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу.

Екінші кезең - оқытушының аудиториядағы іс - әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі: - кейске кіріспе; - жағдайдың талдануы (шағын топтарда) ; - пікірталас; - қортынды шығару. Экономикалық пәндерді оқыту барысында сабақтың мазмұнына, психолгиялық ерекшеліктеріне қараудың маңызы өте зор.

Х ғасырдың 80-90 жылдары әдісті дүниежүзі бойынша қолдана бастады, сонымен қатар Кеңес Одағында да. Әсіресе экономикалық пәндер бойынша кеңінен қолданылды. Бұл әдісті құрастыру мен ендіруде Г. А. Брянский, Ю. Ю. Екатеринославский, О. В. Козлова, Ю. Д. Красовский, В. Я. Платов, Д. А. Поспелов, О. А. Овсянников және т. б.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары бұл әдіс қарқынды дами бастады

2. Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану

CASE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын дағдылар:
1. Аналитикалық дағдылар. Оларға: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т. б жатқызуға болады. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.

Коммуникативті дағдылар. Оған: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қатысушылардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа қажетті ақпараттар мен құралдарды қолдану - топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау.
5. Әлеуметтік дағдылар. Мұнда мәселені талқылау барысында CASE-те нақты: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін-өзі ұстау және т. б. сынды әлеуметтік дағдылар қалыптасады.
6. Өзіндік саралау. Яғни, пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Мұнда, туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру талап етіледі.
Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі.

Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысады.
Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты:
Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын - «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.

Кестеде кейс - әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген.

Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі
Оларға сипаттама
Негізгі түрлері
Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі: Проблемалық анализ
Оларға сипаттама: Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы
Негізгі түрлері: 1. Жағдайдың проблемалық мазмұнын талдау.
2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау.
3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.
Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі: Жүйелі анализ
Оларға сипаттама: Құрылымымен және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру.
Негізгі түрлері: 1. Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады.
2. Конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады.
Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі: Праксеологиялық анализ
Оларға сипаттама: Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру.
Негізгі түрлері: 1. Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау.
2. Қызметті алгоритимизациялау және үлгілеу.
Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі: Прогностикалық анализ
Оларға сипаттама: Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру.
Негізгі түрлері: 1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау.
2. Трендттік модельдер құру арқылы болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті прогностикалық талдау.

Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:

Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.

Кейс-әдісімен үйлескен әдіс
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: Үлгілеу
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Жағдайдың үлгісін құру
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: Жүйелі талдау
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: Ойша тәжірибе
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу тәсілі.
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: Сипаттау әдістері
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Жағдайдың сипатын құру
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: Проблемалық әдіс
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну.
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: Жіктеу әдісі
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру.
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: Ойын әдістері
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну.
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: «Миға шабуыл»
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Жағдайға қатысты ойларды генерациялау.
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс: Пікірталас
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты: Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу.

Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.

Кейстердің бастаулары:

Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады.
Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс - әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
Ғылым - бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады.
Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады.
Кейстің құрылымы:
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.
Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:
- Жағдайлар - кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.
- Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.
- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.
- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- Қосымшалар.
Кейсті құрастыру сатысы:
Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.
Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.
-Жағдай моделін құру немесе таңдау.
-Сипаттауды құру.
-Қосымша ақпараттарды жинау.
-Соңғы мәтінді даярлау.
- Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.
Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру:
Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз.
Сабақты ұйымдастыру сатылары:
Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейсті түзуге материалдар жинау
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Кейс әдісі
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Интерактивті оқыту әдістемесі
Дискреттік модельдер. Теоретико-графтық программалау. CASE- технологиясы. Детерминделген модельдер
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі орта
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz