Ауыл мектептерінде ғылыми жұмысты дамыту: 2011-2020 жж. білім бағдарламасы аясындағы Тараз МПИ тәжірибесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Келешекке - кемел біліммен

Қазақстан 2011 жылға аяқ басқалы әлемдік тарих бетіне өз есімін ойып үлгерді. Жыл бастала «Азияданың алауы» барша қазақ даласын шарлай, жаңа серпіліс ала келді. Қазақстан Республикасы аз уақыт ішінде дамыған елу елдің қатарына кіріп қана қоймай, улкен саммит жиналысын өз отанымызда өткерумен де ерекшеленді. Мұндай жаһандық жағдаяттардың еліміз үшін берешегі де мол екені сөзсіз. Елбасының дәстүрлі жолдауы да кешіктірмей жарқын болашағымызға қадамымызды нық басуға тағы да сенім ұялатты. Жолдауда аса назар аударатын мәселе оқу мен ғылым турасында еді. Жолдауда қабылданған «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда сан алуан іс-шаралар қолға алынды. Бұл орайда Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институты тарапынан Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылы, №2 Мыңбұлақ орта мектебінде, Сарысу ауданында өткізілген «ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда ауыл мектептерінде ғылыми жұмысты көтеру жолдары: теория мен практикасы» атты семинар-тренинг үлкен жолға бастама болғандай. Семинар-трнингтің басты мақсаты - жастарды ғылым жолына жетелеу, оның негізін мектептен бастау, шәкірттерге ғылымды насихаттайтын ұстаздарды баулу және орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарының арасындағы байланысты нығайту еді. Бұл - елімізде жас ғалымдарға салынған алғашқы «алтын көпір» іспетті. Қазіргі таңда отанымызда жас ғалымдардың саны жылдан жылға артпақ. Алайда ғылым жолы мектеп оқушылары арасында насихатталмай келгендіктен және ғылыми білікті жетекшілердің аз болуы себептерінен Қазақстан болашақтың нағыз ғалымдарын жасайтын жас ғалымдарға зәру екені аян. Сондықтан да, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтының оқытушылары бұл бастаманы жаңадан көтеріп отыр. «Даналық - жастықта» деген ұстаныммен келешек ғалымдарды оқытатын ұстаздарға дұрыс бағыт-бағдар беруді өздеріне парыз тұтты.

Кез келген ұстаз, ең алдымен, алдындағы шәкіртті өміріне азық болар ғылымға үйретсем дейді. Және сол алған білімін өзінің туып өскен мекені, ата жұрты, отанының игілігіне асырса деген үмітті арқалайды. Себебі, ұстаз - бір ұлтты, бір қоғамды тәрбиелейтін маңызды мамандық. Ұстаздық - тек мамандық қана емес, ол - ұлы да қиын жол.

Қарапайым адамның адасқаны шағын ортада өз кері әсерін бергенімен, саналы ұстаз болса, дереу түзеледі. Ал ұстаздың адасқаны күллі бір қоғамды улаумен тең. Себебі, ол - қоғамның жас буынын қалыптастырады. «Әлі жазылмаған ақ қағаз бетіне өмір әріптерін» сала бастайды. Оның қатесіз әрі көркем жазуы келешек бір тұлғаны қалыптастырмақ. Сол себепті де ұстаз ролі қоғамда қашан да биік.

Ғылым мен техника жетілген сайын қоғамдық сана мен қажеттіліктер де жаңара түспек. Жаңа заман талабына сай ұстаздарға да қойылатын талап та өзгерген. Институт ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Абдуалы мырзаның қолдауымен жаңа тұрпатты педагогтарды даярлауда үлкен тәжірибесі бар Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтының ұлағатты ұстаздары Жуалы, Сарысу аудандарының мектеп мұғалімдерімен бірлесе жұмыс атқарып, семинар-тренингтер өткізді.

Семинар-тренинг барысында ТарМПИ ғылыми жұмыс, халықаралық байланыстар және инновация жөніндегі проректоры, ф. ғ. д., профессор С. Ж. Тәжібаеваның «Жас ғалымдардың интеллектуалдық әлеуетін ашуға жаңаша келу (ТарМПИ тәжірибесінен) », «ТарМПИ Хабаршысы» журналының редакторы Б. А. Мұртазаеваның «Республикалық жарыстарға қатысатын мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарын жобалау», 12 жылдық білім беру мәселелері орталығының инспекторы Г. Қ. Ысқақтың «Сауаттылықтың жаңа түсінігі: халықаралық тәжірибе негізінде», 12 жылдық білім беру мәселелері орталығының директоры, п. ғ. д., ТарМПИ профессоры Қ. Т. Ыбрайымжановтың «12 жылдық мектепте білім берудің педагогикалық негіздері», «Биология және БОӘ» кафедрасының аға оқытушысы В. А. Мұсарованың «Биология пәнінен зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбындағы лекцияларының берері көп болды. . Үлкен іс-тәжірибеден өткен бұл жобалар ғылыммен айналысуға жаңаша сілтеме. Қазіргі таңда ғылымды тек республика көлемінде ғана емес, әлемдік деңгейдегі ғылыми мәселелерді көтеруге баулу керектігін тағы да ескертті. Себебі, жылдағы ғылыми жобаларда оқушылардың белсенділігінің артуына қарай сапаның да артуын, көтерілетін мәселелер мен қозғалатын тақырыптардың да күрделенуін талап етеді. Сол талаптарды үгіттеуді осы тренинг өз мойнына алған-ды.

Әдетте ғылыми жоба жарыстарына тек қалалық мектептер мен гимназия, лицей оқушылары ғана қатысып жатады. Бұл ауыл жастарының ғылымға деген белсенділігінің төмендігі емес. Тек ғылымға жетелеушінің және мектептердің ғылыммен байланысының жоқтығы. Сондықтан да тренингті аудандық мектептерде өткізу - ауыл жастарын ғылым жолына үгіттеу, оларға бағыт-бағдар беру болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту: 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
Қазақстан мектептерінде электрондық оқыту жүйесін енгізу және оқу үдерісін автоматтандыру (2011-2020)
2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы: талдау, мақсаттар және негізгі бағыттар
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясындағы Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, міндеттері және нысаналы индикаторлары
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамыту: жағдайы, проблемалары және даму жолдары (2011-2015 жж.)
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Агробизнес-2020 мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты, міндеттері және іске асыру (2013-2020)
Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020: 2015-2020 жж. нәтижелері және жастар практикасы
Қазақстандағы электрондық оқытуды енгізу: тұжырымдама, тәжірибе және мәселелер (2011-2020)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz