Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білі және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

“Қорғауға жіберілді”

«Бастауыш оқыту теориясы

мен әдістемесі» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а.,

Г. Тоққұлова

«»2014ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан

тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін дамыту

5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындаған СПМ-112до

тобының студенті: Кенебаева Сандуғаш

Ғылыми жетекшісі

магистр-оқытушы: Нұртазаева Нұргүл

Түркістан 2014

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылығын арттырудың теориялық мәселелері.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері . . . 6

1. 2. Бастауыш сыныпта дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың формалары . . . 30

ІІ. Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың әдістемелік жолдары.

2. 1. Бастауыш сыныпта дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тәсілдері . . . 38

2. 2. Бастауыш сынып дүниетану пәнінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қазіргі жолдары . . . 51

2. 3. Жеке сабақ үлгілері . . . 54

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 63

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі:

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш сыныпта білім беру жүйесін жетілдіруді мақсат етіп отыр. Өмір талабы адамның білімінен оны күнделікті практикалық тұрғыда қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтиды.

Осыған орай ауыл сыныптарының оқушылары ауыл шаруашылық өндірістерімен тікелей байланысты болғандықтан, олардың бұл жөнінде жинақтаған тәжірибелері молырақ.

2030 жылға қарай “Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады”, “Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденеді, балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері болады”. 2030 жылдың жастары “мемлекеттің құқықтарын және өздерінің құқықтарын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын сенімді азаматтар болып қалыптасатынына сенімдімін”- деді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев [1] .

Қоғамымызды құруымызға орай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және олардың қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуы қажет. “Әрбір азамат Отанымыздың табиғатын аялауға оның байлықтарын қорғауға міндетті” деген талаптар барлық уақытта бірдей жүзеге асырылап отырылады. “Қоғам-адам-табиғат” арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу- табиғат байлықтарын тиімді пайдалану.

Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балаларда біршама білім-біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймай, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталып отыр.

Бастауыш мектеп педагогикаcы- кіші мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол заңдылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап, ұсынушы- ғылым.

Осыған орай адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас мәселесі және табиғат байлықтарын қорғау, сақтау жөніндегі нақтылы іс-шараны жүзеге асыру бүгінгі күні әр мемлекеттің, әр елдің өз бетімен атқаратын ісі ғана емес, барлық мемлекеттер бас қосып, күш біріктіріп жұмыла жасайтын бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.

Блалалар жасына байланысты осы мәселені зеттеу бір қатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Оларды атар болсақ: Н. Рыбникова, Л. Гордон, М. Беляева, И. Цветкова, Л. Маневцо, Н. Постникова, Қ. Романова, Р. Римбург, П. Сирбиладзе секілді ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуларын зерттеген [2] . 60 жылдардың басында бастауыш сынып оқушылары бойынша А. Абдуллаева, М. Морозова, Чо Чун Силъ, Ф. Гусейнова (бастауыш оқушыларының қызығуларын зерттеу), А. Дусавидский, (оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері), М. Щеломенцова (бастауыш сынып жасында танымдық қызығудың дамуында ғылыми-көркем кітаптардың ролі) атты еңбекртері шықты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуларына жақын мәселелер В. Дорохова, Р. Жданова, Е. Киричук, О. Саулина, Л. Трегубованың жұмыстарында да қарастырылған [3] .

Бұл әр түрлі елдердегі экологиялық бірлестіктері Біріккен Ұлттар Ұйымының талдап-талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналады. Табиғат байлықтарын қорғау дегеніміз-бұларды мүлдем пайдаланбау емес, керісінше оларды ұқыпты, тиімді пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеу болып табылады.

Президантіміз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан -2030” атты жолдауында әрбір азаматтың табиғат және оның байлықтарын пайдалану үдерісінде, табиғатты таза, көркем, мәңгілік қалпында сақтап қалудың қажет екендігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі атап көрсетілген. Жас ұрпақты қоршаған табиғатқа, оның байлықтарына ұқыпты қарауға үйретіп, үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екендігін ұғындыру табиғатқа дұыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті ойменен қаруландырып, икемділік дағдыларын қалыптастыру.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі-оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру болып табылады.

Білім-дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі. Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек бола алады. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным үдерісі дамиды. Таным көмегімен тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жинақталып ой-өрісі кеңейеді.

Қазіргі таңда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту азық-түлік қорын молайту, табиғат байлығын үнемдеу тіршілік ортасын қорғау және т. б. бүкіл адамзаттық мәселелер көтерілуде. Болашақта бұл талаптарды жүзеге асыру үшін жаңаша ойлай алатын адамзаттың игілікті істеріне атсалысатын жастар дайындау мәселесі туып отыр. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қажеттілігі туындайды.

Республикамыздағы жастарға білім беру ісінің даму жолына көз жүгіртсек, қилы-қилы кезеңнен өткенін көру қиын емес. Кеңес өкіметі саясатының өзгеруімен бірге халық ағарту ісінің мақсаты мен мазмұны да өзгеріп отырады.

Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, Жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде.

Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім бері, саналы тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.

Адам тіршілігінің көзі-табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар шығарады. “Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде “екінші табиғат” заттары пайда болады. Бұл “екінші табиғат” дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын да-адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға топсеруенге шығу бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді. Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне пайдаланады. Сонымен бірге бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік өмірде қолданып, қажетіне жаратады.

Зерттеу нысаны:

Бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстар.

Диплом жұмысының мақсаты:

Бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың жолдарын анықтау.

Диплом жұмысымның міндеттері:

1. Бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, өзіндік ерекшеліктері жайлы жазылған ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасап мазмұнын ашу.

2. Бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру, зерттеу әдістерінің нәтижесіндегі оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру мүмкіндігін анықтау.

Зерттеудің әдісі:

Шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми- теориялық әдебиеттерді іріктеу, педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, бақылау т. б.

І. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылығын арттырудың теориялық мәселелері.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Қазіргі кезде бастауыш сыныптарда оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіріле түсуге даңғыл жол ашылды.

Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдар мен қатынасының, өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.

Бастауыш сынып жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқу үдерісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардан бүкіл оқу тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.

Оқу басқа іс-әрекетке қарағанда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарастарын бірте-бірте қалыптастырады.

Осы оқу арқылы оқушылардың таным үдерісі (қабылдау, зейін, ес, қиял ойлау) дамиды.

Таным - ойды білмеуден білуге қарай ұмтылдыратын ой-өрістің күрделі үдерісі. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және іскі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қиындықтар мен қайшылықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады [4] .

Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестікте» байқалады. Олар өздігінше күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

Бұл жастағы балалар өте сезімтал оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фонтазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсе оларда қандайда болсын бір іске оп-оңай-ақ тартыуға жеңіл болады. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.

Адамның бүкіл өмір бойында оның даму үдерісі жүріп жатыр. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады.

1. Биологиялық фактор. 2. Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта. 3. Тәрбие, яғни оқу тәрбие үдерісі. Даму үдерісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажыраты бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талпынуын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсені үңіле қарайтын, көп нәрсе оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар тұрады. Сол сұрақтардың жауабын олар ересектерден күтеді. Өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрау қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтардың зерттеулері бойынша жеті жастағы оқушы мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын (мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) т. б.

Сыныптағы ақыл-ой, оқу әрекеті әрдайым тартымды, қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс, қажет материалдар болады. Бұл үшін бастауыш сыныпта оқушының дамуы аясына сай мақсатты, тартымды оқу әрекеті ұйымдастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленетіні белгілі. Қабылдау адамға тікелей әсер ететін заттың я құбылыстардың адам санасында толық бейнеленуі.

Сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, әр бір мұғалім мына шарттарды орындап отыруы тиіс:

1. Көрнекі құралдарды (модульдерді, суреттер, коллекциялар) пайдалануда балалардың жас ерекшеліктерін мұқият ескергені жөн.

2. Оқушы байқаудың қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісін қалайда түсінгені мақұл.

3. Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдері мен үнемі байлансытырып отыруға, әр түрлі объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салуы қажет.

4. Оқушылардың сабаққа шығармашылығын арттыруда оқу матриалының түрі, көлемі, ауыр қиындығы еске алынып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуіне де байланысты.

5. Қабыданатын әнрселердің мән-мазмұнын, түр сипатын өздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап, толықтырып отыру.

Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен, яғни ойлау, сөйлеу, есте сақтау, сезім эмоциясымен тығыз ұштастырылып, жалпы баланың дүниетаным шеңберін кеңейтіп отыруды талап етеді. Қабылдау адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады.

Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімімен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай білулерін талап етеді. Ал ес процесінде бұрын қабылдаған заттар, құбылыстар адам санасында бейнеленеді. Тиісті оқу материалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, саналы ұғынып қабылдағанда еске сақтау саналы да ұзақ болады.

Бастауыш сынып оқушылары материалды, көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдарғанша оқи береді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұғалім бір жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйретуі қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша есте қалдыру үшін және жақсы түсінік үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет.

Бастауыш сынып балаға тек білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді [5] .

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

Қабілет оқушылардың жекелік айырмашылықтары. Қабілеттер әр адамда әртүрлі болады. Бала бойындағы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, қалыптасып дамып отырады.

Қабілет әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігіне немесе мақсатқа бағытталған бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуінен байқалады.

Оқыту барысында оқушының шығармашылығын қалыптастырып дамыту ерекше орын алады. Қызығу - танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Қызығу әр- қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік - деген пікір айтады М. Биляев. Н. Морозова, С. Рубейнштейн т. б. ғалымдар.

Оқушылардың қызығушылықтары асқан сайын қабылдау қабілеттері жетіле түседі. Сондықтан қызығу оқу процесінде өте маңызды орын алады. Осы мәселе жөнінде ерте кездерде көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың тұжырымдарына тоқталар болсақ белгілі психолог У. Мак Дугал (1871-1938) баланың қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Баланың қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э. Трондайктың (1874-1948) айтуынша, баланың қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерінен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әрекеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі механистік бихоризм (қылық психологиясы) принцпі мен орайластырады.

Неміс педагогі И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Ол баладағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып- білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екендігін айтқан.

Оқушыға деген сүйіспенішлікті, құрметті талап ететін бағытты терең ұстанған орыс халқының ұлы педагогі К. Д. Ушинский оқыту үдерісінде қызығу мен қызықтыру мәселесі төңірегінде көптеген тұжырымдама жасайды. Оның пайымдауынша қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды дей отырып ол «Қиын оқуды балаға қызығушылықты ету міне бастауыш оқудың ең негізгі міндеті» - деген құнды пікірді қалдарған. Оның тұжырымдамасының жетекші идеясы: оқу оқушының ең негізгі жауапты ісі, еңбегі бола тұра қызық, тартымды болып, бірақ көңіл көтеру ісіне айналмау керек.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қызығушылық теориясын дамытуда үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Солардың бірі- Ы. Алтынсариннің ағартушылық педагогикалық мұралары.

«Ол ең алдымен, ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына, сол ағартушылық-педагогтік істеріне бағындырылған» -деп жазады педагогика тарихын зерттеушілер. Бұған дәлел: өзінің тарихи -мәдениеттік және педагогикалық құндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылатын «Қырғыз хрестоматиясы» (1879) енгізілген әңгімелері оқиғаларының қызықты болуына Ы. Алтынсарин аса көп көңіл бөлген. Ұлы ағартушының балаларды мектепке тарту және оқуға қызықтыру жөніндегі пікірлері Н. М. Ильиминскийге жазған хаттарында анық көрінеді. Мәселен, 1871 жылдың 31 тамызда жазған хатында «Артта қалған халықты қызықтырып, оларды мектепке тарту үшін сыныптарде жақсы білім беретін болсын» десе, 1876 жылы 3 желтоқсанда жазған хатында «Бірінші кітапша үшін Паульсонның кітап түзу тәртібін ұстамақпын, әрине оны қырғыз балаларына бейімдей отырып, мысалдарды қосқым келмейді, өйткені сұрапыл өмірде өскен қырғыздарға (қазақтарға) жалпы алғанда елеулірек заттар керек. Мен тәжірибе жүзінде қырғыз балаларының мысалдарды қандай көңілсіз түрмен оқитынын жақсы білемін. Менің пікірімше, қырғыз балалары үшін күлдіргі ертегілер, өсиет берерлік жұмбақ және жаңалықты жете білуге әуестерлік әңгімелер ана ғұрлым қонымды келеді. » -деп атап көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың теориялық мәселелері
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz