КЕНТАУ – МАЙДАНТАЛ ӨҢІРІНДЕГІ СЫРТҚЫ ОРТАДА ҚОРҒАСЫННЫҢ КӨПЖЫЛДЫҚ МӨЛШЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
ПАРАЗБЕКОВА ГҮЛБАНУ ТИЛЛАБЕКҚЫЗЫ
КЕНТАУ – МАЙДАНТАЛ ӨҢІРІНДЕГІ СЫРТҚЫ ОРТАДА ҚОРҒАСЫННЫҢ КӨПЖЫЛДЫҚ МӨЛШЕРІ
Мамандығы 6N0113
Биология магистр академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор
Б.К.Керімбеков
Түркістан - 2010
Жұмыстың мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қорғасынның сыртқы ортада таралу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .5
2. Қорғасынның денсаулыққа
зияндылығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Қорғасын мөлшерін сынамалы аймақтың топырағында зерттеу
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
4. Қорғасын мөлшерін сынамалы аймақтың суында зерттеу

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
5. Зерттеу нәтижесінің ғылыми жаңалық
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
6. Зерттеу нәтижелерінің
шынайылығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .17
7. Зерттеу нәтижелерінің практикалық
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
0
Кіріспе
Адамның биологиялық болмысына, денсаулық жағдайына әсер ететін
алуан түрлі факторлар бар. Әдетте оларды химиялық, физикалық механикалық
және биологиялық деп қарастырады. Әрқайсысының әсері жiті талданады.
Химиялық фактор барлық себептердің арасында басымдылық танытады. Олар
ауаны, топырақты, суды, ағзаны ластайды.
Сыртқы ортаны ластайтын кәсіпорындардың қатарына жылу энергиясын
өндірушы қазандықтар, қара және түсті металлургия орындары,
автотранспорттар жатады. Бұрынғы уақытта кәсіпорындардың үлесі басым
болатын, ал қазіргі уақытта автокөліктердің әсері бірінші орында көрініс
тауып тұр. Көлік түтінінің құрамында көмір тотығы, азот тотығы,
көмірсутегілер, қорғасын, күйе сияқты улы заттар бар екендігі анықталған.
Миллиондаған автокөліктер жыл сайын ауа кеңістігіне 200 млн. тонна
көмір тотығын, 40 млн. тонна көмірсутегілерді және 20 млн. тонна азот
тотығын таратады [1].
Жалпы алғанда автокөліктер түтіні құрамында 200-ге жуық қоспалар бар.
Жоғарыда аталып көрсетілген заттардан басқа
альдегидтер,акролеин,формальдегид,э тилен қатарындағы қанықпаған
көмірсутегілер (гексен,пентен) ,бенз(а) пирен , органикалық қорғасын –
тетраэтил қорғасын бар.
Топыраққа сіңген қорғасын нитриттегіш микробтардың мүмкіндігін
азайтады, топырақтың өздігінен тазару қасиетін кемітеді, қан қорыту
жүйесіне теріс әсер етеді [2].
Судағы қорғасын бейорганикалық заттардың қатарынан орын алған.
Дейтұрғанмен, оның шектеулі мөлшері анықталған [3].
Әртүрлі факторлардың биологиялық әсеріне баға беру үшін олардың
организмге тиімділігінің оңтайлы қатынасы ескеріледі. Егер факторлардың
құрамы және әсерлік күші өзгерсе, қоршаған орта мен организм арасындағы
тепе-теңдік бұзылады. Мұндай жағдайда ағзада өзгеріс байқалады.
Қоршаған ортаның зиянды факторлары аз мөлшерде әсер етсе организмдегі
биологиялық жауап қорғаныс бейімделу үрдістің белсенділікке өтуімен
айқындалады. Бұл ретте гомеостаз сақталынып аурудың алдын алу мүмкіндігі
туындайды. Керісінше, зиянды факторлардың әсері ұзақ уақытқа созылса
қорғаныс-бейімделу үрдісінде әлсіреу байқалып аурушаңдық кобейеді [4].
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қорытып айқындасақ әртүрлі зиянды
факторлардың арасынан қорғасынға ерекше ден қойылды. Себебі бұл элемент
сыртқы ортада көп таралған, әртүрлі өндірісте қолданысқа ие, организмде
жинақталу қасиетіне бейім, денсаулыққа қауіпті. Сондықтан оның мөлшерін
сыртқы ортада жүйелі түрде анықтап отырудың маңызы зор, мәселенің
көкейтестілігі айқын.
1. Қорғасынның сыртқы ортада таралу себептері
Қорғасынның сыртқы ортаға таралуы қолданысқа тікелей байланысты. Оның
бейорганикалық қосылыстары көп ондіріс орындарында пайдаланылады.
Мысалы, қорғасын тотығы аккумулуятор, шыны , глазури,эмаль, белил,
олиф өндіргенде қолданылады. Резина алу өндірісінде және қорғасынның басқа
түрлерін дайындағанда іске асырылады.
Қорғасын ортоплюмбаты (сурик) аккумлятор бояу, эмаль, замаск
шығарғанда, цинкографияда, кітаптарды дайындағанда, қорғасын тотығын
өндіруге қажет.
Тотықтандырғыш ретінде аккумулятор және күкірт өндіру орындарында
қорғасын тотығы қолданылады.
Қорғасын хлориді қорғасынды пигменттерді дайындағанда іске асырылады.
Айталық, қорғасын иодиді сары түсті бояу алу үшін керек, ал қорғасын
карбонаты белила жасауға қажет. Қорғасынның негізгі карбонаты кеме жасау
орындарында бояу пигменті ретінде қолданылады.
Пиротехника саласында және қорғасынның басқа да қосылыстарын алуда
қорғасын нитраты керек.
Атмосфера шыдамдылығын арттыру үшін кейбір лак және бояуларға
қосымша ретінде, металды қорғасын өндіруде сульфаты қажет.
Қорғасын сульфидін фото қарсылығын (фотосопротивление) дайындауда
және металды қорғасынды балқытып алуда қолданылады. Минералды бояулардың
құрамына және тотықтырғыш ретінде қорғасын хроматы қосылады.
Полисиликаттармен біргелікте глазурлы фриттерді дайындағанда және
пластмасс өндірісінде тұрақтандырушы (стабилизатор) ретінде қорғасын
силикаты керек.
Инсектицидтер ретінде гидроортоарсенат қорғасын қолданылады және
қорғасын ортоарасенаты ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресуге, оларды
жоюға керек.
Қорғасын ацетаты шыт маталарын бояуға қажет, қорғасынның басқа
қосындыларын өндірісте қолданады, қорғасынды белила бояуына және кейбір
минералды бояуларға пайдаланады.
Қорғасынды белила бояуын дайындауда да қорғасынның негізгі ацетаты
қолданылады.
Тетраметил және тетраэтилқорғасын органикалық қосылыс – антидетонатор
ретінде бензин құрамында болады. Триметилхлорқорғасын органикалық қосылыс
бактерицидті әрі фунгицидті затты кеменің су астындағы бөлігін бояуға
қолданылады.
Триэтилхлорқорғасын, диэтилдихлорқорғасын, диэтилдибромқорғасын
органикалық қосылыстары – триметилқорғасын сияқты кеме бояуына керек.
Триметилацетоксиқорғасын, триэтилацетокси қорғасын,трипронилацетокси
қорғасын, трибутилацетокси қорғасын органикалық қосылыстары триметилхлор
қорғасын сияқты қолданыста болады.
Диалкил өнімі диацетокси қорғасын іш құрттарын жоюға (антигельминтті)
қолданылады, бактерицидті препарат.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйеніп қорғасынды өнімдердің сыртқы
ортада таралуының ауқымды екендігіне көз жеткіздік. Қорғасын руда
шикізатынан алынатыны белгілі. Қандай жағдай болмасын онымен организмнің
қатынасы болатындықтан денсаулыққа байланысты қарастырылады[5].
2. Қорғасынның адам денсаулығына зияндылығы
Қорғасынның және оның неорганикалық қосылыстарының улылық әсері
барлық тірі ағзада байқалады, айрықша жүйке, қан және тамырлар жүйелерінде.
Белоктың қорытылуын белсенді түрде тежейді, жасушалардың энергетикалық
қорын (оның генетикалық қасиетін ) әлсіретеді [6-8]. Порфириннің түзілуіне
әсер ететін ферменттер үрдісін төмендетеді, протопорфиринге темірдің
қосылып гемнің жасақталуын нашарлатады [9-10]. Қорғасын улылығына балалар
айрықша сезімтал [11].
Қорғасынмен уланудың алғашқы белгілері: күрек тістердің шет-шетінде
таға тәрізді болып көкшіл түсті дақ пайда болады (свинцовая кайма), қанда
ретикулоциттер 10% жетеді, эритроциттерде базофильділік көрініс береді (15
дана әрбір 10 000-ға), несепте порфирин мөлшері кобейеді (50-60
мкглитр)[9]. Осы сияқты ∆-аминолевулин қышқылы да көбейеді, ал
эритроциттерде дегидротаза ферменттерінің әсері төмендейді, қанда және
несепті қорғасын мөлшері артады[12-22]. Аталып көрсетілген белгілеріді 100
пайыздық деп түсінбеу керек. Тістегі дақтар және несепті қорғасынның
анықталуының өзі-ақ қорғасынмен уланғандықты білдіре алады[15,23].
Қорғасынмен жұмыс атқаратын 135 адамның қаны мен несебіндегі дельта –
аминолевулин қышқылы мөлшерін анықтай отырып жасалған ұсыныс: қанда-35
мкг100 мл қорғасын, несепте 5 мгг дельта – аминолевулин қышқылының болуы
уланудың басталуына кіреберісті көрсетеді[24].
Қорғасын мөлшерін 2 топ жұмысшылардың қанында анықтағанда 25,3±4 және
42,6±5 мкг100 мл болып шыққан. Бірақ, эритроцит мембранасындағы холестерол
мен фосфолипидтер мөлшерін сынамалы топтағыдан айырмашылық бермеген. Тек
қанықпаған май қышқылдарында аз ғана айырмашылық байқалған [25].
Қорғасын шаңымен бірнеше жұмысшылар уланып ауруханаға түскен, арасында
бір екіқабат әйел болған.Ол жүктіліктің 16-шы күніне тура келген. Қандағы
қорғасын 6 ай бойынша өлшеніп тұрған.Бал ұлпаларындағы қорғасын
скелет,бауыр және қанда жинақталатыны анықталған [26].
Қорғасынмен уланған жағдайда организмде антиноксидантты жүйенің
әлсіреуінен бос радикалдардың түзілуі артады және Е витаминінің азаюы
байқалады.Сондықтан мұндай жағдайда осы витаминді қолдану арқылы
радикалдарды болдырмау мүмкін[27]
Корабльдің су астындағы бояуында қорғасын мөлшері 0,03-17% болып
анықталды (275 кеме).Содан соң оларды 2 жолмен тазалаған: құмүріп тазарту
қондырғысы арқылы және бояуды қырып алу жолымен. Осы 2 әдісте ауаға
қорғасын шаң тозаңында тексеру орындалған. Бірінші әдісті қорғасын мөлшері
61 мкгм3 болды, ал екіншіде -2,4мкгм3. Бірақ қандағы қорғасын мөлшерлері
сынамалы топтағынан көп айырмашылық бермеген.
Экологиялық қолайсыз аймақта балалар мен ересектердің қанындағы
эритроциттердің өзгеруі зерттелген. Қорғасынмен уланғанда қанда
сидероциттер саны балаларда 9,5 % болып, ересектерде өзгеріс көрінбеген.
Осындай нәтиже Гейнц денешігі және базофильдегі дәндерден байқалған.
Балаларда сидероциттердің көбеюі темірді гемге жеткізуге ықпал жасайтын
феррохеталаза ферментінің белсенділігінің әлсіреуінде. Нәтижеде сүйектегі
қызыл қан ретикулоциттерінде ферритин жинақталады, сидеробласттар көбейеді.
Эритроциттерде Гейне денешігінің және базофильділік дәндер қорғасынмен
уланудың бірден-бір нышаны. Гейне денесі деген көрініс гемоглавиннің
денетурациялануын білдіреді, ал безофиль дәндері пиридин -5-
нуклеотиднуклеозидазаның әсерімен рибосоманың агрегаттық жағдайға
ұшырауынан туындайды[29].
Өндірістік кәсіпорындар орналасқан аймақтың топырақтарында,
өсімдіктерінде және жануарлар организмінде улы ауыр металдардың жинақталуы
байқалады. Мұндай жағдай адамдар үшін де қауіпті, себебі сумен және
тағамдармен қабылдануы ықтимал [30] .
Қорғасынның судағы шектеулі мөлшері 0,03мгл-ден аспайды[31].
Қорғасын өндірісіндегі жұмысшылардың жүрегінің жұмыс атқару
толеранттылығы (шыдамдылығы) төмендейді[32].
Қорғасын цехының 400 жұмысшысы реогепатографиялық әдіспен
тексерілгенде бауырда артериялық қанның баяулап келуі және веноздық қанның
кетуінің әлсірейтіні байқалған[33].
Ағзаның мүшелеріне және жүйелеріне қорғасынның әсерін зерттей келе
кейбір авторлар оның ферментопатикалық маңызына назар аударған [34-36].
Қорғасын сульфгидрильді, карбоксильді және аминді топтардың белсенді
фермент орталықтарын әлсіретіп жасушалық, митохондриалдық, лизосомалық
мембраналарды бүлдіреді.Энергиялық зат алмасу, тотығу-тотықсыздану үрдіс
нашарлайды. Нәтижеде ұлпаларда ауа жетіспеушілік (гипоксия) байқалады.
Мұндай жағдайда жүрек миокардының жиырылуы да баяулайды [37-38].
Қорғасынның органикалық қосылысы тетраметил қорғасын тыныс жолымен, ас
қорыту жүйесі арқылы теріден сіңумен әсер етеді. Тетраэтилқорғасынға
қарағанда улылығы аз. Дейтұрғанмен ол да жүйкенің қызметін әлсірететін улы
зат. Онымен жедел уланғанда ерекше қозу үдейді,ет жүйесі дірілге өтеді, аяқ
басу шатасып,параличпен аяқталады. Бауырда,бүйректерде, ұйқы безінде, ас
қорыту кілегей қабаттарында дегенеративті өзгерістер байқалады. Жүрек еті
толағайсиды (гипертрофия), бүйрек үсті және қалқан бездерінде бұзылыс орын
алады, өкпеде қан құйылған дақтар пайда болып,ісіну (өтек) көрінеді[39-40].
Жоғарыда келтірілген мәліметтер хайуанаттарға жасаған тәжірибе
нәтижелерімен толық ұқсастық көрсетті. Айталық, тетраметилқорғасынды 36-40
мг л концентрацияда тыныс алдырғанда 30 минуттан соң ақ тышқандардың
кейбіреулері қоза бастаған, кейбіреулері есеңгіреп қалған
(заторможенность). Концентрация 12-24 мгл болғанда барлық тышқандарда қозу
пайда болып 36 сағаттан соң тырысу судороги байқалған. Концентрация 6,0-
8,3мгл болғанда әлсіз ғана қозу сезілген, ал 1,2-2мгл мөлшерде ешқандай
реакция байқалмаған.
Ақ егеуқұйрықтарға 9,84 мгл дарытқанда 60 минут аралықта жеңіл ғана
әбіржу (беспокойство) болды, ал 12-64мгл концентрацияда 7 сағаттан соң
өкпе,бауыр, бүйректерде және мидың жасушаларында терең морфологиялық
өзгерістер анықталған[39,41].
Тетраметилқорғасын 80-280 мгкг мөлшерде асқазанға қабылданғанда
егеуқұйрықтардың барлық ішкі органдарында ауыр дегенеративті- дистрофиялық
өзгерістер көрінген. Доза 108мгкг болғанда улану белгілері 3 күннен соң
байқалды, кейбіреулері өліп қалды. Ал доза 10,8мг кг болғанда ешқандай
улану белгісі анықталмады.
Тетраэтилқорғасын, тетрамэтилқорғасынмен салыстырғанда, жүйке жүйесіне
күшті әсер ететін улы органикалық зат организмде жинақталғыш
(кумулируется), зат алмасуды әлсірететін (ингибирование) триэтил қорғасын
түзе алады[42].
Тетраэтилқорғасын аз мөлшерде созылмалы түрде қабылданса (хроническое
поступление) ең алғашқы өзгерістер бас мидағы қан айналым жүйесінің қызметі
әлсірейді. Мида және мишықта қышқылдықсілтілік мөлшер, микроэлементтер
(мед,цинк,темір-ферменттер құрамына кіретін) азаяды,карбоксилаза ферменті
құрылымындағы тотығу үрдісі әлсірейді, 75% шамасында холинэстераза
белсенділігінен айырылады[43-45].
Қорытып айтқанда, қорғасынның неорганикалық және органикалық
қосылыстары политропты улы зат.Оларды жүйкелік у деп атайды, соның
салдарынан көптеген органдар зақымданып өз қызметін қалыпты деңгейде
атқармайды. Улану нәтижесінде ең қауіпті құбылыс- организмде жинақталуға
бейімділік.
3. Қорғасын мөлшерін сынамалы аймақтың топырағында зерттеу нәтижесі.
Осыған дейінгі тарауларды қорғасынның сыртқы ортаға таралу себептерін
және денсаулыққа тигізетін әсерін зерделегенде әдеби шолу іспеттес
мағлұматтар келтірілді: қорғасынның өте кең қолданыста болатыны айқын
көрініс тапты.
Бұл тарауда қорғасынды адам қандай жолдармен қабылдайды деген мәселе
қарастырылады. Ой елегінен өткізіп қарасақ, әрине, бірінші ретте қорғасын
шаң – тозаңмен ауаға таралады. Одан әрі қарайғы тізбек топырақ →су
→өсімдік→тағам болмақ. Қорғасынның осы тізбектің әрқайсысына тікелей
түсетін мүмкіндігін де ескеру қажет.
Топырақтың ерекшеліктерінің бipi ылғалды (сулы) болуы. Ұсақ түйіршікті
топырақта ылғал мол болады. Барлық химиялық заттар, құрт жұмыртқалары,
қарапайымдылар, бактериялар, вирустар топырақта осы ылғал арқылы миграция
жасайды. Барлық химиялық және биохимиялық үрдістер және топырақтың
өздігінен тазалану қабілеті сулы ерітіндіде атқарылады.
Өндірістік және шаруашылық орындардың жұмысының нәтижесінде топыраққа
пестицидтер, минералдық тыңайтқыштар,өсімдіктің өсуін тездетуші заттар, көп
циклді ароматты көмісутегілер, өндірістік және жанұялық ағынды сулар,
өндірістік және автокөлік ластаушы заттары, тағы басқа заттар сіңірiледі.
Топырақ жердің биосфералық бөлігі бола тұра тағамның, судың химмиялық
құрамына әсер ете алады.
Бұл құбылыс топырақтың табиғатына байланысты болады. Айталық ,
сілтілік орталы топырақта селен заты 5000 мгкг мөлшерге дейін болады.
Өсімдіктер оны коп сіңіретіндіктен жануарлар мен адамдар жиі
уланады(селеновый токсикоз).
Өндірістік орындардың топыраққа қосатын зиянды заттарын қауіптілік
индексі бойынша жіктегенде жоғары дейгейлікте мышъяктың, кадмийдің,
сынаптың, қорғасынның, селеннің, цинктің, фтордың, бенз(а)пиреннің аттары
бар (өте қауіпті).
Екінші кластық қауіптілік тізімде бор, кобальт, никель, молибден,
медь, сурьма, хромдар бар. Үшінші класқа қауіптілігі төмен заттар
жатқызылған олар – барий, ваннадий, вольфрам, марганец, стронций,
ацетофенон.
Авторлардың айтуына қарағанда цинк және қорғасын шаңы олардың
бастапқы рудадағы мөлшеріне байланысты екен. Айталық, көміртегілі
ферромарганецті балқытқанда қорғасынның 98,85% шаңмен кетеді, одан
тотықсызданып қайтадан қарапайым қорғасынға өтеді [46-47].
Қайталап айтқанда, тағамға және су көзіне қорғасын топырақтан ауысады,
ал топыраққа ауадан сіңіріледі. Сыртқы ортадан қабылданатын қорғасынның
қауіптілігі оның адам және жануарлар ағзасында жинақталып сақталуға
бейімділігімен сипатталады. Сондықтан қорғасын мөлшерінің сыртқы ортадағы
(әсіресе топырақта) жинақталуын зерттеп отыруға айрықша маңыздылық
беріледі.
Біздің зерттеуімізден бұрын (1996 жыл) авторлар [48] Түркістан
қаласының бірнеше нүктелерінің топырағында қорғасын мөлшерін анықтаған.
Сынамаға алынған нүктелер: Түркістаннан Шымкент бағытына шығатын трасса,
Түркістан қаласының Тельман атындағы, нүкте, Кентау қаласына шығатын
трассадағы Университет аймағы және Түркістаннан Қызылорда бағытындағы
трасса (1- сурет). Қорғасын мөлшері топырақтың 3 түрлі тереңдік деңгейінде
анықталған: 10см, 20см, 30см. Анықталған нәтижелер, біріншіден, трассаның
Сурет 1. Түркістан қаласының әртүрлі нүктелерінде қорғасынның
топырақта зерттелуі [48]
шетінен қашықтаған сайын (1, 5, 10, 20, 50, 100, 200м) және барлық
тереңдіктерде қорғасын мөлшері азая түскен. Екіншіден, қорғасынның ең көп
мөлшері Тельман нүктесінен анықталған, себебі бұл жерден өтетін
автокөліктер саны өте көп болып Кентау – Қызылорда –Шымкент бағыттарына
жүреді. Үшіншіден, 10 см тереңдіктегі топырақта қорғасынның шектеулі
мөлшерге (32мгкг) сәйкестігі жол шетінен 200 м қашықтықта ғана
анықталған, ал 20 см тереңдіктен көбінесе 50 – 100 м, 30 см тереңдіктен 5 –
200 м қашықтықтардан көрінген. Жалпы айтқанда, Түркістан қаласының
автокөлік жолдарының бойында топырақта қорғасынның мөлшері алғашқы рет
анықталған. Бұл ізденіс қорғасынның сыртқы ортада таралуына автокөліктің
себепті екенін көрсетуге байланысты орындалған. Мақсатқа қол жеткізілген.
Атап өту керек, Түркістан аймағында қорғасынның мөлшерін сыртқы ортада
айқындау осы уақытқа дейін өте аз зерделенген. Жоғарыда талданған материал
біріншілік ретте орындалған. Мәселенің өзектілігіне байланысты ғылыми
зерттеу нәтижелері сол уақытта-ақ жариялана бастады [49].
Айталық, 1996 -2000 жылдары зерттеу Кентау қаласында орындалған. Бұл
нысанды таңдаудың бұлтартпас себебі бар. Мәселенің мағынасы мынада: отан
соғысы жылдарында қалада қорғасын өндіретін кәсіпорын жұмыс істей
бастайды. Көп жыл бойы кәсіпорынның руда қалдықтары қалаға жақын алаңға,
ашық аспан астына жинақтала береді. Қазіргі уақытта ол жер нағыз шаң-
тозаңның кенішіне айналған. Бұған қоса автокөліктер саны да жылдан жылға
көбейе түсуде. Өңделуден қалған руда қалдығында қорғасынның, сынаптың,
мыстың, марганец және басқа металдардың мол қоры бар екендігі дәлелденген.
Мұндай құрамдастығы бар шаң-тозаңның денсаулыққа тигізетін зияны да бар
екендігіне көптеген зерттеулер бағышталған [50 – 51].
2000 жылғы біздің қайталап зерттеу нәтижеміз бойынша руда қалдығы
жинақталған Кентау аймағында топырақтағы қорғасын мөлшері шектеулі
деңгейден 8,6 есе (275,2 мгкг) көп болып анықталды. Ал Майдамтал мен
Сауран елді мекендерінің топырағында қорғасын шектеулі мөлшерден аспады.
Аталған ауыл-аймақтары Түркістан территориясына тиесілі болса да ластану
жағдайынан тыс қалды, себебі бұл нысандардың жел бағытынан басқа жерлерде
орналасуына байланысты болуы мүмкін. 2003 жылы топырақта қорғасынның
мөлшерін анықтауымызды жалғастырдық. Бұл жолы Кентау қаласы және Бургем,
Шанхай, Хантағы, Байылдыр бөлімшелері қамтылды. Зерттеу нәтижелері, 2000-
жылғы деңгеймен салыстырғанда, қорғасынның мөлшері шектеулі нормадан 2 –
10 есе артық екенін көрсетті, яғни жылдан жылға оның концентрациясының
кемімейтіні байқалды. Ал Кентау қаласы аймағынан жырақ және жел өтінi
бағытының әсерінен тыс орналасқан Майдамтал – Сауран елді мекендерінің
топырағында қорғасын мөлшері анағұрлым аз (57,6 мгкг) болып анықталды.
2005- жылғы қайталанып зерттелуде де Кентау қаласының топырағында
қорғасынның жоғары деңгейі байқалды(157 мгкг), ал Түркістан қаласындағы
көрсеткіш 52 мгкг мөлшерінде айқындалды (мұндай жағдайды Майдамтал –
Сауран өңірлерінен де байқадық). Барлық жылдардағы зерттеу нәтижелерінің
диаграммалық көрінісі сурет 2 – де бейнеленген.
Сурет 2. Кентау – Майдантал өңірі топырақтарындағы
қорғасын мөлшері
Сонымен, біз қоршаған ортаның ластануына мысал бола алатындай бір ғана
фактордың зерттелуіне назар аудардық. Әдеби қысқа шолу әдісімен және өз
зерттеулеріміздің нәтижелеріне сүйене отырып Кентау қаласының орналасқан
жеріндегі топырақта қорғасынның мөлшері өте жоғары деңгейде екеніне көз
жеткіздік. Бұл жағдай тіршіліктің қалыпты болуына қауіпті.
4. Қорғасын мөлшерін сынамалы аймақтың суында зерттеу нәтижесі.
Сыртқы ортада қорғасынның мөлшерін анықтау шарасы 2000 – жылға дейін –
ақ орындалғаны мәлім болды. Ғалым И.С.Молдалиевтің[50] хабарына сүйенсек
Кентау қаласындағы руда қалдықтары құрамындағы қорғасын мөлшері шектеулі
мөлшерден 26 есе көп болғаны айқындалған(832,2 млкг). Шахтадан сыртқа
шығарылып аққан судағы қорғасын деңгейі шектеулі мөлшерден екі есе көп
анықталған(0,06 млл).
Қорғасын мөлшері асқазан және он екі елі ішектерінде жарасы бар
аурулардың қанында да тексерілгенде оның нормадан 7-есе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz