Кеңес Одағының экономикалық және әскери – саяси өмірінде Кавказ майданының маңызы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары.
І. Кіріспер.
І. Тарау. Кеңес Одағының экономикалық және әскери – саяси өмірінд
Кавказ майданының маңызы.
1.1. Кавказдың экономикалық және саяси, стратегиялық маңызы.
1.2. Герман милитаристерінің Кавказға ерекше көңіл бөлу себептері.
1.3. Кеңес Одағы әскерлерінің Кавказды қорғанысын ұйымдастыруы.
ІІ. Тарау.Кавказ майданындағы әскери қимылдар.
2.1. Әскери қимылдар жоспары.
2.2. Кавказ майданындағы шайқастар.
2.3. Кавказдағы партизан қозғалысы.
ІІІ. Қортынды.

Кіріспе.
Ұлы Отан соғысының аса маңызды оқиғаларының ішінде Кавказ үшін болған
шайқас көрнекті орын алады. Қара теңіз бен Каспий теңізінің аралығында
өткен ұрыс қимылдары 15 ай шамасына созылды, сөйтіп қорғаныс және шабуыл
операцияларының күрделі комплексі ретінде Кеңестік әскери өнердің тарихына
енді.
Кавказ үшін болған шайқасқа құрғақтағы әскерлер, Қара теңіз флотының
күштері, Азов және Каспий әскери флотилиялары, авиация, партизандар
қатысты. Кеңес әскерлеріне ұшықиыры жоқ шексіз далада, ормандар мен
тауларда қимыл жасауға, өзендерден өтуге, теңізде де, әуеде де ұрыс
жүргізуге тура келді. Бұл сұрапыл ауыр күресте табыстар да, сәтсіздіктер де
болды, біздің әскерлеріміз, командалық және саяси кадрларымыз әбден есейіп,
шынығып алды, тәжірибе жинақтады. Басқа майдандардағы сияқты, мұнда да
Кеңес халқыпың патриотизмі мен жаппай ерлігі айқын көрінді.
Европада екінші майданның жоқтығын пайдаланып, тағы да инициативаны өз
қолына алуға тырысқан неміс-фашист командованиесі 1942 жылы еліміздің
оңтүстігінде ең ірі топты ұстай отырып, өзінің басты күштерін бұрынғысынша
Кеңес әскеріне қарсы қойды.
Гитлершіл командованиенің жазғы маусымда көздеген негізгі мақсаты
Кеңес Қарулы Күштерін жою, оларды аса маңызды әскери-экономикалық
орталықтардан айыру, сөйтіп СССР-ге қарсы соғысты 1942 жылы аяқтау болды.
Жоғарыда атап өткендей, осы жылдың жазында гитлершіл командование негізгі
күшін майданның оңтүстік учаскесіне шоғырландырды, ондағы мақсаты Донның
батыс жағындағы дұшпанды жойып, содан соң Кавказдағы мұнайлы аудандарды
басып алу, сөйтіп Кавказ жотасы арқылы өту еді1.
Немістің жоғарғы командованиесі Кавказды тікелей басып алудың жоспарын
жасады, ол жоспар шартты түрде Эдельвейс деп аталды.2
Германияның саяси және әскери басшылығы бұл жоспардың ойдағыдай жүзеге
асырылуына Түркияның Кеңес Одағына қарсы соғыс ашуы жағдай жасайды деп
есептеді. Фашистер, өздерінің есебі бойынша, Кавказ халықтары арасында
алауыздық тууға тиіс деп үміт артты.
Бірақ та Эдельвейс жоспарын жүзеге асырудың сәті түспеді. Солтүстік
Кавказ бен Закавказье майдандарының әскерлері Қара теңіз флотымен бірлесе
қимыл жасап, ауыр да табан тірескен ұрыстарда басқыншыларды тау бөктерлері
мен Үлкен Кавказ жоталарының асуларында тоқтатты, сонан кейін шабуылға шыға
отырып, оларды күйрете талқандап, Солтүстік Кавказ жерінен қуып шықты.
Кеңес Армиясы Кавказдың территориялық тұтастығын, сақтап қалды. Бұл
күресте Гитлердің Солтүстік Кавказдың астыққа бай аудандарын, мұнай
көздерін және стратегиялық шикізаттың басқа да түрлерін басып алуды
көздеген жоспары іске аспай қалды.
Кавказ үшін болған күрестің тек біздің еліміз үшін ғана зор маңызы
болып қойған жоқ. Бұл күрестің барысында Кеңес Армиясы герман
империализміні4 Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдеріне
өтетін жолын бөгеді, сөйтіп бұл елдердің халықтарына ұлт-азаттық күрес
жүргізуіне көмектесті.
Кавказ үшін болған шайқаста Кеңес Армиясының қол жеткен жеңісі бүкіл
Кеңес халқының, Кавказ халықтарының орасан күш жұмсауының нәтижесі болып
табылды. Оның өзі Кеңес жауынгерлерінің патриотизмі мен жаппай ерлік
көрсетуінің тамаша үлгісі болды. Қарулы Күштердің әрбір түрі — Құрғақтағы
әскерлер, Әскери - Әуе Күштері мен Әскери - Теңіз Флоты, әскердің әрбір
түрі, партизандар мен астыртын қимыл жасаушы ерлер Кавказда неміс-фашист
басқыншыларын талқандау ісіне өз үлестерін қосты.
Кавказ үшін болған шайқас Ұлы Отан соғысының басқа да оқиғаларынан
алабетен өткен жоқ, оның өзі Кеңес-герман майданының басқа учаскелеріндегі
Кеңес әскерлерінің жауынгерлік қимылдарымен, еліміздің тылындағы
еңбеккерлердің аса зор күш-жігер жұмсауымен байланыс.ты болды.
Волга бойындағы шайқастың нағыз жауапты кезеңінде гитлершілдер
өздерінің ірі күштерін Солтүстік Кавказдан Сталинград түбіне жібере алмады.
Сонымен, Кавказдағы соғыс қимылдары Сталинградтағы шайқасқа өте-мөте игі
әсер етіп, Кеңес Армиясының қарсы шабуылға шығуына алғы шарт жасады, сол
сияқты Сталинград түбіндегі жеңісте Кавказдағы жау әскерлерінің әскери-
стратегиялық жағдайының нашарлауына шешуші ықпал етті.

І Тарау. Кеңес Одағының экономикалық және әскери–саяси, стратегиялық
өміріндегі Кавказ майданының маңызы.
1.1. Кавказдың экономикалық және саяси маңызы.
Кавказ үшін күрестің барысында Кеңес әскерлері далалы және таулы жер
жағдайындағы соғыс қимылдарында, десанттық операцияларда, теңіз
жагалауыпдагы аудандарда құрғақтағы әсксрлер-дің авиациямен және әскери-
теңіз күштерімен бірлесе қимыл жасауда бай тәжірибеге ие болды. Кеңес
әскерлерінің Кавказдағы соғыс қимылдарының тәжірибесі бұдан кейін фашистік
Германиямен соғыстың аяқталу кезеңінде Кеңес Қарулы Күштерінің Балкандағы
шайқастарында ескеріліп, дамытылды. Бұл тәжірибе өзінің маңызын күні
бүгінге дейін жоғалтқан жоқ.
Соғыс алдында Грузияда өнеркәсіп өнімінің көлемі үздіксіз артып
отырды. Грузия ауыр өнеркәсібі жалпы өнімінің 1940 жылғы жалпы дәрежесі
1913 жылғымен салыстырғанда, 26 есе өсті. Грузияда көмір, мұнай, шымтезек,
түсті және сирек кездесетін металдар өндірілді.
Соғыс алдындағы жылдарда марганец рудаларын өндірудің экономикалық
және әскери-стратегиялық зор маңызы болды. Дүние жүзіндегі аса бай Чиатура
марганец кен орындары рудадағы металдың молдығымен ерекшеленетін. 1940 жылы
Чиатура кен орындары елімізге 1448,7 мың тонна марганец рудасын берді.
Мұның өзі жалпы одақ бойынша өндірілген марганец рудасының 56,5 проңенті
шамасындай еді. Чиатура марганец кен орындары мен Рионгэс арзан электр
энергиясы негізінде 1933 жылы Зеста-фоиск ферросплав заводы пайдалануға
берілді.
Мұнда ауыр және жеңіл өнеркәсіп пайда болды, ол 1941 жылдың өзінде
республика халық шаруашылығы өнімінің 41 бөлігінен астамын берді.
Арменияда түсті металдар, бағалы минералдық құрылыс материалдар өндірілді
және өңделді, гидроэнергетика. шаруашылығы мен химия өнеркәсібі тез
қарқынмен өркендеді. 1940 жылы Арменияның ауыр өнеркәсібінің өнімі 1913
жылғы дәрежесінен 23 есе артты.
Соғыс алдындағы бесжылдықтар тұсында Азербайжанның мұнай өнер-кәсібі
осы заманғы озық техника негізінде қайта құрылды. Химия өндірісі мүлде
дерлік қайта жасалды. Соғыс алдындағы жылдары Азербайжанның мұнай өңдейтін
заводтарында бензин өндіру революциядан бұрынғы дәрежесінен 50 есе дерлік
асып түсті. Мұнай өнімдерінің басқа да түрлері анағұрлым кеңейтіліп,
ұлғайтылды.
Азербайжанда жаңадан мұнай көздерін ашу және пайдалануға беру есебінен
мұнайды — осы бір аса маңызды стратегиялық өнімді өндіруді ұлғайтуға және
қайта өңдеуге баса көңіл бөлінді. Тек Баку ауданында ғана 1934 жылдан 1940
жылға дейінгі кезең ішінде жаңадан 235 скважина бұрғыланды3. Кавказ жерінде
1940 жылға қарай барлығы 1726 жаңа скважина қатарға қосылды. Мұның өзі осы
уақыт ішінде Кеңес Одағында іске қо-сылған барлық скважинаның 73,5
процентіне жуық болды.
Сонымен, Ұлы Отан соғысының алдында Кавказда мұнай өндіру едәуір
ұлғайды. Әсіресе Бакудың мұнайлы ауданы ерекше роль атқарды. Соғыс
қарсаңында мұнай өндіру жөнінен ол Азербайжанда ғана емес, сонымен бірге
еліміздегі аса ірі өндіріс саналып, бүкіл одақтық мұнай өнімінің 70
процентін берді.
Мұнай өнеркәсібін дамытумен бірге табиғи газ орындарын игеруге де
ерекше көңіл аударылды. Осының нәтижесінде Азербайжанның газ өнеркәсібі
Кавказдың басқа да аудандарымен бірге 1940 жылы халық шаруашылығына және
еліміздің халқына 2,5 миллиард текше метрге жуық табиғи газ берді. Бұл
жалпы одақтық газ өнімінің 65 проценті шамасындай болды4.
Кавказда электр энергетика базасы мықтап дамыды. Соғыс алдында мұнда
одақтық және жергілікті маңызы бар жаңа электр станциялары салынды.
Еліміздің азық-түлік ресурстары үшін Кавказдың экономикалық маңызы
үлкен еді. Солтүстік Кавказ бен Кубань бидай, жүгері, күнбағыс, қант
қызылшасын өндіру жөнінен еліміздің ең бай аудандарының бірі болып
табылады.
Закавказье республикаларында мақта, темекі, жүзім, шай жапырағы,
цитрус және эфир-майы дақылдары өсіріледі. Кавказ жері құнарлы мал азығына
да бай. Мұның өзі бұл жерде мал шаруашылығын ойдағыдай өркендетуге
мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы шикізаты негізінде соғыс алдындағы жылдары жеңіл және
тамақ өнеркәсібі онан әрі өркендеді. Мақта мата, жібек тоқитын, жіп
иіретін, жүн және мәуіті, былғары және аяқкиім кәсіпорындары, жеміс, овощ,
балық және ет өнімдерін өңдейтін консерві заводтары, шарап заводтары,
темекі фабрикалары және басқалар салынды.
Кавказдың экономикалық маңызы оның шикізат және азық-түлік
ресурстарымен, жоғары дәрежелі индустриялық-өнеркәсіптік базасымен ғана
шектелмейді. Соғысқа дейінгі кезеңде сыртқы сауда жүк айналымы едәуір
дәрежеде Кавказ арқылы және оның Қара теңіз бен Каспий теңіздеріндегі
порттары арқылы өтетін. СССР-дің барлық экспортының 55 проценті, импортының
50 проценті Оңтүстіктегі порттар, соның ішінде Кавказ порттары арқылы өтіп
тұрды.Каспий теңізі мен Қара теңіз коммуникациясы елімізді көрші елдер —
Иранмен және Түркиямен, ал Босфор және Дарданел бұғаздары арқылы дүние
жүзілік мұхит жолдарымен байланыс-тырды. Ұлы Отан соғысы кезінде Парсы
шығанағы, Иран және Каспий теңізі сауда жолдары Америка Құрама Штаттары мен
Британия империясы елдерінен қару-жарақ, оқ-дәрі Және азық-түлік, сондай-ақ
стратегиялық шикізат тасымалдауда екінші орын алды.
Кавказдың саяси маңызы да аса зор. Үлкен Кавказ жотасының солтүстік
жағынан бастап Дондағы Ростов қаласына дейінгі аралықта Краснодар,
Ставрополь өлкелері, Ростов облысының бір бөлігі, бірқатар автономиялы
Кеңестік Социалистік Республикалар мен автономиялы облыстар орналасқан.
Закавказьеде Грузин, Азербайжан және Армян Кеңестік Социалистік
Республикалары орналасқан. Кавказдың ұлттық құрамы да өте-мөте әр алуан.
Солтүстік Кавказдың едәуір бөлегінде орыстар, украиндар, қалмақтар, Үлкен
Кавказ жотасының тау бөктерінде және солтүстік жақ етегінде — осетиндер,
кабардиндер, чечендер, ингуштар, Дағыстанның көптеген халықтары тұрады;
Закавказьеде — грузиндер, азербайжандар, армяндар, абхаздар, курдтар,
құмықтар және басқа да көптеген ұлттар мен шағын халықтар тұрады.
Кавказдың әскери-стратегиялық маңызы тек мұнайдың және басқа да
стратегиялық шикізат түрлерінің үлкен қорымен ғана, адам ресурстарын
мобилизациялау мүмкіндіктерімен ғана анықталып қалған жоқ, сондай-ақ
қолайлы географиялық жағдайларымен де анықталды. Екінші дүние жүзілік соғыс
Кавказдың Кеңес Одағының оңтүстігіндегі маңызды қамалы ретінде орасан зор
маңызы болғанын көрсетті.
Кеңестік Кавказ едәуір жерді алып жатыр. Кавказ мойнағының ең жіңішке
жерінің өзі - Махачкала - Поти линиясының бойы 500 километрге жуық.
Кавказдың солтүстік шекарасына оңтүстігіне дейін 1000 километрдей.
Кеңестік Кавказдың шетел мемлекеттерімен — Түркиямен және Иранмен
құрғақтағы шекарасының ұзындығы 1382 километрге жетеді. Соның ішінде Кеңес
- иран шекарасы 780 километр де, Кеңес-түрік шекарасы 602 километр болады.
Кавказдың табиғат-климат жағдайының әртүрлі болуына байланысты онда
соғыс қимылдарын ерекше жағдайда жүргізу талап етіледі. Кавказдағы
әскерлерді ұрыс қимылдарына пайдалану сипатын белгілейтін негізгі факторлар
жер бедері, климат жағдайы, теңіздер болып табылады.
Кавказдың жер бедері әртүрлі, басым көпшілігі таулы болып келеді.
Бүкіл тау жүйесінің негізі Үлкен Кавказ жотасынан немесе Үлкен Кавказдан
құралады, ол Апшерон түбегінен Кубань өзені сағасына дейін 1200—1300
километрге созылады.
Үлкен Кавказ жотасының тау етегінен биік шоқысына дейін 1500—1800
метр, оны қалық орман, негізінен қылқан жапырақты ағаштар қоршап тұр, бұл
соғыс жылдары әскерлердің бой тасалауына табиғи пана болғанымен, олардың
қимылын қиындатты. Таудың ең биік ұшар басында өсімдіктер жоқ, жалаңаш
шыңдар. Үлкен жота Кавказды екіге — Солтүстік Кавказ бен Закавказьеге бөліп
тұр. Солтүстік Кавказдың жер бедері жазық далалы болып келеді, Кубань және
Кума өзендерінің бас жағына қарай Ставрополь үстірті басталады, сонан кейін
Кавказ баурайы деп аталатын тау жүйесімен ұласады. Солтүстік Кавказдың
далалық бөлігіне Дон сырты жазығы, Кубань-Азов жағалауы және Каспий
жағалауы ойпаттары кіреді.
Темір жолдар Солтүстік Кавказды Закавказьемен тек батыстан — Қара
теңіз жағалауымен Туапсе арқылы Батумимен және шығыстан Каспий теңізі
жағалауының бойымен Махачкаладан Бакуге дейін байланыстырады. Рас, 1942
жылы Астраханьнан Кизлярға дейін және 1943 жылы Адлерден Сухумиге дейін
темір жол учаскелері салынды. Мұның өзі транспорт қызметін едәуір
жақсартты.
Сол сияқты Солтүстік Кавказ Закавказьемен асулар арқылы автомобиль
және қара жолдармен байланысады. Жазық дала мен таулы жерлердегі қара жол
қатынасы соғыс алдында нашар дамыған болатын. Тас жолдар мүлде жоқ дерлік
еді. Мұнда көбіне грейдер және далалық жолдар басым болатын. Қыс
мезгілінде, көктемгі және күзгі жауын-шашында жол бұзылып қалатын да,
әскерлердің жүріп-тұруына көп қиындық келтіретін.
Шығыста Каспий теңізінің жағалауын бойлай Дербент қақпасы арқылы
Махачкала — Дербент — Баку тас жолы өтеді, ол барлық әскер түрлерінің және
транспорттың қозғалысын қамтамасыз ете алатын еді. Үлкен Кавказ жотасының
батыс бөлігімен Қара теңіз жағалауын бойлай Новороссийск — Сухуми тас жолы
өтеді.Жотаның биік таулы бөлегін солтүстіктен оңтүстікке қарай әйгілі үш
жол кесіп өтеді: Әскери-Грузин жолы Крестовый асуы арқылы Орджоникидзеден
Тбилисиге дейін барады. Қыс айларында ол қар көшкіні салдарынан әдетте
жабылып қалатын, бірақ соғыс қимылдары кезінде қыста да жұмыс істеп тұрды;
Әскери-Осетин жолы Мамисонск асуы арқылы Алагирді Кутаисимен жалғастырады;
Әскери-Сухуми жолы Солтүстік Кавказдағы Черкасскіні Қара теңіз
жағалауындағы Сухумимен жалғастырып, таулы курорт Теберду мен Клухорск асуы
арқылы өтетін. Қыс мезгілінде жолдың көпшілік учаскелерін қар басып қалуы
салда-рынан жүруге мүлде болмайтын.
Кавказдың гидрографиясы, оның жер бедері сияқты, өзгеше әрі күрделі.
Көптеген шағын тау өзендері өзінің бастауын көбінесе Үлкен Кавказдың
мұздарынан алады. Гитлершіл әскерлер үшін елеулі кедергі бола алатын ірі
өзендердің қатарына: Верхне-Курмоярскіден Азов теңізіне дейінгі өзінің
төменгі ағысымен Кавказдың солтүстік қапталын орағытып жатқан Дон өзені,
Кубань өзені, Сунжа, Ардон, Урух, Малка секілді тармақтары бар Терек
жатады.
Әскерлердің қимыл жасауына сондай-ақ көлдер мен батпақтар (көлкіген
лайсаң) елеулі кедергі болды, олардың көпшілігі Дон, Кубань, Терек
өзендерінің атыраулары мен Кумо-Манычск қазан шұңқырында кездеседі.
Батыс Кавказ баурайындағы ну қамыс өскен, көптеген көлдері бар Кубань
ми батпақ лайсаңының көлемі әсіресе ересен үлкен болып келеді. Кумо-Манычск
қазан шұңқырыңда тұзды көлдер тобы орналасқан. Олардың ішінде ең ірісі —
Маныч-Гудилб, ол батыстан шығысқа қарай 120 километрге созылып жатыр. Азов
және Каспий теціздерінің жағалауында көлдер мен ми батпақтан басқа көптеген
жайылма сулар бар. Олардың ең ірілеріне Азов жағалауындағы Ейск, Бейсугск
және Кирпильск жатады.
Кавказдағы соғыс қимылдарының өрістеу сипатына теңіз үлкен әсер етеді.
Каспий теңізі өзінің су коммуникациясы арқылы Кавказды Орта Азиядағы
Кеңестік республикалармен, ал Волга арқылы еліміздің орталық аудандарымен
байланыстырады. Каспий теңізінің оңтүстік бөлігі Иран жерімен жалғасып
жатыр.
Стратегиялық жағынан алғанда Қара теңіз ерекше үлкен роль атқарады.
Европа мен Таяу Шығыс мемлекеттері арасындағы экономикалық, саяси
және мәдениет байланыстарын дамытуда Қара теңіздің орасан зор маңызы бар
екенін бір кезде Маркс те атап көрсеткен болатын. Европаның үштен екі
бөлігі, яғни Германия мен Полышаның бір бөлігі, бүкіл Венгрия, Россияның
аса құнарлы деген бөлігі, оның үстіне, бүкіл Европалық Түркия өзінің
экспорты мен азық-түлік алмасуы жөнінен алғанда табиғи дәнекерлер арқылы
Понт Эвксинскиймен байланысты болып отыр...4
Соғыстың алдындағы дәуірде Кавказдың таулы бөлігінде аэ-родромдардың
жетіспеуі және ауа райының құбылмалы болуы салдарынан әуе қатынасы кеңінен
қолданылмаған еді.
Кавказ үшін болған шайқас кезінде ауа райы жағдайы авиацияның
жауынгерлік қимылдарына өте-мөте тежеу жасады., Біздің истребительдеріміз
қалық тұманның салдарынан өздері тұрған ауданнан ұзап шығып, қимыл көрсете
алмай жатқан кезде, Солтүстік Кавказ аэродромдарында орналасқан неміс-
фашист авиациясы Кеңес әскерлерін төпелеп бомбалаған сәттер де болды.
Соғыс қимылдары өтетін аймақ ретінде Кавказды сипаттайтын маңызды бір
жағы тұрақты байланыс құралдары еді. Тек Кеңес өкіметі орнағаннан кейін
ғана Закавказье мен Солтүстік Кавказ республикалары арасында телефон-
телеграф жүйелерінің құрылысы басталды. Дегенмен екінші дүние жүзілік соғыс
басталар алдында байланыс әлі де болса нашар дамыған еді.
Кавказдың құрғақтағы, теңіздегі және әуедегі коммуникациясының жайы,
оның жер бедері, гидрографиясы мен табиғи-климат жағдайлары негізгі
операциялық бағыттарды анықтайтын еді, гитлершіл әскерлердің шабуылын осы
бағыттардан күтуге болатын еді, Кавказды солтүстік-батыстан оңтүстік-
шығысқа қарай басып өтетін және үлкен стратегиялық маңызы бар ең маңызды
деген бағыттар шығыс кавказдық және батыс кавказдық бағыттар болды. Шығыс
Кавказ бағытындағы өзекті линия Прохладныйдан Гудермес, Махачкала, Дербент
арқылы Бакуға қарай өтетін темір жол және тас жолдар болды. Батыс Кавказ
бағытындағы өзекті линия Қара теңіз жағалауымен Туапсе, Сухуми арқылы
жүретін тас жол мен темір жолдар болды. Бұл екі бағыттың екеуі де
оперативтік жағынан зор көлемді болып, армиялық және майдаидық
бірлестіктердің қимылына мүмкіндік берді.
Ақыр соңында, Кеңестік Кавказдың стратегиялық маңызын дұрыс түсіну
үшін оның территориясының шетел мемлекеттеріне — Иран мен Түркияға жақын
тұрғанын еске алу қажет. Оңтүстіктің аса маңызды деген экономикалық
аудандары, соның ішінде Кавказдың мұнай кен орындары, Донецк таскөмір
бассейні, Кривой Рог-Никополь ауданы, Қара теңіз бен Каспий теңізіндегі аса
маңызды Кеңес порттары екінші дүние жүзілік соғыс барысында Түркия жерінде
тұрған бомбалаушы авиацияның соққысына ұшырау қаупінде болды.
Сонымен, Кеңес мемлекетінің қорғаныс қабілетін нығайтуда Кавказдың
экономикалық және әскери-саяси жағынан маңызы өте зор болды. Мұның өзі
Кавказдың аса зор табиғи байлықтарынан, оның қуатты индустриялық базасынан,
Кавказдың барлық халықтарының жаңа коммунистік қоғам құрып, бүкіл дүние
жүзіне әлеуметтік және ұлттық бостандыққа жету жолын көрсетіп отырған
біртұтас туысқан семьяға берік топтасқандығынан айқын көрінетін еді.
Кавказдың маңызы оның ерекше географиялық жағдайынан да туындайтын еді:
Кавказ дүние жүзіндегі маңызды стратегиялық ауданға орналасқан, ол арқылы
Европа, Азия, Таяу және Орта ПІығыс мемлекеттерін біртұтас түйінге
біріктіретін сауда және стратегиялық жолдары өтеді; Кавказдың маңызы сондай-
ақ оның екі дүние: социализм лагері мен капитализм лагерінің шегінде
жатуынан да туындайтын еді.
1.2. Герман милитаристерінің Кавказға ерекше көңіл бөлу себептері.
Герман милитаризмінің агрессиялық саясаты мен стратегиясының тарихы
оның Шығысқа бойлап енуге ұмтылуымен тығыз байланысты болды. Дранг нах
Остен-осы бір қысқа сөздерде сонау лағнет атқан төбет-рыңарьлардан бастап
қазіргі батыс герман кекшілдеріне дейінгі герман милитаристерінің негізгі
сыртқы саяси және стратегиялық кредосы тұжырымдалған.
Оларды Шығысқа соншама еліктірген не нәрсе? Герман жаулап алушыларының
аңсары неменеге ауа берді? Олардың көптеген ғасырлар бойғы басқыншылық
саясатының басты мақсаты орыстардың, белорустардың және украиндардың шексіз-
шетсіз жері, славян халықтарын құлдану, олардың байлығын басып алу еді. Осы
арқылы олар дүние жүзілік үстемдікті жеңіп алмақ болды. Герман
милитаризмінің бүкіл тарихы зорлық-зомбылықтың, тонау мен ойрандаудың қан-
құйлы жолымен өтіп келеді. Герман агрессорларының ІПығыстағы жолы қираған
қалалармен, өртенген селолармен, мәдениет пен цивилизацияның орталықтарын
құртумен, халықтарды жаппай қырумен өтті.
Олардың экономикадық эмиссарлары Таяу және Орта Шығыс, Орталық және
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Африкаға жұлқына ұмтылды. Неміс агентурасы
бұл елдердің экономикасына, мемлекеттік аппаратына, армиясына тереңдеп еніп
кетті. Эмиссарлар мен саяси барлаушылардың ізінше герман бас штабының
қызметкерлері ұмтылды. Сонан соң стратегиялық карталарға болашақ
басқыншылық жорықтардың бағыттарын көрсететін сызықша жебелері салынды.
Осындай бір жебенің өткір ұшы Украина мен Қырым арқылы, Кавказ арқылы
оңтүстік-шығысқа, алыстағы Үндістанға бағытталды. Герман профессорларының
1915 жылғы 8 июльдегі меморандумында толып жатқан талаптардың ішінде
Украина мен Кавказды, Балқаң елдерін, Парсы шығанағына дейінгі бүкіл Таяу
Шығысты, сол сияқты Үндістанды, Африканың едәуір бөлігін және бәрінен бұрын
Англияның өмірлік маңызды жүйкесіне соққы беру үшін4, бүкіл Египетті
басып алу талабы алға қойылды.
Бұл программа герман империализмінің шығыс кеңістігіне деген
агрессиялық ниетін айқын көрсетеді.
Герман империализмінің Шығысқа қарай жылжудағы қарапайым мақсаттарын
герман империализмінің әскери идеологы, 2-армия штабының бұрынгы
оберквартирмейстері генерал Людендорф былайша баяндайды: Мен Украинадан
да, Кавказдан да жер алсам деп армандағам жоқ, тек ол жақтан жалпы өмірге
және соғысты одан әрі жүргізе беруге соншалық қажетті болған шикізат алуды
ғана көздедім... Сол сияқты мен, мүмкіндігі болғанша, бұл облыстардың адам
күштерін пайдалануды, бір жағынан әскер жасақтауды, ал екінші жағынан, одан
да көбірек үміттенгенім, отан үшін әскерге шақыруға мүмкін болатын
немістерді ауыстыратын жұмыс күшін тартуды ойладым5.
Герман милитаризмі басшыларының бірі және идеялық жағынан дем
берушілерінің бірі бірінші дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі герман
стратегиялық жоспарының Украина мен Кавказды басып алуды көздеген ролін
осылайша ашықтан ашық көрсеткен еді. Бұл облыстар герман әскери өнеркәсібі
үшін шикізат беріп отыратын, өзінің қарулы күштерін зеңбірек оғының өтіне
ұстауға керекті жаңа жасақтармен толықтырудың көзі, сөйтіп ақыр соңында,
герман өнеркәсібі мен арзан жұмыс күшінің резерві болуға тиісті еді. Бірақ
та Кавказға екінші герман рейхының отары болу ролі ғана беріліп қойған
жоқ, сонымен бірге Шығыс пен Азиядағы агрессияны кеңейту үшін
стратегиялық бекініс ролі де берілді.
Бұл ретте герман милитаризмі басшыларының бірі, генерал Гинденбургтың
айтқандарының айырықша сипаты бар. Соғысқа қатысушылардың барлығы
Закавказьедегі шикізаттың бай қорларын аздап болса да пайдаланып қалуы
үшін Кавказдың маңызын мойындай отырып, ол бұл мәселенің басқа бір жағын
да ашып көрсетеді. Англия,— деп жазды ол өзінің естеліктерінде,— Россияға
өз ықпалын Ақ теңіз бен Архангельск арқылы және Каспий теңізі мен Баку
арқылы бірдей қамтамасыз еткісі келеді. Осының негізінде оттоман
жоспарларының орындалуы... біздің де мүддемізге сай келеді6
Сонымен, бұл жерде герман милитаристерінің Кавказ үшін күрес
жоспарының басқа да жақтары ашылады, атап айтқанда: Россиядағы ағылшын
ықпалына қарсы тұруға тырысу, сөйтіп Түркияның көмегімен Кавказға бекініп
алу. Мәселе былай, бірінші дүние жүзілік соғыстың бастапқы кезінде-ақ
герман империализмінің авантюристік жоспарларының іске аспай қалатыны
белгілі болды. Оның кең көлемде басып алу мақсаттарына нақтылы
мүмкіндіктері сәйкес келмеді. Европадағы Антантаның қарулы күштерінің
қыспағына ұшыраған герман империалистері Кавказ бен Түркиядағы өз
мүдделерінен уақытша бас тартуға мәжбүр болды.
Герман империалистері өз мақсаттарына жету үшін тағы да Түркияны
пайдаланды. Онымен бірлесе отырып, Германия Бакуге шабуыл жасаудың
әзірлігіне кірісті. Герман империалистері бұл қалаға мұнайға бай маңызды
аудан ретінде ғана қараған жоқ, сонымен бірге Закавказьедегі барлық
революциялық күштерді біріктіріп отырған орталық ретінде, Европадан Азияға,
Таяу және Орта Шығыс елдеріне баратын жолдардың маңызды түйіні ретінде
қарады.
Екінші дүние жүзілік соғыс герман империалистерінің Шығысқа бойлап
еніп алуға тырысқан әрекетінің жаңа кезеңі болды.
Гитлершілдердің Францияны және басқа да Батыс Европа мемлекеттерін
талқандағаннан кейін іле-шала іс жүзінде СССР-ге қарсы соғысқа әзірлене
бастағаны мәлім. Англияға қарсы Теңіз арыстаны деп аталатын десант
операциясын әзірлеу екінші кезекке қалдырылып, тек саяси және стратегиялық
айла-шарғы мақсатымен онан әрі жалғастырылды. Герман бас штабының басты
назары СССР-ге қарсы соғысқа әзірлену жөніндегі стратегиялық жоспарды
жасауға және практикалық шараларды жүзеге асыруға аударылды. Бұл туралы
фашистік Германияның құрғақтағы әскерлері бас штабының бастығы генерал-
полковник Гальдердің жұмыс күнделігіндегі жазбалары айқын дәлелдейді. Ол
1940 жылы 31 июльде СССР-ге қарсы соғыстың стратегиялық жоспары
Барбаросса жоспарын жасауда негізге алынатын Деректер берген Гитлердің
нұсқауын жазып алған.
Осы нұсқауларға сәйкес СССР-ге қарсы соғысты бастау 1941 жылғы майға,
операцияны өткізу мерзімі бес айға белгіленді. Алғашқы пікір бойынша бір
соққы Припять өзенінен оңтүстікке қарай Киевке, ал екінші соққы —
Прибалтика мен Белоруссия арқылы Москваға берілуі керек болды. ...Одан әрі
екі жақты соққы — солтүстік пен оңтүстіктен; кейінірек — Баку ауданын басып
алудың жеке операциясы көзделді.
Осының бәрі Финляндия мен Түркияны қаншалықты қызықтырар екен,
көрейік.
Кейінірек: Украина, Белоруссия, Прибалтика —бізге. Финляндияға — Ақ
теңізге дейінгі аудандар.
Бұл нұсқаулар Гитлердің 1940 жылғы 18 декабрьдегі № 21 ди-рективасын
жасауға негіз болды. Бұл директивада соғыстың таяу уақыт ішінде шешетін
мақсаттары көзделді, олар: СССР-дің батыс бөлігінде тұрған құрғақтағы Кеңес
әскерлерінің негізгі күш-терін жою, Прибалтика, Белоруссия және Украина
жерлерін басып алу. Припятьтың солтүстігін ала басты соққы берумен Москваға
тезірек өту көзделді.
Демек, алғашқы кезеңде Гитлердің директивасында Кавказ туралы ештеңе
де айтылмаған. Мұның мәнісі, сірә, қауырт соғыстың идеясына сүйенген
гитлершілдер соғыста таяу уақыт ішіндегі мақсатқа жету Кеңес мемлекетін
құлатуға, сөйтіп Волга Архангельск линиясынан батысқа дейін ұласып жатқан
территорияны ешбір кедергісіз басып алуға жеткізеді деп ойласа керек. Бұлай
болған жағдайда Кавказ бен Бакуды басып алу жөнінде операция жүргізудің
қажеттігі болмай қалар еді.
Бірақ соғыс оқиғалары фашист ставкасы жоспарлағандай болып өрістемеді.
Қауырт соғыс идеясы СССР-ге қарсы жасалған гитлерлік агрессияның бастапқы
кезінде-ақ күйреді. Неміс-фашист әскери басшыларының көз алдында ұзаққа
созылатын соғыстың перспективасы барған сайын айқындала түсті. Бұл жағдай
герман стратегтерін жоспарға герман қарулы күштерінің басты тегеурінін
Москва стратегиялық бағытынан Украин-Кавказ бағытына қарай бірте-бірте
ауыстырылатынын көрсететін бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
мәжбүр етті. Мұндай ауыстыру идеясы әсіресе ОКВ мен ОКХ-ның1 бұдан былайғы
ди-рективаларында, Гитлердің жоғары герман генералитетінің кеңестерінде
берген нұсқауларында және Дипломатиялық актылардан айқын көрінді. Мәселен,
ОКВ-ның 1941 жылғы 12 июльдегі № 33 директивасына енгізілген қосымшаның
өзінде Кавказға шабуыл жасау қажеттігі атап көрсетілді. Оперативтік жағдай
мен материалдық-техникалық жабдықтау әзір болысымен,— делінген
директивада,— 4-танк армиясы басқармасына қарасты 1 және 2-танк топтары,
оның соңын ала жүретін жаяу әскерлермен жәнө таулық атқыштар дивизияларымен
бірлесе отырып, Харьков өнер-кәсіп ауданын басып алғаннан кейін Дон арқылы
Кавказға шабуыл жасауға тиіс.
ОКВ-ның 1941 жылғы 12 августағы № 34 директивасына енгізілген
толықтыруында герман шығыс майданының оң қанатында Қырымды алу міндеті
қойылды, өйткені Қырым авиация базасы ретінде румын мұнайлы аудандарына
ерекше үлкен қауіп төндіреді7. Гитлерлік әскери басшылар Қырымды басып
алғанда румын мұнайлы аудандарын қауіпсіздөндіруге ғана үміт артып қойған
жоқ, сонымен бірге оны Кавказға өту үшін өткел ретінде пайдаланбақшы болды.
№ 34 директиваға сол бір толықтыруда Қырымға таулық атқыштар әскерлерін
жіберу, сөйтіп оларды Керчь бұғазы арқылы өту кезінде және одан әрі Батуми
бағытындағы шабуылда пайдалану мүмкіндіктерін тексеру8 қажеттігі алдын ала
көрсетілді.
Кеңес Қарулы Күштерін тез уақытта талқандау, Кеңес мемлекетінің
астанасы Москваны, солтүстік-батыстағы және Кавказдағы өнеркәсіп аудандарын
басып алу жайлы фашистік жоспарлардың бүтіндей қисынсыз екені 1941 жылдың
аяғында анықтала түсті. Соғысты аяқтаудың перспективасы 1941 жылдың аяғында
ақ жойылды. Неміс-фашист армиясының жоғарғы басшылығы арасында толқулар мен
алауыздықтар пайда болды. Құрғақтағы күштердіц бас командованиесінің Москва
стратегиялық бағытында танк әскерлерінің бұрынғы топтарымен басты күштердің
щабуылын онан әрі жалғастыра беру туралы пікіріне Гитлер және оның ставкасы
танк соққыларын қанаттардан үдемелете жүргізуді, сол арқылы қыс түскенге
дейін Кеңес герман майданының оңтүстік учаскесінде Қырымды, Донбасстың
өнеркәсіпті аудандарын басып алуды, Кеңес армиясын Кавказдан мұнай алу
мүмкіндігінен айыруды және солтүстік учаскеде фин армиясымен бірлесе отырып
Ленинградты қоршаудың стратегиясын қарама-қарсы қойды.
Гитлердің 1941 жылы 21 августа құрғақтағы күштердің бас қолбасшысына
берген директивасы осы міндеттерді шешуге бағытталды. Онда неміс-фашист
әскерлерінің Қырымды, Донбассты тез арада басып алып, Кавказға енуінің
маңызы атап көр-сетілді.
Гитлердің Қырымды, Донецк бассейнін, Кавказды басып алуға, Қара
теңізде үстемдікті жаулап алуға ерекше мүдделі болуының негіздері оның 1941
жылы 22 августа Германияның құрғақтағы күштері бас командованиесінің атына
жібер"ілгең хатында көрсетілген болатын. Гитлер бұл хатында бас
командованиеге соғыстың негізгі мақсатына — континенттік держава ретінде
Рос-сияны біржолата жоюға — орыстың қарулы күштерін жою және олардың тірек
ететін әкономикалық базаларын басып алу немесе жойып жіберу арқылы ғана
жетуге болатынын ұғындырды. ...Саяси тұрғыдан алып қарағанда неғұрлым тез
арада Россияның мұнай алып отырған аудандарына шығып алу өте қажет, өйткені
мұның Россияны тек мұнайсыз қалдыру үшін ғана емес, қайта ең алдымен
орыстар мен ағылшындар тарапынан қарсылықтың қаупі төне қалған жағдайда
таяу уақытта Иранның немістерден нақтылы көмек алу мүмкіндігіне үміт арту
үшін де қажет.
Жоғарыда көрсетілген міндеттер тұрғысынан алғанда...,— деп айтылған
мұнан әрі хатта,— Москва проблемасы өзінің маңызы жағынан белгілі дәрежеде
кейінге ығыстырылады10.
Гитлердің ОКХ атына жолдаған 1941 жылғы 21 августағы директивасы және
оның СССР-ге қарсы соғысты жүргізу мәселелері жөніндегі 1941 жылғы 22
августағы хаты Батыстың буржуазиялық газеттерінің беттерінде бұрынғы
гитлершіл генералдардың ескі бағытын жақтаған даурығына негіз болды. Екінші
дүние жүзілік соғыс жылдарындағы соғыс қылмыстарының кінәсынан фашистік
генералитетті аршып алуды және неміс фашист армиясының Кеңес-герман
майданында жеңіліске ұшырау кінәсын Гитлердің бір өзіне аудара салуды
көздей отырып, фюрердің бұрынғы сыбайластары және оның еркін орындаушы
генералдар Цейтцлер, Типпельскирх, Блюментрит, Вестфаль және басқалары
неміс-фашист армиясының негізгі күштерін 1941 жылы август — сентябрьде
Москваның стратегиялық бағытынан алып, оңтүстікке аудару — герман бас штабы
жасаған қауырт соғыс жоспарын сәтсіздікке ұшыратуға әкеліп соққан
Гитлердің қатерлі шешімі болды мыс деп есептейді.
Дегенмен бұлтартпайтын документті материалдар негізінде Гитлер мен
оның генералдарының тіпті соғысқа дейін-ақ экономикалық факторға аса зор
маңыз бергені бұл күнде анықталып отыр. Осыған байланысты герман бас штабын
агрессияға ұмтылдырған нәрсе — Ленинградтың, Москваның, Украинаның
өнеркәсіп аудандары, Кавказдың мұнайы болып табылды. Неміс-фашист
армиясының жоғарғы командованиесінің бас командованиемен таласы соғыстың
мақсаты туралы емес, тек осы мақсаттарға жетудің әдістері мен құралдары
туралы ғана болды.
Гитлер ставкасы мен герман бас штабы документтерін талдау қауырт
соғыс идеясы перспективаларының сәтсіздікке ұшырауы және соғыс барысының
ұзаққа созылатындығы неғұрлым айқындалған сайын герман қарулы күштерінің
басты күшін совет герман майданының оң жақ қанатына аудару тенденциясының
соғұрлым айқындала түскенін толығымен дәлелдейді. Бұл объективті тенденция
Гитлер шешімінің бір жақты — экономикалық, саяси және стратегиялық — жалған
елесін туғызды.
Гtнерал Гюнтер Блюментрит Москва түбіндегі шайқастың қайғылы
зардаптарына себеп болған нәрсе Гитлердің соғыс стратегиясына көзқарасында
оның ұстаған экономикалық позициясы болды деп атайды. Гитлер,— деп жазды
ол,— соғысқа бірыңғай экономикалық позиция тұрғысынан қарады. Ол Украинаның
мол астығын, Донецк индустрия бассейнін, ал сонан соң Кавказ мұнайын басып
алғысы келді11
Гитлердің СССР-ге қарсы. соғыстағы пиғылына мүндай біржақты баға беру
нанымсыз да дәлелсіз. Неміс-фашист қарулы күштерінің басты күш-жігерін
Кеңес-герман майданының оң жақ қанатына аударудың түп негізінде ең алдымен
саяси себеп жатты. Өте, ұзаққа созылған соғысты жүргізу үшін стратегиялық
шикізат, ең алдымен мұнай керек болды. Стратегиялық шикізаттың жаңа базасы
қажет болды. Мұндай базаны Гитлер Кеңес Одағының оңтүстігінен, Таяу Шығыс
елдерінен көрді. Бірақ гитлершілдерді Кавказдағы мұнай ғана қызықтырып
қойған жоқ. Бұл ретте Гитлер командованиесінің 1941 жылғы июльде жасаған
неміс-фашист әскерлерінің Кавказ арқылы шабуылының үшінші кезеңінің
жоспарымен танысып өткен артық болмайды. Ол документ мынау:
Иран-Ирак шекарасындағы Ревандуз және Ханаган асуларын алу мақсатымен
Кавказ жотасы арқылы Солтүстік Кавказ және Солтүстік-Батыс Ирак операциясын
өткізу.
Мақсат:
Операцияның мақсаты мынада: Кавказдың мұнайлы аудандарын иемдену керек
және одан әрі Бағдадқа жылжу үшін Иран-Ирак шекарасындағы асуларды 1942
жылдың сентябріне қарай алу керек.
Операцияның кезеңдері:
Операция алты кезецде өтуі мүмкін (шамамен ұзақтық мерзі-мі — 1941
жылдың ноябрі — 1942 жылдың сентябрі).
Бүл кезеңдер мынадай болмақ:
Солтүстік Кавказдағы стратегиялық күштерді өрістететін аудандарды алу (1941
жылғы ноябрьден).
Кавказ арқылы шабуыл жасау үшін күштерді өрістету (1942 жылғы майдын аяғына
дейін).
Кавказ арқылы екі фазамен шабуыл жасау (1942 жылғы июль).
Закавказье арқылы Аракске дейін шабуыл жасау.
Иран-Ирак шекарасына шабуыл жасау үшін Тебриз және Керменшах ауданында
бастапқы позицияны алу.
Операцияның мақсатына — шекара асулары Ревандуз бен Ханаганды алуға жету
үшін шабуыл жасау (1942 жылғы .4—6 июль — сентябрдің басы),
1-кезеңге. Ағымдағы операциялардың нәтижесіне байланысты. 2 және 3-
кезеңдер үшін шешуші жағдай (Кавказ арқылы шабуыл жасау) 1941 жылғы қыста
Волгаға шығу болып табылады12.
Міне, сондықтан да, 1942 жылғы жазғы шабуылды жоспарлай отырып, Гитлер
ең алдымен Волганың үлкен иінді маңына шы-ғып, Кавказды басып алмақ болды.
Бұл ниетті іске асырудың,— деп жазды генерал Цейтцлер,— орасан зор маңызы
болатыны даусыз еді. Егерде неміс армиясы Сталинград ауданында Волгадан өте
алған болса, сонымен солтүстіктен оңтүстікке баратын орыстың негізгі
коммуникациялық линиясын кесіп тастаған болса және егерде Кавказ мұнайы
Германияның соғыс қажетін қанағаттандыруға жұмсалған болса, онда Шығыстағы
жағдай түбегейлі өзгеріп, соғыстың нәтижелі аяқталуына деген біздің
үмітіміз әлдеқайда арта түскен болар еді13.
Сонымен, Гитлер мен оның ставкасы ғана емес, құрғақтағы күштердің бас
командованиесінің өкілдері де Кавказға үлкен үміт артты. Бас штаб генерал
Гальдерді ауыстырған генерал Цейтцлер Гитлердің ойларын одан әрі аша түсті.
Бұл мақсаттарға жетіп,— деп жазды ол, Кавказды басып алуды ескере отырып,—
ол (Гитлер.— Автор) Кавказ арңылы немесе басқа жолмен өте жүрдек
құрамаларды Үндістанға жібергісі келді14.
1942 жылғы жазғы маусымға жасалған стратегиялық жоспардың мазмұны
Гитлердің 1942 жылғы 5 апрельдегі № 41 директивасында ресми түрде
баяндалған. Неміс-фашист армиясы жоғарғы бас командованиесінің бұл
директивадағы жалпы ойлары совет-герман майданының орталық учаскесіндегі
орын алған жағдайды қалпында ұстай отырып, үдемелі соққылармен оң қанаттағы
Кеңес әскерлерінің шеткі топтарын талқапдап, босаған күштермен Ленинградты
басып алып және құрғақтағы фин ар-миясымен байланыс жасай отырып, содан соң
Кавказға өтуге келіп тірелген болатын.
Сондықтан,—делінген директивада,—ең алдымен Донның батыс жағындағы
дұшпанды талқандау мақсатымен оңтүстік учаскеде басты операцияны өткізу
үшін қолдағы бар күштер шоғырландырылуға тиіс, сонан кейін Кавказдағы мұнай
шығаратын аудандарды басып алып, Кавказ жотасы арқылы өту керек15.
1942 жылдың көктемі мен жазында Кеңес-герман майданында болған
оқиғалар неміс-фашист әскерлері олардың алдына Гитлер қойған міндеттерді
жүзеге асыруға жанталаса тырысқанын көрсетті. Келесі тарауларда Гитлердің
Кавказды басып алу жөнінде 1942 жылғы 23 июльдегі № 45 директивасында
баяндалған нақты жоспарын талдап қарайтын боламыз.
Сонымен, фашистік Германияның басшылары Кавказды алуға өте-мөте зор
маңыз берді: олар Кавказ мұиайынан айыру Кеңес Одағын онан сайын
әлсіретеді, ал неміс әскерлерінің Закавказьеге енуі СССР-дің Кавказ және
Иран арқылы сыртқы дүниемен байланысын үзеді деп дәмеленді; фашистік
Германия Кавказ бен Закавказьені басып алу арқылы өздері аса мұқтаж болып
отырған жанар майдың көзін тапқан болар еді; Кавказды жаулап алумен
байланысты гитлершілдер Түркияның СССР-ге қарсы соғысқа қосылуына қол
жетеді деп есептеді; біздің Қара теціз флоты базасынан айрылар еді де,
мұның өзі оның құрып кетуіне және жаудың Қара теңізге толық үстемдік
жургізуіне әкеліп соғар еді; неміс-фашист әскерлерінің Закавказьеге еніп
алуы Таяу Шығыста өзінің үстемдігін орнату мақсатымен одан әрі қимыл жасай
беруі үшін қолайлы жағдай жасаған болар еді. Басқаша айтқанда, Кавказды
жаулап алу — неміс-фашист командованиесінің соғысты жүргізудегі жалпы
жоспарында бірінші дәрежелі маңыз алды.

1.3. Кеңес Одағы әскерлерінің Кавказды қорғау үшін жан – жақты
дайындығы.
Ұлы Отан соғысы басталар алдында Солтүстік Кавказ бен Закавказьенің
кең аймағында екі әскери округ — Солтүстік Кавказ және Закавказье округтері
орналасқан еді.
Әскерлерді ұйымдастырудың территориялық жүйелері болған жылдар ішінде
көп адам резервтерін жинақтауға мүмкіндік болды, мұның өзі Ұлы Отан соғысы
қарсаңында қажетті әскерлерді жасақтауға жағдай туғызды. Соғыс қаупінің
ұлғая түсуіне байланысты 1939 жылдан бастап Солтүстік Кавказ әскери
округінда атқыштар және атты әскер дивизияларын, танк бригадаларын,
артиллерия бөлімдерін және авиация дивизияларын құру басталды, бұл
құрамалардан 1941 жылғы майда 19-армия құрылды. Бұл армияның қолбасшысы
болып генерал-лейтенант И. С. Конев тағайындалды, ол бұған дейін Солтүстік
Кавказ әскери округі әскерлерін басқарған болатын.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап, Солтүстік Кавказ әскери
округінің территориясында 56-Дербес армия құрылды, оны Солтүстік Кавказ
әскери округінің қолбасшысы генерал-лейтенант Ф. Н. Ремезов басқарды.
Солтүстік Кавказ әскери округі ресурсынан 37-армия толықтырылды. Солтүстік
Кавказ әскери округі территориясынан генерал-лейтенант Д. И. Рябы-шевтың
басқаруында 57-резервтегі армия құрылды. Генерал-майор Ф. М. Харитоновтың 9-
армиясының жеке құрамы және Оң-түстік майданның басқа да құрамалары мен
бөлімдері адам құрамымен толықтырылды.
Новочеркасскідегі жоғарғы атты әскерлер курстары, Ростовтағы,
Краснодардағы, Орджоникидзедегі, Махачкаладағы, Грозныйдағы, Майкоптағы,
Буйнакскідегі жаяу әскерлер училищелері, Ростовтағы артиллерия училищесі,
Ейск авиация училищесі, Армавирдегі запастағы командирлер құрамын жетілдіру
курстары әскерлердің барлық түріне командирлер мен саяси қызметкерлер
даярлады.
Сол сияқты Закавказье әскери округінде де өзгерістер болды. 1940-жыл
бойы Закавказьеге бес атқыштар, бір атты әскер және бір танк дивизиясы, екі
дербес жеңіл танк бригадасы, бір авиация бригадасы, үш авиация дивизиясы,
Бас командованиенің резервінен артиллерия бөлімдері, бірнеше арнайы және
техникалық бөлімдер келді. Осы кезеңде 3 және 23-атқыштар корпустарының
басқармалары құрылды.
Ұлы Отан соғысы басталысымен Закавказье әскери округі территориясында
жаңа бөлімдер мен құрамалар құрылып жатты. 1941 жылдың авгусынан декабріне
дейін жиырмадан аса атқыштар дивизиясы құрылды. Июльдің аяқ шенінде округте
төрт армия (44, 45, 46 және 47) күшейтілді.
Закавказье майданы әскерлеріне (1941 жылеы 30 декабрьге дейінгі
қолбасшысы генерал-лейтенант Д. Т. Козлов, Әскери совет мүшесі дивизия
комиссары Ф. А. Шаманин, штаб бастығы генерал-майор Ф. И. Толбухин) Қара
теңіз жағалауының оң жақ бөлігін қорғау жүктелді. Майданның ңегізгі күштері
Кеңес түрік шекарасына шоғырландырылды, өйткені Түркия үкіметі көпекорнеу
герман саясаты жағында болды. Оның үстіне майдан күштерінің бір бөлігі 1941
жылғы 25 августа Кеңес-Иран шартына сәйкес Иранға жіберілді.
Сондықтан да Жоғарғы Бас Командование Ставкасының соғыстың алғашқы
кезеңінде Кавказдың солтүстіктегі қорғанысып нығайтуға Закавказье майданы
әскерлерін толығымен пайдалануына мүмкіндігі болмады. Оның үстіне соғыстың
алғашқы айларында ақ Закавказье майданынан алғы шептегі армияларға 7
тұрақты дивизия, 377 марш ротасы :кәне 756 танк экипажы жіберілді. Батыс
майданға 17 және 24-атты әскер дивизиялары кетті. Қырымды қорғап тұрған 51-
армия Закавказьеден бірнеше құрамалар алды. Приморье армиясының құрамына
388-атқыштар дивизиясы берілді. 1941 жылдың күзінде дұшпан оңтүстік-батыс
бағытында Ростов және Керчь бұғазы арқылы Кавказға қауіп төндірген кезде
Закавказье майданы Солтүстік Кавказға қайтадан топтастырыла бастады. Солай
қарай 44-армияның құрамалары мен бөлімдері және 47-армияның кейбір
құрамалары мен бөлімдері жіберілді. .Осы кезең ішінде Оңтүстік майданның
құрамына 398, 400 және 317-атқыштар дивизиялары, 6 және 54-танк
бригадалары, бірнеше артиллерия полктары, екі авиация дивизиясы және басқа
да әскер түрлерінің көптеген бөлімдері мен бөлімшелері жіберілді.
Кеңес үкіметі сол кезеңде Қара теңіз бен Каспий теңізіндегі әскери
теңіз күштерін нығайтуға ерекше көңіл бөлді.
Соғыс басталар ңарсаңда Қара теңізде Кеңес Одағының теңіз
жағалауындағы мемлекеттердің әскери-теңіз күштерінің бәрін қоса алғанда
олардан басым түсетін әскери флоты болды. Бұл флот тек осы елдермен ғана
емес, сонымен бірге Қара теңізге енуі әб-ден мүмкін деп есептелген неміс
және итальян флоттарының кемелерімен де ойдағыдай күрес жүргізе алатын
дәрежеде еді.
Кавказда Новороссийск және Батуми әскери теңіз базаларының күштері
орналасты.
Соғыс басталған соң бір айдан кейін Поти әскери теңіз базасы құрылды
(командирі генерал-майор М. Ф. Куманин, әскери комиссары полк комиссары В.
И. Орлов, штаб бастығы ІН-ранга-дағы капитан А. В. Свердлов). Оның
құрамында сүңгуір қайықтардың 2 дивизионы, торпедалық қатерлердің дивизионы
(12 ка-тер), күзет қатерлері дивизионы (23 қатер), 2 базалық тралыцик,
теңіз ауданы күзеттерінің күштері, жағалауды қорғайтын 4 батарея, 6 зенит
батареясы болды. Поти және Батуми порттарында 2 эскадралық миноносец, ал
1941 жылғы октябрьден бастап батыстағы базалардың жойылуына байланысты Қара
теңіз флоты эскадрасының басқа да кемелері тұрды1. Поти әскери теңіз
базасының бөлімдері Закавказье әскери округының әскерлерімен бірлесе отырып
Түркияның мемлекеттік шекарасынан бастап Адлерге дейін Қара теңіз жағалауын
қорғады.
Новороссибирск әскери-теңіз базасы (командирі 1-рангадағы ка-питан А.
П. Александров, әскери комиссары полк комиссары И. Г. Бороденко, штаб
бастығы 1-рангадағы капитан Г. Н. Холо-стяков) соғыстың бас кезінде
бөлімдерді мобилизациялау негізінде
қайта жасақтау есебінен мынадай құрамда болды: күзет кемелерінің
дивизионы (4 кеме), тралыциктер дивизионы (21 тральщик), торпеда
қатерлерінің 2 дивизионы (21 қатер), күзет қатерлерінің 3 дивизионы (33
қатер), сүңгуір қайықтардың жаттығу дивизионы (7 ңайық), теңіз ауданының
күзет бөлімдері, 11 тұрақты және жағалаудағы темір жол батареясы мен 8
зенит артиллериясының батареясы, жағалау қорғанысының запастағы полкы,
теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы, атқыштар батальоны және басқа да шағын
атқыштар бөлімдері. Сондай-ақ Новоросибирскіде Қара теңіз флотының эскадра
кемелері мен басқа да құрамаларының едәуір тобы шоғырланып тұрды: 2
крейсер, 3 эс-кадралық миноносец және 29 тралыцик1. Сол кездері құрамына
Керчь жағалауы қорғанысының бекініс секторы кіретін Новоросибирскі - әскери-
теңіз базасының күштері Солтүстік Кавказ әскери округінің әскерлерімен
бірлесе отырып, Адлерден бастап Керчь бұғазын ңоса Кавказ жағалауын
қорғады.
Азов жағалауының қорғанысын нығайту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес әскери қолбасшылардың естеліктеріндегі Сталинград шайқасы
Ұлы Отан соғысы. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде
Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі
Ұлы Отан соғысы
Сталинград шайқасы туралы
Тағызым етем, естен кетпес ерлігіңе
Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар
Соғыстың басталуы
Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы
Пәндер