Кертартпа ғадет социологиясы



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кертартпа ғадет социологиясы.
Жоспары:
1. Кертартпа ғадет түсінігі және оның түрлері. Кертартпа ғадет
социологиясының пәні.
2. Кертартпа ғадеттің себептерін теориялық тұрғыдан түсіндіру
(Кертартпа ғадетті зерттеуге үлес қосқан тарихи ойшылдар).

Лекция мақсаты: Студенттерге керітартпа ғадеттүсінігін және оның түрлерін,
керітартпа ғадет социологиясының пәні турасында және де керітартпа ғадеттің
себептерін теориялық тұрғыдан түсіндіру.
Лекция мазмұны: Қазақ тіліндегі әдебиеттерде кертартпа ғадет, жағымсыз
мінез-құлық, девианттық мінез-құлық деп әртүрлі беріледі. Бірақ бұл
үшеуінің де мағынасы бір деп қабылдаған дұрыс. Девиантное поведение деген
сөздің аудармасы ретінде осы үш нұсқа алынған, көп жағдайда кертартпа ғадет
сөзі қолданылады. Девианттық (девиантное) сөзі латын тіліндегі deviatе
деген сөзден шыққан. Deviate- ауытқу дегеннді білдіреді. Кертартпа ғадет-
бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез-құлық. Адамның іс-
әрекеті, мінез-құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге, стеореотиптерге
(қалыптасқан пікір) одан күтілетін әрекеттерге, құндылықтарға сәйкес
келмеуі. Кертартпа ғадет барлық кезде, барлық қоғамға тән. Бұл мәселе
заңгерлерді, саясаткерлерді, жазушыларды және қоғамның барлық мүшелерін
толғандырады. Сондықтан, социология кертартпа ғадетті зерттеп, оның
формаларының барлығының мәнін ашуға тырысады.
Кертартпа ғадеттің мәнін ашу норма түсінігімен байланысты. ¤йткені
норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мінез-құлқы кертартпа ғадет
болып табылады. Бұл жерде кертартпа ғадет деп біраз нәрсені айтып тұр.
Кертартпа кері, теріс, жағымсыз дегенге сай келсе, ғадет сөзі әдет, әрекет,
мінез-құлық деген сөздермен мағыналас келеді. Адамның қандай әрекеті
кертартпа, қандай әрекеті қалыпты кертартпа емес екенін ажырату үшін
норма түсінігінің мәнін ашып алуымыз қажет. Әлеуметтік норма- бұл нақты
қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтық немесе
ұйымның шектелген іс-әрекеті. Норма мінез-құлықтың реттелуін қамтамасыз
етеді және мінез-құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды. Яғни әлеуметтік
нормалар- бұл тұлғаның мінез-құлқына, топқа бір-бірімен, әлеуметтік
институттармен қарым-қатынас жасағанда қоғамның әлеуметтік топтардың
талаптарын білдіретін ереже. Қарапайым түрде айтқанда қалай жүру керек, не
істеу керек, не істемеу керек т.б. Осындай мәселелерді шешетін ережелердің,
құндылықтардың, заңдардың, пікірлердің жиынтығы. Мысалы: студент сабаққа
кешікпеуі, сабақтан қалмауы қажет. Бұлда нормаға жатады. Яғни, біз
күнделікті өмірде қаншама нормаларды орындап жүрміз, сол нормаларды
орындаулар арқылы өз мінез-құлқымызды реттеп, жаман әдеттерден бойымызды
аулақ ұстаймыз. Норманың бұзылуы қоғам, әлеуметтік топтар тарапынан нақты
негативті реакция тудырады. Яғни норманың бұзылуы- кертартпа ғадетті
білдіреді. Қазіргі жағдайда кертартпа ғадеттің негізгі түрлеріне қылмысты,
маскүнемдікті, нашақорлықты, суицидті, жезөкшелікті жатқызуға болады.
Социология кертартпа ғадеттің бес түрге бөліп, олардың әрқайсысын жеке-
жеке қарасетырады.
1. Қылымс- бұл заңды бұзу болып табылады. Яғни заңда тыйм салынған
әрекеттерді жасау. Қылмыстың динамикасына әсер ететін өте көп факторларды
атауға болады. Мысалы: әлеуметтік жағдайы, айналысатын іс түрі, білім
деңгейі, кедейшілік, жұмыссыздық т.б. Қылмыстың өсуіне нарықтық қатынасқа
өтудің әсері зор. Бұл бәсекелестік, жұмыссыздық, инфляция сияқты
феномендердің пайда болуымен сипатталады. Қылмыс- адамзаттан айырылмайтын
нәрсе, оны жою мүмкін емес. Сондықтан нақты міндетке тоқталу қажет- ол
қылмыстың темпін төмендету.
2. Алкоголизм – бұл спирттік ішімдіктерді шектен тыс пайдалану және
содан тәуелді болып қалу. Жалпы адамзатқа мас қылатын сусындар ертеден
белгілі. Олар өсімдіктерден жасалып, діни салттың бір бөлігі ретінде
қолданылды және мерекелер ішімдікпен атқарылда. Алғашқы күшті ішімдік
жасау әдісі ХVI ғ. пайда болды. Түбегейлі өзгерістер этил спиртін
өнеркәсіптік әдіспен алудан соң басталды. Міне осы жағдай бұхараның жаппай
алкоголь тұтынуына мүмкіндік туғызды және XVIII ғ. маскүнемдік Англияда,
Германияда, Щвецияда және т.б Европа елдерінде кеңінен етек алды. Ресейде
де спирттік ішімдік тұтыну осы уақытта пайда болды. Бұл XIX ғ. адамдарды
улады, ал XX ғ. адамзат өркениетінің ең күрделі проблемасына айналды.
Шын мәнінде алкоголь біздің өмірімізге әлеуметтік салттың бір элементі
болып еніп кетті. Мысалы: мерекелерде, уақытты өткізудің кейбір әдістері
және жеке проблеманы шешуде алкогольді қолдану шартты жағдай болып қалған.
Бірақ осы әлеуметтік- мәдени дәстүрдің қоғам үшін зияны өте көп. Осы
алкогольға байланысты біздің қоғамымызда көптеген жағдайлар кездесіп отыр.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 90% бұзақылық, қыз зорлау т.б
қылмыстардың 40% -ы мас болумен байланысты жасалады екен. Сондай-ақ кісі
өлтіру, жарақаттау, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстардың 70%-ы сау емес
күйде жасалады және барлық салыстырулардың 50%-ы маскүнемдікпен
байланысты көрінеді. Қоғамның алкоголизммен күресу тарихынан екі бағытты
аңғаруға болады:1. Спирттік ішімдіктерге қол жеткізуді қиындату, оны
шығарумен сатуды қысақарту, бағасын көтеру, тыйымдар мен шектеулерді
бұзғаны үшін жазаны күшейту. 2. Алкогольға сұранысты төмендету бағытына күш
салу, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, жалпы мәдениет пен
рухани өмірді дамыту, алкогольдың зияндылығы туралы піскен, жетілген
мәліметтерді қарапайым түрде тарату, халыққа алкогольсыз мінез-құлық
смереотиптерін қалыптастыру.
Алкоголизм мен маскүнемдік проблемаларын сәтті шешу үшін экономикалық,
әлеуметтік, мәдени, психологиялық, демографиялық, құқықтық және медициналық
аспектілерді есепке алу қажет.
Маскүнемдіктің екі түрі бар:1. моральға жат,
2. құқыққа қарсы.
3.Нашақорлық-(бұл грек тілінде-ағытылу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ (ТЕЗИСТЕРІ)
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Экономикалық әлеуметтану. Экономикалық ойлау
Адам және саясат туралы
Қазақстандағы қайырымдылық негіздері
Әлеуметтану пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Әлеуметтанудың даму тарихы
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
Девианттық мінез-құлық әлеуметтанулары
Пәндер