Қазақтың асыл қазынасы-кестелеу, оның тарихы мен түрлері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
І. Қазақтың асыл қазынасы-кестелеу, оның тарихы мен түрлері
Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан
элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу
барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен
төсек-орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың
(салдардың) бас киімі, белбеуі, киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі
жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол жорық, үй-іші
мүліктері кесте өрнегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мұндай
өрнектеудің кейбіреулері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Оның себебі
әдемі ұнасымды кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді.
Міне осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені
әшекейлеп кестелеу деп атайды. өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық
адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем деп келіп, кестені көңіл сызады, қол
тігеді, көз сынайды деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз
халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән
байырғы көне түрлері:біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу,
қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі
бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген
материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп
шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық
орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек бөлек өрнек
салынады.
Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық
жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген зататрға төгіледі немесе
бөлек материалға төгіп қондырылады. әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға,
етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты
заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады.
Инемен тігілетін кестені керіп, инеге сабақталған жіппен алуан түрлі
мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін кесте салынатын матаға әуелі өрнек
түсіріп алады да, сол өрнек ізімен тігеді. Кесте тігетін инелер молтақ,
көздері кең болғаны жөн.
Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі.
Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші
бір жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отыроады. Бұл қазір кесте
тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.
Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп
алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы
түрлі өрнек салады.тесік арасын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік
аралығындағы жіптерін өткермелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұдай
тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық
жапқыштар, төсек жапқыштар, әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл
қойғыш төсеніштер, дастархандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына
керіп қоятын маталар кестеленеді.
Ал кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек,
мәнерлі бұдырлар кестеленеді. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі
бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз,
картон салынып, кестенің жіптерін, сол зататрды бастыра шалып тігеді. Соның
нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп
тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті
жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды. Оларды
көп реттерде шаң сорғышпен, киім шөткесімен тазалайды. Көптеген шеберлер
бедердің астына қағаз, картон салмай, маталардың қиықтарын, мақта, жүн
сияқтыларды салып тігіп жүр. Оны ыстық суға салып жуса да бүлінбейді.
Үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіе мәнеріне қарай тізіліп алынған
әртүрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып тігуді маржандап кестелеу деп
атайды. Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол доба сияқты бір киер киім
мен сән-салтанат бұйымдарына ғана қолданылады. Үнемі киілетін немесе
жұмысқа ғана киілетін, сондай ақ арқан-жіптің тартуына түсетін заттарға бұл
өнер қолданылмайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨРКЕМ КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу
Сақ алтын ғасыр елі кесте техникасында
Ұлттық сәндік қолөнері тоқыма бұйымдарының түрлері
Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің, оның ішінде ұлттық бас киімдердің пайдас мен әсемдегінін қазіргі ұрпаққа насихаттау жолдары
Қазақтың ұлттық киімдері туралы
Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі
Пәндер