Кесте өнері - қолданбалы қолөнер түрінің бірі
Кесте өнері - қолданбалы қолөнер түрінің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас
Абай.
Кесте және оның түрлері.
Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан
элементтердің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу
барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен
төсек-орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың
бас киімі, белбеу, киімнің жаға-жеңдері мен балақтары әр түрлі жамылғыштар
мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй-іші мүліктері кесте
өрнегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мүндай өрнектеудің
кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Оның себебі әдемі ұнасымды
кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Міне, осы сияқты
бізбен, машинамен және иенмен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу
(художественная вышивка) деп атайды. Өнер қазынасының сарқылмас мұхиты
халық адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем деп келіп, кестені көңіл
сызады, қол тігеді, көз сынайды деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғандай
нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ
халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу,
басып тігу, қайып тігу.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген
материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп
шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық
орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Шым кесте түс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық
жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе
бөлек материалға төгіп қондырылады.
Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек
салынады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш
етіктердің бұрыш-бұрышы,перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе
бөлек төгіп қондырады.
Инемен тігілетін кестені керіп, инеге сабақталған жіппен алуан түрлі
мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін кесте салынатын матага
әуелі өрнек түсіріп алады да, сол өрнек ізімен тігеді. Кесте тігетін инелер
молтақ, көздері кең болғаны жөн.
Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі.
Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші
жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең
қолайлы түрі деп танылып жүр.
Айқаспен тігу үшін матаның бетін ұсақ торкөздерге бөліп, болмаса тігіліп
отырған матаның арқау, айқас, тоқылу торкөздерін байқай отырып тіккен
дұрыс. Сонда ғана әрбір түскен жіп айқасы біркелкі шығады.
Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше көзге
түсетін түрлерінің бірі түктеп тігу. Кестені түктеп тіккен кезде, бізбен
шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей
бүлдіргі қалып отырады. Кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған
бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге
жіптері қырқылыи тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті
болып құлпырып тұрады.
Үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіне мәнеріне қарай тізіліп алынған
әр түрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып, тігуді маржандап кестелеу.
Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол дорба сияқты бір киер киім мен сән-
салтанат бұйымдарына ғана қолданылады. Үнемі киілетін немесе жұмысқа ғана
киілетін, сондай-ақ арқан жіптің тартуына түсетін заттарға бұл өнер
қолданылмайды. Себебі ондай заттардағы маржандар тез сөгіліп кетуі мүмкін.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін
көбінесе барқыт, пүліш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар
пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын
және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек
саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның
өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге
тігістерден гөрі ауыр келеді.
Алтындап тігуге көбіне бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады.
Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы,
қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар
осылай тігіледі.
Алтын жіппен тігу Орта Азия халықтарының бәріне тән өнер. Онымен атағы
шыққан әйгілі кестешілер ғана айналысқан. Алтын кестелі тон, шапан,
айыр қалпақ, кемер белбеу, сал
шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып
есептеледі.
Кестелеп тігуді тігін машинасымен де атқарады. Осы заманғы тігін
машиналарының барлығында да кестелеп тігуге арналған жеке табандары мен
пластикалары бар. Кесте жіптерінің жуан-жіңішкелігіне қарай оған қолданатын
біздің, қол иненің, машина инесінің жуан, жіңішке түрлерін, не бос тастап
сирек, жиі тігудің де мәні зор.
Сөйтіп, қазақтың әр алуан әдістермен, неше түрлі мәні бар қол
тігістерінің көптеген түрлерінің ішінде көркем тігіс үлгілерінің көп екенін
көріп, көркем тігіс мәнерлері қай халықтың тігіс өнерінен болса да кем
түспейтінін көрдік. Мұндай бай мәнер тиімді әдістермен тұрмыстық
жиһаздарды, алтын, күміс, маржан, меруерт сияқты көрікті заттарды тізіп
кестелеуге де болады.
Ал, енді еңбек және технологияны оқыту мен үйретудің әдістерін
қарастырайық.
Технологиядан сабақ беру әдістемес элементтерін мақсатты түрде
үйлестірген жөн. Әрбір элементтің дидактикалық мәне мен технологиялық
негізділігін ойластырып отыру қажет. Сабақ барысында мұғалім мен
оқушылардың қызметі алуан түрлі. Бұның мәнісі мүнда: әрбір нақты жағдайда
оқытудың білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жету үшіы әр
түрлі жұмыс әдістері қолданылады.
Технология мұғалімдерінің жұмыс сараманында оқытудың түсіндіру-
безендіру және репродукциялау суреттерді көшіру әдістері өте жиі
кездеседі.
Түсіндіру-безендіру әдістері. Мұғалім түсіндіру-безендіру әдістерін
дайын ақпараттарды хабарлағанда қолданады. Оған әңгіме. Түсініктеме,
оқулықтар мен басқа көрнекі дүниелерді көрсету, нүсқау карталармен жүмыс
жатады.
Бұл әдісті жүзеге асыру үшін мұғалімнің жанды сөзіне, оқу кітаптары
мен көрнекі құралдарға ақпараттарды шоғырландырып беру мүмкіндігі қосылады.
Компьютермен әр түрлі бұйымдардың үлгілерін жасау жолдары мен тәсілдерін
көрсетуге мүмкіндік туды.
Репродукциялау әдістері. Бұл әдістер негізінен оқушылардың дағдылануы
мен шеберлікке үйреніп, меңгеруінде қолданылады. Мұндай әдістерге жаттығу,
лабораториялық жұмыстар, нұсқамалар жатады.
Іздестіру-зерттеу әдісі. Бұл әдіске технология пәнінің жаңа тарауы-
шығармашылық жоба жатады. Ол оқушыларға дербес, шығармашылық- пен жұмыс
істеуге, өзінің күш-жігерін байқауға, алдына міндеттер қойып оны шешуге
мүмкіндік береді.
Әңгіме. Мұғалім оқу материалының бір бөлігін әңгіме үлгісінде
жеткізді, балаларға фактілерді белгілі бір жүйемен хабарлайды.
Бұл әдісті, мысалы, оқушыларды тұрмыс қызметімен, яғни аспаздық
цехтардың, нан зауыттарының, химиялық жолмен киім тазалау және қызмет ету
саласындағы ғылыми жетістіктермен, жаңа жабдықтармен т.б таныстыру керек
болған жағдайда пайдаланады.
Әңгімені материалды баяндау арқылы түсіндіру талап етілген сабақтарда
пайдалану қолайлы әрі тиімді.
Түсіндіру. Түсіндіруді көбінесе практикалық жұмысты ұйымдастыру
алдында қабылдайды. Түсіндіру әр түрлі көрнекі құралдарды, еңбек ету
тәсілдері мен іс-қимылдарды көрсету арқылы жалғасады. Жаңа материалды
түсіндіргенде, оны бағдарламаға сәйкес, анық, ғылыми негізделген және
дәйекті баяндау керек екенін есте сақтау қажет.
Бұл әдісті қолдану тиімділігі көп жағдайда материалды баяндаудың
әсерлілігіне байланысты болмақ. Өйткені әсерлі сөз оқушылардың жаңа
материалды зерттеп, түсіну ықыласын тудырады.
Жаңа материалды әңгімелеп, түсіндіру белгілі бір талаптарды сақтауды
қажет етеді: ол-мазмұндаудың анықтығы, үйлесімді, нақты жүйелілік,
баяндаудың айқындығы мен әсерлілігі, мұғалім сөзінің кәсіптік мәдениеті.
Әңгімелесу. Тиісті тақырып бойынша оқушылардың белгілі бір білімі мен
еңбек шеберлігінің қоры болған жағдайда ғана әңгіме өткізе алады.
Мұғалім әңгімелесуге әзірленіп, сұрақтарды іріктейді, оларды бір жүйеге
түсіреді және оқушыларды түйіндеп, қорытуға үйретеді.
Әңгімелесу мектеп оқушыларының ойларын, көзқарасы мен түсінігін білу,
меңгерген білімнің беріктігін тексеру, көмектесу немесе басқа жұмыстарды
орындау, оларды талдау мен бағалау мақсатымен жүргізіледі. Әңгімелесу жаңа
материалды оқып үйренуге және меңгеруге, тиянақтауға және қайталауға да
арналады.
Оқу құралымен және қосымша құралдармен жұмыс. Оқушылар едәуір
ақпаратты әр түрлі кітап көздерінен-анықтама әдебиеттен, оқу құралдарынан,
сән журналдарынан т.б. алады. Кітап көздерімен жұмыс арқылы оқушылар білім
жүйесін меңгеріп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Арнайы құралдармен жұмыс істеудің әдістемесі оларды қандай мақсатпен
қолдануға, тың білім алуға ма, әлде оларды тиянақтау мен қайталауға ма
қорытындылау байланысты.
Нұсқау беру. Технологиядан сабақ берудің тиімді әдістеінің бірі-нұсқау
беру, яғни сарамандық жұмысты беру үшін негізгі техникалық біліммен
таныстыру, оны орындаудың тәртібі мен тәсілдерін көрсету. Нұсқау
берудің нәтижесінде оқушыға
тақырыптар, жұмыстың мақсаты мен тәсілдері түсінікті болуға тиіс. Мұғалім
нұсқау беру барысында оқушыларға оны орындауда кететін қалыпты қателіктер,
еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы, өз іс-қимылдарын-қай жерде,
қашан және нені бақылау керектігі жайыңда әңгімелейді. Мұғалім оқушылардан
бұл іс-әрекеттерді және тәсілдерді қайталауды сұрайды, оларды неғүрлым
тиімді орындау үшін нұсқаулар береді, қателіктерді талдайды. Жұмыс
барысында кіріспе, ағымдағы нұсқау беру және қорытынды нұсқау беру деп
бөлінеді.
Кіріспе нұсқау беру. Кіріспе нұсқау берудің көлемі мен мазмұны
оқушылар танысуға тиісті материалдың тың болуына, еңбек тапсырмасын
орындаудың қызметіне байланысты. Мұғалім тақырыпты, сарамандық жұмыстың
мақсатын хабарлайды, жаңа материалды талдайды, одан кейін жұмыстың ретімен,
әрбір еңбек операциясын орындаудың қажетті тәсілдерімен, қолданылатын
аспаптармен және басқа құрал-жабдықтармен таныстырады.
Технология бахдарламасы оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімі
мен үйренген шеберлігіне негізделген. Осыны ескере келе, мұғалім нұсқау
берудің толықтығы мен қысқалығы туралы мәселені де шешеді. Егер оқушыларға
жұмыстың тәсілдері белгісіз болса, шеберлік пен дағдылар жоқ болса, онда
нұсқау беру толық болуға тиіс.
Ағымдағы нұсқау беру. Ағымдағы нұсқау беру оқушылардың жеке жұмысы
барысында жүзеге асырылады. Мұғалім олардың жұмысын қадағалап, аралап шығу
процесінде қажетті нұсқаулар береді. Мұғалім аралауды белгілі бір
жүйелілікпен алдынала жоспарлауы мүмкін немесе әр оқушының жұмысын
бақылайды. Аралап шығу мақсатты, кешенді болады.
Мақсатты варианттар барлық оқушылар жаппай жұмыстың бір түрін
орындағанда атқарылады. Ал кешенді аралап шығу тәсілдердің орындалу
дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар технологиялық реттілігін, операцияны
орындаудың сапасын, өз еңбегін жоспарлай білуін және өзін-өзі бақылауды,
өзара бақылауды т.б. жүзеге асырылуын қадағалауды да жүргізеді.
Ағымдағы нұсқау беру процесінде мұғалім оқушылардың қателерін тауып,
түзейді,қатені қалай түзеуді және алдағы жұмыста оған жол бермеуді
түсіндіреді. Сөйтіп ағымдағы нұсқау беру жеке және ұжымды болуы мүмкін.
Қорытынды нұсқау беру. Сарамандық жұмысты аяқтау нәтижесінде иүғалім
жұмыс қорытыңдысын шығару мақсатымен ақырғы нұсқау беруді өткізеді. Мұғалім
сынып алдында үздік жұмыстарды көрсетіп, олардың жақсы жағы мен
кемшіліктеріне жақты тоқталады, оқушылар жұмысында
қалыпты
кемшіліктерді және олардың көздерін талдайды, орындалған жұмыстың
нәтижелерін хабарлайды.
Технология сабақтарында жазбаша нұсқау да пайдаланылады. Мұнда
оқушыларға нұсқау карталары таратылады. Онда еңбек операциясын өткізудің
реті, оларды өткізудің тәсілдері, қажетті аспаптар мен материалдар
көрсетіледі. Жазбаша нұсқау беруді практикалық жұмыс процесінде бір сабақта
екі немесе күрделі бір еңбек операциясын жасаған кезде қолданған тиімді.
Мұндай жағдайда ауызша нұсқаудан гөрі кейде оқушыларға нұсқау карталары
таратылады да мұғалімнің ауызша әңгімесін жазбаша түрде еске түсіреді.
Оқыту нұсқау карталарымен жұмыс. Жазбаша нұсқау беру технология
бойынша мектеп шеберханаларының жұмыс сараманына кеңінен енгізілуде. Ол
технологиялық операциялардың мазмұнын, техникалық жағдайларын айқындауға,
операцияларды орындауға, олардың тәсілдеріне, бір немесе бірнеше
операцияларды орындаудың суреттері мен сызбаларын жасауда өзін-өзі
бақылауды іске асырудың әдістеріне негізделеді. Мұндай нұсқау карталарын
пайдалану оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға, өз жұмысына
талдау жасап, оны бағалауға ұмтылыс жасап отырады.
Жаттығулар. Технология сабақтарын жоспарлай келе мұғалім мүмкіндігінше
оқушыларды көбірек жаттықтыруға тырысады. Жаттығу қатаң жүйелілікті талап
етеді, әрбір жаңа дағдылану бұрын жинақталған білім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz