Кәмелетке толмағандарға айыппұл жазасын тағайындау және атқару тәртібі


Кәмелетке толмағандарға айыппұл жазасын тағайындау
және атқару тәртібі
Қ. А. Ернешов
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы
Егеменді, өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
Ел өмірінің қай кезеніне көз жіберсек те балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі ой қозғар өзекті мәсәлелерді, аталы қауым еш уақытта да аттап өтпеген. Жалпы, елімізде жас балалардың болашағы үшін көптеген істер жасалуда, алайда осы жеткіншектердің бүгіні мен болашағын алаңдатар жағдайлар, ара - тұра болса да олардың қолымен жүзеге асып жатқан құқық бұзушылық пен қылмыстар өз көріністерін табуда.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мыныдай жаза түрлері көрсетілген:
- айыппұл;
- белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
- қоғамдық жұмыстарға тарту;
- түзеу жұмыстары;
5) бас бостандығын шектеу;
Жаза мен тәрбиенің дұрыс сәйкестігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, мемлекет жасы кәмелетке толмағандардың жеке басының ерекшеліктерін, оларға қатысты қылмыстық жазаның жазалау күшін біршама шектеуді әрқашанда қарастырады [1] . Осыған сәйкес қылмыстық кодекс жасөспірімдерге қатысты қылмыстық жазаның бірқатар түрлерін орындау мен қолдануда шектеулерді көрсеткен. Арнаулы әдебиет көздерінде кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты жазаның жалпы қағидасы мен жазалау жақтарының жеңілдіктері жасы толмағандарға қылмыстық жазаның әртүрлі түрлерін тағайындау тұралы мәселені шешуде соттар тарапынан ерекше амалды қолдану қажеттігіне ықпалын тигізетіні көрсетілген. Бұл ең алдымен, бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға қатысты. Жазаның бұл түрін қолдану тек қоғамға қауіпті бірнеше көрініс жіберген, не ерекше қауіпті қылмыс жасаған, басқа шаралармен түзелуі мүмкін емес жасөспірімдерге ғана қолдану әділетті болады. Алайда, жасы толмағандарға жаза тағайындаудағы мұндай “ерекше амал” тек сәйкестендірілген заңдық негізде жүзеге асырылып, тиісті ықпал етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 52-бабының 1-бөлігінде “қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және жалпы бөлімнің ережелері ескеріле отырып әділ жаза тағайындайды” - деп көрсетілген. Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің бұл ережелері қоғамдық заңдылықты сақтаудың маңызды кепілі болып табылады, немесе сотталған адамға жаза тағайындау кезінде заңның алдыңғы ролін көрсетеді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қарауының қылмыстан сақтандыру мағынасы тек жасөспірімдерге ғана емес, сонымен бірге олардың тәрбиесіне жауапты ата-аналарына, сот процесіне қатысушы басқа да адамдарға тәрбиелік ықпал етуінде [2] .
Жасы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерінің татымдылығы сонша, оларға жазаның шегі туралы жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің талаптарын қолдану жасы толмағандарға жаза тағайындауды реттейтін бірқатар арнайы нормалар арқылы түзетіледі. Олар қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында көрсетілген. Жасы толмағандардың құқықтық реттеуін әрі қарай жетілдіруді жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы сот өндірісінің тәртібіне қатысты жасалған басқа Республикалардың Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегідей Қылмыстық кодексте де арнайы тарау бөлу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. Бірқатар шет мемлекеттерде жасы толмағандардың қылмыстық жауаптылығының шектері мен шарттарын реттейтін нормалар арнайы тарауларда бөлінгенін көрсете кету керек.
Қылмыс жасаған адамның жеке басының ерекшелігін анықтау қылмысты тергеу барысында кінәлінің жауаптылық дәрежесін белгілеу үшін өте қажет. Алайда сот алдында адам тағдырын нақтылы шешетін қылмыстық жаза тағайындау кезінде тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескерудің маңызы одан да жоғары.
Қылмыстық заңда кәмелетке толмағандардың қылмыс жолына түсуінің негізгі себептері мен жағдайларына ерекше мән берілген.
Бұл ең алдымен кәмелетке толмағандардың жасына қатысты және олардың психологиялық дамуындағы ерекшелігіне байланысты. Әдетте кәмелетке толмаған жасөспірімдер жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырата бермейді, кейде тентектік пен құқықбұзушылықты да шатастыратыны белгілі. Көптеген жағдайларда олар ауыр қылмыс жасай отырып, өз әрекетін және оның салдарын қоғамдық тұрғыдан сезінбеуі мүмкін. Әрине, жас тұлғаның мұндай қасиеттері есейе келе жойылады. Бірақ та кейбір ауыр қылмыс жасау барысындағы бұл қасиеттер жасы кәмелетке толмаған адамның қоғам үшін едәуір қауіпті екенін дәлелдейді.
Жас қылмыскердің жеке басы, кез келген адамдікі тәрізді оның басынан өткізген жағдайлармен қоса сипатталады. Мысалы, адамның әлеуметтік байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық және т. б. ), оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері (интелектісі, ерік сапасы, сезімдік ерекшеліктері, темпераменті), оның демографиялық және физикалық көрсеткіштері (жынысы, жасы, денсаулық жағдайы), сондай-ақ оның өмірбаяны, өмірлік тәжірибесі, білімі, сіңірген еңбегі мен қоғам алдындағы кінәраттары .
Бұл белгілерді сот қылмыстық жауаптылықты анықтау кезінде және соған сәйкес жаза тағайындағанда ескереді. Мысалы, сот 14 жасар жасөспірімнің қылмыстық жазадан босатылуы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 82-бабында қарастырылған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының бірін қолдануы мүмкін.
Өкінішке орай, көптеген кездерде сот өз тәжірибесінде мұндай жағдайларды ескере бермейді. Міне, осыған сәйкес біздің қылмыстық теорияда тұлға құрамына енетін элементтер мен белгілерді бірнеше қосымша құрылымдарға бөлінуді ұсынып, оған жеке тұлғаның әлеуметтік әсіресе, психологиялық және физикалық жағынын сипаттайтын белгілерін кіргізеді. Белгілі орыс елінің заңгер-ғалымы П. С. Дагель жеке тұлғаның элементі деп - адамның жеке қасиетін (мысалы, ерік), ал жеке тұлғаның белгісі деп - осы қасиеттің сипаттамасын (мысалы, еріктік күш-жігер) атайды. Басқаша айтсақ, адамның тұлғалық әрбір элементі бірнеше белгілермен сипатталады [3] .
Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстық ісі бойынша жаза тағайындауды жеке даралау кезінде олардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру соттар үшін аса маңызды. Өйткені қылмыстық жаза жас азаматты белгілі шамада түзетіп, сонымен қатар келешекте қайта қылмыс жасауына жол бермейтін болуы керек.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, айып 79-баптың 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады. Көріп отырғанымыздай, ересектерге қарағанда кәмелетке жасы толмағандар үшін айыппұлдың мөлшері төмендетеліп белгіленген, бірақ солай бола тұрса да 40-баптаң 2-бөлігінің ережесі сақталады, яғни айыппұлдың мөлшерін жасалған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұлдың нақты мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығына, кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына байланысты сот арқылы жеке дара анықталады.
Кәмелетке толмай сотталған адамға айыппұл салу жазасын тағайындарда сот қылмыстық кодекстің 52 және 80 баптарында көзделген барлық мән-жайларды, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 17 және 22 баптарында белгіленген жайларды ескеруі қажет, яғни некеге отырған кезден (он сегіз жасқа толғанша некеге отыруға заң актілері жол беретін жағдайда) және кәмелетке толмағанның өз жалақысын, басқа табыстарын өзі билейтін құқығы шектелмеген немесе одан айрылмаған болса кәмелетке толмаған өз әрекетіне толық көлемде жауап беруге қабілетті деп танылады.
Бүгінгі таңда қоғамымызды сауықтыру жолындағы іс-шаралар әлі де қарқын ала алмай отыр. Сондықтан елдігімізбен ұлтымыздың кемел келешегіне бастар ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне республиканың әрбір азаматы өз үлесін қосуы тиіс. Бала тағдыры бәрімізді терең толғантпай, оған деген қамқорлықты ту етіп көтермей, елдік мұратымызға қол жеткізу қиын. Кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылыққа жауапкершілігі жайлы мәселе қоғам өмірінде қылмыспен күресті шешуде ерекше орын алады.
Жастар арасында құқық бұзушылық көріністерінің алдын-алу бағытында жүзеге асырылып жатқан қомақты жұмыстар, бір жағынан, жаңа буынды дұрыс тәрбилеудің, екінші жағынын, жалпы қылмыстылықты жоюдың қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады. Әрбір кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктерін, оның құқыққа қайшы келетін мінез-құлықтарын, қоғамға жат әрекеттерін жан-жақты білуде белгілі бір нәтижеге жету ісі аталмыш проблеманың дұрыс бағытта зерттелуіне, сондай-ақ бірнеше түбірлес ғылым жетістіктерін пайдалануға байланысты.
Біздің қоғамымыздың соңғы кездерде кезіккен, проблемаларының бірі - жастардың құқықтық санасы дәрежесінің төмендігі болып отыр. Құқық бұзушылықтың айтарлықтай жасарып келе жатқаны өкінішті-ақ, бұның бәрі алаңдаушылық тудырмай қоймайды. Осыған қарағанда жастарға, бәрінен бұрын оқушыларға құқықтық білім берудің маңызы ерекше екендігі көрінеді. Осы орайда ел Президентінің “Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандық
тардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы” атты республика халқына жолдауындағы “Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз”- деген сөзін басшылыққа алуымыз қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz