Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
1. 1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты 9
1. 2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері 11
1. 3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы 16
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЙНАЛЫМДАҒЫ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2. 1Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері 18
2. 2 Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері 24
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
3. 1 Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу 30
3. 2 Кәмелетке толмағандар еңбегін қорғауды жүзеге асыру шаралары 45
3. 3 Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік және экономикалық қанаудан
қорғау 51
3. 4 Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы 55
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі қатысушылары болып жеке тұлғалар табылады. Жеке тұлғалар кәмелетке толған және кәмелетке толмаған адамдардан құралады. Кәмелетке толмаған адамдар - бұл біздің мемлекетіміздің болашағы және олардың құқықтық жағдайы құқық саласының маңызды мәселелерінің бірі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекетін басты қазынасы болып адам, оның құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері табылады. Адамдардың белгілі бір құқықтары мен міндеттері оның тумысынан беріледі және ол адамдардың құқық қабілеттілігін құрайды. Ал, кейбір құқықтарды адамдар өздерінің іс-әрекеттері негізінде иеленеді және олардың нәтижесінде белгілі бір міндеттерді жүктейді. Азаматтардың өздерінің еріктері бойынша, ешкімнің мәжбүрлеуінсіз құқықтарды иелену және өздеріне міндеттерді жүктеу мүмкіндіктері әрекет қабілеттілікті құрайды.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі заң бойынша олардың өздерінің іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтар иелену мен азаматтық міндеттерді жүктеу мүмкіндігімен айқындалады. Әрекет қабілетті болу - жеке өзі (өкілі арқылы) түрлі заңды әрекеттер: шарттар жасасу, сенімхаттар беру және тағы басқа маңызды әрекеттерді жүзеге асыруды, сондай - ақ келтірілген мүліктік зиян бойынша жауап беруді (бөтен адам мүлкінінің зақымданғаны немесе жойылғаны) және шарттық пен басқа да міндеттемелердің орындамағаны үшін жауапкершілікті көтеруді білдіреді.
Осыдан әрекет қабілеттілік біріншіден, шарт жасасу мүмкіншілігін (шарт жасасу мүмкіндігі), екіншіден, заңсыз іс - әрекеттер үшін жауапкершілікті көтеру мүмкіншілігін (жауап беру мүмкіндігі) деп есептеу қажет.
Бірақ, азаматтардың әрекет қабілеттілігіне заң бойынша берілген анықтамасында азаматтардың өздеріндегі азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі мүмкіндіктері туралы айтылмайды. Бұл жағдайы аталмыш норманы жетілмеген деп есептеуге мүмкіндік береді, себебі, егер азамат азаматқа дербес құқық иеленуге мүмкіндік берілсе, оған ол құқықты жүзеге асыруына да мүмкіндік беру қажет.
Аталған категория маңыздылығы әрекет қабілеттіліктің экономикалық айналымда, шаруашылық өмірде азаматтардың қарқынды түрде қатысуын, өздерінің мүліктік құқықтарын жүзеге асыруын заңды қамтамасыз етумен айқындалады. Сондықтан, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі олардың қазіргі нарық экономика талаптарымен жүргізілетін мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар саласындағы «суверенитетін» еркіндігін заңды білдіру құралы болып табылады.
Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі оның жасына және ақыл-есіне байланысты айқындалады. Азаматтың ақыл-есі дұрыс, он сегіз жасқа жетуі оның толық әрекет қабілеттілігін білдіреді. Бірақ, кәмелетке толмағандардың белгілі бір категориясында әрекет қабілеттіліктің бір бөлігі болады және ол «ішінара әрекет қабілеттілік» деп аталады. Кәмелетке толмағандар да біздің нарық экономикасына көшкен қоғамымызда да білегілі бір әрекеттерді жүзеге асырады және ол көп жағдайда, материалдық құндылықтарға байланысты болады. Осы кезде пайда болатын қатынастардағы кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайын анықтау өте маңызды. Себебі, олар орын алатын қатынастардың көпшілігін талаптарын өздерінің білімдерінің аздығына, жастарының төмендігіне сәйкес түсінбеуі мүмкін. Сол себепті олардың іс-әрекеттеріне заң нормалары бойынша шектеу қойылған. Ол шектеулер, олардың ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншылар мен қамқоршыларының қосымша келісімін қажет етумен, олардың қосымша жауапкершілігімен қамтылады. Міне, осындай өзекті мәселені ғылыми-теориялық негізде барынша жан-жақты қарастыру болып табылады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап-ақ, кәмелетке толмағандарды қорғау және балалар еңбегіне қарсы күрес жүргізудің мемлекеттік саясатын халықаралық деңгейде заңы шығарушы билік қабылдаған міндеттемелерге негіздеген. Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандар құқығы туралы (1989) БҰҰ-ның Конвенциясын, №138 және №182 ХЕҰ Конвенциясын, сондай -ақ кәмелетке толмағандар құқығы, кәмелетке толмағандар саудасы, кәмелетке толмағандар жезөкшелігі мен порнографиясы (2000ж) бойынша Конвенцияның қосымша қаулылырын бекітті; БҰҰ-ның адам саудасы, әсіресе әйел-бала саудасын тоқтату, жазалау туралы қаулысы (2000ж) ; еліміз балалар құқығы туралы, балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы туралы Конвенцияға қосымша қаулы қабылдады.
Кәмелетке толмағандар қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында Еңбек Кодексінде белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайын анықтау және де тиісті азаматтық құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында жалпы маңызды мәліметтерді ашу болып табылады. Осы мәселелерді толығырақ қамту мақсатында мына мән жайларға сүйенемін.
Зерттеу мақсатына орай келесі міндеттерді орындау көзделіп отыр:
кәмелетке толмағандардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін көрсету;
кәмелетке толмағандардың еңбегінің құқықтық мәртебесінің элементтерін айқындау;
кәмелетке толмағандардың еңбегі қызметін ұйымдастыру, қызмет ерекшеліктерін нақтылау;
кәмелетке толмағандардың еңбегін мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайда даму бағыттарын саралау;
кәмелетке толмағандардың еңбегінің құқықтық жағдайына қатысты құқықтық реттеу мәселелерін айқындау және оларды шешу, заңдылықтарды жетілдіру жолдарын табу.
Зерттеу объектісі. Кәмелетке толмағандар еңбегінің құқықтық жағдайын саралау нәтижесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар, мемлекеттің зайырлы сипаты мен азаматтардың заң алдында теңдігі қағидаттарына негізделген кәмелетке толмағандардың еңбегін мемлекет тарапынан құқықтық реттеу мен нотариустардың қоғамдағы орны.
Зерттеу пәні. Кәмелетке толмағандардың еңбегін, құқықтық жағдайын реттейтін құқықтық нормалар. Міне осы жағдайларды толықтай ашу барысында балалар еңбегінің құқықтық жағдайын реттейтін негізгі заңдарды басшылыққа алдым. Оларға негізгі ата заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы №2337 заң күші бар Жарлығы, Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 10 наурыздағы 1993 ж. N 186 Қаулысы, «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №136 қаулысы, сонымен қатар «Шетелдік азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел - қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы Нұсқаулық» және т. б нормативтік құқықтық актілер.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы аталған тақырыпты кеңінен ашып, толық әлі жан жақты талқылау мақсатында Қазақстандық және Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектерін пайдаландым. Атап айтар болсақ, Ө. Қ. Қопабаев «Шетелдердің конституциялық құқығы», А. С. Абельдинов «Коституционное право зарубежных стран», Б. А. Страшун «Иностранные граждане в Республике Казахстан» (права, ответственность, налогообложение доходов), В. И. Скала, Б. В. Скала, О. Кагазов, Межибовская И. В, Мухамеджанов Э. Б «Международные договоры, ратифицированные Республикой Казахстан, в сфере обеспечения прав, основных свобод человека, охраны труда, миграционной политики», Төлеуғалиев Ғ, т. б. Сонымен қатар Қазақстандық заңгерлердің ғылыми мақалаларында басшылыққа алдым. Д. Кайназарова «Правовое положение иностранных граждан в Республике Казахстан», Б. Мысқақов «Шекараны жасырын аттаған шетелдік азаматтар», А. Ш. Тулешов «Противодействие незаконному пребыванию иностранных граждан в Республике Казахстан - задача государственной важности», Б. Е. Макулбаев «Закон един для всех, иностранцы не исключение», Тотай Ерімбетов «Шетелдік тұлғаларға қатысты іс жүргізу тәртібі», Г. Жарасбаева «Некоторые правовые проблемы миграции населения».
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеу әдістемелік және теориялық негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер құрайды. Заңдылық пен құқықтық мемлекетті қарастырылуда диалектикалық әдіс басым қолданылды.
Жалпы ғылыми әдістердің ішінен логикалық, тарихи, жүйелік, әлеуметтік әдістер қолданылды. Қарастырылып отырған мәселесің басты және жүйе құрастырушы аспектілерін талдау және сомдау әдістері де қолданылды.
Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырылып талдауға өз кезегінде орайлы орын берілді. Кеңестік кездегі және қазіргі кездегі кәмелетке толмағандардың орнын анықтап, салыстыру арқылы мәндік және мазмұндық ерекшеліктерін ашуда салыстырмалы әдіс қолданылды.
Жұмыста заң әдебиеттерімен қатар философиялық, әлеуметтік, еңбектер, баспасөз материалдары, интернеттік ақпараттар пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының кәмелетке толмағандар еңбегі туралы заңдылықтарды реформалаудың қазіргі жағдайында құқықтық жағдайын кешенді және жүйелі зерттеу болып табылатындығымен айқындалады. Еліміздің балалар еңбегін қорғау саласы тәжірибе жинақтауда, құқықтық реформа жалғасуда және заңдар жетілдіруде. Алайда, бұл салада әлі де жетілмеген тұстар бар.
Дипломдық жұмысты жазу барысында тәжірибелік негіз ретінде осы саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілерді және қазақстандық заңгер-ғалымдардың ғылыми еңбектері және монографиялары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі - студент қойылған ғылыми зерттеу мәселелерінің шешімін табу арқылы көздеген мақсатқа жету қисындылығына сәйкес құрылды. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты
Заңды табиғаты бойынша кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі - бұл азаматтың субъективтік құқығы. Бұл құқық басқа құқықтардан өзінің мазмұнымен ерекшеленеді: тұлғаның өзінің іс - әрекеттерімен құқықтарды иеленуі мен міндеттерді жүктеуін және сонымен қатар, бұл құқыққа қоршаған барлық азаматтар оның бұзылуына жол бермеу міндеттілігін білдіреді [1] .
Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл ой мен еріктің болуына, өзінің іс әрекетттерін саналы түрде сізініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол он сегіз жасқа жеткенде басталады де көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толмағандардың толық дәржеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады. Атап айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмілелер жасау қабілеті) және басқа заңды іс әрекеттер жасау қабілеттерін, сондай ақ азаматтық құқық бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін әрекет қабілеттілік ұғымы қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс әрекеттер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс әрекеттер жасау заңдық қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.
Әрекет қабілеттілік негіздері болып көп жағдайларда адамдардың ақыл ес мүмкіндіктерінің даму деңгейі табылады. Мәселен, О. С. Иоффе әрекет қабілеттілікті «Заңда бекітілген, адамдардың өздерінің жүзеге асыратын әрекеттер мәнін түсінудің нақты мүмкіндіктеріне сүйену және өздеріне осы әрекеттер әкелуі мүмкін салдарға толық есеп беру» деп айқындайды.
Бірақ, өздерінің әрекеттерінің мәнін түсіну бұл интеллект саласының басымдылығы. Интелелктуалдық мүмкіндіктердің дамуы маңызды дәрежеде алған білімнің деңгейіне байланысты болады. Азаматтық құқықтық әрекет қабілетілік мәні интеллекте ғана болады, сонымен қатар ерік білдіру процессінен, адам еркінен, оның ерік білідіруінен құралады және біздің пікірімізше азаматтардың әрекет қабілеттілігінің негізін құрайды. Адамның ақыл-есінің даму деңгейі болмасада, егер ол психикалық дені сау болса, оның он сегіз жасқа жетуі, оның азаматтық құқықтық қатынастарда ерік білдіруі толық деп санауға мүмкіндік береді. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектісі болып табылуының негізгі себептері болып әрекет қабілеттінің мәміле жасауы табылады. Ал, мәмілелер - бұл ерікті акт, О. С. Иоффе белгілегендей «оған жалпы ерікті актіні сипаттайтын барлық психологиялық сәттер тән» . Интелектуалдық мүмкіндіктердің дамуы ерік білдірудің дамуында қамтиды. Бірақ, азаматтық құқық субъектісінің ерік білдіруінің өзі әрекет қабілеттіге сипатты болып табылады. Ерік білдірудің дамуы тәрбиелеу мәселесіне де кіреді. Бірақ, егер азаматтық құқық әдістері арқылы тәрбиелеу мәселесіне қарасақ, онда тәрбиелеу өсіп келе шатқан болашақ буынның әрекет қабілеттілігін дамыту болып табылады. Оның ерік білдіру мүмкіндігін дамытуда нәтижесінде әлеуметтік қоғамның пайдалы мүшесі болып табылатын жас адамды қалыптастыратын тәрбие мәні қамтылады. Сондықтан толық әрекет қабілеттілік бірден емес, біртіндеп пайда болады. Оған әрекет қабілеттіліктің «жиналуы» себепкер болады. Тұлғада толық көлемдегі әрекет қабілеттілік беру алдында, заңшығарушы кәмелетке толмағанды белгілі бір жасқа жеткеннен кейін ішінара азаматтық әрекет қабілеттілікті иелелендіреді. Осы жасқа жетпеген тұлғалар әрекет қабілетсіз деп аталады. Сонымен, азаматтарды кәмелетке толғандар және кәмелетке толмағандар деп бөлу азаматтық құқыққа сай әрекет қабілеттіліктін белгілі бір дәрежеде болуына және болмауына - толық немесе ішінара әрекет қабілеттіктің болуына байланысты [2] .
Ішінара әрекет қабілеттілік сонымен қатар, шектеулі әрекет қабілеттілік деп аталады. Бұл терминді кәмелетке толмағандардың ішінара әрекет қабілеттіліктері пайда болатын жас мөлшері, Кеңестік Одақтың азаматтық заңдарыменде, одақтық республикалардың азаматтық заңнамаларымен де белгіленуі мүмкіндігін қамтитын Негіздер ұстанған. Бірақ, цивилистік терминология көзқарасынан, біздің пікірімізше артықшылық «ішінара әрекет қабілеттілікке» беру қажет. Себебі, психикалық дені сау жас адамның белгілі бір жасқа жеткеннен кейін заңшығарушы оның бұрыңғыға қарағанда үлкен көлемде азаматтық айналымға қатысу үшін жеткілікті ерік білдіру қасиетін таниды. Заң шығарушы бұл жерде шектемейді, құқықтарын азайтпайды, керісінше, кәмелетке толмағанды бұрын иеленбеген жаңа қасиеттерін таниды.
Сондықтан, Н. М. Ершовтың кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу олардың кәмелетке толмау фактісі негізінде пайда болады деген пікірімен келісуге болмайды. Керісінше, ішінара әрекет қабілеттілік заңшығарушының кәмелетке толмағанның белгі жасқа жету фактісін оның ерік білдіру қасиетінің жетілгенін дәлелдейтін факт ретінде және кәмелетке толу жасының жақындау фактісі ретінде тануына байланысты туындайды және соған байланысты осындай кәмелетке толмаған белгілі бір дәрежеде әрекет қабілеттілік иелендіріледі. Әрине, бұл ішінара әрекет қабілеттілік толық әрекет қабілеттілікке өте жақын. Сондықтан, «ішінара әрекет қабілетілік» термині «шектеулі әрекет қабілеттілік» терминіне қарағанда пайдалануға тиімді. Сонымен қатар, «шектеулі әрекет қабілеттілік» азаматтық құқықта бар болған әрекет қабілеттілікті қысқарту немесе тоқтату немесе оның мүлде болмауы орын алған жағдайларға тән. Бұл, мысалға, бұл азаматтық заңнамалар бойынша спирттік, наркотикалық және басқа да зиянды заттарды пайдалану нәтижесінде отбасын материалдық ауыр жағдайларға қойған кезде орын алады. Әрекет қабілеттілікті шектеу сонымен қатар, психикалық ауруға шалдыққан ішінара әрекет қабілетті тұлғаға қатысты да болуы мүмкін. «Ішінара әрекет қабілеттілік» терминің кейбір цивилист-ғалымдар өз еңбектерінде пайдаланған - С. И. Вильнянский, О. С. Иоффе, в. Г. Вердников, А. Ю. Кабалкин және басқалар. Ішінара әрекет қабілеттілікпен бірге, кейбір цивилист - ғалым, авторлар «шектеулі әрекет қабілеттілік» терминін пайдаланған. Мәселен, С. Н. Братусь, Ю. С. Черновый және басқалар.
Біздің азаматтық заңнамаларымызда, ішінара әрекет қабілеттілік термині қолданылмаған, тек оған тән құқықтық жағдайды иеленетін әрекет қабілеттілік сипатталған.
Ішінара әрекет қабілеттілікті азаматтық құқықтық реттеу оның қай жастан бастап туындайтыны туралы сауалға байланысты. Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамалары бойынша ішінара әрекет қабілеттілік он төрт жастан басталады. Бұрынғы КСРО кейбір елдерінде ішінара әрекет қабілеттілік он бес жастан басталады (Ресей Федерациясында, Латвия Республикасында) .
Сонымен, біздің азаматтық заңнама кәмелетке толмағандарды екі топқа бөліп қарастырады: жасөспірімдер - он төрт жасқа дейіңгілер және ішінара әрекет қабілеттілер - он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.
1. 2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері
Азаматтың әрекет қабілеттілігінің оның ақыл ойы мен ерік жігері күйімен байланысты, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың ақыл ойы мен ерік жігерінің жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу тікелей заң актілерімен жүзеге асырылады, ал кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу заң актілерінде көзделеген жағдайларда тек сот арқылы шешіледі [3] .
Қазақстан заңдары адам он сегіз жасқа жеткенде толық көлемде әрекет қабілеттілігі пайда болатынын туралы жалпы ережеден бір ғана ерекшелік белгілейді: заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
«Неке және отбасы туралы» 1998 жыл 17 желтоқсандағы Заңының 13 бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс жүзінде некеге тұруы (бірге тұруы) ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді.
Қазақстан Республикасының заңдары құқықты теңеу (эмансипация) интитуты дегенді, мысалы, Ресей Федерациясы Азаматтық кодексінде көрсеткендей, құзіретті мемлекеттік органның шешімімен кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау дегенді білмейді. Алайда Рессей Федерациясының Азаматтық кодексі секілді, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтар кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктерге жол береді. Мұндай ерекшеліктердің азаматтық қатынастардың кейбір салаларына ғана қатысы бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
Қазақстан Республикасы психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке толмаған азаматтарды он төрт жасқа жетпегендерге және он төрттен он сегізге дейінгілерге бөле отырып, олардың әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін белгілейді.
Он төрт жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін де осылар жауап береді.
Заң он төрт жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеледен кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға, сондай - ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz