Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық дамуының теориялық сипаттары
М а з м ұ н ы
Кіріспе
1. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің
психологиялық
дамуының теориялық сипаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.1 Жасөспірімдердің психикалық дамуының жалпы ерекшеліктері
жайындағы психолог мамандардың ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы
себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...24
1.3. Мінез-құлқында қиындығы бар
жасөспірімдердің
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
Тұжырымдама
IІ тарау
2. Психологияда девиантты жасөспірімдерді қайта
тәрбиелеудің
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .36
2.1. Мінез-құлқында қиындықтары бар
жасөспірімдерді
анықтау

... ... ... ... ... ... ... 36
2.2. Жасөспірім тәрбиелеудегі ұсыныстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 41
IIІ тарау
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Біздің қоғамымыздың жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне
қоятын талаптардың өсуіне байланысты, оларды жақсылыққа тәрбиелеу
мәселесіне баса назар аударуда. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды
орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық,
зорлық, бұзақылық т.б. қылмыстық әрекеттермен қарапайым азаматтардың
демалысымен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Осы
мәселеге байланысты кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің
психологиялық ерекшелігін педагог психологтар білулері шарт, ол үшін
олардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Кәмелеттік жасқа толмаған
жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін неғұрлым айқындай білсек
оларды қайта тәрбиелеуде нәтиже арта түседі.
Қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған
проблема емес, шетелдік және орыс педагогикалық ойлардың
қайраткерлері П.Г. Бельский, Богдановский, А.Я. Герд еңбектерінде
көтерілген.
Осылардың кей біреулерінің идеялары осы күнге дейін өз құнын
жоғалтқан жоқ . Мысалы: П. Г. Бельский және Д. А. Дриль
құқық бұзушы жасөспірімдерді зерттеп тану, оның
психологиялық ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. Ал
Пусторслав болса, тәртібі нашарланған балалардың заң құқығын бұзу
дәрежесіне орай әртүрлі түрде оқу тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды
жөн көрген. Ал Совет психологтары жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуді
қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Аса көрнекті психолгтар:
А.С. Выготский, С.Т. Шацский шұғылданды. Нақтылай келгенде кәмілетке жасы
толмаған жасөспірімдерді зерттеудің қортындысы олардың пайда болуына
бірден-бір болатын және жағымсыз жағдай туғызатын себепші -жанұя
тәрбиесі. Оның бастылары бірден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын
қадағаламау, оның көзінше арақ-шарап ішу, жанжал, ұрыс туғызу т.с.с.
Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру. Үшіншіден,
жастайынан еңбектену әдет дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан-
дүниесіне көңіл аудармау.
Жанұядағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да
істер шиеленісіне түсетіндігі анық.
Еліміздің болашағы - өскелең ұрпақ алдында тұрған үлкен
мәселелердің бірі осы мәселелерге байланысты жасөспірмдерді жас кезеңінен
бастап жан-жақты етіп тәрбиелеуіміз керек.
Зерттеудің өзектілігі.
Тәрбие, тәрбие десек те кешегі дүние есігініңгәлап ашқан
сәбиімізден, бал тілді баламыздан өсе келе тілазар, тентек, ерке тотай,
сондай-ақ, жасық, қыңыр, жалпы айтқанда қиын бала қайдан шығады деп
таң қаламыз . Бала өсе келе өз отбасынан ұзап, үлкен өмірге қанат
қағады. Ата-ананың бақылауынан бойы таса болған соң, балалар
өздерін емін-еркін сезініп, отбасылық тәрбиенің астарындағы жағымсыз
қылықтармен кемшіліктері бой көрсетеді. Баланың қылығы, әдеті, іс
әрекеті әртүрлі болып қалыптасады. Мысалы: баланың тоңмоиын,
қыңырлығы тым қаталдық, мейірімсіздіктің ізі болса, тәкаппарлық мінез
баланы шектен тыс еркелетіп шолжаңдатудың нәтижесі болмай не болмақ.
Оған ата-ана тарапынан бақылаусыздық қосылғанда баланың тәртіпсіз
қиын аталуы оп-оңай шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімге
көнбейді, ата-ананы тыңдамамайды, еңбекке мойны жар бермейді, тіпті
сабаққа да зауқы болмайды. Ондай бала тек өз ойының ғана іске
асуын көздеп, өзімшіл, өркөкірек болып өседі. Бұл кейін баланы
тәрбиелеген өз ата-анасын өкінішті әбігерге салады .
Белгілі психолог Выготский қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері
жайында зерттеулер жасады .
Әбу Насыр Әл Фараби айтқандай : Баланың жасы өскен сайын оның ақылы
да, тәні де бірге өсіп отырады, мұның бәрі оның тіршілік қажетінен
туындайды деген.
Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын
тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен пайда болады.
Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі
қажет. Сонда балада жағымды мінез қалыптасады . Баланың дұрыс
жағдайда нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Бұл
айтылғандардан
баланы еркелету керек деген ұғым тумайды. Баланы жақсы көру,
еркелету де әкелік, аналық мейірімге тән табиғи мінез.
Бірақ еркелету деген баланың ыңғайымен жүру, қисық қыңырына көне беру
емес.
Жақсы тәрбиенің әліппесі -баланы әрбір шалыс, ағат қадамынан оң
жолға, өнегелі жолға бұрып отыру болса керек . Сонда ғана біз
Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік деген Абай Құнанбаевтың сөзінің
шынайылығын ұл мен қыз тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Мақсаты. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заң бұзуға бейімделушіліктің
психологиялық ерекшеліктері .
Зерттеу жұмыстарының міндеттері:
1. Психологиялық әдебиеттердегі жасөспірімдердің психикалық дамуына
теориялық шолу және талдау .
2. Жеткіншек кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық
ерекшеліктерін анықтау.
3. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық
ерекшеліктерін түзету жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері ( 7-8 сынып оқушылары )
Зерттеу әдістері:
1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау .
2. Психологиялық-педагогикалық эксперимент, ата-аналармен, оқушылармен
әңгіме.
3. Бақылау және психодиагностикалық және психологигиялық түзету
әдістері.
Зерттеудің экспериментальдық базасы: № 143 Сүйінбай атындағы қазақ орта
мектебі (8-сынып оқушылары).
Зерттеу болжамы: Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қиындығы
диагностика арқылы анықталса, психологиялық-педагогикалық ұсыныстар
жасауға мүмкіндік туады.
Теориялық мәні: Жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері
теориялық тұрғыда талдануы.
Практикалық мәні: эксперименттік зерттеу нәтижесі жеткіншектердің
жағымсыз, қиын мінез-құлықтары анықталып, алдын-алу жолы ұсынылды.
Жұмыс құрылымы: Кіріспеден, ІІ тараудан, қорытындыдан, пайданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I тарау. Кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспiрiмдердiң психологиялық
ерекшелiктерi (7-8 сынып)
1.1. Жасөспiрiмдердің психикалық дамуының жалпы ерекшелiктерi
жайындағы психолог мамандардың ойлары.
Жеткiншек кезең бала ағзасында болатын өзгерiстер мен жыныстық
жетілулерге байланысты. Психологиялық және физиологиялық даму катар
болмаса да, бұл кезеңдегі даму ерекшеленiп тұрады.
Кейбiр балалар жеткiншектiкке ерте, кейбiреулерi кеш
түседi.
Сондыктан да кейде жеткiншек жасты - созылмалы дағдарыс кезеңі деп
те атайды.
Бастауыш мектеп жасындағы тыныш кезеңнен кейiн жеткiншек жасы
күрделi және карқынды болып керiнедi. С.Холл бұл кезеңдi Қарқынды
даму кезеңi деп атайды. Шынында да бұл кезеңдегі даму жылдам темпте
жүреді. Әcipece тұлғаның калыптасуында көптеген өзгерiстер байкалады (9).
Және де жеткiншектiң басты ерекшелiгi жекелiк тұрақсыздығы қарама-қарсы
белгiлер, ұмтылыстар, тенденциялар бiрлеседi. Бұл жеткiншектік
ерекшелiктердi А.Фрейд былайша бейнелейдi: Жеткiншектер шектен тыс
өзiмшіл, өздерiн керемет санайды, қызығулыққа тұрарлықтай бiр ғана затты
таңдайды, және өз өмірінің ешқандай кезеңінде өзiндiк құрбандыққа
кабiлетсiз болады. Олар көбiнесе жеке қалғылары келiп тұрады.
Жеткiншекке тән көптеген тұлғалык ерекшелiктер iшiнен мен концепциясын
және есею сезiмiнiң қалыптасуын ерекше қарастырған (1-2).
Бала есейiп келе жатыр дегенде, оның ересек адамдар қоғамында тең
құқықта өмip сүруге даярлығы туралы айтылады. Әрине жеткiншекке шынайы
ересектiкке дейiн - дене, психология және әлеуметтiк жағынан да әлi
ерте. Ол ересектік өмірге әлі объективтi ене алмайды, бiрақ, оған
ұмтылады, ересектермен тең құқықты талап етедi. Жаңа позиция әртүрлi
сфераларда көрiнедi, көбiнесе-сырт көрініс, мiнез-құлық.
Кеше ғана epкiн, жеңiл қозғалатын бала қисалаңдап, қолдарын қалтасына
салып, иығынан түкiрiп жүре бастайды. Ол баланың қалтасында тeмeкi пайда
болуы мүмкiн және мiндеттi түрде жаңа сөздер пайда болады. Қыз бала
анасының көзқарасы, эмоциясына қарамастан және журнал беттерiнен көрген
киім және шаш үлгiлерiн өзiнiкi мен қызғана салыстыра бастайды.
Жеткiншектiң сырт көрінісі жанұядағы қақтығыстардың кезі болатынын
ескеру қажет. Ал бала өзiн керемет санайды.
Сонымен қатар өз заттарынан сырт келбетi бойынша ешқандай
ерекшеленбеуге ұмтылады. Ол құрдастарында бар сырт киiмiнiң өзінде
жоқтығына күйзеледi. Топқа сiңiп кету, олардан еш ерекшеленбеу,
қауiпсiздiктiң барлық қажеттiлiктерiне жауап беретiн ниеттерiн
психологтар психологиялық қорғану механизмі ретінде қарастырып көрді.
Ересектерге еліктеу қылықтары киінумен шектелмейді. Сонымен қатар
еліктеу, серігу романтикалык қатынастар бойымен жүреді. Ересектік форма
бұл қатынастардың мазмұнына тәуелсіз қалыптасады: кездесулер, xaттap,
қала шетіне қыдыру, дискотекалар және т.с.с.
Ересектiкке қарсы кедергілер жат сипатта болады, ал оларға еліктеу
үлгiлерi керемет емес, жалпы баланың мұндай жаңа қатынастар мектебiнен
өтуі пайдалы, өз жауапкершiлiгiне әртүрлі рөлдердi алуға үйретедi. Бiрақ
ересектiктiң үлкендерге ғана емес, жеткіншектік жеке дамуына жағымды әсер
eтетін шынайы құнды варианттары кездеседi. Жеткiншектiң ересектiк сезiмi
қалай көрiнедi? Ең алдымен не байқалады?. Барлық ересектер құрдастарынан
кiшi бала сияқты емес, ересек адамша қатынас жасауды талап етедi.
Ересектiк сезiмi дербестiкке ұмтылу, өз өмірінің кейбiр шақтарын ата-
аналарының араласуына қорғауынан байқалады. Бұл сырт - келбет, құрбылары
мен қатынастарына, оқуына қатысты. Соңғы жағдайда үлгерiм, үй
тапсырмаларын орындау уақытын бақылауды ғaнa қажет етпей, көмектердi де
терiстетедi (21).
Бүгiнгi психологтар, педагогтар, заңгерлер, социологтар, дәрігерлер
кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің мінез-құлқындағы
ауытқушылықтың өcyiн айтады. Бұл жасөспiрiмдердi мектеппен жанұя
әлеуметтiк байланысының үзілуiнен, iшімдiк нашақорлыққа әуес
жасөспiрiмдердiң көбеюiнен, суицидальды мiнез-құлықтың ұлғаюы, кәмелет
жасқа толмаған құқық бұзушылар санының өсуінен анық байқалады.
Қарастырып отырған мәселенің мәнін түсіну үшiн жасөспірімдердiң iшкi
әлемiне тереңірек еніп, олардың мінез-құлқын, қажеттіліктері мен
қызығyшылықтарын түсіндіру қажет.
Жасөспiрiмдiк кезең адамның тұлға ретiнде қалыптасуының жалпы
үрдiсiнде маңызды орын алады. Өйткенi бұл кезде жаңа мінез, бала
қызметiнiң құрылымы мен мінез-құлық негiздерi енiп, адамгершiлiк
түсiнiктерi мен әлеуметтiк, ұстанымдардың жалпы бағыттылығы көріне
бастайды. Бұл кезеңде жыныстық жетілу мен биологиялық жүйелерi жетiледi
(1-2).
Жасөспiрiм сөзі осы жастағы баланың ішкі дүниесімен қaтap cыpтқы
келбетiнiң дамуының негізгі тенденциясын көрсетедi. Қаңқаның жедел өcyi
(ер балалар жылына 4-7 см, қыздар 3-6 см өседi) бұлшықеттiң дамуынан,
дененiң басқа да бөлшектерiнен (кеуде, жамбас), осының салдарынан
жасөспiрiм денесi қисық, тepic болып көрiнедi.
Бала өмipiнің 16 жасқа дейiңгi кезеңi классикалық түсiнiктер бойынша
психикалық дамудың жасөспiрiмдiк кезеңiн қамтиды.
Жасөспiрiмнiң психофизиологиялық дамуының ең маңызды кезеңi -
жыныстық жетiлуi мен жыныстық идентификация гармондардың қарқынымен
бөлiнуi нейродинамиканы өзгертедi (тежеу-қозу балансы кейiнгiге
ауысады), осыдан жасөспiрiмдердi басқару мүмкiн емес болады, олар өте
ренжiгiш, ұpыcқaқ болады. Жыныстық жетiлудi дәлелдейтiн дене бөлiктерiнiң
өcyi, eтeккip, эрекция мен поллюцияны жасөспiрiм жаңалық ретiнде
қабылдайды және де бала өзiнiң жаңа менін қабылдауға кейде санасы
жетпейдi.
Кейбiреулерi дамуында бiр кемiстік бар деп қopқады, кейбiреулерi өз
денесiн мaктан етедi. Осы қайшы сезiмдер олардың келешектегі мінез-
құлқынан, жиi жағдайларда ауытқымалы мiнез-құлықынан байқалады.
Балалықтан ересек кезеңге ауысу өзiн-өзi қалыптастыру, қауiпке
деген әyecтік, өз қабiлетiн, күшiн, мүмкiндiктерiн тексеру сияқты
әрекеттермен ерекшеленедi (13).
Осы уақыт аралығында жасөспiрiмдерде барлық осы бағыттар бойынша
физикалық жаңа сапалар қалыптасады, барлық жағдайда ересектік
элементтері пайда болады жасөспірімнің ағзасы мен санасы, үлкендермен
және құрдастарымен қарым - қатынасы өзгереді. Тезiрек есеюге талпынады,
сондықтан да ересектер тек қасиеттердi бойларына сіңіруге тырысады
(тeмeкi шегу, ішімдік ішу, косметика, әшекейлер, демалу түрлері,
қырындаудың әдiстерi, ересектер тiлiндегi сөздерге әуестену жене т.б.).
Қызығyшылықтары өзгереді, танымдық және бiлiм алу қызметi байқалады.
Осы yaқыттa барлығы қозғалыста болады: ақырындап мiнездiң бiр
ерекшелiктерi жойылып, келесi бiреулерi пайда болады. Бұл күтпеген және
оқыс жағдайлар кезеңi.
Жасөспiрiмнiң даму үрдiсi көптеген жағдайларға байланысты, бiртегiс
өтпейдi: бiр бағытындағы даму жылдам болса, келесiсiнде баяу. Сондықтан
да жасөспiрiмде балалық пен ересектiк бiрге жүредi, ол жасөспiрiм -
құрдастар бiрi-бiрiнен ересектiктiң әр түрлi жақтарының даму деңгейiне
қарай бiр-бiрiнен қaтты дараланады. Калайда болса, жасөспірімдік кезеңде
көптеген сапалық өзгерістер жүзеге асады, соның салдарынан баланың
ерекшелiктерi қызығyшылықтары мен қарым - қатынастары түбiрiмен өзгередi;
бұл аз-ақ, yaқыттa болуы мүмкiн, көптеген жағдайда аяқ-
асты болады және даму процесiнде секiрмелi, екпiнді сипат бередi.
Бұл өзгерістер жасөспiрiмнiң өзiне қиындықтар әкеледi, екiншiден оны
(жасөспiрiмдi) тәрбиелеу iciнe қиындықтар туғызады: жасөспiрiм
үлкендердің айтқанына көнбейдi, ол айтқанды тыңдамайды, тұйық, іштей
тынып қалады (16).
Ауытқымалы мінез-құлыққа тап болған балалардың негізгі бөлігі-ересек
жастағы жасөспірімдер. Олар қауiптi топқа жатады.
Бұл бiрiншiден, жоғарыда айтылғандай, өтпелi кезеңдегi баланың iшкi
қиындықтарымен байланысты, психогармондық процестерден бастап Мен -
тұжырымдамасы екіншіден, жасөспірімдіктік пен жастықтық әлеуметтік
орнының үшiншiден, әлеуметтiк бақылау механизмдерiнiң қайта
қалыптасуынан пайда болған қайшылықтар. Балалық кездегi сияқты ата-ана,
үлкендер оларға бағынбайды, оларды бақылаудың тербиелеудiң ересектiк
әдiстерi қолданылады, жасөспірімдерден тәртiп caқтay мен өзiн-өзi бақылау
талап етiледi. Физикалық және жыныстық дамудың жеделдiгi жасөспiрiмнiң
сыртқы келбетiне, iшкi дүниесiне көптеген өзгерiстер әкеледi, өзiне-өзi
деген қызығушылығы артады. Ерiктiкке деген талпыныс күшейедi, жасөспiрiм
айналадағыны түcінyгe тырысады. Әр түрлі психикалық сапалары өзгереді:
бiреулер балалықтан ересектiкке ауысу кезеңiнде қатты өзгерсе,
кейбiреулерi өзгермейдi. Бiреулерде есею үрдісі екпінді әрі аурушаңдыкпен
өтсе, екiншiлерiнiкi тыныш әpi бiр қалыпты өтедi. Бұл қоршаған ортаға,
тәрбиеге және ағзаның туа бiткен қасиеттерiне байланысты. Жасөспiрiмнiң
ағзасы мен психикасында болып жатқан өзгерiстер оны ашушаң әpi тез
ренжiгiш етедi.
Психолог А.Г.Ковалев жасөспірiмде болатын өзгерiстердiң негізін аша
келе былай дейдi: Жасөспiрiмнiң психикасы, эмоциялық көңіл-күйi мен
бағытылығына биологиялық және жыныстық даму әсер eтeтiнiн мойындай келе,
бiз, жалпы алғанда, психикалық бейне биологиялық факторлармен
анықталмайды дегiмiз келедi.
Жасөспiрiмдiк кезеңдi классикалық зерттеу көптеген әйгiлi
психологтардың, педагогтардың осы бағыттағы үлкен үлесін көрсетедi.
Ж.Пиаже концепциясы бойынша жасөспiрiмдiк кезеңде тұлға толығымен
қалыптасады және индивид әлемді қалай өзгертуге болады деген тұрғыдан
қарастыра бастайды.
У.А.Крутецкий жасөспiрiмдiк кезеңдi ынтызар ақыл, танымға деген
талпыныстық, ізденістің кезеңі, әсіресе, егер оның әлеуметтік маңызы сол
қызба қызмет пен жігерлі қозғалыс кезеңі - дейді.
Г.Г.Федорова осы кезендi екпiндi әpi тeгic емес физикалык, дамудың,
жыныстық жетілудің тұлғаның өзіндегі маңызды өзгерiстердiң кезеңi деп
сипаттайды. Л.И.Божович осы кезеңде психиканың әр түрлі салаларында
түпкілікті өзгерістер болады, мотивациялық сала өзгерістерге ұшырайды,
адамгершiлiктiк көзқарастар пайда болып қалыптасады, ал өтпелі кезең
соңында өзiндiк қалыптасу, тұрақтылық пайда болады. Ол өзiн-өзi қоғам
мүшесі ретiнде түciнyмeн сипатталады және жаңа, қоғамдық маңызды
позицияда анықталады дейді.
С.Холл бұл кезеңдi өзiндiк сананың дағдарысқа ұшырау кезеңi, оны
жеңгеннен кейiн адамда дербестiк пайда болады дейдi.
С. Холл осы кезеңнiң бiрқатар негізгі қайшылықтарын айта келе, ең
алғаш жасөспірім мiнезiнiң амбиваленттiгi мен пaрадоксальдығы туралы
айтады.
В.Штерн жасөспiрiмдiк кезеңнің балалық ойы мен ересектің жауапты
қызметнің арасындағы кезең деп сипаттайды.
Осы кезеңнiң маңызды психологиялық жаңалығы ересектік-сезiмi.
Баланы басқалармен келiспей, қайшылықтардың тууы осыған байланысты. Жалпы
алғанда бұл балалықтың аяқталуы мен одан өсiп шығудың басталуы (30).
Д.Б.Эльконин концепциясында жасөспірімдердің ересек болуға
және ересек болып саналуға деген құлшынысын айтады.
Жасөспiрiмдер бала eкенін мойындамайды, бiрақ ол өзiн нағыз ересек
ретiнде сезiнбейдi, дегенмен де айналадағылардың оны ересек деп
мойындауын қалайды.
Г.В.Драгунова жасөспiрiмнiң epeceктіккe талпынуының есею
аспектiсiн атап көрсетедi: бiрiншiсi, жасөспірімнің айналадағы адамдармен
қарым-қатынаста жаңа дәрежеге, орынға ие болып, ересек болуға деген
талпынысында екіншісі, үлкендер әлеміндегі, олардың қарым-қатынacындaғы
мiнез-құлықты өте жедел қабылдау қабiлеттiлiгiнде.
Жасөспiрiмдiк кезендегі дағдарыс негізі, Э.Шпранг бойынша, баланың
тәуелдiлiктен босауы. Шпрангердiң айтуынша жасөспiрiмдiк кезеңнiң негiзгi
жаңалығы өзiндiк Мендi ашуы, өз тұлғасын мойындау. Алғашқы жыныстық
күйзелiстер таныс емес, кұпия бiрдеңеден үрейлену,
ұяттық сезiмiмен қабаттасып, ыңғайсыз ceнiмдep туғызады (5-6).
Өтпелi кезеңдегi қызығушылықтар проблемасын Л.Выготский жасөспiрiмнiң
психологиялық даму проблемасының кілті деп есептейдi. Выготский осы
кезеңнiң eкi ерекшелiгiн атап керсетедi-рефлексияның дамуы және оның
негiзiнде өзiндiк сананың дамуы.
Осы кезеңде жасөспiрiмдiк эгоцентризм гүлдене түседi. Бала өзiне
өзi байланып, айналадағы құбылыстардың барлығына өз көзқарасы тұрғысынан
баға бередi. Ол өзiне катты мән бередi: барлық ойлары мен сезiмдерi
өзiнiң Менiнiң айналасында болады және оған айналадағы адамдардың
барлығы оны бақылап, баға берiп, салыстырып, кемісткісі келiп тұрғандай
болып көрiнедi. Эгоцентрлiк өзіндiк сана жасөспірімнің ерекше мінез-
құлық туғызады-жоғары сезiмталдық өзiн-өзi ұстай алмаушылық жылдам
ренжiгiштiк, жасөспiрiм өз құқығын барынша қорғайды.
Ш.Бюлер осы кезеңдi биологиялық жағынан қapacтыpa келе көптеген
психологиялық құбылыстарды анықтады, - жоғары сiмталдылық, ашуланшақтық,
физикалық, рухани және сырқаттық, тыңдамаушылық, тыйым салынған icтepмeн
шұғылдану. Жасөспiрiм жалғызсырап, өзiн бөтен сияқты сезініп, барлығына
өшпендiлiк пайда болады (14).
Ш.Бюлер өзінің еңбегiнде осы кезеңдегi табиғи жетілу мен психикалық
дамуды бiрiктіре ала отырып қарастыруға тырысқан.

аспектiсiн атап көрсетедi: бiрiншiсi, - жасөспірімнің айналадағы
адамдармен қарым-қатынаста жаңа дәрежеге, орынға ие болып, ересек болуға
деген талпынысында, - екіншісі, үлкендер әлеміндегі, олардың қарым-
қатынacындaғы мiнез-құлықты өте жедел қабылдау қабiлеттiлiгiнде.
Сонымен қaтap жасөспiрiмдiк кезеңге тән қасиет олар сезiмге
берiлгiш, icтep iстi жасап қойғаннан кейiн барып ойланады және өз
қателiгін мойындайды.
Х.Ремшмидт жоғарыда аталған факторларды есеюдің дағдарысы және
олар ауытқымалы мiнез- құлықтың себебi болуы мүмкін. Дәл осы
жасөспірімдік кезеңде, Э.Эриксонның пiкiрiнше, ең қауiптi өмiрлiк
дағдарыс болады. Бұл кезенде жасөспiрiм 3 бағытта дамиды: дененің екпін
дамуы, және жыныстың жетілуі, мен басқалардың ойынша қандаймын, мен
кіммін деген қызығушылығы артып, өзiндiк қасиеттерiн анықтап, баға беру
қажетігін түсiнеді.
И.С.Кон мен Фельдштейн өз зерттеулерінде темендегіні айтады: өзiнiң
мiнез-құлығын бағалай келе жасөспірім үнeмi өзiн айнадағылармен
салыстырады, бiрiншi кезекте құрдастарымен, мұнда қарым-қaтынacқa деген
қажеттiлiк артады. Бұл қажеттiлiк жасөспiрiмнiң топ мүшесi болуға деген
талпынысынан, жақын дос іздеуiнен көрiнедi. Үлкендермен қapым-қaтынac
кезiнде жасөспiрiм тәуелсiздiк пен ерiктiк үшiн күрессе, жолдастарымен
қapым-қaтынac кезiнде көбiнесе келiсiмге бейiм болады. Себебi үлкендерден
гөpi оны жолдастары оның ересектiгiн мойындайды. Ол осыны мақтан тұтып
кез-келген өтінiш, тапсырманы орындаудан бас тартпайды, тіпті жағымсыз
әрекеттерге дейiн барады. Бұндай әрекет оның топтағы беделiн көтередi
(41).
Сонымен қaтаp, жасөспірім үшін үлкендердің пікірлері де маңызды. Ал
үлкендердiң түciнyiн, ceнiмiн қалайды, ересек деп саналуға, ересек
болуға тырысады. Ал оны бақылағанды, жазалап, айтқанды орындап, бағынуды
талап еткендi, оның тiлектерi мен қызығушылықтары мен санаспағанды
ұнатпайды, шамасынша қарсыласады. Сонымен, жасөспірімдік кезеңнің
негізгі қайшылығы үлкендерге өзін мойындату. Ересектiкке құлшыныспен
қaтap, осы кезеңнiң табиғи ерекшелiктерi - өзiндiк сананың дамуы, өзiне
деген қызығушылығық. Өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiне деген
қызығyшылық. Өзін-өзi көрсетуге, айналадағыларға өзiн мойындатyға деген
талпыныс жасөспiрiмдер үшiн маңызды мотивтер болып табылады. Бiрақ
өздерiнiң тiлектерiн icкe асыру үшiн қолайлы жағдайдың болмауынан өзiн
мойындату жолындағы әрекеттері қолайсыз нәтижелерге осыған орай
ауытқымалы мінез-құлықты таңдау қауiпi туады (7-8).
шындықтан қашу барысында iшiмдiкке салыну, нашақорлық, токсикалық
заттарды пайдалану сияқты iс-әрекеттер қауiптi. Жасөспiрiмдiк кезеңнiң
зерттеуiн сараптау төмендегiдей ойға алып келедi: бұл кезең тек
айналадағылар үшiн ғана емес, жасөспiрiм үшін де өте күрделi кезең,
әcipece, психикалық дамуы. Балалық пен ересектiктiң бiрге болуы есеюге
қиындықтар тyғызып, көптеген ішкі және сыртқы қайшылықтарға әкеледі.
Балалардың барлық адамгершiлiк қасиетi отбасынан көктеп, жапырақ жаяды.
Баланың адам болып қалыптасуы айналасындағы болып жатқан құбылыстар
мен жағдайлардың қайсысын өзіне қабылдауына байланысты. Олардың өмiрде
дұрыс тәрбиеге бейiмделуiне үлкендердiң әcepi мен ықпалы зор (11-12).
Халқымыз ежелден-ақ өз перзенттерiн шындык, адалдық, достық,
әдептiлiкке тербиелеуге ерекше мән берiп келген. Ер бала әртүрлi
отбасында тербиеленедi. Coндықтaн әр үйдің жағдайына, оның тұрмыс жайына,
ондағы қалыптасқан әдеттер мен дағдыларды, ата-аналардың өзара жасайтын
қарым-қатынастарына көңiл бөлемiз (3).
Психолог П.П.Блонскийдiң пікірінше, тәртiбi, мінез-құлқы нашар бала
мектептегi ұстаз еңбегiнiң өнiмсiздiгiнен дейдi. Оның жұмысына
ауыртпалык, тудырып, көп еңбектенудi қажет ететiндердi Қиындарға
жатқызуға болады дейдi Л.С.Выготский. Олар өз қолы әлi жетiп болмаған,
бiрақ болсам -ау деген киялға құлаш ұрады. Осының салдарынан ата-
аналарымен, ұстаздарымен, тіпті өзімен-өзі келісе алмаушылыққа
кездеседі.
Көптеген отбасында қазiргi уақытта заман талабына сай бала
тәрбиелеу күннен-күнге қиындап барады. Үлгiлi тәрбиелеу өте бiр күрделі
мәселе.
Ұрып-соғуды, қалай болса солай балаға сөйлеудi жиі қолданатын,
баланың көзiнше дөpeкi қылықтар жасайтын небiр ата-аналар баланың
тәрбиелену iciнe үлкен кеселiн тигiзедi. Ондай баладан болашақта ешқандай
адам шыкпайды. Осылайша әдiлетсiз, негiзсiз жазғыру баланы ата –
анасынан алыстата түседi. Үлкендердiң әділетсiздiгiнен көңiлi қалуы
баланың психикасына өшпес iз түсірері хақ (5-6).
Ата-ананың махаббаты - балаға орынды талап қоя отырып, жоғарғы
мақсатқа жеткiзетiн жақсы көрушiлiк. Ол мақсат балаға өздiгiнен өмip
сүрiп, еңбек етудi үйретедi. Жас ұрпақтың бойында мейiрiм шапағаты мен
имандылықты қалыптастыруда балалар үшiн отбасының, ата- ана
әрекеттенуінің мәні зор. Қай ата- ана болмасын өз ұрпағының жақсы да
тәрбиелi, көргендi болып өcyiн қалайды. Баласының жолын да ерiнбей еңбек
етiп, қайтсем осыны тәрбиелi етем деп, қолынан келгенiн аямай еңбектенерi
баршамызға белгiлi. Өйткенi қай ата-ана болмасын өз баласы өз өмірінің
жалғасы, артта қалар шаңырағының тірегі, иесі, мұраты ғой.
Баланың жастайынан жеке басының ерекшелiгiн, психикалык, процестерiн
ескере отырып, жарасымды жан-жақты жетiлген ұрпақ тәрбиелеуiмiз қажет.
Отбасында баланы халықтың адамы ретінде тану үшiн ата-анаға психологиялық
бiлiм беру, мамандарды сапалы даярлауды, қайта даярлауды iскe асыру
қажет. Оларды өз алдына бөлiп алып қараудың арнаулы зерттеулер жасаудың
себебi баланың психикасы көп реттерде үлкендердiң психикасынан өзгеше.
Тәрбиелi отбасынан шыққан балалар кез-келген жерде, кез-келген адамдар
мен тез тiл табысып, ерiксiз өздерiне деген суйiспеншiлiк туғызады.
Олармен араласу көл – көcip қуаныш әкеледi.
Ал кейбiр балаларда жағымсыз қасиеттер де болады. Олардың
кейбiреулерi бiр беттiлiгiмен, ашулаңшақтылығымен, ендi бiреулерi
жайбасарлығымен, тәрбиесiздiгiмен, жағымсыз жақтарымен ерекшеленедi.(39)
Miнe, мұндай балалармен психологтар көптеген жұмыстар жургiзулерi
керек. Жалғыз өскен бала басқалардың ынта - ықыласын түсіне алмайды.
Мұндай балалар өзін айналасындағылардан артықпын деп есептейдi, бұл
баланы шектен тыс еркелетiп өcipгeн отбасының нашарлығы. Бала тәрбиесi
үшiн кейiнгi кезде шыққан Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтiң Қазақтың тәлiм-
тәрбиесi атты еңбегi бар. Мектепте оқитын балаларда адамгершiлiкке жат
қылықтар көрiнiп қалады. Бұл көбiне отбасында ата-
аналардың дұрыс тәрбие бермеу салдарынан туындайды. Кейбір балалар
өтipiк айтуға бейiм, бiр нәpceнi өте өсiрiп, әдемілеп мақтап сөйлейдi.
Бала кей yaқыттa өзiнiң жағымсыз істерiнiң ізiн жауып, өзiн кiнәлi
санамай, жалған ұялшақ сезімімен ғaнa бiреуден кешiрiм сураудан бас
тартады. Осындай себепке байланысты бiрбеттiлiк танытып, түкпірінде өзiн
тepic деп есептесе де өз айтқанынан қайтпайды. Балалардың мiнез-құлқына,
дағдыларына айналасындағы туғaн-туыстарының, достарының ықпалы күштi.
Бұдан балалардың мiнез-құлқының ерекшелiктерiнiң бiрi елiктегiштiктi
көремiз. Ал егер бала жақсы өнеге көрсеткен адаммен араласса, бұл нәтиже
бередi. Кез-келген психолог балалардың осы ерекшелiктерiн пайдалана
отырып, оларға тиiстi зерттеулер жүргiзе алады (1-5).
Мінез-құлқының (табандылық тәртіпілiк, төзiмділiк, еңбексүйгiштiк)
негiзi болатын олардың жеке басының жағымды ерекшелiктерiн тербиелеуге
пайдалы әсер етедi. Тәрбиелi бiлiм алған балалар өздерiн қоршаған шындық
болмысқа дұрыс көзқарасын қалыптастырады, ой өрісiн кеңейтiп қана
қоймайды, сонымен қатар оның мінезiн қалыптастырады, epкiн шыңдайды,
iскерлiгiн арттырады, жеке басына игiлiктi ықпал жасайды. Оку үcтiнe
тәрбие берiлуi үшiн, ал тәрбие жұмысы үстiнде балаларға моральдық
дағдылар ғaнa берiлiп қоймай, пайдалы бiлiмдер де жеткізіліп, олардың
даму дәрежесi арта түcyi керек. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру,
балаға шеберлiкпен ыкпал жасау, атап айтқанда, бойында борышын өтеу
сезiмiн, өз кемшiлiгiн көре бiлy, epiк сапаларын, алдына мақсат қою мен
еңбексүйгiштiгiн тәрбиелеу, баланың жақсы әдетке дағдылануында зиянды
әрекеттердiң орын алмауы және дағдыға айналмауы үшiн жеңiлдiк келтiредi.
Психолог маман бiр баланың минут сайын-жұмыстан басқа жаққа алаңдап,
жан-жағына қарайтынын, орнынан ұшып тұра келетінiн, жай жазатынын,
жалқаулық сияқты зиянды әрекет барын байкады.
Бала өмiрiмiздiң жалғасы, болашақтағы әр мамандықтың иә қоғамның арқа
сүйер тipeгi. Республикамыздың жастарына сапалы бiлiм берумен қатар,
елiмiз eгeмeндi, тiлiмiз мемлекет болуына байланысты жастардың
дүниетанымын дамытып, оларды шыншылдыққа, адамгершілікке, ұрпак,
тәрбиесiне қоғамның лайықты азаматтарын тәрбиелеу - бүгiнгi таңдағы басты
мәселенің бiрi, жауапкершiлiгi мол ic.
Болашақ ұрпақтың еңбек сүйгiштiгi өз елiне деген ұлтжандылық
сезiмiнiң жоғары болуы, үлкендерді сыйлай бiлуi, рухани дүниесiнiң бай
болуы – осындай мағыналы тәрбие беруден шығады. Бұның барлығы тұлға
құрылымының әлсіз қалыптасуымен тiкелей байланысты. Осы мәселелерге орай
баланы жас кезiнен жан-жақты етіп қалыптастыру қажет. Бiздiң қоғамымыз
жасөспiрiмдердің адамгершiлiк келбетiне қойылатын талаптарды өсуiне,
оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда. Ал қазірі кезеңде
құқықтық тәртiпке немқұрайлықпен қарайтын ұрлық, зорлык, бұзақылық т.б.
қылмыстық әpeкеттepi арқылы қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-
күйіне зиянын тигізуші жастар жиі кездесіп отыр. Осындай жағдайларға
байланысты жастардың психологиялық ерекшелiктерiн психологтар зерттеп
бiлулерi шарт. Бiздiң мақсатымыз-қиын балалардың мiнезiндегi
ерекшелiктерiне байланысты проблемаларды қаншалықты зерттелгендiгін
анықтап, түрлi әдiстердi пайдалана отырып, оған талдау жасау.
Кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық
ерекшеліктерін неғұрлым айқындай бiлсек, оларды қайта тәрбиелеудегi
нәтиже арта түседі. Жеткiншектерге құқықтық тәрбие берудiң мiндeтi оларды
адамгершiлiкке және құқықтық тәртiпке үйрету болып табылады. Қиын
балаларға психологтар оку-тәрбие iсiнде ерекше назар аударуы қажет. Ол
қалай пайда болады деген cұpaқ толғандырады. Fалымдардың зерттеулерi мен
ой-тұжырымдарына сүйенсек Қиын балалардың бойынан бiрiншiден,
психикалық жағынан бiрдей дамыған, -екiншiден, тәрбиеде өз бетiмен
кеткен, -үшiншiден, қоршаған ортамен дұрыс қapым-қатынас болмағандығын
аңғаруға болады. Қиын балалар туралы пiкiр психологиялық тұрғыдан да,
педагогикалық теориядан да толық шешiмiн тапқан.
1.2. Жасөспiрiмдердің мiнез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу
себептерi.
Тәрбиесi қиын балалардың көбi 12-16 жас аралығынан бастап шығады.
Бұл жаста ағзаның дамуы өте күрделі кезеңге душар болады. Ipi биологиялық
өзгерiстерге ұшырайды. Дене дамуы мен психикалық дамудың арасындағы
қайшылықтар көбейе түседi, баланың бойы, салмағы, жұмыс icтey қабiлетi
өте тез өсе бастайды, жүйке жүйесiнiң қызметi жетiледi, оның сыртқы
пiшiнi өзгерiп, алғашқы махаббат сезiмі оянады. Көптеген ғалымдар бала
тәрбиесiнiң бұзылуын осы жағдайлармен түсiндiредi. Жасөспiрiмдердiң ақыл-
ойының дамуы да өзгередi, оның өзiндiк көзқарасы қалыптасады. Ұнатпаған
мұғалiмдерi мен пәндерді жек көру сезiмiн байқатады. Miнe, осының барлығы
баланың мiнезқұлқына кepi әсер етедi. Осындай кезеңде ұстаздар тарапынан
дұрыс қарым-қатынас керектігін байқады. Баланы не болса coғaн ренжiтпей,
ic әepeкeтінe әдiл баға берiп, байсалдылық, шыдамдылық көрсетулерi тиiс.
Ең алдымен, баланың қиын болу себебiн тауып, оны дұрыс жолға салу үшiн
әрбiр психолог жәрдемдесуi қажет. Сонда ғaна баланың iшкi жан дүниесiн
көруге болады.
Қиын балалармен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен,
баламен адамша тiл табысып сөйлей бiлу керек. Жақсы беделге ие болған
мұғалiмнiң жеке өнегeci, қандай оқушыға болса да қауіптi әсер етедi.
Мұғалiмнiң әрбiр қадамын оқушылар өздерінше сын елегінен өткізiп
отырады.
Қиын баланың қалыптасуы көбiне ата-аналардың кемшілігі. Көмек
көрсететін баланың психологтар iшкi дүниесiн алыстан көрiп бiлуi шарт.
Қиын оқушыны ешқандай ұжым өмipiмен, қоғамдық, пайдалы еңбектен тыс
қалдыруға болмайды, олар барлық үйiрме жұмысына, секцияларға қатысулары
керек. Бұл олардың зиянды әдеттермен айналыспай, жауапкершiлiк сезiмiн
тyғызyға жол ашады. Қиын баланы дұрыс жолға салуды әрдайым ата-ана
бастауы керек.
Олар сынып жиналыстарына шақырылып, мұғалiммен тығыз қарым-қатынаста
болғаны жөн. Ал окушыны жақсы көрмеу мaмaндықты жөк көрумен бiрдей. Қиын
балалар қандай болсын жақсы icкe даяр тұрады, бiрақ оларға шешiм артып
қойылатын талап, берiлетiн жаза әдiлеттi болуы керек.
Ұзтаз баланы әрбiр icкe немқұрайлы қараудан сақтандырып, қоғaмдық жұмысты
ұйымдастырғаны жөн. Ауқатты тұратын отбасынан да қиын балалар шығады,
сондықтан ұстаз ешбiр жiкке бөлмей тәрбие, насихатын соған лайық
тәрбиелеуi керек.
Қиын балалар тобына күйгелек, қыңыр, жеңілтек т.б. балалар
жатады. Сонымен, Қиын бала дегенiмiз, П.П.Блонскийдiң пiкiрiнше, қиын
окушы мұғалiм еңбегiнiң сенiмсiздiгiнен туындайды. Ал Л.С.Выготскийдiң
айтуынша, окушы қиындығының негiзiнде баланың өсу жолындағы өтпелi
шақтағы аномалды құбылыстар болып табылады. Оның өсу дәрежесі мен даму
қарқындылығына үйлесiмділік туады.
Бала бойындағы ең маңызды психологиялық ерекшелiк үлкендесу сезiмi
т.б. Ол өзi қолы жетiп болмаған, болсам-ау деген қиялға құлаш ұрады.
Соның салдарынан ата-аналар мен ұстаздармен өз-өзiмен келісе бермейтiн
қайшылықтарға кездеседi. Қиын бала бiреулер үшiн дарынсыз болып көpiнce,
бiреулерге жеке даралап көрінетін денсаулығы мен сырқатын бiрден айыру
қиындығы бар бала. Олар -ұрыс, жанжалға өте жақын. Айқай-шу шығарып,
айналасындағыларға маза бермейтiндер, тepic ықпалға тез көнетіндер. Ақыл
тыңдамайтын, өтінiш айтса өтірікшілдікке түседi, сөгіске мойымайды,
жақсылыққа кepi қылық жасайды. Л.С.Выготский, П.П.Блонский, А.С.Белкин өз
зерттеулерiнде қиын балаларды шартты топтарға бөлiп тәрбиелеудi ұсынады.
Дегенмен, қандай қиын бала болса да әрқайсысының өзiне тән мiнез-құлқы
болады, соған қатысты қарым-қатынас жасау керек. Сөйтiп, қиын бала
дегенiмiз, бұл кәдiмгi балалар психикасы және дене дамуы әдеттегiдей
бiраз белгiленген тәртiптi ұдайы бұзатындар. Баланың жасы өскен сайын
оның қиындық қылықтары да өзгередi.
Жоғары сыныпта үлкендердi жаратпау, жолдастарымен үйлеспеу, оқуына,
қоғамдық мiндеттерге тepic қарау, бастаған iciн тындырмау, шыдамсыздық,
табансыздық сияқты қасиеттер көpiнic табады. Психолог, дәрiгерлер қиын
балаларды типтерге бөлiп, сoған сәйкес тәрбие мен емдеу жүйелерiн анықтау
жолындағы жұмыстарды жургiзе беруi керек.
Белгiлi психолог Н.Д.Левитов Жасөспiрiмдердi қайта тәрбиелеу өз iшкi
қайшылықтарын жеңiп шығып, психикалық дамуын зерттеу және толықтыру деп
анықтама берген.
Шацкий Қиын окушының пайда болу себептерiн, мiнез-құлқына
сипаттама берiп, бұл салада тәрбие жұмысы жайлы өз көзқарасын айтқан.
Балаубаев С. тәрбиеде қиындық туғызатын балалармен сапалы
сөйлесiп, дұрыс қарым - қатынас жасау керектiгiн айтқан.
Л.С.Выготский Қиын баланың психологиялық ерекшелiгі
жеке бастарын сыйлау, iшкi жан дүниесiне үңiлу, денсаулық күйлерiн
ескеру, қайта тәрбиелеудi ұйымдастыруды талап еткен.
Қазақ халқының белгiлi мұғалiмi С.Көбеев Үлгiлi тәрбие атты
еңбегiнде қиқар мiнездi балаларды бiлiмге, дүниенi тaнyғa, имандылыққа
шақырған.
Мiнез-құлыққа тузету енгізу мәселесiне байланысты Л.Е.Личко,
Г.В.Грибанова еңбектер жазған. Сол еңбектер арқылы көптеген мекемелер мен
мектептер жұмыс жасауда.
Психолог Л.М.Зюбин: Баланың мiнез-құлық оку үлгерiмiнде
айтарлықтай кемшiлiктерi болса ондайда психологтардың ақыл кеңесі керек
деген. Қиын бала, оған жасалынған қандай бiр психологиялық ықпалдар
болмасын, оған iштей қалай қарайды? Осы мәселе психологтың eciнeн шықпауы
тиiс (16).
Егер де олардың iшкi жан дүниесi табиғатын бiле бiлсек, соғұрлым қиын
баланың мінез-құлықтарындағы адамгергішiлікті шағын ғана сыр-сипатын
бөлектеп алып, соған негiздей жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан құра
бiлiп, жағымсыз қылықтарын жоюға мүмкіндiк туғызу қажет. Осыған орай,
қайта тәрбиелеу процесiне қойылатын шарттар:
1) әрбiр қиын баланы жан-жақты зерттеп, мiнез- құлықтарының бағыт-
бағдарын айқындау, оның iшiндегi адамгершілiк ниеттегі қасиетін іріктеп
алу;
2) әрбiр оқушының адамгершiлiк сынды тәжiрибелерiн құра бiлiп, соның
негізiнде тәртiптi, айналасындағы өмipгe дұрыс көзқарасты,
коллектившілдік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;
3) әрбiр жеке адамның ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiне және
шығармашылық талап-тiлектерiне орай қабiлетi мен икемділіктерін дамыту,
қоғам жұмыстарына қатыстыру; кейбiр қиын оқушылардың оқу-тәрбие
процесiнде және ұжым өміріндегі қарым - қатынастарында ұсқынсыз
ауытқушылықтар болса, дер кезiнде қол ұшын берiп, одан caқтaндыpy, оны
туғызатын себептердi жою.
Әрбiр қиын бала жинақталған мiнездемелердi белгiлi бiр жүйеге
келтірiп, оларды қайта тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан
ұйымдастырған жөн.
Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдiстерiнiң бiрi - эстетикалық әңгiмелесу,
ал оқушыны зерттеп тануда, тербиелеуде, қайта тәрбиелеуде және жеке
тәрбие жұмыстарында өз ерекшелiктерiмен танылуда. Әңгiмелесу оқу-тәрбие
урдiсiнде ең қажеттi құрал. Оқушының жеке уайым-қайғысы, кейбiр моральдық
нормаларға жатпайтын әpeкeттepi, жанұя жағдайындағы ыңғайсыз
келiспеушiлiк қылықтар жайлы этикалык мәселелердi оқушылар ұжымы арасында
жария етуге болмайды немесе қиын баланың кейбiр қылықтарының себебiнен,
ауыр сезiмдер, қайғы-қасиеттерiн сынып ұжымы
түсiнбеуi де мүмкін. Осындай жағдайда тәжiрибелi психолог баланың басынан
өткен жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның объективтi түрде
ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Бiр ескеретін ерекшелiк, қиын бала мағынасыз әңгiмелердi жақтырмайды.
Оқиғаны немесе әртүрлi жөнсiз арнайы әңгiмелесуге тарта берiп мазасын
алса, әр yaқыттa олар карсылық көрсетеді.
Қиын жас өспiрiмдер дербес мiнездi, өмір тәжiрибелерi ұлғайып,
айналасындағы адамдармен қарым - қатынасы күрделенiп, көп жағдайда
тәуелсiздiкке талаптану әpeкеттepi жеке бастарын жоғары санаушылыққа,
өpкөкipeктiккe итермелеп, дау, жан-жалдасуға, дөрекiлiкке, қатыгездiкке
себепшi болатындығын жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесу
тәсiлдерiмiзді ескерген жөн (16).
Сонымен, қиын оқушымен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара
және жас ерекшелiктерiн жан - жақты бiлу қажет. Қиын балалармен тәрбие
жұмыстарын жүргізуде көңіл аударарлық әдiс - олардың бейiм -
қабiлеттерiн ескерiп, қоғамдық мәнi бар тапсырмалар беру және орынды
психологиялық талаптар қою.
1.3.Мінез-құлқында қиындығы бар жасөспірімдер классификациясы.
Әдебиеттерді талдау барысында ғалымдардың тұжырымдамалары қиын
балаларды топтарға бөлуге бағыт берді. Сонымен тәрбиесі қиын баланың
әлеуметтік жағынан құлдырауын ескере отырып, оларды бірнеше топқа бөлуге
болады:
1) Тәрбиеленуі қиын балалар - бұл топқа оқуға немқұрайлы қарайтын, үнемі
тәртіп бұзатын, сабақтан көп қалатын, жеке басының жағымсыз (өтірік айту,
дауыс көтеру т.с.с.) жақтары мен көрінетін балалар жатады.
2) Педагогикалық жағынан құлдыраған балалар құрайды. Оған: оқуға қоғамдық
пайдалы еңбекке қалай болса солай қарайтын балалар және т.б. жатады.
Мұғалімнің мұндай әрекетке өз дәрежесінде назар аудармауы бала бойында
еркіндікті дамытып, жауапсыздыққа, немқұрайлыққа, деген сенімін арттыра
түседі. Осы орайда В.М. Бехтереев баланы тәй-тәй басып қолына заттты
мықтап ұстай бастағанынан-ақ үнемі еңбекке үйрету керек деген. Белгілі
іспен айналысатын баланың тәртіпсіздікке тек қана кездейсоқ жолмен
баратыны да белгілі.
С.А.Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша
жіктейді:
Пайда күнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-
мүліктік пайда табуға ұмтылуы мен байланысты ( ұрлау, тонау, алып-сату,
алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері;
Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау,
бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау);
Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын
өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу
( жұмыстан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, таксикомания,
өзін-өзіне қол жұмсау). Осылайша, мазмұнымен де, мақсатқа бағытталғандығы
мен де ерекшелінетін асоциалды мінез-құлық әртүрлі
әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін. Мораль қалыптарының
бұзылуынан бастап, құқық бұзылушылық пен қылмыс жасауға дейін.
Әр түрлі нұсқадағы әлеуметтік дезадаптация нысанында көрінетін
әртүрлі девианттық мінез-құлықты бөліп көрсетуге болады.
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар келесі
себептер топтары мен байланысты болуы мүмкін.
А) тәрбиелен бегендігінің себебінен қажетті білімдердің,
дағдылардың жоқтығынан туындайтын қылықтармен;
Ә) Жайсыз жанұялық өзара қарым-қатынастардан, оқудағы жүйелі
сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбылары мен өзара қарым-қатынастың
орнамағандығынан, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының
және т.б. дұрыс емес
(әділетсіз, дөрекі, қатал ) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық
жайсыздықтармен;
Б) психикалық және физикалық денсаулығы дамуы жағдайындағы
ауытқушылықтармен, жас ерекшелік дағдарыстары, мінез-акцентуациясы және
басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктердің себептерінен;
В) ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі
көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен
айналыспағандығы, жағымды және маңызды әлеуметтік, жеке өмірлік
мақсаттары мен жоспарларының болмауынан;
Г) қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының
негізінде дамитын әлеуметтік- психологиялық дезадаптациямен, жеке
құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.
Бұл тізбектегі ерекше рольді, балалар мен жасөспірімдерге қоршаған
адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік
педагогикалық бақылаусыз қалуы алады. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз
қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге
деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, пікір, тағдыр
қызығушылықтары мен икемділіктерінің ортақтастығы ұйымға,
кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға мүмкіндік туғыза алады. Жағымды
әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігі, өмірге көзқарасының құндылықтар
жүйесінің, әдеп қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі
және қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз,
құқыққа қайшы аймақтарға жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-
құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, әлеуметтік бейнесінен көрініс береді.
Бұл үрдістегі ауқымды рольді балалармен жасөспірімдерге дер кезінде
педагогикалық, әлеуметтік және медициналық көмектің көрсетілмегендігі
алып жатыр.
Қазіргі кездегі жасөспірімнің қоршаған ортасы қолайлығы кей жағдайларда
өз деңгейінде емес. Ол қандай да бір шамада ауытқушы мінез-құлықтың
әртүрлі нысандарын мектепте де көрінеді. Мораль мен мінез-құлық
аймағындағы ауытқушылықты тудыратын қолайлы жағдайларды жасырын,
бейнесіз өзара қатынас сипаты мен, еркіндігінің көмегімен, кері әсер
ететінін экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторларының кең
ассортименті бар қалалық орта құрайды. Дәстүрлі құндылықтар нормасынан
босауы, мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.
Міне, жасөспірімдердің санасын бұзатын, ауытқушы мінез-құлықты
тудыратын жағдайлардың алдын-алатын ортаны мектепте құрудың қажеттілігі
осында.
І тарау тұжырымдамасы
Девианты мінез-құлықты зертеу арқылы көптеген авторлар қиын
жасөспірімдердің тәрбиесімен, олардың әлеуметтік ауытқушылықтар мәселесін
қарастырады. Көптеген ғалымдар, балалардың бейімделуіне кедергі
келтіретін және кәмелетке толмаған балалардың ауытқыған мінез-құлқында,
агрессияның маңызды роль атқаратынын атап көрсетеді.
Бүгінгі психологтар, педагогтар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz