Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы себептері
М а з м ұ н ы
Кіріспе
1. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің
психологиялық
дамуының теориялық сипаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.1 Жасөспірімдердің психикалық дамуының жалпы ерекшеліктері
жайындағы психолог мамандардың ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы
себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...24
1.3. Мінез-құлқында қиындығы бар
жасөспірімдердің
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
Тұжырымдама
IІ тарау
2. Психологияда девиантты жасөспірімдерді қайта
тәрбиелеудің
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...36
2.1. Мінез-құлқында қиындықтары бар
жасөспірімдерді
анықтау

... ... ... ... ... ... .. 36
2.2. Жасөспірім тәрбиелеудегі ұсыныстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 41
IIІ тарау
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Біздің қоғамымыздың жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне
қоятын талаптардың өсуіне байланысты, оларды жақсылыққа тәрбиелеу
мәселесіне баса назар аударуда. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды
орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық,
зорлық, бұзақылық т.б. қылмыстық әрекеттермен қарапайым азаматтардың
демалысымен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Осы
мәселеге байланысты кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің психологиялық
ерекшелігін педагог психологтар білулері шарт, ол үшін олардың
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Кәмелеттік жасқа толмаған
жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін неғұрлым айқындай білсек
оларды қайта тәрбиелеуде нәтиже арта түседі.
Қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған
проблема емес, шетелдік және орыс педагогикалық ойлардың
қайраткерлері П.Г. Бельский, Богдановский, А.Я. Герд еңбектерінде
көтерілген.
Осылардың кей біреулерінің идеялары осы күнге дейін өз құнын
жоғалтқан жоқ . Мысалы: П. Г. Бельский және Д. А. Дриль
құқық бұзушы жасөспірімдерді зерттеп тану, оның
психологиялық ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. Ал
Пусторслав болса, тәртібі нашарланған балалардың заң құқығын бұзу
дәрежесіне орай әртүрлі түрде оқу тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн
көрген. Ал Совет психологтары жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуді қолға
алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Аса көрнекті психолгтар: А.С.
Выготский, С.Т. Шацский шұғылданды. Нақтылай келгенде кәмілетке жасы
толмаған жасөспірімдерді зерттеудің қортындысы олардың пайда болуына
бірден-бір болатын және жағымсыз жағдай туғызатын себепші -жанұя
тәрбиесі. Оның бастылары бірден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын
қадағаламау, оның көзінше арақ-шарап ішу, жанжал, ұрыс туғызу т.с.с.
Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру. Үшіншіден,
жастайынан еңбектену әдет дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан-дүниесіне
көңіл аудармау.
Жанұядағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да
істер шиеленісіне түсетіндігі анық.
Еліміздің болашағы - өскелең ұрпақ алдында тұрған үлкен
мәселелердің бірі осы мәселелерге байланысты жасөспірмдерді жас кезеңінен
бастап жан-жақты етіп тәрбиелеуіміз керек.
Зерттеудің өзектілігі.
Тәрбие, тәрбие десек те кешегі дүние есігініңгәлап ашқан сәбиімізден,
бал тілді баламыздан өсе келе тілазар, тентек, ерке тотай, сондай-ақ,
жасық, қыңыр, жалпы айтқанда қиын бала қайдан шығады деп таң қаламыз
. Бала өсе келе өз отбасынан ұзап, үлкен өмірге қанат қағады. Ата-
ананың бақылауынан бойы таса болған соң, балалар өздерін емін-еркін
сезініп, отбасылық тәрбиенің астарындағы жағымсыз қылықтармен
кемшіліктері бой көрсетеді. Баланың қылығы, әдеті, іс әрекеті әртүрлі
болып қалыптасады. Мысалы: баланың тоңмоиын, қыңырлығы тым қаталдық,
мейірімсіздіктің ізі болса, тәкаппарлық мінез баланы шектен тыс
еркелетіп шолжаңдатудың нәтижесі болмай не болмақ. Оған ата-ана
тарапынан бақылаусыздық қосылғанда баланың тәртіпсіз қиын аталуы оп-
оңай шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімге көнбейді, ата-ананы
тыңдамамайды, еңбекке мойны жар бермейді, тіпті сабаққа да зауқы
болмайды. Ондай бала тек өз ойының ғана іске асуын көздеп, өзімшіл,
өркөкірек болып өседі. Бұл кейін баланы тәрбиелеген өз ата-анасын
өкінішті әбігерге салады .
Белгілі психолог Выготский қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері
жайында зерттеулер жасады .
Әбу Насыр Әл Фараби айтқандай : Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да,
тәні де бірге өсіп отырады, мұның бәрі оның тіршілік қажетінен
туындайды деген.
Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын
тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен пайда болады.
Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі
қажет. Сонда балада жағымды мінез қалыптасады . Баланың дұрыс жағдайда
нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Бұл айтылғандардан
баланы еркелету керек деген ұғым тумайды. Баланы жақсы көру, еркелету
де әкелік, аналық мейірімге тән табиғи мінез.
Бірақ еркелету деген баланың ыңғайымен жүру, қисық қыңырына көне беру
емес.
Жақсы тәрбиенің әліппесі -баланы әрбір шалыс, ағат қадамынан оң
жолға, өнегелі жолға бұрып отыру болса керек . Сонда ғана біз
Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік деген Абай Құнанбаевтың сөзінің
шынайылығын ұл мен қыз тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Мақсаты. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заң бұзуға бейімделушіліктің
психологиялық ерекшеліктері .
Зерттеу жұмыстарының міндеттері:
1. Психологиялық әдебиеттердегі жасөспірімдердің психикалық дамуына
теориялық шолу және талдау .
2. Жеткіншек кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық
ерекшеліктерін анықтау.
3. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық
ерекшеліктерін түзету жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері ( 7-8 сынып оқушылары )
Зерттеу әдістері:
1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау .
2. Психологиялық-педагогикалық эксперимент, ата-аналармен, оқушылармен
әңгіме.
3. Бақылау және психодиагностикалық және психологигиялық түзету әдістері.
Зерттеудің экспериментальдық базасы: № 143 Сүйінбай атындағы қазақ орта
мектебі (8-сынып оқушылары).
Зерттеу болжамы: Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қиындығы
диагностика арқылы анықталса, психологиялық-педагогикалық ұсыныстар жасауға
мүмкіндік туады.
Теориялық мәні: Жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері
теориялық тұрғыда талдануы.
Практикалық мәні: эксперименттік зерттеу нәтижесі жеткіншектердің
жағымсыз, қиын мінез-құлықтары анықталып, алдын-алу жолы ұсынылды.
Жұмыс құрылымы: Кіріспеден, ІІ тараудан, қорытындыдан, пайданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I тарау. Кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспiрiмдердiң психологиялық
ерекшелiктерi (7-8 сынып)
1.1. Жасөспiрiмдердің психикалық дамуының жалпы ерекшелiктерi
жайындағы психолог мамандардың ойлары.
Жеткiншек кезең бала ағзасында болатын өзгерiстер мен жыныстық
жетілулерге байланысты. Психологиялық және физиологиялық даму катар болмаса
да, бұл кезеңдегі даму ерекшеленiп тұрады.
Кейбiр балалар жеткiншектiкке ерте, кейбiреулерi кеш
түседi.
Сондыктан да кейде жеткiншек жасты - созылмалы дағдарыс кезеңі деп те
атайды.
Бастауыш мектеп жасындағы тыныш кезеңнен кейiн жеткiншек жасы күрделi
және карқынды болып керiнедi. С.Холл бұл кезеңдi Қарқынды даму кезеңi
деп атайды. Шынында да бұл кезеңдегі даму жылдам темпте жүреді. Әcipece
тұлғаның калыптасуында көптеген өзгерiстер байкалады (1).
Және де жеткiншектiң басты ерекшелiгi жекелiк тұрақсыздығы қарама-қарсы
белгiлер, ұмтылыстар, тенденциялар бiрлеседi. Бұл жеткiншектік
ерекшелiктердi А.Фрейд былайша бейнелейдi: Жеткiншектер шектен тыс
өзiмшіл, өздерiн керемет санайды, қызығулыққа тұрарлықтай бiр ғана затты
таңдайды, және өз өмірінің ешқандай кезеңінде өзiндiк құрбандыққа
кабiлетсiз болады. Олар көбiнесе жеке қалғылары келiп тұрады. Жеткiншекке
тән көптеген тұлғалык ерекшелiктер iшiнен мен концепциясын және есею
сезiмiнiң қалыптасуын ерекше қарастырған (2).
Бала есейiп келе жатыр дегенде, оның ересек адамдар қоғамында тең
құқықта өмip сүруге даярлығы туралы айтылады. Әрине жеткiншекке шынайы
ересектiкке дейiн - дене, психология және әлеуметтiк жағынан да әлi ерте.
Ол ересектік өмірге әлі объективтi ене алмайды, бiрақ, оған ұмтылады,
ересектермен тең құқықты талап етедi. Жаңа позиция әртүрлi сфераларда
көрiнедi, көбiнесе-сырт көрініс, мiнез-құлық. Кеше ғана epкiн, жеңiл
қозғалатын бала қисалаңдап, қолдарын қалтасына салып, иығынан түкiрiп жүре
бастайды. Ол баланың қалтасында тeмeкi пайда болуы мүмкiн және мiндеттi
түрде жаңа сөздер пайда болады. Қыз бала анасының көзқарасы, эмоциясына
қарамастан және журнал беттерiнен көрген киім және шаш үлгiлерiн өзiнiкi
мен қызғана салыстыра бастайды.
Жеткiншектiң сырт көрінісі жанұядағы қақтығыстардың кезі болатынын
ескеру қажет. Ал бала өзiн керемет санайды.
Сонымен қатар өз заттарынан сырт келбетi бойынша ешқандай
ерекшеленбеуге ұмтылады. Ол құрдастарында бар сырт киiмiнiң өзінде
жоқтығына күйзеледi. Топқа сiңiп кету, олардан еш ерекшеленбеу,
қауiпсiздiктiң барлық қажеттiлiктерiне жауап беретiн ниеттерiн психологтар
психологиялық қорғану механизмі ретінде қарастырып көрді.
Ересектерге еліктеу қылықтары киінумен шектелмейді. Сонымен қатар
еліктеу, серігу романтикалык қатынастар бойымен жүреді. Ересектік форма бұл
қатынастардың мазмұнына тәуелсіз қалыптасады: кездесулер, xaттap, қала
шетіне қыдыру, дискотекалар және т.с.с.
Ересектiкке қарсы кедергілер жат сипатта болады, ал оларға еліктеу
үлгiлерi керемет емес, жалпы баланың мұндай жаңа қатынастар мектебiнен өтуі
пайдалы, өз жауапкершiлiгiне әртүрлі рөлдердi алуға үйретедi. Бiрақ
ересектiктiң үлкендерге ғана емес, жеткіншектік жеке дамуына жағымды әсер
eтетін шынайы құнды варианттары кездеседi. Жеткiншектiң ересектiк сезiмi
қалай көрiнедi? Ең алдымен не байқалады?. Барлық ересектер құрдастарынан
кiшi бала сияқты емес, ересек адамша қатынас жасауды талап етедi. Ересектiк
сезiмi дербестiкке ұмтылу, өз өмірінің кейбiр шақтарын ата-аналарының
араласуына қорғауынан байқалады. Бұл сырт - келбет, құрбылары мен
қатынастарына, оқуына қатысты. Соңғы жағдайда үлгерiм, үй тапсырмаларын
орындау уақытын бақылауды ғaнa қажет етпей, көмектердi де терiстетедi (3).
Бүгiнгi психологтар, педагогтар, заңгерлер, социологтар, дәрігерлер
кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтың
өcyiн айтады. Бұл жасөспiрiмдердi мектеппен жанұя әлеуметтiк байланысының
үзілуiнен, iшімдiк нашақорлыққа әуес жасөспiрiмдердiң көбеюiнен,
суицидальды мiнез-құлықтың ұлғаюы, кәмелет жасқа толмаған құқық бұзушылар
санының өсуінен анық байқалады. Қарастырып отырған мәселенің мәнін түсіну
үшiн жасөспірімдердiң iшкi әлемiне тереңірек еніп, олардың мінез-құлқын,
қажеттіліктері мен қызығyшылықтарын түсіндіру қажет.
Жасөспiрiмдiк кезең адамның тұлға ретiнде қалыптасуының жалпы
үрдiсiнде маңызды орын алады. Өйткенi бұл кезде жаңа мінез, бала қызметiнiң
құрылымы мен мінез-құлық негiздерi енiп, адамгершiлiк түсiнiктерi мен
әлеуметтiк, ұстанымдардың жалпы бағыттылығы көріне бастайды. Бұл кезеңде
жыныстық жетілу мен биологиялық жүйелерi жетiледi (4).
Жасөспiрiм сөзі осы жастағы баланың ішкі дүниесімен қaтap cыpтқы
келбетiнiң дамуының негізгі тенденциясын көрсетедi. Қаңқаның жедел өcyi (ер
балалар жылына 4-7 см, қыздар 3-6 см өседi) бұлшықеттiң дамуынан, дененiң
басқа да бөлшектерiнен (кеуде, жамбас), осының салдарынан жасөспiрiм денесi
қисық, тepic болып көрiнедi.
Бала өмipiнің 16 жасқа дейiңгi кезеңi классикалық түсiнiктер бойынша
психикалық дамудың жасөспiрiмдiк кезеңiн қамтиды.
Жасөспiрiмнiң психофизиологиялық дамуының ең маңызды кезеңi -
жыныстық жетiлуi мен жыныстық идентификация гармондардың қарқынымен
бөлiнуi нейродинамиканы өзгертедi (тежеу-қозу балансы кейiнгiге
ауысады), осыдан жасөспiрiмдердi басқару мүмкiн емес болады, олар өте
ренжiгiш, ұpыcқaқ болады. Жыныстық жетiлудi дәлелдейтiн дене бөлiктерiнiң
өcyi, eтeккip, эрекция мен поллюцияны жасөспiрiм жаңалық ретiнде
қабылдайды және де бала өзiнiң жаңа менін қабылдауға кейде санасы
жетпейдi.
Кейбiреулерi дамуында бiр кемiстік бар деп қopқады, кейбiреулерi өз
денесiн мaктан етедi. Осы қайшы сезiмдер олардың келешектегі мінез-
құлқынан, жиi жағдайларда ауытқымалы мiнез-құлықынан байқалады.
Балалықтан ересек кезеңге ауысу өзiн-өзi қалыптастыру, қауiпке деген
әyecтік, өз қабiлетiн, күшiн, мүмкiндiктерiн тексеру сияқты әрекеттермен
ерекшеленедi (5).
Осы уақыт аралығында жасөспiрiмдерде барлық осы бағыттар бойынша
физикалық жаңа сапалар қалыптасады, барлық жағдайда ересектік элементтері
пайда болады жасөспірімнің ағзасы мен санасы, үлкендермен және
құрдастарымен қарым - қатынасы өзгереді. Тезiрек есеюге талпынады,
сондықтан да ересектер тек қасиеттердi бойларына сіңіруге тырысады (тeмeкi
шегу, ішімдік ішу, косметика, әшекейлер, демалу түрлері, қырындаудың
әдiстерi, ересектер тiлiндегi сөздерге әуестену жене т.б.). Қызығyшылықтары
өзгереді, танымдық және бiлiм алу қызметi байқалады.
Осы yaқыттa барлығы қозғалыста болады: ақырындап мiнездiң бiр
ерекшелiктерi жойылып, келесi бiреулерi пайда болады. Бұл күтпеген және
оқыс жағдайлар кезеңi.
Жасөспiрiмнiң даму үрдiсi көптеген жағдайларға байланысты, бiртегiс
өтпейдi: бiр бағытындағы даму жылдам болса, келесiсiнде баяу. Сондықтан да
жасөспiрiмде балалық пен ересектiк бiрге жүредi, ол жасөспiрiм - құрдастар
бiрi-бiрiнен ересектiктiң әр түрлi жақтарының даму деңгейiне қарай бiр-
бiрiнен қaтты дараланады. Калайда болса, жасөспірімдік кезеңде көптеген
сапалық өзгерістер жүзеге асады, соның салдарынан баланың ерекшелiктерi
қызығyшылықтары мен қарым - қатынастары түбiрiмен өзгередi; бұл аз-ақ,
yaқыттa болуы мүмкiн, көптеген жағдайда аяқ-
асты болады және даму процесiнде секiрмелi, екпiнді сипат бередi.
Бұл өзгерістер жасөспiрiмнiң өзiне қиындықтар әкеледi, екiншiден оны
(жасөспiрiмдi) тәрбиелеу iciнe қиындықтар туғызады: жасөспiрiм үлкендердің
айтқанына көнбейдi, ол айтқанды тыңдамайды, тұйық, іштей тынып қалады (6).
Ауытқымалы мінез-құлыққа тап болған балалардың негізгі бөлігі-ересек
жастағы жасөспірімдер. Олар қауiптi топқа жатады.
Бұл бiрiншiден, жоғарыда айтылғандай, өтпелi кезеңдегi баланың iшкi
қиындықтарымен байланысты, психогармондық процестерден бастап Мен -
тұжырымдамасы екіншіден, жасөспірімдіктік пен жастықтық әлеуметтік орнының
үшiншiден, әлеуметтiк бақылау механизмдерiнiң қайта қалыптасуынан пайда
болған қайшылықтар. Балалық кездегi сияқты ата-ана, үлкендер оларға
бағынбайды, оларды бақылаудың тербиелеудiң ересектiк әдiстерi қолданылады,
жасөспірімдерден тәртiп caқтay мен өзiн-өзi бақылау талап етiледi.
Физикалық және жыныстық дамудың жеделдiгi жасөспiрiмнiң сыртқы келбетiне,
iшкi дүниесiне көптеген өзгерiстер әкеледi, өзiне-өзi деген қызығушылығы
артады. Ерiктiкке деген талпыныс күшейедi, жасөспiрiм айналадағыны түcінyгe
тырысады. Әр түрлі психикалық сапалары өзгереді: бiреулер балалықтан
ересектiкке ауысу кезеңiнде қатты өзгерсе, кейбiреулерi өзгермейдi.
Бiреулерде есею үрдісі екпінді әрі аурушаңдыкпен өтсе, екiншiлерiнiкi тыныш
әpi бiр қалыпты өтедi. Бұл қоршаған ортаға, тәрбиеге және ағзаның туа
бiткен қасиеттерiне байланысты. Жасөспiрiмнiң ағзасы мен психикасында болып
жатқан өзгерiстер оны ашушаң әpi тез ренжiгiш етедi.
Психолог А.Г.Ковалев жасөспірiмде болатын өзгерiстердiң негізін аша
келе былай дейдi: Жасөспiрiмнiң психикасы, эмоциялық көңіл-күйi мен
бағытылығына биологиялық және жыныстық даму әсер eтeтiнiн мойындай келе,
бiз, жалпы алғанда, психикалық бейне биологиялық факторлармен анықталмайды
дегiмiз келедi.
Жасөспiрiмдiк кезеңдi классикалық зерттеу көптеген әйгiлi
психологтардың, педагогтардың осы бағыттағы үлкен үлесін көрсетедi.
Ж.Пиаже концепциясы бойынша жасөспiрiмдiк кезеңде тұлға толығымен
қалыптасады және индивид әлемді қалай өзгертуге болады деген тұрғыдан
қарастыра бастайды.
У.А.Крутецкий жасөспiрiмдiк кезеңдi ынтызар ақыл, танымға деген
талпыныстық, ізденістің кезеңі, әсіресе, егер оның әлеуметтік маңызы сол
қызба қызмет пен жігерлі қозғалыс кезеңі - дейді.
Г.Г.Федорова осы кезендi екпiндi әpi тeгic емес физикалык, дамудың,
жыныстық жетілудің тұлғаның өзіндегі маңызды өзгерiстердiң кезеңi деп
сипаттайды. Л.И.Божович осы кезеңде психиканың әр түрлі салаларында
түпкілікті өзгерістер болады, мотивациялық сала өзгерістерге ұшырайды,
адамгершiлiктiк көзқарастар пайда болып қалыптасады, ал өтпелі кезең
соңында өзiндiк қалыптасу, тұрақтылық пайда болады. Ол өзiн-өзi қоғам
мүшесі ретiнде түciнyмeн сипатталады және жаңа, қоғамдық маңызды позицияда
анықталады дейді.
С.Холл бұл кезеңдi өзiндiк сананың дағдарысқа ұшырау кезеңi, оны
жеңгеннен кейiн адамда дербестiк пайда болады дейдi.
С. Холл осы кезеңнiң бiрқатар негізгі қайшылықтарын айта келе, ең
алғаш жасөспірім мiнезiнiң амбиваленттiгi мен пaрадоксальдығы туралы
айтады.
В.Штерн жасөспiрiмдiк кезеңнің балалық ойы мен ересектің жауапты
қызметнің арасындағы кезең деп сипаттайды.
Осы кезеңнiң маңызды психологиялық жаңалығы ересектік-сезiмi.
Баланы басқалармен келiспей, қайшылықтардың тууы осыған байланысты. Жалпы
алғанда бұл балалықтың аяқталуы мен одан өсiп шығудың басталуы (7).
Д.Б.Эльконин концепциясында жасөспірімдердің ересек болуға және
ересек болып саналуға деген құлшынысын айтады.
Жасөспiрiмдер бала eкенін мойындамайды, бiрақ ол өзiн нағыз ересек
ретiнде сезiнбейдi, дегенмен де айналадағылардың оны ересек деп мойындауын
қалайды.
Г.В.Драгунова жасөспiрiмнiң epeceктіккe талпынуының есею
аспектiсiн атап көрсетедi: бiрiншiсi, жасөспірімнің айналадағы адамдармен
қарым-қатынаста жаңа дәрежеге, орынға ие болып, ересек болуға деген
талпынысында екіншісі, үлкендер әлеміндегі, олардың қарым-қатынacындaғы
мiнез-құлықты өте жедел қабылдау қабiлеттiлiгiнде.
Жасөспiрiмдiк кезендегі дағдарыс негізі, Э.Шпранг бойынша, баланың
тәуелдiлiктен босауы. Шпрангердiң айтуынша жасөспiрiмдiк кезеңнiң негiзгi
жаңалығы өзiндiк Мендi ашуы, өз тұлғасын мойындау. Алғашқы жыныстық
күйзелiстер таныс емес, кұпия бiрдеңеден үрейлену, ұяттық сезiмiмен
қабаттасып, ыңғайсыз ceнiмдep туғызады (8).
Өтпелi кезеңдегi қызығушылықтар проблемасын Л.Выготский жасөспiрiмнiң
психологиялық даму проблемасының кілті деп есептейдi. Выготский осы
кезеңнiң eкi ерекшелiгiн атап керсетедi-рефлексияның дамуы және оның
негiзiнде өзiндiк сананың дамуы.
Осы кезеңде жасөспiрiмдiк эгоцентризм гүлдене түседi. Бала өзiне өзi
байланып, айналадағы құбылыстардың барлығына өз көзқарасы тұрғысынан баға
бередi. Ол өзiне катты мән бередi: барлық ойлары мен сезiмдерi өзiнiң
Менiнiң айналасында болады және оған айналадағы адамдардың барлығы оны
бақылап, баға берiп, салыстырып, кемісткісі келiп тұрғандай болып
көрiнедi. Эгоцентрлiк өзіндiк сана жасөспірімнің ерекше мінез-құлық
туғызады-жоғары сезiмталдық өзiн-өзi ұстай алмаушылық жылдам ренжiгiштiк,
жасөспiрiм өз құқығын барынша қорғайды.
Ш.Бюлер осы кезеңдi биологиялық жағынан қapacтыpa келе көптеген
психологиялық құбылыстарды анықтады, - жоғары сiмталдылық, ашуланшақтық,
физикалық, рухани және сырқаттық, тыңдамаушылық, тыйым салынған icтepмeн
шұғылдану. Жасөспiрiм жалғызсырап, өзiн бөтен сияқты сезініп, барлығына
өшпендiлiк пайда болады (9).
Ш.Бюлер өзінің еңбегiнде осы кезеңдегi табиғи жетілу мен психикалық
дамуды бiрiктіре ала отырып қарастыруға тырысқан.

аспектiсiн атап көрсетедi: бiрiншiсi, - жасөспірімнің айналадағы адамдармен

талпынысында, - екіншісі, үлкендер әлеміндегі, олардың қарым-қатынacындaғы

Сонымен қaтap жасөспiрiмдiк кезеңге тән қасиет олар сезiмге берiлгiш,
icтep iстi жасап қойғаннан кейiн барып ойланады және өз қателiгін
мойындайды.
Х.Ремшмидт жоғарыда аталған факторларды есеюдің дағдарысы және
олар ауытқымалы мiнез- құлықтың себебi болуы мүмкін. Дәл осы
жасөспірімдік кезеңде, Э.Эриксонның пiкiрiнше, ең қауiптi өмiрлiк дағдарыс
болады. Бұл кезенде жасөспiрiм 3 бағытта дамиды: дененің екпін дамуы, және
жыныстың жетілуі, мен басқалардың ойынша қандаймын, мен кіммін деген
қызығушылығы артып, өзiндiк қасиеттерiн анықтап, баға беру қажетігін
түсiнеді.
И.С.Кон мен Фельдштейн өз зерттеулерінде темендегіні айтады: өзiнiң
мiнез-құлығын бағалай келе жасөспірім үнeмi өзiн айнадағылармен
салыстырады, бiрiншi кезекте құрдастарымен, мұнда қарым-қaтынacқa деген
қажеттiлiк артады. Бұл қажеттiлiк жасөспiрiмнiң топ мүшесi болуға деген
талпынысынан, жақын дос іздеуiнен көрiнедi. Үлкендермен қapым-қaтынac
кезiнде жасөспiрiм тәуелсiздiк пен ерiктiк үшiн күрессе, жолдастарымен
қapым-қaтынac кезiнде көбiнесе келiсiмге бейiм болады. Себебi үлкендерден
гөpi оны жолдастары оның ересектiгiн мойындайды. Ол осыны мақтан тұтып кез-
келген өтінiш, тапсырманы орындаудан бас тартпайды, тіпті жағымсыз
әрекеттерге дейiн барады. Бұндай әрекет оның топтағы беделiн көтередi (10).
Сонымен қaтаp, жасөспірім үшін үлкендердің пікірлері де маңызды. Ал
үлкендердiң түciнyiн, ceнiмiн қалайды, ересек деп саналуға, ересек болуға
тырысады. Ал оны бақылағанды, жазалап, айтқанды орындап, бағынуды талап
еткендi, оның тiлектерi мен қызығушылықтары мен санаспағанды ұнатпайды,
шамасынша қарсыласады. Сонымен, жасөспірімдік кезеңнің негізгі қайшылығы
үлкендерге өзін мойындату. Ересектiкке құлшыныспен қaтap, осы кезеңнiң
табиғи ерекшелiктерi - өзiндiк сананың дамуы, өзiне деген қызығушылығық.
Өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiне деген қызығyшылық. Өзін-өзi
көрсетуге, айналадағыларға өзiн мойындатyға деген талпыныс жасөспiрiмдер
үшiн маңызды мотивтер болып табылады. Бiрақ өздерiнiң тiлектерiн icкe асыру
үшiн қолайлы жағдайдың болмауынан өзiн мойындату жолындағы әрекеттері
қолайсыз нәтижелерге осыған орай ауытқымалы мінез-құлықты таңдау қауiпi
туады (11). Шындықтан қашу барысында iшiмдiкке салыну, нашақорлық,
токсикалық заттарды пайдалану сияқты iс-әрекеттер қауiптi. Жасөспiрiмдiк
кезеңнiң зерттеуiн сараптау төмендегiдей ойға алып келедi: бұл кезең тек
айналадағылар үшiн ғана емес, жасөспiрiм үшін де өте күрделi кезең,
әcipece, психикалық дамуы. Балалық пен ересектiктiң бiрге болуы есеюге
қиындықтар тyғызып, көптеген ішкі және сыртқы қайшылықтарға әкеледі.
Балалардың барлық адамгершiлiк қасиетi отбасынан көктеп, жапырақ жаяды.
Баланың адам болып қалыптасуы айналасындағы болып жатқан құбылыстар
мен жағдайлардың қайсысын өзіне қабылдауына байланысты. Олардың өмiрде
дұрыс тәрбиеге бейiмделуiне үлкендердiң әcepi мен ықпалы зор (12).
Халқымыз ежелден-ақ өз перзенттерiн шындык, адалдық, достық,
әдептiлiкке тербиелеуге ерекше мән берiп келген. Ер бала әртүрлi отбасында
тербиеленедi. Coндықтaн әр үйдің жағдайына, оның тұрмыс жайына, ондағы
қалыптасқан әдеттер мен дағдыларды, ата-аналардың өзара жасайтын қарым-
қатынастарына көңiл бөлемiз (13).
Психолог П.П.Блонскийдiң пікірінше, тәртiбi, мінез-құлқы нашар бала
мектептегi ұстаз еңбегiнiң өнiмсiздiгiнен дейдi. Оның жұмысына ауыртпалык,
тудырып, көп еңбектенудi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz