Кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ маман біліктілігін арттыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ маман

біліктілігін арттыру жолдары

Л. Б. Иманкулова (Алматы қ., ҚазМемҚызПУ)

Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық-мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.

Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Сондықтан қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - білім беру жүйесінде оқыту үдерісін технологияландыру. Осыған орай білім беру жүйесіне жаңа инновациялық үдістердің енуі мұғалімнің жаңашылдығын дамытып, кәсіби өсуіне алып келді.

«Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономикалық қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек»- деп елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында атап көрсеттіп өтті. [2]

Бүгінгі студент келешектегі маман иесі, қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық, педагогикалық, ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген жеке шығармашылық кәсіби түрде оқушылармен ортақ тіл таба алатын педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын болу керек.

Қазіргі таңдағы маман даярлау қоғам сұранысын қанағаттандырмай отыр десек те болады. Әсіресе, жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби танымдық ізденісі төменгі деңгейді көрсетуде. Бұл жағдай жас мамандарды аттестациялық байқаудан өткізген кезде жиі байқалады. Демек, қоғам дамуына байланысты туындап отырған талаптар мен маман даярлау үрдісі арасында қарама-қайшылықтар кездеседі. Бұл мәселені шешу жоғары оқу орнында оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, студенттерге кәсіби білім беруде танымдық іс-әрекеттерін жоспарлай отырып, оны шешудің жолдарын табу арқылы белгілі бір нәтижеге жетуде біліктері мен дағдыларының қалыптасуына тікелей байланысты екендігі анықталады.

Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңы «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп, кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін меңзейді. Өйткені, болашақ маман тәрбиесі мен жоғары білім деңгейі Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми - техникалық процестің алғы шарттарының бір екендігін қазіргі кездің өзі айқындап көрсетіп отыр.

Жаңа формациядағы ұстаз алдымен өз ісінің білгірі, болмысынан мұғалім, өз жұмысын, адамдарды, соның ішінде балаларды ерекше сүйетін, жаңа технологияларды, қарым-қатынас психологиясын меңгерген, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңірген педагог бола білуі керек. Ол кез-келген пәнді үйрету кезінде сабаққа рухани-адамгершілік құндылықтарын енгізіп отыруы қажет. Өз пәнін сүйетін мұғалім сабағының бір де біреуі студентке тартымсыз, керексіз болмайды. Бірақ жаңа формациядағы ұстазға білімділігімен қоса, тәрбиелік-мәдениеті мен шеберлігі, интеллектуалдығы, деонтологиялық мүмкіндіктері ерекше ұстаздық мінез-құлқы, сыртқы бейне мәдениеті, педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті, ілтипаттылық, сенім, әділдік, төзім мен сабыр сақтау, сергектік, байқағыштық сезімталдық, байсалдылық, ұстамдылық қасиеттері ұстаздық мәдениет аясына кіретін рухани тәрбие мен моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптармен анықталады.

Жоғары оқу орындарында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтауы керек. Білім берудің күрделі мазмұнын меңгеруде, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі ұстанымдарын жүзеге асыруда, педагогикалық үрдіс, яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара байланысқан және өзара келісілген іс-әрекеті басты міндет атқарады. Сондықтан, казіргі кездегі жоғары білім беру алдында студенттер мен оқытушылардың жұмыстарының түрлері мен әдістерін жүзеге асыру мәселесі тұр. Мұғалімнің кәсіби мүмкіндігі оның бойындағы өзін-өзі инновациялық технологияларды пайдалана отырып дамыту дайындығына тікелей байланысты. Бұл мәселеге әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан келу үшін мұғалімнің субьект ретіндегі алдына қойған міндеттерін орындауға деген әзірлік деңгейіне көз жеткізу қажет. Әрине, оның кәсіби өсуі жеке тұлға ретіндегі ерекшелігіне әбден қатысты. Сондықтан бұл жерде даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік жетілдіру, кәсіптік-пәндік білімін толықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі туады. Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» - кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің әлеуметтік бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз. Білім беру жүйесін модернизациялау міндетінің шешімін табуы білім беру саласындағы қызметкерлердің жұмысымен анықталады. Бүгінгі күні мемлекеттік деңгейде мұғалімнің педагогикалық имиджін жетілдіру және оны әлеуметтік қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіби білім беру саласының ең басты мәселесінің бірі - кадр мәселесі. Өйткені кез-келген саланың деңгейін білікті маман ғана көтеретіні анық. Сондықтан да, білім деңгейі мен педагогтік шеберлігі жалпы білім беру мекемелерінің табыстарын айқындайды.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін қажет ететіндігі сөзсіз. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Педагогтың кәсіби біліктілігінің мазмұны мұғалімнің педагогикалық міндеттерді өз бетінше тиімді шешуге жағдай туғызатын жеке мүмкіндіктері. Қандай да бір педагогикалық міндеттерді шешу үшін педагогикалық теорияны, оны практикада қолдана білу қажет болады. [3]

Білім, білік, қабілеттілігінің бірлігі негізінде - шеберлік - кәсібиліктің жоғары дәрежесі пайда болды. Педагогиалық іс-әрекеттің шебері болу - оқу мен тәрбиенің заңдылықтарын терең түсіну, оларды практикада пайдалана алу, тәрбиеленуші тұлғасының дамуындағы нәтижелерді сезіне білу.

Кез-келген субъектінің кәсібилігінің қалыптасу нәтижесі - оның кәсіби шеберлігінде. Шеберлік - қандай да бір саладағы жоғары өнер түрі ретінде айқындалады, ал , шебер - бұл өз ісінде жоғары өнерге жеткен маман.

Кәсіби шеберлік кәсіби іс-әрекеттен көрінеді және ең алдымен, кәсіби мақсаттылық, жеке шығармашылықпен, құралдар таңдаудағы оңтайлықпен сипатталады. «Біліктілік» сөзі нормативтік мәнде, айталық, «жұмыс жоғары біліктілікті» талап етеді дейтін мәнде, сондай-ақ «бұл адам - жоғары біліктілік иесі» дегендей, нақты адам сипаттамасы мәнінде де қолданылады. Алғашқы жайтқа байланысты біліктілік қызметкерге қойылатын кәсіби іс-әрекетінің сандық және сапалық талаптарын белгілейді.

Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі деп педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігін түсінеміз. Ұстазымыздың ұлы ұстазы А. Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»- деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан.

Психологиялық-педагогикалық білімнің мазмұны жоғары педагогикалық білім берудің Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім стандартымен анықталады да, тиісті оқу бағдарламалары мен олардың оқу жоспарларымен нақтыланады. Психологиялық-педагогикалық және арнайы (белгілі бір пән бойынша) білім - мұғалімнің біліктілігі үшін маңызды, бірақ жеткіліксіз шарт, өйткені көптеген теориялық-практикалық және әдістемелік білім мен дағдының тек алғышарты ғана болады.

Кәсіби біліктіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған бірнеше іс-қимыл жиынтығы арқылы ашылады. Ғалымдар кәсіби тұлғаны «біліктілік» және «шеберлік» ұғымдары тұрғысынан сипаттауды ұсынады. Олар педагогтың кәсіби біліктілігінің мынандай компоненттерін көрсетеді: тұлғалық-адамгершілік бағдар, педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс-әрекет жасау, қазіргі заманғы технологияны меңгеру.

Қазіргі заман білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің бұл төрт құрылымдық компоненті тағы үш компоненттен толықтырылады:

- тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмасу, өзінің тәжірибесін қорытып, басқаларға бере білу білігі;

- оқыту мен тәрбиенің үнемі өзгеріп отыруы жағдайында педагогтың қажетті нормативтік сапасы ретінде оның кәсібіндегі болмыс тәсілі, әр түрлі білім процесі мен жүйелерінің мазмұны, түрі және әдістері деңгейінде жаңа педагогикалық шындықты туғызу білігі;

- кәсіби білікті мұғалім рефлексияға, яғни ойлаудың ерекше тәсіліне қабілетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бидай селекциясында заманауи биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Педагогикалық біліктілік
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Педагогикалық шеберлік.Дәрістер
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz