Кәсіби маманға сұраныс көбейді


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіби маманға сұраныс көбейді

Елбасының Астанадағы №50 мектепте өткізген интерактивті сабағы мұнайлы өңірдің 36 мектебінде тыңдалды. Облыстық білім департаментінің директоры Серік Аманғалиевтің айтуынша, оқу жылы қарсаңында 36 білім ұясында мультимедиялық кабинет ашылып, жаңа технологияның мүмкіндігін пайдалана бастапты. Осы білім ұяларының бәріне орнатылған интерактивті тақтаның жиырмасы облыс орталығындағы мектептердің үлесіне тисе, мұндай жаңа технология аудандардағы 16 мектепке де жетіпті. Ал Елбасы өткізген интерактивті сабаққа қала іргесіндегі Балықшы кентінде орналасқан Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушылары тікелей байланыс арқылы қатысты.

Интерактивті сабаққа қатысқан атыраулық оқушылар еліміздің әр өңірінен тікелей байланыс арқылы шығып, Елбасына өз сауалдарын жолдаған замандастарын арнайы монитордан көріп отырды. Сондай мүмкіндікке Атыраудан 11 сынып оқушысы Тілекші Смадиярова да ие болды. Ол мұнай-газ өнеркәсібі, сонымен бірге, құрылыс индустриясы да жедел қарқынмен даму үстіндегі өңірде оқушылардың кәсіптік білім алуға ынталы екеніне тоқталып, “Кәсіптік-техникалық мектептерде өндіріспен тікелей қатысты мамандықтарды игерудің мүмкіндігі бар ма?” деген сауалын қойды. Оқушының осы сауалына орай облыстық білім департаментінің директоры Серік Аманғалиевпен тілдескен едік.

- Қазір, - деді бізге Серік Қалешұлы, - мұнайлы өңірде кәсіптік-техникалық білім беретін 13 арнаулы мектеп жұмыс істейді. Оларда 4000-нан астам оқушы 32 мамандық бойынша дәріс алады. Мұның сыртында 12 мыңдай оқушы оқитын 11 орта арнаулы колледж және бар. Міне, осылардың бәрінде 9 сыныптан кейін оқуға ниет еткен оқушыларға жалпы білім туралы аттестатпен бірге арнаулы мамандықты игергені туралы куәлік беріледі. Кәсіптік-техникалық мектептерді жыл сайын 1500-дей жас бітіреді. Олардың 60-61 пайызы бірден жұмысқа орналасады. Себебі, кәсіптік-техникалық мектептер дайындайтын 32 түрлі мамандықтың 73 пайызы мұнай-газ өнеркәсібімен, құрылыс индустриясымен және осындай салаларда қажетті арнаулы көліктерді жүргізумен байланысты. Әрине, мұнай-газ өнеркәсібіне жоғары білімді мамандар қажет дегенмен де кәсіптік-техникалық мектептерді бітірген мұндай мамандарға біздің өңірде сұраныс өте жоғары. Сұранысты шетелдік кәсіпорындар да танытып отыр. Мәселен, 2006 жылы шетелдік кәсіпорындарға кәсіптік-техникалық мектептерді бітірген 76 жас жұмысқа орналасса, биыл осындай 326 маман шетелдіктер капиталымен құрылған мекемелерде жұмыс істей бастады.

Елбасы өзінің Жолдауында еліміздің 4 аймағында өңіраралық кәсіптік оқу орталығын ашуды тапсырды. Осыған орай таяуда батыс өңірдегі 700 маман дайындайтын кәсіптік оқу орталығын Атырау облысында ашу көзделген. Қазір бұл орталықтың құрылысын жүргізу үшін техникалық-экономикалық негіздемесі, сметалық құжаттары әзірленіп, қаржысы нақтыланды. Таяу күндерде Атырау облысында осы заманғы кәсіптік оқу орталығының құрылысы басталады. Бұл, әсіресе, Теңіз, Қашаған секілді ірі кен орындарын игеруде шетелдіктермен бәсекелесе алатын орта буын мамандарды дайындайтын іргелі оқу орталығы болады. Онда Атыраумен бірге Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кәсіптік жастары білім алады.

Атырау облысы.

Сабақтан алған әсер көп

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген республика мектептеріне интерактивті сабағын тыңдауға қызылордалық ұландар да ұйымдасқан түрде қатысты. Аталмыш сабақты тыңдау облыс орталығындағы №3 гимназияда ұйымдастырылды. Осы жерде тіке желі орнатылып, оқушылар Мемлекет басшысымен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болды. Мұны облыстағы 68 орта мектепте орнатылған интерактивті тақта арқылы оқушылар толық көріп отырды.

Президенттің әрбір сөзін, әсіресе, кешегі кеңестік кезеңде 15 одақтас республика арасында он үшінші орында болған Қазақстанның қазіргі дұрыс жүргізілген экономикалық және саяси реформалардың нәтижесінде ТМД мемлекеттері ішінде алдыңғы сатыға көтерілгенін естіді.

Интерактивті сабақтың оқушылардың сауал қоюына ұласқан келесі бөлігі де қызылордалық оқушылар үшін қызықты өтті. Оның ішінде Елбасының жеке өміріне қатысты сұрақтар да болды. Солардың бірін қызылордалық оқушы Айдос Нұрғалиев қойды.

“Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің балалық кездегі арманыңыз қандай еді, және қазір нені армандайсыз?” - деді ол.

- Біздің балалық шақ бүгінгідей берекелі тіршілікке мүлдем ұқсамайды, - деді Елбасы. - Ауыр кезеңнің ауыртпалығын сезініп өстік. Мен мектепке алты шақырым жаяу барып, алты шақырым жүріп үйге қайтатынмын. Сендер секілді компьютер, ұялы телефон игілігін көрген жоқпыз. Дегенмен, адам армансыз болмайды. Қиялға қонған сол ниет биіктікті бағындыруды, білімді болуды, ел басқаруды үміттендіретін. Құдайға шүкір, ол арманым орындалды. Ал бүгінгі арманым - барлық қазақстандықтардың ортақ мәселесі. Еліміз тыныш, халқымыз аман болып, өміріміз өскелең жағдайға жетсе деймін.

Бір сағаттан аса уақытқа созылған интерактивті сабақта Елбасымен тікелей сұхбаттасу оқушылардың ой-өрісіне үлкен әсер ұялатты. Әрбір жастың бойында білімге деген талпыныс туындады. Өйткені, Президент секілді білімді, парасатты, ірі саясаткер болуды армандамайтын оқушы жоқ. Сабақ соңында осындай ойда отырған оқушыларды түсінгендей Елбасы интерактивті тақтаға өз тілегін жазып, қазақстандық бүлдіршіндерге жолдады.

Серік ПІРНАЗАР, Қызылорда.

Өркениет үлгісіндей көрінді

Тұнық ЖАҚСЫМБАЙҚЫЗЫ, ҚР Білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері.

Қазақ елі өткен ғасырда талай-талай қиындықты бастан кешірді. Тоталитарлық заманның ауыртпалығын да аз тартқан жоқ. Құдайға тәуба, тәуелсіздігімізді алып, халқымыз төрткүл дүниеге танылып отыр. Мен мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы интерактивті сабақты өткізу кезіндегі сөздері үлкен әсер еткендіктен айтып отырмын. Менің өз әкем де, жолдасымның әкесі де өмір бойы мұғалім болып өткен адамдар еді. Сол кісілерден алған тағылым бізді де осы жолға салды. Мен жоғары оқу орнын бітіргеннен бастап, зейнетке шыққанға дейін қияндағы ауыл мектебінде ұстаздық еттім. Алдымнан мыңдаған шәкірттер қанаттанып шықты. Ол кезде мұндай тақта түгіл жәй тақтаның өзіне қолымыз жете бермейтін. Қарағайдан тілінген тақтайды қара бояумен сырлап соған жазатынбыз. Қазір әр ауылда бастауыш болса да білім ұялары бар ғой. Біздің заманда мектебі бар ауылға жан-жақтан аттылы-жаяулы қатынап оқитын. Елбасы өзінің сөзінде алты шақырымнан күн сайын он екі шақырым жүретінін айтты. Бұл бүкпесіз шындық.

Мен интерактивті сабақты теледидардан көз алмай отырып көрдім. Нағыз қиял-ғажап әлеміндей әсер етті. Алақандай тақтаның ішіне бүкіл әлем жаңалықтарының, оқу бағдарламаларының, көрнекіліктердің, өзге де қыруар деректердің сыйып тұрғаны таң қалдырды. Ендігі жерде осындай мүмкіндікті тиімді пайдалана алсақ, ұрпағымыз білімді де білікті болары сөзсіз. Әсіресе, бұл ауыл мұғалімдері үшін таптырмайтын жақсылық болғалы тұр. Алдыңғы қатарлы елдердегі ғылым мен білімнің жетістігі, оны жұрттың тиімді пайдаланып қажеттеріне жаратып жүргені туралы мерзімдік басылымдардан оқып, теледидардан көріп, бізге осындай жетістік қашан келер екен деп жүруші едік. Соған енді куә болдық. Елбасының бүкіл еліміздің оқушыларына арнап оқыған сабағын тыңдадық, әрі көрдік. Мен мұны қазақ топырағына келген тағы да бір өркениеттің үлгісі деп білемін. Көп балалы ана, байырғы ұстаз ретінде осындай дамыған мемлекеттер игілігін көріп жүрген жақсылықтың озық үлгісі біздің елімізде де орнығып, жас ұрпақ пайымды да парасатты болып өсе берсін деген тілегімді білдіремін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадағы жұмысссыздықтың себептерi мен түрлерi
Еңбек нарығындағы жастар
Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру
Мейманхана қызметінің экономикалық тиімділігін көтеру жолдары
Комментатор мен диктор арасындағы айырмашылық
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Туризм негіздері - педагогикалық бағыт
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz